2020 жылы қазан айында қазақстандық «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы өзінің тұрақты даму саласындағы қызметін алғаш рет Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі бағалағанын хабарлады. Бұл назар аударарлық оқиға. Себебі қазақстандық компаниялар ESG рейтингтерін өте сирек алады. Рейтинг «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның ESG-тәуекел деңгейін шетелдік компаниялармен салыстыруға мүмкіндік береді және оның әлемдік капитал нарығындағы орны маңызды болады.

Шетелде инвестициялауды мойынға алу соңғы жылдары күшті трендке айналып келеді. Бұл дегеніміз, инвесторлар инвестиция салу туралы шешім қабылдаған кезде таза қаржылық және экономикалық тәуекелдерден басқа, компанияның экологияны қорғау саласындағы (environmental) жұмысын, оның әлеуметтік саясатын (social) және корпоративтік басқару деңгейін де (governance) есепке алады деген сөз.

Бір жағынан, ESG тәуекелдерін бағалау ұйымдарды бизнесті жауапты жүргізуге ынталандыруға көмектеседі, өйткені инвесторлардың ақшасы ESG ең жақсы үлгісін өз жұмысына енгізуге күшті дәлел саналады. Мысалы, климаттың өзгеруіне немесе кедейлікке қарсы нақты күш салу сияқты нақты іске жұмсауға болады. Сондықтан бұл трендті реттеушілер мен қор биржалары белсенді қолдайды.

Екінші жағынан, инвесторлар ESG тәуекелдерін басқару бизнес нысанның инвестициялық тұрақтылығына ұзақ уақыт бойы ықпал ететінін көреді. Бұл инвестиция салуға сенім береді. Бұны қаржылық емес тәуекелдер деп атайды, олар бұрын инвестицияларды бағалауды есептеу кезінде жиі ескерілмейтін.

Енді шетелдік сарапшылардың ESG-тәуекел рейтингі қазақстандық экономика тіректерінің бірі — «ҚазМұнайГаз» ҰК-да пайда болды.

 

Ол қалай жұмыс істейді?

Sustainalytics агенттігінің ESG тәуекелдер рейтингі компанияның экономикалық құны ESG факторларына байланысты немесе, техникалық тұрғыдан алғанда, компанияның басқарылмайтын ESG тәуекелдерінің деңгейімен анықталады. Сарапшылар компанияның тәуекелдерге қаншалықты бейім екенін қарай келе, одан менеджмент жүйесі, саясат, ішкі бақылау және мониторинг арқылы компания басқаратын тәуекелдердің көлемін алып тастайды. Қалған ескерілмеген тәуекел – рейтинг мәнін білдіреді. Индекс неғұрлым жоғары болса, компаниядағы ESG менеджменті қамтымаған тәуекелдер соғұрлым жоғары болады.

Читать также ...
Дивиденд тарту: «Самұрық-Қазына» президенттің тапсырмасын қалай орындады?

Басқаруға көнбейтін тәуекел екі жағдайда пайда болады: компания менеджменті саланың ерекшелігіне және бизнесті жүргізу жағдайларына байланысты жалпы бақылай алмайтын тәуекел; және корпоративтік басқару жүйесіндегі олқылықтар салдарынан бақыланбайтын тәуекел (яғни менеджмент бұл тәуекелді негізінен басқара алар еді). Осы бақылауға көнбейтін екі тәуекел түрі бірігіп, рейтинг мәніне айналады.

Рейтинг нөлден бастап ашық шкала бойынша қойылады (тәуекел жоқ), ал ең жоғары балл 95% жағдайда 50-мен шектеледі. Рейтинг мәніне сүйене отырып, компаниялар тәуекелдің бес санатының біріне топтастырылады (шамалы, төмен, орташа, жоғары, күшті).

 

Жүгенсізді жетекке алу

«ҚазМұнайГаз» ESG-тәуекел рейтингін 34,4, деңгейі бойынша алды. Бұл – бақыланбайтын ESG тәуекелінің жоғары екенін көрсетеді. Компания тәуекел деңгейі бойынша бестіктің төртінші санатына кірген.

Sustainalytics ашық дерекөздері бойынша ҚМГ тәуекелдерінің қай бөлігі менеджмент жетіспеушілігінен бақылаусыз екенін және қайсы мүлдем бақыланбайтынын сарапқа салуға мүмкіндік жоқ. Алайда, ҚМГ рейтингін басқа мұнай компанияларының рейтингтерімен салыстыра отырып, ESG тәуекелдердің жоғары деңгейі жалпы мұнай-газ саласына тән деп айтуға болады және өз саласындағы шетелдік ірі өкілдері жанында «ҚазМұнайГаздың» жағдайы жақсы көрінеді.

Мұнай саласындағы салалық тәуекелдер деңгейі тұрақты дамуға арналған жаһандық трендтің маңызды элементтерінің бірі – төмен көміртекті экономикаға ұмтылу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес болғанымен байланысты болуы ықтимал. Бұл бойынша мұнай компанияларына о бастан қысым қатты. Олар экологияға мүмкіндігінше кері әсерін тигізбеуі керек. Дегенмен мінсіз басқарылған жағдайда да тәуекел жоғары болып қала береді.

Читать также ...
Билл Гейтс: Уақыт жоғалтуға болмайды

Sustainalytics сарапшылары ҚМГ-дағы ESG тәуекел басқаруын «мықты» деп бағалады. Басқаруды бағалауға компанияның ESG саласындағы бағдарламалары, тәжірибесі және саясатының сенімділігі кіреді. Дегенмен, сала мен бизнес-модельге байланысты, тәуекелге ұшырау қаупі бәрібір «жоғары» деп бағаланды. Бұл компания рейтингінің жоғары мәні менеджмент басқара алмайтын тәуекелдермен байланысты деп болжауға мүмкіндік береді.

Sustainalytics-тен ESG-тәуекелдер рейтингін алған 283 мұнай-газ компаниясы ішінде ең ірі Қазақстан мұнай компаниясы 37-орында тұр (тізімдегі позиция неғұрлым төмен болса, тәуекелдер соғұрлым жоғары болады). Ағылшын-голланд Royal Dutch Shell PLC, мысалы, 35,8 тәуекел-рейтингіне ие болып 45-орында тұр, ал британияның BP p.l.c. 57-орында. Ресейліктер тіпті төмендеу түсіп, «Газпром» 58-орынға барған. Америкалық (Қазақстандағы активтерімен де) Chevron Corporation тәуекел деңгейі бойынша бесінші топқа кіріп тұр (ең жоғарғысы), тәуекел рейтингі – 40,3. Ең жоғарғы көрсеткіш Қытай алпауыттарында. Шамасы, Қытай корпоратив саласында тұрақты дамуға аса мән бермейтін болса керек.

Ал рэнкинг көшбасшылары арасында Италияның Eni SpA (7-орын) мен француз Total SE (9-орын) тұр. Екі компания да  орташа ESG-тәуекел тобына кіреді. Бұл Еуропа реттеушілерінің өңірдегі бизнес жүргізудегі экология мен әлеуметтік мәселелерге қаншалықты талап қоятынын көрсетсе керек.

Ендеше, қазақстандық мұнай алпауыты да өз саласы бойынша жақсы позицияда тұр. Тіпті кейбір еуропалық мұнайшылар ESG тәуекелдерді одан әрі де төмендетуге болады дегенді көрсетіп жүр. Сол аты аталған Eni SpA да Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Қарашығанақ кен орнының кооператоры және NCOC (Қашаған кен орнындағы консорциум) серіктесі. Қазақстанда да ESG тәуекелдердің неғұрлым төмен деңгейін қолдай отырып, жұмыс істеуге болатыны айдан анық.

Читать также ...
Тұрақтылық тренді: Қазақстанда ESG мәліметтерін кім және қалай жариялап жүр?

 

Талап пен мүмкіндік

Sustainalytics пікірінше, ҚМГ шешуге тиіс негізгі ESG талап –операциялық жұмыс барысындағы ауаға көміртегі тарауы және компания өнімін пайдаланудан тарайтын зиянды қалдықтарды азайту. Екі фактор да жалпы барлық мұнай компаниясына тән. Сондай-ақ, сарапшылар ұлттық компания қызметіндегі «өзі жұмыс істеп отырған өңірлердегі қауыммен өзара қарым-қатынасты» да атап отыр. Бұл ірі өндірістік компания үшін, әсіресе табиғи ресурстарды пайдаланушылар үшін қалыпты тәуекел саналады. Сонымен қатар, қазақстандық мұнайшылардың мәселе көтеріп, қоғамға үндеу тастауы да есімізде (2011 жылы Жаңаөзенде болған ереуілді еске алайық). Бұл дегеніміз, ҚМГ тәуекел рейтингінің ESG деңгейі бірінші кезекте осындай сын кезеңдегі басқару сапасына да байланысты болады.

«Қазмұнайгаздың» ESG тәуекелдерді басқару саласындағы табыстарын әдепкі деп де қабылдамаған жөн. Компания соңғы бірнеше тұрақты даму саласында мақсатты жұмыс жүргізуде және ол өз жемісін беруде де. ESG мәселелері корпоратив басқару жүйесіне және стратегияға енгізілген. Өткен жылы, мысалы, компанияда негізгі бизнес-процестерге тұрақты дамуды интеграциялауға жәрдемдесу мақсатында тұрақты даму жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Осы саладағы менеджменттің дамуы ұйымның стратегиясында бекітілген. ESG рейтингі компанияның тиімді жұмысының бірі болады. Оны ҚМГ әлі де жақсарта түсуді көздеп отыр. Соңғы екі жыл ішінде ҚМГ тұрақты даму мәселелері бойынша ақпаратты жария түрде беру деңгейі бойынша Қазақстандағы үздік үштікке кіреді – бұл ESG менеджментінің рейтингке әсер ететін маңызды факторы.

Мұнай-газ өнеркәсібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК жұмысы Қазақстан экономикасына едәуір мультипликатив әсер береді. Сондықтан бұл компанияның алда тұрақты дамуға деген ұмтылысы жалпы экономиканың тұрақтылығына әсер етеді және назар аударып, қолдауға лайық. Дегенмен, экономика бастапқы ESG тәуекелдері төмен салалардағы компанияларға көбірек тәуелді болғаны одан да жақсы болар еді.

Читать также ...
«Самұрық-Қазына жылы»: 2019 жылы Қор табыс тауып, шығындарын да мойындады

Компанияның өзінде ESG саласында рейтингтің болуы мен оны жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қазіргі инвестициялық трендтерді ескере отырып, шетелдік капитал нарығында өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.