2020 жылы Қазақстандағы 12 кәсіби футбол клубын ұстап тұруға 23 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған (1-кесте). Премьер лигада ойнайтын 12 команданың барлығы дерлік қаржыландырудың негізгі бөлігін жергілікті бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан алады, яғни мемлекеттің қамқорлығында. Мәселен, «Ордабасы» ФК биыл Шымкенттің бюджетінен 6,25 млрд теңге алады, ал «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ «Қызылжар СҚ» футбол клубына бұдан 6 есе аз – 0,92 млрд теңге бөлген. Бұл сома жергілікті бюджеттің дене шынықтыру мен спортты дамытуға жұмсалатын қаржысының айтарлықтай бөлігі екенін айта кеткен жөн. Халықтың басым бөлігіне қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік бюджет қаржысы қоғамдық әл-ауқатты қалыптастырады. Ал кәсіби футболды қаржыландыруға басымдық беру қоғамға қандай пайда әкеледі?

 

1-кесте. Кәсіби футбол клубтарына жергілікті бюджеттен 2020 жылы жоспарланған (бөлінген) қаржы көлемі

Футбол клубыӨңірЖоспарланған (берілген) қаржы көлемі, млрд теңге
1«Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚШымкент6,25
2«Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШСҚызылорда облысы4,00
3«Тобыл» футбол клубы» ЖШСҚостанай облысы3,25
4«Жетісу» футбол клубы» КМҚКАлматы облысы2,65
5«Әлеуметтік жобаларды қолдау қоры» ҚҚҚарағанды облысы2,58
6«Оқжетпес» футбол клубы» ШЖҚ МККАқмола облысы2,47
7«ERTIS» футбол клубы» ҚҚПавлодар облысы1,84
8«Тараз» кәсіби футбол клубыЖамбыл облысы1,42
9«Қайрат» футбол клубы» ЖШСАлматы1,00*
10«Қызылжар СҚ» футбол клубы» ЖШССҚО0,92
11«Астана» футбол клубы» ЖМНұр-Сұлтан0,89**
12«Каспий» ФКМаңғыстау облысыДерек жоқ
Читать также ...
Обращение к президенту Токаеву: о 6 триллионах тенге, выделяемых на борьбу с коронавирусом

*– футбол клубы бюджетінің негізгі бөлігін жекеменшік құрылтайшылар береді
** – футбол клубы бюджетінің негізгі бөлігі «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының қаржысы есебінен беріледі

Дереккөз:Goszakup.gov.kz деректері бойынша есептеу

 

7 наурыз күні футболдан ҚР кезекті чемпионаты басталды. Ашылу матчында Қазақстанның қазіргі чемпионы, елордалық «Астана» Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады. Матчты тамашалауға 500 адам келді. Еліміздің алты дүркін чемпионы, Еурокубокта ел атынан өнер көрсетіп жүрген «Астана» ФК матчты Алматыда, өз стадионынан 1200 шақырым қашықта, алматылық «Жас Қыран» стадионында өткізді. Себебі, «Астана Аренада» газон ауыстыру жұмысы жүріп жатыр.

«Астана Арена» стадионындағы соңғы ресми матч 2019 жылдың 28 қарашасында болды: астаналық клуб ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдады. Ал «Футбол алаңын толықтай қайта жабдықтауға арналған тауар кешені (газон, себу, ирригация жүйесі, дренаж жүйесі) ілеспе жұмысы мен қызметтерімен бірге» сатып алуы тек 2019 жылдың 16 қарашасында жарияланды. Жеткізушімен келісімшартқа 2020 жылдың 29 қаңтарында қол қойылды.

Қазақстанның футболдан 2020 жылғы чемпионаты 7 наурызда басталды, яғни соңғы матчты өткізу мен чемпионаттың басталуына дейін қосымша 3,5 ай уақыт болды. Ал газонды ауыстыру бойынша қызмет көрсетушімен келісімшартқа бірінші ресми матчқа бір жарым ай қалғанда ғана қол қойылды. Екі ай стадионда ешқандай жұмыс жүрген жоқ. Өтетін күннің барлығы белгілі, олай болса сатып алуды неге ертерек жариялап, жөндеу жұмысын чемпионат басталғанға дейін жасауға болмады?

«LCW Group Kazakhstan» ЖШС-мен 336 млн теңгенің келісімшартына қол қойылған. Келісімшарт бойынша мердігер «Астана Арена» стадионындағы жасанды газонды 120 күн ішінде ауыстыруы тиіс. Келісіп әрекет етіп, дұрыстап жоспарлаған жағдайда стадионды чемпионаттың басталуына дейін дайындап қоюға әбден болатын еді.

Читать также ...
Бизнес после COVID: какая поддержка может навредить?

Мұндай жоспарлау қосымша логистикалық шығынға алып келеді (команда мүшелері басқа қалада тұруға және жаттығуға мәжбүр). Бұл шығынның бәрі айналып келгенде бюджеттен шығады. Қосымша логистикалық шығыннан бөлек билет сатудан, клубтың атрибутикасын және т.б. сатудан түсетін пайда кемиді. Бәрінен бұрын қызметті негізгі тұтынушылар – жанкүйерлер зардап шегеді.

«Астана» ФК өз матчтарының белгілі бір бөлігін басқа алаңда ойнайтын жалғыз клуб емес. Көкшетаулық «Оқжетпес» ФК да алғашқы матчын Алматыда өткізетінін жариялады, ал қарағандылық «Шахтер» өз матчтарын Қостанайда өткізбек. Негізгі себеп – стадиондардың дайын болмауы.

Стадиондарға қатысты мұндай жағдай бірнеше жылдан бері байқалып келе жатқан мәселе. 2015 жылдан бері қарайғы мәліметтерге талдау жасасақ, «Шахтер» футбол клубының өз матчтарын жыл сайын Қарағандыдан тыс жерде бастайтынын байқауға болады. Дәл осы себеппен көкшетаулық «Оқжетпес» алғашқы матчты Алматыда өткізсе, қарағандылық «Шахтер» Қостанайда ойнамақ.

 

2-кесте. «Шахтер» ФК өз алаңындағы матчтарының статистикасы (Қарағанды облысы)

ЖылЧемпионаттың басталуыҚарағандыдағы алғашқы матчЧемпионаттың басында басқа алаңда ойнаған «үй» матчтарының саны*
20157 наурыз7 мамыр4
201612 наурыз1 мамыр3
20178 наурыз6 мамыр6
201811 наурыз23 маусым6
20199 наурыз16 маусым6

*– Астана және Теміртау қалаларындағы матчтар

Дереккөз:ҚР кәсіби футбол лигасының деректері бойынша есептеу

 

2019 жылы чемпионат 9 наурызда басталды, ал «Шахтер» Қарағандыдағы алғашқы матчты 16 маусымда, үш айдан кейін өткізді. Бұл аралықтағы 6 матчты Астанада, «Астана Аренада» ойнады. Қазір астанамыздағы стадион уақытша жөндеу жұмысына жабық болғандықтан, «Шахтер» ФК өз алаңындағы ойындарды Қостанайда өткізуге мәжбүр. Қарағандылықтардан бөлек, 2019 жылы «Атырау» ФК мен «Оқжетпес» ФК да өз алаңындағы матчтарды Астанада өткізді. Атыраулықтар қонақтарды Шымкентте де, Көкшетауда да қабылдады (3-кесте).

Читать также ...
Азық-түлік қорлары тиімсіздігінің 7 себебі

 

3-кесте. Өз алаңындағы матчтарды орналасқан қаласынан тыс жерде өткізген командалар

КлубЧемпионат басталғанда өз алаңындағы ойынды басқа алаңда ойнаған матч саныӨз қаласындағы алғашқы матч
«Оқжетпес»114 сәуір
«Шахтер»616 маусым
«Атырау»7*23 маусым

*– 3 матч Астанада, 2 матч Шымкентте, 1 матч Көкшетауда

Дереккөз:ҚР кәсіби футбол лигасының деректері бойынша есептеу

 

Қазақстандағы футбол стадиондарының барлығы дерлік футбол клубтарына тиесілі емес, басқа шаруашылық субъектілерінің балансында. Футбол клубтарының заң жағынан стадиондарға қатысы жоқ және спорттық инфрақұрылымның жағдайына ықпал ете алмайды. Ал кәсіби спортта жоғары нәтижеге қол жеткізудің негізгі маңызды шарттарының бірі – инфрақұрылымның сапасы мен оның уақтылы жаңартылуы.

Футбол клубтары жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы алады, бірақ, спорттың бұл түрінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымға тиісті деңгейде назар аударылмайтыны және қаржы бөлінбейтіні анық. Егер ойнайтын алаңы болмаса, клубқа ақша бөлудің қажеті не?

Футболды кәсіби спорт түрі ретінде дамыту табысты болуы үшін жоспарлау, балалар футболын дамыту бағдарламасынан бастап, инфрақұрылымға дейінгі барлық факторды есепке алып, стратегия түзу керек.

Мұқият жоспарлаудың болмауы, тиісті инфрақұрылымды дамытпай, футбол клубтарының ағымдағы шығындарын қаржыландыру қосымша шығындарға алып келеді және жоғары нәтижеге кепілдік бермейді.