Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны – 23. Орталық Азия елдеріндегі зерттеушілер аймақтағы қашықтан оқыту мен білім жүйесін пандемия жағдайына бейімдеуді зерттеу мақсатында біріккенін хабарлайды.

 

Ресми дерек бойынша, 2019 жылы Қазақстан мектептеріндегіі 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді екен. Ал жоғарғы жылдамдықтағы интернет болса тек 47% отбасында ғана бар.

 

Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауатының төмендігі мен тиімсіз оқу жүйесі елдегі білім берудегі теңсіздікті одан ары үдетті. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, қауіпті жағдайларда аз қамтылған, алыс аудандардағы, ерекше күтімді қажет ететін топтар қалды. Оның себебі айтпаса да белгілі.

 

Қазақстандағы және аймақтағы білім беру мен теңсіздік жайлы айтқанда сарапшылардың жағдайды сараптау және ынтамақтастық негізіндегі пікірлері толыққанды қамтылмайды. PaperLab Қоғамдық қорының зерттеушілер командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің қабылдап жатқан шараларының тиімділігі мен рөлін бағалау бойынша трансшекаралық жобаны бастады.

 

Әр елдегі сарапшылар постпандемия өтпелі кезеңіндегі мықты және әлсіз тұстарды анықтай отырып, аймақтағы экономикалық теңсіздік пен білім берудегі қолжетімділіктің байланысы жөніндегі пікірталасты арттырады деп күтілуде.

 

Жоба аясында Білім берудегі теңсіздік индексі әдіснамасын жасау жоспарлануда. Ол аймақ елдерін бір-бірімен салыстыруды ғана емес, артта қалған салаларды анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аталмыш проблемаға аудартуға тырысады.

 

«Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту» жобасы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Зерттеудің мазмұны авторлардың көзқарасын білдіреді және Қор көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жобаның медиасеріктесі – MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.

Читать также ...
Қазақстан аймақтарының сапалы білімге қол жеткізу деңгейі бойынша рейтинг

 

Толық ақпаратты алу үшін байланыс деректері:

Снежана Цой: +77078108464, snezhana.tsoy@medianet.kz