Ekonomist
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Устойчивое развитие
    • Гендерная экономика
    • Труд
    • Неравенство
    • Бедность
  • Финансы
    • Финансы
    • Инвестиции
    • Инфляция
    • Доходы
    • ESG
    • Государственный долг
  • Бизнес
    • Бизнес
    • Сельское хозяйство
    • COVID-19
  • Технологии
    • Технологии
    • Цифровая экономика
    • Искусственный интеллект
  • Образование
    • Образование
    • Человеческий капитал
  • Эксперты
  • О нас
    • О проекте
    • Команда
    • СМИ о нас
    • Партнеры
    • ОЭФ-2019
    • Архив статей
    • Контакты
  • ru RU
  • kz KZ
Нет результата
Посмотреть все результаты
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Устойчивое развитие
    • Гендерная экономика
    • Труд
    • Неравенство
    • Бедность
  • Финансы
    • Финансы
    • Инвестиции
    • Инфляция
    • Доходы
    • ESG
    • Государственный долг
  • Бизнес
    • Бизнес
    • Сельское хозяйство
    • COVID-19
  • Технологии
    • Технологии
    • Цифровая экономика
    • Искусственный интеллект
  • Образование
    • Образование
    • Человеческий капитал
  • Эксперты
  • О нас
    • О проекте
    • Команда
    • СМИ о нас
    • Партнеры
    • ОЭФ-2019
    • Архив статей
    • Контакты
Нет результата
Посмотреть все результаты
Ekonomist
Нет результата
Посмотреть все результаты
Главная Реплика

Технологияға әлемдік бақылау орнату – жаңа заман талабы

Project Syndicate Project Syndicate
11.09.2020
Источник: Project Syndicate

Источник: Project Syndicate

Ландри Сигна, Марк Эспозито, Санджив Хаграм

ВАШИНГТОН, Колумбия округі – Пандемия кезіндегі карантин, дигитализация мен Төртінші өнеркәсіптік революцияның күшеюі – барлығы жаһандық басқару жүйесіне өзгеріс алып келетін негізгі күш иелері. Әлемдегі технология алпауыттары бір мезгілде геосаяси көшбасшы бола алатындықтан жасанды интеллект сияқты алдыңғы қатарлы салаларда  бәсекелестік артып келеді. Төртінші өнеркәсіптік революциядағы технология тартысы пандемиядан кейін дүние жүзіндегі экономикалық және саяси келісімдерге әсер ететін негізгі факторға айналады.

АҚШ жасанды интеллект саласында үздіктердің қатарында, дегенмен оған дес бермей келе жатқан Қытай, басып озуға құлшынып тұрған Ресей сияқты елдер де бар. Қытай аталған салаға (чиптер мен электрокөліктерді қосқанда) 300 млрд доллар инвестиция құйып үлгерді. Сондай-ақ, ұлттық инновациялық стратегия («Қытайда жасалған 2025») қабылдап, Baidu, Alibaba және Tencent сынды технология алыптарының дамуына жол ашты. Қытайдың жасанды инттелект саласын дамытуға әлеуеті зор болғанымен, АҚШ-тың алдын орау үшін көп жұмыс істеуі керек. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қытай үш негізгі бағыт бойынша артта қалып жатыр. Олар: құрал-жабдықтар, ғылыми зерттеулер, коммерциялық сектор.

АҚШ пен Қытайдан бөлек Еуропа және Азия елдері де Төртінші өнеркәсіптік революция жаңашылдығына ұмытылуда. Мысалы, Ұлыбритания өзінің зерттеу институттарының өте мықты болуы мен зерттеу саласына үлкен мемлекеттік қаржыландыру жүргізетіндіктен жасанды интеллект саласына дайындығы жоғары елдердің қатарына орныққан. Сол сияқты көптеген Азия елдері де технологияны қолданысқа енгізу және роботтандыру үрдісінде айтарлықтай басымдық танытты. Әр 10 000 жұмысшыға 774 робот келетін Оңтүстік Корея техника саласында біршама елді басып озды; ал Жапония онсыз да мықты дамыған автокөлік өндірісімен қоса автономды транспорт құралдарын жасауда көш бастап тұр.

COVID-19 пандемиясы цифрландыру тенденциясын үдетті: вирусты бақылап, болжап, диагностика жұмыстары мен вирустың таралуын тоқтату үшін; сонымен қатар, электронды сауда, қашықтан жұмыс істеу мен басқа да өзгеріске ұшыраған сала қызметтерін ұйымдастыруда 4ӨР технологиялары қолданысқа енді. Анығында вирустың таралу белгілерін алғаш тапқан жасанды интеллект болды. Және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми хабарламасынан бір апта бұрын анықтай алған. Сол уақыттан бастап жасанды интеллект және машиналды оқыту пандемияны бақылап, бағдарлау үшін; вирус жұқтыру қаупі жоғары науқастарды анықтап, қажетті қорды оптимизациялау үшін қолданылып келеді.

Ғалымдар COVID-19 жаңа ошағын анықтап, емделудің тиімді тәсілін немесе вакцина ойлап табуда жасанды интеллектке жүгініп отыр.  Бірақ мұндай жұмыс жаһандық деңгейде ашық бақылау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Құны нөлге тең «вакцина ұлтшылдығына» тап болмас үшін деректердің трансшекаралық алмастыру процесін жетілдіріп, ешкім артта қалмас үшін технологияға қатысты шешімдерді дұрыс қарастыруымыз керек.  

Денсаулық сақтау саласында соңғы уақытта орын алып жатқан өзгерістер 4ӨР геосаясатының символы болып табылады. COVID-19  дағдарысының басынан бастап Қытай-АҚШ арасындағы шиеленістің өршуіне көпшіліктің назары басым болды. Ал дамушы елдердің дағдарысты 4ӨР технологияларын енгізу мүмкіндігі ретінде пайдалана білуді барлығы анық аңғара алмайды. 

Мысалы, Африкада жасанды интеллект негізінде балаларға білім контентін ұсынатын SMS-платформа іске қосылды. Яғни, ғаламтор, смартфон немесе кітапқа қолы жетпей отырған балалар мектепке бармай-ақ білім ала алады. Мектеп қайта ашылғанға дейін мұндай жаңашылдықтың маңызы тек арта бермек. Сол сияқты әлеуметтік арақашықтықты сақтап, жеткізу жұмысын жалғастыра беру үшін саудагерлер мен сатып алушылар электронды сауда, мобильді төлемдерді қолдануды жөн көреді. Ал ауыл шаруашылығы саласында көптеген фермерлер қандай да бір шешім қабылдауда «зат ғаламторымен» толықтырылған үлкен деректер платформасындағы ақпаратты қолданып отыр.

Алайда аталған мүмкіндіктерді толықтай іске асыруға мемлекеттік және жеке меншік сектор, көпсалалы институттар арасында бірыңғай координация орнату керек. Табиғатынан 4ӨР бәсекелестігі әр елдің өз экономикалық қуаты арқылы халықаралық стандарт қалыптастыруына жол ашады. Деректер ең күшті қару болып есептелетін дәуірде дамыған елдердің жеке ақпарат құпиялылығы сияқты негізгі мәселелерге қатысты жүргізетін реттеу әдістері алдағы уақытта тұтас жаһандық экономика тәртібіне әсер етеді. 

Бұл динамика қазіргі таңда әр түрлі елдердің жасанды интеллект негізінде тұлғаны тану мен контактілерді цифрлық бақылау құралдарын қолдануына ықпал етті. Оңтүстік Корея мен Қытайда мұндай технологияларды қалыпты өмірге бейімдеу ертерек басталды және әлі күнге дейін вирустың таралуын шектейтін тиімді құрал екенін дәлелдеп келеді. Әлбетте, жеке ақпарат құпиялылағына зияны да тиіп жатыр.

АҚШ, керісінше, аталған технология құралдарына сенім артпады. Себебі, тұтынушы ақпараттарының құпиялылығы, деректер қауіпсіздігі мен 4ӨР-ғы цифрлық меншікке қатысты нақты ереже мен стандарт қабылданған жоқ. АҚШ-тағы кейбір штаттар әр түрлі нормативті-құқықтық база ұсынғанымен ұлттық жүйенің жоқтығы жасанды интеллект пен үлкен деректер әлеуетін жүзеге асыруға үлкен кедергі болып тұр.

АҚШ пен Қытай арасындағы тартыс ұлттық қауіпсіздік пен сауда артықшылығын күн тәртібіндегі басты мәселеге шығарып, басқаруға қатысты негізгі сұрақтар өте күрделі геосаяси проблемаға айналды. Бірақ жаһандық консенсус болмай жаһандық технология индустриясын тиімді басқару мүмкін емес. Деректер құпиялылыған реттеу бойынша «оқшауланған ұлттық» түгіл, жалпы ұлттық стратегия жоқ. «ЕО Деректерді қорғаудың жалпы қағидалары» мысалында байқағанымыздай мемлекеттік органдардың арасында бірыңғай байланыстың болмауынан үлкен қателік жасалып, аталған регламентті жүзеге асыруда қиындықтар туындады; ықтимал заң бұзушылық бойынша тергеу амалдарын жүргізуге кедергі келтіріп, бәсекелестікті әлсіретіп, тұтынушы мен бизнес тарапынан сенімнің жоғалуына әкеп соқтырды.

COVID-19 – дағдарысы – халықаралық серіктестіктің болашағын анықтайтын тарихи мәні бар мүмкіндік. Жаңа технологияны қолдану мен реттеуге қатысты мәселе бір мемлекет немесе бір сала бойынша ғана шектелмейді. Төртінші өнеркәсіптік революция аясындағы ынтымақтастықтың (вакцина ойлап табу мен оны қолданысқа енгізу жұмыстарын бірлесіп ұйымдастырудан бастап) берер пайдасы өте ауқымды болуы мүмкін.  Оған жету үшін ортақ қажеттіліктердің кең көлемді, адал жолын іздеп табу керек.

 

Ландри Сигна, Аризона университеті Жаһандық менеджмент мектебінің профессоры әрі директоры, Брукингс институтының бас ғылыми қызметкері, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Дүниежүзілік экономикалық форумның жас жаһандық көшбасшысы, кейінгі жарық көрген Unlocking Africa’s Business Potential кітабының авторы. 

Марк Эспозито, Хульт және Гарвард университеті Халықаралық бизнес мектебінің профессоры, Экономика және бизнес профессоры, Nexus Frontiertech негізін қалаушылардың бірі, Дубайдағы Мохаммед бин Рашид Мемлекеттік басқару мектебі және Кембридж Сот бизнесі мектебінің стипендиаты. 

Санджив Хаграм, Аризона университеті Жаһандық менеджмент мектебінің бас директоры әрі деканы.

 

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

 

Теги: COVID-19nөртінші өнеркәсіптік революция
Предыдущий пост

Глобальное управление технологиями – жесткое требование времени

Следующий пост

Бюджет здравоохранения: инструмент прозрачности

Project Syndicate

Project Syndicate

Материал предоставлен глобальным медиа проектом Project Syndicate

Статьи по теме

Как программа управления запасами помогает прогнозировать спрос и избегать дефицита

Как программа управления запасами помогает прогнозировать спрос и избегать дефицита

20.06.2025
Маншук Ыкыласова “Стартап без финансов или как заработать свой первый миллион”

Путеводитель к финансовой независимости

15.01.2025
Dark Offshore Money Threatens Democracy

Темные офшорные деньги угрожают демократии

06.01.2024
китай и киссинджер

Открытие Китая Киссинджером плохо аукнется Америке в 2024 году

06.01.2024
Почему национальное строительство в Афганистане потерпело поражение

Почему национальное строительство в Афганистане потерпело поражение

26.08.2021
Ekonomist - климат

Раскрытие потенциала климатического рынка

13.10.2023
Загрузить еще

Популярное за месяц

Данияр Молдоканов - Как появляется государственный долг

Что такое государственный долг и как он появляется?

29.05.2024
Руслан Асаубаев - АПК-2020: борьба за субсидии и результат

АПК-2020: борьба за субсидии и результат

09.05.2021
Номинальный vs реальный ВВП: сила дефлятора

Номинальный vs реальный ВВП: сила дефлятора

29.05.2024
Касымхан Каппаров - Экономические вызовы в период политического транзита

Экономические вызовы в период политического транзита

29.05.2024
Камила Ковязина - Государственная жилищная программа «7-20-25»: доступное жилье не для всех

Государственная жилищная программа «7-20-25»: доступное жилье не для всех

09.05.2021
Айман Жусупова - Доходы сокращаются : кто больше пострадает?

Сокращение реальных доходов населения РК: кто пострадает больше?

10.05.2021

Свежие новости

Региональное развитие в Кыргызстане: перспектива 2030

Региональное развитие в Кыргызстане: перспектива 2030

06.07.2025
Ответственность Норвегии перед будущими поколениями

Ответственность Норвегии перед будущими поколениями

20.06.2025
Как программа управления запасами помогает прогнозировать спрос и избегать дефицита

Как программа управления запасами помогает прогнозировать спрос и избегать дефицита

20.06.2025
Ekonomist - МВФ: В 2025 году рост ВВП Казахстана составит 5%

МВФ: В 2025 году рост ВВП Казахстана составит 5%

03.06.2025
Instagram Telegram Youtube
Ekonomist

Подпишитесь на рассылку

Политика сайта

При работе с материалами сайта разрешено использование текста с обязательной гиперссылкой на источник. Редакция сайта не всегда разделяет мнения авторов статей.

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.

  • ru RU
  • kz KZ
Нет результата
Посмотреть все результаты
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Устойчивое развитие
    • Гендерная экономика
    • Труд
    • Неравенство
    • Бедность
  • Финансы
    • Финансы
    • Инвестиции
    • Инфляция
    • Доходы
    • ESG
    • Государственный долг
  • Бизнес
    • Бизнес
    • Сельское хозяйство
    • COVID-19
  • Технологии
    • Технологии
    • Цифровая экономика
    • Искусственный интеллект
  • Образование
    • Образование
    • Человеческий капитал
  • Эксперты
  • О нас
    • О проекте
    • Команда
    • СМИ о нас
    • Партнеры
    • ОЭФ-2019
    • Архив статей
    • Контакты

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.