«АШЫҚ ЭКОНОМИКА» ФОРУМЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

| Спикерлердің биографиялары |

8:00 — 9:00         

Қатысушыларды тіркеу, сәлемдесу шайы және іскерлік таңғы ас

9:00 — 9:30   

Сорос-Қазақстан қоры басқармасының төрайымы Аида Айдарқұлованың және Ekonomist.kz жобасының негізін қалаушы Қасымхан Қаппаровтың құттықтау сөзі.

9:30 — 10:20     

Қонақ дәрісі

«Институттардың сапасы және олардың экономикалық өсу мен теңсіздікке әсері»

Сергей Гуриев, экономика ғылымдарының докторы, Sciences PO университетінің экономика профессоры (Франция).

10:20 — 11:00        

№1 панельдік сессия — Институционалдық даму

«Транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі: Қазақстан үшін әмбебап мысалдар»

  • Сергей Гуриев, экономика ғылымдарының докторы, Sciences PO университетінің экономика профессоры (Франция), ЕҚДБ бұрынғы бас экономисті, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры
  • Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамудың бірінші вице-министрі
  • H.E. Mr Sven-Olov Carlsson, Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі
  • Александр Погосян, Жеке меншік секторын дамытудың зерттеушісі және халықаралық кеңес берушісі (Армения)
  • Жанар Темірбекова, Еуразия технологиялық университетінің ректоры
  • Қаcымхан Қаппаров (модератор), EMCG басқарушы серіктесі, Ekonomist.kz негізін қалаушы

Панельдік сессия сұрақтарының толық сипаттамасы төменде келтірілген.

11:00 — 11:30     

Кофеге үзіліс

11:30 — 13:00     

№2 Панельдік сессия — Экономикалық әл-ауқат

 «Ауқаттылық экономикасы: мемлекеттердің экономикалық дамуы, өмір сүру сапасы және ауқаттылығын анықтаудың жаңа тәсілдемелері»

  • Тур-Од Лхагважав, Transparency International — Моңғолия Басқармасының Төрағасы, «Ашық үкімет» (OGP) серіктестігі бақылау кеңесінің мүшесі, Моңғолия ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы президентінің аға кеңесшісі (Моңғолия)
  • William Seitz, Экономист, Халықаралық Банк
  • Жақсыбек Күлекеев, қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасының бұрынғы экономика министрі (1999-2002)
  • Ирина Смирнова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
  • Нұржан Алтаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
  • Сергей Домнин (модератор), Ekonomist.kz редакторы

Панельдік сессия сұрақтарының толық сипаттамасы төменде келтірілген.

13:00 — 14:00     

Кофеге үзіліс

14:00 — 15:30     

№3 Панельдік сессия – Адами капитал

 «Адами капитал экономикалық өсім және дамудың негізі ретінде: Қазақстанда жастар үшін экономикалық мүмкіндіктер мен әлеуметтік лифтілерді жақсарту»

  • Дария Михайлишина, Экономикалық стратегия орталығының экономисті (Украина)
  • Бақытбек Сатыбеков, «Азаматтық бастамаларды ілгерілету альянсы» қоғамдық бірлестігінің директоры, Ашық Үкімет Ұлттық форумының тең төрағасы (Қырғызстан)
  • Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы-зерттеуші, Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты сарапшысы (растау күтілуде)
  • Ұлжан Қалымұратқызы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаментінің еңбек нарығын болжау басқармасының басшысы
  • Жаслан Нұрбаев, Еуразия ұлттық университетінің доценті, Ekonomist.kz жобасының әлеуметтік саласындағы сарапшысы
  • Виктория Цай (модератор), «Narxoz» Университетінің ішкі коммуникациялар бойынша кеңесшісі

Панельдік сессия сұрақтарының толық сипаттамасы төменде келтірілген.

15:30 — 15:50     

Кофеге үзіліс

16:00 — 17:30    

№4 Панельдік сессия – Теңсіздік

 «Теңсіздіктің санқырлы жүзі: теңсіздіктің күшеюі дамушы мемлекеттердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамудың басты кедергісі»

  • Giorgi Khishtovani, Policy and Management Consulting Group зерттеулер бойынша директоры,  (Грузия)
  • Александр Чубрик, ИПМ зерттеу орталығының директоры, Беларусь Ұлттық банкі жанындағы консультативті кеңесінің мүшесі (Беларусь)
  • Нариман Мұқышев, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
  • Вениамин Алаев, «Қайрат Иманалиев атындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия» АҰ төрағасы, Қазақстанның банк жүйесіндегі мүгедек жандардың қаржы инклюзиясы бойынша жоба жетекшісі
  • Айжан Әлжанова, МамаПро қоғамдық қорының негізін қалаушы
  • Ирина Курбанова (модератор), Сорос-Қазақстан қорының «Қоғамдық саясат» бастамасының үйлестірушісі

Панельдік сессия сұрақтарының толық сипаттамасы төменде келтірілген.

17:30 — 18:00     

Сорос-Қазақстан қоры басқармасының төрайымы Аида Айдарқұлованың және Ekonomist.kz жобасының негізін қалаушы Қасымхан Қаппаровтың сөзі.

18:00 — 19:00     

Фуршет, қатысушыларға арналған нетворкинг, фотосессиялар

*****

Панельдік сессиялардың сипаттамасы

№1 панельдік сессия — Институционалдық даму

«Транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі: Қазақстан үшін әмбебап мысалдар»

Сипаттама: Өтпелі экономикалы елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамудағы институционалды ортаның болуының жоғары дәрежелі маңыздылығы және Good Governance ұстанымдары негізіндегі экономикалық дамуды қамтамасыз ету.

Транзиттік және дамушы, сонымен қатар, экономикасы шикізатқа негізделген елдердің экономикалық өсімі бұрынғыша дағдарысқа дейінгі кезеңдегі қалыпта тұр. Сарапшылардың бағамы бойынша, қолайсыз сыртқы экономикалық жағдаяттар (сауда соғыстары және шикізаттық тауарлардың бағасының құлдырауы) кезінде дамушы елдердің экономикасы ішкі институционалды қайта құруларға көбірек арқа сүйеуі тиіс.

Читать также ...
Программа OEF-2019

Сонымен, экономисттердің ұсынымдарына сәйкес, өтпелі экономикалы елдер экономикалық өсімнің қарқыны мен сапасын экономикалық, саяси, құқықтық, заңнамалық және білім беру институттарын дамыту нәтижесінде өсіре алады, яғни, ұзақмерзімді тұрақты және инклюзивті даму үшін жоғары сапалы институционалды орта қалыптастыру. Осылайша, дамушы мемлекеттер экономикалық өсімді жандандыру үшін институционалды реформаларға жаңа күш беруі және қалыптасқан институттардың жұмысын жетілдіре түсуі тиіс. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде байқалатындай, табиғи ресурстардың көптігі институционалды реформаларды баяулатуы, тіпті, кедергі келтіруі мүмкін.  Мәселе түйіні мынада – бай табиғи базасы бар мемлекет ресурстық рента алуда өзіне-өзі монополды құқық беріп қояды, осылайша халықты кең көлемде салықтандыру қажеттілігін алып тастайды, халық та өз кезегінде терең институционалды реформаларды талап етуде аса табандылық таныта қоймайды.

Талқылау сұрақтары:

  • Институционалды реформалар мен Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамудың байланысы қандай?
  • Мемлекеттік институттардың сапасы тұрақты, инклюзивті экономикалық дамуға қалай әсер етеді: қазақстандық модель және халықаралық тәжірибе?
  • Мемлекеттік институттардың сапасы мен тиімділігін қалай бағалауға болады
  • Қазақстанда экономикалық және саяси бәсекелестіктің қажеті қанша?
  • Экономикасы өтпелі елдер нарықтық экономикасы бар алдыңғы қатарлы елдердің өмір сүру деңгейін қуып жете алады ма? Ол үшін қандай әлеуметтік-экономикалық саясат қажет?
  • Қазақстанның қазіргі жағдайында жағымсыз салдар орын алмас үшін институционалды реформаларды қалай дайындау және жүргізу керек?
  • Дамушы елдер саяси және экономикалық популизммен қалай күресуі тиіс? Қазақстан қандай нәтижелер шығара алады?
  • Good Governance ұстанымдары Қазақстанға жоғары экономикалық өсімді сақтауға, қоғамдағы өршіп келе жатқан теңсіздікті азайтуға және «орта табыс тұзағына» түспеуге қалай көмектеседі?

№2 Панельдік сессия — Экономикалық әл-ауқат

 «Ауқаттылық экономикасы: мемлекеттердің экономикалық дамуы, өмір сүру сапасы және ауқаттылығын анықтаудың жаңа тәсілдемелері»

Сипаттама: Экономикалық дамуды өлшеу және оған жетудің жаңа тәсілдемелері туралы сарапшылық талқылау. Қатысушылар өз азаматтарының ауқаттылығы мен дәулеттілігін қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы дамыған, алдыңғы қатардағы ел болу нені білдіреді деген тақырыпты талқылайды.

Соңғы кездері әлем бойынша ЖІӨ және өзге де тұрақтанған экономикалық көрсеткіштердің елдің ауқаттылығы мен экономикалық дамуын толыққанды көрсете алмайды деп санайтын экономисттер саны артуда. Мысалы, ұзақ уақытқа дейін көптеген экономисттер ЖІӨ және адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін экономикалық даму мен елдің ауқаттылығының дәлме-дәл индикаторы ретінде қарастырып келді. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда аталмыш терминдерді түсінуде салмақты өзгерістер орын алды. Экономикалық даму дегеніміз не? Қандай реформалар халықтың ауқаттылығына ықпал етеді? Экономикалық даму біріншіден азаматтардың ұзақмерзімді ауқаттылығы мен дәулеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет болғандықтан жаңа ауқаттылық экономикасы пайда болды. Аталмыш бағыт аясында ұлттың экономикалық дамуын жан-жақты анықтаушы балама көрсеткіштер жасалды және әрі қарай жасалуда.

Талқылау сұрақтары:

  • Ауқаттылық ұғымының экономикалық мәні қандай? Қазақстанда және әлемде дәулеттілік пен бақыт үшін адамға не және қандай көлемде керек?
  • Халықтың дәулеттілігіне қандай экономикалық және бейэкономикалық факторлар әсер етеді? Қазақстан мен өзге елдерді салыстыру.
  • Неліктен дәстүрлі экономикалық көрсеткіштер (ЖІӨ, адам басына шаққандағы ЖІӨ, табыс өсімі) халықтың ауқаттылығы мен дәулеттілігін тікелей сәйкес келмейді?
  • Қазақстан азаматтарының ауқаттылығы мен дәулеттілігін қалай қамтамасыз етуге болады? Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі не дейді? Қазақстан үшін тұжырымдар мен әмбебап мысалдар.
  • Дүниежүзі халқының ауқаттылығы мен дәулеттілігіне қандай әлеуметтік-экономикалық саясат ықпал етеді? Қазақстан үшін әмбебап мысалдар бар ма?
  • Қандай елдердің ауқаттылығы бәрінен жоғары және неліктен? Әртүрлі елдердегі ауқаттылық пен дәулеттілік деңгейін анықтайтын не?
  • Азаматтардың ауқаттылығы және Қазақстанның ресурстық рентасын төмендету жағдайындағы әлеуметтік мемлекет.

№3 Панельдік сессия – Адами капитал

 «Адами капитал экономикалық өсім және дамудың негізі ретінде: Қазақстанда жастар үшін экономикалық мүмкіндіктер мен әлеуметтік лифтілерді жақсарту»

Сипаттама: Сараптамалық талқылау барысында халықаралық, аймақтық және отандық сарапшылар дамушы елдердегі жастардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру бағыттарын талқылайды.

Адами капиталды білім беру, кәсіби даярлау және өзге де жолдармен дамытудың елдің экономикалық өсімі және ауқаттылығы үшін мәні зор. Бұл орайда әлемде жас ақылдар мен дарындар үшін бәсеке күшеюде. Жоғары білікті мамандарды даярлау, ұстап қалу және тарту қабілеті бүгінгі таңда тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі басты артықшылықтардың бірі болып табылады. Әсіресе, бұл мәселе өз ісінің бағалы мамандары мен кәсіби шеберлерінің жаппай кетуі сынды бұрын болмаған жағдаймен уақыт өткен сайын жиірек бетпе-бет келіп отырған өтпелі экономикалы дамушы мемлекеттер мен елдер үшін өзекті.

Читать также ...
Сергей Гуриев станет хедлайнером форума OEF-2019

Дамушы елдердегі экономикалық тұрғыда белсенді халық құрылымындағы жастар үлесінің өсімі күрделі мәселелерді шешуді қажет етеді. Біріншіден, оларға өнімді қызмет жүргізуге мүмкіндік беретін көп көлемде жұмыс орнын табу және қолайлы институционалды жағдайларды (сапалы білім беру, кәсіби даярлау және денсаулық) дамыту жатады. Сонымен қатар, физикалық инфрақұрылым және жастар арасындағы жұмыспен қамтушылықтың жоғары деңгейін сақтап қалу инфрақұрылымын жетілдіру үшін қомақты инвестициялар қажет.

ЕҚҚДБ баяндамасына сәйкес: «Жоғары сапалы институционалды орта инновациялық шешімдер ойлап табуға және әлемдік ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игеруге қабілетті білікті мамандарды ұстап қалу және елге тартуға көмектеседі және осылайша экономикалық өсімге ықпал етеді. Және ол жоғары оқу орны түлектерін білім алуға ынталандыра отырып, жетістіктері үшін марапаттайды. Осылайша, адами капиталды дамыту және институттарды жетілдіру бір-бірін өзара толықтырып отырады және жүргізіліп отырған саясат екі мақсатты қатар көздеуі тиіс».

Талқылау сұрақтары:

  • Қазақстанның қазіргі жағдайында жастардың экономикалық мүмкіндіктерін қолдау және арттыруда қандай шаралар ең тиімді болып табылады?
  • Қазақстандағы ой жылыстауын қалай тоқтатуға болады: дамушы елдердің сәтті тәжірибесі?
  • Қазақстандағы экономикалық өсімді қандай адами капитал және қалай жеделдете алады?
  • Қазақстандағы адами капиталға салынған қандай инвестицияларэкономикалық дамуда нақтырақ көрініс табады?
  • Өтпелі экономикалы елдерде қай білім беру деңгейіне (балабақша, орта мектеп, арнайы білім беру, жоғары оқу орны, бизнес-білім беру) бөлінген қаражат экономикалық дамуға көбірек ықпал етеді? Қазақстанның қазіргі жағдайына бұл тәжірибе сәйкес келе ме?
  • Қазақстан және өзге де дамушы елдер адами капиталға салынған инвестицияның өнімін қалай көреді?
  • Әлемдегі және Қазақстандағы еңбек нарығы мен адами капиталға жаңа технологиялардың әсері. Қандай мамандықтарға болашақта сұраныс жоғары болады?
  • Қазақстанда және экономикалық моделі ұқсас елдерде адами капитал және экономикалық өсім арасындағы байланысты қалай нығайтуға болады?
  • Қазақстанның бүгінгі таңдағы шынайы жағдайында өнімді экономикалық қызметке жастарды қалай тартуға болады?

№4 Панельдік сессия – Теңсіздік

 «Теңсіздіктің санқырлы жүзі: теңсіздіктің күшеюі дамушы мемлекеттердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамудың басты кедергісі»

Сипаттама: Сараптамалық талқылау қатысушылары теңсіздіктің түрлі аспектілері және халықтың барлық еңбекке жарамды топтарын өнімді экономикалық қызметке тарту жолдарын талқылайтын болады.

Әлемдегі теңсіздіктің күшеюі тұрақты дамудың басты қауіптерінің бірі болып табылады. Мысалы, 2018 жылдағы әлемдегі теңсіздік бойынша баяндамаға сүйенсек, соңғы онжылдықта әлемнің барлық дерлік аймақтарында халықтың табысындағы теңсіздік әртүрлі қарқынмен өсіп отырды. Сонымен қатар, даму деңгейі ұқсас болса да, елдер арасындағы теңсіздік деңгейіндегі үлкен айырмашылық теңсіздіктің дамуындағы ұлттық саясат пен жергілікті институттардың маңызды рөлін нақтылай түседі.

Экономисттер  тұрақты және инклюзивті дамуды қалыптастыруда халықтың барлық топтарының экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру маңызды рөл ойнайтынын бір ауыздан айтып отыр. Өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ, сәттілікке қол жеткізе алмаған адамдар оқуға, мансаптық өсу, мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне ықпал етуші инвестициялық не өзге қызметке деген ынтасынан айырылады. Одан басқа, халықтың салмақты бөлігіне ешқандай пайда әкелмейтін нарықтық реформалар  қоғамда ұзақ қолдауға қол жеткізе алмайды.

Теңсіздік – әлеуметтік, экономикалық, гендерлік, ұлттық, аймақтық және өзге де өлшемдерге ие санқырлы құбылыс. Мысалы, халықаралық институттардың пайымдауынша, дамушы елдердегі мүмкіндіктер теңсіздігінің басты факторлары – гендерлік айырмашылық және туған жері, яғни қала не ауыл. Осылайша, БҰҰДБ қаржылай қолдауымен Whiteshield Partners дайындаған Қазақстандағы адами даму туралы ұлттық баяндамаға сәйкес, тұрақты экономикалық дамуға қатысты көптеген мәселер аймақтық дамудағы олқылықтар мен мемлекеттегі теңсіздіктің жоғары болуына; инновация мен инфрақұрылымдардың теңдей дамымауы; өнімділік өсімі, деңгейі және жұмыспен қамтылу қарқынының сәйкес келмеуі; халықтың денсаулық жағдайындағы және денсаулық сақтауға қолжетімділік деңгейінің айрмашылық жасауы; білім беру деңгейіндегі айырмашылықтар және гендерлік теңсіздік болып отыр.

Талқылау сұрақтары:

  • Дамыған және дамгі теңсіздіктің қандай ерекшеліктері бар?
  • Қандай әлеуметтік-экономикалық саясат өнімді қызметке максималды түрде еңбекке жарамды халықты тартуға ықпал етеді?
  • Әлеуметтік-экономикалық, гендерлік және аймақтық теңсіздікті шектеудегі алдыңғы қатарлы тәжірибе және жаңа бағыттар.
  • Кез келген қалыптағы теңсіздікті шектеуге мемлекеттің, бизнестің, қоғамның және халықаралық институттардың қатысуы.
  • Теңсіздіктің тұрақты қалыптарын болдырмау және олармен күресті қалай тиімді жүргізуге болады (әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, аймақтық теңсіздік, гендерлік теңсіздік)?

*****