Central Asia Nobel Fest Live атты орталық азиядағы алғашқы онлайн Нобель фестиваліне тіркелу ашылды.

Нобель сыйлығының лауреаттары мен танымал ғалымдардың қатысуымен алғашқы онлайн ғылыми симпозиум — Central Asia Nobel Fest Live (CANF) 2020 жылдың 1-4 қазан аралығында өтедію. Фестиваль аясында Орталық Азия мен Кавказдың түкпір-түкпірінен келген ғылыми қоғамдастықтар мен студенттер үшін ғалымдар тегін сөз сөйлейтін болады

Тіркелу және фестивальдің толық бағдарламасы сілтеме бойынша: https://nobel-fest.inpolicy.net/

Фестивальдің бас тақырыбы – «Шексіз ғылым: Әлем қайда бара жатыр?».

Төрт негізгі бағыт бойынша 30-дан астам пікірсайыс өтетін болады: 1) адам капиталының болашағы; 2) әлемді өзгертетін технологиялар; 3) медицина мен ғылымдағы жаңа қырлар; 4) инклюзивті экономика және тұрақты даму.

Тек CANF-інде заманымыздың ең өзекті тақырыптары талқыланады: Робототехника денсаулық сақтау жүйесін қалай өзгертеді? Болашақ ауруларымен қалай күресуге болады? Пандемия мен цифрландыру еңбек нарығын қалай өзгертуде? Ғаламды анықтай аламыз ба? Жасанды интеллект әлемді қалай өзгертеді? Биотехнологияны қолдануға шектеу бар ма? Қара тесіктер нені жасырады? және тағы басқа қызықты және зерттелмеген тақырыптар.

Нобель сыйлығының 7 лауреаты симпозиумға қатысатындығын растады: экономика — Эрик Маскин, физика — Дэвид Гросс, химия — Жан-Мари Лен, медицина және физиология — Ричард Робертс және бейбітшілік сыйлығының лауреаттары — Кайлаш Сатярти, Таваккол Карман және Рае Квон Чун. Сондай-ақ, «Ғылыми Оскар» — Breakthrough Prize иегерлері — Дон Кливленд, Хуан Малдасена, Лайман Пейджтің, медицина саласындағы ең беделді Ласкер сыйлығының иегері — Майкл Шитцтің, әлемге әйгілі кибернетик, «капитан киборг» Кевин Уорвиктің, беделді математик және Филдс медалінің иегері, Каучер Биркардың, аты аңызға айналған криптограф, Сильвио Микалидің, сонымен қатар көрнекті экономисттер, Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Йоханнес Линн мен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бұрынғы бас экономисі, Сергей Гуриевтің қатысуы расталды.

Читать также ...
CANF: Орталық Азиядағы алғашқы Нобель симпозиумы

Сонымен қатар, аймақтың инновацияларын мен ғылыми әлеуетін дамытуды бірлесіп ынталандыру мақсатында ұйымдастырушылар, Инклюзивті даму қоры (IDF), Орталық Азия мен Кавказдың барлық университеттерін, бизнес өкілдерін, халықаралық ұйымдар мен қорларын серіктестікке шақырады.

Central Asia Nobel Fest Live фестиваліна қатысыңыздар! Тіркеуге асығыңыз — орындар саны шектеулі. Аймақтағы басты ғылыми шараның қатысушысы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Инстаграмдағы соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмаңыз: https://www.instagram.com/nobel_fest/?hl=ru

 

Байланасатын тұлға:

Жадыра Алтынбаева

Халықаралық жобалар үйлестірушісі

Инклюзивті Даму Қоры

nobelfest@inpolicy.net

+7 708 762 1339