Ekonomist
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Ekonomist
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
Басты бет Категориясыз

Адами капитал және теңсіздік: қуатты институттардың маңыздылығы

Редакция сайта Ekonomist.kz Редакция сайта Ekonomist.kz
10.05.2024
Отток человеческого капитала и неравенство: как сильные институты могут решить эти проблемы?

Екінші «Ашық экономика» форумы (OEF-2019) «Институционалды реформалар, адами капитал және теңсіздік» тақырыбында өтті.

Институттар ықпалы мен ауқаттылық өлшемдері сұрақтарымен қатар, адами капитал және теңсіздік мәселелері жөнінде сөз қозғалды.

Адами капитал

Сессия тақырыптарының ресми тұжырымдамасы: «Адами капитал экономикалық өсім және экономикалық мүмкіндіктер мен Қазақстан жастары үшін әлеуметтік лифтілерді жақсарту» және «Теңсіздіктің санқырлы жүзі: теңсіздіктің күшеюі дамушы мемлекеттердегі тұрақты және инклюзивті дамудың басты кедергісі».

Адами капитал туралы сессия посткеңестік мемлекеттерге тән ой жылыстауы мәселесін талқылаумен басталды. Үйреншікті ұсыным – адами капиталға, яғни, білім беру және денсаулық сақтау салаларына көбірек инвестиция  құю. Дегенмен, институттар қажетті деңгейге сай болмаса, бұл инвестициялар тиімсіз болып қалуы мүмкін.

“Украина тәжірибесінен адами капиталға бағытталған шығынның саны емес, сапасы маңызды екенін анық көре аламыз. Адами капиталға бақылаусыз бөлінген көлемді инвестициялар нәтижесінде популисттер өз риторикасында қолданатын мәселелерге айналады, Дарья Михайлишина, Украина экономикалық стратегия орталығы экономисті – Сол себепті білім алушыларды даярлағанда ойланбай мерзім мен сандарды жаттау емес, сын тұрғысынан ойлауға үйрету міндеті туындайды”.

Талқылау барысында адами капиталға бағытталған, өнімді еңбекпен қамтуды дамыту  арналған “Енбек” мемлекеттік бағдарламасы жайында айтылып өтті. Еске салар болсақ, аталмыш бағдарламаның бір бағыты – қызметкерлерді қайта даярлау, яғни, адами капиталға бағыттылған инвестициялар.

«Үлкен көрсеткіштер әрдайым менің үрейімді туғызады. “Еңбек” өнімді еңбекпен қамту бағдарламасын құрам бөліктері бойынша қарай бастағанда, жұмыс орындарының басым бөлігі – уақытша орындар екені анықталды. Басты мәселе – ауыл мен қала дисбалансын азайту. Қазақстанның 40% пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады және олар игіліктерді тұтынушылар қатарына енбейді, және де бұл абстрактілі жұмыспен қамту емес, үкімет саясатының мақсатына айналуы тиіс», – деп, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев пікір білдірді.

Сарапшылар сапасы жоғарырақ қызметтерге қол жеткізуге көмектесетін құралдар жайын талқылады. «Біздің көзқарасымызға сәйкес, адамдар қай жерде білім алғысы келеді, қай жерде ем алғысы келеді – өздері шешуі маңызды. Механизмі – қоғамдық баға беру”, – «Азаматтық бастамаларды қолдау альянсы» қоғамдық қауымдастық директоры, Ұлттық ашық үкімет форумы (Қырғызстан) қосарлас төрағасы Бақытбек Сатыбеков.

Теңсіздік

Теңсіздік тақырыбы сессия бойында үзілмей айтылып отырды. Әлсіз институттар теңсіздікті тудыратыны, ал теңсіздік сол институттардың дамуын тежейтін жағдайлар тудыратыны анықталды.

Грузия жағдайы біршама кедей халық арасында көпшіліктен қолдау табатын институционалды реформалар жүргізу  өте қиын екенін көрсетеді. «Грузиядағы теңсіздік денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділік мәселесінде анық байқалады. Ресми тұрғыда барлық адам үшін қолжетімді, ал шындығына келгенде, барлығына бірдей қолжетімді емес. Көп нәрсе ауқаттылыққа келіп тіреледі», – деп Policy and Management Consulting Group грузин зерттеу орталығы директоры Георгий Хиштовани өз ойымен бөлісті.

ИПМ белорус зерттеу орталығы директоры, БР Ұлттық банкі консультативтік кеңес мүшесі Александр Чубрик Белорусь еліндегі теңсіздіктің мәселе ретінде қабылдануы туралы айтып берді: мәселелерді қабылдауды шолу бойынша теңсіздік 10 орында болып шықты (мәселені сұраққа жауап берушілердің 18% белгілеген).

Теңсіздікті мәселе ретінде санайтын кім? Олар қалада тұрады, олар еңбек нарығында қиындықтарға ұшыраған, олар жеке кәсіппен айналысуды тиімді санамайды, жеке компанияларда жұмыс жасауды ұнатпайды, олардығ бейімділігі аз. «Осыдан келесідей қарапайым қорытынды жасауға болады: теңсіздіктің тамыры жақсы төленетін жұмысқа қолжетімсіздікте», – деп түйді Чубрик мырза.

ҚР банк жүйесіндегі мүгедектердің қаржылық инклюзия жобасы жетекшісі Вениамин Алаев қосымша қажеттіліктері бар азаматтарға қатысты теңсіздікке назар аудартты: «Біз білім беруде, жұмыспен қамтуда, медициналық қызмет көрсетуде кедергілерге ұшыраймыз. Көптеген кедергілер қаржылық қолжетімділікте: көптеген банкттерде жоқ пандустардан бастап, мүгедектерге несие беруден бас тартуға дейінгі мәселелер».

Еңбекпен қамтуда шектеулі қолжетімділікті сезінушілердің бірі – ерекше қажеттіліктері бар балалы ата-аналар: Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары жұмыстан толықтай бас тартуға немесе күтуші жалдауға мәжбүр. Мәселенің бір шешімін Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес ұйым “МамаПро” қоғамдық қоры тапты – олар балалар мен аналары үшін инклюзивті алаң ұсынады. Бұл туралы қор құрылтайшысы Айжан Альжанова әңгімелеп берді.

 

Форум 7 елдің (Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Украина) 30 спикерінің және 150 аса қатысушының басын қосты.

Форумдағы талқылаулардың толық бейне-нұсқасы біздің YouTube каналымыздан көре аласыз.

Тегтер: адами капиталинституттартеңсіздік
Алдыңғы жазба

OEF-2019-да институттардың сапасы туралы айтылды

Келесі жазба

Адами капиталдың жылыстауы және теңсіздік: қуатты институттар бұл мәселелерді қалай шеше алады?

Редакция сайта Ekonomist.kz

Редакция сайта Ekonomist.kz

Редактор сайта Ekonomist.kz

Статьи по теме

Жұмыспен қамтуға триллион: жол картасында қандай проблемалар  болуы мүмкін?

Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады?

10.01.2021
Возрождение моногородов: быть или не быть?

Моноқалаларды жаңғырту: бола ма, болмай ма?

07.01.2021
Көбірек жүктеу

Популярное за месяц

Что такое государственный долг и как он появляется?

Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады?

14.02.2021
АПК-2020: борьба за субсидии и результат

Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі

08.04.2021
Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер

03.03.2021
Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021

Свежие новости

Распространение услуг по уходу за детьми на работников неформальной экономики: уроки политики, извлеченные из опыта стран

Бейресми экономика қызметкерлері арасында бала күтімі қызметінің таралуы: талай елдің тәжірибесінен алынған саясат сабақтары

22.11.2021
Новый глобальный экономический консенсус

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

19.11.2021
Новые глобальные правила для более справедливого продовольственного будущего

Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер

29.08.2021
Топ 3 барьера развития женского предпринимательства

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі

10.08.2021
Instagram Telegram Youtube
Ekonomist

Подпишитесь на рассылку

Политика сайта

При работе с материалами сайта разрешено использование текста с обязательной гиперссылкой на источник. Редакция сайта не всегда разделяет мнения авторов статей.

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.

  • ru RU
  • kz KZ
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижелерді көру
  • Экономика
    • Макроэкономика
    • Тұрақты даму
    • Гендерлік экономика
    • Еңбек
    • Теңсіздік
    • Кедейлік
    • Архив
  • Қаржы
    • Қаржы
    • Инвестициялар
    • Инфляция
    • Кірістер
    • ESG
    • Мемлекеттік қарыз
  • Бизнес
    • Адами капитал
    • Ауыл шаруашылығы
    • COVID-19
  • Технология
    • Технологиялар
    • Цифрлық экономика
    • Жасанды интеллект
  • Сарапшы
  • Серіктес
  • Жоба
    • Жоба жайлы
    • БАҚ біз туралы
    • АЭФ-2019
    • Контактілер

© 2024 Ekonomist - только важное| Все права защищены.