Британдық The Economist журналы 2014 жылы жариялаған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі рейтингте Қазақстан 109 елдің ішінде 57-орында тұрса, 2016 жылы 56-орынға тұрақтаған.

Ресми деректерге сүйенсек, біздің азық-түлік нарығымыз шынында да жаман емес. 2016-2017 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрі бойынша отандық өндіріспен қамтамасыз ету деңгейі 80% болған. Бұл қатарға кірмейтін тауарлар: құс еті – 49,4% (2016) және 51,8% (2017), сары май – 64,9% (2016) және 73,8% (2017), ірімшіктер мен сүзбелер – 55,7% (2016) және 58,6% (2017), қант – 80,4 % (2016) және 69% (2017), шұжық өнімдері – 59,5% (2016) және 59,7 % (2017), тоңазытылған және мұздатылған балық – 62,4 % (2016) және 66,8% (2017), алма – 65,6% (2016) және 59,4% (2017).

 

Басқа да азық-түлік

Rezonans.kz командасы 9 жылдағы динамикаға талдау жасаған еді.

1-кесте. ҚР негізгі азық-түлік тауарларының бағасы, теңге

Өнімнің атауы201120192011/19 өсу қарқыны, %
Сары май, тұздалмаған1240236891,0
1-сұрыпты бидай ұны7814889,7
Тауық еті45383183,4
Жартылай қақталған шұжық1193214279,5
Шошқаның жон еті837146675,1
Қаймақ634110974,9
Жылқы еті жілігімен1167202973,9
Сиырдың жон еті мен кеуде тұсы1081180366,8
Қой еті жілігімен1043171364,2
Пастерленген сүт15925157,9
Жұмыртқа, 10 талы19029957,4
Айран19429552,1
Өсімдік майы32143334,9

Дереккөз: Rezonans.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) талдауы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл сайын өсіп отырғандықтан, олардың бағасын тұрақтандыру қажеттігін шешуді көрсеткен болатын.

Читать также ...
Денсаулық туралы жаңа кодекс: әлеуметтік аспект ескерілген бе?

 

2010 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде азық-түлік орта есеппен 71,7%-ға қымбаттаған.

2020 жылдың 17 қаңтарында «Атамекен» ҰКП Импорт алмасу жөніндегі кеңес құрылғанын жариялады. Сол анонста мынадай деректер келтірді: 2018 жылы еліміздің тауар нарығында құс етінің үлесі 50% болса, ет консервілері – 32%, шұжық өнімдері – 40%, көкөніс консервілері  – 72%, өсімдік майы – 30%, сары май – 27%, ірімшік – 44%, сүт және қоюлатылған кілегей – 67%, сухари мен печенье – 39%, макарон – 15%, қант – 53%, кондитер өнімдері – 49%, ашытқы 57% болған. Жеңіл өнеркәсіп тауарларының көпшілігі бойынша импорттың үлесі 90%-дан асады.

2005 жылғы 8 шілдедегі №66 ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң бар. Азық-түлік тауарларына нақты қол жетімділік, экономикалық қолжетімділік, азық-түлік тәуелсіздігі, өңірлік тұрақтандыру қоры сияқты негізгі түсініктер осы заңда келтірілген. Осылайша мемлекет халыққа азық-түлік өнімдерінің қолжетімді болуына кепілдік береді және оған қол жеткізу механизмдерін реттейді.

Заңдағы кейбір түсініктер:

  • Азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік – республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы.
  • Азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік – азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі.
  • Азық-түлік тәуелсіздігі – азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі.
  • Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры.
Читать также ...
Әлеуметтік жәрдемақы көлемін қалай белгілейді?

Үкіметтің қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19 атаудан тұрады (ұн, нан, кеспе, қарақұмық жармасы, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, өсімдік майы мен сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа, тұз, сүзбе).

Жеті жылдан кейін, 2012 жылы «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану Ережесі туралы» қаулы қабылданып, 2012 жылдың қазан айында оны №1280 қаулы етіп бекітті. Сол жылы-ақ республикалық бюджеттен 12,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат кейіннен жергілікті бюджеттерге берілді. Аймақтарда ол әлі күнге дейін пайдаланылады. Бұған жергілікті бюджетті де қосқан.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асқан OPEN BUDGET FELLOWSHIP бағдарламасы шеңберінде «Қазақстандағы тұрақтандыру қорының инструменттерін пайдалану» бойынша бюджеттік анализ жасалды.

Жұмыс гипотезасы: тұрақтандыру қорын пайдалану агроөнеркәсіп нарығына  реттеуші ықпал ете алмайды.

Тұрақтандыру қорларының жұмыс істемейтінін дәлелдеп жату артық, мұны ел азаматтары көктем мен күзде жақсы сезінеді.

 

Бәсеке мен ашықтықтың болмауы

Біз тұрақтандыру қорларының көздеген мақсатына жете алмауының жеті себебін келтіріп отырмыз.

Бірінші себеп – бәсекелестік жоқ. Тұрақтандыру қорын ешқандай ұйым құра алмайды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан (ӘКК) басқа ешкім бұл қызметпен айналыса алмайды. Агроөнеркәсіптік кешен туралы заң бойынша, тұрақтандыру қорының операторы тек арнайы ұйым бола алады, бізде бұл – ӘКК. Әкімдіктің тапсырысы бойынша тұрақтандыру қорының операторы осы корпорация, бұл жерде «Мемлекет – нашар менеджер» деген сөз еске түседі.

Читать также ...
Зейнетақы жүйесі: ақшаны лайықты қолға береміз

Екінші себеп – ашықтық жетпейді. Біз 2018 жылы тұрақтандыру қорларының жұмысына анализ жасау үшін бүкіл Қазақстан бойынша әкімдіктерге сұрау жіберген едік. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Он алты сұрау жіберіліп, алтауына уақытында жауап алынды, жеті облыс жауап ұсынбады, ал үш облыс ақпарат беруден бас тартты. Оның себебін «ӘКК» ҰК АҚ директорлар кеңесі коммерциялық құпия туралы заңға сәйкес бекіткен қызметтік құпияға және «ҚР Азаматтық Кодексінің» 126-бабына байланысты ақпарат ұсыну мүмкіндігі жоқ екенімен түсіндірді. Осының өзі директорлар кеңесінің де, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның да бұл ақпаратты әлдекімдердің білгенін қаламайтынын көрсетеді.

Үшінші себеп – тұрақтандыру қоры ресурстарының операциялары туралы шешім қабылдаудың механизмі реттелгендігі. Барлық шешімді әкімдік жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. Облыс әкімі комиссияны құрып, оның мүшелерін бекітеді (кемінде 9 адам). Комиссияның төрағасы – облыс әкімінің орынбасары. Соңғы шешімді әкім қабылдайды.

Жеке жауапкершілік жоқ. Облыс әкімі, комиссия, жұмысшы орган мен арнайы ұйым арасындағы жауапкершілікті бөлу жағы түсініксіз. Комиссия құрамында «Нұр Отан» партиясының өкілі, аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры бар. Көбінесе азық-түлік жеткізуші жеке адамдар немесе азық-түлік таратумен айналысатын сауда нүктелері кіреді. Олардың қатысуының өзі келісім бойынша деп көрсетілген. Алайда, комиссияның құрамында Фермерлер одағы, кәсіпкерлер ассоциациясы сияқты ұйымдардың өкілдері жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) тұрақтандыру қоры бойынша комиссия құрамына кіруге берген өтінішімді екі рет қабыл алмады. Бәрі өз адамдары.

Тоғыз облыста тұрақтандыру қорының жұмыс органы – ауыл шаруашылығы басқармасы. Бұл дұрыс та, өйткені ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы. Заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізген жағдайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты болады.

Читать также ...
Әртүрлі жылдамдық: Қытайдағы цифрландырудан Қазақстан не үйренуі тиіс?

Төртінші себеп – ақшаны депозитте сақтау мүмкіндігі. Тұрақтандыру қорын құру және пайдалану ережесіне сай, артық қаражатты екінші деңгейлі банктерде сақтауға болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылы жасаған анализі тұрақтандыру қорына бөлінген қаражаттың бір бөлігі депозитте екенін көрсетті. Кейбір өңірлерде депозит мөлшері бөлінген қаражаттың жартысынан асады. Сонымен бірге ұйымдардың алдында қыруар қарыздары бар, кей жағдайда ол 90%-ға дейін.

Мысал үшін айтсақ, 2011 жылдан 2017 жылға дейін бағаны тұрақтандыруға 2,0 млрд теңге бөлінген.

2016-2017 жылдары СҚО тұрақтандыру қорына 300 млн теңге бөлінген. Уақытша еркін қаражаттан түскен сыйақы мөлшері 2016 жылы 1,7 млн теңге болса, 2017 жылы 4,8 млн теңге болған.

Бесінші себеп – бақылау тетігі жұмыс істемейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтерудің алдын алу үшін 2011 жылы олардың көтерме бағасының шекті бағасы белгіленген болатын. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, бағаны көтерген кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылады. Алайда, ҚР ҰЭМ мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдан бері әкімдіктер көтерме сауданың шекті бағасын бекітпеген. Қазіргі кезде бұл баға бекітілгенімен, оның қай көлемде екенін білуге немесе көруге мүмкіндік жоқ. Қаулы таратуда шектеу бар қызметтік ақпаратқа жатады («Қызметтік пайдалануға арналған» деген белгісі бар). Бұл ретте ҚР ҰЭМ-нің 29.12.2018 жылғы №28-1/25532-34 ұсыныс хатына сүйенеді. Бұл шараны шағын және орта бизнесті қудалаумен салыстыруға болады, әрі оны пайдалану үшін алдымен 100% өз өнімімізбен қамтамасыз етіп алып, содан кейін ғана бақылау орнатқан жөн болар еді.

Читать также ...
Ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы және ең төменгі есептік көрсеткіш дегеніміз не?

Алтыншы себеп – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің көтерме саудадағы шекті бағасын белгілеудің сақталған-сақталмағанына бақылау жасайтын мемлекеттік орган – әкімдіктер, яғни жергілікті атқарушы орган. Өңірлерде бұл мәселе сауда нүктелерімен меморандумға қол қоюмен, әкімдердің базарға баруымен шектеледі. Жоғары лауазымды шенеуніктердің мәлімдемелерінің бәрі дерлік популистік сипатта. Жергілікті жерлерде ұсынылған шешімдердің ешбірі қолдау тауып, тәжірибеге енген жоқ. Базардағы алыпсатармен күрес немесе оларды іздеудің басталуынан аяқталуы жылдам, көбінесе әкімдердің сауда нүктелеріне баруымен, азық-түлік өнімдерінің бағасын уақытша өзгертіп қоюмен ғана шектеледі.

Жетінші себеп – нарыққа анализ жасалмауы. Қазіргі кезде нарықтың әлсіздігін ұзақ мерзімге арналған болжамның жоқтығымен, нақты негізделген логистикалық жоспардың болмауымен түсіндіруге болады.

P.S. «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі 2017 жылы сайтты пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізіп, қоғамды қатты мазалайтын мәселелер қандай екенін және халықтың үкіметте айтарлықтай өзгерістер жасауға ықпал ету мүмкіндігі қандай екенін сұраған болатын. Сонда қоғамдағы ең өткір мәселе «азық-түлік бағасының бақылаусыз кетуі» екені белгілі болған, сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы немесе 1461 адам осы нұсқаны таңдаған.