Соңғы кездері Түркістан облысының ауыл жерлерінде, мысалы, Сарыағаш ауданында болған еліміздің солтүстік облыстарынан келген азаматтардың өсіп-өнген, халық көп қоныстанған ауылдардың түрінен туындаған таңданысын жиі байқауға болады.
«Кейде көптеген шақырымдағы жолдың бойында бірінен кейін бірі орналасқан ауылдардан өтіп бара жатсаң, барлық жерде тұрғындардың өте көп шоғырланғандығы көрініп тұрады».
Олардың таңдануы түсінікті де — солтүстікте халықтың саны көп жылдан бері қысқарып келеді және бұл, ең алдымен, бірінен кейін бірі ресми түрде «есептік деректерден қысқарған және алынып тасталған» деп танылған ауыл мысалынан білінеді.
Қазақстандықтардың көпшілігі Түркістан облысының кейбір ауылдары қандай үлкен ауқымға қол жеткізіп отырғанын біле бермейтін сияқты. Мысалы, жергілікті аудан әкімшіліктерінің бағалауы бойынша, 2018 жылы Қарабұлақ ауылының тұрғындары — 47 мыңнан аса адам, Ақсукент ауылының тұрғындары — 32 мыңнан астам адам, Шұбарсу ауылының тұрғындары — 21 мыңнан астам адамды құрады. Жалпы алғанда, облыста 50-ге жуық ауыл бар, олардың тұрғындары 10 мың адамнан асады.
Төменде келтірілген диаграммаларда (1-сурет және 2-сурет) Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыл тұрғындарының таралу динамикасы жақсы көрініс тапқан.
2009 жылға қарай Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ауыл тұрғындарының жартысынан астамы (56%) 10 мыңнан астам халқы бар ауылдарда тұрып жатты.
Халық санының едәуір өсуі (өткен кезеңге пайызбен) 10 мыңнан астам халқы бар ауылдарда орын алды, мұнда он жыл ішінде халық 60%-ке өсті (3-сурет). Бұл, ең алдымен, мұндай ауылдарда халықтың кәдімгі ауылдарда болатындай қалалық елді мекендерге тұрақты түрде көшуінің болмауымен байланысты.
Осындай ауқымдағы мәселелердің мәнін көрсету үшін оларды экономикасы да ауыл шаруашылығы бағытындағы Солтүстік Қазақстан облысының қалаларымен салыстыруға болады. Солтүстік Қазақстан облысында бар-жоғы 5 қала бар, 2018 жылы оның ішіндегі 4-нің халық саны Оңтүстік Қазақстан облысының үлкен ауылдарынан айтарлықтай аз болды: Тайынша — 11,501 адам, Булаев — 7,742 адам, Сергеевка — 7,686 адам, Мамлютка — 6,866 адам.
Осыдан «Неге елде бір мезгілде 10 мың адамнан аз халқы бар қалалар және бірнеше ондаған мың адамнан тұратын халқы бар ауылдар бар?» деген сұрақ туындайтыны заңды.
Бұл ретте елді мекеннің мәртебесіне, оны әкімшілендіруге және шекараларға қатысты шешімдер аумақты дамытудың бірыңғай жоспарының бір бөлігі болып табылады. Себебі шешімдер орталық деңгейінде қабылданады. Билік жауабы белгілі: қала мәртебесін алу үшін елді мекен келесі өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
- елді мекен халқының саны 10 мың адамнан асуы тиіс;
- халықтың 2/3 бөлігін ауыл шаруашылығы емес кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері құрауы тиіс.
Нәтижесінде, халық саны 20 мың адамнан асып кететін, бірақ олардың жергілікті мемлекеттік басқару және даму жоспарлары әдеттегі екі-үш мың тұрғындары бар ауылдардағыдай болатын көптеген ауылдарға ие боламыз.
Басты сұрақтар
Әрине, басты мәселе елді мекеннің қала немесе ауыл болатын мәртебесінде емес. Келесі сұрақтар маңыздырақ болып табылады:
- Біздің билік аса үлкен ауылдардың болашағын қалай көреді?
- Ауыл қандай мөлшерге дейін өседі?
- Оларды, тіпті аппараттың бірнеше ұлғайтылған штатымен болса да, қай уақытқа дейін ауылдық округ әкімдері басқарады?
Бірақ осы сұрақтарға жауап берудің алдында елді мекендердің мәртебесі мен көлемінің мәселесі неге маңызды екенін түсіндіру керек.
Біріншіден, аса үлкен ауылдардың мәселелерін шешу үшін бұрын және дәл аса үлкен ауылдарда көрініс тапқан мемлекеттік жер саясатын реформалау қажеттілігі бар. Қазір қалыптасқан жер қатынастары жүйесі осы ауылдардан табылған сын-тегеуріндерге жауап бермейді. Аса үлкен ауылдарды одан әрі дамытуға жер саясаты тұрғысынан келесі факторлар әсер етеді.
Бірінші фактор: тұрғындар саны қатты өскен ауылдарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жетіспеуі аса қатты сезіледі. Ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға болатын іргелес жерлер (егістік, жайылым, шабындық) өсіп келе жатқан халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жетіспейді. Ауылдық округтер үшін стандартты ауыл шаруашылығы жерінің ауданы бірнеше ондаған мың адам халқы бар ауылдарға жеткіліксіз екені анық. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерсіз аса үлкен ауылдардың экономикасы таза аграрлық болудан қалады.
Екінші фактор: аса үлкен ауылдарда тұрғын үй құрылысы үшін жер тапшылығының күрделі мәселесі байқалады. Бір сәтте жергілікті биліктің тұрғындарға тұрғын үй салу үшін жер телімдерін бере алмайтыны анық болды. Қазір елімізде жер телімдерін бөлуге мораторий енгізілген, бірақ жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аса үлкен ауылдарда бұл мәселе бұрыннан өзекті болып саналады. Мұндай ауылдарда көп қабатты тұрғын үйлер салу қажеттілігі баяғыдан бар.
Аса үлкен ауылдардың тағы бір маңызды ерекшелігі ‒ олардың еңбек нарығының құрылымы. Ауыл шаруашылығы тез өсіп келе жатқан халықтың ұсынысын қанағаттандыратын жұмыс күшіне сұраныс жасай алмайды. Сондықтан аса үлкен ауылдардағы еңбек нарығы әдеттегі ауылдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Нәтижесінде аса үлкен ауылдарға экономиканың ауыл шаруашылығы емес салаларының ‒ ұсақ өндіріс, сауда, қызмет көрсетудің дамуы тән болып келеді.
Аса үлкен ауылдарда орын алатын бірқатар ерекше сын-тегеуріндер де бар:
- жергілікті мемлекеттік басқарудың ауылдық моделі халықтың көлеміне сәйкес келмейді;
- халықтың неғұрлым жоғары кеңістіктік ұтқырлығы (маятникті көші-қон);
- әлеуметтік теңсіздіктің айқынырақ білінуі;
- әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен жүктеме.
Демографияның рөлі қандай?
Көрсетілген мәселелердің негізі халықтың тұрақты жоғары өсімі және қарапайым ауылдарымен салыстырғанда әлсіз болатын көшу сияқты демографиялық процестер болып табылады.
Дүниежүзілік банктің экономистері Орталық Азия елдеріндегі урбанизацияға арналған өз зерттеулерінде қазіргі уақытта бұл үдеріс өзінің ерте, бірінші сатысынан өтуде деген қорытындыға келеді. Онда ауыл экономикасының қалалық, негізінен, аграрлық экономиканың индустриялдық экономикаға ауысуы орын алып отыр.
Халық санын көбейтуді жалғастыра отырып, аса үлкен ауылдар Түркістан және Алматы облыстарындағыдай кіші қалаларға тән сипаттарға ие болады. Олар ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығынан тыс қызметті ұсына алады, жақын маңдағы үлкен қаланы толтыра алмайтын тауашаларға ие болуға мүмкіндік береді. Бірақ мемлекеттің ерік-жігері мен мүмкіндіктеріне байланысты қаланың белгілері бұрынғысынша ауылдық болып қалады, бұл, бірінші кезекте, инженерлік инфрақұрылым ‒ кәріз жүйесі, орталық жылыту, сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымның кейбір нысандарына қатысты.
Аса үлкен ауылдардың бағыты мен даму қарқыны жергілікті экономикаға, жергілікті билікке, ең бастысы, жергілікті халыққа пайда да, зиян да әкелуі мүмкін. Біздің саяси жүйеміздің жағдайында және республикалық бюджеттен берілетін трансферттерге тәуелділікте аса үлкен ауылдарды дамыту, көбінесе, биліктің осы мәселеге деген көзқарасына байланысты болады.
Бірақ қазақстандық билікте халқы жиырма-отыз мыңнан асқан және одан әрі өсіп жатқан ауылдық елді мекендерді дамытуда нақты жоспары жоқ сияқты. Мемлекеттік бағдарламада аса үлкен ауылдарды дамытуға жеке амал жоқ. Мемлекет аса үлкен ауылдар феноменінен, бірінші кезекте, экономикалық заңдылықтар мен келешегі емес, саяси тәуекелдер мен сын-тегеуріндерді көреді.
Осы мақаланың авторына пікірімен бөліскен Шымкенттің кейбір сарапшыларының пікірінше, 50 мыңға жуық адам тұратын Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылының ауыл болып қалу ықтималдығы жоғары болып тұр. Бұл елді мекеннің халқын толықтай дерлік этникалық өзбектер құрайды және биліктің пікірінше, қаланың мәртебесі жергілікті басқарудағы қандай да бір ерекше жағдайлар талаптарын ұсыну үшін негіз бола алады.
Осындай тағы бір мысал ‒ тұрғындар саны 30 мыңнан асатын Алматы облысындағы Шелек ауылы. Мұндағы халықтың көпшілігі ұйғырлар. 1997 жылы Шелектен аудандық орталық мәртебесі алынды. Бұл жағдайда этносаралық қатынастардың мемлекеттік саясаты елді мекеннің мәртебесін айқындайды деп пайымдауға негіз бар.
Қорытындылар
Қазіргі уақытта орталық және жергілікті билік аса үлкен ауылдарды жұмыс күші мол елді мекендер ретінде қарастырады. Артық жұмфс күштері жұмыссыздықтың, кедейліктің жоғары деңгейіне және наразылық көңіл-күйді тарату қаупіне алып келеді.
Қазақстандық билік солтүстік облыстардың қысқарып жатқан халқы аясында (осы өңірлер еңбек тапшылығы бар деп саналады) қоныстандырудың бұл әртүрлілігі оңтүстіктен солтүстікке, тіпті облыстың бір аудандарынан басқаларына көші-қонды итермелеу арқылы мемлекеттің тікелей араласуын қажет етеді деп санайды. Елімізде қабылданған арнайы бағдарламаның аясында солтүстік облыстардағы бос орындар туралы ақпарат жиналып және содан кейін бұл деректерді оңтүстік облыстардағы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің жергілікті орталықтары арқылы таратады. Алайда бұл саясат әлі өзінің тиімділігін көрсеткен жоқ.
Social Media