COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны кей кезеңдерде жалпы ауру жұқтырғандардың тең жартысынан асып кеткен жағдайлар болды (мысалы, Алматы қаласында). Басқа елдермен салыстырғанда, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Мұндай жағдай індеттің таралу қаупін арттырып қана қоймай, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысқа қабілетті болуына да кері әсерін тигізеді.

Медицина қызметкерлерінің ауру жұқтыруына алып келген ең негізгі фактор – жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілмеуі. Бұған дәлел іздеп әуре болмайсыз, еліміздегі негізгі шағым кітабына айналған Facebook желісінде күн сайын жаңа жазбалар пайда болып, кейде жауапты адамдар орнын да босатып жатқанына куә болып отырмыз.

Біз осы бір қиын кезеңде медицина қызметкерлеріне көмек көрсету жағдайына гуманитарлық процесті экономикалық тиімді ұйымдастыру тұрғысынан қарап көрген едік.

Шолуға Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) бастамасын пайдаландық, онда мынадай деректер көрсетілген:

  • COVID-19-бен күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі – 500 мың доллар.
  • Жоба шеңберінде медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге бөлінген қаржы – 55 млн теңге.
  • Қаржыландыру бағыттары: өңірлер, соның ішінде негізінен ауылдық жерлер (23,5 млн теңге облыстық және аудандық ауруханаларды ЖҚҚ-мен қамтамасыз етуге), онкология және паллиативтік көмек (Қазақстан паллиативтік ассоциациясы арқылы Алматы қаласы мен Алматы облысының стационарларына 21,5 млн теңге) және мейлінше зардап шеккен аймақтарға берілетін көмек («Ақ жүрек» тәуелсіз қоғамдық бастамасы арқылы Алматы дәрігерлеріне 10,5 млн теңге).

Мұндай қаражаттың тиімді бөлінуі методологиялық жағынан негіздеуді қажет етеді.

Читать также ...
Орталық Азиядағы COVID-19 індетіне қарсы шаралар

Әрі қарай осы кейс бойынша ұйымдастыру жұмысының негізгі кезеңдері мен тиісті іс-шараларды жүзеге асыруды бағалау келтіріледі.

Бірінші кезең: тұтынуды бағалау талап етілген гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етудің маңызын көрсетеді. Біз қарастырып отырған жағдайда негізгі қауіп-қатер эпидемия мерзімімен (көмектің кеш жету қаупі), ЖҚҚ тапшы болуымен (мемлекет пен шетелдік гуманитарлық көмектің қайталану қаупі),  сатып алынған ЖҚҚ-ның тиімділігімен, яғни талапқа сай болумен қатар, медицина қызметкерлерінің қажетіне сай болуымен байланысты.

Саны жағынан тұтынуды бағалау кезінде ауру жұқтырған немесе шартты түрде жұқтыруы мүмкін адамдармен тікелей байланыста болған 500 қызметкер деп алдық (қабылдау бөлімдері, жұқпалы аурулар, радиология, реаниматология және т.б. бөлімдері), 1 аурухана қызметкері деп есептедік.

Алты сағаттық ауысыммен жұмыс істесе, бір қызметкерге FFP2 немесе FFP3 стандартына сай 1 респиратор қажет (1000 теңге). Медициналық қорғаныш көзілдірігі – эпидемия кезіне бір дана (2000 теңге). Сонда бір тәуліктегі 4 ауысымға ЖҚҚ-ға кететін шығын – 2 млн теңге. Эпидемия 3 айға созылды деп алсақ, коронавирус ауруларын емдеуге маманданған шамамен 80 стационар болса, осы мақсатқа ғана 14,4 млрд теңге қажет. Қорғаныш костюмдеріне, дезинфекция құралдарына қажеттіліктің артуы мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) және жедел жәрдемді қамтуды қоссақ, бұл соманы 5-ке көбейтуге болады.

ЖҚҚ-ға бөлінетін бюджет 72 млрд теңгеге дейін жетеді немесе денсаулық сақтау саласы бюджетінің 4,5%-ы (1,6 трлн теңге).

Бұл – медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің бағасы және эпидемияның жолындағы тосқауыл. Үкіметтің қорындағы қаржы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) ұлттық акционерлік қоғамының қаржы резерві, арнайы медициналық қамсыздандыру базасының қоры, әскери резерв, шетелдік гуманитарлық көмек, ірі бизнес пен ауқатты азаматтар қайырымдылық негізінде берген қаражатты қоссақ, жоғарыда атаған сома шығады. Қосымша қаражат бөлінген жоқ, соған орай осы қажеттіліктің бәрін ашық деп есептеуге болады.

Читать также ...
Время для избирательного освобождения от долгов

Эпидемияның созылу уақытына келсек, өкінішке қарай, ресми тұлғалардың ел алдында жариялаған мәлімдемелері бір-біріне қарама-қайшы және жүйесіз болды, нақты болжам жарияланған жоқ. Алайда, жеткізу кестесі туралы ақпараттарды жинақтау барысында ірі көлемдегі жеткізу жоқ екенін көрдік, келіп түсіп жатқан гуманитарлық көмек тұтастай қажеттілікке жұмсалуда, ал жоспардан тыс медициналық техниканы жеткізу мамыр айының соңына дөп келіп тұр. Осының өзі эпидемияның айтарлықтай ұзақ уақытқа «жоспарланғанын» және тапшылық бар екенін көрсетеді.

Баға ұсыныстарын жинақтау түрінде нарықты зерттеу және түрлі деңгейдегі ықтимал жеткізушілермен талқылау кезінде нарықта Қытайда шыққан ЖҚҚ-ның көп екенін білдік, бұл сапа төмен болуы ықтимал екенін көрсететін жағдай. Соған орай Оңтүстік Кореяда жасалған ЖҚҚ сатып алу жөнінде шешім қабылданды (сапасына кепілдік беретін, мейлінше қолжетімді ЖҚҚ).

Медицина қызметкерлерінің практикадағы қажеттілігіне сүйенсек (интервью алу барысына белгілі болды), мейлінше сұраныстағы ЖҚҚ түрін анықтауға болады, ол – қорғаныш деңгейі FFP2 респираторлар мен қорғаныш көзілдіріктері.

Екінші кезең: төменгі бағаны қамтамасыз ету. Медицина бұйымдары нарығын жедел шолу, соның ішінде ЖҚҚ нарығын зерттеу алыпсатарлардың көптігін көрсетті, олар ЖҚҚ-ны жоғары бағамен ұсынады. Мейлінше кең көлемде қамту үшін медицина бұйымдарын жеткізумен айналысатын ірі компаниялармен келіссөз жүргізілді, Оңтүстік Кореядағы өндіруші зауыттан өнімді өз бағасымен тікелей алып, оны өңірлерге тегін жеткізу бойынша келісімге қол қойылды (Ordamed қазақстандық компаниясымен). Өңірлерге жеткізуде жеткізушінің дистрибьюторлық желісі болуы маңызды фактор болды.

Читать также ...
Бизнес после COVID: какая поддержка может навредить?

Үшінші кезең: бенефициарды анықтау (ЖҚҚ жеткізуде басымдық берілетін медицина ұйымдары). Келесі кезеңде өңірлік денсаулық сақтау саласының өкілдерімен әңгімелесу кезінде көп жағдайда алынған ЖҚҚ-ны қала аумағында (облыс орталығында) орналасқан медицина ұйымдарына беруге басымдық берілетінін білдік, ал ауыл медицинасы (КВИ-мен күреске мамандандырылған облыстық ауруханалар мен орталық аудандық ауруханалар) қалдық принципі бойынша қамтамасыз етіледі.

Айтылған жағдайдың барлығын есепке ала келе, нақты денсаулық сақтау нысандары арасында ЖҚҚ-ны бөлудің тәсілі жасалды, ол келесі көрсеткіштерге негізделді:

— өңірдің типі (республикалық маңызы бар қалалар ЖҚҚ-мен бірінші кезекте қамтылатынын ескере отырып, оларды тізімнен алып тастау);

— өңірлер бойынша денсаулық сақтау шығынын жан басына бөлу;

— өңір бойынша ауру жұқтырғандары саны;

— аудандардың инфекция ошағы саналатын ірі қалаларға жақын болуы (қала маңындағы аудандарды қамту есебінен қаланы «бұғаттау» тактикасы);

— Орталық клиникалық аурухананың ірі көлік жолы бойынша орналасуы;

— медицина ұйымдарының мамандануы (жұқпалы аурулар стационары, жұқпалы аурулар бөлімі, провизорлық стационар).

Қорытынды кезеңде облыстық денсаулық сақтау басқармалары берген ақпаратқа сүйене отырып ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету жоспары тағы бір пысықталды. Облыстық басқармалар – стационарларды жұқпалы аурулар/провизорлық/«COVID-free» деп нақты бөліп, өңірдегі медициналық көмек көрсету ұйымдарының қайсына басымдық беру керек екенін көрсететін мемлекеттік орган.

Басқарма басшыларымен тіке байланысқа шығу бенефициарлардың кепілді гуманитарлық көмекті алу мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі тиіс 7 өңір анықталды, осы өңірлер бойынша негізінен облыстық және аудандық орталық ауруханалар таңдалып алынды.

Читать также ...
COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады?

Мақала жарияланған уақытта дәл осы кейс аясында ауруханаларды ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету табысты аяқталды.

Бұл кейс пайдалы мысал әрі коммерциялық емес қор, коммерциялық жеткізуші мен мемлекеттік сектор арасындағы бір-бірін өзара толықтырушы әріптестікті ұйымдастыру тәжірибесі деп есептейміз (бенефициар мен үйлестіруші – әкімдіктердің денсаулық сақтау басқармасы).