Соңғы онжылдықта мемлекеттік бағдарламаларды бірінен кейін бірін шығарып жатқан Қазақстан үкіметі жақында тағы бір жеңілдік құралын қарастырып жатыр. Президент бастап, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қостап, Өнеркәсіпті қолдау қоры  құрылмақ. Бұл институт өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды 3%-бен несиелендіреді.

Дегенмен, бұл жаңа Қор отандық индустрияның жағдайын жақсартып, дамуына серпін береді деп айтуға әлі ерте сияқты.

 

Ыңғайлы алаң

Өнеркәсіпті қолдау қорын құру идеясын 2020 жылы 11 мамырда өткен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Өндірушілердің міндеттемелері аясын кеңейтуден түскен қаражат есебінен Өнеркәсіпті қолдау қорын құруға болады. Ол Қор өңдеу өнеркәсібі саласындағы серпінді  кәсіпорындарды 3%-дық жеңіл несиемен қамтамасыз етумен айналысады», – деді президент.

2020 жылы 30 маусымда Ашық норматив-құқық актілері порталында ҚР Үкіметінің «Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдаудың кейбір мәселелері туралы» жобасы пайда болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындаған құжат биылғы 13 шілдеге дейін талқылауда болды да, одан кейін премьер-министр Асқар Мәминнің қол қоюына жіберілді.

Қаулы жобасында Қазақстанның даму банкінің (ҚДБ) еншілесі  – «ҚДБ-Лизинг» жанынан өнеркәсіпті дамыту қорын құру ұсынылады. 2005 жылы құрылған «ҚДБ-Лизинг» – өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарға жеңілдікпен лизинг берумен айналысады әрі Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының операторы. 2019 жылдың соңында аталған компанияның қаржылай лизинг бойынша қоры 338 млрд теңге болды (бұл – қаржы бойынша дебиторлық берешекті, уақытша салынған қаржы бойынша төленген аванстарды және уақытша салынған қаржы бойынша берілетін активтерді ескергенде); Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 76%-ға өсті.

Читать также ...
Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма?

Аталған лизинг компаниясын Өнеркәсіпті қолдау қорын құру деп атап, қазіргі қолданыстағы қызметтер аясын (қаржылай лизинг) «лизинг қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруды есепке ала отырып, заңды тұлғаларға несие беру құралдарын» қосу есебінен кеңейту көзделген.

Таңдаудың «ҚДБ-Лизингке» түсуін бұл даму институтының сенімді дамып келе жатқаны мен сырттан қаржы тартуға ыңғайлы болуымен, қаржылық жағдайының жақсылығымен (Moody’s Ba2 берген несие рейтингі дәлел) түсіндіруге болады. Сонымен қатар ҚДБЛ тарапынан жүзеге асырылған жобалар қоржыны да қомақты болып тұр. Бұл институт арқылы отандық авто, ауыл шаруашылық техникалары мен темір жол вагондарын өндірушілер, сондай-ақ аймақтық авиация да қолдау алып келген. Яғни, автоөндіріс пен машинажасаудың басқа да салаларындағы сараптама ісі ҚДБЛ-де жолға қойылған.

Өнеркәсіпті қолдау қоры  миссиясына «индустриялық қызметті, өңдеу өнеркәсібін қолдау және дамыту, көлік пен көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысу» кіреді. Міндеттемелер ішінде екі бөлім бар. Олар: (1) 2020-2025 жылдарға арналған ҮИИДМБ арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды қолдау және ынталандыру; (2) 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы көлік инфрақұрылымын жаңғырту және көлік құралдарын жаңарту.

Қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілгенін ескере отырып, Өнеркәсіпті қолдау қоры лизингтік қаржыландырумен, несиелеумен, айналым капиталын қаржыландырумен, сондай-ақ лизинг компанияларына қаржы салумен айналысады. «Қор жеңілдетілген шарттармен, қолдау құралына қарай жылына 3%-дық сыйақы мөлшерлемемен, 20 жылға дейінгі мерзімге қаржыландыратын болады», – деп көрсетілген Үкімет қаулысының жобасында.

Читать также ...
Әртүрлі жылдамдық: Қытайдағы цифрландырудан Қазақстан не үйренуі тиіс?

Құжат авторлары жаңа заңды тұлғаны құру шығындарын ескере отырып, «жобаны қабылдауда қаржылық шығындар болмайды» дейді. Кіре берістегі тақтайшаларды ауыстыру мен қызмет аясын кеңейту бюджеттен қосымша шығын шығаруды қажет ете қоймауы керек. Алайда жаңа құрылымның операциялық қызметтері үшін мемлекет бөлетін ақшаға алақан жаймау мүмкін емес.

Қаулы жобасында Өнеркәсіпті қолдау қоры республикалық бюджет қаражатынан, меншікті және коммерциялық негізде тартылатын ақшадан, сондай-ақ «өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері аясында жиналатын қаражат есебінен» қаржыландырылады деп көрсетілген. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері бар кесте мынадай: қалдықтарды өңдеу алымын жинайтын «Оператор РОП» ЖШС жинаған қаражатының бір бөлігін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шотына аударады, ал министрлік Өнеркәсіпті қолдау қорына береді. Мұнымен қатар, Өнеркәсіпті қолдау қоры министрліктің басқа да бағыттардағы игерілмеген қаражаттарын да ала алады.

 

Автопромның қоры ма?

Президенттің бастамаларына қатысты сұрақтар бұл шаруаны жүзеге асыру қолға алынбай тұрып пайда болған еді. Бұл бастаманың жүзеге асырылатыны белгілі болған соң басы ашық сұрақтар қатары тіптен көбейіп кетті. Солардың біразын тізбектеп шықсақ.

Өнеркәсіпті қолдау қорын құрушылардың мақсаты экономиканы диверсификациялау саясатымен үндес келеді және индустрияланғысы келетін мемлекет үшін түсінікті де. Бірақ ниет дұрыс, амал қате. Әсіресе соңғы он жыл ішіндегі Қазақстан экономикасын жандандыру тарихы мен басқа да мемлекеттік саясаттағы маңызды кезеңдерді, тіпті мемлекеттік секторды басқарудағы рационал қадамдарды ескерсек, жүзеге асыру барысындағы кейбір әрекеттер ақылға қонымсыз.

Читать также ...
Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі

Біріншіден, операторы парламентке есеп бермейтін өнеркәсіпті қаржыландырудың бұл алаңын құру бюджеттен шығындарды арттырады. Бюджет қаражаты ұлттық экономиканы қолдауға тікелей бөлінбей, квазимемлекеттік сектор арқылы түседі. Қазақстан үшін бұрыннан қолданылып келе жатқан бұл тәсілді тәуелсіз сарапшылар талайдан бері сынап келеді. Тіпті, Есеп комитетінің де қояр сұрағы көбейеді.  Дегенмен қазір билік квазимемлекеттік саланы реформалауға да немесе бұл салаға бөлінетін қаржы көлемін азайтуға да асықпай отыр.

Екіншіден: Өнеркәсіпті қолдау қорын құру – пайыздық мөлшерлемені азайту атты ескі тәсілді жаңа шаруа етіп көрсету. Бұл саясат «Бизнестің жол картасы», «Даму-Өндіріс», «Қарапайым заттар экономикасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың барлығында  қолданылып келеді. Аталған құралды пайдаланып келе жатқан ондаған жыл бойы бұл жеңілдік түрі ЕДБ мен кәсіпорындар тарапынан сұранысқа ие болғанымен, нәтижесі шамалы екенін көрсетті. Атап айтқанда, Өңдеу өнеркәсібінің жаңа салаларының дамуына және экономика құрылымындағы өңдеу үлесінің жалпы өсуіне, экономиканың технологиялық күрделілігінің тереңдеуіне және несиеленетін салалардағы шикізаттық емес экспорттың өсуіне әкелмейді, нарықтағы алпауыт компаниялар санының өсуі және бәсекелестікті күшейту үшін алғышарттар жасамайды.

Пайыздық мөлшерлемені азайту әдісі – мемлекеттік бағдарламалардың қолайына келетін компаниялар үшін бір ғана жағынан тиімді болып келеді. Ол – жеңілдікпен несие алудың арқасында компания табысының артуы.

Бизнес үшін пайыздың төмендеуі маңызды және оны талап етеді де. Қазіргі қолданыстағы пайыздар қалта көререрлік емес деп те есептейді. Оған Ұлттық банктің соңғы 10 жыл ішінде жасап келе жатқан барлық  конъюнктуралық шолуы дәлел. Мемлекеттік бағдарламалардың ықпалымен нарықтағы орташа пайыздық мөлшелеме азайғанмен, кәсіпорындардың талаптары да өзгере бастады. Олар мөлшерлеме бұдан да төмен болғанын талап ете бастады. Осылайша 10 жыл өтті.

Читать также ...
Уақытша жұмыс: дағдарыстан шығу ма, беймәлім болашақ па?

Бұл кезде қайтарымы жоқ қарыздар саны да артып келе жатты. Банктер екі рет дағдарыс жағдайын бастан кешірді. Нәтижесінде проблемалы активтер қорын кеңейтіп, банктер балансынан қомақты сомалар шығарылды. AQR диагностикасынан кейін қазақстандық банк секторындағы (2019-2020) пролемалар тек бұл саланы дұрыс реттемегендіктен ғана емес, кәсіпорындар баласының әлсіздігі, өз капиталының тапшылығы мен сапасыз шешімдер қабылдауында екені білгілі болды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры несиелерінің номинал мөлшерлемесі 10 жылдық инфляцияның орташа көлемінен 4 пайыздық тармаққа төмен болады. 

Бұл – өңдеу өнеркәсібі саласы қарқынды дамып кетеді дегенді білдіре ме?

Үшіншіден, Өнеркәсіпті қолдау қорын құру – ең дамыған сала ретінде машина жасау, нақты айтқанда автоөнеркәсіп атты бір ғана саламен  шектеліп қалады деген қауіп басым. Егер Қор қаражатының басым бөлігі осы салаға бөлінетін болса, бүкіл өнеркәсіпті осы бір ғана саланың алдына жығып береміз. Автопром – қазақстандық өнеркәсіптің ең қарапайым саласы. (өнеркәсіп көлемі 1,24%, жұмыспен қамтылғандар 0,25% ғана). Сөйте тұра орасан зор салық жеңілдігін алып отыр, лизинг бойынша қомақты субсидияларға ие. Автоөндіріс саласының мүддесі үшін үкімет бірқатар қолдау құралын енгізіп, жеңілдікпен автокөлік алу бағдарламасын да іске қосты.

Заңды тұлғаларды несиелендіру құралын қолына алған соң бұрынғы ҚДБЛ басқа да мемлекеттік қаржы институттарымен бәсекелес ортаға кіреді. Ол бәсекелестер қатарында өңдеу өнеркәсібі мен көлікке қатысты ірі жобаларды несиелеуге бағытталған даму институты – «Қазақстанның даму банкі» АҚ немесе «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бар. Бұл ретте өз әріптестерімен және мемлекеттік даму институттарымен клиент үшін басын бәйгеге тігіп отыратын екінші деңгейлі банктерді айтпай-ақ қойсам болады.

Читать также ...
Жария риторика: денсаулық сақтау саласына құралдар қажет

Бір жақсы жағы –  бұл қор жеке лизинг компанияларын да жеңілдікпен несиелендіруге кіріседі. Дегенмен бұл жерде де мүдделер шегі айқын емес. ҚДБЛ –  ұлттық лизинг нарығындағы  ең белсенді құрылымдардың бірі. Әрі өңдеу өнеркәсібі саласындағы басты лизинг беруші. Компанияның бәсекеге төтеп беретін басты артықшылығы – негізінен «Бәйтерек» ҰБХ – ҚДБ – ҚДБЛ тізбегімен келіп түсетін бюджет қаражатынан тұратын қаражат ауқымы болған және бола береді де.

Жаңа құрылым бойынша компания лизинг нарығында бәсекелес ортаға кіріп, басқа да лизинг компанияларын, яғни бәсекелестерін қаржыландыра ма? Бұл жерде мүдделер қақтығысы туып жүрмей ме?

Экономиканы мемлекет иелігінен алу саясатымен неғұрлым дұрыс және келісілген шешім – ҚДБ бизнесінің лизингтік бөлігін бәсекелес ортаға беру болар еді. 

Бұл жерде лизингтік компанияларды жеңілдікпен  қаржыландыру жөніндегі функцияларды жеке қаржы ұйымдары, мысалы, екінші деңгейлі банктермен жұмыс тәжірибесі бар ҚДБ өзіне алуына болар еді.