Руслан Асаубаев – қоғамдық мониторинг саласындағы сарапшы

Жанат Нұрғалиев – экономист, INTEGRITY ASTANA коммерциялық емес ұйымының басшысы

 

2020 жылы шілде айында Дүниежүзілік банк Қазақстанға 500 млн доллар несиені мақұлдады. Ол Қазақстанда сиыр етімен қамтитын экологиялық-тұрақты, инклюзивті және бәсекеге қабілетті өндірісті қолдау мақсатында «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруға жұмсалады.

Анықтама: Қазақстанның ДБ алдындағы қарызы – 3,6 млрд доллар. 

Жоғарыда айтқан бағдарлама келесі мәселелерді шешуге арналған:

  1. ірі қара малды (ІҚМ) бірыңғай ақпараттық қадағалау жүйесіне тіркеу;
  2. шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға жақсартылған және жаңғыртылған ветеринарлық қызметтер ұсыну;
  3. шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың 100 мың қожайынын ауылда шаруашылық жүргізудің үздік үлгілерімен таныстырып, оқыту және сертификат беру;
  4. «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын және бордақылау алаңдарына ІҚМ сататын шағын және орта фермерлік шаруашылық санын 20 мыңға арттыру;
  5. экологияға зиянсыз өндірісті қолдауға және етпен қамту саласының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының артуы;
  6. парниктік газ бөлінуін бақылау және ет секторындағы жағдайдың өзгеруіне бейімделетін жүйе құру.

Бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне толық берілген. Бағдарламаның мониторингі мен нәтижелерін бағалауға ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті жауап береді. АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) және АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректерін қорытады. Бұл деректер нәтиже матрицасының индикаторлары бойынша прогресті растап, бағдарламаның іс-шаралар жоспары талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Күн тәртібінде Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бесжылдық стратегиясын қабылдау тұрғанын ұмытуға болмайды. Ол стратегия негізіне ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан тікелей және жанама түрдегі кооперация есебінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндігін пайдалануға қатысты тапсырмаларын орындау кіреді.

Ірі холдингтер өсімдік шаруашылығы шикізатының экспортын арттыра отырып, АӨК-ні дамытуға үлес қосты. Сонымен бірге, шағын шаруашылықтар жабылып қалды. Бұл ауыл шаруашылығындағы жұмыс күшінің айтарлықтай азаюынан көрінеді. Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы еңбек өнімділігіндегі алшақтық ұлғайды, бұл – пайда мен ресурстардың ірі корпоративтік агробизнестің қолына шоғырлануына алып келді. Субсидиялар ірі өндірушілер жаңа технологиялар алу, өнімділікті арттыру және сыртқы нарықтарға қол жеткізуге көмектесті. Бірақ бұл ауылдық жерлерде тұратын халықтың көп бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әкелген жоқ.

Біздің ойымызша, ішкі нарық, импорт алмастыруға басымдық берілуі керек; ол үшін мемлекеттің назары мен қолдауы қосымша құнға қол жеткізу мақсатында шикізатты қайта өңдеуге бағытталуы тиіс.

«Экспортқа ІҚМ етін шығару әлеуетін арттыру жобасы» атты республикалық бағдарламаны жүзеге асыру барысында АШМ биылғы жыл соңына қарай Қазақстанның ет экспорты 180 мың тонна болады деп есептеген. Бұл индикатор 2011 жылы енгізілген. Қолда бар статистикалық ақпаратқа сәйкес, бұл айтылғанның 5%-ын экспорттау да қиын соғары анық.

ДБ жобасына оралайық. Біз халықаралық қаржы институты ақша бөлетін жобаның 8 негізгі міндеті мен тәуекелін анықтадық.

 

Читать также ...
Несиені талдау: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қаншалықты тиімді болды?

 

1-кесте. Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасының міндеттері мен тәуекелдері

ПозицияМіндетТәуекел 
1Дүниежүзілік банктен 500 млн доллар несие алуРеспубликалық бағдарламаны қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтуТеңгенің тым құбылмалы болуы, мұнай бағасының төмендеуі. Бұл теңгелей қарыздардың ұлғаюына әкелуі мүмкін. 
220 мың фермерді несиелендіруМал басы, техника мен жабдықтар сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыру.Отандық фермерлердің несиесінің көптігі, жер ресурстарына еркін қол жеткізе алмауы. Бұл жаңа ашылған және жұмыс істеп тұрған ШОБ үшін жер мәселесінің шиеленісуіне, жемқорлық артуына әкелуі мүмкін.
3100 мың фермерді оқыту Фермерлердің біліктілігін арттыру«Атамекен» ҰКП мен ЖОО бағдарламасын қайталайды, білікті оқытушылар жоқ. Оқудың сырт көз үшін өтуінің нәтижесінде тиімсіздік болады.
4Энергиямен жабдықтаудың балама көздерін қолдана отырып, шалғайдағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға фермерлерді қаржылай қолдауӨнімнің өзіндік құнының түсуіЖайылым сапасының төмендігі сырттан әкелінетін малдың генетикалық әлеуетін көруге мүмкіндік бермейді. Өнімділік төмендейді. Импорт жабдықтар есебінен борыш ұлғаяды.
5Сиыр етін экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құруОтандық өнім сапасының стандарттарын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіруИнфрақұрылым, НҚА, жұмыс тәжірибесінің болмауы. Бухгалтерлік есеп деңгейінің төмендігі, жабдық жоқтығы және жұмыскерлер болмауы. Барлығы сырт көз үшін ғана жүзеге асырылады. 
6Шағын және орта шаруашылықтарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ветеринарлық іс-шаралар жүргізуге жеке практик ветеринарларды тартуБілікті мал дәрігерлерін тартуЖеке ветеринария қызметінің қымбаттығы. Қазақстанда білікті ветеринарлар жеткіліксіздігі. Тек 2019 жылы ғана Қазақстанда 7 мың ветеринар маман тапшылығы тіркелді.
7Экспортқа шығару үшін Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытуЭкспортқа өнім шығару рентабельділігін арттыруСапалы өнімді қамтамасыз ете алатын мал басының импортын арттыру. Ішкі нарықтағы ет бағасының өсуі. Отандық өндірушілердің импорттық генетикалық материалға тәуелді бола түсуі.
8Етті мал шаруашылығының отандық өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттауБәсекеге қабілетті өнім экспорттауӨндіріс көлемінің төмендігі. Отандық шаруашылықтарда генетикалық факторларды, етті малды азықтандыру және ұстау жағдайларын ашу үшін жағдай жасалмаған. Аса қауіпті аурулардың жыл сайын шығып тұруы дайын өнім экспортын жолға қоюға мүмкіндік бермейді. Шетелдік алпауыттардың дайын өнімді сатып алғысы келмеуінен тірі мал экспортталып, ел ішінде бағаның өсуіне әкеледі.

Бағдарламаның міндеттері мен тәуекелдерін бағалау нәтижелерін көре отырып, бірқатар тұжырым өздігінен туындайды.

Экспортқа арналған етті мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік саясаттың жалғыз беталысы болмауы керек. Егер импорт алмастыру міндетін алға қояр болсақ, мемлекет етті терең өңдеу және сүт өнімдері бағытын да басымдық ретінде қарастыруы тиіс.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы жер мәселесінің шиеленісуіне, сондай-ақ жем-шөп базасы, техникасы және асылдандыру жұмыстары дайын емес фермерлерге мал басы импорты міндетінің артуына әкелуі мүмкін.

Ішкі нарықта сиырдың тарғыл етіне сұраныстың болмауы етті мал шаруашылығының өзін-өзі ақтай алуына күмән туғызады, сондай-ақ ел ішінде сиыр еті бағасын көтеріп жібереді.

Ветеринария саласын да дайын деп айта алмаймыз. Тек 2020 жылдың өзінде Қазақстанда аса қауіпті аурулардың екі ошағы тіркеліп, ветеринар дәрігерлердің аздығы, біліктілігінің төмен екені анықталды.

Терең өңдеуді дамыту үшін мемлекет тарапынан пайда мен мүлікке салынатын салықтарға жеңілдік жасап, сырттан әкелетін жабдық, қосалқы материалдар мен шикізатқа салынатын кедендік төлемдерден босату түрінде қолдау қажет. Мемлекет қайта өңдеушілердің басына түсетін барлық сыртқы және ішкі тәуекелдерге тез ден қойып, баж енгізу, шикізат экспортына тыйым салу арқылы да оларды азайтуы қажет.

 

Читать также ...
COVID-тен кейінгі бизнес: қолдаудың зияны болуы мүмкін бе?

Мақала авторлар жүргізген зерттеу негізінде дайындалған.