Қазақстандағы кедейлік мәселесі және «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» проблемалары көбінесе коронадағдарыста азаматтардың табысы азайып, бизнестің кері кетуіне байланысты жиі талқылана бастады.

Парламент сайлауының жақындап келе жатқаны және әлеуметтік күн тәртібіне барлық ресми саяси күштер (бірінші кезекте Қазақстанның Халық партиясы, бұрынғы ҚКХП) шығуы, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру шараларын, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзге де тұстарын реттейтін «Әлеуметтік кодекс» әзірлеудің басталғаны тақырыпқа қосымша өзек береді.

Дегенмен, елдегі «жұмыс істеуге қауқарлылардың кедейлігі» феномены әлі зерттелмеген. Ал оның көлемі жайлы бағамдар әртүрлі болып келеді.

 

Кедейлер

«Жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» деген не? Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) берген анықтамада: «Жұмыс істейтін кедейлер (working poor) – кедейліктің шекті деңгейінен төмен, үй шаруасында бола тұрып жұмыспен қамтылғандар», – деп көрсетілген.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша орташа кедейшік жағдайында жұмыс істейтіндердің үлесі – 13%, аса кедейшілікте – 8%, бұл ретте соңғы 20 жылда жұмыс істейтін кедейлер үлесі шамамен 50%-дан 21%-ға дейін қысқарды. Алайда, мұнда ХЕҰ Дүниежүзілік банктің күніне 1,9 доллардан төмен табыс табатын өте кедейлердің деректерін алғанын айту қажет (2011 жылғы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша АҚШ доллары).

ХЕҰ-ның 2019 жылғы модельдері Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер жоқ екенін, бірақ кедейшілік шегіне жақын жұмыс істейтіндердің шамамен 4%-ы бар екенін көрсетеді.

Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлердің тікелей сипаттамасы жоқ, бірақ олардың жалпы портретін еңбек және халықтың өмір сүру деңгейі статистикасының бытыраңқы деректері бойынша жасауға болады.

Читать также ...
Жұмыспен қамтылған кедейліктің әйел келбеті

2019 жылы кедейлік шегі 2019 жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде (!) 29,7 мың теңге мөлшерінде бағаланды, яғни бір адамға 20,6 мың теңге мөлшерінде төленеді. Осылайша, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдар жұмыс істейтін кедейлер тобына кіруі керек еді. 2019 жылы Қазақстанда мұндай отбасылардың 4,3%-ы немесе 799,6 мың адам тұрған 140,3 мың үй шаруашылығы болды (олардың 64%-ы ауылдық жерлерде).

2019 жылғы деректер бойынша, Қазақстанда орташа жалақы 112 мың теңге болды. Ресми статистика деректері бойынша, 2019 жылы ҚР-да жалдамалы қызметкерлердің орташа тізімдегі саны 2,8 млн адам болды. Егер жалақысы медианадан төмен жұмысшылардың үлкен тобын алып қарасақ, бұл – барлық жұмыс топтарының шамамен 46%-ы.

Бұл топта ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық жалдамалы жұмысшылардың 65%-ы және өңдеу өнеркәсібінде 27%-ы жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанда бұл топ өкілдерінің үлесі 28%, ал аграрлық облыстарда 50%-дан астам. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 57%, Ақмола облысында 56% және Қызылорда облысында – 55%. Бұл топтағы жалдамалы жұмысшы барлық әйелдердің 52%-ы және ерлердің 39%-ы бар.

Қазақстанда бейресми түрде жұмыспен қамтылғандар 558 мың адам (2019), бұл қазақстандық жұмыс күшінің шамамен 6,4%-ы, оның 452 мыңы (жұмыс күшінің 5,2%-ы) кірістері тым шектеулі қосалқы шаруашылықтарда еңбек етеді.

Осылайша, ҚР-да жалақысы төмен жұмысшылардың жалпы саны кемінде 2 млн адам деңгейінде болуы мүмкін. Бұған олардың отбасы мүшелері де қосылуы керек.

Читать также ...
(Толық емес) тұтыну немесе қазақстандықтардың өмір салты ретіндегі үнемдеу

Алайда, басқа да бағалау бар. «Кипр» аналитика тобы ұйымдастырған «Қазақстандағы жұмыс істейтін кедейлік: ауқымы, себептері және оны қысқарту үшін қажетті шаралар» атты сараптамалық кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров ҚР-дағы жұмыс істейтін еңбекке қабілетті кедейлер саны 5 млн деп бағамдайтынын, яғни барлық жұмыс күшінің (экономикалық белсенді халықтың) 60%-ы екенін мәлімдеді.

 

Қарым-қатынасты өзгерту

Жұмыс істейтін кедейлердің мәселесін қалай шешуге болады? Шешім кедейліктің сипатына байланысты.

2009 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша, Нидерланд елдерінде осы елдегі «жұмыс істеуге қауқарлы кедейліктің» себептерінен туындайтын 7 стратегия анықталды. Олар – уақытша және аз жалақы төленетін жұмыс, толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және/немесе көп несие алу. Осы стратегиялардың ішінде еңбекақы төлеу арқылы кедейлік тұзағын қысқарту, берешекті қысқарту, еңбекке теңдей мүмкіндік беру және ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеуге ынталандыру, жұмыс ауысымын көтермелеу арқылы адамдардың еңбек нарығынан орын табуы, толық емес отбасыларға арнайы төлемдер, қызметкерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлерді қолдау, көпбалалы отбасыларға төлемдер кіретін қосымша шаралар бар.

Қазақстанда «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» сипаты бір жағынан –экономика салаларында еңбек өнімділігінің біркелкі бөлінбеуі, экономиканың технология деңгейінің төмендігі, екінші жағынан – игіліктерді бюджет және квазимемлекеттік сектор шығындары арқылы қайтадан тиімсіз бөлу, жұмыс күшінің төмен біліктілігі, сондай-ақ жалпы білім беру сапасының төмендігіне де байланысты.

Бұл тізімде білім беру проблемалары соңғы орында тұр. Бірақ бұл кедейлік проблемасын шешудегі маңызды сәт. Егер жалдамалы еңбек саласындағы орташа жалақыны (2019), білім деңгейі бойынша бөліп қарасақ, онда жоғары білімі бар адамдар орта білімі бар адамдарға қарағанда 88%-ға, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер жоғары білімі бар мамандарға қарағанда 57%-ға көп табады екен.

Читать также ...
Азық-түлік қорлары тиімсіздігінің 7 себебі

Білім беруге тек бюджет есебінен ғана емес, азаматтардың өз қаражаты есебінен де көбірек инвестиция салуға болады және ол өте қажет. Үй шаруасында балалардың STEM-бағыт бойынша білім алуына, шет тілдерін оқытуға басымдық беру маңызды. Ал ҚР отбасыларында бірінші кезекте белгілі бір жеткілікті деңгейде ғана білім алуына назар аудару әдетке айналған.

Бұл ретте мемлекет жоғары оқу орындарында қосымша тегін орындар бөліп қана қоймай, білім беру бағдарламаларының ел ішінде, одан тыс жерлерде де еңбек нарығына сәйкестігін үнемі бақылап отыруы керек. Еңбек экспорты алдағы онжылдықтарда ҚР экономикасының қозғаушы күшінің бірі бола алады. Бұл үшін елдің адами капиталын дайындау маңызды.

Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы –тағы бір маңызды фактор. Алайда мемлекеттің соңғы 20 жыл ішінде қолға алған көптеген әрекеті түбегейлі өзгерістер әкелмеді, Қазақстан экономикасын ғылымды қажетсінетін етіп жасамады және еңбекті көп қажет ететін жаңа секторлардың пайда болуына ықпал етпеді.

Мемлекеттің қайта бөлу функциясының тиімділігін арттыру қажет. Бұл бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер мен полиция сияқты секторларындағы жалақының баяу, бірақ тұрақты түрде инфляцияны басып озып келе жатқанын көрсетеді.

Ең төменгі жалақының өсуі жұмыс істейтін кедейлердің кірістерін тиімді түрде арттырады, алайда бұл деңгейдің күрт артуы еңбекті қажет ететін көп салалардағы жұмыс берушілерді жұмыс орындарын  қысқартуға, сондай-ақ өндірістік процестерді тым автоматтандыруға итермелеуі мүмкін. Нәтижесінде кедейлердің саны азаймай, керісінше өсе түседі. ЕТЖ деңгейінің көтерілуі жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың ұлғаюымен қатар жүруі тиіс, бұл неғұрлым терең пысықтауды, салық заңнамасын өзгертуді және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың жұмыс сапасын жақсартуды талап етеді.

Читать также ...
Ауылдық мектептер: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма?

Сондай-ақ, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, оған қажет құралдарды пысықтау маңызды. Мысалы, атаулы көмек берерде осындай үй шаруасындағы ересектердің еңбекке деген ынтасын жойып, жеңіл қаражатқа иек артып алмауы үшін, көпбалалы отбасылар балалардың тамаққа алатын қаражатын нақ осы мақсатта ғана пайдаланатындай ету керек.

Азаматтардың мінез-құлық үлгісін өзгерту де тағы бір маңызды мәселе. Кедейлік себептерінің бірі – көпбалалы болу екені ең жоғары деңгейде ұғындырылуы керек. Яғни азаматтар алдағы өміріне жоспар құрарда осы факторды ескеріп, шамасын бағамдауы керек.

Мемлекет азаматтардың балаларға білім беру үшін инвестиция салып үйренуін ынталандыруы керек. Яғни халықтың білім алу үшін қаражат жинау мәдениетін қалыптастыру керек. Қыздардың түбегейлі білім алуына назар аудару керек. Оларды білім алып, мансапта жетістікке жетуге бейімдеу керек.

Сонымен қатар, еңбек көші-қоны да құбылыс ретінде қоғамда әлеуметтік қолдауға ие болуы керек. Көптеген кедей елдер, оның ішінде ҚР көршілес елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл жол да халықтың жекелеген топтары үшін кедейшілік деңгейін төмендетудің айтарлықтай тиімді түрі. Кедей үйлердің тұтыну деңгейін айтарлықтай арттыруға көмектесетінін көрсетеді.