Әлемнің басына күн туды. Ол барлық елді шарпыды. COVID-19 пандемиясы жекелеген азаматтардың жүйкесі, денсаулығына ғана емес, басым көпшілігінің табысына да әсер етті. Кешеге дейін отбасы мүшелерінің салыстырмалы түрде бақуат тұрмыс кешуіне жағдай жасаған кәсіптің аяқ асты жабылып, тоқтап қалуы көп адамды кедейлік шегіне жеткізіп бірақ тоқтады. Бір кездері ертеңгі күнге сенімді болған адамның болашағы  қазір бұлдыр. Ол белгісіздік күн өткен сайын қиын жағдайлар, қисынсыз әрекеттерге итермелейді.

Мұндай жағдайда мемлекеттен әлеуметтік көмек көрсету мәселелері өзекті. Қазір бұрынғыдан да өткір. Осыны ескере отырып, біз ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТК), ең төменгі жалақы (ЕТЖ) және ең төменгі есептік көрсеткіш (ТЕК) тақырыбын егжей-тегжейлі ашып көрсетуді шештік.

 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі

Сіз бен біз кедейлік тақырыбын ашып жазған кезде осы терминмен таныстық. Ең төменгі күнкөріс деңгейі: мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай кіріс екенін есімізде сақтаймыз.

Инфляция туралы материалдан тұтынушылық себет туралы білеміз. Бұл себетті тұтыну бағасының индексін есептеу үшін қолдандық. Тұтыну себеті – лайықты өмір сүру үшін тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы.

Тұтыну қоржынында азық-түлік, коммуналдық қызметтер, көлік, медициналық, білім беру тауарлары мен қызметтерді қамтитын 12 негізгі бөлік бар. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы дәрігерлердің, әлеуметтанушылардың және басқа ғалымдардың ұсыныстарын ескере отырып жасалады. Бұл себетті құрастыру кезінде денсаулықты және әлеуметтік өмірді сақтау үшін калориялардың, ақуыздардың, көмірсулардың, майлар мен дәрумендердің орташа қажетті саны ескеріледі.

Читать также ...
OEF-2019-да институттардың сапасы туралы айтылды

Демек, күнкөріс минимумы  –  тұтыну қоржынының құнын жабатын белгілі бір ақша сомасы. Бұл – елдің әлеуметтік саясатына әсер ететін өте маңызды көрсеткіш. Мысалы, Қазақстанда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы ретінде белгіленген.

 

Ең төменгі жалақы

Толық жұмыспен қамтылған, белгілі бір күнкөріс деңгейі бар елде тұратын адам өз еңбегі үшін ең аз дегенде күнкөріс минимумын жабатын мөлшерде ақы алуы керек деп болжау қисынды болар еді. Бүкіл әлемдегі экономистердің көзқарасы екіге бөлінді: ең төменгі жалақыны белгілеу саясатын қолдайтындар және осы бастамаға қарсылар.

Ең төменгі жалақыға қарсылардың уәждерінің бірі – егер сұраныс болса, ұсыныс болады. Белгіленген минимумнан төмен ақыға жұмыс істеуге дайын адамдардың барлығы жұмысқа орналаса алмайды, өйткені заң жұмыс берушілерге осындай төмен жалақыны төлеуге рұқсат етпейді. Нәтижесінде, белгіленген минимумнан төмен жалақы үшін жұмыс істеуге келіскен барлық жұмыс күші көлеңкелі табыс түріне кіреді. Көлеңкеде, біз білетіндей, халықтың әлеуметтік осал топтары одан да осал болып кетеді.

Алайда, ең төменгі жалақыны енгізу саясатын қолдайтындар көбінесе жұмыс берушілер монопсониялық күшін көрсете бастайды деп санайды.

Монопсония – нарықта жалғыз жұмыс беруші болып, оның кез келген жалақыны белгілей алуы.Өйткені адамдар жұмыс істейтін жер жоқ.

Халықты әділетсіз қанаудан қорғау үшін ең төменгі жалақыны енгізу қажет.

Бірақ басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да компаниялар қызметкерлермен ең төменгі жалақы көрсетілген еңбек шартын жасасатын жағдайлар болады. Бірақ іс жүзінде бұл қызметкерлер шартта көрсетілгеннен аз алады. Басқалары, жоғарыда айтылғандай, көлеңкелі экономика құрады. Бұл – ең төменгі жалақы саясатының тиімділігі туралы сөз еткеніміз. Осындай жағдайға қарамастан, мұндай заңның болуы қызметкерлерге заңды жолды қолдана отырып, өз хақы үшін күресуге мүмкіндік береді.

Читать также ...
NEET ұрпақ: мемлекеттік бағдарламалар жастар арасындағы жұмыссыздықты жоя ала ма?

Алайда, біз бұл полемикаға терең үңілмейміз. Сіз бен біз әлеуметтік мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, яғни мемлекет халықты қолдауға міндеттеме алған. Ең төменгі жалақыны белгілеу әлеуметті қолдауға бағытталған саясатқа жатады. Анығырақ айтқанда, халықтың ең әлсіз тұсы.

Сонымен:

Ең төменгі жалақы – ең жеңіл (қарапайым) жұмыстарды орындайтын және ақысына өмір сүруді қамтамасыз ету үшін қажетті әртүрлі тауарлар, қызметтер және басқа да игіліктер жиынтығының ең аз мөлшеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақшалай төлемдердің мөлшерін айқындайтын әлеуметтік норматив.

Бұл анықтамадан сіз бен біз ЕТЖ ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен белгіленбейтінін түсінеміз. Әрбір еңбек лайықты түрде бағалануы тиіс. Адам өзінің жалақысына өзін лайықты өмірмен қамтамасыз етуі керек деген сөз.

Кестеге назар аударсаңыз, одан Қазақстанда ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейі деңгейінде белгіленгенін және тек 2019 жылы ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болғанын көруге болады.

 

Төменгі есептік көрсеткіш

Сіз бен біз көзіміз ашық адамдармыз және инфляция немесе бағаның тұрақты өсуі туралы ұғымды білеміз. Енді сізге жаңа құрылған мемлекеттің тізгіні берілді және заңдар ойлап табуыңыз керек деп елестетіп көріңіз. Сіз ата заңның жобасын сызып, қылмыстық және азаматтық құқықты қолға алдыңыз. Мұнда сіз айыппұлсыз заң болмайтынын түсінесіз. Адамның табиғаты соған итермелейді.

Бірақ не істеу керек, инфляция көзіңді алдай беріп жетіп келеді. Егер біз айыппұлдарды абсолют мөлшерде орнатсақ, бір жылдан кейін бағалар өзгереді де, белгіленген айыппұлдардың бастапқыдағы жазалаушы күші болмайды. Енді жыл сайын заңдарға түзетулер енгізіп, айыппұлдардың абсолют теңгелік мәнін өзгерте беру керек пе?

Читать также ...
Сверхбольшие села юга Казахстана: больше политики, чем экономики

Елестетіп көріңізші, мұның артында қанша әуре-сарсаң жатыр: барлық министрлікпен келісу, қағаз қанша кетеді, ол қағаз үшін қанша ағаш кесеміз, қанша күш, жүйке, қаржы, ал ең бастысы, біз жыл сайын бұл әурені қайталап отырамыз!

Шын мәнінде, заңдарды орындау барысында қандай да бір шартты бірлікті қолдану қисынды болады. Қараңызшы, бюрократия тудыратын қаншама мәселенің көзі жойылады. Яғни, жыл сайын әр заңды қайта жазудың қажеті жоқ! Бізге айыппұлдардың деңгейін теңгемен емес, шартты бірліктермен бір рет бекітіп, жыл сайын инфляцияны ескере отырып, осы шартты бірліктің мәнін өзгерту жеткілікті. Сонда біз айыппұлдары бар әр заңдағы мәтінді жыл сайын өзгертпейміз, жылына бір рет шағын қаулымен осы шартты бірліктің көлемін ғана белгілеп отыру жеткілікті.

Бұл шартты бірлік – төменгі есептік көрсеткіш.

Төменгі есептік көрсеткіш –заңдарды, актілер мен ережелерді артық басып шығару және түзету шығындарын болдырмау үшін құрылған шартты бірлік.