Ekonomist
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Ekonomist
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Басты бет Адами капитал

Өзгерген құндылықтар: отбасы, ЛГБТ және жыныстық тәрбие туралы

Жулдызай Искакова Жулдызай Искакова
09.05.2021
Жулдызай Искакова - Өзгерген құндылықтар отбасы, ЛГБТ және жыныстық тәрбие туралы

Соңғы уақытта қазақстандық пабликтерде отбасы, отбасы құндылығы тақырыбы көбірек сөз болып жүр. Халық отбасын ресурстық және материалдық жағынан мемлекеттік қолдаумен қатар, мәселенің құндылық тұрғысынан да көтерілуіне мүдделі екенін аңғаруға болады.

 

Ажырасу – қалыпты жағдай

Уақыт өткен сайын қазақстандықтардың отбасы құндылығы айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Бұл елдегі және әлемдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруімен байланысты. Қалыптасқан жағдайға сай, адамның экономикалық және жеке қауіпсіздігіне қанағаттану деңгейі беки түскен сайын қоғам да ашық бола түседі және адамдар бір-біріне мейлінше толерантты қарай бастайды. Олай болмаған жағдайда азаматтар бәріне төзімсіздік танытады, бұл оларды өзгелерден ерекшелей түседі.

Жиырма жылдай бұрын ғана неке және балалы болу ересек ер мен әйелді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде мойындаудың маңызды шарттарының бірі болатын. Ата-аналардың көпшілігі (әсіресе дәстүрді ұстанатын отбасында) тұрмыс құрмаған немесе ажырасқан қыздарын туған-туыс пен таныстардың алдында ұятқа қалу ретінде қабылдайтын. Тек салмақты себеп болған жағдайда ғана некені бұзуға болатын, көп жағдайда әйелдер ата-анасынан, айналадағылардан ұят болады деп өздерін тоқтататын, сонымен бірге олар көбіне ер адамдарға экономикалық жағынан тәуелді болатын.

2000 жылы елімізде ажырасудың жалпы коэффициенті 1,84 болған (1000 адамға шаққанда). 2018 жылы көрсеткіш екі есеге артып, 1991 жылдан бері есептегендегі жоғарғы деңгейге жетіп, 4,0 болды.

Елімізде ажырасудың бұлайша артуының бір ғана себебін айту қиын, оған түрткі болатын себеп көп, соның ішінде әйелдердің экономикалық азаттығы да бар. 

Жас отбасы бетпе-бет келетін экономикалық проблемалар айырылысуда айтарлықтай рөл ойнайды. Жеке баспананың болмауы, еркектің немесе әйелдің ата-анасымен бір шаңырақ астында тұруы көп қиындық тудырады. Оның ішінде туыстардың араласуына орай туындайтын мәселелер де бар. «Қазақстан отбасылары-2019» ұлттық баяндамасында келтірілген деректер де осы сөзімізді растай түседі: ажырасуға түрткі болған себептердің ішінде «отбасына туыстардың араласуы» деген тармақ алдыңғы қатарда (61,0% жағдайда); «моральдық шектеулердің болмауы, өзін тым еркін сезіну» деген тармақ 41,0%-бен екінші орында болса, «отбасы институтының дағдарысы» деген жауап 35,9% жинаған.

Елімізде ажырасу көлемі көптігіне қарамастан, қазақстандықтар үшін отбасы ең жоғарғы құндылық болып қалып отырғанын парадокс деуге болады; жұмыс, достар, дін және бос уақыттан гөрі отбасы алдыңғы орында.

Дүниежүзілік құндылықтарға шолудың алтыншы және жетінші толқынының деректері мен отандық зерттеулер де осылай деуге итермелейді.

Қазақстандықтардың отбасын және отбасы құндылығын жоғары бағалайтыны күшті консервативтік және патерналистік көңіл-күйден байқалады, ал ажырасудың көбеюі олардың біртіндеп әлсіреп жатқанын көрсетеді. Соның ішінде модернизацияның ықпалы да бар, біздің елімізде еркектердің де, әйелдердің де, балалардың да дәл қазіргідей еркін және тең дәрежелі болған кезі жоқ.

Шаңырақ көтеруді мүлдем қаламайтын немесе заңды некеге тұрмай, басқа жолды таңдайтын (мәселен, азаматтық неке) адамдарға да түсіністікпен қараудың артып келе жатқанын байқауға болады.

 

ЛГБТ: мойындамаймыз, бірақ көнеміз

ЛГБТ қауымдастыққа келетін болсақ, Қазақстанда біржынысты некеге рұқсат жоқ, дегенмен қоғамда олардың бой көрсетуі жиіледі. Елімізде тақырыптық ақпарат ресурстары бар, ЛГБТ қауымдастық өкілдері әзірге сәтсіз болғанымен, өз құқықтарын қорғау мақсатымен митинг ұйымдастыруға талпыныс жасап жүр, ал Қазақстанның туы дүниежүзінің түрлі еліндегі гей-парадтарда алдыңғы қатардан көрініп қалады.

БАҚ пен әлеуметтік желі қалыптастырып отырған мұндай көріністен кейін қоғамда оларды мойындау деңгейі артып келе жатқанын байқауға болады, бұл біртіндеп оларға деген төзімсіздікті төмендетеді. Мұндай жағдай бізге ғана емес, жалпы посткеңестік кеңістікке тән.

Алайда, Қазақстан қоғамы бұл қозғалысты мойындауға дайын емес екені анық, олай болса, алдағы оншақты жылда ЛГБТ құқықтары кеңейе қояды деп үміттенудің реті жоқ.

Эберт қорының қазақстандық құндылықтар туралы зерттеуінде ел тұрғындарының біржынысты некеге көзқарасы берілген. Сұрауға жауап бергендердің 90%-ға жуығы теріс пікір білдірсе, респонденттердің 1%-ы ғана оң қабақ танытқан. Салыстыру үшін айтсақ, Батыс Еуропада мұндай некені қолдайтындардың үлесі 70% болса, Ресейде – 3%. Зерттеу нәтижесі, сонымен бірге, қазақстандықтардың 70%-ының ЛГБТ қауымдастық өкілдерімен көрші тұрғысы келмейтінін көрсеткен, осының өзі отандастарымыздың көзқарасынан хабар береді.

 

Ағарту және айту

Отбасы институты мемлекеттің үздіксіз көңіл бөлуін талап етеді, қазірге дейін бұл бағытты дамыту бойынша негізгі реттеуші де мемлекет. Алайда, Қазақстанда оң өзгерістерге бастамашы болатын көбіне-көп азаматтық қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдар екенін айтқан жөн. Қазақстан мектептерінде жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру мен отбасылық өмір туралы ағарту сабақтарын енгізуге ықпал еткен де осындай ұйымдар.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметтерге сүйенсек, елімізде жасөспірім қыздардың жүктілігі жылдан-жылға артып отыр. Өткен жылдың өзінде ғана 1600 жағдай тіркелген, оның ішінде көпшілігі жасанды жолмен жүктілікті үзумен аяқталған. Бозбалалардың 40%-ға жуығы алғашқы жыныстық қатынасқа 18 жасқа дейін барады. Оқушы жастардың жыныстық мәдениет және контрацепция туралы білімі жеткілікті деңгейде емес екені байқалады. Мұның салдары ерте жүктілікке, түрлі жұқпалы аурулармен ауыруға алып келеді, сонымен қатар ұлдардың девиантты жыныстық мінез-құлқы зорлық жасауға және қатігездікке соқтырып жатады.

Бұл мәселе бойынша мыңдаған зерттеу жасалды, тек өткен жылы ғана Қазақстанның бірнеше мектебінде жасөспірімдерге жыныстық тәрбие сабағын өткізу бойынша бірнеше сағат бөлу жобасы іске қосылды. Сабақ кезінде арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер отбасындағы қарым-қатынас, отбасын құрудағы еркек пен әйелдің рөлі, репродуктивтік денсаулық мәселесін көтереді.

Бұл – бүкіл қоғам үшін маңызды жоба.

Жасөспірімдерге жасына сай, дұрыс ақпараттың ұсынылуы қауіп-қатер деңгейін айтарлықтай төмендетіп, дұрыс отбасын құрып, ол отбасында дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруға оң әсер етеді.

Отбасылық құндылықтың өзгеріске ұшырауы – объективті және сан қырлы процесс. Ол көп жағдайда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық даму деңгейіне байланысты. Неғұрлым көп еркіндік берілген сайын қоғамдағы толеранттылық деңгейі де арта түседі. Қазірдің өзінде қоғамда отбасы құндылығына қатысты консервативтік (көп жағдайда) қана емес, модернизацияланған көзқарас та бар. Бұл қоғамның да, отандық және шетелдік зерттеушілердің де назарын аудартып отыр. Ал олар еліміздегі отбасы құндылығының қазіргі жағдайын әлеуметтік зерттеу түрінде ұсынып, үлес қосып отыр.

Тегтер: ажырасуқұндылықЛГБТотбасы
Алдыңғы жазба

Азық-түлік қорлары тиімсіздігінің 7 себебі

Келесі жазба

Денсаулық сақтау: еметін бұзау ма, сауын сиыр ма?

Жулдызай Искакова

Жулдызай Искакова

Политолог

Статьи по теме

Ekonomist - климат

Климат нарығына еркіндік беру

14.05.2021
Ауылдағы балабақшалар: сан неге сапаға ұласпайды?

Ауылдағы балабақшалар: сан неге сапаға ұласпайды?

28.04.2021
критическое меньшинство

Шағын қоғамдастықтың ықпалы

12.05.2021
курс тенге

Қазақстандағы «голланд ауруын» қалай жеңуге болады?

03.03.2021

Билл Гейтс: Уақыт жоғалтуға болмайды

18.02.2021
Что блокирует гендерное равенство?

Гендерлік теңдікке қол жеткізуге не кедергі?

15.02.2021
Көбірек жүктеу

Популярное за месяц

Что такое государственный долг и как он появляется?

Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады?

14.02.2021
АПК-2020: борьба за субсидии и результат

Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі

08.04.2021
Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

03.03.2021
Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021

Свежие новости

Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021
Топ 3 барьера развития женского предпринимательства

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі

10.08.2021
Instagram Telegram Youtube
Ekonomist

Подпишитесь на рассылку

Политика сайта

При работе с материалами сайта разрешено использование текста с обязательной гиперссылкой на источник. Редакция сайта не всегда разделяет мнения авторов статей.

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.

  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.