8 қараша, 2019 жыл. Алматы. Бүгін Алматыда екінші «Ашық экономика» форумы өтті. Шараның тақырыбы – «Институционалдық реформалар, адам капиталы және оның инклюзивті экономикалық дамуға әсері».

«Экономикалық дамуды қамтамасыз ететін не? Бұл – саяси биліктің есеп беруін дамытатын және соған сәйкес экономикалық ойынның тұрақты ережелерін жасайтын институттар. Егер біз жан басына шаққандағы ЖІӨ мен демократия арасындағы корреляцияға қарайтын болсақ, демократиялық кедей елді көрмейміз», деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-бас экономисті, Sciences Po университетінің профессоры Сергей Гуриев.

Профессор Гуриев институттарды зерттеу тарихына шолу жасап, Стэнли Энгерманнан Дарон Аджемоглуға дейінгі негізгі заманауи зерттеуші-институционалистердің тезистерін де көрсетті. Институттарды әртүрлі қоғамда құрудың түрлі негіздемелері бар. Кей интерпретацияда ол құқықтық жүйе болса, кейбірінде – аумақты (метрополия немесе колония) тұрғындармен эксплуатациялаудың сапасы.

Институттар арасында, тіпті колонияларда құрылған институттардың сапасы да байқалды: қандай ресурстар метрополия нарығы немесе әлемдік нарыққа экспортталды. Теңсіздіктің маңызды аспектісі барлық демократиялық емес  режимдерге тән жоғарғы дәреже.

«Посткоммунистік елдер мынаны назарда ұстауы керек: сіздерге инвестиция емес, инновация керек, мемлекет пен холдингтерге басымдық беру емес, адам капиталындағы бәсекелестік пен даму керек», деп атап өтті Сергей Гуриев.

Жиында экономист-теоретиктен кейін практиктер сөз сөйледі. «Тұрғындардың көпшілігі ішкі дағдайға көңілі толмай тұрғанда, мемлекетті дамыту өте қиын. Қоғамның тұрғын үйге, білімге, денсаулық сақтауға, қоршаған ортаның жағдайына да көңілдері толмайды», деп мойындады Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Читать также ...
OEF-2019 бағдарламасы

«Әл-ауқат пен өмір сапасының дәрежесін өлшеу үшін бізге көрсеткіштердің жиынтығын сараптау керек. Қазақстан тұрғындарының жан басына шаққандағы ЖІӨ дәрежесі бойынша үлкен прогресс жасады, бірақ жалақыны қысқартудағы айырмашылыққа шара қолдануымыз керек», деп ескертті Қазақстанның экс-экономика министрі Жақсыбек Құлекеев.

Форум қатысушыларына 2017 жылы болған алғашқы OEF бас спикері, экономикалық қиындықтың мойындалған зерттеушісі Сезар Идальго үндеу жасап, заманауи институттардың сапасы мен үкіметке деген сенім арасындағы байланысқа, сонымен қатар, әлемдегі наразылық шараларының көбеюіне  баса назар аударды.

Форумға 7 елден (Армения, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украина) 30 спикер мен 150 қатысушы келді.

Форумдағы талқылаулардың толық бейне-нұсқасы біздің YouTube каналымыздан көре аласыз.

OEF-2019 ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан қоры мен Ekonomist.kz жобасы.