Екінші «Ашық экономика» форумы (OEF-2019) «Институционалды реформалар, адами капитал және теңсіздік» тақырыбында өтті.
Институттар ықпалы мен ауқаттылық өлшемдері сұрақтарымен қатар, адами капитал және теңсіздік мәселелері жөнінде сөз қозғалды.
Адами капитал
Сессия тақырыптарының ресми тұжырымдамасы: «Адами капитал экономикалық өсім және экономикалық мүмкіндіктер мен Қазақстан жастары үшін әлеуметтік лифтілерді жақсарту» және «Теңсіздіктің санқырлы жүзі: теңсіздіктің күшеюі дамушы мемлекеттердегі тұрақты және инклюзивті дамудың басты кедергісі».
Адами капитал туралы сессия посткеңестік мемлекеттерге тән ой жылыстауы мәселесін талқылаумен басталды. Үйреншікті ұсыным – адами капиталға, яғни, білім беру және денсаулық сақтау салаларына көбірек инвестиция құю. Дегенмен, институттар қажетті деңгейге сай болмаса, бұл инвестициялар тиімсіз болып қалуы мүмкін.
“Украина тәжірибесінен адами капиталға бағытталған шығынның саны емес, сапасы маңызды екенін анық көре аламыз. Адами капиталға бақылаусыз бөлінген көлемді инвестициялар нәтижесінде популисттер өз риторикасында қолданатын мәселелерге айналады, Дарья Михайлишина, Украина экономикалық стратегия орталығы экономисті – Сол себепті білім алушыларды даярлағанда ойланбай мерзім мен сандарды жаттау емес, сын тұрғысынан ойлауға үйрету міндеті туындайды”.
Талқылау барысында адами капиталға бағытталған, өнімді еңбекпен қамтуды дамыту арналған “Енбек” мемлекеттік бағдарламасы жайында айтылып өтті. Еске салар болсақ, аталмыш бағдарламаның бір бағыты – қызметкерлерді қайта даярлау, яғни, адами капиталға бағыттылған инвестициялар.
«Үлкен көрсеткіштер әрдайым менің үрейімді туғызады. “Еңбек” өнімді еңбекпен қамту бағдарламасын құрам бөліктері бойынша қарай бастағанда, жұмыс орындарының басым бөлігі – уақытша орындар екені анықталды. Басты мәселе – ауыл мен қала дисбалансын азайту. Қазақстанның 40% пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады және олар игіліктерді тұтынушылар қатарына енбейді, және де бұл абстрактілі жұмыспен қамту емес, үкімет саясатының мақсатына айналуы тиіс», – деп, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев пікір білдірді.
Сарапшылар сапасы жоғарырақ қызметтерге қол жеткізуге көмектесетін құралдар жайын талқылады. «Біздің көзқарасымызға сәйкес, адамдар қай жерде білім алғысы келеді, қай жерде ем алғысы келеді – өздері шешуі маңызды. Механизмі – қоғамдық баға беру”, – «Азаматтық бастамаларды қолдау альянсы» қоғамдық қауымдастық директоры, Ұлттық ашық үкімет форумы (Қырғызстан) қосарлас төрағасы Бақытбек Сатыбеков.
Теңсіздік
Теңсіздік тақырыбы сессия бойында үзілмей айтылып отырды. Әлсіз институттар теңсіздікті тудыратыны, ал теңсіздік сол институттардың дамуын тежейтін жағдайлар тудыратыны анықталды.
Грузия жағдайы біршама кедей халық арасында көпшіліктен қолдау табатын институционалды реформалар жүргізу өте қиын екенін көрсетеді. «Грузиядағы теңсіздік денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділік мәселесінде анық байқалады. Ресми тұрғыда барлық адам үшін қолжетімді, ал шындығына келгенде, барлығына бірдей қолжетімді емес. Көп нәрсе ауқаттылыққа келіп тіреледі», – деп Policy and Management Consulting Group грузин зерттеу орталығы директоры Георгий Хиштовани өз ойымен бөлісті.
ИПМ белорус зерттеу орталығы директоры, БР Ұлттық банкі консультативтік кеңес мүшесі Александр Чубрик Белорусь еліндегі теңсіздіктің мәселе ретінде қабылдануы туралы айтып берді: мәселелерді қабылдауды шолу бойынша теңсіздік 10 орында болып шықты (мәселені сұраққа жауап берушілердің 18% белгілеген).
Теңсіздікті мәселе ретінде санайтын кім? Олар қалада тұрады, олар еңбек нарығында қиындықтарға ұшыраған, олар жеке кәсіппен айналысуды тиімді санамайды, жеке компанияларда жұмыс жасауды ұнатпайды, олардығ бейімділігі аз. «Осыдан келесідей қарапайым қорытынды жасауға болады: теңсіздіктің тамыры жақсы төленетін жұмысқа қолжетімсіздікте», – деп түйді Чубрик мырза.
ҚР банк жүйесіндегі мүгедектердің қаржылық инклюзия жобасы жетекшісі Вениамин Алаев қосымша қажеттіліктері бар азаматтарға қатысты теңсіздікке назар аудартты: «Біз білім беруде, жұмыспен қамтуда, медициналық қызмет көрсетуде кедергілерге ұшыраймыз. Көптеген кедергілер қаржылық қолжетімділікте: көптеген банкттерде жоқ пандустардан бастап, мүгедектерге несие беруден бас тартуға дейінгі мәселелер».
Еңбекпен қамтуда шектеулі қолжетімділікті сезінушілердің бірі – ерекше қажеттіліктері бар балалы ата-аналар: Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары жұмыстан толықтай бас тартуға немесе күтуші жалдауға мәжбүр. Мәселенің бір шешімін Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес ұйым “МамаПро” қоғамдық қоры тапты – олар балалар мен аналары үшін инклюзивті алаң ұсынады. Бұл туралы қор құрылтайшысы Айжан Альжанова әңгімелеп берді.
Форум 7 елдің (Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Украина) 30 спикерінің және 150 аса қатысушының басын қосты.
Форумдағы талқылаулардың толық бейне-нұсқасы біздің YouTube каналымыздан көре аласыз.
Social Media