Логотип Ekonomist
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Логотип Ekonomist
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Басты бет Кірістер

ЖІӨ және оны қалай есептейді?

Данияр Молдоканов Данияр Молдоканов
10.05.2024
ЖІӨ және оны қалай есептейді?

Жалпы ішкі өнім немесе ЖІӨ

Жаңалықтарда экономика тақырыбы қозғалғанда бұл терминді шенеуніктер мен эксперттер жиі ауызға алады. ЖІӨ – нің экономикаға белгілі бір дәрежеде қатысы бар, бірақ көпшілік бұл нендей көрсеткіш екенін және оның қалай есептелетінін біле бермейді.

Макроэкономика бойынша мейлінше кең тараған оқулықтарда бұл терминге мынадай анықтама береді: ЖІӨ – есепті мерзім ішінде елде өндірілген түпкі тауар мен қызметтің жиынтық нарықтық құны.

ЖІӨ қарастырылып отырған уақыт аралығында (жыл/тоқсан) елде өндірілген барлық тауар мен қызметті сатып алу үшін қанша ақша төлеу керектігін көрсетеді.

Қазақстандағы статистика органдары ЖІӨ-ні үш түрлі әдіспен есептейді.

Өндірістік әдіс

Бұл әдіс бойынша түпкі тауарды өндірудің әр кезеңіне қосылған құнның жиынтық сомасы есептеледі.

Түсініктірек болу үшін еліміз шұжықтан басқа ештеңе өндірмейді дейік. Мәселен, 2019 жылы 10 қаптама шұжық өндірілді делік.

  • Шұжықтың өмірлік циклы белгілі бір уақыт аралығында жылқыны асырап-бағатын әлдебір фермердің қосалқы шаруашылығынан басталады. Фермер еңбегін 10 теңгеге бағалайды, соған орай жыл соңында жылқысын өңдеу цехына 10 теңгеге өткізеді.
  • Цех қожайыны еңбегін 10 теңгеге бағалайды, яғни шикі етті шұжық зауытына 20 теңгеге сатады.
  • Шұжық цехы етті еттартқыштан өткізіп, дайын өнім шығарады. Цех өзінің еңбегін 10 теңгеге бағалайды. Енді шұжық дүкен сөресіне түсуі керек. Шұжық цехы дайын өнімді логистика компаниясына 30 теңгеге өткізеді.
  • Логистика компаниясы қызметін 10 теңгеге бағалап, дүкенге шұжықты 40 теңгеге өткізеді.
  • Дүкен қызметін 10 теңгеге бағалайды, сонда тұтынушы ретінде сіз шұжықты 50 теңгеге сатып аласыз.

Осымен шұжықтың өмір циклы аяқталады. Ал елдің ЖІӨ-сі былайша есептеледі:

  • 10 теңге фермердің қосқан құны +
  • 10 теңге өңдеу цехы қожайынының қосқан құны +
  • 10 теңге шұжық цехының қосқан құны +
  • 10 теңге логистика компаниясының қосқан құны +
  • 10 теңге дүкеннің қосқан құны
    = 50 теңге.

Түпкі пайдалану әдісі

Бұл әдіс бойынша шұжықтың бүкіл өмір циклі емес, соңғы шығын ғана есептеледі. Алдыңғы мысалды еске түсірейік те, бағасы 50 теңге тұратын 10 қаптама шұжықтың орнына дүкеннен 5 теңгеге бір ғана шұжық сатып алдыңыз дейік. Екі қаптаманы шұжық цехының қожайыны сатып алса, логистика компаниясының қожайыны мен фермер тура осы бағаға бір-бір қаптамадан алды. Тағы 3 қаптамасын дүкен көрші мемлекетке әрқайсысын 5 теңгеден сатты. Дүкеннің қоймасында қосымша екі қаптама шұжық қалды, олардың да бағасы 5 теңгеден.

ЖІӨ шығын әдісі былайша есептеледі:

  • 5 теңге – шұжықты алуға кеткен шығын +
  • 10 теңге – шұжық цехының қожайыны алған 2 қаптаманың шығыны +
  • 10 теңге – фермер мен логистика компаниясы қожайының шығыны +
  • 15 теңге – шетелге сатылған 3 қаптаманың бағасы +
  • 10 теңге – дүкеннің қоймасында қалған 2 қаптаманың құны.
  • = Қорыта айтсақ, елдің ЖІӨ-сі түпкі пайдалану әдісімен есептегенде де жылына 50 теңге болады.

Табыс әдісі

Атауының өзі-ақ біраз жайттан хабар беріп тұр. Түсінікті болу үшін алғашқы мысалға қайтып оралайық, ол бойынша өндірістің әр кезеңінде қосылған құн 10 теңге болатын. Сонымен, фермер – жеке кәсіпкер (ЖК) және 10 теңге пайда көреді, оның 1 теңгесін мемлекетке бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) есебінде төлейді. Өңдеу цехының қожайыны да ЖК ретінде жұмыс істейді, 10 теңге пайда көреді, ол да 1 теңгені БЖТ есебінде төлейді. Шұжық зауытының қожайыны мен логистика компаниясының басшысы да солай. Бірақ шұжық зауытында еттартқыш бар, белгілі бір уақыт өткенде ол сынып қалуы мүмкін, сондықтан қожайын пайдаланғанына қарай әр жылы 1 теңгеден жаңа еттартқышқа қалдырып отырады, қолда бар еттартқыш сынып қалғанда сол ақшаға жаңасын алады (бұл құрал-жабдық амортизациясы деп аталады).

Логистика компаниясының қожайыны да көліктің амортизациясы үшін 1 теңгеден қалдырып отырады. Дүкеннің қожайыны да 10 теңге пайда көріп, басқалармен бірге ол да мемлекетке 1 теңге салық төлейді. Бірақ оның дүкенінде жұмыс істейтін кассир бар, оған жылына 3 теңге жалақы төлейді және ол жұмысшы үшін зейнетақы қорына 1 теңге аударып отырады. Дүкен қожайыны сонымен бірге тоңазытқыштың амортизациясы үшін жылына 1 теңге қалдырып отырады.

 

Енді ЖІӨ-ні табыс әдісімен есептеп көрейік:

Кәсіпкерлердің таза пайдасы:

  • фермердің пайдасы = 9 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ;
  • өңдеу цехы қожайынының пайдасы = 9 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ;
  • шұжық цехы иесінің пайдасы = 8 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ – 1 теңге еттартқыштың амортизациясы;
  • логистика компаниясы қожайынының пайдасы = 8 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ – 1 теңге көліктің амортизациясы;
  • дүкен иесінің пайдасы = 4 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ салығы –  3 теңге жалдамалы жұмысшының жалақысы – 1 теңге жұмысшының зейнетақы жарнасы – 1 теңге тоңазытқыштың амортизациясы.

Сонымен, Бизнестің таза пайдасы:

  • 9 теңге – фермердің пайдасы +
  • 9 теңге – өңдеу цехы қожайынының пайдасы +
  • 8 теңге – шұжық зауыты қожайынының пайдасы +
  • 8 теңге – логистика компаниясы иесінің пайдасы +
  • 4 теңге – дүкен иесінің пайдасы
  • = 38 теңге.

Салық төлемі және зейнетақы қорының жарнасы түріндегі мемлекеттің кірісі: бес кәсіпкердің әрқайсысы 1 теңгеден салық төледі және дүкен иесі қоластындағы жұмысшы үшін 1 теңге зейнетақы жарнасын төледі, сонымен мемлекеттің кірісі – 6 теңге.

Жалдамалы жұмысшылардың жалақы қоры: кассирдің жалақысы – 3 теңге.

Амортизация қоры: 1 теңге еттартқыш + 1 теңге көлік + 1 теңге тоңазытқыш = 3 теңге.

Сонымен, табыс әдісі бойынша ЖІӨ:

  • 38 теңге – кәсіпкерлердің пайдасы +
  • 6 теңге – мемлекеттің кірісі +
  • 3 теңге – жалдамалы жұмысшылардың жалақы қоры +
  • 3 теңге – амортизация қоры
  • = 50 тенге.

Қорытынды

Біз өте қарапайым мысалды қарастырдық, онда бірқатар жорамалға жол бердік.

Шынайы өмірде бәрі әлдеқайда күрделі, өйткені бақыланбайтын («көлеңкелі») экономика факторы және қарапайым ғана қателесу факторы бар.

Мәселен, фермерлердің бәрі бірдей ЖК ретінде тіркелмейді, бизнесмендердің бәрі бірдей кәсіпорнында жұмыс істейтін жұмысшылар санын толық көрсетпейді, жұрттың барлығы бірдей табыс декларациясын тапсырмайды және тапсырған күнде де бәрі бірдей табысын толықтай ашық көрсетпейді.

Бұған қоса, әр үйдің тұтыну көлемін есептеуге болғанымен де, бұл шығыны өте көп және жұмысы да қыруар шаруа. Осы себептен де ЖІӨ көрсеткіші экономикадағы шынайы жағдайды толыққанды көрсете алмайды. Ал есептеудің түрлі әдісі шамамен бірдей нәтиже береді.

Соған қарамастан, осы көрсеткіштің көмегімен экономикалық жағдайға әртүрлі анализ жасауға әбден болады. Төменде Қазақстанның 1993 жылдан 2018 жылға дейінгі ЖІӨ динамикасы көрсетілген кесте беріліп отыр.

Тегтер: Жалпы ішкі өнімкірісстатистика
Алдыңғы жазба

Мемлекеттік қарыз — көзге көрінбейтін бөлігі

Келесі жазба

Жұмыссыздық: кімді және қалай есептейді?

Данияр Молдоканов

Данияр Молдоканов

Данияр Молдоканов - экономист, исследователь в Норвежском институте международных отношений (NUPI)

Статьи по теме

Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021
Лизинг в Казахстане: куда растет рынок?

Қазақстандағы лизинг нарығы қалай дамып барады?

10.08.2021
Техно-феодализм побеждает

Tехнофеодализм қарқын алып келеді

06.08.2021
Глобальный налог: дьявол кроется в мелочах

Ғаламдық салықтың көзге көріне бермейтін кемшін тұстары

06.08.2021
Назревающий стагфляционный долговой кризис

Стагфляция дағдарысы

06.08.2021
Көбірек жүктеу

Популярное за месяц

Что такое государственный долг и как он появляется?

Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады?

14.02.2021
АПК-2020: борьба за субсидии и результат

Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі

08.04.2021
Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

03.03.2021
Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021

Свежие новости

Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021
Топ 3 барьера развития женского предпринимательства

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі

10.08.2021
Instagram Telegram Youtube
Ekonomist

Подпишитесь на рассылку

Политика сайта

При работе с материалами сайта разрешено использование текста с обязательной гиперссылкой на источник. Редакция сайта не всегда разделяет мнения авторов статей.

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.

  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.