Ekonomist
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Ekonomist
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Басты бет Бизнес

Шағын және орта бизнестің корпоратив табыс салығы реформасы

Касымхан Каппаров Касымхан Каппаров
10.08.2021
Бюджетная реформа “КПН от МСБ” - краткие итоги первого года

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнестің (ШОБ) корпоратив табыс салығы (КТС) жергілікті бюджетке келіп түседі. Енді республикалық бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС түсімдері ғана кіреді. Бұл реформа жергілікті бюджет кірісін ұлғайтып, бизнеске қолайлы жағдай жасау есебінен жергілікті атқарушы органдардың салық базасын кеңейтуіне ынталандыруы тиіс деп болжанған. Зерттеу аясында біз осы реформаның 2020 жылғы алғашқы нәтижелерін талдауға тырыстық.

Реформаның жергілікті бюджетке әсері

Реформаның арқасында 2020 жылы жергілікті бюджеттердің жоспары 8%-ға немесе 232 млрд теңгеге асыра орындалды және жергілікті бюджеттердің жалпы кірісі 3,191 млрд теңге болды. Бұл ретте 2020 жылы КТС-тен жергілікті бюджеттерге түсетін түсім 481,6 млрд теңге болды.

Реформаны енгізу әсері кірістер өсімінен байқалып, КТС-тен түскен қаржы жергілікті бюджеттерге түсе бастады. 2020 жылы Қазақстанның жергілікті бюджеттер кірісі 28%-ға, яғни 6-дан 7,7 трлн теңгеге дейін өсті. Ал реформа енгізілгенге дейінгі 2019 жылы ЖІӨ-ге қатысты кірістер мен шығыстар көрсеткіші 9%-дан аспаған болатын (1-сурет). Реформа жасалған соң, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге қатысты бұл көрсеткіштер 11,1% және 11,8%-ға дейін өсті. Осылайша, соңғы 10 жылда алғаш рет бұл көрсеткіш 2010 жылғы деңгейден асты.

Бұл ретте жергілікті бюджеттердің экономикалық маңыздылығы салыстырмалы түрде төмен деңгейде – ел экономикасының 11%-ында қалып отыр. Бұл – бюджетті орталықсыздандырудың төмен деңгейде екенін көрсетеді.

1-сурет. Жергілікті бюджеттердің ЖІӨ-ге қатысты кірістері мен шығыстары, %, 2010-2020 жж.

Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетендерінің деректері негізінде автордың есебі

Бұл ретте, 2-суретте көрсетілгендей, реформаның енгізілуімен өңірлік бюджеттердің трансферттерге тәуелділігі де өзгерген жоқ. Соңғы жылы трансферттердің үлесі 1%-ға артып, 59% болды.

2-сурет. Жергілікті бюджеттер кірісіндегі түсім үлесі,%, 2010-2020 жж.

Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетендерінің деректері негізінде автордың есебі

Жергілікті бюджеттер кірісі мен шығысындағы КТС үлесі

Тағы бір маңызды мәселе – шағын және орта бизнестің КТС түсімдерінің ел өңірлеріне біркелкі бөлінбеуі. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы 2020 жылы ШОБ-тан КТС түсімдерінің 60%-дан астамын алған. Ал Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары ШОБ-тан КТС түсімінің аз бөлігіне ғана қол жеткізген. (3-сурет).

3-сурет. Өңірлер бойынша КТС түсімдері, млрд тг., 2020 ж.

Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетендері

Сондай-ақ, ел өңірлері үшін реформаның маңыздылығы жағынан айырмашылық байқалады. Ол – жергілікті бюджеттердің жалпы кірісіндегі ШОБ-тан түсетін КТС үлестеріне қатысты. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ШОБ-тан КТС үлесі ең жоғары (тиісінше 20% және 13%) деңгейде болса, Түркістан және Алматы облыстарында бұл көрсеткіш мардымсыз, бар болғаны 1% (4-сурет).

4-сурет. Қазақстан өңірлеріндегі ШОБ-тан КТС түсімдерінің үлесі, %, 2020 ж.

Жергілікті бюджеттердің өзін-өзі қамтамасыз етуінің әлсіздігі салық түсімдерінің төмендеуіне және трансферттерге үлкен тәуелділікке әкелетіні анық. Осылайша, кіріс өсіп келе жатқан шығындарды жабуға мүмкіндік бермейді, бұл бюджет тапшылығының артуына әкеледі. Соңғы жылы аймақтық бюджет тапшылығы 7,1 есеге артты. Сонымен қатар, айтарлықтай мол шығын коронавирус індеті кезінде аймақтарды қолдауға жұмсалды.

Қысқаша түйін

Сонымен, 2020 жылға дейін Қазақстанның жергілікті органдарында салық базасы есебінен өз ресурстарын ұлғайту үшін айтарлықтай ынталандыру құралы болған жоқ. Бұл зерттеуден КТС-ты ШОБ-тан жергілікті бюджеттерге беру жөніндегі реформаны енгізу жергілікті бюджет кірісінің ұлғаюына елеулі әсер еткенін көреміз. Дегенмен, бір күрделі жағдай да байқалады. Реформа коронавирусқа байланысты пандемия жарияланып, мұнай бағасы төмендеп, ШОБ кәсіпорындарының операциялық қызметінің уақытша тоқтауы кезеңіне тұспа-тұс келді. Бұл кезде мемлекеттік бюджетке салық түсімдері азайған еді.

Реформаға қатысты бірнеше маңызды сәтті атап өткен жөн:

  • Реформаның алғашқы жылының (2020) қорытындысы бойынша өңірлердің бюджеттік өзін-өзі қамтамасыз етуі төмен деңгейде қалып отыр. Трансферт түсімдерінің үлесі жергілікті бюджеттерге жиналатын салық түсімдерінен асып түседі.
  • Жүргізіліп жатқан реформа сипатының бірі деп ШОБ-тан КТС бойынша түсімдер өңірлерге біркелкі бөлінбегенін атауға болады.
  • Сондай-ақ, ел өңірлері үшін реформаның маңыздылығы жағынан жергілікті бюджеттердің жалпы кірістеріндегі ШОБ-тан КТС үлесінде айырмашылық байқалады.
  • Салық және фискал өкілеттіктеріне байланысты осы реформа аясында жергілікті бюджеттердің дербестігін ұлғайту мәселесі шешілмеген.

Осылайша, реформаны жүзеге асырудың негізгі ұсыныстарының бірі деп:

1. осы маңызды реформаны іске асыру қарқынын сақтауды айтамыз. Өйткені ол жергілікті атқарушы органдарды өңірлерде іскерлік белсенділікті арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандырады. Алайда, пандемия кезінде салық түсімдері айтарлықтай төмендейді, ал төтенше жағдай режимі мен карантин шараларының енгізілуі Қазақстандағы ШОБ-тың маңдайынан сипамағаны айқын. Сондай-ақ, біздің елде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мұнай бағасы сияқты жаһандық өзгерістерге ұшыраған тұрақсыз салықтар есебінен қалыптасатынын есте ұстаған жөн. Бұл факторларды зардап шеккен ШОБ кәсіпорындары мен өңірлердің жергілікті органдарын фискалдық қолдау кезінде ескеру қажет. Мұндай жағдайда мемлекеттік кірістерді болжау қиын, бірақ өте маңызды.

2. бюджет және қаржы мәселелері бойынша жергілікті билік органдарының есептілігін күшейту керек. Реформаны жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жұртшылық үшін неғұрлым түсінікті ету қажет. Мысалы, кәсіпкерлікті қолдау шараларын, қолдау көрсетілген кәсіпорындардың атауларын және т.б. көрсете отырып, ШОБ-тан КТС-тің бюджеттік шығыстарын жүзеге асыру туралы жартыжылдық есепті жариялаған жөн. Азаматтар бюджет процесіне және қаржылық қадағалауға араласуы тиіс, яғни олар қаражаттың қайда жұмсалатынын білуі тиіс.

3. жергілікті органдардың дербестігін ұлғайту туралы да сөз болып отырғандықтан, жергілікті органдарға қосымша салық және фискал өкілеттігін беру осы реформаға заңды қосымша болуға тиіс.

4. өңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың жергілікті бағдарламаларын жергілікті органдар әзірлеуі керек. Осы реформаның аралық және жылдық нәтижелері әрбір өңір бойынша оның кәсіпкерлік жай-күйінің жеке ерекшелігі ескерілетін осы бағдарламаларды әзірлеу бойынша негіз бола алады. Бұл әсіресе қалалар мен өңірлердегі іскерлік ахуалдың айтарлықтай ерекшелігіне қарай аса маңызды.

Қазір төтенше жағдай мен пандемияға байланысты ШОБ-тан бюджетке түсетін алымдар кейінге қалдырылған немесе жойылған (көптеген субъектілердің қызметі тоқтап тұр) кезде, қызық жағдай қалыптасып тұр. ШОБ КТС-ін беру жөніндегі реформа әлі де жүзеге асу барысында болса да, ол жергілікті бюджеттер кірісінің ұлғаюы түрінде оң өзгерістер әкеле бастады. Қазақстандағы реформаның нәтижесі әлі белгісіз болып тұрғанына қарамастан, оны енгізу ел үшін фискалдық орталықсыздандыру жолындағы оң қадам саналады. Сондай-ақ, орталықсыздандыру мемлекеттік шенеуніктер арасындағы адалдық, азаматтарды жергілікті деңгейде осы іске араластыру және Үкімет пен жергілікті билік органдарының есептілігі сияқты заңдылықты арттырудың басқа құралдарымен бірге жүруі керек екенін есте ұстаған жөн.

«Шағын және орта бизнестен түсетін салықтар – жаңа реформаның арқасында жергілікті бюджеттер не алды?» атты зерттеу Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының (CSSP) қолданбалы зерттеулер бағдарламасы аясында дайындалған. Авторлары: Қасымхан Қаппаров, Ақмарал Камалиева, Рүстем Сабданалиев.

Тегтер: корпоратив табыс салығышағын және орта бизнес
Алдыңғы жазба

Ақылы жəне ақысыз жұмысқа және күтім жасау жұмысына пандемияның гендерлі-дифференциалды əсері

Келесі жазба

Шынайы инфляция қаупі

Касымхан Каппаров

Касымхан Каппаров

Экономист, Основатель Ekonomist.kz, Управляющий партнер консалтинговой компании EMCG

Статьи по теме

Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021
Топ 3 барьера развития женского предпринимательства

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі

10.08.2021
Маленький, да удаленький: женское предпринимательство Казахстана

Нәзік бірақ қайсар: Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі

10.08.2021
Лизинг в Казахстане: куда растет рынок?

Қазақстандағы лизинг нарығы қалай дамып барады?

10.08.2021
Техно-феодализм побеждает

Tехнофеодализм қарқын алып келеді

06.08.2021
Глобальный налог: дьявол кроется в мелочах

Ғаламдық салықтың көзге көріне бермейтін кемшін тұстары

06.08.2021
Көбірек жүктеу

Популярное за месяц

Что такое государственный долг и как он появляется?

Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады?

14.02.2021
АПК-2020: борьба за субсидии и результат

Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі

08.04.2021
Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

03.03.2021
Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021

Свежие новости

Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021
Топ 3 барьера развития женского предпринимательства

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі

10.08.2021
Instagram Telegram Youtube
Ekonomist

Подпишитесь на рассылку

Политика сайта

При работе с материалами сайта разрешено использование текста с обязательной гиперссылкой на источник. Редакция сайта не всегда разделяет мнения авторов статей.

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.

  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.