| Жоба жайлы
Ekonomist.kz жобасы Қазақстандағы экономикалық тақырыптарды талқылауға арналған ашық онлайн алаң.
Ekonomist.kz күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады. Жоба міндеті — қазақстандықтардың еліміздің экономикалық дамуындағы жаңалықтары мен мəселелерінен хабардар болып отыруына ықпал ететін кəсіби виртуалды сараптама желісін дамыту, жас сарапшылардың жетіле түсуіне мүмкіндік беру. Авторлар жоба нəтижесінде халық табысының өсімін жəне əлеуметтік əділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына əсер етеміз деп күтеді.
«Көп адамдар үшін экономика олардың өміріне тікелей қатысы жоқ, күрделі ғылым болып көрінеді. Ekonomist.kz орын алып жатқан экономикалық үдерістер жайлы жəне мемлекеттік экономикалық саясат Қазақстанның қарапайым азаматтарының өміріне қаншалықты əсер ететіні туралы түсінікті тілмен айтып отыратын болады», — дейді жоба жетекшісі, экономист Қасымхан Қаппаров. Мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік салалардағы қазіргі бастамаларының көбінесе тəуелсіз сараптама бағалауы болмайды.
Нəтижесінде, маңызды шешімдер олардың өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, көпбалалы аналар, ауыл тұрғындары жəне басқа да халықтың əлеуметтік тұрғыда осал топтарына əсерін ескермей қабылданады.
Ekonomist.kz əлеуметтік-экономикалық тақырыптар бойынша үкіметтік емес ұйымдар секторынан бастап, халықаралық ұйымдар, академиялық орталар, бизнес жəне мемлекет сынды барша түрлі кəсіби пікірлерді алаңмен қамтамасыз ететін болады.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен «Ашық экономика» бастамасы аясында жүзеге асырылады.
Ekonomist.kz — тек маңыздысы!
Social Media