Бұл материал Project Syndicate-мен бірлесіп жарияланған. 

Джоомарт Оторбаев*

 

БІШКЕК – Менің елім Қырғызстанға COVID-19 дертінің алғаш әсер етуі наурыздың 19-ы ұлым «аса жоғары инфекцияланған» Еуропа елінен Бішкек халықаралық әуежайына келіп қонғанда орын алды. Ұлымды көруге мүмкіндік болмады, себебі онымен бірге ұшып келген он шақты адам 2014 жылы қайырымдылық ретінде ұсынған АҚШ-тың бұрынғы америкалық әскери базасына 14 күндік карантинге жөнелтілді.  

Карантин деген аты ғана. Бұрынға әскери база абыр-сабырға толы әрі жөнді ұйымдастырылмаған болып шықты. Бір-бірінен қатаң түрде оқшауланудың орнына ұшып келген жолаушылар толық дайындалып бітпеген, қоршауға алынған аумақта емін-еркін өзара араласып жүрді. 

Одан бөлек санитарлық гигиена талаптары сақталмаған, 100-ден аса адамға бірнеше ғана дәретхана, жуынатын орын қарастырылған. Осы арқылы коронавирус індетінің елде жайылып кетудің алдын алу емес, керісінше жаңадан елге оралған азаматтардың арасында  инфекцияны таратуға жағдай жасалып жатқандай. 

Бес күн өткен соң ешбір түсініктеме берілместен оқшауланған жолаушылардың барлығы «үй карантиніне» жіберілді. Кейін  олардың бірі COVID-19 дертіне шалдыққанын естідім, бірақ бүгінде жолаушылар біреуге ауру жұқтырды ма әлі де белгісіз. 

Осы және басқа да жайттар Қырғызстан және Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттердің вирусқа мүлдем дайын болмағандығын көрсетті. Үкімет оны үнсіз мойындады. Карантиндегі жолаушылар тараған соң бірнеше күн өткеннен кейін елдегі бас санитарлық қызметкер орнынан кетті. Сәуірдің 1-і премьер-министрдің орынбасары мен денсаулық сақтау министрі екеуі де қызметінен босатылды. 

COVID-19 індетіне байланысты шиеленіскен шаралардың қисыны жоқ, өйткені Қырғыз билігі бастапқыда дер кезінде қажетті шешім қабылдаған еді. Қаңтардың 27-сі ҚР Қауіпсіздік кеңесі үкіметке «коронавирус инфекциясының елде таралуына жол бермеуді» ұсынған. Алайда Қырғызстан COVID-19 алғаш тіркелгенін жариялаған уақытқа дейін бір жарым ай бұрын проблеманы мойындағанына қарамастан билік ешқандай әрекет жасамады. 

Мысалы, Қырғызстан азаматтарының осы жылы Меккеге мұсылмандарға міндетті қажылыққа барғаны туралы билік білді. Қажылығын өтегендер наурыздың 12-сі елге оралды, араларында бірнеше азаматтың COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. 

Үкімет әлі де есеңгіреп жүргендей. Реагент, тестілеу жабдықтары, қорғаныс киімдері мен өзге де қажетті құралдарды жеткілікті мөлшерде сатып алып, карантин мен бақылау аймақтарының жабдықтарын дайындамады. Меккеден қайтқан жолаушылар наурыздың 18-не дейін тестілеуден өтпеді, ол уақыт аралығында адамдарға вирус жұқтырып үлгеруі мүмкін еді. Тест қорытындылары жақсы нәтиже көрсеткенімен Қырғыз билігі аурумен байланысқа түскендерді қадағалау жұмыстарын жүргізген жоқ. 

Орталық Азия мемлекеттерінің арасында пандемияға қарсы іс-шараларды баяу жүргізіп жатқан Қырғызстан ғана емес. Қазақстанда COVID-19 дертін жүқтыру алғаш наурыздың 13-і, екі күннен соң Өзбекстанда тіркелді. Бірнеше апта вирустың барын мойындамай келген Тәжікстан сәуірдің 30-ы коронивирус табылғанын мәлімдеді. Алғашқы науқастар туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстанға сапарының алдында белгілі болғаны кездейсоқ жағдай емес шығар. 

Түркіменстан осы уақытқа дейін COVID-19 дерті туралы ешбір дерек келтірмеген Орталық Азиядағы жалғыз, ал әлемдегі санаулы елдердің бірі болып отыр (таяуда Түркіменстан үкіметі ДДСҰ сарапшыларын шақырудан бас тартты). 19 мамырдағы жағдай бойынша Орталық Азияның төрт мемлекеті вирус жұқтырғандардың ортақ саны 12525 немесе миллион тұрғынға 169 дерт жұқтырушы сәйкес, қайтыс болғандардың жалпы саны 106-ға жеткенін хабарлады.   

Өзбекстан, Қазақстан мен Қырғызстан көрсеткіштеріне сенуге болады. Вирусқа байланысты ахуал тәуелсіз БАҚ (оның ішінде шетелдік БАҚ) пен әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан шақта аталған елдердің үкіметі күн сайын пандемия туралы жаңа ақпарат таратып отырады. Мониторинг жүргізуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жоғары, сол себепті Қырғыз билігінің ол  ұйымдардың жұмысына шектеу қоюға ұмтылуы алаңдатарлық жайт. 

Дәстүрлі түрде Түркіменстан және Тәжікстан билігі масс-медиа алдында ашық емес. Бірақ екі елде де ақпарат көзі қалыптасқан Азат Еуропа/Азаттық радиосы (RFE/RL) Түркіменстан билігі жақында елдегі екінші ірі қала саналатын Түркіменабад маңындағы карантин аймағынан 400 адамды  кішігірім аймақтық ауруханаларға алып келгенін хабарлады. Бұдан соң биліктің ДДСҰ-нан коронавирус жұқтырғандар туралы жасырып отырғаны туралы өзге де БАҚ өкілдері жария ете бастады.

Қазіргі таңда Тәжікстандағы ахуал нашарлап тұр. Таяуда Дүниежүзілік банк елде коронавирус жұқтырғандар саны 230500-ге жетіп, 21000 адам қайтыс болғандығы туралы ескертті (Тәжікстан халқының саны шамамен 9,3 миллион). Тәжікстан билігі шынымен қауіптің бар екенін енді аңғарғандай. Мамырдың 1-і Asia-plus агенттігі Душанбе мэрі Рустам Эмомали тұрғындарға үндеу жариялап, пандемиямен күресуге қор жеткілікті екенін айтып алаңдамауға шақырғаны туралы хабарлады. 

COVID-19 дерті Ресейде тұрып жұмыс істейтін 4-5 миллион Орталық Азия мигранттарына айтарлықтай ауыртпашылық тудырып отыр. Олардың көпшілігі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары және олар ақша аударымының негізгі қоры болып табылады. Шынымен де Тәжікстан мен Қырғызстан 2019 жылғы ЖІӨ-ің 30%-ын құрайтын ақша аударымын қабылдаған және жан басына шаққандағы ақша аударымы бойынша әлем көшбасшыларының қатарына енген. 

Алайда пандемияның кесірінен мигранттардың көпшілігі жұмысынан айырылды, ал шекараның жабылуы үйлеріне қайтуға кедергі келтіруде. Ресей билігі жұмыссыздыққа байланысты мигранттарға жәрдемақы беру туралы шешім қабылдағанымен, бұл уақытша көмек болмақ. Мигранттардың кіріс-шығыс аударымы кент қысқарып, Орталық Азия экономикасына әсер етуі мүмкін. 

COVID-19  қаупін ерте ескерген Орталық Азияның кейбір елдері вирустың таралу мүмкіндігіне дайындалуға асықпады. Пандемияның кесірінен ірі, әсіресе экономикалық проблемалар туындаса, нақты мәселелер алдағы уақытта орын алары анық.

 

Читать также ...
АӨК-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі

*- Джоомарт Оторбаев – 2014-15 жылдары Қырғызстан Республикасының премьер-министрі болған.

Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org