Қазақстанның мейлінше дамыған үздік 30 елдің қатарына кіруіне қажетті ең басты құрал – экономикалық өсім. Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктері бұл міндет орындалуы үшін ортамерзімді перспективада ЖІӨ өсу қарқыны жылына 5%-дан кем болмауы тиіс екенін үнемі айтумен келеді. Бұл міндет әр жерде бір айтылумен келеді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 24 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «ЖІӨ өсімін 5 пайызға жеткізу үшін 2024 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі ЖІӨ-нің 30%-ы болуы тиіс», – деген болатын.

Осы отырыста премьер-министр Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,5% болғанын айтты. Бір қарағанда, мақсат қолсозым жерде сияқты. Алайда, 5 пайыздық өсімге Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда қол жеткізуі екіталай.

 

Өсім кардиограммасы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі дайындаған 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (2019 жылдың желтоқсан айындағы) еліміздің ЖІӨ-сінің жыл сайынғы өсімі көрсетіліп, 2024 жылы 4,7% болады деп болжанған.

Құжатта: «Қазақстан экономикасы бірқалыпты әлемдік экономикалық өсім аясында дамиды, сонымен бірге дамуға біртіндеп сұраныстың артуы мен шикізат тауарларына бірқалыпты бағаның сақталуы ықпал етеді. Сонымен бірге жалпы жинақтың мейлінше жоғары деңгейге көтерілуі, халықтың тұтынуы мен экспорттың бірқалыпты және тұрақты дамуы тұрақты және үдемелі экономикалық өсім болады деген болжам бар», – делінген.

Алайда, халықаралық ұйымдар Қазақстан билігі сияқты оптимистік болжам жасап отырған жоқ. Дүниежүзілік банктің соңғы шыққан Жаһандық экономика перспективасында (Global Economic Prospects, 2020 жылғы қаңтар) ҚР ЖІӨ-сі 2018 жылғы 4,1%-дан 2020 жылға дейін 3,7%-ға дейін төмендейді деген болжам келтірілген; ДБ 2021 жылы Қазақстан экономикасы 3,9%-ға дейін көтерілгенімен, 2022 жылы қайтадан төмендеп, 3,7% болады деп отыр.

Читать также ...
Қазақстандағы «голланд ауруын» қалай жеңуге болады?

ХВҚ-ның ел билігімен экономикалық жағдай туралы кеңесу қорытындысынан кейінгі баяндамасында (2020 жылғы қаңтар) жақын жылдардың болжамы аса көңіл көншітпейді: 2020 жылы ҚР ЖІӨ-сі тек 3,6%-ға ғана өседі, 2021-де 3,8% болса, 2022 жылы 3,4%-ға дейін төмендейді.

 

Себебі… мұнай жоқ

ХВҚ билікпен кеңесу кезінен кейінгі баяндаманы жыл сайын жасайды. Биыл ХВҚ өкілдері 30 қазаннан бастап 12 қарашаға дейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында кеңесу өткізген, валюта қорының өкілдерімен кездескен шенеуніктер арасында премьер-министр Асқар Мамин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бар. Құжат 2020 жылғы 29 қаңтарда жарияланды.

ХВҚ сарапшылары 2019 жылы ҚР экономикасының өсіміне ішкі сұраныстың жоғарылығы ықпал еткенін айтады, атап айтқанда, ірі мұнай-газ компаниялары даму жобаларына инвестиция салған, сонымен бірге үкіметтің және үй шаруашылығының шығындары артқан. Үй шаруашылығының белсенділігіне тұтыну несиесі көлемінің артуы да ықпал еткен. Мұнай бағасының төмендеуі, импорттың артуы салдарынан төлем балансы нашарлаған. Инфляция ҚР ҰБ белгілеген межеде сақталған (4-6%), айырбас бағамы да салыстырмалы түрде тұрақты болған.

ХВҚ болжамы бойынша, жақын жылдары негізінен мұнай алу көлемінің тұрақталуына байланысты өсім баяулайды, есесіне мұнай емес сектордың өсімі айтарлықтай тұрақты болады. Өсім қарқынына әлемдегі жетекші экономикалардың сауда соғысы мен биржа тауарлары бағасының құбылмалы болуы кері әсерін тигізуі мүмкін.

Мұнай – экономикалық өсімнің қозғаушы күші, ХВҚ сарапшылары да мұны жасырмайды. Экономика министрлігінің болжамы бойынша, алдағы екі жылда мұнай алу көлемі 90-91 млн тонна шамасында сақталады. Мұнай алу көлемінің артуы тек 2023 жылға қарай болуы мүмкін, Теңіз бен Қашағандағы жобаларды кеңейту аяқталғаннан кейін жылына 100 млн тонна мұнай алу көзделіп отыр.

Читать также ...
3 әріптен тұратын экономика: Қазақстан қалай қалпына келеді?

2020-2022 жылдары экономикалық өсім баяулаған уақытта ЖІӨ өсімі мұнай емес сектор есебінен болады. ХВҚ болжамы бойынша, бұл кезеңде мұнай емес сектордың өсім диапазоны 4,8, 4,5 және 4,3% болады. ҚР ҰЭМ болжамына сәйкес, 2020-2022 жылдары елдің ЖІӨ-сінен жоғары деңгейде өңдеуші өнеркәсіп, сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығы дамиды (жылына 4,6%-дан 6,3%-ға дейін), ал басқа негізгі салалар 0,1%-дан бастап (электрмен қамтамасыз ету), 3,2% (көлік) 3,7% (ақпарат және байланыс) шамасында болады.

 

Өсу төмендесе, профицит көтеріледі

ҚР Үкіметі әлі де ҰЭМ болжамын басшылыққа алатын болса, 2020-2022 жылдардағы ЖІӨ өсімінің төмендеуі Үкіметтің күн тәртібінде әзірге жоқ. Өсім қарқыны төмендеген жағдайда үкіметтің қандай шара қолданатынын болжау қиын.

Біріншіден, өсу қарқынының 3-4% аралығында болуы ел үкіметі үшін соңғы бес жылдағы қолайлы өсім. Екіншіден, президент айтқан мақсат 2024 жылға жоспарланып отыр, сондықтан 2020-2022 жылдары ЖІӨ-нің 5%-дан төмен болуы үкіметті алаңдата қоймайды. Шенеуніктер мұндай істе нақтылықты жақсы көреді.

ХВҚ болжамына негіз болған көрсеткіштерге сүйенсек, контрциклдік саясат құралдарын қолдау бола қоймайды. Үкіметтің ЖІӨ-ге қатысты шығын үлесі 2019 жылғы 20,1%-дан 2022 жылы 19,4%-ға дейін қысқарады.

ҚР Ұлттық қорынан (ҰҚ) трансферт алу жоспарланып отырған жоқ, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру нәтижесінде оның көлемі онсыз да жоғары деңгейде: 2020-2021 жылдарға 2,7 трлн теңге болса, 2022 жылға – 2,6 трлн теңге. Салыстыру үшін айтсақ, 2015-2016 жылдардағы рецессия кезеңінде ҰҚ-дан алынған трансферт 2,5 және 3,2 трлн теңге болды.

Читать также ...
Жеңілдетілген экономика «қақпанындағы» Қазақстан

2022 жылға қарай мұнайдан түсетін табыс (2019 жылмен салыстырғанда) ЖІӨ-нің 6,8%-ынан 5,8%-ға дейін төмендейді. Ал экономиканың мұнай емес секторынан түсетін түсім 13,7%-дан 14,9%-ға дейін көтеріледі. Бюджет үшін негізгі салық, яғни қосылған құн салығы бұл кезеңде ЖІӨ-нің 3,7%-ынан 4,3%-ына дейін көтеріледі. Жалпы алғанда 20%-ға дейін көтеріледі.

Алдағы үш жылда экономиканың мұнай емес секторынан салық түрінде қосымша шамамен 7,6 трлн теңге алу жоспарланып отыр (ҰЭМ деректері бойынша автордың есебі).

ХВҚ сарапшыларының есебіне сүйенсек, салық тұрақтылығының нәтижесі профицитті бюджетке өту болады, 2019 жылғы -0,2%-дан 2022 жылы 1,3% болады.

ХВҚ мұндай шешімді қолдайды: «Қазынаны нығайту жалғасуы керек. 2019 жылы әлеуметтік бастамаларға кететін шығынды арттырудан туындаған талаптарды жұмсартудан кейін нығаю саясатына оралу уақытты қажет етеді. […] Мемлекеттік шығынның тиімділігін арттыру және тиімсіз бағдарламаларды тоқтату бағытында күш салу, сонымен бірге салық түсімдеріне әкімшілік басқаруды жақсартқан дұрыс. Төлемді алу және салық каникулы салық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Салық саясатын өзгертуді (ҚҚС, табыс салығы) әділдік және ілгерілеушілік тұрғысында зерттеп, түсімді арттыруға қатысты зор мақсаттарға қол жеткізу керек».

Өзгерістер ірі бизнеске де әсерін тигізеді, бірақ олар аса қатты сезбеуі де мүмкін. Ірі бизнес негізгі салық төлеуші болып қала береді, ал деңгейлес мониторинг сияқты бастамалар компанияның дәстүрлі тексеру нәтижесінде туындайтын шығындарын азайтуы мүмкін.

Қазақстандағы микро және шағын бизнес үшін қазыналық тұрақтылық бақылауды күшейту дегенді білдіреді (онлайн кассалық бақылау аппаратын қолдануды міндеттеу арқылы), сондай-ақ патент бойынша жұмыста арнайы режимді жою, ҚҚС-ға шек қоюды төмендету, өткен күнмен бюджетке түсіп жасау тетіктерін енгізу дегенді білдіреді.

Читать также ...
Қазақстан-2020: ЖІӨ құлауда, мемлекеттік шығын көбеюде, кедейлік артуда

Шағын кәсіпорындардың шығыны артады, сондықтан кәсіпкерлердің бұл тобы үкімет экономикалық өсімді осындай кәсіпорындар есебінен қамтамасыз етіп отыр деп есептеуі заңдылық.