Техас штаты губернаторының орынбасары Дэн Патрик секілді оңшылдар  мен консерватив көзқарастағы комментатор Гленн Бек секілділер бірігіп алып, бүкіл әлемге экономиканы емес, адамдарды құрбандыққа шалу керек деп жар салып жатқанда, жүйелі даму және корпоратив басқарудың 124 еуропалық сарапшысы Zoom арқылы жиналып, бизнестің жұмысына қосымша қаржылық құндылықтарды қалай енгізу керектігін талқылады.

Пікірталас Chatham House тәртібі бойынша жүргізілді. Шақырылған әзірлеуші-сарапшылар арасында менің болғаным да жасырын емес. Себебі менің аты-жөнім жақында ғана шыққан «Ортақ игілік пен пайда: тұрақты бизнес үшін қоғамдық құндылық принциптері» атты баяндама цитатасының астында ашық көрсетілген.

 

Қоғамдық құндылық деген не?

Қоғамдық құндылық – барлығына және әрқайсымызға, қоғам мен қоршаған ортаға оң әсер ету арқылы сақталған немесе құрылған құндылық.

Айта кету керек, қоғамдық құндылық тұжырымдамасының бастапқы нұсқасын Гарвард профессоры Марк Х.Мур 25 жыл бұрын «Қоғамдық сектор үшін акционерлік құндылықтың» баламасы ретінде жасаған. Басқаша айтқанда, Мур қоғамдық сектор менеджерлеріне кәсіпкерлердің ойы мен рухын сіңіруге тырысты. Қазіргі кезде қоғамдық құндылық ұғымы енді қоғамдық секторға қатысты емес және оны ұйымдардың барлық түрі қолданады. Мысалы, жеке коммерциялық фирмалар немесе үкіметтік емес ұйымдар да.

Сондай-ақ, қоғамдық құндылық тұжырымдамасын басқа танымал корпоратив әлеуметтік жауапкершілік мамандарымен (КӘЖ) және ортақ немесе ортақ құндылық тұжырымдамасы бар ESG сарапшыларымен (ортақ құндылық) шатастырмаңыз. Оның авторлары – Гарвардтың басқа атақты профессорлары Майкл Портер мен Марк Крамер. Кайса Сорса мен Микко Сихвонен дұрыс атап өткендей, «жеке ұйымдар контексінде жиі қолданылатын жалпы құндылықты құру тәсілі қоғамдық құндылық тәсіліне ұқсас, өйткені ол ұйымдастырушылық стратегия мен мінез-құлықты осындай қоғам үшін құндылық тудыратын экономикалық құндылықты құруға бағыттайды».

Читать также ...
Қазақстан-2020: ЖІӨ құлауда, мемлекеттік шығын көбеюде, кедейлік артуда

 

Қатты ұқсас, бірақ бірдей емес

Бір жағынан Мурдың тұжырымдамалары мен екінші жағынан Портер мен Крамер арасындағы түбегейлі айырмашылықты сипаттауға тырысып, мен кез келген жақсы визажист білетін формулаға еріксіз ораламын. Ол: бірдей екі қас формуласы. Табиғи, тым баттасып көрінбейтін етіп, әсем сызылғанмен, екі қас бірдей емес. Олар қатты ұқсас, бірақ егіздей емес, әпкелі-сіңлілі сияқты ұқсастық.

ESG сарапшылары ортақ және қоғамдық құндылықтарды талқылай бастағанда, осындай дүние айқындала бастайды. Екі тұжырымдаманың міндеті де – қоғам үшін ЖІӨ өсіміне қосқан үлес немесе салықты уақтылы төлеу сияқты қарапайым құндылықтан да маңызды құндылық құру. Алайда, ортақ құндылыққа деген назар маңызды құндылық құру корпоративтік стратегияның бір бөлігіне айналып, компанияның ДНҚ-сына енетініне көбірек бағытталса, қоғамдық құндылық транспаренттілік, есеп берушілік және компаниялар өздерінің стейкхолдерлерінен және жалпы қоғамнан алатын «қызмет лицензиясы» мәселелерінен алшақтамайтын болады.

Осы себепті, біз әзірлеген қоғамдық құндылықтың 9 қағидасы ESG индустриясында көп кездесетін әдеттегі көрсеткіштер емес (бірақ олар осындай көрсеткіштерді толықтырады). Тіпті, принциптердің бірі «үздіксіз жетілдіруге» ұмтылуға және «сенімді қарым-қатынасты» «ниет, әрекет және әсер етуді… өлшеу, тексеру және жариялау арқылы» құруға шақырады.

Сонымен бірге, біздің Zoom сессияларымыздың аноним қатысушыларының бірі айтқандай: «Құндылықтар – біздің әңгімеміздің маңызды бөлігі. Мысалы, сіз өзіңіздің отбасыңыздағы қарым-қатынасты тиімділік көрсеткіштері арқылы басқара алмайсыз».

Ұсынылған принциптерді қатаң көрсеткіштері бар утилитарлық тәсіл мен аз қолданылатын философиялық экзерсиялар арасындағы  бейтарап ортада тепе-тең етіп ұстап тұрған тағы бір себеп бар. Осыдан барып дәл сол стейкхолдерлер мен қоғам өкілдері қоғамдық құндылық деген өз түсінігіне сүйеніп, компанияларға «қызмет лицензиясын» береді. Бұл принциптер «Жергілікті деңгейде және одан әрі» қоғам үшін бизнес құруға тырысатын компанияларға да, осы компаниялар есеп беретін қоғам мүшелеріне де түсінікті болуы керек.

Читать также ...
Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма?

Осыған байланысты мен бизнес әлемінен алыс және оған жақын қоғамның барлық мүшелерін қоғамдық құндылықтың 9 қағидасымен танысуға шақырамын.

 

Қазіргі заманғы компаниялар үшін қоғамдық құндылықтың 9 қағидасы 

  1. Біз компаниямызды әділдік, құрмет және қоғамға пайдалы инклюзия қағидаттарын негізге ала отырып басқарамыз, бағыттаймыз және жетекшілік етеміз.
  2. Біз барлық деңгейдегі адамдарға мүмкіндік береміз және үлгі көрсетеміз.
  3. Біз жеке тұлғаларды өз деректерінің иелері деп және олардың жеке өмір сүру құқығын адам құқығы ретінде танимыз.
  4. Біз адами қадағалау үшін технологияларды, деректер мен білімді инклюзив, транспарентті және этикалық пайдалану мен қолдану мақсатында құқық береміз және мүмкіндік жасаймыз.
  5. Біз үздіксіз жетілуге ұмтыламыз және ниетімізді, іс-әрекетімізді және әсерімізді транспарентті және ұдайы өлшеу, тексеру және жариялау арқылы сенімді қарым-қатынас орнатамыз.
  6. Біз өзіміздің серіктестерімізбен және стейкхолдерлерімізбен бірге құндылық тізбегі бойындағы қандай да бір теріс салдарлар болған жағдайда түзету енгізіп отыруға міндет аламыз.
  7. Біз өзіміздің бизнес моделіміз арқылы қызметімізді жүзеге асыратын қоғамға оң үлес қосқанымыз үшін есеп береміз.
  8. Біз планеталық шекаралардан шықпай-ақ циркуляция мен регенерация жолында жүйені жақсарту үшін күресеміз.
  9. Біз жергілікті деңгейде және одан әрі адамдардың өмірін жақсартатын инклюзив моральдық әлеуметтік келісімшартқа ұмтыламыз.