12 наурызда ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасында, яғни әлеуметтік әріптестер арасында 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Бас келісімге (БК) қол қойылды.

Жаңа Бас келісімнің бұрынғылармен салыстырғанда бірегейлігі – оның нақтылануы, айқын экономикалық көрсеткіштері және Тараптар өзіне қабылдаған жаңа міндеттемелері болып тұр. Бұрын Бас келісімдер тым декларативті болатын және «жәрдем беру, көмек беру, күшейту, дамыту, жетілдіру…» деген жалпы тіркестермен шектелетін. Оларда бірде-бір нысаналы индикатор белгіленбеген еді.

Бас келісім –  заңды міндетті құжат (ҚР Еңбек кодексінің 150-154 – баптары, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 97-бабы). 

Жаңа Бас келісімнің бұрынғылармен салыстырғанда бірегейлігі – оның нақтылануы, айқын экономикалық көрсеткіштері және Тараптардың өзіне қабылдаған жаңа міндеттемелері.

Бас келісім – ҚР Еңбек кодексі бойынша әлеуметтік әріптестік тараптар (мемлекеттік органдар, кәсіподақтар атынан жұмыс берушілер мен қызметкерлер) арасындағы жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт. Ол республикалық деңгейде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеудегі тараптардың мазмұн, міндеттемелерін айқындайды.

Шын мәнінде, бұл – екінші Еңбек кодексі. Айырмашылығы оны Парламент емес, әлеуметтік серіктестер қабылдайды, бірақ реттеу нысаны экономикалық және әлеуметтік саясат мәселелерін қамтитын еңбек саласынан әлдеқайда асып түседі. 

 

Бас келісімді (БК) әзірлеушілер мен оның құрылымы

БК жобасын 2020 жыл бойы республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер жасады.

Келісімнің мазмұнына 2020 жылғы наурызда тарихта алғаш рет біріккен жұмыс тобын құрып, біртұтас одақ болған кәсіподақтардың республикалық және салалық бірлестіктері қатты әсер етті.

Жұмыс тобының бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде, сондай-ақ «Yntymak» үйлестіру кеңесі экономистері, заңгерлері және өндіріс өкілдерінің қатысуымен келісім жобасы нақты сандар мен міндеттемелерде рәсімделді.

Кәсіподақтар атынан келісілген жоба тамыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді. Үкіметпен және жұмыс берушілер бірлестіктерімен арадағы келіссөздер нәтижесінде кәсіподақтар ұсынған келісімнің құрылымы қорытынды мәтінге енгізілді (1-сурет: Бас келісімнің құрылымы)

Рисунок 1.Структура Генерального соглашения о социальном партнерстве на 2021-2023 гг. © Хасенов М.Х., 2021

Осылайша, мазмұны бойынша Бас келісім еңбек қатынастарының аясынан асып кетеді. Келісім экономикалық және әлеуметтік саясатты қамтиды, сол арқылы әлеуметтік-экономикалық саладағы билік институттары мен азаматтық қоғамның өзара міндеттемелерін келісу тетігі ретінде әлеуметтік әріптестік моделінің ауқымдылығы мен пәрменділігін көрсетеді.

Шартты түрде міндеттемелерді бірнеше топқа бөлуге болады:

  • Экономикалық саясаттағы міндеттемелер;
  • Әлеуметтік саясаттағы міндеттемелер; 
  • еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік саласындағы міндеттемелер.

 

Читать также ...
1999-2019 жылдардағы Қазақстандағы отбасылар: некеге тұру азайып, ажырасу артқан

Экономикалық саясаттағы негізгі міндеттемелер

Бас келісімнің бұрын ешқандай алдыңғы құжатта болмаған ерекшелігі – жаңа контрциклдік макроэкономикалық саясатты іске асыру нәтижесінде 2023 жылға қарай Үкімет қол жеткізуге тиіс нақты экономикалық көрсеткіштерді анықтау болды (2-сурет: Үкіметтің негізгі экономикалық индикаторлары).

Рисунок 2. Ключевые экономические индикаторы по ГС к 2023 году © Хасенов М.Х., 2021

Үкімет БК-ның басқа да әлеуметтік әріптестерінің іс-қимылдарын ескере отырып, салық-бюджет саясатын, субсидиялар мен қолдау шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау жүйесін, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту және бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімді болуын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты дамыту жөніндегі шараларды бірлесіп пысықтай отырып, экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге келісті.

Экономикалық саясатта импорт алмастыруды ынталандыруға және отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылған.

Бас келісімнің бұрын ешқандай алдыңғы құжатта болмаған ерекшелігі – жаңа контрциклдік макроэкономикалық саясатты іске асыру нәтижесінде 2023 жылға қарай Үкімет қол жеткізуі тиіс нақты экономикалық көрсеткіштерді анықтауы.

Сұрақтардың жеке бір бөлігі бәсекелестікті дамытуға арналған. Үкімет бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактив мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыра отырып, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен «жасанды монополияларды жою» қағидаты бойынша заңнаманы жетілдіру міндеттемесін өз мойнына алды (3-сурет. Экономикалық саясат бойынша негізгі міндеттемелер). Сөйте тұра Үкімет салалар мен өңірлерде бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесін қалыптастыруды жоспарлап отыр.

 

Рисунок 3. Ключевые обязательства сторон Генерального соглашения по экономической политике © Хасенов М.Х., 2021
Салыстырар болсақ, алдыңғы (2018-2020 жылдарға арналған) Бас келісімде экономикалық саясат саласындағы міндеттемелер  экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғыртуға және бизнес-ортаны жақсартуға жәрдемдесуге орайластырған. Бұл бизнесті қайта реттеу, жеке бизнес субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау рәсімдерін ырықтандыру және ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бойынша бірлескен жүйелі шараларды қабылдауда неғұрлым орынды болды. Ешқандай макроэкономикалық көрсеткіш белгіленген жоқ.

Әлеуметтік саясаттағы негізгі міндеттемелер

Алдағы жылдарға арналған әлеуметтік саясаттың негізі деп әлеуметтік Кодекс жобасын бірлесіп әзірлеу және әлеуметтік саясат моделін жаңғырту мәселелерін айтуға болады. Бұл ретте әлеуметтік қамсыздандыру стандарттары мен нормаларын арттыру процесінде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдары ескерілуге тиіс.

Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру аясында азаматтың «әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізу жыр болды деп айтуға болады. Азаматтар әлеуметтік төлемдерді қандай да бір банкке тәуелді емес бірыңғай цифрлық шот арқылы алады деп жоспарланған. Осылайша, әлеуметтік төлемдерді сот орындаушылардан қорғау, сондай-ақ банктердегі жағдайдың нашарлауы немесе банктің банкрот болуынан қорғау мақсатында қарастырылған.

Азаматтың «әлеуметтік әмияны» – ешбір банкке қатысы жоқ цифрлық шот. Бұл – әлеуметтік төлемдерді сот орындаушылары арқылы бұғаттау, өндіріп алудан, сондай-ақ банктердегі жағдайдың нашарлауы немесе банктің банкрот болуынан қорғауы мақсатында қарастырылған.

Нақты міндеттемелердің ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мәнін ұлғайту (басқаша айтқанда, еңбекке жарамсыздық парағын төлеу) және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін реформалау мәселесін қарау көрсетілген (4-сурет әлеуметтік саясат бойынша негізгі міндеттемелер).

Реформалау мәселелері оңынан қаралған жағдайда, мынадай нәтижеге қол жетеді:

  • ауыр жұмыстағы, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер зейнеткерлікке қазіргі белгіленген мерзімнен бұрын шыға алады;
  • қызметкер жұмыс басында уақытша еңбекке жарамсыздығына ұшыраған жағдайда кәсіпорындағы еңбек өтілі жұмыс берушінің оның денсаулығына келтірілген залалды өтеу мөлшеріне тікелей әсер ететін болады;
  • қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердің мөлшері (регрестік төлемдер) тиісті біліктілігі (лауазымы) бойынша ұйымдағы орташа жалақының өсуіне пара-пар ұлғайтылатын болады.

 

Читать также ...
Әлеуметтік жәрдемақы көлемін қалай белгілейді?

Рисунок 4. Ключевые обязательства сторон Генерального соглашения по социальной политике © Хасенов М.Х., 2021

Мысалы, алдыңғы Бас келісімде әлеуметтік саясатты бөлу болған жоқ. Әлеуметтік блок еңбек, жұмыспен қамту және адам капиталы сапасын жақсарту салаларының басын қосатын.

 

Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік саласындағы негізгі міндеттемелер

Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік саласындағы міндеттемелердің негізінде институционалдық және экономикалық шаралар белгіленді.

Институционалдық шараларға мыналар жатады

  • әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «әлеуметтік әріптестік туралы» заңды әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары туралы Ұлттық баяндаманы бірлесіп дайындау (ұлттық баяндама идеясымен толығырақ мына мақаладан танысуға болады);
  • ХЕҰ ұсынған лайықты еңбек тұжырымдамасын іске асыру бойынша Жол картасын қабылдау.

Экономикалық сипаттағы шараларға ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесін қарауды, «дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» ХЕҰ № 131 Конвенциясын ратификациялауды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмыс берушілердің шығыстарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялауды (өтеуді) жатқызуға болады.

 

рисунок 5. Ключевые обязательства сторон Генерального соглашения в сфере труда, занятости и социального партнерства © Хасенов М.Х., 2021

Бұдан басқа, ХЕҰ-ның 19 конвенциясын ратификациялау және әйелдердің еңбегін қолдану шектелетін жұмыстар тізімінің күшін жою мәселесі қаралады. Бір айта кетерлігі, алдыңғы Бас келісімде ратификациялауға жататын ХЕҰ-ның 4 конвенциясы белгіленген, олар Қазақстан тарапынан заң күшіне енгізілмеген.

Қорытынды

Осылайша, Бас келісім мазмұны бойынша әлеуметтік-экономикалық міндеттемелердің сапалы жаңа пакетін қамтиды, оларды қалыптастыру кәсіподақ қоғамдастығын шоғырландыру және әлеуметтік серіктестердің сындарлы ұжымдық келіссөздері арқасында мүмкін болды.

Алда мойнына алған міндеттемелердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және әлеуметтік-экономикалық саясаттың белгіленген бағыттарын жүзеге асыру процесіне көптеген сарапшы мен мүдделі тұлғаларды тарту міндеті тұр.