Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы 2021 жылдың 3 маусым күні «Ақылы жəне ақысыз жұмысқа және күтім жасау жұмысына пандемияның гендерлі-дифференциалды əсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстел Қазақстан жəне Орталық Азиядағы пандемияның əсерінің гендерлік мəселелерін талқылау жəне бар проблемаларға əсерлі жəне тиімді шешімдер табу үшін өткізіледі; COVID-19 пандемиясының əйелдер мен ерлерге арналған ақылы жəне ақысыз еңбекке теріс əлеуметтік-экономикалық əсерін жою бойынша тиімді саясатты ілгерілету үшін үкімет, ғылыми орта, халықаралық жəне азаматтық қоғам ұйымдарының ынтымақтастығына ықпал ету.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлейтіндер:
- Қазақстан Республикасы Нархоз Университеті КЕАҚ Президенті – Басқарма төрағасы – Мирас Дауленов,
- Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрайымы – Аида Айдаркулова;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы – Ляззат Рамазанова;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты – Смирнова Ирина;
- GERC халықаралық сарапшысы, экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының директоры, Америка Университеті, Вашингтон, КО, АҚШ – профессор Мика Меурс;
- БҰҰ Əйелдер Қазақстан бағдарламалары бойынша маман – Дина Амришева;
- ЕҚҚДБ Қазақстандағы “Шағын бизнеске арналған консультациялар” бағдарламасының менеджері – Алма Касымова;
- Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының директоры – Майгүл Нұғманова.
Дискуссияны Ekonomist.kz сараптамалық талқылауға арналған онлайн платформасының негізін қалаушы Қасымхан Қаппаров жүргізеді.
Дөңгелек үстел аясында Орталық стипендиаттарының «Қазақстандағы əйелдер мен ерлердің ақылы жəне ақысыз жұмысына пандемияның əсері», «Бейресми салада жұмыспен қамтылған əйелдерге пандемияның əсері», «Пандемия кезіндегі докторант-аналардың мəселелері: Қазақстан мен Өзбекстан жағдайы» мəселелері бойынша зерттеулер қорытындылары талқыланады.
Халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар, халықаралық жəне қоғамдық ұйымдар, ғылыми жəне академиялық қоғамдастық мүшелері сілтемесі бойынша дөңгелек үстелге тіркелуге шақырылады.
Іс-шара Сорос – Қазақстан қорының қолдауымен өткізіледі. Шараның серіктесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия. Шараның ақпараттық серіктесі – Ekonomist.kz.
Нархоз университеті жанындағы Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC) 2018 жылдың көктемінде Сорос – Қазақстан қорының қаржылық жəне сараптамалық қолдауымен құрылды. GERC гендерлік экономика саласында зерттеу жүргізеді жəне сарапшыларды дайындайды, сонымен қатар гендерлік білімді насихаттайды жəне гендерлік экономика бойынша білім беру курсын дамытады.
Social Media