Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚР ҰБ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарды таңдау ережесін жалпыхалықтық талқылау үшін жариялады. Құжаттың мәтіні бойынша ғана емес, оның әрбір бабы бойынша да комментарий беруге болады.

Ілеспе баспасөз хабарламасында жобаның мақсаты – сыртқы басқарушыларды таңдау процесін жетілдіру және әлемдік тәжірибені қолдану деп көрсетілген. Баспасөз хабарламасында: «Жоба сыртқы басқарушылар қызметінің операциялық және инвестициялық дью-дилидженс жүргізуіне, ықтимал сыртқы басқарушылардың резерв тізімін қалыптастыруға, сыртқы басқарушылар тарапында стажировка және секондменттен өту мүмкіндігіне қатысты өзгерістерді қарастырады», – делінген. Талқылауға екі апта уақыт беріліп отыр, 16 сәуірден 30 сәуірге дейін: карантинде уақыт өткізгің келсе, үйде отырып, зейнетақы активтерін (ЗА) сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін зерттеуге болады.

Бұл құжаттың Қазақстанның басқа да байлығы үшін сыртқы басқарушыларды таңдауға қатысты нормативтік-құқықтық актілермен байланысты екені анық. 2019 жылдың желтоқсан айында жобалар жарияланды, ал 2020-ның наурыз айында ҚР Ұлттық қоры мен ҚР ҰБ алтын-валюта активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі бекітілді. Қаржылық реттеуші оны талқылауға шығарған жоқ, дегенмен, мәтін ашық дереккөзде бар. Бұған дейін алтын-валюта резервін (АВР) де, Ұлттық қор (ҰҚ) активін де басқарудың инвестициялық стратегиясына өзгерістер енгізілгенін ескерсек, таңдау ережесін қайта жасау техникалық сипаттағы шаруа болуы мүмкін.

 

Таңдау критерийлері

БЖЗҚ келтірген деректерге сүйенсек, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, ЗА азғантай бөлігі ғана сыртқы басқарушыда – жалпы сома 11,7 трлн теңгенің 3,3%-ы ғана. 2015 жылдың тамыз айында еркін айырбас бағамы режимі енгізіліп, теңге активтері долларға қатысты екі есе арзандағаннан кейін, БЖЗҚ, дәлірек айтсақ зейнетақы активтерін басқарушы Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына тәуелділікті төмендету үшін активтерді шетел валютасында шығара бастады. Қазіргі кезде ЗА валюталық құрылымында 30%-дан астамы долларға тиесілі, басқа шетел валюталарымен, соның ішінде Ресей рублімен (кесімді құны 0,31%) – 33%, яғни активтердің үштен бірі. Бұл есептеу дұрыс болып шықты – коронавирус пандемиясы мен оның салдарына байланысты теңге активінің құнының түсуін аз да болса қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 2020 жылдың басынан бергі инвестициялық түсім 667,7 млрд теңге болды, ол негізінен шетел валютасын қайта бағалау есебінен болды – плюс 523 млрд теңге. Әлемдік қор индекстерінің құлдырағанын ескерсек, бұл көрсеткіш тіпті де жаман емес.

Читать также ...
Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады?

Қазіргі кезде ЗА бір бөлігі үш шетелдік компанияның басқаруына берілген, олар: Aviva Investors Global Services Limited – дамушы елдер облигацияларының мандаты бойынша; HSBC Global Asset Management (UK) Limited – жаһандық акциялар; PGIM Limited және Principal Global Investors (Europe) Limited – корпоративтік облигациялар.

Өткен жылы ЗА басқару үшін Aviva Investors компаниясына бергені туралы белгілі болғанда дау-дамай туғанын естеріңізге сала кетейік. Бұл деректі талқылау әлеуметтік желінің ауқымынан шығып кетті, Ұлттық банкке «зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыны таңдау механизмдерінің принциптеріне қатысты» депутаттық сауалға жауап беруге тура келді. Жаңа қаулының жобасы жарияланғаннан кейін кез келген адам БЖЗҚ активтері сеніп тапсырылатын шетелдік компанияны таңдау механизмімен таныса алады, дәлірек айтсақ, теория жүзінде – заңнама бойынша солай.

ЗА басқарушы компанияларға қойылатын талап жұмыс тәжірибесі аз, кішігірім компанияларға жол бермеуге бағытталған. Жаһандық мандат бойынша жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем емес, ал басқаруындағы актив көлемі 25 млрд доллардан кем емес болуы тиіс. Арнайы мандат бойынша сыртқы басқарушыға қойылатын талап сәл жеңілдеу: жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, ал клиенттің басқаруындағы актив көлемі 1 млрд доллардан кем емес болуы тиіс.

Бір басқарушыға шетел валютасымен  зейнетақы активінің 10%-дан аспайтын мөлшері ғана беріледі.

Бұл ретте әлі де өсуге болады, өйткені қазіргі кезде шетелдік компаниялар ЗА-ның 3%-ын ғана басқарады.

Шынтуайтында, сыртқы басқарушыға қойылатын негізгі талаптар 2013 жылы зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіргеннен кейін қабылданған шетелдік ұйымдарды таңдаудың бірінші ережесінде бекітілген, 2017 жылы қайта өңделген талаптармен ұқсас.

Читать также ...
Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма?

Үміткерден сұралатын ақпараттар тізімінде ғана аздаған өзгеріс бар екенін байқауға болады: соңғы құжатта, мәселен, ұйымның бас кеңсесінің кредиттік рейтингі туралы тармақ түсіп қалған, ол 2017 жылғы нұсқада бар болатын. Бұған қоса 3-қосымша пайда болған, бұл алғашқы екі құжатта жоқ болатын: «Инвестициялық және операциялық дью-дилидженс аясында ықтимал шетелдік басқарушылардың қысқаша тізімінен ұсынысқа салыстырмалы анализ жасау үшін бағалау критерийлері». Баспасөз хабарламасында айтылған нәрсе осы.

 

Өзіміздікі қайда?

2015 жылдан бері қарай зейнетақы активтерін басқаруға отандық басқарушы компанияларды (БК) тарту жөнінде айтылып келеді, бірақ, бұл ұмытылып та кеткен сияқты. Әйтпесе, заң шығару қызметі қарқынды жүрген өткен жылдың желтоқсан айында ҚР ҰБ өзінің 2013 жылғы 27 тамыздағы (!) қаулысына өзгертулер енгізді, бұл құжатта ҚР ҰБ лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау ережесі, «соның ішінде оларға БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқару үшін әрекет етуге тапсырма беру талаптары» бекітілген болатын.

Жаңа уәкілетті орган – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі пайда болуына орай құжаттың атауы өзгертілді, сонымен бірге ықтимал басқарушыға қойылатын талаптар күшейтілді. Атап айтқанда: өтініш берілген күннің алдындағы күннен бастап соңғы есептік ай бойы бұзушылықтың болмауы, пруденциялық нормативтердің болмауы, сонымен бірге өтініш берілген күнге уәкілетті органның басқарушы компанияға қадағалау шарасы және (немесе) санкцияның болмауы.

Өзгертулер биылғы жылдың басынан бастап күшіне енді.

Ал зейнетақы активтерін отандық компаниялардың басқаруына беру мәселесі әлі де шешілген жоқ.

ҚР ҰБ сайтында Зейнетақы активтерін басқару компаниялары (ЗАБК) туралы соңғы деректер 2013 жылғы.

Читать также ...
COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады?