Халықаралық Oxfam бірлестігінің зерттеушілері пандемия мен оның экономикалық салдары 1990 жылдан бері алғаш рет жаһандық кедейлік деңгейінің көтерілуіне алып келеді деген болжам жасап отыр. Олардың айтуынша, орташа табыс 20%-ға қысқарған жағдайда кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан (күніне 1,90 АҚШ долларына немесе одан да аз ақшаға) адамдар саны 434 млн адамға, ал әлем бойынша 1,2 млрд адамға дейін артуы мүмкін. Күніне 3,2 АҚШ долларына өмір сүретін кедейлер саны 611 млн адамға дейін артуы ықтимал. Бұл көбінесе қазірдің өзінде кедейлік деңгейі жоғары елдер мен аймақтарға, соның ішінде Оңтүстік Азия, Сахараның оңтүстігіндегі Африка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағына қатысты болмақ. Олармен салыстырғанда, Еуропа мен Орталық Азияның жағдайы тәуір, дегенмен бұл тек салыстырмалы түрде.

 

Кедейлер кедейлене түседі

Қазақстанда, мәселен, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2020 жылдың 1-тоқсанында халықтың 10 пайызының жан басына шаққандағы айлық кірісі шамамен 25 мың теңге, бұл күніне 1,99 доллар деген сөз.

 

Әр оныншы қазақстандық пандемияға дейін-ақ кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан, олардың саны 1,8 млн адамға жуық. 

2020 жылдың алғашқы тоқсанында күндік кірісі 3,2 доллар болған қазақстандықтардың үлесі 30% болған (жан басына шаққандағы айлық кірісі 37 мың теңге), яғни 5,4 млн адам.

1-кесте. Кірістің халықтың 10 пайыздық топтары арасында бөлінуі

ДецильХалықтың кірісі бойынша интервал шегі, теңгеЖан басына шаққандағы орташа айлық табыс интервалы, теңгеЖан басына шаққандағы күндік кірісі, АҚШ доллары
10-29 16624 6461,99
229 197-34 63131 9922,59
334 632-39 27636 9382,99
439 277-43 92241 5773,36
543 923-49 58146 7063,78
649 582-56 65753 0644,29
756 658-66 20761 2634,96
866 208-79 57172 6825,88
979 572-102 80089 2837,22
10102 801-586 602148 82212,04
Читать также ...
Қарыздан құтылатын уақыт

Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК

Төтенше жағдай режимі мен күшейтілген карантин жағдайды одан бетер қиындатты. ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, қазақстандықтардың 42%-ы материалдық жағдайы нашарлағанын айтқан. Мұндай жауап берушілердің үлесі 2020 жылдың сәуір айынан кейін арта түскен.

Соңғы жылы халықтың кіріс деңгейінің төмендеуі байқалады. Орташа айлық жиынтық кірісі 40 мың теңгеден аз респонденттердің үлесі 2019 жылдың маусым айында 4% болса, 2020 жылдың маусымында 9%-ға жеткен. Айлық жиынтық кірісі 40-70 мың аралығындағы үй шаруашылығы үлесі 15 пайыздан 21 пайызға артқан.

Керісінше, 100 мың теңге және одан көп (100-150, 150-300, 301 мың және одан көп) кірісі бар қазақстандықтардың үлесі 14 тармаққа төмендеп, бұрын 52% болса, қазір 38% болған.

Кестеден көріп отырғанымыздай, айтарлықтай өзгеріс 2020 жылдың сәуірінде байқалады.

 

Жұмыстан айырылу = кедейлік?

Қазақстандықтардың кірісінің азаюына әсер еткен негізгі фактор көптеген кәсіпорынның жұмысын тоқтатуы мен іскерлік белсенділіктің тоқтап қалуы екені түсінікті. KPMG консалтинг компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, карантинге байланысты жағдайы қиындап қалған сегмент пен экономика саласының өкілдері негізінен азық-түлік емес бөлшек сауда, авиация, мұнай-газ, тау-кен саласы, көлік секторы, электр энергетикасы мен қызмет көрсету саласының өкілдері.

Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 70%-ы әкімшілік шығындарды, соның ішінде еңбекақы, іссапар, маркетинг және консультация шығындарын қысқартуға мәжбүр болған, бұл жұмыс орындарының қысқарып қалуы немесе айлық жалақының азаюы дегенді білдіреді.

Читать также ...
Время для избирательного освобождения от долгов

 

Қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмысынан айырылу, тіпті уақытша жұмыссыз қалу өмір сүру сапасы мен деңгейінің айтарлықтай төмендеуін білдіреді.

ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, қазір қазақстандықтардың 16%-ының ғана қаржылай жинағы бар (2019 жылдың маусым айымен салыстырғанда, 6%-ға кем). Қазақстандықтардың көпшілігі ай сайынғы табысына арқа сүйейді, ал ол табыс соңғы бірнеше айда біршама өзгерді.

Бұрын қазақстандықтардың 70%-ы негізгі кіріс көзі ретінде айлық жалақысын көрсетсе, 2020 жылдың маусым айында бұл нұсқаны таңдағандар үлесі 56% болған. Кіріс көзі құрылымында әлеуметтік және мемлекеттік төлемақы 20%-ға артқан (2019 жылдың маусымында 30% болса, 2020-ның маусымында 50%). Бірақ бұл еңбек ету арқылы табатын кірісті толық алмастыра алады деу қиын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының айтуынша, карантин режимін әлсірету нәтижесінде, сонымен бірге жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асырудың арқасында жұмыссыздар саны мамыр айында 4,2 миллионнан 1,1 миллион адамға, ал маусым айында 735 мың адамға азайған. Жалақы әлі де негізгі кіріс көзі болып отырған жоқ, бұл жұмыспен қамтылу карантинге дейінгі деңгейге жетпегенін білдіреді. Бұған қоса, тағы да күшейтілген карантиннің енгізілуі және жалпы адамдардың арақашықтық сақтау қажеттігіне байланысты шектеулер бизнеске, соған сәйкес жұмыс орындары мен өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.

KPMG сауалнамасына қатысқан кәсіпкерлер өздері үшін карантиннің ең ауыр салдары ретінде шикізат пен тауар жеткізу және қызмет көрсету тізбегінің бұзылғанын айтқан. Соның ішінде бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығы мен мейрамхана бизнесіне айтарлықтай ықпал етті. Несие мен жалға алу ақысын кейінге шегеруге болатынына қарамастан, бұл салалардағы бизнестің бір бөлігі бұрынғы жұмыс қарқынын қалпына келтіре алмайды, COVID-19-ға байланысты шектеулер күшейтілген қалыпта қала беретін болса, тіптен қиынға соғады.

Читать также ...
Пандемия климат саясатын түбіріміен өзгерте ала ма

Бұл ретте дәл осы салаларда бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесі өте жоғары екенін айту маңызды, тіпті формалды сектор кәсіпорындарында да солай. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндердің 55%-ы мен қоғамдық тамақтану және қонақүй қызметіндегілердің 21%-ы ресми түрде онда жұмыс істемейді.

2019 жылдың соңында бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 1,2 млн адам болды немесе жұмыспен қамтылған тұрғындардың 14%-ы. Төтенше жағдай кезінде бәрінен қатты қиналған осы топ екенін мойындаған жөн, жұмыс берушілер кез келген сәтте олардың қызметінен оп-оңай бас тарта салады, ал мемлекет оларға ресми жарнасы жоқ болғандықтан назар аудармайды.

Кәсіпорындардың қызметі қайта жанданғаннан кейін де бейресми жұмыспен қамтылғандар бұрынғы жұмыс орындарына қайтадан орналаса қоюы екіталай. Ал бәсекенің жоғары болатынын ескерсек, олардың еңбекақысы төмендеп, соған сай кірісі де азаюы әбден мүмкін.

 

600 мың жұмыссыз

Кіріс деңгейінің төмендеуі айналып келгенде тұтыну қызметінің де тарылуына алып келеді. Қазірдің өзінде халықтың 45%-ы ірі дүние сатып алудың қажеті жоқ деп есептейді. Соңғы айларда ірі ештеңе сатып алмаған қазақстандықтардың үлесі 10%-ға артқан (2020 жылдың қаңтар айында 78% болса, маусымда 89% болған).

Дегенмен, үнемдеу тек ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға ғана емес, сонымен бірге тұтыну деңгейінің мейлінше қысқаруына да байланысты болуы мүмкін. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтар бірінші кезекте демалысқа және киімге жұмсайтын ақшаны  үнемдеуге көшеді. Азық-түлік себеті арзандайды, мұны ритейлерлер қазірдің өзінде байқап отыр.

Читать также ...
Планета после пандемии

2019 жылдың қараша айында «Кипр» аналитикалық тобының пікірталас алаңында Magnum компаниясының коммерциялық директоры, басқарма мүшесі Яков Фишман сатып алушылардың үнемдеу мақсатымен, біріншіден, жеңілдікпен сатылатын тауарларды, яғни акциямен сатылатын өнімдерді іздейтінін айтқан еді. Екіншіден, баға тұрғысынан да ұстанымын өзгертетінін, яғни олардың тұтынатын өнімдерінің сапасы да төмендейтінін айтқан болатын.

Қазақстандықтардың экономия режиміне көшуі бизнестің жекелеген салаларының тарылуына алып келеді, соның ішінде алдыңғы қатарда көңіл көтеру, бьюти индустрия, киім ритейлері, қоғамдық тамақтану орындары бар. Бұл осы салаларда жұмыс істейтіндерге кері әсерін тигізеді.

Жекелеген сарапшылар жұмыссыздық пен өмір сүру деңгейінің төмендеуі қылмыс деңгейінің артуына алып келеді деген болжам жасайды, Қазақстанда қылмыстың 80 пайызын жұмыссыздар жасайтынын ескерсек, бұл негізсіз де емес. Алайда, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы жүргізген жуырдағы зерттеуге сүйенсек, мұның алдындағы экономикалық дағдарыстар кезінде Қазақстан жұмыссыздықты азайту бағытындағы шараларды уақытында қолға алып, халықтың табыс деңгейін көтеру арқылы қылмыстың артуына жол бермеген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай қауіп-қатерлерді ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен жұмыс орындарын ашуды ұсынып отыр. Алайда, әңгіме тек 250 мың жұмыс орны туралы, ал коронадағдарыс салдарынан зардап шеккен еңбекке қабілетті қазақстандықтар саны миллиондап саналуы мүмкін.

Жұмыссыз халықтың шынайы санын есептеуге келгенде айтарлықтай қиындық бар, мұны қазақстандық сарапшылардың көпшілігі айтып отыр. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандары 2020 жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 6,1% (шамамен 560 мың адам) болады деп болжап отыр. Бизнестің қайта қалыпқа келуіне ұзақ уақыт керек екенін ескерсек, мұны тым оптимистік болжам деуге болады.

Читать также ...
Зеленый аспект реструктуризации суверенных долгов

 

Жұмыс орындарына байланысты қажеттілікті нақты бағалау үшін жұмыссыздар санын есептеудің ескірген әдісінен бас тарту керек, бұл әсіресе өңірлерге қатысты.

Өз-өзін жұмыспен қамтыған топқа жататын, бірақ жұмысы өнімсіз және тұрақсыз қазақстандықтарды да жұмыссыздар қатарына қосу керек. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес, бірақ жұмыс табуға ұмтылатын жеке топ бар екенін де естен шығармаған жөн.