№3 аналитикалық жазба – Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Бейресми жұмыстағы әйелдер: жаһандану және ұйымдасу (WIEGO)

 

1. Кіріспе

Баланы сәби кезінен дамыту қызметтері бірталай бағдарлама аясын, оның ішінде үш жасқа дейінгі балаларды күту, 3-6 жас аралығындағы балаларға мектепке дейінгі білім беру, ата-аналар мен олардың жас балаларына арналған «Балаларды қорғау немесе қоғамдық денсаулық сақтау мен балаларды тәрбиелеу» бағдарламаларын қамтиды (Shaeffer, 2015). Бұл қысқаша шолу 0-3 жастағы балаларға күтім жасау қызметтеріне арналған. Табысы орташа және төмен елдерде жасалған алғашқы және одан кейінгі зерттеулер негізіндегі шағын мазмұндама бейресми экономикадағы қызметкерлер пайдаланатын бала күтімі қызметтерінің типологияларын анықтайды. Сондай-ақ осы бала күтімі қызметін ұсынатындардың еңбек жағдайлары да қарастырылады. Бұл сектор бір жағынан көп уақытты қажет етеді және өте-мөте феминизацияланған. Жас балаларды дамыту саласындағы қызметкерлер үшін лайықты жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін бала күтімі секторын (ECD) кеңейтуде әлеует зор. Сөйтіп, бейресми экономикадан ресми экономикаға көшуде қолдау күтеді.

Бұл үшінші аналитикалық жазба еңбеккерлер мен саясаткерлердің ұйымы үшін жас балаларды дамыту саласындағы еңбек саясаты бейресми экономикадағы әйел жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар ең осал саналатын – жас балаларға сапалы күтім жасауды қамтамасыз етуге бағытталған және бала күтімі бойынша қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын ұсынуды көздейді.Осы қысқаша ақпаратқа ХЕҰ-ның бала күтімі бойынша қызметкерлерге лайықты жұмыс істеуге ықпал ету саясатының негізгі компоненттері енгізілді (ILO, 2014).

Бала күтімі бойынша қызметтер Жаһандық Оңтүстіктің көп бөлігінде шектеулі болып тұр. Мұнда жұмысшылардың бейресми экономикаға шоғырлануы ең жоғары деңгейде. Бала күтімі бойынша қызмет көрсету туралы мәліметтер аз. 0-3 жастағы балаларды күту қызметімен қамту көрсеткіштерін бағалауға қарасақ, қолда деректері бар 87 елдің ішінде 53 елдің жалпы қамту көрсеткіші 20 пайыздан төмен болғанын көрсетеді (ILO, 2018a).

Мектеп білімімен қамтудың орташа әлемдік көрсеткіші 18,3 пайыз.

Табысы төмен елдерде 3-5 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудың жалпы әлемдік көрсеткіштері жоғары болғанымен, бұл көрсеткіш тек 23 пайыз екен. Бұл цифрлар жұмысшылар, әсіресе әйелдер бала күтімі бойынша басқа да әдістерге жүгіне алатынын көрсетеді. Мысалы, үлкен ұл-қызына, отбасындағы басқа да әйелдерге немесе үйде бала күтушілерге тапсырады және мектепке дейінгі мекеме қызметіне жүгінбейді. Алайда, Жаһандық Оңтүстіктің 31 елінде жүргізілген сауалнамаларды шола отырып байқағанымыз: ең аз табысы бар, жұмыс істейтін әйелдер арасында бала күтімінің ең көп таралған түрі – жұмыс істеп жүріп те бала қарау болып тұр (UN Women, 2015). Табысы жоғары, жұмыс істейтін әйелдердің 10 пайызы балаларға арналған мекемелерге сүйенеді, ал табысы төмен, жұмыс істейтін әйелдердің 1 пайызы ғана осындай мекемелерге баласын бере алады. Бұл деректер негізінен екі кедергі бар екенін көрсетеді: біріншіден, бүкіл Жаһандық Оңтүстікте 0-6 жас аралығындағы балаларға сапалы күтім беретін қызметтердің болмауы; екіншіден, болған жағдайда да бұл қызметтердің құны тым жоғары.

Бала күтімі бойынша қызметтерге қол жеткізудегі негізгі  кедергілер

Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдерге арналған бала күтімі қызметтерін бағалауда олардың жұмыстағы бедел-мансабына, жұмыс орнына және гендерлік міндеттері мен күтім міндеттеріне байланысты кездесетін нақты тәуекелдер мен шектеулерді ескеру қажет (Lund and Srinivas, 2000).

Сонымен қатар, қалаларға көшу және демографиялық өзгерістер отбасының құрамын өзгертеді. Бұл – жұмыс істейтін әйелдерге бала күтімінде өз отбасы мен туыстарына сенім артуды қиындатады (UN Women, 2019; ILO, 2018a).

Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдермен фокус-топтардағы пікірталастар көптеген әйелдің отбасындағы өзінен басқаларға сене алмайтынын көрсетті, өйткені олар өздері де басқа жақтан көшіп келген немесе үлкен отбасында тұрмайды.

Қолжетімділік: бала қарап беретін қызмет бола қалған жағдайда да бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдер үшін негізгі кедергі – оның өте қымбаттығы болып тұр. Олар табатын төмен әрі тұрақсыз жалақы бала күтушісінің күнделікті, апта немесе ай сайынғы төлеміне жете бермейді.  89 елдегі үй шаруашылықтарына жүргізілген зерттеулерді талдай келе, репродуктив жастағы әйелдер (25 пен 34 жас аралығындағы) ерлерге қарағанда 22%-ға кедейлік жағдайында өмір сүретінін көрдік (UN Women, 2018). Бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдер өзі және отбасы мүшелері жалданып істейтін тәуелді мердігер ретінде ең осал және жалақысы төмен нысандарда жұмыс істей алады (ILO, 2018B). Бейресми экономикада нанын тауып жүрген әйелдер өзін-өзі асыраушылар болғандықтан, жұмыс беруші ұсынатын бала күтімі қызметтерін пайдалана алмайды.

Жерге байланысты қолжетімділік: бала қарап беретін қызмет орнының жұмыскердің үйінің жанында немесе жұмысына жақын болуы олардың орналасуына әсер етеді. Ең оңайы плантация, құрылыс алаңы, фабрика немесе компания кеңсесі сияқты жұмыс орнына жақын жерде қызмет көрсету (IFC, 2017). Ең қиыны – ауылдық жерлерде, базарда, полигонға немесе қайта өңдеу зауытына жақын жерде немесе табысы аз көптеген бейресми жұмысшылар тұратын және жұмыс істейтін қалалық жерлердегі бейресми елді мекендерде бала күтімі бойынша қызметтерді жоспарлау. Әртүрлі жұмыс орындарына келетін болсақ, үйде қызмет көрсететіндер өз үйлерінде жұмыс істейді, сондықтан жақын маңдағы қауымдастықтарда бала күтімі қызметтерін пайдалана алады. Үй қызметкерлері жұмыс берушінің үйінің жанындағы бала күтімі қызметін таңдауы мүмкін. Көшеде, базарда сауда жасайтындар мен қоқыс жинаушылар жұмыс істейтін қоғамдық орындарда көбінесе бала күтімі қызметі болмайды. Аккрада (Гана) 42 базар мен көлік тораптарын картаға түсіру – көше мен базарда сауда жасайтындарға жақын бала қарап беретін 7 мекеме ғана жұмыс істеп тұрғанын көрсетті (Boateng-Pobee, 2018). Табысы аз топтарды қаланың сыртына қарай ығыстырып тастайтын халық тығыз қоныстанған және адам саны өсіп келе жатқан қалалық жерлерде бала күтімін жасайтын жерге дейінгі қашықтық пен оған кететін шығындар маңызды фактор.

Қолжетімділікке әсер ететін тағы бір маңызды фактор – жұмыс уақыты. Бала күтімі қызметтерін ата-аналар мен қамқоршылар көбінесе өз жұмыс уақыты мен бала күтуші қызметінің уақыты сай келгенде ғана пайдаланады. Үй қызметкері, көшеде не базарда сауда жасаушы, қоқыс жинаушы сияқты бейресми экономикадағы өзін-өзі асыраушы жұмыскер әйелдер қажеттіліктерін өтеу үшін күнделікті тапқан табысына қарап отыратыны айқын. Сондықтан бала күтімі бойынша қызметтің қысқа ғана уақытына орай олардың жұмыс уақытының қысқаруы табыстың тікелей жоғалуына әкеледі.

Сенім мен сапа: барша ата-ана мен қамқоршылардың бала күтіп берушілерге деген сенімі баланы дәл соған берудегі басты критерий болмақ. Ол сенім сапаға деген көзқарасқа байланысты. ECD (баланы ерте дамыту) жайлы әдебиетте көрсетілгендей, бала күтімі бойынша қызметтердің сапасы құрылымдық айнымалылар мен процестің ауыспалы параметрлері арқылы бағаланады. Құрылымдық айнымалыларға инфрақұрылым базасы, қызметкерлердің біліктілігі мен ақысы және бала күтушілер мен бала санының ара-қатынасы жатады. Ал ауыспалы процеске қызметкерлер мен балалардың, қызметкерлер мен ата-аналардың және балалардың өзара қарым-қатынас сапасы  кіреді (Araujo et al., 2015). Құрылымдық айнымалы және ауыспалы процестер өзара байланысты. Ол – тар әрі лас аумақ, кәсіби біліктіліктің жоқтығы, төмен жалақы және қызметкерлердің балаларға мейіріммен қарамауы. Мұның бәрі өзара әрекеттесудің сапасының төмендеуіне әсер етеді (Vandell and Wolfe, 2000; Araujo et al., 2015). Бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдермен әңгімелесу кезінде көптеген адам баласына зиян тигізетін немесе дұрыс қарамайтын күтім орнының қызметін пайдаланғанша баласын жұмыста тастап, жұмыс уақытын қысқартып немесе бейресми жұмыспен айналысуға икемді кестесі бар жерге ауысып кеткенді дұрыс көретінін атап өтті (Альферс, 2016). Демек, жұмыс істейтін әйелдер бала күтімі бойынша сапасыз қызметтердің зардабын тартады, бұл олардың табыс кепілдігіне қауіп төндіреді. Сапа жайлы бағамдау әр әйелде әртүрлі болғандықтан, олардан: «Балаларды дамытатын жақсы орталықты жақсы ететін не?» – деп сұрағанда,  бес елдің және экономиканың әртүрлі секторларының бейресми экономикасындағы әйелдер бала күтімі бойынша сапалы қызмет көрсету үшін негізгі болып саналатын келесі сипаттамалар мен жағдайларды айтты (ibid.; Boateng-Pobee, 2018).

Бала күтімі бойынша сапалы қызметтер:

  1. Қолжетімді және қымбат емес – не тегін, не субсидияланатын;
  2. Бейресми жұмысшылардың ұзақ және қалыпты емес жұмыс уақытына бейімделетін жұмыс уақыты болуы;
  3. Ата-аналардың балалар орталығын басқаруға қатысуын ынталандыру және ата-аналар мен бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілер арасында берік байланыс орнататын;
  4. Білім беру компоненттері мен оқу материалдарын ұсынатын;
  5. Балалардың тамақтануы мен дамуын бақылай алатын медициналық қызметпен байланыс орнататын;
  6. Негізгі инфрақұрылымды, жақсы гигиенаны және білікті кадрлардың жеткілікті болуын қамтамасыз ететін;
  7. Толыққанды тамақтандыратын;
  8. Бала күтімі бойынша қызметкерлерге күнкөріс минимумына, кәсіби дайындыққа және лайықты еңбек жағдайларына кепілдік беретін болуы керек.

Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін көптеген әйелдер үшін балаларға сапалы күтім жасау олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың балаларына кедейліктен шығудың жолын білдіреді. Ганадағы көше саудагерлерінің бірі: «Мен баламды мектепке [балаларды дамыту орталығына] ертеңі жарқын болуы үшін, мен сияқты көшеде қалмауы үшін апарамын», –  деді. (Alfers, 2016). Бала күтімін сапалы етуді қамтамасыз ету балаларды нашар жұмыс орындарынан аулақ ұстап, олардың еңбегін қанауға кедергі келтіруі мүмкін.

2. Бейресми экономика қызметкерлеріне қолжетімді бала күтімі қызметтері

Осы сериядағы бірінші талдау материалында талқылағанымыздай, бейресми экономикадағы жұмыскерлер өздері жұмыста болған кезде балаларын қарауды отбасындағы үлкен қызы мен басқа да үй шаруасындағы әйелдерге сеніп тапсыратынын көрдік. Бұл – ұрпақтар арасындағы кедейлікті жалғастырып, гендерлік теңсіздікті ұзарта түспек. Себебі ол қыз бала қараймын деп дұрыс білім ала алмауы мүмкін. Ал жасы келіп қалған әйелдер сол кішкентай балаларға алақан жайып қалады. Ал олардың өзіне де күтім керек, әлі де жұмыс істей алатын шамасы бар. Бала күтімі типологиясы неғұрлым тиімді саяси ұсыныстар жасауға ықпал етеді, нәтижесінде олар бейресми экономика қызметкерлерінің мүмкіндіктерін жақсарта алады. Демек, бұл кепілді кірістердің артуына, әйелдер мен қыздар атқаратын ақысыз күтім жұмыстарының азаюына және еңбек бөлінісіне алып келеді. Бала күтімі бойынша қызметтер нәрестелер мен сәбилер үшін дұрыс тамақтану, оқу материалдары, ойнау мүмкіндіктері, сонымен қатар ата-аналардың жұмыс уақытына сәйкес келетін күні бойы қызмет көрсету мүмкіндігі бар білім беру және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.  Бала күтімі бойынша қызметтер көбінесе 0-3 жастағы балаларға бағытталған және 4-5 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі білімнен бөлек ұсынылады. Мектепке дейінгі білім беру кіші жастағы балаларды бастауыш білім беруге дайындауға бағытталған. Ол жұмыс істейтін ата-аналар үшін бала күтімі мәселесін ішінара шешуді ұсына алады, өйткені көптеген елде мектепке дейінгі мекемелер жарты күн ғана ашық және қалыпты мектеп кестесіне сәйкес келеді. Бала күтімі ата-аналар жұмыс істеуін тоқтатпайтын – сабақтан тыс немесе каникул кезінде де қажет; дегенмен, мұнда бала күтімінің бұл әдістері талқыланбайды.

1-кестеде келтірілген Типология бастапқы зерттеулер мен қайталама дереккөздерге шолу негізінде бейресми экономика жұмысшылары мен олардың 0-3 жас аралығындағы жас балаларына қолжетімді бала күтімінің негізгі түрлерін сипаттайды. Табысы төмен және орта деңгейдегі елдерде бала күтімі жөніндегі қызметтер туралы деректердің болмауы балаларды мектептегі біліммен қамту көрсеткіштеріне, осы сектордағы сапа өлшемшарттары мен еңбек жағдайларына неғұрлым сандық талдау жүргізу мүмкіндігін шектеп отыр.

Бала күтімі бойынша қызметтер 1-кестеде үйдегі күтім мен орталықтағы күтім арасында бөлінген. Үйде күтім жасау дегеніміз –тәрбиешінің үйіндегі балалар тобына күтім жасауы немесе өз үйіндегі балаларға күтім жасауы. Онымен көрші немесе үй қызметшісі, бала күтуші айналысуы мүмкін. Дегенмен, көрші немесе отбасы мүшесі балаларға қарауға көмекскені үшін азғантай ақы алуы немесе айырбасқа көнуі мүмкін. Үй қызметшісін немесе бала күтуші жалдау бала қаратудағы кең тараған форма емес. Себебі мұндай қызметке жүгінуге бейресми экономикадағы жұмыскерлердің жалақысы тым төмен немесе тұрақсыз болып келеді. (UNICEF, 2016; Alfers, 2016). Үйде жұмыс істейтіндер – орташа және жоғары табысы бар үй шаруашылықтары үшін бала күтімі қызметін көрсететін негізгі тұлғалар (1-қосымшаны қараңыз).

Орталықтарға негізделген күтім балабақша, ясли немесе күндізгі күтім орталықтары деп те аталады. Табысы аз еңбекшілер үшін бұл мүмкіндіктер бейресми қоныстар, ауылдық қауымдастықтар, жұмыс алаңдарында немесе оларға жақын орналасатын болады.Сөйтіп, ішінде үкімет, еңбекшілер ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), қауымдық және діни ұйымдар, жеке қызмет көрсетушілер мен жұмыс берушілер бар бірқатар әртүрлі субъекті арқылы басқарылады. Үйдегі немесе орталықтағы күтімді үкімет тіркеп немесе лицензиялай алады және бар болған жағдайда, сәбилерді дамыту мен күтімнің ұлттық стандарттары негізінде реттелуі мүмкін.

Бала күтімінің түрі тек осы қызметті пайдаланатын ата-аналар мен балаларға ғана емес, сонымен бірге оны ұсынатын балаларға күтім жасайтын қызметкерлерге де әсер етеді.Бұл әр түрлі бала күтімі қызметтері көпшілігі әйелдер болып келетін бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілерге әртүрлі еңбек жағдайларын ұсынады. Жаһандық Оңтүстікте бейресми экономика қызметкерлері үшін бала күтімі қызметтеріне ерекше назар аудара отырып, 1-кестеде бала күтімі бойынша қызметкерлердің тіркеу мәртебесіне және оларды қаржыландыру моделіне байланысты бала күтімі бойынша қызметкерлердің жұмыспен қамтылуының әртүрлі ықтимал статусы көрсетіледі.

1-кесте. Бейресми экономика қызметкерлері үшін қолжетімді бала күтімі қызметтерінің типологиясы (0-3 жас аралығындағы балалар)

Бала күтімінің түрітіркелген / тіркелмегенБалалармен жұмыс істейтін адамдардың жұмыспен қамтылу  статусыБала күтімі орталығыныңқаржыландыруы
Балаларды үйде қарау қызметтері [1]
  • тіркелмеген
  • бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
  • бейресми қызметкерлер
  • ақы төленбейтін үй қызметкерлері
  • ақы төленбейтін еріктілер2
  • пайдалану үшін ақы алу
  •  айырбас
Балаларды үйде қарау қызметтері [2]
  • тіркелген
  • бейресми / ресми өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
  • бейресми / ресми қызметкерлер
  • ақы төленбейтін үй қызметкерлері
  • ақы төленбейтін еріктілер
  • пайдалану үшін ақы алу
  • мемлекеттік субсидиялар
Жеке коммерциялық орталық
  • тіркелмеген
  • тіркелген
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
  • бейресми / ресми қызметкерлер
  • ақы төленбейтін еріктілер
  • пайдалану үшін ақы алу
  • айырбас
Қауымдық / ҮЕҰ орталығы
  • тіркелмеген
  • тіркелген
  • бейресми/ресми  жалдамалы  жұмыскерлер
  • ақы төленбейтін еріктілер
  • пайдалану үшін ақы алу
  • айырбас
  • мемлекеттік субсидиялар
  • донорлар  қаржыландыруы
Кооператив
  • тіркелген
  • бейресми/ресми  жалдамалы  жұмыскерлер
  • ақы төленбейтін еріктілер
  • пайдаланғаны үшін ақы алу
  • айырбас
  • мүшелер жарнасын аудару
  • кооператив кірісі
  • мемлекет субсидиялары
  • донорлар қаржысы
Жұмыс берушінің қолдауындағы орталық
  • тіркелген
  • бейресми/ресми  жалдамалы  жұмыскерлер
  • ақы төленбейтін еріктілер
  • пайдаланғаны үшін ақы алу
  • корпорация кірістері
  • мемлекет субсидиялары
  • әлеуметтік сақтандыру (әлеуметтік қамсыздандыру қорына жарналар)
Мемлекеттік орталық
  • тіркелген
  • бейресми/ресми  жалдамалы  жұмыскерлер
  • ақы төленбейтін еріктілер
  • пайдаланғаны үшін ақы алу
  • ұлттық кіріс (мемлекет қаржыландырады)
  • муниципалдық кіріс(мемлекет қаржыландырады)
  • әлеуметтік сақтандыру(әлеуметтік қамсыздандыру қорына жарналар)
  • донорлар  қаржысы
Читать также ...
Жұмыспен қамтуға триллион: жол картасында қандай проблемалар  болуы мүмкін?

 

1-қосымша: үй қызметкерлері арасында бала күтімі бойынша құзыреттілік пен іс ыңғайын тану

Бала күтімі мен үй тазалау және тамақ дайындау жұмыстары үшін үй қызметкерін жалдау нәрестелер мен сәбилер үшін бала күтімінің таңдаулы нұсқасы болуы мүмкін. Бұл нұсқа ең алдымен орташа немесе жоғары кірісі бар үй шаруашылықтарына қолжетімді. Олардың үй қызметшісін жалдауға шамасы келеді. Дегенмен, үй қызметшілерінің арасында бейресмиліктің жоғары деңгейі бүкіл әлем бойынша бала күтушілердің жұмысы көбінесе аз төленетін және еңбек, әлеуметтік жағынан қорғалмайтын болып келетінін айқындайды (ILO, 2018a).

ХЕҰ-ның зерттеулері үй қызметкерлері ұсынатын күтім қызметтеріне жоғары тәуелділік сол мемлекеттерде (сол жерде) күтім қызметтерінің жеткіліксіз көрсетілгенін көрсетеді. Бұған Ангола, Бразилия, Қытай, Гондурас, Индонезия, Сенегал, Оңтүстік Африка және Шри-Ланка, Иордания, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты көптеген араб мемлекеті сияқты салыстыруға келмейтін елдер кіреді. Сондай-ақ, балалар мен қарт адамдарға күтім жасау үшін үй қызметшісі ретінде жұмыс істейтін мигранттарға қатты тәуелділікке байланысты осы тізімге енгізілген. Бұл елдерде үй қызметшілері күтім саласы қызметкерлерінің едәуір бөлігін құрайды. Бұл – көптеген үй жұмысшысы үйде немесе орталықта бала күтімі бойынша қызмет көрсетуші тұлға болу үшін білімі немесе біліктілігі болмаса да, бала күтіміне бейімделеді дегенді білдіреді. ECD секторында (балаларды ерте дамыту) бұл дағдылар мойындалмайды және үй қызметшілері бала күтімі бойынша қызметкер болып саналмайды.

ХЕҰ Араб аймағында үй қызметшілері үшін бала күтімі бойынша оқу құралын жасады (ILO, 2018b).  Барлық аймақтар үшін өзекті бола отырып, ол Ливанда алғаш рет Халықаралық үй қызметшілері федерациясымен (КПТҮ) бірге сынақтан өтті және үй қызметшісі ретінде жұмыс істейтін мигранттарға арналған.  Оқу құралы үй қызметшілерімен жұмыс істейтін, бала күтіміне қажет біліктілікті жетілдіргісі келетін және бала күтімі бойынша қызмет көрсетуші ретінде атқаратын жұмыстың құндылығын мойындайтын ұйымдар мен нұсқаушыларға арналған. Сондай-ақ, онда бала күтімі орталығын қалай ашуға болатыны туралы модуль бар. Ол өз еңбек жолын балаларға күтім жасау кезінде дамытқан дағдыларына қарай өзгерткісі келетін үй қызметшілері үшін қызықты болуы мүмкін.

2011 жылғы үй қызметкерлері туралы Конвенция (№189) үй қызметшілерінің біліктілігін үздіксіз арттыруға, кәсіби даярлауға ықпал етеді. Бұл ретте мемлекеттік нормативтік актілер мен кәсіподақтармен бірлесе отырып, Гонконгтағы сияқты үй қызметшілерін қолдау үшін оқу бағдарламаларын ұйымдастыратын мекемелер маңызды рөл атқарады (HKCTU and DWGU, 2015). Қытайда Үкімет үй қызметкерлерін әлеуметтік сақтандыруды жабу үшін жалдайтын және оқуға  мүмкіндік ұсынатын агенттіктерді субсидиялайды (ILO, 2018a).

Үйде балаларды күту – тіркелмегендер

Табысы төмен аудандарда және бейресми елді мекендерде бала күтімі бойынша қызмет көрсетудің кең таралған түрі – тіркелмей үйде бала қарау.  Оңтүстік Африкада қоқыс жинаушылар, көшеде сауда жасайтындар және үй қызметшілері балалары өз үйінен тыс жерде, балаға қарап берумен айналысатын көршілермен қалғанын айтады (Альферс, 2016; Хорвуд соавт., 2019). Оңтүстік Африканың Дурбанындағы бейресми қоныстарда да бір топ қоқыс жинаушы әйел бірігіп, 10-15 баланы өз үйінде қарап беретін қартаң ерлі-зайыптыларға тастап кетеді. Егде тартқан ерлі-зайыптылар бұл үшін ақы алады. Бірақ төмен әрі тұрақсыз жалақы алатындықтан әйелдерге ұдайы төлеу қиындық туғызады. «Бұл ауданда жақсы жарақтанған, жағдайы жақсы басқа да бөбекжайлар бар. Бірақ олар қымбат. Гого ұсынатын бала күтімі қызметі арзан. Ол өте көп сұрамайды. Маған өз баласындай қарайды, бала қарағаны үшін не берсе де алатынын айтады. Немесе мен оған өзім жинайтын материалдардан тапқанымды беремін», – дейді әйелдердің бірі (Alfers, 2016).

Үйде бала күтіміндегі заңмен реттелмейтін қызметтер көптеген елде табысы төмен аудандарда бала күтімі бойынша қызметтердің болмауына байланысты жиі кездеседі. Мысалы, Таиландта қазіргі уақытта үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметтер жоқ. 3-5 жас аралығындағы балаларға арналған мемлекеттік мектепке дейінгі бағдарлама бар. Қалаларға қоныс аударатын зауыт жұмысшылары үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне мұқтаж және тіркелмей үйде бала қарап беретін қызметтер мемлекеттік қызмет ұсынудағы олқылықтың орнын толтырады.

«Бейресми жұмыспен қамтылған әйелдер: жаһандану және ұйым» (Wiego) ұйымының Бангкокта (Таиланд) жүргізген зерттеуі тіркелмеген бала күтімі орталығы ретінде пайдалану үшін әйелдерге арналған үйлер жеткіліксіз екенін анықтады. Ата-аналар әр бала үшін айына 2000 Тай батын (56 доллар) төлейді. Екі тәрбиешіге екі айдан үш жасқа дейінгі он төрт баладан келеді. Балалар орталығы ата-аналардың жұмыс уақытына сәйкес 06:30-дан 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл қызмет құны бейресми экономикадағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер үшін өте жоғары және негізінен бейресми экономикадағы жалдамалы бейресми жұмысшылар саналатын мигранттарға арналған (Moussie, 2016). Бала күтімі бойынша сапалы қызметтерге деген сұраныстың артуына жауап ретінде Таиланд үкіметі БҰҰ-ның ЮНИСЕФ сияқты мекемелерімен үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша тең сапалы қызмет құру мақсатында ынтымақтасады (UNICEF, 2019A).

Тіркелмей үйде бала күтімімен айналысатын қызметтер сапасы әртүрлі себептерге байланысты әрқалай болып келеді. Ол заңмен реттелмейді, сол себепті бала күтімі бойынша қызметтер үшін оқу мен инфрақұрылымға қойылатын негізгі талаптар сақталмайды. Олар кедей аудандарда орналасқандықтан, жағдайы жасалмаған болуы мүмкін. Мысалы, Дурбандағы бейресми қоныстағы қара жұмысшы әйелдер шаң-топырақ жол жауын жауған кезде лай-балшыққа айналып кететінін айтады. Тайғанақ болып, балаларын мектепке дейінгі мекемелерге тасу мүмкін болмай қалады. Сонымен қатар, осындай жағдайдағы барлық бала күтуші жұмысшылар бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылар, жалақы төленбейтін үй жұмысшылар немесе ақы төленбейтін еріктілер болып саналады.  Оларға еңбек және әлеуметтік қорғау жетіспейді, олар тіркелген  бала күтімі бойынша қызмет көрсетуші болу үшін РДРВ ұлттық саясатында көрсетілген білімі мен біліктілігі болмауы мүмкін, қолынан ол іс келмеуі мүмкін. Алайда, олар қызметсіз қалған қауымдарға өте қажет қызметтерді ұсынады, әсіресе бала күтімі орталығының қызметін пайдалана алмайтын әйелдер арасында сұранысқа ие.

Үйде балаларды күту – тіркелгендер

Тіркеліп, үйде бала қарап беру қызметтері сапалы күтім ұсына алады және балаларды дамыту орталықтарына нақты балама бола алады. Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Исландия және Швеция сияқты табысы жоғары елдерде бала күтімі бойынша үй қызметтеріне мемлекеттік субсидиялар беріледі (OECD, 2016). Мексика үкіметі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде тіркелмеген және әлеуметтік қамсыздандыру жарналары есебінен төленетін орталықтарды пайдалана алмайтын әйелдердің қоғамдық және үйдегі бала күтімі қызметтеріне қолдау көрсетеді.

Estancias Infantiles para Apoyar a Madres Trabajadoras y/o Padres Solos бағдарламасы (жұмыс істейтін аналарға және / немесе жалғызбасты ата-аналарға қолдау көрсету үшін балаларды қарап беру орталықтары, PEI) 2007 жылы әйелдердің жұмыс күшіне қатысын кеңейту үшін құрылды. Ол жұмыс істейтін, жұмыс іздейтін немесе оқитын аз қамтылған отбасылардағы әйелдерге, жалғызбасты әкелерге немесе қамқоршыларға бала күтімі бойынша қызметтер ұсынады және 1-3 жас және 11 айлық балаларды, сондай-ақ 1-5 жас және 11 айлық мүгедек балаларды қамтиды. Үкімет әр балаға айына 950 Мексика песосын (MXN) (айына 45 АҚШ доллары) (немесе мүгедек балалар үшін 1 800 MXN (92 АҚШ доллары) тікелей бала күтімі бойынша қызметкерге төлейді және ата-аналар ай сайынғы төлемнің қалған сомасын төлейді деген уәде де бар (Мексика, SEDESOL, 2017). [3] 2017 жылға қарай PEI құрамына 310 968 ата-ана мен қамқоршыны қолдайтын және 327 854 баланы қамтитын 9 399 үй және қоғамдық күтім қызметтері кірді. Бұл мақсатты халықтың 39 пайызын құрайды (Мексика, CONEVAL and SEDESOL, 2018). 2018 жылы бенефициарлар саны 290 957 ата-ана мен қамқоршыға дейін азайды (сол жерде).

PEI сонымен қатар үйде немесе қоғамдастықта бала күтімі қызметін құрғысы келетін әйелдерге немесе Қауымдастық топтарына субсидиялар ұсынады (OECD, 2017). Үйдегі балалар орталығын құрғысы келетін әйелдер өздерінің үй-жайларын қайта жабдықтау, білім беру және оқу материалдарын сатып алу, сақтандыру ақысын төлеу және басқа шығындарды өтеу үшін 70 000 Мексика песосы көлеміндегі (3550 Доллар) мемлекеттік грантқа өтініш береді (Мексика, СЕДЕСОЛ, 2017). Грант алу үшін әйелдер орта білімін аяқтап, бала күтімі бойынша қызмет көрсетуші ретінде ұлттық аккредитациядан өтіп, психологиялық тест тапсыруы керек (сол жерде).  2011 жылғы бағалау бала күтімі бойынша қызметкерлердің 81 пайызында бала күтімі саласында тәжірибе бар екенін көрсетеді (Ángeles et al., 2011).

Бала күтімі бойынша үй қызметшілерінің қамқорлығында оннан аспайтын бала болуы мүмкін, бірақ олардың саны сегізден асса, көмекші жалдау керек.

Бала күтімі бойынша әртүрлі жеткізушінің жалақысы әртүрлі болады, дегенмен бала күтімі бойынша көмекшілердің жалақысы төмен және орташа есеппен 2007 жылы айына 2050 мексикалық песо ($189) болды (Staab and Gerhard, 2010). Салыстырар болсақ, бала күтімі бойынша қызметтерді пайдаланатын әйелдер мен ерлердің орташа жалақысы 2010 жылы 2 865 мексикалық песо ($244) болды (Ángeles et al., 2011). Бұл қызметкерлерді оқыту, марапаттау және сапаны қамтамасыз ету бағдарламасындағы кейбір проблемаларды көрсетеді. Бұрыннан бала күтуде тәжірибесі бар қызметкерлердің төмен жалақысы бұл бағдарламаның ұлттық бала күтімі саласындағы жалақы мен біліктілікке нұқсан келтіруі мүмкін екенін көрсетеді (Staab and Gerhard, 2010). Сонымен қатар, олардың көпшілігі PEI-де бала күтімі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болғандықтан, олар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамтылмаған және баланы ерте дамыту бойынша басқа мамандардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтармен байланысы жоқ.

Мексикадағы бұл жағдай экономиканың ресми және бейресми салаларындағы қызметкерлер арасындағы бала күтімі құқықтарының теңсіздігін көрсетеді. 1973 жылғы әлеуметтік қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ресми экономикада жұмыс істейтін әйелдер қырқынан шыққаннан 4 жасқа дейінгі бала күтімі мекемесінің қызметін алуға құқылы (OECD, 2017). Керісінше, экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдер бұл заңды пайдалана алмайды, өйткені олар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тіркелмеген. PEI бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдерге сапалы бала күтімі қызметтеріне кепілдік беретін заң аясында ешқашан қабылданбағандықтан, үкімет кез келген уақытта осы бағдарламаны қаржыландыруды тоқтата алады (Staab and Gerhard, 2010). Шынында да, 2019 жылы Үкімет бағдарламаны қаржыландыруды қысқартатынын және оның орнына кішкентай балалары бар аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін ақшалай жәрдемақы беретінін мәлімдеді. Мемлекеттік субсидиясыз үйде балаларға күтім жасау орталықтары жұмысын тоқтатады, өйткені ата-аналар олардың қызметі үшін төлемнің құнын толық төлей алмайды.

Жеке коммерциялық емес бала күтімі орталығы – тіркелгендер

Жеке коммерциялық бала күтімі орталықтары бейресми жұмысшылар үшін қалта көтерерлік болуы мүмкін. Мысалы, Ганадағы Аккрада бейресми жұмысшылардың өте жоғары шығыны мен ауыспалы сапасына бола жеке коммерциялық балалар орталығына кіру кезінде кездесетін кейбір мәселелері сипатталады. Гана қалаларында ерлерге қарағанда әйелдер бейресми экономикада тез жұмыс табады, ал қалалық әйелдер арасында бейресми жұмыспен қамтылу басым (Budlender, 2011). Көше сатушылары мен базар сатушыларының 80 пайызы әйелдер деп есептеледі. Аккраның 42 базарында кайай (басына қойып жүк тасушылар), көше сатушылары және базардағы саудагер ретінде жұмыс істейтін көптеген әйелге қызмет көрсететін жеті балалар орталығы бар (Boateng-Pobee, 2018). Олардың үшеуі жеке коммерциялық орталық. Үшеуі де жыл сайынғы лицензиялар беруге және балалар орталықтарының қызметін реттеуге жауапты тиісті муниципалды аудандық жиналыста тіркелген. Жыл сайын ондағы балалардың денсаулығын, тамақтануын, білім беру нәтижелері мен қауіпсіздігін көптеген министрлік (Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік жұмыс және қоршаған орта) тексереді.

Жеке балалар орталықтары алты айдан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Алайда, балаларға арналған жекеменшік орталықтардың көпшілігі кайайлар мен көше саудагері үшін тым қымбат, тіпті олар базар мен олардың айналасында ыңғайлы жерде орналасқан болса да. Орталықтар ата-аналардың төлейтін ақысына толық қаржыландырылады және муниципалитет немесе базар саудагерлері қауымдастығы басқа ешқандай қаржылық қолдау көрсетпейді. Базар саудагерлері қауымдастығы жалдау ақысының орнына базарда жұмыс істеу үшін орын ұсынады. Пайдалану ақысы жылына 200 Гана седиі (gh₵) (36 АҚШ доллары), бұл күніне 2 седиге (0,4 АҚШ доллары) тең. Қосымша шығындарға күнделікті тамақтану, формалар және дәптерлер мен қарындаштар сияқты оқу материалдары кіреді. Орта есеппен, пайдалану ақысы – күніне 5 Гана седиі (0,9 АҚШ доллары). Нарықтағы ең төменгі кірісі бар кайайлар үшін бұл сома 8-10 Гана седиіне тең күнделікті табысының жартысы болуы мүмкін. Бала күтімі орталықтары ата-аналары қызмет ақысын төлеуге қабілетті қауымдастықтардың балаларын қабылдайды. Сондықтан олар базарларда немесе базар маңында жұмыс істесе де, олар ең төменгі және тұрақты емес кірісі бар бейресми саудагерлерге қызмет көрсете бермейді. Олардың жоғары ақы талап ететінінен, бейресми саудагерлердің көпшілігі балаларын аптасына үш-төрт күн ғана орталыққа жібере алады немесе күнделікті төлем жасай алмаған кезде орталықтан балаларын алып кетуге мәжбүр болады. Бұл әсіресе 3-5 жас аралығындағы балалардың оқу процесіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл – балалардың аптаның басқа күндерінде де жұмыс істейтін аналарымен бірге жүретінін көрсетеді. Орталықтарға бару регламенті болмауы баланы дамытуға тиіс сапалы қызметтер мен бейресми әйел-саудагерлердің табысына оң әсерді азайта береді. Бала күтімі орталықтары өздерінің шығындарын жабу үшін Гананың «Бала күтімі және олардың ерте жастан дамуы (ECCD) саясатына» сай келмейтін біліксіздеу қызметкерлерді жалдайды және мандатта көрсетілген бала мен қызметкерлер ара-қатынасына сай келмейтін көп баланы қабылдайды (Гана, 2004). Мұғалімдердің мектепке дейінгі білім беру саласында дәрежесі немесе дипломы болуы керек, ал дайындықтан өткен тәрбиешілер, кем дегенде, өз саласында білімді және жұмыстан қол үзбей дайындықтан өтуі керек. Барлық тәрбиешінің жалақысы 200-ден 250 седи аралығында (41-52 АҚШ доллары), ал білікті тәрбиешілер айына 500 седи ($104 АҚШ доллары) талап етеді. Бұл дегеніміз, бала күтімі бойынша жұмыскерлердің көпшілігі күніне 9,68 седи ($2) ең төменгі жалақыдан аз жалақы алады (Boateng-Pobee, 2018) деген сөз. WEIGO барған жекеменшік орталықтарда қызметкерлер мен балалар арасындағы 1:8-ге тең болуы керек қарым-қатынас сақталмады. Бұл ECCD ұлттық саясатында қарастырылған болатын. Орта есеппен орталық меңгерушісі мен аспазды қосқанда алты мұғалімге алпыс екі сәбиден (сол жерде) келеді.

Читать также ...
Жұмыспен қамтылған кедейліктің әйел келбеті

ҮЕҰ немесе бала күтімі бойынша қоғамдық орталықтар

Жаһандық Оңтүстіктің көптеген елінде үкіметтер ҮЕҰ-ны немесе бала күтімі бойынша қызмет көрсету орталықтарын табысы төмен үй шаруашылықтарын қамтудың танымал моделі ретінде қолдайды (Neuman, McConnell and Kholowa, 2014; Rao and Pearson, 2007). Бала күтімі бойынша осы қызметтерді қаржыландыруға және реттеуге үкіметтердің қатысу деңгейі әр елде айтарлықтай өзгереді, бұл қолжетімділік пен сапаға әсер етеді. Индонезиядан келтірілген бір мысал ҮЕҰ немесе қоғамдық бала күтімі орталықтары жұмыстағы ата-аналарға, әсіресе аналарға қалай бағытталуы керек екенін көрсетеді. 2001 жылы Индонезияда ұлттық білім министрлігінің жанынан балаларға ерте жастан білім беру басқармасы құрылды, ол – бейресми білім беру мәселелерімен айналысады. Ол 0-6 жас аралығындағы балалар үшін сәбилерді дамыту қызметтерін кеңейтіп, біріктірді (ЮНЕСКО, 2005). Бұл – 4-6 жастағы балаларға арналған E Taman Kanak-Kanak and Raudhatul Atfal (ТК/РА) балабақшалары, 2-4 жастағы балаларға арналған Kelompok Bermain (КБ) балалар ойын топтары және үш айдан алты жасқа дейінгі балаларға арналған Taman Penitipan Anak (ТРА) балабақшасы еді.

TPA жұмыс істейтін ата-аналар мен қамқоршылардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жақын маңды қамтуға арналған. Олар плантациялар, базарлар, зауыттар мен кеңселердің жанында жұмыс істейді және бейресми және ресми экономикадағы жұмыскерлер мен барлық кірісті топ үшін (ЮНЕСКО, н.д.) қолжетімді. Олар күніне 8-10 сағат бойы ашық және негізінен жергілікті жеке қорлар, өзара көмек көрсететін қоғамдық ұйымдар, плантацияларды иеленетін және басқаратын компаниялар мен жеке кәсіпкерлер басқарады. Халықаралық және Ұлттық ҮЕҰ мен қорлар инфрақұрылым мен ресурстарды кәсіби дайындықпен және мұғалімдерді тұрақты техникалық қолдаумен қамтамасыз ете алады (сол жерде). Мұғалімдер орта мектепті бітіріп, мектепке дейінгі білім бойынша диплом алуы керек, ал тәрбиешілер Білім министрлігі белгілеген дайындық пен біліктілікке сәйкес орта мектептің жоғары сынып түлектері болуы керек деп жоспарланған (BAPPENAS and ILO, 2015). Ұлттық даму агенттігі (BAPPENAS, 2013) жүргізген бағалау көрсеткендей, жас балаларды дамытуға арналған бейресми қызметтерде бала күтушілердің 51%-ы жалақы алады, 32%-ы қаржылай ынталандырылады және 17%-ы ақы төленбейтін еріктілер. Бұл бағалау қоғам деңгейіндегі бала күтімі бойынша басқа бағалауларда, қызметкерлердің тұрақтамау және жалақысы төмен қызметкерлер мен ақы төленбейтін еріктілер арасында мотивацияның болмауына қатысты алаңдау тудырады, олардың көпшілігі әйелдер (Neuman, McConnell and Kholowa, 2014).

Индонезияда жас балаларды дамыту бойынша қызмет көрсетушілер санының 2002 жылғы 62 352-ден 2017 жылы 231 673-ке дейін тез өсуі тіркелді (UNESCO, 2005; Yulindrasari, 2018). Алайда, бұл өсімнің көп бөлігі сәбилер мен бөбектерге арналған орталықтарға емес, 4-5 жастағы балаларға арналған балабақшалар мен ойын топтарына қатысты (Хасан, Хайсон және Чанг, 2013). 2017 жылы 3124 балалар орталығымен салыстырғанда 120 886 балабақша және 84 538 ойын тобы болды. Балаларды ерте жастан дамытатын барлық нысанда көрсетілетін қызметтерді қамтуды кеңейту жеке коммерциялық, үкіметтік емес және қауымдық қызметтер есебінен жүзеге асырылады. Тоқсан тоғыз пайызын жеке қорлар қаржыландырады және тек 1 пайызын үкімет қаржыландырады (Yulindrasari, 2018).

Индонезиядағы РДРВ секторындағы тенденциялар 4-5 жас аралығындағы балаларға арналған мектепке дейінгі білім берудің тез кеңеюіне қарамастан, 0-3 жас аралығындағы балалар үшін бала күтіміне мемлекеттік инвестициялардың әлдеқайда аздығын көрсетті (ILO, 2018a). Мемлекет тарапынан субсидияланбай,  ҮЕҰ мен мен қауымдық топтарға сүйену балалар күтіміне қатысты қызметтердің әділетсіз және теңсіз болып бөлінуіне алып келеді. Бұл – сапа және еңбекті қорғау стандарттарын сақтауда көптеген қызмет жеткізушілерін бақылау мен реттеуді қамтамасыз ету тұрғысынан үкіметке айтарлықтай жүктеме болады. Нәтижесінде, Индонезияда халықтың барлық топтары мен табысы жоғары өңірлерде бала күтімі бойынша қызметтердің қолжетімділігі мен сапасында айтарлықтай айырмашылықтар туындады. Нақты балалар орталықтары туралы мәліметтер болмаса да, зерттеулер көрсеткендей, табысы ең жоғары үй шаруашылықтарындағы балалар табысы ең төмен квинтильді топтағы балаларға қарағанда мектепке дейінгі білім ордасына 1,5 есе көп келеді (OECD and ADB, 2015). Табысы ең төмен квинтил топтағы балалардың шамамен 52%-ы мектепке дейінгі білім беру орталықтарының бір де біріне бармайды.

Бала күтімімен айналысатын кооперативтер

Жоғарыда келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, бала күтімі секторы төмен жалақы және жұмыс істейтін әйелдер үшін еңбек және әлеуметтік қорғаудың болмауымен сипатталады, олардың көпшілігі бейресми экономикада қалады. Бала күтіміндегі кооператив құрылымдар жеке коммерциялық және үкіметтік емес немесе қоғамдық орталықтарға балама болып тұр. Бұл бала қараушылар мен қызметті пайдаланушылардың меншігі мен өз салымдарына ынталандырады. Кооперативтер бүкіл әлемде әлеуметтік әділеттілік, теңдік, демократия және барлығына лайықты жұмыс құндылықтарына негізделген балаларға да, қарттарға да күтім жасаудың инновациялық түрі ретінде пайда болады (ILO, 2016; ILO, 2017a).

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер кәсіподағы (SEWA) (Үндістанның бейресми экономикасында жұмыс істейтін екі миллионға жуық әйел) кәсіподақ мүшелерінің талаптарына жауап ретінде 1986 жылы Ахмедабадта Сангини атты бала күтімі бойынша жұмысшылар кооперативін құрды (Alfers and Arora, 2016). Кооператив 0-6 жастағы 350-400 балаға күтім жасайтын 13 балалар орталығы үшін жауап береді, олардың 33%-ы екі жасқа дейінгі сәбилер. Орталық балаларды күтуге кешенді әрекет, олардың негізгі білім мен әлеуметтік дағды, толыққанды тамақтану мен басты медициналық қызметтер алуын қамтамасыз етеді. Олардың орталықтары ата-аналардың жұмыс кестесін ескере отырып, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Нәтижесінде SEWA орталықтарын пайдаланатын жұмыс істейтін аналардың көпшілігі (64%) бала күтімі орталығының қолдауымен жұмыс уақытын арттыра алғанын мәлімдеді (Association for stimulating Know-How, 2011).

Кооператив мүшелері – бала күтіміндегі жұмыскерлер (balsevikas – бальсевиктер) және балалары орталыққа баратын аналар (ILO and WIEGO, 2018). Кооперативте 624 мүше бар, оның ішінде тәрбиешілер, көмекшілер және балалардың ата-аналары да бар.Кооператив мүшесі мәртебесіне ие 26 бала күтуші қызметкер және кооперативті басқаруда қолдау көрсететін үш әкімшілік қызметкер бар. Үйлестірушілер мен ата-аналардан тұратын директорлар кеңесін мүшелер әр үш-бес жыл сайын сайлап отырады. Мүшелер тарапынан кооперативтерді демократиялық бақылау сапаны қамтамасыз етудің және қызметтерге деген сенімнің негізгі құрамдас бөлігі саналады (ILO GED/COOP, 2016). Басқарма іс-шараларды жоспарлау және басқару, ата-аналар жиналысы кезінде көтерілген кез келген мәселені шешу немесе барлық бальсевиктің ай сайынғы жалпы жиналысы, сондай-ақ қаржылық ережелерді сақтау үшін айына бір рет жиналады. Басқарма сонымен қатар баланың үйде күтімі мен тамақтануы қанша тұратынын ескере отырып, ақы төлеуге де жауап береді.

Әр орталық 30-ға жуық баланы қабылдай алады және әрқайсында кемінде екі тәрбиеші бар. Орта есеппен алғанда, осы орталықтардың бірінің жұмысы айына 20 000-25000 үнді рупиі (INR) тұрады, оған екі үйлестірушінің жалақысы, жалдау ақысы, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізу шығындары, бақылау және әкімшілік шығындар кіреді.Сонымен қатар, құрылтай шығындарына шамамен 25000 үнді рупиі (400 доллар) кетеді, оған қоғамдастықтың алғашқы кеңесі және бесік, ойыншықтар және оқулықтар сияқты қажетті жабдықтарды сатып алу кіреді (ILO and WIEGO, 2018). Ата-аналар әр бала үшін ай сайынғы төлем ретінде 175 үнді рупиін (2 доллар) төлейді, бұл ай сайынғы әдеттегі шығындардың шамамен 17 пайызы. Балалар орталығын пайдаланатын жұмысшылардың орташа күндік табысы күніне 50 үнді рупиінен (0,69 доллар) 200 үнді рупиіне (2,7 доллар) дейін (Alfers and Arora, 2016). Қызметкерлер көп төлей алмайтындықтан, балалар кооперативі SEWA-ның басқа кооперативтік құрылымдарынан, донорлық қорлардан және Раджив Гандидің бөбекжайлер ұлттық бағдарламасы бойынша берілген мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістерге де тәуелді.

Балсевиктер бір мезетте SEWА мүшелері болып саналады және орталықтар жұмыс істейтін қауымдастықтарда тұрады, сондықтан ата-аналардың қызметке сенім артуына мүмкіндігі бар. Кооператив бала күтімі бойынша қызметкерлерге ең төменгі жалақыдан асырып жалақы төлей алмаса да, олар қоғамдағы құрметті көшбасшылар болғандықтан, жұмысқа аса қанағаттанатындарын білдіріп отырады. Бала күтімі бойынша қызметкерлердің көпшілігі орта есеппен кооперативте 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және SEWA басқаратын банк, медициналық сақтандыру жүйесі және медициналық қызметкерлердің қоғамдық қызметі сияқты басқа кооперативтердің қызметтерін пайдаланады. Кооператив қоғамда да үлкен рөл атқарады: орталықтар вакциналау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және тамақтану мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру үшін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу пункті ретінде қызмет етеді. Жұмыстан қол үзбей үздіксіз кәсіби дайындықтан өткен бальсевиктер сонымен қатар балаларды дамытудың кешенді бағдарламасы (ICDS) аясында жұмыс істейтін мемлекеттік бала күтімі жеткізушілерін оқытады және экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдер үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды қолдайды.

Жұмыс берушінің қолдауымен балаларға күтім жасау

Қызметкерлер үшін балабақшаларға инвестиция салу бизнес үшін пайдалы деген түсінік артып келеді, бұл жұмыссыздықтың төмендеуіне, кадр тұрақсыздығының азаюына және еңбек өнімділігінің артуына әкеледі (Hein and Cassirer, 2010). Жұмыс беруші төлейтін бала күтіміне  бала күтімі бойынша демалыс пен жас балалары бар қызметкерлерге берілетін жәрдемақы кіреді. Ол жұмысшыларға балаларға күтім жасаудың нақты шешімдерін ұсынады, аналарға баланы емізуді жалғастыруға мүмкіндік береді және жұмыс кезінде балаларына қауіпсіз және қамқор жағдай жасайды. Жұмыс берушілер қолдайтын бала күтімі орталықтары плантацияларда немесе зауыттарда ресми сектор фирмалары жалдаған тұрақты жұмыс істейтін бейресми жұмысшыларды қамтуы мүмкін (Hein and Cassirer, 2010; UNICEF, 2019B). Алайда, бала күтімінің бұл түрін тәуелді мердігерлер, жеке қызмет көрсететін адамдар және отбасы мүшелері ретінде жұмыс істейтін бейресми экономиканың басқа жұмысшыларына тарату қиын (ILO, 2018B).

Құрылыс алаңдарында балаларды күтуге арналған мобильді бөбекжайлар моделі – экономиканың бейресми секторындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлердің бала күтімі шығындарына құрылыс компанияларының үлес қосуындағы маңызды мысал. Көпшілігі мигранттар болып келетін бұл құрылысшылар тәуелді мердігерлер болып келеді.

Мобильді бөбекжайлар – құрылыс фирмаларымен және жылжымайтын мүлік саласындағы жоба ұйымдастырушылармен, басқа ҮЕҰ жеткізушілермен және Үкіметпен бірлесіп, құрылысшылардың балаларына күтім жасау қызметтерін ашып, басқару үшін жұмыс істейтін ҮЕҰ.

Мобильді бөбекжайлар жүргізген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде Үндістанүкіметі 1996 жылы құрылысшылар мен басқа да құрылыстағы жұмысшылары туралы Заң қабылдады. Бұл заң «cess» жинауды қарастырады. Ол – жұмысшылар мен олардың балаларына арналған арнайы бастамаларды қаржыландыру үшін берілетін жоба айналымының бір-екі пайызын құрайды (Bajaj and Sharma, 2016). Бұл дегеніміз, стандарттеңбек қатынастарынан тыс болса да, құрылыс компаниялары жұмысшыларға балалар мекемелерін ұсынуға заң бойынша түрде міндетті дегенді білдіреді. Мобильді бөбекжайлар құрылыс компанияларымен бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілерді оқыту үшін бірлесіп жұмыс істейді. Егер компания өзінің жеке бөбекжайларын құрғысы келсе немесе кейбір жабдықтау компоненттерін мобильді бөбекжайлар мен басқа ҮЕҰ-ға аутсорсингке беру үшін қолдаса – қаржыландыру, инфрақұрылым және басқаруды бақылауды да қамтамасыз етеді.

Мобильді бөбекжайлар бала күтімі бойынша қызметтерді өздері ұсына алады немесе құрылыстағы жұмысшылардың балаларын қарауы үшін басқа ҮЕҰ қызметкерлерін оқытады және қолдайды. Бұл мысал жұмыс беруші бейресми экономика аясында көзге түскен жағдайда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер мен олардың балаларына бала күтімі бойынша қызмет көрсету бойынша заңды міндеттемелер қабылдануы мүмкін екенін көрсетеді. Мемлекет жұмыс берушілердің үлесі (бизнес айналымының бөлігі ретінде) табысы аз отбасылар үшін бала күтімін қамтамасыз етуде қаржыландырушы рөл атқаратынын реттеуде және қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бейресми экономиканың қызметкерлері ресми экономикадан бөлініп қана қоймай, бір-бірімен тығыз байланысады және ресми сектордағы компаниялардың пайдасына үлес қосады (Chen, 2012).

Читать также ...
Ауылдағы медицина: аймақтық бағдарламалар неліктен керек?

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, заңға сәйкес 189 елдің 26-сы жұмыс берушілерден қызметкерлерге бала күтімі бойынша қызмет көрсетуді немесе қолдауды талап етеді (Дүниежүзілік банк, 2019). Жұмыс берушінің қолдауымен бала күтімі ерікті еңбек саясатының немесе мемлекеттік реттеудің нәтижесі, ұжымдық келіссөздердің нәтижесі де болуы мүмкін. Бұл жағынан Кениядағы кофе экспорттайтын SOCFINAF компаниясы жақсы мысал бола алады. Кения плантациялар одағы, ауылшаруашылық жұмысшылар одағы (KPAWU) және SOCFINAF арасындағы ұжымдық келісімге сәйкес, компания плантацияның тұрақты жұмысшылары мен қауымдастық мүшелеріне балалар орталығы мен мұғалімдер ұсынады (Hein and Cassirer, 2010). Бала күтімін жасайтын қызметкерлер кәсіподаққа кіріп, Ұжымдық шарттың артықшылықтарын пайдалана алады. Олардың айлық жалақысы плантация жұмысшыларының жалақысына тең және ECD секторында (балалардың ерте дамуы) жалақының төмен шегінде және 71 АҚШ доллары (сол жерде). Олар медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры, жұмыстан шығу жәрдемақысы, жүктілікке және босануға байланысты демалыстар мен бала емізуге арналған үзілістер, тұрғын үй жәрдемақысы, көлік және жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде жалақысына жәрдемақы алады.

Кофе жинаушы әйелдердің өнімділігі жоғары, өйткені олар жұмыс кезінде бала арқалап жүрмейді. Нәтижесінде әйелдер де ерлер сияқты көрсеткіштерге қол жеткізеді.Балаларға күтім жасау қоғамдастықтағы әйелдерге де қолжетімді, бұл оларға басқа жұмысқа орналасуға немесе плантацияларда маусымдық жұмысшылар ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тұрақты жұмысшыларға басымдық беріліп, бала күтіміне орын шектеулі болғандықтан, кофе жинау кезінде мыңдаған адам келетін маусымдық мигранттардың көпшілігі бала күтімі бойынша қызметтерді пайдаланбайды. Бұл олардың да бала күтіміне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек мигранттарының мүджесін қалай қорғауға болады және оларды тұрақты жұмысшылармен қатар ұжымдық шарттармен қамту мәселесі көптеген мәселе туғызады. Үндістандағы құрылыс мигранттары сияқты, олар тәуелді мердігерлер болып келеді, статусының төмендігі оларды және олардың балаларын одан әрі қауіп-қатерге душар етеді.

Бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметтер

Бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметтер бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдерге қолдау көрсете алады, өйткені олар бала күтімі бойынша қызметтерге балама ретінде қарастырылады. Мұнда қызмет ақысы (төмен болса да) кедергі келтіруі мүмкін. Жаһандық Оңтүстік елдерінің үкіметтері бала күтімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің әртүрлі формасын қалыптастырып, кеңейтеді. Мысалы, Үндістанда ICDS 1974 жылы құрылды және әлемдегі ең ірі (балаларды ерте дамыту) мемлекеттік бағдарламасы ECD болып саналады. Латын Америкасында, мысалы, Чили, Эквадор, Перу және Уругвайда бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметтерді құруға күш салынуда.

Эквадор 2006 жылы 0-5 жас аралығындағы балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру, оның ішінде бала күтімі мен мектепке дейінгі білім беруді әмбебаптандыру туралы міндеттеме қабылдағаннан кейін бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметтерді кеңейтуде үлкен жетістіктерге жетуде. Үкімет мектепке дейінгі білім беруге арналған шығындарды 2008 жылғы ЖІӨ-нің 0,28%-ынан 2014 жылы ЖІӨ-нің 0,64%-ына дейін ұлғайтты (Early Childhood Workforce Initiative, 2019). Бұл он жыл ішінде қызметтерді тұтынудың алты есе өсуіне әкелді (Araujo, López-Boo and Puyana, et al.,). Аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-3 жастағы балаларды күту бойынша қызметтердің жылдам кеңеюі мемлекеттік қызметтерді ұсынумен қатар, ҮЕҰ немесе қауымдастықтарға да байланысты болып келеді.

Бұрын Centros Infantiles del Buen Vivir болған Centros de Desarrollo Infantil (балаларды дамыту орталықтары) бағдарламасын Экономикалық және әлеуметтік интеграция министрлігі (MIES) жергілікті билік органдарымен бірлесіп үйлестіреді.  Балаларға арналған орталықтардың көпшілігі операциялық шығындарды өтеу үшін мемлекеттік ресурстарға ие жергілікті билік органдарымен, ҮЕҰ, қауымдастық топтарымен және шіркеулермен үшінші тарап келісімдері негізінде басқарылады (Araujo et al., 2015).Кейбір орталықтар егер ата-аналар қосымша іс-шаралар өткізгісі келсе немесе қосымша инфрақұрылым ұйымдастырғысы келсе олардан қосымша ақы алуы да мүмкін.Орталықтар толық және толық емес жұмыс күніне, сондай-ақ жұмыс істейтін ата-аналар мен қамқоршыларға қызмет көрсету мақсатында қосымша уақытта қызметтер ұсынады.

Ұлттық бағдарламаны бағалау тиісті инфрақұрылым мен оқу материалдарының болмауы, қызметкерлер мен балалар арасындағы қарым-қатынастың төмендігі және бала күтуші қызметкерлердің баланы ерте дамыту үшін керек білімі туралы білімінің болмауынан туындайтын сападағы олқылықтарды көрсетеді (сол жерде). 2013 жылы қызметкерлер мен бала санының ара-қатынасының төмендігі мәселесін шешу үшін тағы 3000 бала күтуші жалданды.

Жұмыс күшін кәсібилендіру жөніндегі әрекеттердің аясында балалар орталықтарының үйлестірушілерінің мектепке дейінгі білім беру саласында арнайы орта білімі болуы керек және ECD қызметін басқаруда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт (Early Childhood Workforce Initiative, 2019). Үйлестірушілер білім беру және күтім саласындағы қызметке, сондай-ақ орталықтарды ұйымдастыру және басқаруға жауап береді. Үйлестіруші әрқайсы он балаға дейін жауапты болатын бірнеше күтімшінің көмекшілерін бақылайды.  2017 жылға қарай Үкімет күтімшілерге 10 000 жаңа көмекші жалдауға ниетті (сол жерде). Көмекшілер де арнайы орта білімге ие болады деп күтілсе де, олардың көпшілігінде тек орта білім ғана бар. Сондықтан Үкімет өндірістен қол үзбей оқыту жүйесін енгізді, бұл күтушілердің көмекшілеріне жұмыстан қол үзбей техникалық орта білім алуға мүмкіндік береді. Үйлестірушілер де, күтім ісі бойынша көмекшілер де өзіндік анализ бен мен өзара оқытуды ынталандыру үшін оқу үйірмелерінде үздіксіз білім алудың пайдасын көреді.

Біліктілік пен кәсіби дайындық саласындағы бұл жаңа бастамалар статусты көтереді. Ол статус бұған дейін ерікті болып саналған және шағын стипендия алып келген бала күтушілерге бұрындары берілген болатын (Staab, 2018). 2015 жылы үйлестірушілердің жалақысы айына орта есеппен 534 доллар, ал күтушінің көмекшілерінің жалақысы айына 434 доллар деңгейінде белгіленді. Қазіргі уақытта бала күтімі жөніндегі қызметкерлер кем дегенде ең төменгі жалақы алады және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамтылған.

Сапаны арттырады деп саналатын қосымша реформалардың қатарына: балалар орталықтарында 0-3 жас аралығындағы балаларға ерекше назар аудару және қолданыстағы балалар орталықтарына тұрақты түрде MIES тексерулерін жүргізу жатады.

Егер балабақшалар сапа стандарттарына сәйкес келмесе, олар енді операциялық шығындарды жабу үшін мемлекеттен қаржы ала алмайды.

Егер жұмысын стандарттарға сай жақсарта алмаса, олардың көпшілігі осы тексерулердің нәтижесінде жабылуға мәжбүр болады (Araujo et al., 2015). Сонымен қатар, MIES ресурстарды пайдалану қарқынын азайту және 0-3 жастағы балаларға көбірек қаражат салу үшін бастапқыда балалар орталықтарына орналастырылған 4-5 жастағы балалардың жауапкершілігін Білім министрлігіне жүктеді.

 

3. Бейресми экономика қызметкерлері үшін бала күтімі қызметтерін кеңейтуге арналған саясат сабақтары

Осы бөлімде келтірілген «Типология және тиісті қысқаша зерттеулер» үкімет, жұмысшы мен жұмыс берушілер ұйымдары мен азаматтық қоғамның басқа субъектілері бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдер мен ер адамдарға немесе уақытша, ішінара немесе тәуелді өзін-өзі жұмыспен қамту сияқты жұмыс қатынастарына қатысты сапалы бала күтімі қызметімен қамтуды кеңейту үшін қабылдауы мүмкін олқылықтар мен ықтимал стратегияларды көрсетеді. Қазіргі уақытта көптеген үкіметте балаларды ерте дамытудың ұлттық стратегиялары бар болғанымен, оларды маңызды іс-шаралар мен сапалы күтім жұмыстарына енгізу үшін ол стратегияларды қаржыландыру және жүзеге асыру үшін әлі де көп күш қажет (Neuman and Deverecelli, 2012; ХЕҰ, 2018а).

Қызметкерлердің өз пікірін айту құқы

Баланың құқықтары мен денсаулығы, тамақтану, ерте бастан баланы дамыту, әдетте, әйелдердің лайықты жұмысқа деген құқығын және сапалы күтімді қамтамасыз ету арқылы үлес қосуға болатын тең мүмкіндіктер мен өзіне деген қарым-қанытастарға көлеңке түсіреді (Staab, 2018; ILO, 2018a). Әйелдердің бала күтімі бойынша қызмет пайдаланушы да, бала күтімі бойынша қызметтерді жеткізуші ретінде де өз пікірін білдіру құқы балаларды ерте бастан дамыту саясатын талқылау және әзірлеу кезінде маргиналданады. Дегенмен, формалды және формалды емес экономикада да әртүрлі сала қызметкерлері бала күтімі бойынша сапалы қызметтерге қатысты нақты талаптар мен не күтенінін ашық айтады (Alfers, 2016; UNICEF, 2016). Зерттеулер көрсеткендей, табысы төмен әйелдер егер бар болса және қымбат емес, қолжетімді болса және егер олар бала күтімімен айналысатындар мен ұсынылатын күтімнің сапасына сенсе бала күтімі қызметтерімен айналысады. Сенімді нығайтудың және сапаны арттырудың кілті – ата-аналар мен қамқоршылардың балалар орталықтарын басқаруға, мысалы, SEWA бала күтімі кооперативіне қатысу дәрежесі. Аккрадағы жүкшілер, көше және базар саудагерлері де жекеменшік және мемлекеттік балалар орталықтары қалай басқарылатынын білу құқына ие болғысы келетінін алға тартуда (Boateng-Pobee, 2018).

Бала күтімі бойынша қызмет көрсету моделіне байланысты бұл ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы, жергілікті немесе ұлттық мемлекеттік құрылымдардағы ресми өкілдік, әлеуметтік қорғау мекемелері немесе бала күтімі кооперативіндегі тең серіктес ретінде мүшелік арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бейресми экономикадағы жұмыс істейтін әйелдердің басым дауысы қызметтердің жұмысшы ретінде де, жас балалардың негізгі қамқоршылары ретінде де күрделі қажеттіліктеріне жауап беруін қамтамасыз етеді және олар «кедей» ретінде біржақты көзқараспен ұсынылмайды (Alfers and Moussie, 2019).

ХЕҰ-ның 2015 жылғы бейресми экономикадан ресми экономикаға көшу туралы ұсынысы (№204) жұмыс істейтін әйелдер ресми экономикада қауіпсіз жұмыс іздей алатындай етіп бала күтімі және басқа да күтім қызметтерін ұсынуға және қол жеткізуге шақырады (21-тармақ).

Бұл нәтижеге жетудің кілті – бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілер қатарындағы бейресми экономиканың әйел қызметкерлері үшін формалану жолдарының болуын қамтамасыз ету. Бала күтімі бойынша қызметтердің болмауы әйелдердің лайықты жұмысқа қол жеткізуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл ретте бала күтімі секторы жеткілікті мемлекеттік инвестициясыз әйелдер үшін аз жалақы төленетін және осал бейресми жұмыс көзі болуы мүмкін.

Мемлекеттің жауапкершілігі және мемлекеттік қаржыландыру

Ресми экономика қызметкерлерінің балаларына күтім жасау жөніндегі қызметтерді кеңейтудің негізгі факторы – жалпыға бірдей қамту ұғымы болмақ. Бала күтімі бойынша сапалы қызметтерді осы қызметке мұқтаж барлық адам ала алуы керек, кейбір әйелдер мен ер адамдар бала күтімінің балама әдістерін таңдайтынын мойындайды. Мысалы, баланы үйде ұстау немесе отбасының сенімді мүшесінің біріне тапсыру. Мемлекет бала күтімі саласындағы саясат пен көрсетілетін қызметтердің әмбебап болуын және ер мен әйел, балалар үшін миға қонымды әрі әділ артықшылықтармен қамтамасыз етудегі жауапкершілікті мойнына алады. Мемлекет бала күтімі бойынша жеке және коммерциялық емес қызметтерді, бала күтімі бойынша қаржыландыру мен қызмет көрсетуді, сондай-ақ бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс берушінің рөлін тиімді реттеу арқылы қызметтердің сапасын анықтауда көп өлшемді және қосымша рөл атқара алады (ILO, 2018a). Сондай-ақ, Мемлекет бала күтіміне арналған нашар даярланып, жүзеге асырылатын, теңсіздікті күшейтетін саясаттың алдын ала алады.

Бала күтіміне арналған сапалы қызмет құру және басқару қымбатқа түседі, ал табысы аз жұмысшылардың бұл шығындарды қалтасы көтермейді. Бұны типология және тақырыптық зерттеулер көрсетті. Қоғамдық қолдау әртүрлі формада көрінуі мүмкін: Эквадордағыдай тікелей қолдау; SEWA балалар кооперативі ұсынатын субсидиялар; немесе мексикалықтардың үйдегі бала күтімі бойынша қызметтері сияқты. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 189 елдің 35 пайызы жеке балалар орталықтарына мемлекеттік жәрдемақы береді. Алайда, бала күтімі бойынша жеке қызметтерді реттеу әлсіз болып қалуда. 100 елдің шолуы көрсеткендей, олардың тек 25-інде бала күтімі бойынша қызметтердің шекті бағаларын реттеу бар, 46-ында қызметкерлер мен балалар арасындағы міндетті қарым-қатынас сақталады, ал жартысынан көбінде Үкімет алдында есеп беру тетіктері және реттелетін жұмыс сағаттары бар (Дүниежүзілік банк, 2019). [4]

Мемлекеттік қаржыландыру шектеулі болған кезде, қызметкерлер мен балалар арасындағы ара-қатынастың бұзылуы, жалақының төмендігі және бала күтіміне жауапты жұмысшылардың табысы және кәсіби дайындықтың болмауы сапасына әсер етеді. Бала күтімі бойынша қызметтердің сапасы көбінесе бала күтімі бойынша қызметкермен өзара қарым-қатынастың деңгейі мен сипатына байланысты болғандықтан, тәрбиешілерге инвестиция салу өте маңызды (Araujo et al., 2015).Қызметкерлерге салынатын инвестицияның жеткіліксіздігін негізінен ақы төленбейтін ерікті-әйелдер басқаратын қоғамдық балалар орталықтарында балаларды ұстап қала алмау және балалар үшін нашар нәтижелерге әкелгенінен көруге болады (Neuman, McConnell and Kholowa, 2014). Индонезиядағыдай балама нұсқа шекті және теңсіз қамтуға әкелуі мүмкін. Одан барып балаларға күтім жасаудың нақты әдістері болмай шығады. Мемлекеттік инвестициялар инфрақұрылымдық және жоспарлы нормалар формасында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қала аудандарындағы балалар орталығын ұстауға кететін ең негізгі шығынның бірі – қызметкерлердің жалақысы мен жалдау ақысы. Халық тығыз орналасқан қала аудандар мен бейресми елді мекендер қаланың жоспары бойынша балабақшалар үшін орын бөлуді қиындатады. Муниципалитеттер бейресми жұмыс орындарына, соның ішінде базарлар сияқты қоғамдық орындарға немесе кедей аудандар мен бейресми елді мекендерге жақын орналасқан балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алады.

Гендерлік факторларды ескере отырып, балаларға әмбебап күтімді қаржыландыру өте тиімді, пайдасы да айтарлықтай. Бағдарламалар үкіметтер үшін мақсатты түрде арзан болуы мүмкін, жоғары және орта табысты елдердің деректеріне сүйенсек, ақысыз әмбебап қызметтер экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдер мен олардың балалары сияқты осал топтарды қамтуы мүмкін екенін көрсетеді (Stewart, Gambaro and Rutter, 2015). ХЕҰ 2030 жылға қарай білім беру, гендерлік теңдік және лайықты жұмыс саласында орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін күтімді қамтамасыз етуде жоғары көрсеткіштерді белгіледі. ХЕҰ-ның бағалауы бойынша, 0-2 жас аралығындағы балаларды күту және 3-5 жас аралығындағы балаларға мектепке дейінгі білім беруді қоса алғанда, жас балаларды дамыту секторында 36 миллион жұмыс орны қажет (ILO, 2018a). Бұл балаларды күту орталықтарымен 50 пайыз қамтуды және балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды көздейді.

Читать также ...
Жұмыссыздық: кімді және қалай есептейді?

Жол сценарийінде қызметкерлер мен балалардың ара-қатынасы бала күтімі орталықтарында 1:10 және мектепке дейінгі мекемелерде 1:15 деңгейінде белгіленеді.

Табысы төмен және орта деңгейдегі елдерде бала күтіміне жауапты қызметкерлердің және мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің жалақысы халықтың жан басына шаққанда 4,5 ЖІӨ мәні деңгейінде белгіленген. Табысы жоғары елдерде жалақы әр елде орта және жоғары арнаулы білімі бар қызметкерлердің орташа жалақысы деңгейінде белгіленеді. Саладағы инвестициялардың қазіргі деңгейінде 2030 жылға қарай 15,6 млн жұмыс орны құрылады. Осылайша, «тікелей жол» сценарийін жүзеге асыру осы секторда лайықты жұмыс істеу үшін 20,4 миллион жаңа мүмкіндік тудырады.ХЕҰ бағалауы бойынша, бұған 1,07 триллион доллар кетеді. Оңтүстік Африкада, Түркияда және Уругвайда ұлттық деңгейде жүргізілген қаржылық бағалау нәтижесі балаларға сапалы мемлекеттік қолдауды арттыру шығындарының бір бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру жарналары мен салық түсімдерінің ұлғаюымен өтелуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл –лайықты жұмыс үшін жаңа мүмкіндіктер ашады (de Henau et al., 2019).

Бала күтімі әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде

Жұмыс істейтін ата-аналар мен кіші жастағы балалар үшін бала күтімі бойынша сапалы қызметтерден түсетін пайда ұлғаяды, егер олар ананы қорғауды, медициналық қызмет көрсетуді және балаларға арналған жәрдемақыны қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру мен еңбекті қорғау шараларының кешенді жиынтығының бөлігі болса ұлғаяды (ХЕҰ, 2018A; БҰҰ-әйелдер, 2019; ЮНИСЕФ, 2019a). Мексикада PEI қаржыландыруын (жұмыс істейтін аналарға және/немесе жалғызбасты ата-аналарға қолдау көрсету үшін балаларды орналастыру орталықтары) азайту және осы қызметті ақшалай жәрдемақымен алмастыру экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдер үшін бағдарламаның оң артықшылықтарына қауіп төндіруі мүмкін, өйткені олар қызметке де, ақшалай жәрдемақыға да мұқтаж. Жаһандық ауқымда жарналар мен жарнасыз жәрдемақылар негізінде берілген жәрдемақылар есебінен ана болуды қорғауды қамтамасыз ету – 2015 жылы жаңа туған балалары бар аналардың 41,1%-ын ғана қамтыды (ILO, 2017).

Бұл аймақтық айырмашылықты айтарлықтай жасырады: қамту деңгейі Еуропа мен Орталық Азияда 80%-ға, Азия-Тынық мұхиты аймағында 33%-ға, Африкада 16%-ға жетеді (сол жерде).

Табысы төмен және орташа елдер сынақтан өткізген қамтуды кеңейту стратегиялары бейресми экономика қызметкерлерінің жарна жасау қабілетін ескеретін әлеуметтік сақтандырудың неғұрлым инклюзив жүйелерін құруды қамтиды. Мысалы, Моңғолияда үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, малшылар және бейресми экономикадағы жұмысшылар ерікті түрде қосыла алатын ресми экономикадағы жалдамалы жұмысшыларға арналған әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы ананы сақтандырудың әмбебап жүйесіне ұмтылады. Мұнымен қатар, «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі» аясындағы жүктілік және босануда берілетін ақшалай жәрдемақылар жүкті әйелдер мен сәбилердің аналарына олардың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, еңбек мәртебесіне немесе азаматтығына жарналарына қарамастан беріледі (ILO, Social Protection Department, 2016). Балалар жәрдемақысына келетін болсақ, саясатта шартты, жеңілдікті немесе әмбебап балалар жәрдемақысын кеңейтуге көп көңіл бөлінгеніне қарамастан, бейресми жұмыспен қамтудың ең жоғары көрсеткіштері бар өңірлерде қамту  деңгейі төмен болып қалуда.

Дүниежүзіндегі балалардың үштен екісі – 1,3 миллиард бала. Олардың көпшілігі Африка мен Азияда тұрады. Әлеуметтік қорғаудың кез келген түрімен қамтылмаған (ILO, 2017).

Ресімдеу жолдары

Мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері үшін лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі ХЕҰ-ның саяси нұсқаулары (2014 жыл) балалар орталықтарының әртүрлі қызметкеріне жалдау, кәсіби даярлау, сыйақы және әлеуметтік қорғаудың ең төменгі стандарттары мен қағидаттарын белгілейді. Нұсқаулық балаларды ерте дамыту секторының барлық қызметкеріне, соның ішінде бала күтімі бойынша қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын ұсынудың оң әсерін көрсетеді. Байлар мен кедейлер арасында айтарлықтай айырмашылықтары бар табысы төмен және орташа елдердің көпшілігінде бала күтімі бойынша қызмет көрсетуде болатын бытыраңқылықты ескере отырып, ресімдеу жолдары әртүрлі болады. Бала күтімі типологиясы (1-кестеде келтірілген) кез келген елде бала күтімі модельдерінің осы барлық түрінің жиынтығы болуы мүмкін екенін жасырып қалады. ХЕҰ нұсқаулықтарын қайта қарау үкіметтердің бейресми секторда жұмыс істейтін көптеген әйелдің бала күтімі бойынша жұмыс жағдайларын жақсарту үшін жасайтын қадамдарын көрсетуі мүмкін. Бала күтімі қызметтерінің типологиясы бала күтуші қызметкерлердің жұмысқа орналасуы мен жұмыс орнының статусына орай бағаланатын осал тұсы мемлекеттің осы саланы қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты екеніне қатысты. Мемлекеттік қаржылық қолдаусыз, табысы төмен аудандарда немесе бейресми елді мекендерде өз үйінде бала қарап беретін өзін-өзі жұмыспен қамтыған бейресми қызметкерлер, ақы төленбейтін ерікті қызметкерлер немесе ақы төленбейтін отбасы мүшелерінде тұрақты кіріс, еңбек пен денсаулықты қорғау, сондай-ақ балалардың әл-ауқаты үшін жауапкершілікке қатысты тәуекелдер көбірек болады. Үй қызметшілері типологияға енбегенімен, бейресми экономика қызметкерлерінің көпшілігі үй қызметшілерін жалдай алмайтындықтан, осы санаттағы көптеген адам бейресми экономикада жұмыс істейтін және бала күтімі бойынша қызмет көрсететін әйелдер болып шығады және оларды бала күтімі бойынша қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын ресімдеу туралы кез келген талқылау кезінде ескеру қажет (1-тармақты қараңыз).

Бала күтімі бойынша көптеген жұмысшы, соның ішінде үй қызметшілері ұлттық еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы болып таныла алмайды; және бұл жұмысшылар да әлеуметтік жағынан қамсыздандырылып, еңбекте қорғалуы керек. Сонымен қатар, үйде күтім жасайтын адамдардың қызметі, егер олар тіркелмеген болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін және бала күтімі бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған үкіметтің қатысуынсыз дереу тоқтатылуы мүмкін. БҰҰ бақылайтын бала күтімі орталықтары сапа стандарттары мен бала күтімі қызметі ретінде тіркелу және мемлекеттік субсидиялар алу ережелерін сақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін. БҰҰ бақылайтын бала күтімі орталықтары сапа стандарттары мен бала күтімі қызметі ретінде тіркелу және мемлекеттік субсидиялар алу ережелерін сақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Мысалы, Оңтүстік Африкада балаларды ерте бастан дамыту ұйымдары тіркеуді жеңілдетуге, балаларды ерте дамытудың әртүрлі шарттары мен тиісті тіркеу талаптарын анықтауға және тіркеудің негізгі минималды стандарттарына назар аударуға үкіметке үндеу жасайды (SmartStart, 2019). Тіркеуге қойылатын қазіргі талаптар бейресми елді мекендер мен кедей аудандардағы көптеген тіркелмеген бала күтімі қызметтерін олардың қызметін жақсартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік субсидия алуға үміткерлердің қатарынан алып тастайды. Бұл аз қамтылған отбасылардағы балаларға, ата-аналар мен қамқоршыларға кесірін тигізеді.

Мемлекет субсидиялаған бала күтімі қызметтері бала күтетін жұмысшыларға лайықты жұмыс ұсыну қабілетімен ерекшеленеді, бұл Мексикадағы үйде бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілер мен SEWA-дағы бала күтімі кооперативінің мысалдарынан көрінеді. SEWA Sangini балалар кооперативіндегі бала күтушілер SEWA-ның басқа кооперативтері ішінара қаржыландыратын үздіксіз дайындықтан өтеді және SEWA оқу институтының қызметтерін пайдаланады.  Алайда, бейресми жұмысшылардың құқын қорғайтын бірнеше ұйымда ғана өз мүшелеріне бала күтімі бойынша қызметкерлерге осындай дайындық пен жалақы ұсынуға мүмкіндік беру үшін бала күтімі орталықтарын басқаруға қаржылық және әкімшілік жауапкершілік алуға берілген мүмкіндік бар (Alfers and Moussie, 2019). SEWA сияқты үлкен кәсіподақ үшін де бала күтімі бойынша қызметкерлерді мемлекеттік субсидиясыз оқыту қиын. OneSky for all children сияқты ҮЕҰ-лар Вьетнамның өнеркәсіптік аймақтарындағы зауыттың мигрант жұмысшыларына арналған тіркелмеген және мемлекеттік балабақша қызметкерлерін бала күтімі бойынша оқытады (OneSky for all children, 2019). Егер білім беру мекемелері басқарылып, Үкімет белгілеген «Кәсіптік оқыту және біліктілік стандарттарына» сәйкес келген жағдайда – бейресми экономикада бала күтетін қызметкерлерді жаңа кәсіпке үйретіп, біліктілік ұсына алады. Алайда, неғұрлым жүйелі және кең түрде ұлттық қамту үшін үкіметтер бала күтімі бойынша мемлекеттік субсидияларды көбейту жөнінде мәселе қарастырып, үйде немесе орталық бала күтімі қызметтерінде бала қарайтын жұмысшыларға заңды жолдар ұсыну үшін әлеуметтік қорғау аясын кеңейтуді қарастыруы мүмкін. Мысалы Эквадордағыдай: кәсібилендіру және рәсімдеу жұмысқа орналасуға, алдын ала дайындыққа және өндірістен қол үзбей оқытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялардың арқасында мүмкін болады.

Ұжымдық келіссөздер және азаматтық қоғам одақтары

Бала күтімі бойынша қызмет көрсететін жұмысшылар ұйымдары, кооперативтер, ҮЕҰ, жеке коммерциялық компаниялар және қоғамдық топтар формализация жолдарын құру үшін мемлекеттік инвестицияларды көбейтуді насихаттауда маңызды рөл атқара алады.Үндістанда, мысалы, ICDS басқаратын анганвади – бала күтімі бойынша қызметкерлер ерікті болып саналады және ең төменгі жалақыдан төмен жалақы алады, көптеген үнді штатында ешқандай әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланбайды.

Бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілердің жекелеген және нақты  анықталған тобы ретінде олар Үндістан үкіметінен жақсы әлеуметтік қорғауды және еңбекті қорғауды талап ету үшін кәсіподақтарға қосыла алады және солай істеуі де керек.

Үйде бала қараушылар мен үй қызметкерлері өзінің жекеменшік үйінде немесе жұмыс берушінің оқшауланған жұмыс ортасына байланысты ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу проблемасына тап болады. Ол проблемалар да әрқалай болуы мүмкін. Бала күтімі бойынша қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдерге тіпті егер олар бала күтімі бойынша мемлекеттік субсидия алса да бала күтімі бойынша қызмет көрсетудің әртүрлі моделі бойынша бөліну, кәсіподақтар ұйымдастыру және бірігу әлдеқайда қиын. Олар ресми кәсіподақтарға сирек жағдайда ғана мүше болады.

Америка Құрама Штаттарындағы Калифорнияны оң үлгі ретінде мысалға алуға болады. Онда үйде бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілер ерте жастан жақсы күтім және білім беру жүйесін құру туралы заңның арқасында өмір сүру, жәрдемақы және тұрақты оқып-білім алу туралы келіссөздер жүргізу құқына ие (Калифорния, 2019).AFLCIO құрамына кіретін Американың «Мемлекеттік, округтік және муниципалды қызметкерлер федерациясының» (AFSCME) мәліметтері бойынша, Калифорнияда 40 000 үй қызметшісі бар; олардың көпшілігі ақ нәсілдіге жатпайтын тұрғындар мен иммигранттар, ал кейбіреулері сағатына 5 тек доллар ғана табады (AFSCME, 2019).Үйдегі бала күтімі орталықтандырылған бала күтіміне қарағанда жұмыс уақытына байланысты ыңғайлылықты қамтамасыз ете алады. Бұл әдісте тұрақсыз немесе жұмыс күні ұзаққа созылатын, әлеуметтік жағдайы төмен жұмысшыларға артықшылық беріледі. Заң жобасы бала күтімі бойынша қызметкерлерге қызмет көрсету сапасын жақсартумен қатар, олардың еңбек құқықтарын шешу үшін мемлекетпен келіссөздер жүргізуге құқық береді.

Заң жобасының өзі АҚШ федералдық дискриминация заңына қарсы шығып тұр. Бұл заң бойынша үйде бала күтімі бойынша қызмет көрсетушілерге ұйымдасып, кәсіподаққа кіруге тыйым салынған.

Калифорниядағы үйде балаға күтім жасайтын жұмысшыларды мысалға алу барысында келіссөздердің басты серіктесі жеке жұмыс берушілер емес, мемлекет екенін көреміз.Бұл үйде бала күтімі бойынша көрсетілетін жалпы қызметтерді жүйелі түрде жақсартуға әкелуі мүмкін.

Бала күтімі бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және еңбек құқықтарын жақсартуға тағы бір қосымша тәсіл – әйелдер мен балалардың құқық қорғау ұйымдарымен қатар еңбекшілердің басын қосуды қамтитын азаматтық қоғамның кең альянстарын құру болмақ. Үндістанда бөбекжайлар мен бала күтімі бойынша Форум бала күтімі бойынша мемлекеттік қызметтерге инвестицияларды ұлғайтуға шақыратын ұлттық науқандар өткізіп отырады. Ол бейресми жұмысшы-әйелдер мен олардың балаларын, сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік мекемелердегі бала күтімі бойынша қызметкерлер үшін лайықты еңбек жағдайларын талап ететін жұмышыларды қамтуы мүмкін (Moussie, 2017).

Азаматтық қоғамның көптеген альянсы жалпыға бірдей денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік қызметтерді бейресми экономика қызметкерлеріне насихаттауда өздерінің тиімді екенін дәлелдеді (Alfers and Moussie, 2019). Бұл одақтардағы ең басты мақсат – бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдерді одан әрі қарай әрі әлеуметтік қызметтерді пайдаланушы, әрі бала күтімі қызметкерлері ретінде назарда ұстау.Сонымен қатар, ресми және бейресми экономикада жұмыс істейтін әйелдер арасында одақтар қажет. Өйткені олардың көпшілігі бала күтіміне қол жеткізерде және өздерінің еңбек ұйымдары аясындағы қажеттіліктеріне қатысты қолдау алуда осындай проблемаларға тап болады. Бала күтімі әлі күнге дейін әйелдердің ғана мәселесі болып саналады және аралас мүшелер жұмыс істейтін ұйымдарда басымдық алуы екіталай (Carré, Horn and Bonner, 2018; Sankaran and Madhav, 2011). Бейресми және ресми жұмысшылар арасындағы жалпы платформалар ресми экономикаға қатысу көптеген ерлер мен әйелдер үшін бейресми экономикадағы бала күтушілердің (негізінен әйелдер) жалақысы төмен жұмысының арқасында мүмкін болатыны туралы хабардарлықты арттыруы мүмкін. Сондықтан азаматтық қоғамның ірі одақтары мен жұмыс істейтін әйелдер арасындағы ынтымақтастық жұмысшылар қозғалыстарын бала күтімі бойынша сапалы мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті еңбек құқықтарының, әлеуметтік әділеттілік пен гендерлік теңдіктің орталық элементі ретінде қарастыруға итермелеуі мүмкін.

4. Қорытынды

Бейресми жұмысшыларға арналған бала күтімі қызметтерінің типологиясын қарастырған кезде, бұл қысқаша сипаттамата статус-кво ұсынылады және жұмыс істейтін кедейлер мен олардың балалары үшін балаларды ерте бастан дамыту қызметтері туралы толтырылып жатқан әдебиеттер тізімін толтыру мақсат етіледі. Бұл – бейресми экономика қызметкерлерінің балаларына қамқорлық жасаудың шашыраңқы және кейде таңдаулы саналатын тәсіл. Мұнда ұсынылған саяси сабақтар озық тәжірибелерді мысал етеді және жұмыс істейтін ұйымдарға бала күтіміндегі қажеттіліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ сапалы бала күтімі қызметтерін жасайтын, қаржыландыратын және жүзеге асыратын директивалық органдарға басшылық бола алатын саясатты насихаттауға бағытталған.

Читать также ...
Уақытша жұмыс: дағдарыстан шығу ма, беймәлім болашақ па?

Өте аз болса да, қажетті инвестициялардың ауқымы мемлекеттер үш еселік дивиденд алу үшін қажет. Ол дивиденттер:

  1. бала күтіміне жауапты қызметкерлер үшін жұмысқа орналасудағы лайықты мүмкіндіктер;
  2. сәбилерді тамақтандыру, денсаулығын сақтау және білім беруді жақсарту;
  3. экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін әйелдер үшін табысқа үлкен кепілдік түрінде болып келеді.

Балаларға, жұмыс істейтін әйелдерге және бала күтімі бойынша қызметкерлерге пайдалы жағын ескеретін кешенді тәсіл қажет. Бала күтімі бойынша қызметтерді қажет ететін және оларды ұсынатын бейресми жұмысшылардың ресми өкілдігі бала күтімінің тұрақты, сапалы жүйесін құру үшін қажет.

 

Сілтемелер:

[1] Осы типологияға сәйкес үйде бала күту тәрбиешінің үйіндегі балалар тобына күтім жасау ретінде беріледі. OECD, 2016, 2018 қараңыз.

[2] ХЕҰ-ға сәйкес, «төленбеген» деген сөз – орындалған жұмыс немесе жұмыс уақыты үшін қолма-қол ақша немесе айырбас сыйақының болмауы деп түсіндіріледі; дегенмен, еріктілер жергілікті нарықтағы жалақының үштен бірінен төмен болатын аз мөлшерде қолдау немесе ақшалай стипендия ала алады (мысалы, күнделікті ұсақ-түйек шығындарын жабу немесе қызметке байланысты өмір сүру шығындарын жабу үшін)немесе айырбас (мысалы, тамақ, көлік, символдық сыйлықтар). (ILO, 2018c).

[3] 2010 жылы Мексика Үкіметінің жалпы алымға қосқан жарнасының орташа мөлшері 65 пайыз болды, ал қалған 35 пайызын ата-аналар салды (Staab and Gerhard, 2010).

[4] Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) «бала күтімі мәселелерін шешу» тақырыбындағы зерттеуі Дүниежүзілік банктің Әйелдер ісі, бизнес және құқық тобы (WBL) мен IFC Гендерлік Хатшылығы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі.Жақында жұмыс берушілердің қолдауымен бала күтімі бойынша пилоттық зерттеу жүргізіліп, 189 және 100 ел сапа және қауіпсіздік стандарттарын сақтау үшін зерттелді.Экономикалық деректер мен басқа ақпараттың толық тізімін Women, Business and the Law https:// wbl.worldbank.org/en/resources веб-сайтынан біліңіз.

Зерттеулер жайында

Аналитикалық шолулардың бұл сериясы Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен Бейресми жұмыспен қамтылған әйелдер: жаһандану және ұйымдасу (WIEGO) жаһандық желісімен ынтымақтастықтың нәтижесі. Гендерлік мәселелер, теңдік және алуандық бөлімінен МОТЕЙДС (GED) Лаура Аддати мен ХЕҰ жанындағы инклюзив еңбек нарықтары, еңбек қатынастары және еңбек жағдайлары секторынан (INWORK) Флоренс Боннет осы жұмысты үйлестірді.  Автор: Рейчел Мусье (WIEGO) мен ХЕҰ-ның Женевадағы және далалық бөлімдердегі көптеген әріптесі мазмұнды пікірлер мен түсініктемелер берді. Оларға алғыс айтамыз.

WIEGO ұйымы туралы

Бейресми жұмыспен қамтылған әйелдер: жаһандану және ұйымдасу –аз қамтылған жұмысшыларға, әсіресе бейресми экономикадағы әйелдерге өмір сүруге бағытталған ғаламдық желі. Біз барлық жұмысшының тең экономикалық мүмкіндіктері мен құқықтары болуы керек деп санаймыз. WIEGO бейресми жұмысшылар ұйымдарының әлеуетін арттыру, бейресми экономика туралы білім базасын кеңейту және жергілікті, ұлттық және халықаралық саясатқа әсер ету арқылы өзгерістер енгізуде. www.wiego.org сайтынан көріңіз.

 

5. Библиография

  • Alfers, L. 2016. Our children don’t get the attention they deserve: A synthesis of research findings from six member-based organizations of informal workers (Durban, Women in Informal Employment: Globalizing and Organizing (WIEGO)).
  • Arora, K. 2016. Case study: Child care centres for the children of informal economy workers in Ahmedabad (Ahmedabad, WIEGO).
  • Moussié, R. 2019. Social dialogue towards more inclusive social protection: Informal workers and the struggle for a new social contract, Paper presented at the ILO Regulating Decent Work Conference, 8-10 July 2019 (Geneva, ILO).
  • American Federation of State, County and Municipal Employees (AFSCME). 2019. In historic win, California family child care providers gain collective bargaining right (Washington, DC). Available at: https://www.afscme.org/now/in-historicwin-california-family-child-care-providers-gain-collective-bargaining-rights [20 Nov. 2019].
  • Ángeles, G.; Gadsden, P.; Galiani, S.; Gertler, P.; Herrera, A.; Kariger P.; Seira E. 2011. Evaluación de impacto del programa estancias infantiles para apoyar a madres trabajadoras (Buenos Aires, Centro de Investigaciòn en Evaluaciòn y Encuestas (CIEE)).
  • Araujo, M.; López-Boo, F.; Novella, R.; Schodt, S.; Tomé, R. 2015. The quality of Centros Infantiles del Buen Vivir in Ecuador (Washington, DC, Inter-American Development Bank).
  • Puyana, J.M. 2013. Overview of Early Childhood Development Services in Latin America and the Caribbean. (Washington, DC, Inter-American Development Bank).
  • Association for Stimulating Know-how (ASK). 2011. SEWA childcare: Impact assessment report for 2011 (New Delhi).
  • Bajaj, M.; Sharma, S. 2016. Scaling-up early childhood centres for migrant construction workers’ children in India: Early childhood matters (The Hague, Bernard van Leer Foundation). Available at: https://bernardvanleer.org/ecm-article/2016/ scaling-early-childhood-centres-migrant-construction-workers-children-india/ [27 Oct. 2019].
  • BAPPENAS (Government of Indonesia. Ministry of National Development Planning). 2013. Early childhood development strategy study in Indonesia (Jakarta).
  • International Labour Office. 2015. Community childcare: Training manual (Jakarta).
  • Boateng-Pobee, L. 2018. Accra childcare mapping. (Accra, WIEGO).
  • Budlender, D. 2011. Statistics on informal employment in Ghana, WIEGO Statistical Brief No. 6 (Cambridge, MA, WIEGO) Available at: https://www.wiego.org/publications/institutional-mapping-child-care-actors [27 Oct. 2019].
  • California, State of. 2019. Assembly Bill No. 378 Childcare: family childcare providers – bargaining representative (Sacramento).
  • Carré, F.; Horn, P.; Bonner C. 2018. Collective bargaining by informal workers in the Global South: Where and how it takes place, WIEGO Working Paper No. 38. (Durban, WIEGO).
  • Chen, M.A. 2012. The informal economy: Definitions, theories and policies, WIEGO Working Paper No. 1 (Cambridge, MA, WIEGO).
  • de Henau, J.; Budlender, D.; Filgueira, F.; Ilkkaracan, I.; Kim, K.; Mantero, R. 2019. Investing in free universal childcare in South Africa, Turkey and Uruguay, UN Women Discussion Paper Series, No. 28 (New York, UN Women). 5. BIBLIOGRAPHY 18
  • Early Childhood Workforce Initiative (ECWI). 2019. Ecuador: Professionalizing the workforce supporting infants and toddlers from birth to 3, Country Brief: March 2019. Available at: https://www.earlychildhoodworkforce.org/sites/default/ files/resources/Brief-Ecuador.pdf [27 Oct. 2019].
    Ghana, Republic of. 2004. Early childhood care and development policy (Accra).
  • Hasan, A.; Hyson, M.; Chang, M.C. (eds). 2013. Early childhood education and development in poor villages of Indonesia: Strong foundations, later success (Washington D.C., World Bank).
  • Hein, C.; Cassirer, N. 2010. Workplace solutions for childcare (Geneva, ILO).
  • Hong Kong Confederation of Trade Unions (HKCTU); Hong Kong Domestic Workers’ General Union (DWGU). 2015. HKCTU’s Training and Job Placement Service for Domestic Workers in Hong Kong. Available at: https://idwfed.org/ en/resources/hkctu2019s-training-and-job-placement-service-for-domestic-workers-in-hong-kong/@@display-file/ attachment_1 [20 Nov. 2019].
  • Horwood C.; Haskins L.; Alfers L.; Masango-Muzindutsi, Z.; Dobson R.; Rollins N. 2019. “A descriptive study to explore working conditions and childcare practices among informal women workers in KwaZulu-Natal, South Africa: Identifying opportunities to support childcare for mothers in informal work,” in BMC Paediatrics 19, Article number: 382. Online access, available at: https://bmcpediatr.biomedcentral.com/articles/10.1186/s12887-019-1737-7 [6 Dec. 2019].
    International Finance Corporation (IFC). 2017. Tackling childcare: The business case for employer-supported childcare (Washington, DC).
  • International Labour Organization (ILO). 2014. Meeting of experts on policy guidelines on the promotion of decent work for early childhood education personnel, Geneva, 12–15 November 2013 (Geneva, SECTOR).
  • 2017. World Social Protection Report 2017–19: Universal social protection policies to achieve the Sustainable Development Goals (Geneva).
  • 2018a. Care work and care jobs for the future of decent work (Geneva).
  • 2018b. Women and men in the informal economy: A statistical picture, 3rd edition (Geneva).
  • 2018c. National practices in measuring volunteer work: A critical review, Presented at 20th International Conference of Labour Statisticians, ICLS/20/2018/Room document 12, 10-19 October 2018 (Geneva).
  • Gender, Equality and Diversity Branch (GED) and Cooperatives Unit (COOP). 2016. Global mapping of the provision of care through cooperatives 1: Survey and interview findings (Geneva, GED/COOP).
  • 2017. Providing care through cooperatives 2: Literature review and case studies (Geneva, GED/COOP).
  • Social Protection Department. 2016. Maternity cash benefits for workers in the informal economy, Social Protection for All Issue Brief, Nov. 2016 (Geneva, SOCPRO).
  • WIEGO. 2018. Cooperatives meeting informal economy workers’ childcare needs – A Joint ILO and WIEGO Initiative (Geneva).
  • Lund, F.; Srinivas, S. 2000. Learning from experience: A gendered approach to social protection for workers in the informal economy (Geneva, ILO).
  • Mexico, Government of; Consejo Nacional de Evaluación de la Política Social de Desarrollo (CONEVAL/ SEDESOL). 2018. Ficha de Monitoreo 2017–2018: Programa de estancias infantiles para apoyar a madres trabajadoras. Available at: www.coneval.org.mx/Evaluacion/Documents/EVALUACIONES/FMyE_2017_2018/FMyE_20_S174.pdf [18 Oct. 2019].
  • SEDESOL. 2017. Reglas Operación – Estancias Infantiles (Mexico City). Available at: http://www.normateca.sedesol.gob. mx/work/models/NORMATECA/Normateca/Reglas_Operacion/2018/ROP_ESTANCIAS_INFANTILES_2018.pdf [20 Nov. 2019]. 19
  • Moussié, R. 2016. Field notes on childcare provision for informal workers in Bangkok, Thailand (Bangkok, WIEGO).
  • 2017. Women informal workers mobilizing for child care (Manchester, WIEGO). Neuman, M.; Deverecelli, A. 2012. “Early childhood policies in sub-Saharan Africa: Challenges and opportunities”, in International Journal of Child Care and Education Policy, Vol. 6:2, pp. 21–34.
  • McConnell, C.; Kholowa, F. 2014. “From early childhood development policy to sustainability: The fragility of community-based childcare services in Malawi”, in International Journal of Early Education, Volume 46, Issue 1, pp. 81–99.
  • OneSky for all children. 2019. OneSky for all children: Annual Report 2018 (Berkeley, CA). Available at: https://onesky.org/ wp-content/uploads/2019/10/AR2018-FINAL-WEB-Spread-REVISED.pdf [6 Dec. 2019].
    Organisation for Economic Cooperation and Development (OECD). 2016. PF4.1: Typology of childcare and early education services (Paris). Available at: http://www.oecd.org/els/family/PF4-1-Typology-childcare-early-education-services.pdf [6 Dec. 2019].
  • 2017. Building an inclusive Mexico: Policies and good governance for gender equality (Paris).
  • 2018. PF4.2: Quality of childcare and early education services (Paris). Available at: http://www.oecd.org/els/soc/PF42-Quality-childcare-early-education-services.pdf [6 Dec. 2019].
  • Asian Development Bank (ADB). 2015. Education in Indonesia: Rising to the challenge (Paris).
    Rao, N.; Pearson, E. 2007. An evaluation of early childhood care and education programmes in Cambodia (New York, UNICEF). Available at: http://www.unicef.org/evaldatabase/index_45249.html [12 May 2019].
    Sankaran, K.; Madhav, R. 2011. Gender equality and social dialogue in India (Geneva, ILO).
    Shaeffer, S. 2015. The demand for and the provision of early childhood services since 2000: Policies and strategies, ED/EFA/ MRT/2015/PI/29 (Paris, UNESCO).
  • SmartStart. 2019. Rethinking the Children’s Act for early childhood development (Johannesburg).
    Staab, S. 2018. “Early Childhood Education and Care from a Gender Perspective: Theories, Policies, and Practices”, in A. Kjørholt and H. Penn (eds): Early Childhood and Development Work (Cham, Palgrave Macmillan), pp. 69–90.
  • Gerhard, R. 2010. Childcare expansion in Chile and Mexico, GED Paper, No. 10 (Geneva, ILO, Gender and Development). Stewart, T.; Gambaro, L.; Rutter, J. 2015. “Common challenges, lessons for policy”, in L. Gambaro, K.
  • Stewart and J. Waldfogel (eds): An equal start? Providing quality early education and care for disadvantaged children (Bristol, Polity Press), pp. 219–243.
    UN Women. 2015. Progress of the World’s Women 2015-2016: Transforming economies, realizing rights (New York).
  • 2018. Turning promises into action: Gender equality in the 2030 Agenda for sustainable development (New York).
  • 2019. Progress of the World’s Women 2019-2020: Families in a changing world (New York). UNESCO. n.d. Early childhood care and education in Indonesia [internal document] (Paris).
  • 2005. Policy Review Report: Early Childhood Care and Education in Indonesia, Early Childhood and Family Policy Series, No. 10 (Paris).
    UNICEF. 2016. Women’s economic empowerment and early childhood care and development: A case study from Kenya (New York).
  • 2019a. UNICEF, Government of Rwanda and partners inaugurate first early childhood development centre based in local market [Press Release 12 July 2019] (Kigali). Available at: https://www.unicef.org/rwanda/press-releases/unicefgovernment-rwanda-and-partners-inaugurate-first-early-childhood-development?fbclid=IwAR1euq1NMeMwajwEMt Wl28ct0c77PijmmHFaHbInot5JAPBiP03NjFq4xNE [12 Nov. 2019].
  • 2019b. A proposed five-point plan for children for the next government to reflect on (Bangkok) Available at: https:// www.unicef.org/thailand/stories/proposed-five-point-plan-children-next-government-reflect [17 Oct. 2019].
  • Vandell, D.L.; Wolfe, B. 2000. Child care quality: Does it matter and does it need to be improved? Special Report, No 78 (Madison, WI, University of Wisconsin–Madison, Institute for Research on Poverty).
    World Bank. 2019. Women, Business and the Law 2019: Why Childcare? Brief. Available at: http://pubdocs.worldbank.org/ en/459771566827285080/WBL-Child-Care-4Pager-WEB.pdf [13 Dec. 2019].
    Yulindrasari, H. 2018. Findings report on regional documentation on innovative financing mechanisms and partnerships for ECCE. Presentation given at the UNESCO Regional Consultation Workshop on Innovative Financing Mechanisms and Partnerships for ECCE, 24-25 September, Bali, Indonesia.