Реплика Archives - Ekonomist

Климат нарығына еркіндік беру
Нэнси Бердсолл және Брайан Вебстер

ВАШИНГТОН – Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі прогресс қарқыны бәсеңдеп, әрекетсіздіктің салдары айқын көріне бастады. Бір де бір апта табиғат апатынсыз немесе дамушы елдерде тұратын әлжуаз халықтың өмірі мен күнкөріс көзіне қауіп төндіретін төтенше ауа райынсыз өтпейді. Соңғы болған сұмдық апаттардың қатарына Үндістандағы мұздықтардың еруінен болған су тасқыны мен қарашада Гондураста тіркелген 4-деңгейлі дауылды жатқызуға болады.

АҚШ-та жан басына шаққандағы парниктік газдар мөлшері табысы орташа және төмен елдердің көрсеткішінен 4-5 есе көп екенін ескерсек, бұл апаттарға Американың тікелей қатысы бар деп айтуға болады. Қуанышқа орай, 2021 жылы АҚШ әлемдік қаржы индустриясындағы дағдарысқа байланысты климаттың өзгеруіне қарсы маңызды шараларды қолға ала бастайды. Бәрі дұрыс: Big Finance экологиялық сипат алып, ірі институционалды инвесторлар әлемдік нарықта қауіпсіз әрі ұзақмерзімді табысқа қол жеткізудің жолын іздеп жатыр.

Басқа көп позитивті өзгерістердің ішінде ExxonMobil компаниясының әлемдегі ең ірі активтерді басқарушыкомпания Blackrock-тың қысымымен қазба отынмен байланысты 20 миллиард доллар активін есептен шығарып тастағанын атап өтуге болады. 200 миллиард доллар қаржыны басқарып отырған Нью-Йорк штатының зейнетақы қоры қазба отынмен жұмыс істейтін компаниялардан бас тартатынын жариялады. Жақында The Economistбасылымы «S&P 500 индексіндегі энергетикалық компаниялардың үлесі 2011 жылы 10% болса, қазір бұл көрсеткіш 3% дейін төмендеген. Бұл пандемияның салдарын ғана емес, инвесторлардың COVID-19 вирусына байланысты біраз мәселеге тап болғанын да көрсетеді» деп жазды.

Сақтандыру нарығы да қазба отынмен қош айтыса бастады. 2019 жылдың өзінде қазба отын саласындағы активтердің 37% ие сақтандыру компаниялары бұл нарық «сақтандырылмаған» деп, көмірге инвестиция құюдан бас тартқан. Биыл желтоқсанда әлемдегі ең ірі сақтандыру нарығы саналатын Lloyd’s бір жыл ішінде көмір өндірісі және атмосфераны ластайтын өзге де жобаларға жаңа сақтандыру беруді доғаратынын  хабарлады.

Ақыры автомобиль өндірісінде электромобильдер көбейетін болды. Мысалы, жақында BMW алдағы екі жылда жоспарды 250 мың электромобильге артық орындайтынын айтты.  Биыл GM (2040 жылға қарай көмірқышқыл газы бойынша бейтарап компанияға айналуға уәде берген компания) мен Ford бірқатар стартап жобалармен қатар электромобильдердің жаңа моделін шығарады.

Сала көшбасшылары мен реттеуші органдар арасында әлі де бұрынғыдай қайшылықтар болғанымен, қатаң климаттық стандарттарға қарсылық азайып, жеке сектор өкілдерінің көбі АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігімен әріптес болуға дайын екенін білдіріп отыр.

«Қаржылық көгалдандыру» толқыны қайдан шықты? Бұл тұста журналист, климаттың өзгеруіне қарсы күресте белсенді, 350.org. құрылтайшыларының бірі Билл Маккибеннің еңбегін атап өту керек. Ол бұл саладағы белсенділігін бірнеше жыл бұрын бастап, студенттерді өз мектептеріндегі мақсатты қорларды қазба отындардан бас тартуға итермелеуге шақырды. Бұл әдіске біраз уақыт қажет болды. Бірақ таза энергия өндірісіне кететін шығын азайып, ESG инвестициялық қозғалысы (экология, әлеуметтік сала және басқару) қарқын ала бастаған сайын студенттердің өтінішін қанағаттандырып, нарықта да табыс табуға мүмкіндік туды.

Былтыр Мичиган, Джордж Вашингтон, Корнелл және Кембридж университеттері атмосфераға көп қалдық шығаратын энергия көздеріне инвестиция салуды шектеуге келіскен академиялық құрылымдардың қатарына қосылды. Ұлыбританиядағы университеттердің жартысына жуығы өзіне осындай міндеттеме алды.

Маккибен халық арасында жұмыс жүргізіп жатқанда Англия банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни саяси алаңдағы негізгі ойшылға айналды. 2015 жылы ол Англия банкінде жұмыс істеп жүрген кезінде қаржы реттеушілерден компанияларды өз активтерінің климатқа әсері туралы ақпарат беруге ынталандыруды талап етті. Карни бұл ақпараттан кейін тағы да қосымша деректерге сұраныс туып, нарықтың тұрақтылыға артады деп сенді. Қазір Ұлыбритания мен Еуропа одағы компанияларға арналған климат жөніндегі есепке өз талаптарын енгізіп жатыр. АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен ірі қаржылық компаниялардың  климаттық қаупін тексеретін стресс тестілер өткізуді қарастырып отыр.

Әрине, қаржы нарығы күтілген баға мен табысқа жауап береді. Ал баға мен табысқа мемлекеттік саясат әсер етеді (мысалы, жасыл энергия субсидиялары, отын тиімділігі стандарттары). Мемлекеттік саясаттан қоғамдық пікір көрінуі керек. Сондықтан қаржы саласы өздігінен жасыл технологияларға көше бастады деу тым жеңіл болар еді. YouGov дерегіне сәйкес, қазір климаттың өзгеруі АҚШ-тағы дауыс берушілер үшін денсаулық сақтау мен экономикадан кейінгі ең маңызды мәселе саналады. Бес жыл бұрын климаттық мәселелер соңғы орындарда болатын.

Қазір Байден әкімшілігі үшін «Қазіргі қарқынды қалай пайдалануға болады?» деген мәселе тұр. Ол үшін Ақүйдің ұлттық экономикалық кеңесінің жаңа директоры Брайан Диз (ол бұрын Blackrock компаниясына тұрақты инвестиция салу ісіне жауапты болған) құнды қағаздар және биржа жөніндегі комиссияның жаңа басшысы Гэри Генслермен үстел басына отыруы керек. АҚШ-қа Ұлыбритания мен Еуропа одағы сияқты акциясын қоғамдық сатылымға шығаратын компаниялардан олардың климатқа әсері туралы ақпарат жариялауды талап ететін кез келді. Генслерді көбі агрессивті реттеуші ретінде таниды. Ол қызметіне кіріскеннен кейін құнды қағаздар және биржа жөніндегі комиссия мүшелерінің басым дауысымен шара қолдану құқығына ие болады.

Оның үстіне, бәсекелестерге тең мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейтін қаржы нарығында компаниялардың климаттық қаупі туралы ақпарат жариялау бастамасы қолдау табуы мүмкін. Өткен айда 11 өндірістік топ күнтәртібіне қойылған мәселелерді жариялады. Олардың қатарында компанияның климатқа әсері туралы ақпараттарды стандарттау мәселесі де қамтылған. АҚШ-та климаттық саясат үшін осындай үлкен талқылау өткізу сирек кездесетін құбылыс.

2021 жылы климаттық өзгерістерге қарсы күресте маңызды шараларды қолға алуға тамаша мүмкіндік туып отыр. АҚШ-тың құнды қағаздар және биржа жөніндегі комиссиясы алға итермелеп, бұралаң бағытымызды тұрақты болашаққа қарай өзгертуге үлес қосады.

Нэнси Бердсолл – ғаламдық даму орталығының құрметті президенті әрі аға ғылыми қызметкері. Брайан Вебстер – ғаламдық даму орталығының қызметкері.

Copyright: Project Syndicate, 2021.

www.project-syndicate.org

The post Климат нарығына еркіндік беру appeared first on Ekonomist.

Шағын қоғамдастықтың ықпалы
Елена Новикованың Александр Кожабачимен (Бейрут) бірлесіп жазған және Ғаламдық шешімдер бастамасының сайтында жарияланған мақаласының аудармасы

«Бүкіл топ арасында маңызды емес өзгерістерді көрсетуден гөрі шағын топ арасында маңызды өзгерістерді көрсету әлдеқайда тиімді» (Джон Катценбах, 2018, «Сыни азшылық», 104-бет).

Диаметрі 125 нм-нен де кіші вирус планетаға таралған кезде, адамның өзін дәрменсіз және қоғамнан тыс сезінуі қарапайым дүние болар еді. Оның орнына, біз өзара қаншалықты байланысты екенімізді және тіпті ең кішкентай нәрселердің  әсері орасан зор болуы мүмкін екенін байқауды жөн көрдік. Әрине, әңгіме оң сипаттағы орасан әсер туралы. Қорқынышты деп санауға болатын жағдайлар адамның алып емес екенін, тереңдетіп айтар болсақ, тіпті белсенділердің шағын тобы түгіл, бір ғана белсенді жас өмірде құнды жаһандық із қалдыруы мүмкін екенін дәлелдеді. Біздің  тәлімді оқиғамызбен таныс болыңыз.

Зерттеуге түрткі болған оқиға

Локдаунның екінші айында «Жаһандық жас өзгерткіш-2017» – Елена Новикова Covid-19 дәуіріндегі Қазақстандағы ашықтық пен  транспаренттік туралы мақаласын жариялады. (Айтпақшы, сіз осы мақаланың орыс тіліндегі аудармасын Ekonomist.kz сайтынан таба аласыз).

Бұл – твиттерде тағы бір «Жаһандық жас өзгерткіш-2017»  –  Александр Кожабачимен қысқа пікір алмасуына алып келді.

Бірақ хат алмасу күйінде қалуға тиіс бұл пікірлер күтпеген нәтиже берді. Яғни «дағдарыс кезіндегі жаһандық жас белсенділер» сияқты феноменнің түп-тамырында не жатуы мүмкін екенін түсіну үшін екеуі бірігіп алды.

Пандемия орман өрті сияқты таралған кезде миллиондаған адамның вирус жұқтырып, өлім-жітім көбеюінен біз вирустың таралуына қарсы іс-қимылдың, кем дегенде, вирустың өзі сияқты бір-бірімен байланысты және тез таралуы керек екенін түсіндік.

COVID-19 біздің өмірімізге қалай әсер еткенін бәріміз білеміз және сезініп үлгердік. Бірақ біз пандемияның өзіне қандай әсерімізді тигізе алдық? Нақтырақ айтсақ, бір нәрсені жақсарту үшін не істедік? Әлемнің барлық түкпірінен біріккен әлеуметтік белсенді азаматтар қоғам үшін дәл осы кезде не істей алады?

Сонымен, біз жолға шықтық (үйден шықпай-ақ)…

2020 жылдың мамыр айында дәл осы мәселелер бізді таңғалдырды және жастардың мүмкіндіктері мен әсерін зерттеуге итермеледі. Ол –«Үлкен жиырмалық» (G20 Think 20) академиялық қанатының саммиті  басымызды Берлинде қосқаннан кейін үш жыл өткен соң және бүкіл әлемге тарап кеткен және бір-бірінен ажырап қалған жастар еді.

Біз жастар тобының 101 мүшесімен байланысуға тырыстық. Олардың 9%-ымен хабарласу мүмкін болмады, бірақ 66%-ы қоғаммен байланысын үзбепті. Ал біраз уақыттан кейін біздің әріптестеріміздің 9%-ы сұрақтарымызға жауап берді.

Жаппай сауалнамаға қатысты деп айтуға мұндай пайыз сәтті көрсеткіш болып көрінбеуі мүмкін. Алайда, төмендегі инфографикада пандемияның алғашқы 3 айында 101-дің ішіндегі 9%-ы қаншалықты деңгейге жеткенін көрсетеді.

Өзін шектемейтіндердің жасаған шектеулері

Әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген шексіз ынта мен амбициясы бар біздің қоғамдастық мүшелеріне қарағанда, біздің зерттеуімізде практикалық шектеулер бар. Ол – жаһандық пандемияның алғашқы үш айында байқалатын ертерек жұмылдыру кезеңін және COVID-19 дағдарысына қарсы іс-қимылды қарастырады. Біз қойылған сұрақтарға жауап қабылдауды ресми түрде 2020 жылдың 29 маусымында тоқтатсақ та, әріптестеріміз шілде айында бізге берген әсерлі цифрлар мен жетістіктерді қазірдің өзінде көбейтіп көрсетуді жалғастырғаны белгілі болды.

Цифрдағы 9-дың  күші

Жаһандық локдаунның шамамен үш айы ішінде тоғыз бірдей «Жаһандық жас өзгерткіш» бүкіл әлем бойынша 16 600-ден астам адамның өміріне 1: 1844 қатынасында оң әсер етті. Осылайша, сыни азшылық осы әлемге өз үлесін қосу үшін энергия, ресурстар және know-how өткізгіші бола алатынын дәлелдеді. «Жаһандық жас өзгерткіштер» көптеген секторға араласа алатынымен танымал болған кезде, біздің бөлімнің сараптамасы мен олардың Covid-19 сынақтарына қарсы тұру мүмкіндіктерінің оңтайлы біркелкілігі қай жерде қалай түйісетінін табуымыз керек еді. Бұл бізді: зерттеу, білім беру, еріктілік, фандрайзинг, корпоратив қызмет және әлеуметтік медиа арқылы хабардарлықты арттыру сияқты 5 бағыт бойынша олардың араласу мүмкіндіктерін зерттеуге итермеледі. Бұл инфографикада сіз қоғамның жағдайға әсер ету деңгейін көрсететін сандарды көресіз.

Бірнеше маңызды  мәселе

Біз жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына қатысты: сынып кетпеу, төзімді болу, икемділік деген сияқты әртүрлі сөздерді естіп жүрміз. Кейбіреулер бұл вирус әлемді бір жүйеге біріктірді және жаһандандыруды кері кетірді деп мәлімдейді. Алайда, «жеке адамдар оң өзгерістерге қол жеткізуде маңызды рөл атқара алады» деген шындық айқындалды. Өзгерістерге жетелейтін ерік-жігер мен күш  «сыни азшылықтан» басталуы мүмкін (Джон Катценбах және т.б. 2018 жыл, «Сыни азшылық»). Алайда, «сыни азшылық» ұғымы өзгерістерге үлес қосуға деген құлшыныспен алға ұмтылатын сыни көзқарастағы адамдар тобын ғана білдірмейді.

Сонымен қатар, бұл сипаттамалардың «мүмкіндігінше қысқа мерзімде… әсер етудің ең жоғары деңгейіне жету үшін тарылған…» «сыни азшылық» мінез-құлқы пен эмоцияларын білдіретінін түсіну керек. Роберт Мориц жоғарыда аталған кітапқа «кіріспесінде» жазғандай, «ең бастысы – кішкенеден бастау: сізге жүздеген идея қажет емес, сіз елестеткен нәрселер туралы нақты бағыты бар топ қажет».

Біз мұны алдын ала түсіндік пе, жоқ па, бірақ сөзбе-сөз «нұсқауларға сәйкес әрекет еттік». Өйткені «Жаһандық жас өзгерткіштер» қауымдастығы іс жүзінде өзгеріс енгізудің бір тар идеясымен

сипатталады. Өзгерістер қажет болған кезде, ол қайда жүрсе де, кім қажет болса да, біздің қауымдастық мүшелері бұл мәселені шешеді. Бұл үшін оларда қандай ресурс бар екені маңызды емес.

Біздің ұйымшыл қоғамдастықтан шыққан 9 адам аз болғандықтан статикалық маңызды үлгі үшін негіз бола алмайды, бірақ бұл кішкентай болып көрінетін топ әлдеқайда маңызды нәрсені дәлелдей алды…

1-сабақ: бірге болғанда ғана оны жеңе аламыз…

Тіпті жабық шекаралармен бөлінген, локдаундармен оқшауланған және уақыт кеңістігінде бөлшектенген біздің (бәріміз бас қосқалы бері 3 жыл өткенін ұмытпаңыз), әлі күнге дейін осы өмірдегі жәй ғана, селсоқ  бақылаушылар болмауға деген құлшынысымыз ортақ. Біз мұны кейде өзіміз де байқамастан бірге немесе жалғыз жасадық па белгісіз, бірақ ортақ жауымыз – пандемия және соның салдарынан болған дағдарыспен күресте біріккенбіз.

2-сабақ: бұған ештеңе кедергі бола алмайды

Жаңа қиындықтардан қорықпайтындар ғана жаңа соқпақ жасай алады. «Жаһандық жас өзгерткіштер» өз шешімдерін енгізуге және жаңа, ковидтен кейінгі әлемді қалыптастыруға үлес қосуға тырысқан кезде, олар ауылдық жерлерде жобаларды басқарудағы қиындықтар, электр қуаты өшіп қалған кезде онлайн семинарлар өткізу немесе белгілі бір аумақтарда қолжетімді болмаса да, Medium сияқты платформаларда материалдар жариялау сияқты түрлі қиындыққа тап болды. Бірақ соның бәріне қарамастан, олар жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде өздерін тыңдата алды.

3-сабақ: біздің кім екенімізді құлшынысымыздан білуге болады

Біздің нақты немен айналысқанымыз маңызды емес. Ең бастысы, бізде үлес қосуға деген құлшыныс бар. Көбінесе белсенді жастар қауымдастықтары өздері жүзеге асыратын қызмет түрлерінің айналасында топтасады. Алайда, өмірде барлық адамзат ортақ жауға тап болған кезде өзгерістерді санатқа бөлуге болмайтынын көрсетеді. Сіз белсенді, кәсіпкер, ҮЕҰ мүшесі, зерттеуші немесе мемлекеттік қызметкер боларсыз? Сіз климаттың өзгеруін бәсеңдетуге тырысасыз ба, босқындарға жергілікті қоғамға қосылуға көмектесесіз бе, білім беру саласында жұмыс істейсіз бе немесе адамдардың денсаулығын сақтауға жан-жақты қол жеткізуге тырысасыз ба? Бұрын сіздің қоғамдық игілікке қосқан үлесіңізді сипаттауға қызмет еткен сұрақтар қазір бір-біріне біріктірілді. Ол: дағдарыстан шығу үшін қандай білім мен білік ұсына аласыз?

Шынайы бейресми көшбасшылардың рөлі

Бұрын айтылған «сыни азшылыққа» қайта оралсақ. ШБК немесе «шынайы бейресми көшбасшылар» ұғымы Катценбахша мәдени өзгерудің басты бағыты болып саналады: Бұл – «ресми лауазымдар мен билік {ресми] иерархиясындағы позицияларына сүйенбестен басқаларға әсер ететін және оларға қуат беретін адамдар».

«Жаһандық жас өзгерткіштер» әлемді өзгеріске ұшырату үшін ресми иерархиядағы ұстанымдарға сүйенбейді. Алайда, олардың көпшілігі «…оны көретін» (өзгерістің құндылығын білетін), «оны қағып алатын» (олардың себептерін түсінетін), «оны қалайтын» (мақсатқа берілгіш) және… қазірдің өзінде «осы ұстаныммен өмір сүретін» бейресми көшбасшылар. Ең бастысы, олардың көпшілігі позитив мінез-құлық пен игі істер «вирустық әсерге» ие болатынына және басқа адамдардың мінез-құлқына да әсер етіп, оң көрініс беретініне» сенеді.

Үміт жолдауы

Жоғарыда келтірілген инфографикада өздеріңіз көрген кейбір сандар белсенді кез келген адамға сіздің ең пайдалы активіңіз –  сіздің шешім қабылдай алу қабілетіңіз екенін дәлелдеп береді деп үміттенеміз. Сіздің басыңыздағы білім, қаншалықты жан-жақты болса да, соншалықты сіз тіпті елестете алмайтын дүниелердің өзіне қол жеткізуге көмектеседі. Іске бар ынтаңызбен кірісіп кеткенде, белгіленген міндеттермен сәйкес келетін білім мен біліктілігіңіз жаныңызда болса, ең инновациялық шешімдер мен өршіл нәтижелерге қол жеткізе аласыз. Тіпті ең күтпеген жағдайларда және өзіңіздің қызмет салаңыздан тыс болса да солай болады. Ең бастысы, сіз диаметрі 125 нм болатын вирустан үлкен екеніңізді ұмытпаңыз.

The post Шағын қоғамдастықтың ықпалы appeared first on Ekonomist.

Қазақстандағы «голланд ауруын» қалай жеңуге болады?
Менің соңғы мәлімдемелерім БАҚ пен әлеуметтік желіде әжептәуір сынға ұшырады. Мұндай назарға қуансам да, көптеген сын пікірдің менің көзқарасымды түсінбегеннен немесе жалпы экономикалық жоспарды білмегендіктен туғанын түсіндім. Соңғысы қазіргі жағдайдың бұрмалануы, аңызға байланысты туындаған. Оны мен бес жыл бұрын «Экономика Казахстана. Мифы и реальность» деп аталатын кітабымда толық талдаған едім.

Ұлттық Банк теңге бағамын қолдау үшін Ұлттық қорды пайдаланудан бас тартуға тиіс

Мен жасаған ұсыныстардың бірі – теңгені теңселтпей ұстап тұруға Ұлттық Қордың қаржысын бөлуді доғару еді. Батыра айтар болсам, мен оның көлемін азайтуды ұсындым. Бір бөлігін биржаға шығаруды, екінші бөлігін нарықтағы бағамен тікелей Ұлттық банкке сатуды ұсындым. Бір жағынан ғана. Бұл ұсыныстардың ең маңыздысы деп бүгінгі күні Ұлттық қордың валютасы биржадағы ұсыныстардың көп бөлігін құрайтынын атар едім. Бұл курсқа әсер етеді. Ұсыныс жоғары болса,  курс көтеріледі. Валюта көбейгенде – теңге тұрақтала бастайды. Тым берік теңге курсы да шикізатқа тәуелсіз экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Бұны әдетте Голланд ауру деп атайды.

Егер биржадағы мұнай валютасы ұсыныстарын азайтсақ курс көтеріліп, шырқау шегіне қарай жақындайды. Тіпті 600 теңгеге дейін баруы мүмкін. Мен бірер сұқбаттарымда 500, тіпті 700 теңге деген де едім. Мұның барлығы  –  тиісті шаралар жоспары мен орындау техникасына байланысты. Ал жалпы алғанда, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы шамамен 7+ теңге үстінде болуы керек деген пікірдемін.  Ол жайында кітабымда да жазғанмын. Қазір РФ мен ҚР арасындағы экономика алшақтығының артып бара жатқанына байланысты бұл цифр 7,5, тіпті 8 болуы да керек деген пікірдемін. Енді БАҚ пен әлеуметтік желідегі сын пікірлерге оралайық.

Біріншіден, менің бұл ұсынысым ел үшін реформа емес. Мұндай жүйе 2015 жылдың 15 қазанына дейін жұмыс істеген болатын. Қазақстан Ұлттық банкінің ресми құжатынан үзінді келтірейік:

«ҚР Ұлттық басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ҚР Ұлттық қордың (бұдан әрі — Қор) басқа да трансферттерін қаржыландыру үшін Қор қаражатын тарту жалғасады. Бұрын Қор қаражатын айырбастау үшін Ұлттық банк теңгені Қаржы министрлігінің шотына аудара отырып және доллардың артығын валюта нарығында сата отырып, АҚШ долларын сатып алатын. Трансферт  қалыптастыруды жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қордағы АҚШ долларын валюта нарығында айырбастайды. «Ұлттық қор активтерін айырбастау тәртібі туралы» ҚР ҰБ 2015 жылғы 15 қазандағы N52 баспасөз хабарламасы.

2015 жыл, 15 қазан деген валюта айырбастау тәртібін өзгерту датасы да көңіл аударарлық. Валюта жеткіліксіз болған, ҚР ҰБ тарапынан валюта своптарына деген тым жоғары талаптары мен  теңге курсын тізгіндеп ұстаған  бір жылдық арамтер шаруаға осы айда нүкте қойылған еді. Айырбастау тәртібі бағамды тең емес деңгейде ұстап тұру үшін өзгертілгені анық.

Сондықтан бұл ұсынысым жоқ жерден жік шығару емес. Бұл жағдай бізде 2015 жылға дейін де болған. Сонымен қатар, мұндай тәсіл барлық осындай қордың макроэкономикалық мақсаттары мен міндеттеріне сай. Бұл жерде біз Ұлттық қорға түсіп жатқан және бұрыннан жиналған (өткен жылдардың кірістері – яғни қордаланған) шикізат кірістері – бағам қалыптастырудың іргелі факторы деген тезиске жақындап келеміз.

Екіншіден, мұнайдан (шикізаттан) түскен ақша – валюта бағамы мен жалпы экономиканың іргелі факторы бола алмайды. Іргелі фактор деп ел экономикасымен байланысты компоненттерді атау керек. Яғни экономикада жоғары деңгейдегі қызмет түрлері көбейіп, сапалы тауарлар көптеп шығарылатын болуы маңызды. Табиғи байлықтар қазіргі экономика тиімділігінің нәтижесі емес. Олар жүздеген мың, миллиондаған жыл бойы жүрген геологиялық процестердің арқасы. Мұнай біздің экономиканың жемісі емес. Оның бар болуы басымызға қонған бақ қана. Анығырақ айтсақ, бір-екі буын ұрпақтың ғана бағы.

Егер мұнай – сақтап қалуға тиіс сәттілік дейтін болсақ, оның шикізат түсімін құдай берген сый деп қарастыруымыз керек. Ал егер бұл жолы болғыштығымыз бір сәттік экономика мен бағамның іргелі факторы деп қабылданса, онда мұнай «қарғыс арқалаған шикізатқа» айналады. Еңбексіз келген сыртқы валюта экономиканы толтырып, бағам тұрақталып, шикізатқа тәуелсіз экономика құлдырап, кейіннен, кеніш сарқылғанда коллапс болады.

Ұлттық мұнай қоры іргелі бола алмайтындықтан да шикізат тасқынын болдырмау үшін құрылады. Ол бұл валютаны экономикадан тыс ұстап, бағамға қысым болмауын, тым болмаса аз болуын қамтамасыз етеді. Ұлттық Қор құрылуының негізгі себебі де осы еді.

Үшіншіден, Ұлттық қор трансферттері керек деген ойымнан айнымаймын. Тіпті алдағы үш жылда олардың маңызы жоғары болады. Ұлттық қор қаражатын айырбастау механизмін өзгертудің трансферттер көлемімен де, оларды пайдалану немесе пайдаланбау идеясымен де өзара еш байланысы жоқ.

Шартты цифрлармен сауда-саттық механизмі үшін есеп айырысу

Қазіргі модель бойынша трансферттен 0,5 млрд доллар және басқа жақ түсімдерінен 1,5 млрд доллар ұсынысымен 2 млрд АҚШ доллары көлеміндегі биржа сұранысы бір долларға 400 теңге деңгейінде теңгеріледі. Нәтижесінде Ұлттық қор қаражатын айырбастау Қаржы министрлігіне 200 млрд теңге түсіреді.

Жаңа модель бойынша сұраныс 2 млрд доллар болғанына қарамастан,  ұсыныс тек 1,5 млрд. Теңгерімсіздіктің нәтижесінде бір доллар 500 теңге болып жаңа бағам қалыптасады. Дегенмен, сұраныс тек 1,5 млрд доллармен ғана қанағаттандырылады. Қалған валюта мұндай курспен сатылмайды. Ұлттық банк жоғарыда айтқан 200 млрд теңгені ұсына отырып Ұлттық қордан 500 теңгелік бағаммен 0,4 млрд доллар сатып алады. Біраз келісім биржадан тыс жүреді.

Нәтижесі: Қаржы министрлігі өзіне қажетті 200 млрд теңге алады, бірақ валютаны аз жұмсайды, яғни Ұлттық қордың валюталық қаражаты үнемделеді.

Құнсызданудың инфляцияға әсері туралы

«Экономика Казахстана. Мифы и реальность» атты кітабымда 2016 жылы девальвацияның инфляцияға максимал әсерін 15 айдың көлемінде 3% деңгейінде бағаладым. Яғни, 10% девальвация 3 ай ішінде қосымша 1,5% инфляцияны тудырады (Қазақстан экономикасы, 101-103 бет). Бұл альтернатив бағаға жақын. Ол бойынша жыл ішінде жалпы әсері девальвация деңгейінің 18%-ына тең болады.

Бұл деңгейдің маңызын бағамдайық. 30%-дық девальвация жыл ішінде инфляцияны 4,5-5%-ға өсіреді, содан кейін ол күрт төмендейді. ДКП нәтижесінде 2019 жылы бағам өзгермесе де инфляция 1,5%-ға өсті. Салыстырыңыз: 2017 жылғы қаңтар — 5,3%, 2018 жылғы қаңтар — 6,8%. (2018 сәуір мен 2019 сәуір кезеңі сервистік инфляцияның әкімшілік төмендеуінің әсерін болдырмау үшін алынды). Қазіргі инфляция бағамның жоғарғы шегінен 1,5%-ға артық. Ал егер инфляция бойынша ескі таргетті есепке алатын болсақ (2016-2018 саясаты), онда екі жылдан бері инфляция таргеттен 3,5-4%-ға артық. Осылайша, монетарлық саясаттың тиімсіздігінің инфляцияға қосқан үлесі екі жыл бойы сақталды. Дәл осы себеппен менің ұсыныстарымның ішінде саясатты қайта қарау да бар: оның тиімділігін арттыру инфляцияға девальвациялық көшірудің әсерін айтарлықтай төмендетіп қана қоймай, девальвациялық «қайта қуаттаудан» кейін инфляцияны 4%-дан төмен деңгейге жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл теңге өтімділігінің өсуіне қатысты да дұрыс шешім болады. Бүгінде ҚР ҰБ экономикаға шамамен 1,5 трлн теңгені жеңіл несие түрінде береді. Ол базалық ставканы тиімсіз төмен деңгейде ұстай отырып, ақша массасын арттырады (инфляция бойынша нәтижелерді жоғарыдан қараңыз). Инфляциялық таргеттің қалыпты қағидаттарына оралу – қалыпты процесті қосу арқылы өтімділіктің жөнсіз түсімдерін жояды.

Девальвация нәтижесінде шикізатқа тәуелді экономиканың ұтылуы немесе ұтуы туралы мәлімдеме бізді 2015 жылғы қызу пікірталастарға қайта шегіндіреді. Сол кезде де оның мағынасы болған жоқ, қазір де болмайды. Девальвация бағыттың тепе-теңсіздігінен, теңгерімсіздіктер қордалануынан, Ұлттық қордың сарқылуынан болады және бұл құр айғай емес, объективті болмыс. Егер бұл 2021 жылы болмаса, онда 2022 немесе 2023 жылы болады. Ал одан кейін бұл халық пен мен экономика үшін соғұрлым қымбатқа түседі. Менің ұсынысым –теңгерімсіздікті жою және экономиканың тұрақты, сенімді өсуі мен азаматтардың әл-ауқаты жақсару үшін дұрыс механизм қалыптастыру керек. Енді, айырбастау ережелерін өзгерту бүгінгі күні неге соншалықты маңызды деген ескертуге тоқталайық. Бұл мәселе 2019 жылдан бері өзекті болып келеді. Қазақстан Ұлттық банкінің 2016-2018 және 2019-2020 жылдардағы валюта нарығындағы саясатының айырмашылықтарын қарастырайық.

Біріншісі: нарық құрылымы

2016-18 жылы ҚР Ұлттық банкі қатысушылар санын (брокерлік кеңселердің сауда-саттыққа қолжетімділігін) кеңейте, сауда сессияларының уақытын ұлғайта отырып (шетелдік қатысушылар үшін неғұрлым ыңғайлы), биржадағы алыпсатар сауданы арттырды. Бұл теңгенің бағамын қалыптастырудың (жүзуі) тиімділігін арттыра отырып, нарықтың дамуына түрткі болды, сауда-саттық көлеміндегі трансферттер үлесінің бұлдырлануына (төмендеуіне) алып келді, алыпсатарлық қысым қаупіне қарамастан, олардың бағамға әсерін азайтты.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық банкі теңгенің еркін нарығын шектеп, алыпсатарлық сауданы белсенді түрде қысқарта отырып, сауда-саттыққа алдын ала өтінімдер жүйесін енгізді. Нәтижесінде, тіпті халықаралық ойыншылардың өзі (Bloomberg) Ұлттық банкті теңгенің айырбас бағамын микроменеджмент деп айыптады. Бұл биржадағы АҚШ доллары бойынша сауда көлемінің динамикасынан объективті көрінеді. Әрине, Ұлттық қор трансферттері теңгенің айырбас бағамын қалыптастыруда өте маңызды факторға айналды.

Екінші: нарықтағы ҚР ҰБ ролі

Ұлттық банк – БЖЗҚ портфелін басқарушы және 2017 жылы зейнетақы жинақтары қоржынының валюталық бөлігін белсенді түрде өсіру жөнінде қауырт шешім қабылдайды, яғни БЖЗҚ атынан валюталар сатып ала бастайды. Төменде қоржынның валюта бөлігінің динамикасы жылдар бойынша көрсетілген.

Валюта қоржынының өсуі инвестиция кірісінен және активтерді қосымша сатып алу арқылы болды. Төменде инвестиция өсімі жылына 5% болады деген болжаммен жаңа активтерді нетто-сатып алу бағасы келтірілген.

Әлбетте, БЖЗҚ-дағы саудалар Ұлттық қордан берілетін трансферттер тарапынан қысымды бәсеңдете отырып, валютаға сұраныс жағында тұр. Егер біз бұған Ұлттық банктің араласуын қоссақ, онда 2016-2018 жылдары Ұлттық банк артық ұсыныстың орнын толтыра отырып, сұраныста белсенді болды. 2019 жылы жағдай өзгеріп, нашарлай бастады. Ұлттық қор трансферттері жеткіліксіз болды және Ұлттық банк валютаны қазірдің өзінде артық ұсынысты арттыра отырып, қарқынды  түрде сатуда.

Сөзімді түйіндей келе, 2016 жылдан бастап қазірге дейінгі барлық кезеңде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағам режимі формальді түрде қолданылатынына назар аударғым келеді. Сөйте тұра, 2016-2018 жылдар аралығындағы саясат «тиімді жүзу кепілі ретіндегі нарық көбірек болса: қатысушылар көп, алыпсатарлық көп, сауда-саттық көп, ұсыныс көп, сұраныс көп» болады деп келетін. 2019-2021 жылдар аралығында саясат кері бұрылып: «нарық аз болса: алыпсатарлық аз, келісім аз, сұраныс аз» дей бастады. Бірақ, олай болса ұсынысты қысқарту керек. Ал Ұлттық банк оны өсіріп жатыр. 2019-2021 жылдар саясаты еркін жүзу идеясына қайшы келеді, яғни декларациялар  фактіден алшақ. Сөйте тұра валюта резервтері қайтадан жұмсалып, Ұлттық қор қаржысы бағамды ұстап тұру үшін пайдаланылады. 2018 жылдың өзінде Ұлттық банкте Ұлттық қор трансферттері төңірегіндегі ахуал бойынша пікірталастар болғанын тағы атап өткім келеді. Қысымды төмендету үшін не сатып алуды көбейту керек немесе нарықтан трансферттерді алып тастау арқылы айырбастау ережелерін қайта қарау керек деген түсінік болды. Шамасы, 2019 жылдың басында нарықты реттеу, жүзуді шектеу, содан кейін теңгені ұстап қалу керек деп шешім қабылданды. Бұл ҚР Ұлттық банкінің ресми риторикасына мүлдем қайшы келетін және бізді 2015 жылғы девальвацияға дейінгі кезеңге қайта оралтатын тұйық жол.

The post Қазақстандағы «голланд ауруын» қалай жеңуге болады? appeared first on Ekonomist.

Билл Гейтс: Уақыт жоғалтуға болмайды
Конни Хедегордтың Билл Гейтспен сұхбаты

Осы айда Билл Гейтстің Климаттық апаттан қалай сақтануға болады: қолда бар шешімдер мен бізге қажет жетістіктер деген кітабы шығады.

Конни Хедегорд: Әңгімені өзімнің жылдар бойы сізді климаттық өзгерістер мәселесі алаңдатпайды деп ойлап келгенімді мойындаудан бастайын. Бірнеше жыл бұрын Давоста өткен жабық сессия есімде. Талқылау тұрақтылыққа қатысты басқа мәселелерге емес, климат тақырыбына көшкенде сіз бөлмеден шығып кеткенсіз.

Қазір климаттың өзгеруіне қарсы жедел шараларды қолға алу керек деп дабыл қағып жүрсіз. Кітабыңызда бұл тақырыпқа қалай келгеніңіз баяндалады. Бұл туралы «Басында ауаға парниктік газдардың бөлінуі тоқтамаса, температура өсе береді дегенді қабылдау қиын болды. Климатолог ғалымдарға барып, бірнеше рет сұрақтарыма жауап алғаннан кейін бұл мәселеге түпкілікті бас қойдым» деп жазасыз. Алғашқы кезде бұл мәселені мойындамауыңызға не себеп болды деп ойлайсыз? Бұл мәселеге басқалардың назарын аудару үшін сіздің тәжірибеңізді қалай пайдалануға болады?

Билл Гейтс: Қазір әлем мен климаттың өзгеруін зерттей бастаған кезбен салыстырғанда, мүлде басқа деңгейге өтті. Қазір біз бұрынғыдан көбірек білеміз және бұл мәселеге байланысты ортақ пікірге келдік. Бірақ көп адам әлі де атмосфераға бөлінетін улы газдар мөлшерін нөлге жеткізбей, қалдық көлемін азайтумен ғана шектелу жеткіліксіз екенін білмейді. «Нөлдік деңгейге» жетіп, әлемдегі ең ірі бизнес – энергетика саласын түбегейлі өзгерту үшін  қаншама инновация керегін түсіндіру де қиын. Кітапқа өзімнің ойымды өзгерткен деректерді қостым. Бұл деректер басқалардың да пікірін өзгертер деп үміттенемін. Климатты қорғаушыларды «нөлдік деңгей» принципін қолдауға және қалдықтарды осы мақсатқа жеткізетін әдіспен азайтуға шақырамын.

CH: Кітапта ванна мен балық туралы салыстырулар мен аллегориялар арқылы абстрактілі концепциялар мен күрделі деректерді түсінікті тілде жеткізуге тырысыпсыз. Бұл әдіс қаншама ғылыми дерекке қарамастан, «бұрынғы өмір салтымызды жалғастыра береміз» деп ойлайтын адамдардың көзқарасын өзгерте алады деп ойлайсыз ба? Мұндай әдістер Microsoft компаниясының технологиялық шекарасын кеңейтуге немесе Gates Foundation қорын дамытуға, ғаламдық денсаулық тұжырымын насихаттауға пайдасын тигізді ме?

BG: Кітап климаттың өзгеруі тақырыбына күмәнмен қарайтын адамдарға арнап жазылмаған. Соған қарамастан, бұл кітап оларды қоршаған ортаға залалы жоқ энергияға инвестиция салу керек дегенге сендіреді деп үміттенемін. Қазір баламалы энергия көздері саласындағы инновацияларды дамытуға басымдық беріп отырған елдер жетекші компаниялардың келесі толқыны үшін таптырмас мекенге айналады. Бұл компанияның экономикалық қызметі мен жаңа жұмыс орындарының игілігін сол елдер көреді дегенді білдіреді. Сондықтан сіз «климаттың өзгеруіне адамдар кінәлі, олар қазіргі өмір салтын өзгертпесе, әлемді орны толмас зардап күтіп тұр» деген пікірмен келіспесеңіз де, мұндай инвестициялардың ақылды шешім екені талас тудырмауы керек.

CH: COVID-19 пандемиясы ғылымға көңіл бөлмеудің құны жоғары болатынын дәлелдеп қана қоймай, адамзатқа тән әдеттер мен дағдыларды жаппай өзгертуге болатынын, мәселені шешу жауапкершілігін мойнына алған көшбасшылар құрметке бөленетінін көрсетті. Бірақ өзіңіз атап өткендей, бүкіл әлемдегі карантин кезінде атмосфераға бөлінетін парниктік газдардың 10 пайызға ғана қысқаруы адамдардың көлікті аз пайдаланып, сирек саяхаттауы жеткіліксіз екенін дәлелдеді. Пандемия кезінде тағы қандай сабақ алдық? Оларды климаттың өзгеруі мәселесін шешуге қалай қолдануға болады?

BG: «Көлік пен ұшақты аз пайдалану жеткіліксіз» деген идеяның екінші жағы да бар: біз адамдардың зиянды қалдықтар шығармай, көлікпен жүріп, еркін саяхаттауын, басқаша айтқанда, заманауи экономикаға кедергісіз қатысуын қамтамасыз ететін өте көп инновациялар ойлап табуымыз керек. COVID-19 вирусына қарсы вакцина өндіріп, тарату қоғамдық денсаулық сақтау тарихындағы ең үлкен науқан болса, бұл – одан да қиын шаруа.

Бұл үшін әртүрлі мемлекеттер мен жеке сектор арасында дәл қазіргідей тығыз қарым-қатынас болуы керек. Қазір бәрі маска киіп, әлеуметтік қашықтық сақтап жүргені сияқты, климаттың өзгеруіне қарсы күресте де адамдар қалдықтарды азайтуға үлес қосуы қажет. Олар нөлдік деңгейге жетуді жеделдететін саясатты қолдап, электромобиль немесе өсімдік негізінде дайындалған бургер сияқты құрамында көміртек мөлшері аз өнімдерге үстеме ақы төлеп, сатып алу арқылы  көмектесе алады. Бұл осы саладағы бәсекені күшейтіп, экологиялық таза өнімдерге өту процесін арзандатады.

CH: Климаттың өзгеруі мәселесінде пандемияға қарсы күрестегідей көп нәрсе ғылым мен инновацияға байланысты екенін айттыңыз. Ал жалпы алғанда, осындай инновациялық құралдар ойлап тауып, оны қолданысқа енгізіп, әлемді климаттық апаттан құтқарып қалу мүмкіндігі барына сенесіз бе? Бұл сенімге қандай тәжірибеңіз әсер етті?

BG: Ғылыми-зерттеу саласына бөлінген қаржы әлемді өзгерте алатынына көзім жетті. АҚШ үкіметі мен америкалық компаниялар қаржыландырған зерттеулер әлемге микропроцессорлар мен интернет сыйлады. Бұл дербес компьютерлер өндірісін дамытты. Дәл осылай АҚШ үкіметінің адам геномының картасын жасауды қолға алған ғалымдарға қолдау көрсетуі қатерлі ісік және өлімге әкеліп соғатын өзге де ауруларды емдеуде жетістіктерге жетуге көмектесті.

Атмосфераға бөлінетін қалдықтарды нөлдік деңгейге жеткізу мақсатына келсек, өз басым керемет жұмысқа куә болып отырмын. Бірнеше серіктесіммен бірге құрған Breakthrough Energy Ventures қоры цемент пен болатты көмірқышқыл газын аз шығарып немесе мүлде шығармай өндіру әдістерімен жұмыс істейтін, таза энергияның көп мөлшерін өндіріп, сақтауға, өсімдіктер мен жануарларды өсіруге, әлемнің түкпір-түкпіріне адамдар мен заттарды тасуға, ғимараттарымызды жылытып салқындатуға қатысты идеялары бар жиырмаға жуық компанияға инвестиция құйды. Бұл идеялардың көбі жүзеге аспайды. Бірақ жақсы нәтиже көрсеткен санаулы жобаның өзі әлемді өзгертеді.

CH: Өзіңіз айтқандай, инновация дегеніміз жаңа құрылғылар ойлап табу ғана емес. Бұл сондай-ақ өнертабыс үлгілерін тезірек қолданысқа енгізуге қажетті жаңа саясат қалыптастыру керегін де білдіреді. Еуропа Одағы (және Қытай) осындай саяси инновацияларға қатыса бастады.

Сіз атаған “Green Premiums” көрсеткішін назарға ілмейтін қате стимулдар құрылымын өзгерту үшін Еуропа одағындағы көп мемлекет атмосфераға көмірқышқыл газын бөлу, ресурстарды шығындау және қоршаған ортаны ластауға байланысты салық механизмдерін енгізді. Мұндай саясат стимулдар құрылымына оң өзгеріс енгізе ала ма? Көмірқышқыл газының шекарасын реттеу прогреске үлес қоса ма?

BG: Көміртек бағасын бекіту – таза энергияға сұраныс пен ұсынысты арттыруға едәуір әсері бар маңызды саясаттың бірі. Кітапта бірнеше басқа идеялар да қамтылған. Мысалы, инновациялар санын арттыру үшін мемлекеттер таза энергия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемін көбейте алады (мен қаржыны бес есе арттыруды ұсынамын). Сұраныс тұрғысынан алғанда, бұл көміртек бағасынан бөлек, электр энергиясының немесе отынның қанша бөлігі көмірқышқыл шығармайтын технология көмегімен өндірілуі керек деген стандартқа ұқсайды.

Технологиядағы сияқты, саясатқа да инновациялар керек. Біз үлкен мәселелерді шешу үшін саясат пен технологияны қалай біріктіруге болатынын көрдік. Кітапта жазғанымдай, бұған ауаның ластануы жақсы мысал бола алады: АҚШ-тағы таза ауа туралы заң атмосфераны улы газдардан тазартуға үлкен үлес қосты. АҚШ-тағы өзге де тиімді саяси шешімдердің қатарына ауылды өңірлерге электр энергиясын жүргізу, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және 2008 жылғы үлкен рецессиядан кейін экономиканы тезірек қалпына келтіруге тырысу сияқты шаралар жатады. Енді әлемдік саясат пен технологияларды ауаға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайту мәселесіне қарай бұру керек. Breakthrough Energy қорындағы таза энергияға өту процесін жылдамдату мақсатында құрылған командам климат саласындағы мақсаттарға жету үшін батыл саяси шешімдер дайындауға жұмыс істеп жатыр.

CH: Өзіңіз айтқандай, ел үкіметтері қалдықтарды азайту үшін басқа мәселелерді шешуге пайдаланылған ережелерді қолдануға тырысқан. Сіз бұған “1960 жылғы мейнфреймнің көмегімен жасанды интеллект жасауға талпынумен тең” деген баға бердіңіз.

Бірақ жаңа заң қабылдау қиын, өндіруші компаниялар жоғары стандарттар мен көп шығынды қажет ететін өзгерістерге қарсы шығады. Аталған реттеуші механизмде екінші тарапта болып көрген адам ретінде саясаттың артта қалуы мәселесін қалай шешуге болады деп ойлайсыз?

BG: Бұл мәселені шешу үшін үкіметтің әрекеті керек. Біз бүкіләлемдік энергетика жүйесін аз уақыт ішінде жаңа жүйеге көшіру туралы айтып отырмыз. Инновацияларды ынталандыратын, таза технологиясы бар компаниялардың бәсекесін туғызатын орта қалыптаспай, жеке секторға құйылған инвестициялар нәтиже бермейді. Ал мұндай ортаны үкімет қалыптастырады. Сондықтан бізге үкіметтен табанды, сенімді әрі анық қадамдар керек.

Осы себептен технологияларға ғана емес, саясат пен нарыққа да инновация керек деп айтып жүрмін. Саясаткерлер таза энергетикалық инновацияларды қолдаудың креативті әдісін тауып, тепе-теңдік сақтап, баламалы энергия көздеріне көшуді қамтамасыз етуі керек.

Breakthrough Energy қорындағы командам атмосфераға бөлінетін қалдықтардың нөлдік деңгейіне қол жеткізуге қажетті саясатты дамыту үшін әртүрлі елдің билік өкілдерімен жұмыс істейді.

CH: Саясаттан бөлек, сіз мемлекеттерді климатқа қатысты зерттеулерге инвестиция құюда батылдық танытуға шақырып отырсыз. Зерттеу мен жаңа саясат қалыптастыруға қажетті білім беруде университеттер қандай рөл атқаруы керек?

BG: Университеттер идеяны дамытуға қолайлы орта қалыптастырып, таза технологиялар жасаумен айналысады. Ғылым, зерттеу мен инженерия нөлдік деңгейге жету жолындағы маңызды факторлар саналады. Әрине, жаңа саясатты ақпараттандырып, нарықты қалыптастыру үшін ғылыми жаңалықтар университет қабырғасында қалып қоймауы керек. Кей академиялық мекемелер өз профессорларына тиімді қарым-қатынастар орнатуға көмектесіп, олардың зерттеуін саясаткерлердің назарына шығарып, технологиялық өнімдерін компаниялар мен нарыққа ұсынуға көмектеседі. Бұл климаттық апаттың алдын-алу үшін өте маңызды.

CH: Сіз климаттың өзгеруі халықтың кедей топтарына үлкен зиян келтіретінін, сондықтан бұл мәселе экономикалық ғана емес, моральдық тұрғыдан да маңызды екенін айттыңыз. Бірақ АҚШ-тың энергетикалық жүйесін декарбонизациялау үшін төлемге қосылатын кішкене үстеме ақының өзі табысы төмен отбасыларға қиындық туғызуы мүмкін. Ал дамушы елдерде мұндай өзгерісті жүзеге асыру әлдеқайда қиын. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Табысы төмен елдерге басқа технологияларды енгізу кезінде қандай қорытындыға келдіңіз?

BG: Бұл өте маңызды тақырып. Табысы орташа және төмен елдер алдағы онжылдықта кедейліктен құтылған сайын электр энергиясын көбірек пайдаланатын болады. Бәріміз таза энергия қолдануға ұмтылуымыз керек. Бірақ олар бұған жаңа энергияның бағасы қазір қолданылатын пайдалы қазбалар сияқты арзан болған кезде ғана келіседі.

Сондықтан сіз бай мемлекеттің көшбасшысы болсаңыз, өз үкіметіңіз бен компанияларыңыздың табысы орташа және төмен мемлекеттердің таза энергия көздеріне қолжетімділігін арттыру үшін не істеп отырғанын ойлануыңыз керек. Ғылыми-зерттеу саласына құйылған инвестициялар мен басқа да саяси шешімдер осы мақсатқа бағытталғаны жөн. Мен қаржыландыратын компаниялардың көбі табысы төмен елдерге қолжетімді идеялар ұсыну мақсатында жұмыс істеп жатыр.

CH: Сіз – кез келген бастаманы жүзеге асыруда үкіметтің маңызды рөлге ие екенін ашық мойындаған бизнес өкілдерінің бірісіз. Тіпті осындай бастамалардың ішінде де климаттың өзгеруі тақырыбы ерекшеленіп тұрады. Бұл мәселені шешу жалпы алғанда немесе белгілі бір салада мемлекеттік сектордың рөлін арттыруды талап ете ме?

BG: Дербес компьютерлердің революциясы сияқты таза энергияға көшу де үкімет пен жеке сектордың бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде жүзеге асуы керек.

Бұл мемлекеттің рөлі артатынын білдіреді. Бірақ осыған дейін мемлекет бұл салада үлкен рөлге ие болмаған. Жоғарыда аталған, климаттың өзгеруі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны бес есе арттыру туралы идеяны алайық. Бұл таза энергия өндіруге қатысты зерттеулерді АҚШ-тағы денсаулық сақтау саласындағы жұмыстармен бір деңгейге шығарады. Қазір бізде бұл жұмыстарды үйлестірумен айналысатын денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық институт бар. Дәл сол сияқты климаттың өзгеруіне қатысты жұмыстардың қайталанбауын қадағалап, ресурстарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік беретін энергетикалық инновациялар ұлттық институтын құру керек. Көлікті декарбонизациядан өткізу институты көміртек мөлшері аз жанармай өндірісіне жауап береді. Басқа институттардың да баламалы энергия көздеріне қатысты өз міндеті мен құзыреті болады.

Энергетикалық инновациялар ұлттық институты жеке сектормен жұмысты жолға қояды. Ұлттық зертханаларда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде нарыққа көп көлемде революциялық өнімдер шығуы керек. Бізге зерттеудің алғашқы кезеңінен бастап өнімді жаппай қолданысқа енгізуге дейінгі инновациялық процесті жылдамдататын стратегиялар қажет.

CH: Кітапта «Өндірістің ауаға қалдық шығармайтын әдістерін іздеуден бөлек, жай ғана аз материал қолдануға көшсек болады” деген жолдар бар. Кей адамдар капитализм тұтыну деңгейіне тәуелді екенін (тұтыну мәдениеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы) айтады. Климаттық дағдарыстың шешімі шынымен жиырма бірінші ғасырдағы капитализм туралы көзқарасқа тәуелді ме? Айталық, «өсім» туралы жаңа, сапалы түсінік осындай жүйе құра ала ма?

BG: Мен бай елдерде тұратын адамдар қалдық шығаруды азайтуы керек және бұл олардың қолынан келеді деп есептеймін (кітапта жазғанымдай, өзім шығаратын қалдықтарды азайту үшін бірнеше амал қолданып жүрмін). 2050 жылға қарай табысы орташа және төмен елдер есебінен әлемдегі энергия өндірісі екі есе артады. Бұл өсімнің бір жақсы тұсы бар: ол адамдардың әлдеқайда өнімді әрі пайдалы өмір салтына көшкенін білдіреді. Бірақ адамдардың өмір сапасын жақсарту климаттық мәселені ушықтырмауы керек. Сондықтан бізге арзан жолмен әлемдегі қалдық көлемін қысқартуға көмектесетін инновациялар керек.

CH: Сіз кітабыңыз “климаттық апаттан қалай құтылуға болатыны және бұл мақсаттың орындалатынына неге сенетінім туралы” деп сипаттайсыз. Шыныңызды айтыңызшы, бұл мәселеге қарсы күресте дер кезінде күш жұмылдырып үлгереміз дегенге сенесіз бе?

BG: Иә. Кітаптың соңғы жағында оптимист адам екенімді жаздым. Өйткені мен адамдардың қолынан не келетінін, технологиялардың қауқары неге жететінін көрдім. 2050 жылға қарай әлемнің көп бөлігі атмосфераға бөлінетін қалдықтар бойынша нөлдік деңгейге жетуі үшін алдағы онжылдықта дұрыс саясат, технологиялар мен нарықтық құрылымдар дайындауға күш салуымыз керек. Бізге уақыт жоғалтуға болмайды.

Билл Гейтс – Microsoft компаниясының негізін қалаушы және корпорациясының технологиялық кеңесшісі, Bill & Melinda Gates Foundation қорын басқарушылардың бірі. Конни Хедегорд  климаттық мәселелер бойынша Еуропа комиссары (2010-14), Данияның қоршаған орта министрі (2004-07), климат және энергия министрі (2007-09) болған.

Copyright: Project Syndicate, 2021.

www.project-syndicate.org

The post Билл Гейтс: Уақыт жоғалтуға болмайды appeared first on Ekonomist.

COVID дәуіріндегі және одан кейінгі компанияларға арналған ESG қоғамдық құндылық компасы
Техас штаты губернаторының орынбасары Дэн Патрик секілді оңшылдар  мен консерватив көзқарастағы комментатор Гленн Бек секілділер бірігіп алып, бүкіл әлемге экономиканы емес, адамдарды құрбандыққа шалу керек деп жар салып жатқанда, жүйелі даму және корпоратив басқарудың 124 еуропалық сарапшысы Zoom арқылы жиналып, бизнестің жұмысына қосымша қаржылық құндылықтарды қалай енгізу керектігін талқылады.

Пікірталас Chatham House тәртібі бойынша жүргізілді. Шақырылған әзірлеуші-сарапшылар арасында менің болғаным да жасырын емес. Себебі менің аты-жөнім жақында ғана шыққан «Ортақ игілік пен пайда: тұрақты бизнес үшін қоғамдық құндылық принциптері» атты баяндама цитатасының астында ашық көрсетілген.

Қоғамдық құндылық деген не?

Қоғамдық құндылық – барлығына және әрқайсымызға, қоғам мен қоршаған ортаға оң әсер ету арқылы сақталған немесе құрылған құндылық.

Айта кету керек, қоғамдық құндылық тұжырымдамасының бастапқы нұсқасын Гарвард профессоры Марк Х.Мур 25 жыл бұрын «Қоғамдық сектор үшін акционерлік құндылықтың» баламасы ретінде жасаған. Басқаша айтқанда, Мур қоғамдық сектор менеджерлеріне кәсіпкерлердің ойы мен рухын сіңіруге тырысты. Қазіргі кезде қоғамдық құндылық ұғымы енді қоғамдық секторға қатысты емес және оны ұйымдардың барлық түрі қолданады. Мысалы, жеке коммерциялық фирмалар немесе үкіметтік емес ұйымдар да.

Сондай-ақ, қоғамдық құндылық тұжырымдамасын басқа танымал корпоратив әлеуметтік жауапкершілік мамандарымен (КӘЖ) және ортақ немесе ортақ құндылық тұжырымдамасы бар ESG сарапшыларымен (ортақ құндылық) шатастырмаңыз. Оның авторлары – Гарвардтың басқа атақты профессорлары Майкл Портер мен Марк Крамер. Кайса Сорса мен Микко Сихвонен дұрыс атап өткендей, «жеке ұйымдар контексінде жиі қолданылатын жалпы құндылықты құру тәсілі қоғамдық құндылық тәсіліне ұқсас, өйткені ол ұйымдастырушылық стратегия мен мінез-құлықты осындай қоғам үшін құндылық тудыратын экономикалық құндылықты құруға бағыттайды».

Қатты ұқсас, бірақ бірдей емес

Бір жағынан Мурдың тұжырымдамалары мен екінші жағынан Портер мен Крамер арасындағы түбегейлі айырмашылықты сипаттауға тырысып, мен кез келген жақсы визажист білетін формулаға еріксіз ораламын. Ол: бірдей екі қас формуласы. Табиғи, тым баттасып көрінбейтін етіп, әсем сызылғанмен, екі қас бірдей емес. Олар қатты ұқсас, бірақ егіздей емес, әпкелі-сіңлілі сияқты ұқсастық.

ESG сарапшылары ортақ және қоғамдық құндылықтарды талқылай бастағанда, осындай дүние айқындала бастайды. Екі тұжырымдаманың міндеті де – қоғам үшін ЖІӨ өсіміне қосқан үлес немесе салықты уақтылы төлеу сияқты қарапайым құндылықтан да маңызды құндылық құру. Алайда, ортақ құндылыққа деген назар маңызды құндылық құру корпоративтік стратегияның бір бөлігіне айналып, компанияның ДНҚ-сына енетініне көбірек бағытталса, қоғамдық құндылық транспаренттілік, есеп берушілік және компаниялар өздерінің стейкхолдерлерінен және жалпы қоғамнан алатын «қызмет лицензиясы» мәселелерінен алшақтамайтын болады.

Осы себепті, біз әзірлеген қоғамдық құндылықтың 9 қағидасы ESG индустриясында көп кездесетін әдеттегі көрсеткіштер емес (бірақ олар осындай көрсеткіштерді толықтырады). Тіпті, принциптердің бірі «үздіксіз жетілдіруге» ұмтылуға және «сенімді қарым-қатынасты» «ниет, әрекет және әсер етуді… өлшеу, тексеру және жариялау арқылы» құруға шақырады.

Сонымен бірге, біздің Zoom сессияларымыздың аноним қатысушыларының бірі айтқандай: «Құндылықтар – біздің әңгімеміздің маңызды бөлігі. Мысалы, сіз өзіңіздің отбасыңыздағы қарым-қатынасты тиімділік көрсеткіштері арқылы басқара алмайсыз».

Ұсынылған принциптерді қатаң көрсеткіштері бар утилитарлық тәсіл мен аз қолданылатын философиялық экзерсиялар арасындағы  бейтарап ортада тепе-тең етіп ұстап тұрған тағы бір себеп бар. Осыдан барып дәл сол стейкхолдерлер мен қоғам өкілдері қоғамдық құндылық деген өз түсінігіне сүйеніп, компанияларға «қызмет лицензиясын» береді. Бұл принциптер «Жергілікті деңгейде және одан әрі» қоғам үшін бизнес құруға тырысатын компанияларға да, осы компаниялар есеп беретін қоғам мүшелеріне де түсінікті болуы керек.

Осыған байланысты мен бизнес әлемінен алыс және оған жақын қоғамның барлық мүшелерін қоғамдық құндылықтың 9 қағидасымен танысуға шақырамын.

Қазіргі заманғы компаниялар үшін қоғамдық құндылықтың 9 қағидасы

Біз компаниямызды әділдік, құрмет және қоғамға пайдалы инклюзия қағидаттарын негізге ала отырып басқарамыз, бағыттаймыз және жетекшілік етеміз.

Біз барлық деңгейдегі адамдарға мүмкіндік береміз және үлгі көрсетеміз.

Біз жеке тұлғаларды өз деректерінің иелері деп және олардың жеке өмір сүру құқығын адам құқығы ретінде танимыз.

Біз адами қадағалау үшін технологияларды, деректер мен білімді инклюзив, транспарентті және этикалық пайдалану мен қолдану мақсатында құқық береміз және мүмкіндік жасаймыз.

Біз үздіксіз жетілуге ұмтыламыз және ниетімізді, іс-әрекетімізді және әсерімізді транспарентті және ұдайы өлшеу, тексеру және жариялау арқылы сенімді қарым-қатынас орнатамыз.

Біз өзіміздің серіктестерімізбен және стейкхолдерлерімізбен бірге құндылық тізбегі бойындағы қандай да бір теріс салдарлар болған жағдайда түзету енгізіп отыруға міндет аламыз.

Біз өзіміздің бизнес моделіміз арқылы қызметімізді жүзеге асыратын қоғамға оң үлес қосқанымыз үшін есеп береміз.

Біз планеталық шекаралардан шықпай-ақ циркуляция мен регенерация жолында жүйені жақсарту үшін күресеміз.

Біз жергілікті деңгейде және одан әрі адамдардың өмірін жақсартатын инклюзив моральдық әлеуметтік келісімшартқа ұмтыламыз.

The post COVID дәуіріндегі және одан кейінгі компанияларға арналған ESG қоғамдық құндылық компасы appeared first on Ekonomist.

«Қалыпты өмірден» айырылу, қалпымызға келу
Биыл жазда Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) президенті Клаус Шваб «қалыпты» өмірге қашан ораламыз деген сұрақ қоймаңыздар» деп айтып, біраз шу шығарған еді.

Оның әдеттегі «ешқашан» деген сөзі емес, берген жауабына бас шайқаған жұрттың саны таңғаларлық болды. Сіз оның «Ұлы қайта жүктелуі» мен басқа да әйгілі экономистердің «өткенді жақсырақ етіп құру» туралы көптеген үндеуін оқып отырғанымызда, Қазақстан көшесіндегі жұртқа көзіңіз түссе, не ойларыңызды да білмей қалатыныңыз рас.

Масканы иегіне іліп алып жүрген біздің қоғам «әлгі пандемия» деп өткен шақта ойлап, әңгіме қылып жүргені «адасқанның алды жөн» деген көзсіз адамның орға қарай бара жатқанындай болып көрінуі де мүмкін. Яғни, алда әлеуметтік теңсіздік, экономиканың теңсіздігі, әділетсіздік пен кері кеткен қоғам күтіп тұруы да ғажап емес.

Дегенмен, бұлай демеуге де негіз бар.

Қалыпқа келген кезде қатардан қалмау керек

ДЭФ-тің «Қалыпты өмірден» айырылу жайлы мәлімдеуіне алты ай уақыт қалған кезде Нұр-Сұлтанда «Үздік [Қаржылық] талдау жұмысы-2019» анықталды. Жүлде алған мақаланың тақырыбы – қосалқы авторым Елена Музыкина екеуміз «Қалыпқа оралғаннан кейінгі облигациялар» деп атаған қаржылық құрал жайлы еді.

Былтыр күзде мақала жазып жатқан кезде (кейіннен оны Лондон Инвестициялар және Бағалы қағаздар чартерлік институты [CIS] жариялады) «COVID-19» деген сөз түсімізге де кірмеген. Алайда қазір жұрттың бәрі күтіп жүрген «қалыпты өмірдің» кемесі сол кездің өзінде келмеске кеткен еді.

Қарапайым қазақстандық немесе оның замандасының ойындағы қалыпты жағдай – Пәкістанда туған британ интеллектуалы, қалыпты өмірден кейінгі жағдай теоретигі Зиауддин Сардардың ойынша, «көнелердің көзі кетіп, жаңасы дүниеге келмеген, айнала толы түсініксіз жағдайлар» дейтін, бұл күйге түскеніне он жылға жуықтаған кезең болып саналады.

Қалыпты өмірден кейінгі жағдай теориясы бойынша, интернет технологиялардың дамуы мен жаһандану әлемге тәуелділіктің қамытын соншалықты кең ауқымда және көз ілеспес жылдамдықпен бір мезетте кигізіп қойғаны соншалықты, ғалам бір көгенде бола тұра бір-біріне қайшы байланысқа түсті. Бұл барлық процесте хаостың артуына алып келді. Қарапайым адам үшін мұның бәрі айқын сезілмеуі мүмкін. Тек аяқасты жұрт жаппай маска киіп, үйге қамалғанын ғана аңғарар. Алайда жаһан экономикасы әрқилы мысалдарға баяғыда-ақ толып қалды.

Бұрынғыдай ойсыз өмір, бүгінгі күнмен өмір сүру және ертеңгі күнге бас қатырмау келмеске кетті

Мұны жазып отырғанда ойыма әйгілі экономист Джон Кэйдің британ үкіметінің тапсырысымен 2012 жылы жасаған қаржы нарығы жайлы зерттеуі еріксіз келе қалды. Экономист «алым мәдениеті» мен «салым мәдениеті» Американың «сауда мәдениетіне» айналып кеткен деген қорытындыға келген болатын. Қарапайым тілмен айтсақ, цифрландыру процесінің арқасында адамның акцияларға ие болуы емес, алып, қайта сатуы көп тіркелетін болды. Ол бойынша акцияға тек бірнеше секунд ішінде ғана иелік ететін болған кезде компанияның ұзақмерзімді күйіне ешкім бас қатырғысы келмейді. Тек қысқа уақыт ішіндегі пайдасы ғана маңызды.

Қазақстан мен бұрынғы кеңестік елдерде қаржы нарығы аса дамымаған. Сол себепті әлгі аз ғана уақыт ішінде ғана акцияға ие болудың аяғы болжап, алдын алу мүмкін емес әлеуметтік және экономикалық проблемаларға соқтыратынын сезіндірмейді де. Дегенмен бізде елдің бәрі білетін бүгінгі күнгі табыс ертеңгі күніңе деген салымнан артық болып тұратын өзімшілдік материализміміз де бар.

Көне мысалдарды алар болсақ. Желтоқсан көшесіндегі тарихи ғимаратты қиратып, орнына көпқабатты үй салу – соның бір көрінісі. Қазір көптеген компания коронавирустың бәсеңсігеніне малданып, қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ынталандыруды да білмей отыр. Оны өзінің азаматтық борышы деп есептемейді. Бұны да алдын болжай алмау, иек астынан өзгені көре алмау деуге болады.

Экономиканың емес, сараңдық пен сана көрсоқырлығының түбіне жетейік

Артық сұраққа бас қатырғысы келмеген адам үшін ең қарапайым, жауыр болған жауапқа сүйене салу оңай. Алдын болжай алмау,  эгоисттік материализм қалыпты болып саналатын, Гордон Геккоша айтқанда «сараңдық деген – тамаша» дейтін өмірге біз осылай аяқ бастық. Ал жоғарыда айтып кеткен Джон Кей пандемия кезінде «Сараңдық өлді» атты жаңа кітабын шығарды. Атауының өзі-ақ не туралы екенінен хабар беріп тұр.

Масканы иекке іліп алып, той-томалақтан қалмай жүргеніне қарамастан, «қалыпты өмірге қайта оралуға» ұмтылатын, «экономиканы құтқаруға» білек сыбана кірісетін адамдар көп. Олар «ата-бабамызда ондай болмаған» деп желеумен қоғамдағы түрлі процеске өзінше баға бергіш «ұятмендерді» еске түсіреді. Олар ескінің тозығын тастап, жаңаның озығына ұмтылғысы келмейді. Дарвиннің өзі «эволюцияға ілесе алмағандар тозып, тұқымы құриды» деген ой қорытқан. Бұны елдегі заңды және жеке тұлғаларға қарата айтуға болады. Тіпті бүтіндей бір экономика, цивилизацияға да телуге болады.

Идеологияны ұмытып, ортақ іске жұмылайық

Сардар секілді ислам теоретигі болсын немесе батыс капитализмінің айтулы тұлғасы Шваб болсын, барлығының ойы сәт сайын өзгеріп жатқан, бір-бірімен матаса байланысқан заманауи әлем біз білетін экономиканы құтқару деген көмекке мұқтаж емес дегенге тоғысады.

Алдына бірөлшемді экономикалық мақсаттар қойып келе жатқан желілі  әлемнің экономикасы мен әрқилы, күрделі шешімдерді қажет ететін әлемнің экономикасы бір-біріне сай келмейді.

«Қалыптылық» бетпердесін киіп алған дәл осы экономиканың бізді алып келген жері осы. Әдеттегі міндеттерімен қатар, уақытты қажет ететін экология мен әлеуметтік проблемаларды да шешетін  экономикада идеология мен саясатқа орын жоқ. Себебі бұл – тірі қалып, тіршілік ету шаруасы.

Қалыпты өмірге қайта оралу үшін алға қандай көп бағытты мақсат қоюға болады? Оның бәрі мен жазған «Қалыпқа оралғаннан кейінгі облигациялар» сияқты күрделі қаржылық құрал болуы міндетті емес. Мысалы, мен кешкі жаңалықтарда той ұйымдастыру бизнесіндегі тұлғалардың карантин режимін бұзып, қолға түскені туралы ақпаратты емес, цифрлы технологиялар мен виртуал жағдайда ерекше шешімдер тауып, енгізіп жатқаны жайлы сюжет көріп, мақала оқығым келеді.

The post «Қалыпты өмірден» айырылу, қалпымызға келу appeared first on Ekonomist.

Митингке сұрану: неге қазақстандықтар наразылық білдіруде белсенді емес?
Қазақстандықтар саяси процестерге белсенді қатысуға қаншалықты дайын және ел дамуының оңтайлы процесі деп нені атау керек? Бұл – соңғы жылдардағы Қазақстан саяси күн тәртібіндегі ең өткір және даулы мәселенің бірі. Ел халқының оларға қалай жауап беретінін әлеуметтік көзқарастарды анықтауға арналған зерттеулерден білуге болады.

Олардың деректері көбінесе декларациялар мен әрекет арасындағы айтарлықтай алшақтықты анықтайды. Сондықтан «слактивистер» (ағылшын тілінен. slacker-жалқау), «диван батырлар» теориясы кеңінен қолданылады. Яғни, олар қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатыспайды, бірақ басқа азаматтарды нақты бір әрекеттерге айтақтап, ынталандыруда маңызды рөл атқарады.

Азаматтардың құндылық, мінез-құлық көзқарастарын анықтауды мақсат еткен зерттеулердің бірі – «Дүниежүзілік құндылықтарға шолу» (World Values Survey; WVS). Осы жылдың шілде айында 2017 жылдан 2020 жылға дейін әлемнің 77 елінде өткен зерттеудің кезекті топтама деректері жарияланды.

Қазақстанда сауалнаманы 2018 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізді. Іріктеу 1277 респондент (18 жас және одан жоғары) арасында болды; ҚР 14 облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалалары қатысты; сұхбат түрінде болды (Face-to-Face); респондент бағыт бойынша іріктелді, «Киша» кестесі қолданылды.

Нақты және әлеуетті ел азаматтарының сауалнамаға қатысуы – бүгінде бірқатар маңызды факторға байланысты ел үшін ерекше маңызды саналады.

Біріншіден, геосаяси жағдай. Көрші және тіпті жақын шет елдердегі саяси жағдайдың даму сценарийлері біздің ел азаматтарының саяси санасына ұялайды. Ал ол бұл үкіметтер мен қарапайым азаматтардың пікірінің өзгеруін саяси күн тәртібін қалыптастыру барысында ескеруге ықпал етеді.

Екіншіден, белгісіздік артып, жылдам өзгерістер болып, орталықсыздандыруға көшіп, қайта қарауды талап ету күшейіп, бизнес пен қоғамның мемлекеттік саясатқа араласқысы келіп тұруы артып бара жатқан қазіргі әлемдік жағдай да маңызды. Бұл факторлар белгілі бір дәрежеде соңғы онжылдықтарда өткен инфокоммуникациялық революция салдары. Бұл сонымен қатар билік институттарына деген сенімнің азаюы, наразылық көңіл-күйдің өсуі, әсіресе жастар жаңа әлемде өмір сүретіндікпен, ұрпақ сабақтастығының үзілуіне де  байланысты.

Қазақстанда бұл трендтер саясат сахнасында болып жатқан оқиғалармен, атап айтқанда, билік ауысқан президент сайлауы мен алдағы парламент сайлауы секілді азаматтардың саяси белсенділігіне зор ықпал ететін шаралармен толығады.

Цифрландыруға бет бұру, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен есептілігін қамтамасыз ету де азаматтардың саяси санасына елеулі өзгерістер енгізуде.

Азаматтық және саяси пікірлер

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ҚР халқының басым бөлігі қандай да бір қоғамдық ұйымдарға мүше емес. Ел халқының жалпы санының бестен бір бөлігінен азы кәсіподаққа мүше (16,3%), саяси партия қатарында (10,8%), гуманитарлық және қайырымдылық ұйымдарына (8,8%) тіркелген. Бірақ бұл ұйымдарға көбінесе ресми, белсенді түрде қатыспайды (ең көп таралған жауап: «мен мүшемін, бірақ белсенді емеспін»).

Осыған байланысты тағы бір зерттеу нәтижесі қызықты. Оның деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы ел азаматтарының тек 15%-ы ғана хабардар, бірақ олардың қызметі не екенін білмейді. Ал қазақстандықтардың басым көпшілігі, яғни 85%-ы ҮЕҰ және олардың қызметі туралы білмейді де.

Көбінесе азаматтар петицияларға қол қою сияқты аз уақыт пен міндеттемесі жоқ наразылық акцияларына уақыт жұмсайды. Бұл туралы респонденттердің 5,4%-ы айтқан.

Сауалнама көрсеткендей, халықтың болмашы бөлігі ғана саяси және әлеуметтік іс-қимылдардың неғұрлым нақты (радикал) түрлеріне, яғни бейбіт демонстрация (2,5%), бойкот (0,8%), ереуілге (0,5%) қатысатыны анықталды.

1-кесте. Сұраққа жауап беру үлгісі: «… қатысып көрдіңіз бе, қатысар ма едіңіз немесе қандай жағдайда қатыспас едіңіз?»

Петицияға қол қою

Бойкотқа қатысу

Бейбіт шеруге қатысу

Ереуілге қатысу

Қатыстым

5,4

0,8

2,5

0,5

Қатысар едім

16,1

11,1

18,2

10,6

Ешқашан қатыспас едім

70,5

80,1

71,5

80,5

Жауап беруге қиналам

5,0

5,1

4,9

5,5

Жауап бермегендер

3,0

2,9

2,9

2,9

Дереккөз: WVS мәліметтері бойынша автордың есептеулері

Сұраққа жауап беру үлгісі бойынша салыстырмалы түрде кең таралған қатысу түрі – бір ұйымның қорына қайырымдылық үшін ақша аудару немесе қоғамдық пайдалы акцияларға қатысу (21,2%), мемлекеттік органдарға өтініштер (18%) екен. Тек бірнеше адам ғана қандай да бір саяси әрекеттерге қатысты басқа адамдардың үгітшілері ретінде (1,2%), сондай-ақ дауыс беру кезінде үгітшілер (4,4%) ретінде әрекет еткен.

Қазақстанда қандай да бір акцияға қатысу әлеуеті артып келеді және белсенді саяси ұстанымы барлар саны көбейіп келеді. Олар бүгінде белгілі бір қоғамдық маңызы бар қызметке тартылғандардың үлесінен бірнеше есе көп.

Бұл әсіресе, басқа адамдарды өз пікірін неғұрлым белсенді білдіруге үгіттеу, саяси наразылық акцияларын ұйымдастыру, сондай-ақ электрон формадағы өтініштерге, петицияларға қол қою сияқты саяси шаруаларға қатысудың белсенді түрлеріне қатысты.

Басқа адамдарды саяси мәселелер бойынша қандай да бір іс-қимыл жасауға үгіттегендердің үлесі 1,2%, ал мұны жасай алар едім деп жауап бергендердің үлесі – 15%.

2-кесте. Азаматтардың қандай да бір шараға қатысу формасы жайлы мәліметтер

Жасадым

Жасар ем

Қандай да бір ұйымның қорына немесе қоғамдық пайдалы акцияға қайырымдылық үшін ақша аудару

21,2%

34,0%

Мемлекеттік органдарға жүгіну

18,0%

33,0%

Басқа адамдарды саяси мәселелер бойынша қандай да бір іс-қимыл жасауға үгіттеу

1,2%

15,0%

Басқа адамдарды дауыс беруге қатысуға үгіттеу

4,4%

18,7%

Саясат және саяси оқиғалар туралы ақпаратты іздеу

10,8%

25,5%

Электрондық өтініштерге, петицияларға қол қою

3,5%

15,7%

Басқа адамдарды қандай да бір саяси акцияны ұйымдастыруға немесе оған қатысуға үгіттеу

0,5%

12,4%

Саяси акцияларды, іс-шараларды, наразылықтарды ұйымдастыру

0,7%

9,5%

Дереккөз: WVS мәліметтері бойынша автордың есептеулері

Сонымен қатар респонденттердің басым бөлігі басқа адамдарды саяси мәселелер бойынша немесе дауыс беруге қатысу үшін (72,2%),  қандай да бір іс-қимыл жасауға үгіттеу (65,9%) сияқты саяси белсенділік түрлерін қабылдамайды. Респонденттердің көпшілігі қандай да бір саяси акцияға қатыспайды (70,1%), сондай-ақ саяси акциялар, іс-шаралар, наразылықтар ұйымдастыруды жоспарламайды (72,5%).

Қазіргі ел азаматтарының барынша көп қолданатын азаматтық және саяси әрекеттері – қандай да бір ұйымның қорына қайырымдылық үшін ақша аудару немесе қоғамдық пайдалы акциялар өткізу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгіну.

«Елдің дамуының оңтайлы жолы қандай, эволюциялық әлде революциялық па?» деген сұраққа келетін болсақ, зерттеу ел азаматтарының көпшілігі біртіндеп, эволюциялық реформалардың жақтаушылары (59%) екенін көрсетеді. Қоғамдағы түбегейлі реформалар үшін респонденттердің 13,0%-ы дауыс берген және ел азаматтарының шамамен сол бөлігі біздің қоғамға ешқандай қайта құру қажет емес екеніне сенімді (14,4%).

Азаматтар елдегі тыныштық – басты мақсат деп санайды (54,7%), екінші топ бағаның өсуіне қарсы күрес (20,4%) маңызды деп ойлайды және ел үшін алдағы 10 жылға арналған басым мақсаттар тізіміндегі үшінші орында – үкіметке шешім қабылдар кезде азаматтардың ықпал ету мүмкіндігі мол болуы керек деген пікір тұр. Бұл үшін әрбір алтыншы азамат (17,5%) белгі соққан.

Зерттеу 2020 жылы кең тарай түскен бірнеше айқын трендті көрсетеді.

Біріншіден, бұл – неғұрлым белсенді азаматтық ұстанымға, елдің қоғамдық-саяси процестеріне қатысуға және билік қызметіндегі азаматтардың пікірін ескеруге деген сұраныс. Азаматтар өздерінің мұндай шараға аз қатысатынын айқындай отырып, саяси өмірге белсенді қатысуға дайын екенін де жасырмады.

Коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі дағдарыс қолданыстағы тенденцияларды күшейтіп, оларды одан да айқындай түсті. Мәжбүрлі түрде локдаунда отырғанда тіпті кейде саяси белсенді емес азаматтардың өзі де мәселе талқылауға белсенді кірісіп кетіп жатты. Бұл бірінші кезекте дағдарыстың бір күн ішінде мемлекеттік аппарат қызметінің барлық кемшілігін ашып бергенімен байланысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда түрлі қауымдастықтың субъектив деңгейі өсіп келеді. Бұл процесте әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарды. Саяси сауаттың артуына, жүзеге асырылатын саяси оқиғаларға қатысқысы келетін және ықпал еткісі келетін, қабылданған саяси шешімдердің логикасын түсінгісі келетін белсенді азаматтардың ерекше ортасы қалыптасуына әсер етті.

Тағы бір тренд – қауіпсіздікке сұраныстың жоғарылығы. Осы зерттеу көрсеткендей, азаматтар тіпті оны еркіндіктен де жоғары қояды. Бұл ел үшін мықты көшбасшы керек және елде тыныштық пен тәртіп орнауы керек деген сұраныс та айқын байқалады. Бұны ел азаматтарының жартысынан астамы Қазақстан үшін маңызы жоғары мәселе деп біледі.

The post Митингке сұрану: неге қазақстандықтар наразылық білдіруде белсенді емес? appeared first on Ekonomist.

Пандемия климат саясатын түбіріміен өзгерте ала ма
Роланд Куперс

АМСТЕРДАМ – Экономистер климат туралы пікірталаста ұзақ уақыт бойы басымдық танытып келген, бірақ әлі күнге дейін көзге көрінер нәтижеге қол жеткізген жоқ. Коронавирус пандемиясына қарсы жаһандық күрес мәселесіндегідей климат дағдарысын еңсеруде жүйелі ғылымға үміт артудамыз. Және желі функциялары қалай жұмыс істейтінін толық түсіну арқылы жалпыға ортақ пайдасы бар саясат қалыптастыра аламыз.

Қазіргі таңда климат саясатының басым бөлігі көмір зауыттарын жабу немесе энергия тиімділігін арттыру сынды орталықтандырылған іс-шараларды анықтаумен айналысады. Аталған шаралардың жүзеге асуы мүмкін еді, дегенмен айтарлықтай ешбір өзгеріс орын алған жоқ және ол өзгеріс табиғат талап ететін жылдамдықта болмады. Кейбір экономистер нарықтың климат саласында инновация жасауына рұқсат ету керек дейді. Бүгінде карантин аяқталып, экономика қайта жанданғандықтан парник газ шығындыларының көлемі тағы да артып отыр.

Бұрын жұқпалы аурудың тарау жылдамдығы мен әлеуметтік дистанция терминдері жүйелі ғылым шеңберінде ғана шектелсе, қазір пандемияға байланысты күнделікті қолданысқа енді. Сонымен қатар, жоғарыдан төменге бағытталған шара коронавирусты тұтас жоймайтыны айдан анық болды. Вакцина пайда болмайынша, әлем елдерінің қолынан келер жалғыз дүние – вирус контексін өзгертіп, пандемияны тоқтату. Дәл осындай жүйелі тәсіл арқылы климат саясатын сипаттауға да болады.

Шынымен де, пандемия динамикасын климатқа байланысты проблемаларды шешу үшін қолдануға келеді. Мысалы, күн панелдерін енгізуді де «жұқтырып алуға» болады, яғни жақсы мағынада: олардың саны артқан сайын жағдай жақсара береді. Егер көршіңіз шатырына панель орнатып жатқанын көрсеңіз, сіздің де солай жасауыңыз әбден мүмкін. Күн панелдерін енгізудің деңгейі қала немесе ауданға тікелей байланысты, ал күн фотоэлектрлік технологияларын тарату жұмыстарын экономика арқылы басқару тиімсіз. Қолжетімділік пен пайда сияқты экономикалық факторларды басып озатын азаматтар арасындағы сенім деңгейі мен «инфекцияның» өршуіне түрткі жасайтын әлеуметтік құрылым күші басты дүние болса керек.

Осы тұрғыдан алғанда, саясаткерлер күн энергиясын қабылдауды күшейтуге мүмкіндік беретін супер-таратқыштарды құруға назар аударуы керек. Басқа да әлеуметтік нормалар, мысалы, қазба отынымен жүретін автокөліктерді жылдам ауыстыру, қызыл етті аз тұтыну және шамадан тыс тұтынуды тежеу – бәрі бірдей желі күштерінің типіне жатады.

Көмірді алып қарастырайық. Көмірмен электр станцияларының жұмысын тоқтатуға нақты себеп жеткілікті болғанымен көмір өндірісімен айналысатын қоғамда бұл мәселеге шектеу қою мүмкін емес. Көмірқышқыл шығындыларына салық салу теория жүзінде жұмыс істегенімен, тәжірибеге келгенде тиімсіз болып шықты. Әлем бойынша 6600 белсенді көмір қондырғысы бар, өзге 1100 қондырғы жоспарлануда немесе ендігі салынып жатыр. Көптеген банктер көмір жобаларын қаржыландыруды тоқтатты. Сол себепті барлық жаңа электр станцияларын санаулы қаржы институттары қолдап, нәтижесінде қаржы иеленген шағын, өзара бірлескен адамдар тобы пайда болды.

Тағы бір шешім – көмірден бас тартуды «жұқпалы» ету. Мысалы, көмірді жақтаушылар жыл сайын өтетін Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк жиынына келгенде немесе Давостағы дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы флагмандық кездесуге жиналғанда ұйымдастырушылар оларды арнайы стратегиямен орналастырып, желілерін картаға түсіріп және контактілерін мақсатты түрде өзге норма жиынтығын ұстанатын желілермен толықтыра алады.

Жүйе тек әмбебап күйде қалмайды, ол күтпеген тәсілдер арқылы өзара байланысады. Мысалы, коронавирус төрт аптаның ішінде Қытайдағы парник газ шығындыларын Нидерландыдағы шығындылардың бір жылдық көлеміне тең дәрежеге дейін қысқартады деп кім ойлаған. Майда дисперсиялық бөлшектердің ластануын азайту қоғамдық денсаулық сақтау саласына тигізетін пайдасы вирус тудырған зардаптан басым болуы мүмкін. Бірақ ең үлкен қиындық қоғамдағы экономикалық әлсіз топтың өмір сүруге қажетті қаржысынан айырылуы болып қала бермек.

Климат саясаты осындай өзара байланысты ескеруі қажет. Кейбіреулердің айтуынша, қоңыр түсті электрондарды жасылға ауыстыра салу жеткілікті. Олай емес. Энергетикалық жүйе қоғамда бар барлық дүниемен өзара тығыз байланыста болғаны соншалық, өзгерістерге өте бейім және сол арқылы басқа өзгеріске түрткі жасап отырады.

Бұл климат саясатының күрделілігіне байланысты саясаткерлер үмітін үзуі қажет дегенді білдірмейді.

Олар, керісінше, дәстүрлі экономика шеңберінен шығып, пандемия кезінде эпидемиолог пен дәрігерді қалай тыңдаса – дәл солай жүйені жақсы білетін адамдармен бірлесіп жұмыс істеуі керек.

Толық жетілмегеніне қарамастан климат саясатының қазіргі басқармасынан бас тартпай, оны кеңейтуіміз қажет. Коронавирус саясатының негізінде жүйелі ғылым жатыр, сол сияқты климат саясатында да ғылым лайықты орын алуы керек. Желілік эффектілерді басқару және бұған дейін қабылданған шешімдерге тәуелділікті жою оңай емес, бірақ кейбір елдердің пандемия кезінде қолданған шаралары желіні қалай сәйкестендіріп, басқаруға болатынын көрсетті.

COVID-19 дағдарысы желідегі өзгеріс арқылы кез-келген өзгерістің өте жылдам уақытта орын алатынын анық аңғартты. Әлі де жалғасын тауып келе жатқан пандемия жақсы я жаман болсын санаулы айдың ішінде жаһандық өзгерістерге алып келді; ал климат саясаты тек онжылдықта ғана қалыптасады.

Климат дағдарысына байланысты мәселені тым ұзақ уақыт шегеріп келдік. Дәстүрлі саяси әдістер конструктивті түрде шығындылар көлемін азайтуға қауқарсыз. Сайып келгенде пандемия салдарынан сабақ ала отырып, басқа ірі жаһандық дағдарысқа қарсы күресті жедел түрде бастап кете аламыз.

Роленд Куперс – қиындық, тұрақтылық, энергияны қолдану мәселелері бойынша кеңесші, Амстердамдағы Жоғары зерттеу институтының ғылыми қызметкері; Complexity and the Art of Public Policy and A Climate Policy Revolution кітабының бірлескен авторы.

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

The post Пандемия климат саясатын түбіріміен өзгерте ала ма appeared first on Ekonomist.

Коронавирусқа қарсы құзыреттілік пен сенім
Ekonomist.kz редакциясы Лейбниц атындағы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа зерттеу институтының аймақтағы коронавируспен күрес туралы ақпарат тарату бойынша арнайы блогында жарияланған мақаланың аудармасын ұсынып отыр.

Биылғы мамыр айында СOVID-19 бойынша өткен Singularity University виртуал саммитінде сөз сөйлеген TIME колумнисі Алекс Гладштейн жаңа коронавируспен күрестегі екі негізгі өзекті  атап көрсетті: құзыреттілік және ашықтық. Пандемия кезінде қоғамдық денсаулыққа басшылық жасауда қарапайым табысқа жету үшін ел үкіметтері не құзыреттілігін көрсетуі тиіс (Қытайдағыдай), не ашықтығын көрсетуі керек, немесе осының екеуі де болуы қажет.

Гладштейн бірінші кезекте пандемиямен АҚШ-тың қалай күресетініне алаңдайтынын айтты, өйткені дәл сол сәтте елде қауіпке берілген жауап аса білікті болмады. Сонымен бірге, жағдайдың қалай қарай өзгеретіні беймәлім Ресейге қатысты алаңдауын білдірді.

Одан бері үш айға жуық уақыт өтті және колумнистің болжамы белгілі бір дәрежеде өзекті екенін көрдік. АҚШ  Worldometer кестесінде ауру жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұр, ал Ресей – алғашқы үштікте. Теориялық тұрғыда құзыреттілік деңгейі ұқсас болғанымен, басқа посткеңестік мемлекеттердің әрқайсы COVID-19 қаупімен өзінше күресуде. Қашаннан өзгелерден аулақ жүретін Беларусьте 9 мамырға орай  президент Александр Лукашенконың парад өткізуі мен  коронавирус дегенді сөзді айтудың өзіне шектеу қойған  Түркіменстанды айтпағанда, аймақтағы ашықтық деңгейі аса бір назар аударатындай емес.

Ерекше маңызды құзыреттен тыс

2020 жыл бойынша заң үстемдігінің WJP индексі «үкіметтердің ашықтығы» бойынша Ресей Федерациясы (0.49), Қазақстан (0.46) мен Қытайда (0.43) өте ұқсас нәтиже көрсетті. Бұл елдер «ақпарат алу құқығына» қатысты да ұқсас көрсеткішке ие: РФ коэффициенті – 0.40, Қазақстандікі – 0.45, Қытайдікі – 0.49.

Қытайдың елдегі эпидемиологиялық жағдайды табысты реттеуіне қатысты пікірталас әлі де толастамай тұр. Осы мақаланы жазу кезінде бұл елде КВИ жұқтырудың белсенді жағдайы 100-ден төмен түскенін ескере отырып, кемінде Қытай вирустың алғашқы толқынымен сәтті күресе білді деуге болады. Қазір Ресей мен Қазақстан да карантин режимін жеңілдетіп жатыр, соның ішіне Қазақстанның жағдайға орай жылдам әрекет еткенін атап айтқан жөн. 2020 жылдың 15 наурызында  ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ режимін енгізу жөнінде жариялады. Ресей бұл кезде  бизнесмен Олег Дерипасканың елді 60 күнге жабуға шақыруын талқылап жатқан болатын, магнат Дерипасканың қорқынышы тегіннен-тегін емес, оның активтері («Русал») Эбола салдарынан бір қауіпті бастан кешкен болатын.

Ал РФ президенті Владимир Путин тек  25 наурызда ғана мәлімдеме жасады, ал цифр қашанда дәлдікті ұнатады. Күнтізбедегі 10 күннің айтарлықтай айырмасы жоқтай көрінгенімен, миллион ресейлікке шаққанда COVID-19 жұқтырғандар саны 1571 болса, миллион қазақстандыққа шаққанда 277 адамнан келеді (түпнұсқа мақала 15 мамыр күні жарияланған. Одан бері бұл көрсеткіш 1 млн тұрғынға шаққанда 2598 ресейлік пен дәл осылай 1 млн тұрғынға шаққанда 511 қазақстандық болып өзгерді – 2020 жылдың  28 мамырындағы деректер).

Бұл, сонымен бірге, Ресейде миллион тұрғынға шаққанда 14 өлім (бұл көрсеткіш өсу үстінде) болуынан да көрінеді (одан беріде Ресейдің көрсеткіші өзгеріп, 1 млн тұрғынға шаққанда 28 адамға жетті; Қытай мен Қазақстанның көрсеткіші осы мақаланы жазу барысында өзгерген жоқ), ал Қазақстанда миллион адамға шаққанда 2 өлімнен келеді. Салыстыру үшін айтсақ, Қытайда млн тұрғынға шаққанда 3 өлімнен келеді.

Мұндай айырманы құзыреттіліктің сапасымен түсіндіру қиын. Әйтпесе, ресейлік әскери дәрігерлердің Италияда COVID-19 қаупімен күресуге көмектескенін, олардың көмегінің Қытай дәрігерлерінің әлемнің әр түкпіріндегі көмегінен еш кем болмағанын естідік. «Үкіметтің ашықтығы» мен «ақпарат алу құқығы» көрсеткіштерінің осынша ұқсастығына қарамастан, қай тұста не нәрсені қалт жіберіп алдық деген ойға қаласың.

Сенім мәселесі ме?

Экономикалық әріптестік және даму ұйымы (ЭӘДҰ) «транспаренттілік, адалдық, есептілік және мүдделі тараптардың араласуынан» тұратын «ашық үкіметтің» стратегиясы мен бастамаларын көрсетеді.

Қазақстанның COVID-19 қаупіне қарсы шараларын қарайтын болсақ, транспаренттілік деңгейі ойлағаннан айтарлықтай жоғары болғанын аңғарамыз. Үкімет қоғамды ақпараттандыру мақсатымен тұрақты конференциялар өткізумен шектелмей, ерте кезден-ақ жайсыз ақпараттарды да тарата бастады. 6 сәуір күні ҚР бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова  Қазақстанда КВИ жұқтырған әр бесінші адам медицина қызметкері екенін мәлімдеді. Бұл ақпарат қоғамда қызу талқыға түскеніне қарамастан, мемлекет одан кейін де транспаренттілік және қоғаммен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында мұндай ақпараттарды жаңғыртумен болды. Есмағамбетова  тек 21 сәуір күні ғана 127 медицина қызметкері ауру жұқтырғанын жария етті, сөйтіп сол күнгі мәлімет бойынша ауру жұқтырған дәрігерлер саны 652-ге жетті.

Транспаренттілікке ұмтылумен қатар, есеп беру тенденциясының артуы да байқалды.

Денсаулық сақтау министрінің «Даймонд Принцесс» лайнерінде болған жолаушылардың елге коммерциялық ұшақпен оралуына орай қазақстандықтардан кешірім сұрауы (хабардар етпегені үшін) есептілікке мән беретінін көрсетті. Мәселен, Қазақстанның бұрынғы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «…шамамен 11-16-сы күндері елімізге ақыры коронавирус кеп қалады» деп сәтсіз қателесіп, түрлі мем кейіпкеріне айналуынан кейін оны қызметінен алды. Дегенмен, іскерлік бедел мен есептілік мәселесіне қатысты мұндай қатаң көзқарас кейін біртіндеп жібігенін айтқан жөн. Арада ай өткенде әлеуметтік төлем жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осыған ұқсас жағдайға тап болғанда, оның сөзі анекдоттан ары асқан жоқ.

Адалдыққа келсек, Қазақстан «ұжымдық иммунитет» туралы талқыға бармай, көп кешіктірмей қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесін сақтауға көше алды, бұл жағынан ҚР посткеңестік елдер арасында алғашқылардың бірі болып төтенше жағдай режимін жариялады. Бір айда 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өмір сүру бола ма, болмай ма деген мәселе де көп талқыға түсті, бірақ үкімет халықты қиын жағдайға қалдырған жоқ, 4,4 миллионнан астам қазақстандық осындай әлеуметтік төлем алды.

«Ашық үкімет» стратегиясын көрсететін төрттіктің ішінде «мүдделі тараптардың араласуы» ғана көңіл көншітпейді деуге болады. Климаттың өзгеруі мәселесі туралы жаза жүріп байқағаным,  қазақстандықтар жекелеген әрекеттердің маңызын бағалауға бейім емес. Мұнда жеке мінез-құлқыңа жауапкершілікпен қарауға және өз үлесіңді қосуға шақыру мемлекеттік және/немесе корпоративтік мәселені қоғамның иығына артып отырғандай қабылданады. ТЖ жарияланғаннан кейінгі екі апта ішінде  1 500-ден астам қазақстандық карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін карантин шаралары сақталды, бірақ тәртіп бұзған азаматтарға қарсы әкімшілік жауапкершілік азайды. Бұл бүкіл ел көлемінде Yandex-тің өзін-өзі оқшаулау индексінің күрт түсуіне алып келді. 5 деген шкала көшенің бос екенін, ал 0 көшелердің жүктемесі көптігін білдіретін болса, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары 12 мамыр күні 2,3 және 1,9-ды көрсетті. Ал айыппұл салынбайтынын біле салған күні-ақ Алматы қаласында бұл көрсеткіш бірден 1,9 болып шыға келді.

Сенім жетіспей ме?

Қалыптасқан жағдай кезінде Үкімет жедел қимылдап, білікті әрекет етіп, транспаренттілік пен ашықтықты сақтауға тырысқанымен, қоғамдық сенім деген іргелі әрі маңызды нәрсе болмайынша, жетістікке жетуге мұның бәрі аздық етеді.  Ақпан айында, Қазақстанда әлі жаңа типтегі коронавирус тіркелмеген кезде  Қытаймен шекарадағы Ақжар ауылының тұрғындары екі ел арасындағы жүк қатынасын тоқтатуды талап етті, үлкен жүк көліктерінің күрделі карантин жүйесінен өтіп жүргенін де ескермеді. Жұрт елде коронавирус жоқ дегенге сенімсіздік танытты. Осы кезде Қазақстанда ауру жұқтырғандар бар деп жалған ақпарат таратқан бірнеше адам жауапкершілікке тартылды.

Алайда, Қазақстанда ауру жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелгеннен кейін қоғамдық сенім 180 градусқа өзгеріп кетті. 1 мамыр күні  Оралдағы госпитальде жатқан симптомсыз инфекция жұқтырған 30 науқас аурухананың есігін бұзып, үйге шығаруды талап етті. Бұл жолы халық ешқандай да вирус жоқ екеніне сенімді болды. Ал  жаңа коронавируспен күреске 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгенін естіген уақытта олардың көбі COVID-ті шынайы қауіп ретінде қабылдап, биліктің айтқанын орындаудан гөрі, конспирологиялық теориялардың шырмауына түсіп, әлеуметтік желіде ауру жұқтырған адамның қанша адаммен қол алысқанын санап отырғанды жөн көреді.

Қазақстанның карантиннен шыға бастауы да пандемия шарты талап етіп отырған қажеттіліктен гөрі биліктің халыққа жағуды көбірек ойлайтынын аңғартады. Мәселен, басқа қалаларға барғысы келетіндердің барлығы тест тапсыруы керек деген талап та тез-ақ өзгере салды. Ол талапты  алып тастады. Әйтпесе,  содан екі күн бұрын ғана Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәл осы ереженің арқасында ауру жұқтырудың 10 жағдайы анықталғанын айтқан болатын. «Қашықтан» да табысты жұмыс істеген кейбір бизнес түрлері (мысалы, кәсіби, консалтингтік, бухгалтерлік және сақтандыру қызметін көрсетушілер) немесе жеткізу қызметімен айналысқандар (гүл дүкендері, мысалы)  бизнесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік алды.

Осы бір қиын кезеңде әлемдік көшбасшылардың бәрі де бір шындықты мойындады: «Сенімге құрылған көшбасшылық – өмірлік көшбасшылық» (Deloitte-тың жуырдағы баяндамасынан). Ал қазір, карантин шаралары жеңілдетілген уақытта сенімнің әрдайым мүдделі тараптардың үдесіне жауап бере бермейтінін түсінуіміз керек. Егер түпкі мақсат ұзақмерзімді сенім болса, оған күрделі экожүйе деп қарау өте маңызды.

The post Коронавирусқа қарсы құзыреттілік пен сенім appeared first on Ekonomist.

Қарыздан құтылатын уақыт
Бұл материал Project Syndicate-мен бірлесіп жарияланған.

Виллем Х. Буитер*

НЬЮ-ЙОРК – COVID-19 дағдарысы көптеген жеке және мемлекеттік қарызгерлерді өтеуге күші жете бермейтін борыш батпанына тастайтыны анық. Біз әлі де ұсыныс пен сұраныс жағында өзгерістер қатар орын алатын Кейнсиандық дағдарыс фазасының алдында тұрмыз. Оның соңы жаһандық депрессияға алып келуі мүмкін.  Алайда коронавируспен күрес сәтті аяқталса, үй қожалығы сақтық үшін қор жинаумен шектеліп, ал кәсіп еріксіз капитал шығынымен ғана айналысатын болады. Бұның барлығы жиынтық сұраныстың/Кейнсиандық үдерістің одан әрі құлдырауына апарады. Бюджеттегі дефицит есебінен қаржыланатын, мүмкін болған жағдайда монетизацияланатын мемлекеттік ынталандыру ғана өндірістегі алшықтықты жоя алатын жалғыз құрал болмақ.

Әлем бойынша алдыңғы қатарлы қор валютасын шығарушы Американың өзге мемлекеттерге қарағанда федералды үкіметтің қарыз алу мен қарызды монетизациялау мүмкіндігінде шектеулер аз. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан төтенше экономикалық шара «Коронавирусқа байланысты қаржылай көмек пен экономикалық қауіпсіздік туралы» заң (CARES) бойынша шығындар, грант пен несиені қолдау, сондай-ақ, актив пен басқа да кепілдерді сатып алу үшін 2,3 трлн доллар қаржы бөлінеді. Конгрестің Бюджет жөніндегі басқармасының дерегіне сәйкес, алдағы он жылдықта аталған заң федералды тапшылықты «тек қана» 1,7 трлн долларға арттырады. Арасындағы айырмашылық АҚШ Федералдық қор жүйесінің шұғыл несие бағдарламасының кепілдігін қаржыландыру үшін  1,7 трлн доллардың  резервте сақталуымен түсіндіріледі. Бұл кепілдер ешқашан қолданылмайды деп жорамалданып отыр.

Шын мәнісінде жағдай басқа. Демократиялық партия бақылауындағы АҚШ Өкілдер палатасы жақында  3 трлн доллар сомасында тағы бір қаржылық заң жобасын қабылдады және оны барлық үлгіде Сенат мақұлдап, одан соң жаңа ынталандыру легі пайда болуы мүмкін. Заң шығарушылардың айтуынша, тіпті АҚШ-тың өзінде штат және жергілікті билік өкілдерінің көпшілігінде қаржы, несие кепілі немесе федералды үкіметтің тікелей трансфертінсіз дағдарысты жеңуге жеткілікті қаржы болмайды.

АҚШ-тағы жағдайдың баламасы әлемде де орын алып жатыр: экономикалық қолдауға бағытталған үкіметтік бағдарламалар мемлекеттік қарыз бен мемлекеттік сектор балансына тәуелді жеке қаржы көлемінің артуына алып келеді. Германия Федералды конституциялық сотының даулы шешімі, сондай-ақ, «Жаңа Ганзей лигасын» қалыптастырған ЕО-қа мүше сегіз елдің жалпыеуропалық қарыз идеясын қарастыруға дайын еместігінің салдарынан Еуроаймақта экзистенциалды дағдарыс бой көтеріп келе жатыр. Жалпы көлемі 240 млрд еуро (263 млрд доллар) болатын  «Пандемия кезінде дағдарысқа қарсы қолдау көрсету» деп аталатын ЕО-тың жаңа механизмі тым азшылық етеді, себебі ол Еуроаймақтағы елдердің ЖІӨ-ің 2%-на ғана тең.  Егер ЕО қолдауды күшейтпесе, Италия жайсыз таңдауға тап болуы мүмкін: Еуроаймақтан кету немесе қажетті бюджеттік ынталандыруды жүзеге асыру мүмкіндіктерінен айрылып оның құрамында қалу.

Әлбетте, жаңа франко-германдық ұсыныс бар. Ол бойынша ЕО капитал нарығынан түскен қарыз (ЕО жылдық бюджеті оның ЖІӨ-нің 1% құрады) арқылы қаржыланатын 500 млрд еуро (ЕО елдері ЖІӨ-нің 3,6 %) көлеміндегі  ЕО Еуропалық экономиканы қалпына келтіру қорын құру көзделіп отыр. Әзірге аталған қаражаттың қаншалықты жаңа әрі қанша жыл жұмсалатыны белгісіз. Франция және Германия үкіметтерінің ұсынысына сәйкес, аталған қаржы бюджеттік проблемалары бар елдерге грант ретінде қарастырылса, бұл қарызды бірлесіп төлеумен тең келеді және  «Жаңа Ганзей лигасы» тарапынан вето қою мүмкіндігін арттырады. Ал егер Еурокомиссия  ЕО елдерінің барлығына нарық жағдайында несие беру туралы шешім қабылдаса, Италия Еуроаймақтан шығып кетудің аз-ақ алдында қалады.

Бағымызға орай, алғы жылжудың тағы бір жолы бар. Экономикасы әлдеқайда дамыған елдерде дағдарыс кезінде жиналып қалған қарыздың біраз бөлігі мемлекеттік құрылым, оның ішінде Орталық банк иелігіне өтуі мүмкін және ол қарыздың барлығы дерлік ешқашан өтеліп бітпейді. Өз тәуелсіздігі мен саяси легитимділігін сақтау үшін Орталық банк  мемлекеттік бюджетпен орнын алмастырмауы керек. Бірақ шағын және орта кәсіпте COVID-19 дағдарысына байланысты туындаған қарыздың кешірілуі міндетті екені айқын. Ұлттық қазына қоры мұндай кешірімнің салдарынан Орталық банкте пайда болған кез келген шығынның орынын толтыруы тиіс.

Жария саудаға түсетін компаниялардың мемлекеттік несиегерлер алдындағы қарыздары акцияға, нақтырақ айтсақ,  дауыс беру құқығы жоқ артықшылық берілген акцияға конверсияланағаны дұрыс. Ол пандемия экономикалық жоспарлаудың жаңа дәуіріне бастама болады деген пікірдің ықпалын азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық қазына қоры Орталық банктің кез келген шығынының орнын толтыруы тиіс екенін және ескереміз.  Акционерлеу жұмысы барлық жаңа шыққан мемлекеттік қарыз міндеттемелеріне қатысты болуы керек. Салдарынан туындаған үлестік құралдар мемлекеттік бюджеттің бастапқы пайдасының бір бөлігін талап етуі немесе олардың пайыздық мөлшерлемесі ЖІӨ-нің өсу қарқынына байланыстырылуы мүмкін.

Алайда кедей елдерде осы амалмен әрекет етуге мүмкіндік жоқ. Брукингс институтының дерегі бойынша дамушы елдердің сыртқы қарызы шамамен 11 трлн доллар, олардың осы жылы қарызды жабуға жұмсалатын шығыны 3,9 трлн долларға жетуі мүмкін. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры сәуір айында аталған елдердің көпшілігіне қарыз көлемін аз да болсын азайту көмегін ұсынды.  Ал «Үлкен жиырмалық» мемлекетаралық қарыз өтемінде уақытша үзіліс жасауға келісім берді және сол арқылы жүздеген несиегерлердің де үзіліс беруіне жол ашты.

Дегенмен көмектің бұл түрінің берері тым аз, мерзімі тым кеш. Өйткені, жалпы қарыз мәселесін бірінші орынға қойып қарастырудың мүлдем қажеті жоқ. Кірісі төмен мемлекеттерге қаржы ресурстарын берудің ең тиімді жолы – грант (көмекқаржы). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта Маршалл жоспарында тек грант қарастырылған еді, қазіргі таңда кірісі төмен елдерге ұсынылатын «корона грант»  туралы көңілге қонымды уәж жоқ.

1996 жылы құрылған ХВҚ мен Дүниежүзілік банк ұйымдарының «Қарыз көлемі жоғары кедей елдерге көмек көрсету» бастамасы (HIPC) арқылы 36 мемлекеттің қарызы толық және ішінара өтелді. Әлемдегі ең кедей елдердің қарызын тұтас кешіруді бастап, осы идеяға қайта оралатын уақыт жетті. Мұндай іріктемелі қарыздан құтылу есебінде ХВҚ, Дүниежүзілік банк, басқа да жан-жақты несиегерлер, шет мемлекеттер, мемлекеттік құрылымдар (мемлекеттік кәсіпорындар), сондай-ақ, жеке несиегерлер алдындағы қарыздар да болуы керек.

Қарыз –өте қауіпті құрал. Жайсыз, бірақ қашып құтылуға келмейтін шешімдерді айналып өту үшін әлем ұзық уақыт бойы осы құралды қолданып келді. Жаһандық дағдарыс шарықтап тұрған кезде бұдан басқа амал жоқ.

*- Виллем Х. Буитер – Citigroup компаниясының бұрынғы бас экономисі, Колумбия университетінің профессоры.

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

The post Қарыздан құтылатын уақыт appeared first on Ekonomist.