Пандемия мен мәжбүрлі карантин теледидар арқылы да, интернет арқылы да ақпарат тұтынудың артуына әкелді. Қазақстанда бүкіл әлемдегі сияқты теледидар көрушілер саны қысқаруда, ал интернет арқылы ақпарат алатын халықтың үлесі өсіп келеді. Дегенмен, азаматтар дәстүрлі медиа (газеттер, радио, теледидар) арқылы алынған ақпаратқа көбірек сенеді.
Пандемияның әсері: әлеуметтік медианы қолданушылар санының артуы
2020 жылы пандемияға байланысты қазақстандықтар теледидарды көбірек көре бастады, бұл тек ересек жастағы адамдарға ғана қатысты емес, жастар арасындағы да байқалған үрдіс болды. Сонымен, TNS мәліметтері бойынша, 18-24 жас және 25-34 жас аралығындағылар теледидарды көп қарайтындар санатына жатады. Сондай-ақ, теледидарды көрудің орташа уақыты (+25%) артты. Карантин кезінде қазақстандықтар ақпарат, жаңалық (52%) және танымдық (27%) бағдарламаларды көп тамашалады.
Пандемия кезінде Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны да артты. Сонымен, 2021 жылдың қаңтарында интернет пайдаланушылар саны 15,47 миллион адам болды, ал 2020 жылдың басынан бері (741 000 адам) 5%-ға өсті. 2021 жылдың басында интернеттің адам өміріне енуі 81,9% болды.
Осылайша, 2020 жылғы мәжбүрлі өзін-өзі оқшаулау қазақстандықтардың теледидар алдындағы өткізген уақытын ұлғайтты, сондай-ақ интернет ресурстарды тұтыну да өсті. Бұл – жұмыс, оқу және қарым-қатынастың онлайн режимге ауысуына да байланысты.
Жалпы, әртүрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, теледидар әлі де интернеттен озып келеді, бірақ бұл айырма шамалы. Мәселен, 6 жыл ішінде ТВ үлесі 20%-ға, интернет үлесі 25%-ға төмендеді.
2020 жылдан бастап әлеуметтік медианы пайдаланушылар саны да өсті. 2021 жылдың қаңтарында 12 миллион адам болды, бұл 26 жылдың басына қарағанда (2,5 миллион адам) 2020%-ға көп.
Жалпы, 2020 жылы әлеуметтік желілер кез келген аудиториямен негізгі байланыс арнасы деген позицияға берік орнығып алды. Бұл, ең алдымен, сайттардың ақпарат тарату көзі болмай қалуында болып тұр. Олардың орнын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер басты, онда барлық қажетті ақпарат беріледі, көріледі. Мысалы, ойын-сауық контенті да осында айнала береді. Қазақстан бойынша әлеуметтік медиа пайдаланушылардың үлесі 2021 жылы 63,5% болды.
Қазақстандағы әлеуметтік желілердің рейтингі
Theopenasia.net ресурсының деректері бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі vk.com болған. Дегенмен, деректер шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін екені де көрсетіледі, өйткені әлеуметтік желі бір пайдаланушыға бірнеше профайл ашуға мүмкіндік береді. Келесі орында Instagram (6,8 миллион), содан кейін Facebook (2,4 миллион), Odnoklassniki.ru (2,4 миллион) тұр. Тізім соңында – Telegram (шамамен 2 миллион пайдаланушы), Snapchat (1,8 миллион пайдаланушы) және Linkedin кәсіби желісі (790 мың пайдаланушы) бар.
Statcounter ұсынған деректер бойынша, Қазақстанда 2020 жылы әлеуметтік медиа тізімінің көшін Pinterest (37,72%), Youtube (20,41%), Vkontakte (14,89%), Facebook (13,54%), Twitter (11,3%), Instagram (4,98%) бастап тұр.
Осылайша, әр ресурс елдегі белгілі бір әлеуметтік желілердің танымалдығы туралы іс жүзінде әртүрлі мәлімет береді. Сонымен қатар, пайдаланушылар көбінесе бірнеше аккаунт ашады, бұл нақты дерек алуды қиындатады.
Сондай-ақ, кейбір қазақстандық зерттеушілер Қазақстанда қандай да бір әлеуметтік желілердің танымалдығы туралы деректердің тым әсіре екені туралы пікір айтады. Мысалы, біз ең саясаттандырылған әлеуметтік желі Facebook туралы айтып отырмыз. Ондағы белсенділік деңгейі ондағы пайдаланушылар үлесінен төмен болуы мүмкін.
Әлеуметтік медианың сенім деңгейі
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде, форумдарда және блогтарда салынған ақпаратқа өте секемшіл келеді. Сонымен, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 16,54%-ы пайызы толық сенеді, 12,22%-ы мүлдем сенбейді. Ал көп бөлігі, яғни 65,28%-ы кейде ғана сенеді. Бұл – жұрттың мобильді мессенджерлер (Whatsapp, Telegram) арқылы таныстарынан алатын хабарламаларына да қатысты. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 12,52%-ы толық сенеді және 61,64%-ы кейде сенеді, 19,51%-ы мүлдем сенбейді.
Сарапшылардың айтуынша, пандемияның жақсы салдарының бірі – халықтың ақпараттық сауатының артуы, алынған ақпаратты «сүзгіден» өткізе алуы, қайта тексеруге ұмтылуы.
Интернеттің жылдам өсуіне, танымалдығына және қолжетімді екеніне қарамастан, дәстүрлі БАҚ қазақстандықтар үшін барынша шынайы ақпарат көзі болып қалуда. Әсіресе, бұл егде жастағы азаматтарға тән пікір.
Ал жас аудитория, оның ішінде ғаламторға көп байланғандар іс жүзінде теледидардан алыстап кетті. «Жастар» ҒЗО-ның 2020 жылғы деректеріне сәйкес, жастардың тек 1,4%-ы ғана интернет пайдаланбайды. 67,6%-ы күніне 3 сағаттан артық уақытын интернетте өткізеді.
Осы ұйымның деректері бойынша, жастар үшін ақпарат алу көздерінің арасында бірінші орында әлеуметтік желілер, блогтар (61,5%), одан кейін қазақстандық республикалық арналар (39,1%) және қазақстандық интернет сайттар (33,3%) тұрады.
Ақпарат алу көздері көп болғандықтан, жастар бірнеше себеппен әлеуметтік желілерді таңдайды. Яғни ақпаратты беру мен таратудағы жеделдігі, сондай-ақ сенім деңгейі басты назарға алынады.
Жалпы алғанда, әлеуметтік желілер материал берудің жаңа форматын ұсынуда. Ол бойынша ақпарат тек жедел ғана емес, сонымен бірге объективті де өзекті болуы алға шығып келеді. Мұндай жаңалықтардың интонациясы, авторлардың халықпен тең дәрежеде позиция ұстап, жанашырлық танытуы маңызды.
Сондықтан, бірнеше жыл бұрын тіркелген трендтердің бірі – әлеуметтік желі азаматтар өзі контент қалыптастыратын балама БАҚ рөлін атқаратын медианың өсуі.
2020 жыл қазірдің өзінде қарқын алып келе жатқан әлеуметтік медианың маңызын күрт арттырды. Сонымен қатар, пандемия фейк жаңалықтардың қарқынды өсуіне де түрткі болды, бұл азаматтардың ақпаратты өз бетінше қайта тексеруді, оны іріктеуге барынша мұқият қарауды үйренуіне әсер етті. Бұл тұрғыда дәстүрлі БАҚ-қа сенім деңгейі біршама өсті, олар тексерілмеген ақпаратты блогерлер, әлеуметтік медиа инфлюенсерлері сияқты оңай таратпады.
Болжамдарға келер болсақ, әлеуметтік медиа Қазақстанда одан әрі де белсенді дамиды деп айтуға болады. Сонымен қатар, пандемия мен мәжбүрлі карантиннен кейін әлеуметтік желілер ел азаматтарының өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Өз кезегінде, пайдаланушылар санының өсуі пікір көшбасшыларының, танымал блогерлердің мазмұн сапасының артуына әкеледі.
Social Media