Соңғы бірнеше айда болған жағдай денсаулық сақтау саласына қатысты түсінікті жоғары саяси деңгейде өзгерту керек екенін көрсетті. Қазір денсаулық сақтау саласы көбінесе әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылады.

Қазіргі саясат кепілді медициналық көмек көлемі мен саланы қаржыландыруға тым самарқау қарайды. Денсаулық жауапкершілігі мен саланы қаржыландыру біртіндеп мемлекеттен гөрі жеке адамның жауапкершілігіне айналып келеді. Осы қарқынмен кете беретін болсақ, 5-7 жылдан кейін медицина саласын жекеменшік сақтандыру компаниялары арқылы қаржыландыруға келеміз (жеке мүддеге жұмыс істеу саясаты қашан да өзекті).

Ал қазір мұндай көзқарастың аясы тым тар екеніне тоқталмақпыз. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаумен айналысатындар соңғы уақытта денсаулық сақтау аспектісі бойынша әлеуметтік жағдайдың тым ширығып тұрғанын көрер еді. Дәрігерлер еш қорықпастан жеке қорғаныс құралдарының жеткіліксіз екенін, бас дәрігерлердің қысым көрсетіп отырғанын жария етуде. Кикілжің ашық тартысқа ұласып, оған БАҚ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары мен әкімдік өкілдері араласуда. Науқастар карантин жағдайына көңілі толмайтынын жария етуде. Назар аударатын мәселе жеткілікті.

Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін денсаулық сақтау саласына деген көзқарасты да өзгертуге тура келеді. Ол үшін денсаулық саласына кіріс әкелуші ретінде және ұлттық қауіпсіздікке жауапты сала ретінде қарау керек.

Кіріс әкелуші салаға айналдыру үшін жаппай медициналық туризмге айналдыру, жаңа отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жобаларын қолға алу керек. Бұл бағытқа ғылымды дамыту да кіреді, инновацияны дамыту мен кірісті арттыру да осының ішінде.

Читать также ...
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор: жүйе болуы маңызды

Ұлттық қауіпсіздік пен денсаулық сақтау да бір-бірімен байланысты. Бұл бірінші кезекте мемлекетке дәрігерлер қауымына да қазіргі күштік құрылымдарға арқа сүйегендей сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ретте медицина қызметкерлері таптырмас олжа: саны жағынан көп (300 мың адамнан астам), үнемі халықпен тікелей байланыста, интеллектуалдық топқа жатады, яғни беделі де бар.

Екінші – қазіргі жағдайдан алатын сабақ – инфекциялық қауіпсіздікпен байланысты шешім қабылдау мәселесінде олардың деңгейін көтеру керек, осы бағытты дамытып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті (СЭҚ) біржола институттандыру керек. Санэпидемқызметтің соңғы он жылда төрт рет бір министрліктен екіншісіне ауысқанын айта кеткен жөн.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) елде тұтынылатын дәрі-дәрмектің кемінде 40%-ын ел ішінде өндіруге кеңес береді: бұл бір жағынан шекара жабылып қалған жағдайда халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан мемлекеттің басқа мәселелер бойынша сыртқы келіссөз жасауына да айтарлықтай ықпал ететін фактор.

Бұл айтылғанның ешбірі дұрыс әлеуметтік саясат жүргізуге кедергі келтірмейді, керісінше, ресурс базасын ғана емес, жалпы мүмкіндікті кеңейте түседі.

Салаға деген жаңаша көзқарасты қалыптастыруда негізгі салмақ медицина қауымдастығына түсуі керек, яғни денсаулық сақтау саласындағы реформаны жүзеге асыру негізінен дәрігерлер тарапынан көтерілуі керек.

Денсаулық сақтау саласында екі күш бар: медицина қоғамдастығы және саяси шешім қабылдаудың жоғары деңгейі.

Орталық және аймақтық салалық мемлекеттік органдар жоғарыдан жүктелген саясатты жүзеге асыруды соңына жеткізгісі келеді. Бұл өзгерістерді қабылдау керек пе, әлде өзгерту керек пе, оны медицина қоғамдастығы шешеді.

Читать также ...
Әлеуметтік кодекс: кімге және неге керек?

Медицина қоғамдастығы бөлек-бөлек болса, бұйрықтар мен регламентке және оның мазмұнына қарамастан, реформа табысты болмауы мүмкін. Әр медицина қызметкері қолдайтын-қолдамайтынын өзі шешеді. Ал егер біріккен медицина қоғамы мен жоғары деңгейде шешім қабылдаушы өкілдер диалог құра алса, кез келген ақылға қонымды реформаның табысқа жету ықтималдығы жоғары. «Естуші» мемлекеттің әлеуетті күші де осында.

Алайда, мұндай түсіністік деңгейіне жетуе әлі ерте. Өйткені қазіргі индикатор Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес (ҚСҰК) десек, оның құрамында бір де бір дәрігер жоқ.