Білім беру Archives - Ekonomist Media

Жұмыспен қамтылған кедейліктің әйел келбеті
Дәстүр бойынша наурыз айында жалпының назарын әйелдерге қарай аударғым келеді. Алайда, мұны әйелдердің басшылық лауазымы мен саяси саладағы үлесі фактісін айқындаудан гөрі, экономиканың аз жалақылы секторларындағы әйелдер саны көптігін талдау арқылы жасау керек.

Әйелдер мен аз жалақы

2020 жылы жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлердің статистикасы қарасақ, ерлердің 75%-ы және әйелдердің 78%-ы жалданып еңбекақы тапқанын көрсетеді. Бұл – жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 76%-ы. Экономиканың орташа айлық жалақысы өте төмен бес саласында барша жұмыспен қамтылған әйелдердің 64%-ы және ерлердің 24%-ы ғана жұмыс істеді.

1-кесте. 2020 жылы Қазазақстандағы орташа айлық жалақысы ең төмен экономика салаларыДереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Дүниежүзілік банктің 2020 жылғы адам капиталы индексі «Қазақстанда дүниеге келген бала, егер жан-жақты білімі мен денсаулығы болса,  өскеннен кейін 63 пайызға анағұрлым өнімді болады» деп көрсетті.

Сапалы білім беру мен денсаулық сақтау адам капиталын дамытудың негізгі факторы саналғанымен, бұл салалар көбінесе әйелдер істейтін және экономиканың аз жалақылы саласына жатады.

Қазақстандағы еңбек нарығындағы әйелдер негізінен денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыспен қамтылған: әр салаға 78% және 75%-дан келеді. Бұған дейін айтқанымыздай, бұл салалар адами капиталдың дамуына жауап береді, оның сапасына елдің экономикалық өсуі мен дамуы тәуелді.

1-сызба. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі, 2020 ж.

Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Осылайша, Қазақстан экономикасының жалақысы төмен салаларында әйелдер саны басым. Қатардағы салалар емес, адам капиталын дамытуға жауапты – денсаулық сақтау және білім беру салаларында басым.

Балабақша қызметкері кейпіндегі кедейлік

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу – экономикалық қызмет түрлері арасында ең төмен ақы төленетін салалардың бірі, онда әйелдердің 86%-ы жұмыс істейді.

2-сызба. 2020 жылы Қазақстандағы мектепке дейінгі (бастапқы) білім беру саласындағы қызметкерлердің нақты санына шаққандағы әйелдердің үлесі

ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, Қазақстанда бүгінгі күні мектепке дейінгі 10 711 ұйым жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған барлық бала саны – 847 098. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 75,9%, оның ішінде 3-6 жастағы балалар – 97,1%.

2020 жылы мектепке дейінгі білім беруде қызметкерлердің нақты саны 191 мың адам, оның 165 мыңы – әйелдер. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 9%-ы, яғни 1,744 млн адам (ҚР ҰЭМ СК деректері).

3-сызба. 2020 жылы Қазақстандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық номинал жалақысы, мың теңге

Орташа айлық номинал жалақы (3-кесте) туралы деректерге сүйенсек, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 165 мың әйел қызметкері, яғни білім беруде жұмыс істейтін барлық әйелдердің 22%-ы ел бойынша орташа жалақының 41%-ын (213 мың теңге) және білім беру секторындағы әріптестердің орташа жалақысының жартысынан сәл астамын (164 мың теңге) алды.

4-сызба. 2020 жылғы маусымда Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы, мың теңге

Кедейлік деген жұмыссыздық пен табыстың жоқтығы ғана емес. Статистикамен ресми расталмаған жасырын кедейлік ресми түрде аз жалақы төленетін экономика салалары арқылы өмір сүріп келеді. Егер  орташа жалақының 60%-ы ретінде есептелетін (Қазақстанда 2020 жылы орташа жалақы 142 мың теңге) кедейлікті айқындауға еуропалық тәсілді қолдансақ, онда жалақысы 85 мың теңгеден аз қызметкерлерді кедейлерге жатқызуға болады.

Егер әйел адам кәмелетке толмаған екі баласы бар отбасындағы жалғыз асыраушы болса, күтушінің 66 мың теңге жалақысы деген нені білдіреді? Жауап: жұмыс істейтін әйел бейнесіндегі кедейлік келбеті. Жеке бақшаларда тәрбиешілердің жалақысының төмен болуына байланысты парламент депутаты Д.Назарбаева сауал жолдаған еді. Жеке сектордағы, атап айтқанда, жекеменшік балабақшалардағы жалақы нарықпен және соңғы үш жылда өзгермейтін ең төменгі жалақы деңгейімен реттеледі. Сондай-ақ мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының өздерінде жалақының төмен деңгейі жеке сектор үшін бағдар болып қала береді.

Көбінесе әйелдерге төмен жалақы төленеді. Кедейшілік тұзағынан шығу үшін мемлекет пен жеке сектордың келісілген іс-қимылын қолға алып, сондай-ақ экономиканың төмен ақы төленетін салаларында тұрақты жалақы ретінде ең төменгі жалақы мөлшерлемесін қолдану қажет.

5-сызба. 2020 жылғы маусымда Қазақстандағы кәсіптер мен лауазымдар бойынша бір қызметкердің номинал айлық жалақысы, мың теңге

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істейтін әйелдер – ең аз жалақы алатын жұмысшылар. Балабақшадағы күтушіден жалақысы аз адам – көкөністанушы. Салыстырар болсақ: Ұлттық банктің қызметкері 2020 жылдың маусымында балабақшадағы күтушіге қарағанда жеті есе көп жалақы алды (5-кесте). Мемлекеттік бюджет, яғни біздің салықтар есебінен қаржыландырылатын секторлардағы табыстың диспропорциясы фактісі айқын көрініп тұр. Балаларды бағып-күту сияқты әлеуметтік маңызды саладағы төмен жалақы – кадр тұрақтамауына, мамандығын сүйетін жандардың азаюына және балаларға қатыгездік көрсету фактілерінің көбеюіне алып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие саласындағы әділ жалақыны талап ету – мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар салада қоғамдық игіліктерді қайта реттеу жөніндегі функциясын неғұрлым тиімді орындауға шақыру екені айқын.

Яғни, жәрдемақы берумен ғана шектелмейтін халықты әлеуметтік қорғау саясатын неғұрлым тиімді орындау. Ол қоғамдық игіліктерді әділ түрде қайта реттеу және кедейліктің артуына жол бермеу болып саналады.

Мемлекет пен жеке сектор әйелдер кедейлігін байқамауды жөн көреді

Балабақшалардың көпшілігі, яғни 60%-ы мемлекеттің меншігінде. Бұл  мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне «кедейлік тұзағынан» шығуға мүмкіндік бермейтін негізсіз аз жалақыны қалыптастыруға мемлекет тікелей әсер ететінін көрсетеді. Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге арналған мемлекеттік шығындары 2019 жылы ЖІӨ-нің 0,3%-ын құрады, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл шығындар ЖІӨ-нің кемінде 1%-ына тең.

2-кесте. Ақтау қаласындағы мемлекеттік балабақшаға еңбекақысы көрсетілген тәрбиешінің бос орны туралы хабарландыру, 2021 жыл.

Дереккөз: enbek.kz  электрондық еңбек биржасының сайты

Мемлекеттік деңгейде белгіленген жалақының төмен деңгейі, бір жағынан, жеке секторға жалақы мөлшеріне бағдар ретінде көрсетіледі, ал екінші жағынан, білікті кадрларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен алшақтатады және тұрақтап жұмыс істемеуге алып келеді.

Білім беру қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын 25%-ға көтеру де мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудегі 100 мың педагог емес кадрды кедейлік шырмауынан шығаруға қауқарсыз. Әйелдердің, бала күтімі саласындағы қызметкерлердің жағдайын теңестіру үшін неғұрлым батыл шешімдер қажет. Әйелдердің еңбек мүддесін ұжым тарапынан қорғау үшін әйелдердің кәсіподақ бірлестіктерін құратын уақыт келген болуы мүмкін.

Жалақысы төмен салаларда жұмыс істейтін әйелдердің басым болуы басқа әлеуметтік проблемалардың өсу қаупін төндіреді. Жалақысы төмен салаларда әйелдердің шамадан тыс жұмыспен қамтылуы жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікке қарсы неғұрлым тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін егжей-тегжейлі зерделенуі керек. Бұл кедейліктің өсуіне жол бермеудің әлеуметтік саясаты тұрғысынан да маңызды, өйткені бір үйде әйел-ана ғана жұмыс істейтін жартылай отбасылар саны өсе бермек. Қазақстанда анасы мен 18 жасқа толмаған балалары бар 608 мыңнан астам отбасы және балалары жалғыз әкесімен бірге тұратын 103 мың отбасы бар. Осылайша, толық емес отбасыларда миллионға жуық бала өсіп келеді және қосымша білім беру мен балаларды қарау институттарының дамыған желісі отбасының жалғыз асыраушысын еңбек нарығына қосу және балалардың кедейлігінің өсу қаупіне жол бермеу үшін қажет.

Бұл талдау мектепке дейінгі білім беру саласындағы жалақыны мысал ете отырып, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік бюджет жалақының гендерлік айырмашылығына қалай әсер ететінін көрсетеді. Мемлекеттік саясат жалақы теңсіздігін төмендетуге де, оны теңестіруге де бағытталуы мүмкін. Мемлекеттің білім беру саласындағы жалақыны арттыру жөніндегі жыл сайынғы әрекеттеріне қарамастан, қабылданған шаралар мектепке дейінгі білім беру және тәрбие қызметкерлерінің жағдайын жақсартпады. Сонымен қатар, жеке сектор үшін ең төменгі жалақы алатын салалардың бірі ретінде мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің статусы бекітілді.

Бұл мақала ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай айырмашылығын зерттеу құралы саналатын гендерлік бюджетті талдау аясында дайындалған.

The post Жұмыспен қамтылған кедейліктің әйел келбеті appeared first on Ekonomist Media.

Екінші Нобель фестиваліне тіркелу ашылды
Технологиялар мен инновациялар бойынша «II Central Asia Nobel Fest» фестивалі 2021 жылдың 7-9 сәуірі аралығында онлайн режимінде өтеді. Ол «Болашақты ойлап табу» деп аталады және Қазақстандағы ғылым күніне арналған. Фестивальда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2021 жылдың 12-16 сәуірі аралығында өтетін Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемге әйгілі ғалымдармен бірге жетекші дәрістер сериясы өтеді.

Тіркелген қатысушылар Нобель сыйлығының лауреаттарының, технологиялық корпорациялар басшыларының мен әлемге әйгілі ғалымдардың қатысуымен өтетін интерактивті пікірталастарға, дәрістерге, семинарларға шектеусіз қол жеткізе алады. Физика бойынша Нобель сыйлығының екі лауреаты, Такааки Кадзита және Джон Мазер, химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Жан-Мари Лен және экономика ғылымдары бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс өздерінің осы іс-шарада  қатысатындықтарын растады.

Тіркелу ақысыз және іс-шараның ресми сайтында қол жетімді; орындар саны шектеулі, сондықтан ерте тіркелу жөн.

Болашақ туралы ойлана отырып, технологиялар өмірдің барлық салаларын өзгертетіні анық. 5G және AI сияқты технологиялардағы жетістіктер күнделікті өмірге қалай әсер етеді? Білім берудің болашағы қандай? Пандемиядан кейінгі әлемде қандай дағдыларға сұраныс көп болады? Технологиялар теңсіздік алшақтығын жоя ала ма? Осы және басқа да қызықтыратын сұрақтарды II Нобель фестивалінде келесі сала мамандары мен қатысуын растаған профессорлар талқылайды:

Экономика саласында:

Майкл Спенс, Экономикалық ғылымдар бойынша 2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері

Хавьер Сала-и-Мартин, экономист, Колумбия университетінің профессоры

Білім беру саласында:

Дженни Магиера, Google-дағы білім беру саласындағы әлемдік жетекші

Кристофер Деде, Гарвард Жоғары білім беру мектебінің профессоры

Андреас Шляйхер, Білім және дағдылар жөніндегі директор, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD), PISA тең құрылтайшысы

Технология және инновация саласында

Кевин Уорвик, әлемге әйгілі кибернетика ғалымы, Рединг университетінің қонақ профессоры

Майкл Бронштейн, Twitter-дегі графикалық машиналарды оқыту бөлімінің бастығы және Лондондағы Империал Колледжінің профессоры

Шерил Коннелли, Ford Motor Company, әлемдік тредтер мен нарық болашағы бойынша менеджері

Гидеон Личфилд, MIT Technology Review бас редакторы

Central Asia Nobel Fest ресми серіктестері: Шеврон корпорациясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Астана медициналық университеті, BTS Education және BTS Digital, AIFC біліктілікті арттыру бойынша бюросы және «Редбрик» заң фирмасы. Бұл шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен өткізіледі.

Фестивальдің бас медиа серіктестері – The Steppe, Forbes Kazakhstan, Ekonomist.kz және «Хабар агенттігі» АҚ.

Жаңалықтар үшін II Nobel Fest-тің Instagram-дағы ресми парағын бақылаңыз.

The post Екінші Нобель фестиваліне тіркелу ашылды appeared first on Ekonomist Media.

Білім берудегі теңсіздік: Қазақстандағы отбасылардың тек жартысы ғана жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізген
Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны – 23. Орталық Азия елдеріндегі зерттеушілер аймақтағы қашықтан оқыту мен білім жүйесін пандемия жағдайына бейімдеуді зерттеу мақсатында біріккенін хабарлайды.

Ресми дерек бойынша, 2019 жылы Қазақстан мектептеріндегіі 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді екен. Ал жоғарғы жылдамдықтағы интернет болса тек 47% отбасында ғана бар.

Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауатының төмендігі мен тиімсіз оқу жүйесі елдегі білім берудегі теңсіздікті одан ары үдетті. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, қауіпті жағдайларда аз қамтылған, алыс аудандардағы, ерекше күтімді қажет ететін топтар қалды. Оның себебі айтпаса да белгілі.

Қазақстандағы және аймақтағы білім беру мен теңсіздік жайлы айтқанда сарапшылардың жағдайды сараптау және ынтамақтастық негізіндегі пікірлері толыққанды қамтылмайды. PaperLab Қоғамдық қорының зерттеушілер командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің қабылдап жатқан шараларының тиімділігі мен рөлін бағалау бойынша трансшекаралық жобаны бастады.

Әр елдегі сарапшылар постпандемия өтпелі кезеңіндегі мықты және әлсіз тұстарды анықтай отырып, аймақтағы экономикалық теңсіздік пен білім берудегі қолжетімділіктің байланысы жөніндегі пікірталасты арттырады деп күтілуде.

Жоба аясында Білім берудегі теңсіздік индексі әдіснамасын жасау жоспарлануда. Ол аймақ елдерін бір-бірімен салыстыруды ғана емес, артта қалған салаларды анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аталмыш проблемаға аудартуға тырысады.

«Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту» жобасы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Зерттеудің мазмұны авторлардың көзқарасын білдіреді және Қор көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жобаның медиасеріктесі – MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.

Толық ақпаратты алу үшін байланыс деректері:

Снежана Цой: +77078108464, snezhana.tsoy@medianet.kz

The post Білім берудегі теңсіздік: Қазақстандағы отбасылардың тек жартысы ғана жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізген appeared first on Ekonomist Media.

Білім бер де, қоя бер: «жұмысы бар кедейлікпен» Қазақстанда қалай күресуге болады?
Қазақстандағы кедейлік мәселесі және «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» проблемалары көбінесе коронадағдарыста азаматтардың табысы азайып, бизнестің кері кетуіне байланысты жиі талқылана бастады.

Парламент сайлауының жақындап келе жатқаны және әлеуметтік күн тәртібіне барлық ресми саяси күштер (бірінші кезекте Қазақстанның Халық партиясы, бұрынғы ҚКХП) шығуы, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру шараларын, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзге де тұстарын реттейтін «Әлеуметтік кодекс» әзірлеудің басталғаны тақырыпқа қосымша өзек береді.

Дегенмен, елдегі «жұмыс істеуге қауқарлылардың кедейлігі» феномены әлі зерттелмеген. Ал оның көлемі жайлы бағамдар әртүрлі болып келеді.

Кедейлер

«Жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» деген не? Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) берген анықтамада: «Жұмыс істейтін кедейлер (working poor) – кедейліктің шекті деңгейінен төмен, үй шаруасында бола тұрып жұмыспен қамтылғандар», – деп көрсетілген.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша орташа кедейшік жағдайында жұмыс істейтіндердің үлесі – 13%, аса кедейшілікте – 8%, бұл ретте соңғы 20 жылда жұмыс істейтін кедейлер үлесі шамамен 50%-дан 21%-ға дейін қысқарды. Алайда, мұнда ХЕҰ Дүниежүзілік банктің күніне 1,9 доллардан төмен табыс табатын өте кедейлердің деректерін алғанын айту қажет (2011 жылғы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша АҚШ доллары).

ХЕҰ-ның 2019 жылғы модельдері Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер жоқ екенін, бірақ кедейшілік шегіне жақын жұмыс істейтіндердің шамамен 4%-ы бар екенін көрсетеді.

Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлердің тікелей сипаттамасы жоқ, бірақ олардың жалпы портретін еңбек және халықтың өмір сүру деңгейі статистикасының бытыраңқы деректері бойынша жасауға болады.

2019 жылы кедейлік шегі 2019 жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде (!) 29,7 мың теңге мөлшерінде бағаланды, яғни бір адамға 20,6 мың теңге мөлшерінде төленеді. Осылайша, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдар жұмыс істейтін кедейлер тобына кіруі керек еді. 2019 жылы Қазақстанда мұндай отбасылардың 4,3%-ы немесе 799,6 мың адам тұрған 140,3 мың үй шаруашылығы болды (олардың 64%-ы ауылдық жерлерде).

2019 жылғы деректер бойынша, Қазақстанда орташа жалақы 112 мың теңге болды. Ресми статистика деректері бойынша, 2019 жылы ҚР-да жалдамалы қызметкерлердің орташа тізімдегі саны 2,8 млн адам болды. Егер жалақысы медианадан төмен жұмысшылардың үлкен тобын алып қарасақ, бұл – барлық жұмыс топтарының шамамен 46%-ы.

Бұл топта ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық жалдамалы жұмысшылардың 65%-ы және өңдеу өнеркәсібінде 27%-ы жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанда бұл топ өкілдерінің үлесі 28%, ал аграрлық облыстарда 50%-дан астам. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 57%, Ақмола облысында 56% және Қызылорда облысында – 55%. Бұл топтағы жалдамалы жұмысшы барлық әйелдердің 52%-ы және ерлердің 39%-ы бар.

Қазақстанда бейресми түрде жұмыспен қамтылғандар 558 мың адам (2019), бұл қазақстандық жұмыс күшінің шамамен 6,4%-ы, оның 452 мыңы (жұмыс күшінің 5,2%-ы) кірістері тым шектеулі қосалқы шаруашылықтарда еңбек етеді.

Осылайша, ҚР-да жалақысы төмен жұмысшылардың жалпы саны кемінде 2 млн адам деңгейінде болуы мүмкін. Бұған олардың отбасы мүшелері де қосылуы керек.

Алайда, басқа да бағалау бар. «Кипр» аналитика тобы ұйымдастырған «Қазақстандағы жұмыс істейтін кедейлік: ауқымы, себептері және оны қысқарту үшін қажетті шаралар» атты сараптамалық кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров ҚР-дағы жұмыс істейтін еңбекке қабілетті кедейлер саны 5 млн деп бағамдайтынын, яғни барлық жұмыс күшінің (экономикалық белсенді халықтың) 60%-ы екенін мәлімдеді.

Қарым-қатынасты өзгерту

Жұмыс істейтін кедейлердің мәселесін қалай шешуге болады? Шешім кедейліктің сипатына байланысты.

2009 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша, Нидерланд елдерінде осы елдегі «жұмыс істеуге қауқарлы кедейліктің» себептерінен туындайтын 7 стратегия анықталды. Олар – уақытша және аз жалақы төленетін жұмыс, толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және/немесе көп несие алу. Осы стратегиялардың ішінде еңбекақы төлеу арқылы кедейлік тұзағын қысқарту, берешекті қысқарту, еңбекке теңдей мүмкіндік беру және ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеуге ынталандыру, жұмыс ауысымын көтермелеу арқылы адамдардың еңбек нарығынан орын табуы, толық емес отбасыларға арнайы төлемдер, қызметкерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлерді қолдау, көпбалалы отбасыларға төлемдер кіретін қосымша шаралар бар.

Қазақстанда «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» сипаты бір жағынан –экономика салаларында еңбек өнімділігінің біркелкі бөлінбеуі, экономиканың технология деңгейінің төмендігі, екінші жағынан – игіліктерді бюджет және квазимемлекеттік сектор шығындары арқылы қайтадан тиімсіз бөлу, жұмыс күшінің төмен біліктілігі, сондай-ақ жалпы білім беру сапасының төмендігіне де байланысты.

Бұл тізімде білім беру проблемалары соңғы орында тұр. Бірақ бұл кедейлік проблемасын шешудегі маңызды сәт. Егер жалдамалы еңбек саласындағы орташа жалақыны (2019), білім деңгейі бойынша бөліп қарасақ, онда жоғары білімі бар адамдар орта білімі бар адамдарға қарағанда 88%-ға, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер жоғары білімі бар мамандарға қарағанда 57%-ға көп табады екен.

Білім беруге тек бюджет есебінен ғана емес, азаматтардың өз қаражаты есебінен де көбірек инвестиция салуға болады және ол өте қажет. Үй шаруасында балалардың STEM-бағыт бойынша білім алуына, шет тілдерін оқытуға басымдық беру маңызды. Ал ҚР отбасыларында бірінші кезекте белгілі бір жеткілікті деңгейде ғана білім алуына назар аудару әдетке айналған.

Бұл ретте мемлекет жоғары оқу орындарында қосымша тегін орындар бөліп қана қоймай, білім беру бағдарламаларының ел ішінде, одан тыс жерлерде де еңбек нарығына сәйкестігін үнемі бақылап отыруы керек. Еңбек экспорты алдағы онжылдықтарда ҚР экономикасының қозғаушы күшінің бірі бола алады. Бұл үшін елдің адами капиталын дайындау маңызды.

Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы –тағы бір маңызды фактор. Алайда мемлекеттің соңғы 20 жыл ішінде қолға алған көптеген әрекеті түбегейлі өзгерістер әкелмеді, Қазақстан экономикасын ғылымды қажетсінетін етіп жасамады және еңбекті көп қажет ететін жаңа секторлардың пайда болуына ықпал етпеді.

Мемлекеттің қайта бөлу функциясының тиімділігін арттыру қажет. Бұл бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер мен полиция сияқты секторларындағы жалақының баяу, бірақ тұрақты түрде инфляцияны басып озып келе жатқанын көрсетеді.

Ең төменгі жалақының өсуі жұмыс істейтін кедейлердің кірістерін тиімді түрде арттырады, алайда бұл деңгейдің күрт артуы еңбекті қажет ететін көп салалардағы жұмыс берушілерді жұмыс орындарын  қысқартуға, сондай-ақ өндірістік процестерді тым автоматтандыруға итермелеуі мүмкін. Нәтижесінде кедейлердің саны азаймай, керісінше өсе түседі. ЕТЖ деңгейінің көтерілуі жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың ұлғаюымен қатар жүруі тиіс, бұл неғұрлым терең пысықтауды, салық заңнамасын өзгертуді және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың жұмыс сапасын жақсартуды талап етеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, оған қажет құралдарды пысықтау маңызды. Мысалы, атаулы көмек берерде осындай үй шаруасындағы ересектердің еңбекке деген ынтасын жойып, жеңіл қаражатқа иек артып алмауы үшін, көпбалалы отбасылар балалардың тамаққа алатын қаражатын нақ осы мақсатта ғана пайдаланатындай ету керек.

Азаматтардың мінез-құлық үлгісін өзгерту де тағы бір маңызды мәселе. Кедейлік себептерінің бірі – көпбалалы болу екені ең жоғары деңгейде ұғындырылуы керек. Яғни азаматтар алдағы өміріне жоспар құрарда осы факторды ескеріп, шамасын бағамдауы керек.

Мемлекет азаматтардың балаларға білім беру үшін инвестиция салып үйренуін ынталандыруы керек. Яғни халықтың білім алу үшін қаражат жинау мәдениетін қалыптастыру керек. Қыздардың түбегейлі білім алуына назар аудару керек. Оларды білім алып, мансапта жетістікке жетуге бейімдеу керек.

Сонымен қатар, еңбек көші-қоны да құбылыс ретінде қоғамда әлеуметтік қолдауға ие болуы керек. Көптеген кедей елдер, оның ішінде ҚР көршілес елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл жол да халықтың жекелеген топтары үшін кедейшілік деңгейін төмендетудің айтарлықтай тиімді түрі. Кедей үйлердің тұтыну деңгейін айтарлықтай арттыруға көмектесетінін көрсетеді.

The post Білім бер де, қоя бер: «жұмысы бар кедейлікпен» Қазақстанда қалай күресуге болады? appeared first on Ekonomist Media.

Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады?
2020 жылы 5 тамыз күні Дүниежүзілік банк (ДБ) «Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту» тақырыбында брифинг өткізді. Бас спикер ретінде ДБ Орталық Азиядағы білім беру мәселелері бойынша жетекші маманы Айша Вауда сөз алып, 2020 жылдың маусым айында жүргізілген зерттеуді ұсынды.

Пандемия салдары мен әсерін түсіндіру үшін ол басқа пандемияны, яғни 2-3 жылға (1918-1920) созылған және нәтижелері 60-70 жыл бойы білімге әсер еткен испан тұмауын мысалға алды. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазіргі пандемияның әсері де 60-65 жылға созылады.

Оқытудың жаңа механизмдері мен түрлерін енгізу білім теңсіздігінің өсуіне, білім беру сапасына әсер етіп, мектеп оқуының 0,6 жылының жоғалуына, әлемде 7 миллионға жуық оқушының сапалы білім жолынан тыс қалуына әкеп соғады.

Пандемияның болашақ ұрпақтың еңбек табысына әсерін бағалау үшін үш сценарий жасалды. Олар: оптимистік, аралық (негізгі) және пессимистік. Базалық сценарий аясында әлем іске асырылмаған еңбек кірісі түрінде 10 трлн доллар жоғалтады, яғни 5 айға мектептерді жабу нәтижесі жаһандық ЖІӨ-нің оннан бір бөлігіне тікелей әсер етеді.

Сауат төмендейді

Орталық Азияның басқа өңірлерден айырмашылығы – дамушы елдердегі  халық саны бойынша оқушылардың салыстырмалы түрде көптігінде. Өзбекстанда ол халықтың 40%-ына тең болса (0-24 жас), Қазақстанда – 39%, Тәжікстанда – 49%, Қырғызстанда – 46%. Яғни, қазіргі оқыту нәтижелері өңір халқының жартысына жуығының жарасын тереңдетеді.

Дей тұрғанмен, аймақтағы оқу нәтижелері пандемияға дейін де өте төмен болды. Орталық Азия елдерінің оқушылары орта есеппен Еуропадағы құрдастарынан 1,5 жылға артта қалған. Мысалы функционалдық сауаттылық бойынша PISA зерттеуінің нәтижелерін алып қарайық. Ол – адамдарға қазіргі қоғам өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін дағдылар мен білім жиынтығы. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін (ЭЫДҰ) басқа елдермен салыстырсақ 10 оқушының 8-і функционалды сауатсыз. Ал ЭЫДҰ елдерінде керісінше, 10-ның 8-і функционалды сауатты болып келеді. Аймақтағы оқушылар пандемияға дейін де цифрлық дағдылар жағынан әлсіз, технологияларға қолы жете бермейтін еді.

Айша Вауданың айтуынша, өңір елдерінде техникалық қамтамасыз ету мәселесінде үлкен алшақтық бар. Қазақстанда оқушылардың 70%-ында үйде компьютер, интернет бар, ал Тәжікстанда бұл көрсеткіш 1%. Алайда, компьютермен қамтамасыз етудің жоғары көрсеткіштері интернет толық қолжетімді екенін немесе компьютердің заманауи екенін немесе оқушыларды үйде қашықтан оқыту үшін жағдай жасалғанын білдірмейді. 2018 жылғы деректерге сәйкес, қазақстандық оқушылардың 54%-ында компьютерлік сауат деңгейі компьютермен жұмыс істеу үшін қажетті функционалдық білім деңгейінен төмен болды, ал зерттеуге қатысушы барлық ел бойынша орташа алғанда бұл көрсеткіш 18% еді.

Спикер ерекше назар аударған ең маңызды сәт – пандемияға дейінгі нәтижелердегі теңсіздіктің тым жоғарылығы, аймақтағы оқу сапасы. Қырғызстанда ең кедей отбасылардың балалары бай отбасылардан шамамен 2,5 жылға, ал Қазақстанда бір жылға артта қалып отыр.

Өңір елдерінде жоғары оқу орындарына қабылдау коэффициенті де төмен болып саналады.  Ол, атап айтқанда, Өзбекстанда бар болғаны 10%, нәтижесінде оқушылардың 80-90%-ы тек бакалавр дәрежесін ғана ала алады. Нәтижесінде, жұмыс берушілер жас мамандардың қолынан іс келмеуіне байланысты проблемаларды бастан кешуде, бұл экономикадағы өнімділікке әсер етеді.

Батыл, бірақ білімсіз

Айша Вауда Орталық Азия елдерінің білім беру жүйесіндегі пандемия кезінде әрекет етуге деген күш-жігерін (Қашықтан оқыту арналарын шұғыл құру) өте батыл және дер кезінде қолға алынған шаруа деп бағалады. Дегенмен, ДБ бағалауы бойынша, бұл оқытуды толыққанды қашықтан оқыту деп атауға болмайды. Өйткені елдерде қашықтан оқыту үшін толыққанды база болған жоқ, оны дайындау ұзақ уақытты, сынақтар жүргізуді, оқытушыларды оқытуды, белгілі бір жабдықтың болуын талап етеді.

Жағдайды оқыту алшақтығының жоғарылығымен, оқытушылар мен студенттердің технологияларға қол жеткізе алмағанымен сипаттауға болады. Оқытушылардың барлығы бірдей қашықтан сабақ жүргізу үшін білім жетілдірген болып шықпады.

Орталық Азия аймағында білім берудің ең маңызды механизмі ретінде теледидар, телесабақтар, жоғары оқу орындарында онлайн оқыту қарастырылды.

Телемектептердің басты проблемасы эфир уақытының шегі болды. Яғни, сабақтар күніне 10-15 минутқа ғана созылды. Егер отбасында әртүрлі жастағы бірнеше бала және бір теледидар болса, мұндай форматтың қаншалықты нәтижелі екені белгісіз. Телеоқу жағдайындағы ең үлкен проблема оқытудың біржақты болуы, оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау үшін кері байланыстың болмауы және оқу процесін бақылаудың мүмкін еместігі болды.

Тағы бір проблема – қаржы тапшылығы. Өйткені көп қаражат Денсаулық сақтау саласына кетті.

ДБ өкілінің пікірінше, білім беру саласында күш-жігерді біріктіру, бағдарламаларды, бейнесабақтарды бірлесіп әзірлеу аймақ елдері үшін оң шешім болар еді.

Дегенмен, аймақтық синергияның мұндай мүмкіндігі қолданылған жоқ.

Миллиардтаған шығын болды

Дүниежүзілік банктің бағамдауына қарасақ: 5 ай ішінде мектептердің жабылуына байланысты өңір оқушылары 16 балл немесе оқу жылының жартысына жуығын жоғалтты, сондай-ақ функционалдық сауатсыздық 78%-дан 86%-ға дейін өсті, бұл ақшалай түрде 44 млрд доллар. Бұл Тәжікстанның жылдық ЖІӨ-сінен 5-6 есе жоғары және Қазақстан ЖІӨ-сінің төрттен бір бөлігі.

Тағы бір болжам – білім беру жүйесіндегі теңсіздіктің одан әрі өсуі. Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз саналатын топтары білім беруде пандемияның әсерін бақуат тұрғындарға қарағанда көбірек сезінеді. Кедейлер мен байлар арасындағы білім деңгейіндегі алшақтық арта береді.

Тағы бір проблема оқушылар мен оқытушыларға қолдау көрсетудің тапшылығына қатысты болды. Әсіресе оқушыларды қашықтан оқыту форматы барысында сабақ меңгерудің әртүрлі, тең емес деңгейі көрінді. Бұл болашақта аймақтағы білім беру жүйесіндегі теңсіздіктің одан әрі өсуіне әкеледі.

ДБ өкілдері, сондай-ақ, отбасы бюджетінің аздығы, үйдегі қаржылық жағдайдың нашарлығына байланысты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы көптеген оқушының жоғары білім ала алмауына байланысты өңірде білікті мамандар тапшылығы өсуі мүмкін екенін де болжап отыр. Нәтижесінде, осы ұрпақ үшін еңбек нарығындағы біліктілік алшақтығы бұрынғыдан да үлкен теңсіздікпен сипатталады.

Мектепте тегін тамақ бермей қоя тұру, жалпы тамақтандыру жағының нашарлауы оқу шығындарының артуына әкеледі.

Дүниежүзілік банк зерттеушілерінің бағамдауынша, күз келіп, қыс түсе жағдай нашарлай түседі. Әсіресе балалары мектепте тегін немесе жеңілдікпен тамақтанады деп сеніп отырғандар үшін ауыр.

Қалай түзеуге болады?

Мектептерді ашу туралы шешім қабылдау кезінде ДБ өкілдері үш негізгі элементтен тұратын білім беру жауабының стратегиясын әзірледі. Олар: «жеңу», «үзбей оқытуды қамтамасыз ету», «жетілдіру және жеделдету».

Пандемия кезінде әл-ауқаты төмен халық үшін оқыту нәтижелерінің төмендеуін барынша азайтуға баса назар аудара отырып оқытуды жалғастыру және кез келген жағдайда оның үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қазіргі дағдарысты «ойды өзгерту», болашақта неғұрлым сапалы, тең құқықты білім беру жүйесін құру мүмкіндігі ретінде қабылдау ұсынылады.

Проблемаларды Дүниежүзілік банктің ЮНЕСКО-мен және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп 2020 жылғы маусымда жүргізген жаһандық зерттеу нәтижелері айғақтайды. Бұл зерттеулер COVID-19 мектептерін жабуға арналған білім беру саласындағы ұлттық жауап шаралары болатын. Айша Вауданың айтуынша, осы  мәліметтерге сүйенсек, елдер, министрліктер «күзде, мектеп ашылар сәтте жаңа оқу жылы туралы қандай стратегиялар болатынын ойламақ түгілі, өз бастарымен қайғы болып кеткен».

ДБ өкілдері, біріншіден, үздіксіз оқытуды қамтамасыз етудің, онлайн оқытуды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл – шын мәніндегі жаңа экономикалық таңдау.

Болашақта озық әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қазір білім беруді бірінші орынға қою маңызды.

Екіншіден, білім беру жүйесінің бюджетін қорғау, оны қысқартуға жол бермеу өте маңызды. Бұл қашықтан оқыту сапасының жаңа бағдарламаларына және пандемиядан зардап шеккен, оқу бағдарламасынан қалып қалған студенттерге мақсатты, нақты қолдау көрсетуге де қатысты.

Қашықтан оқыту көптеген елде жаңа нормаға айналуы мүмкін. Сондықтан бүкіл аймақтағы цифрлық платформаларға қол жеткізуді күшейту қажет, – деп атап өтті Дүниежүзілік банк өкілдері.

Айша Вауда өз сөзінде оқуда артта қалған және мектептер ашылған кезде немесе қашықтан оқытудың толыққанды бағдарламалары іске қосылған кезде оқу бағдарламаларын орындай алмайтын оқушыларды одан әрі оқыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Мектептерде қосымша оқыту, «бір-бірлеп» оқыту немесе мұғалімнің артта қалған оқушыларды қуып жетуге көмектесетін көмекшілері лауазымын енгізу қажет.

Білім беру платформаларының бар болғаны ғана керек емес. Онда сапалы контент толып тұруы керек. Сондықтан қолданыстағы қашықтан оқыту бағдарламаларын жетілдіруге баса назар аудару керек. Мазмұн, оқу материалдары, студенттермен кері байланыс тетіктері, бағдарламалардың жүргізілуін үнемі бақылауға баса назар аударылуы керек.

The post Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады? appeared first on Ekonomist Media.

COVID-19 кезінде оқығандар: қашықтан оқу жеткілікті ме?
Экономикалық соққы – COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған мәселенің көрініп тұрған бөлігі ғана. Мұның сыртында ұлттық білім беру жүйесіне, орта мектептердегі дәстүрлі оқудың тоқтап қалуына орай адам капиталына келген залал бар. Қашықтан оқытуға көшкен елдерде (оның ішінде Қазақстан да бар) білім беру деңгейі төмендеу проблемасы туады. Бұл әсіресе кедей отбасының балаларына, кедейлік деңгейі жоғары өңірлер мен аймақтарға ауыр соққы болады. Ұзақмерзімді болашақ тұрғысынан қарасақ, білім берудегі теңсіздік болашақта табыстың да теңсіздігіне алып келеді.

Әзірге жалғыз балама – қашықтан оқыту. Алайда бұл жүйеге оқыстан көшудің өзіне тән проблемасы жеткілікті. Оны шешу дамыған елдердің өзіне оңай соғып жатқан жоқ.

Біз жоғалтқан білім

Оқушылар COVID-19 пандемиясы салдарынан қалыпты оқу жылымен салыстырғанда, алдыңғы алған білімінің орта есеппен 30-50%-ын жоғалтуы мүмкін. Жазғы каникул кезіндегі жоғалтатын білімді де есепке алу керек, орта есеппен жазда білім алмай қалу 0,25 оқу жылына тең. Қашықтан оқуға деген мәжбүрліктің оқушылардың білім деңгейіне жиынтық әсері болады. Жаз кезінде білім деңгейі төмендеуінің объективті себебі болса, қашықтан оқу кезінде жағдай күрделеніп, екі жылға дейін артта қалу байқалады.

Компьютер де, интернет те жоқ, көп жағдайда ата-ана тарапынан қолдауды да көп көрмейтін тұрмысы төмен отбасылардың ұл-қызы немесе шалғайдағы ауыл балаларының білім деңгейі тіптен нашарлай түседі.

Сала сарапшылары болашақ абитуриенттерге қиынға соғатынын айтады, дегенмен бәрінен бұрын  бастауыш сынып балаларына қиын болғалы тұр. Мамандар бастауыш мектеп оқушыларының ұтылуы  тұтас оқу жылын жоғалтқанмен пара-пар болады деп болжауда.

Пандемияға дейін жүргізілген халықаралық зерттеулерге сүйенсек, мектептің 20 күнге жабылуы тест тапсыра алмайтын оқушылардың санын 10%-ға арттырады, ал 10 күн сабаққа бармау бір жыл ішінде білім нәтижесінің  5-10%-ға дейін төмендеуіне әкеледі екен.

COVID-19 пандемиясының білім беру жүйесіне және адам капиталына келтірген залалының салдарын шартты түрде қысқамерзімді (мұны біз биылғы жылдың соңына дейін көреміз) және ұзақмерзімді деп бөлуге болады.

Қысқамерзімді сипаттағы салдарға оқу процесінің баяулауын, оқушылардың оқуға ынтасының төмендеуін жатқызуға болады. Бұған дәлел ретінде Ресейде жүргізілген зерттеу нәтижесін келтіруге болады, мұнда оқушылардың жартысы қашықтан оқуды каникул деп қабылдаған. Мектептердің жабылуына орай оқушылардың тамақтануы нашарлайды (мектепте тегін тамақ ішіп жүрген балаларға қатысты), психикалық жағдайы нашарлайды, оқушылар зорлыққа және басқа да қауіпті істерге баруы мүмкін, сонымен бірге балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпті мінез туындауы мүмкін.

Оқушылардың мектептен шығып кетуі байқалуы мүмкін. Бұл, әсіресе, тұрмысы төмен және жағдайы нашар отбасының балаларына қатысты, мұнымен бірге балалардың еңбекке араласуы, кәмелет жасына толмағандар арасындағы некелесу, коммерциялық секс артып, ата-аналардың балалардың біліміне инвестиция салуы қысқаруы мүмкін. Ковидке дейінгі мысал: әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан Румынияда 2009-2018 жылдары мектепке бармайтын балалардың саны,  демографиялық көрсеткіш төмендегеннің өзінде, 192 мыңнан 378 мыңға дейін артыпты.

Білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығын азайып, оқыту деңгейі төмендеп, жеке меншік мектептер жабылып жатқанын да атап айту керек.

Пандемияның ұзақмерзімді салдары тіптен ауыр. Мектептердің жабылуы мен балалардың белгілі бір бөлігінің білім деңгейінің төмендеуі білім беру саласындағы теңсіздіктің артуына алып келеді.  Дүниежүзілік банктің Ресейдегі тұрақты өкілі және директоры Рено Селигманн білім беру саласындағы жоғалту деңгейіне қатысты мынадай болжам жасайды: егер биыл Ресей мектептері жалпы алғанда бес айға жабық болатын болса, орта есептегі оқушының оқу сауаттылығы бойынша білім нәтижесінің төмендеуі PISA шкаласы бойынша 16 балға тең болады. Бұл оқу-білім саласындағы артта қалуға қаражат салып отырған Экономикалық әріптестік және даму ұйымы мен Еуроодақ елдеріндегі білім беру саласындағы жоғалтуға қатысты болжамнан жоғары.

Оқу барысында қиналатын оқушылардың үлгерімі төмендеуі мүмкін деген болжам бар; көптеген оқушының мектепке орала алмауы «білім кедейлігінің» ауқымын арттырып, соның салдарынан болашақта тұтас бір буынның өнімділігі төмендеуі мүмкін.

Табыс деңгейі жоғары елдердегі (ТДЖЕ) 104 млн оқушы меен табыс деңгейі орташа елдердегі (ТДОЕ) 59 млн оқушының оқу нәтижесіндегі алшақтық арты түседі. Ал қазір Адам капиталы индексіндегі табысы жоғары елдер мен орташа елдердегі орташа айырма 13%.

Мектептегі оқуды тоқтату мен білім беру сапасының төмендеуі одан кейін өмір бойғы өнімділік пен табыстың төмендеуіне алып келеді. Бұл макро деңгейге әсер етпей қоймайды. Егер бір жылда қосымша оқу кірісті шамамен 8-10%-ға арттыратын болса, оқушылар орта есеппен жылына оқу сағаттарының ширегін жоғалтатын. Ал оқу орындарын жабу кірістің тұрақты түрде  2–2,5%-ға кемуіне алып келеді.

Осы аталған факторлар әлеуметтік теңсіздік проблемасының шиеленісу  қаупін төндіреді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бақуат тұратын отбасының балалары онлайн оқу кезінде таршылық көрмей, тиімді білім ала алады. Яғни, олардың білім алу деңгейі бір маусымда төмендей қоймайды. Ал кедейлеу үйлердің балаларында жағдай керісінше.

Әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасының балалары неврологиялық дамуда кешеуілдеп, бала кезінен жанына түсетін жарақаттар санын көбейтіп алуы мүмкін. Олардың арасында еңбекке ерте араласатын балалар да, жасына жетпей жүкті болатындары да бар. Өмір бойына тапқан айлығы шайлығына жетпей жатады. Осындай күйзеліс күшейген кездері отбасында орнықты жағдайы жоқ балалар өзін қолдайтын, қамқорлық жасап қорғайтын күйдің жоқтығын ұғынып қиналады. Бұл күй олардың қалған өміріндегі бақуат өміріне деген сенім қалыптастыруына қатты әсер етеді.

Қашықтан оқимыз

Коронавирус пандемиясы білім саласындағы форматтарды қысқа уақыт ішінде қайта қарастыруға мәжбүр етті. Елдер цифрлық әдіспен қашықтан оқуға мүлдем дайын емес еді. Үздіксіз білім алуды жолға қойған көптеген мемлекет үлкен қиындықпен бетпе-бет келді. Пандемия салдарынан  191 елде мектептер жабылып, әлемдегі оқушылардың  90%-ына әсерін тигізді.  Олардың тең жартысының үйінде компьютер жоқ, 43%-ы интернетсіз отыр еді.

Мұндай теңсіздік көбінесе кірісі аз елдерде қатты байқалды. Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде  оқушылардың 89%-ының компьютері болмады, 82%-ының интернет қосатын жағдайы болмады. Бұл өңірде тіпті көптеген елді мекен ұялы байланыспен қамтылмаған болып шықты.

Ресейде үй шаруашылықтарының 69%-ында компьютер бар. Оқушылардың үштен бір бөлігі жеке компьютермен қамтылмаған. Ресей мектептерінде компьютер болғанмен, жеткілікті емес. Кейбір өңірлерде интернет мүлдем  қосылмаған.

Қазақстанда эпидемия бастала салысымен уақытша пайдалануға деп 250 мыңнан астам компьютер таратылғанмен, қашықтан оқуға көшу барысында 3 млн оқушының шамамен 700 мыңы (23%) компьютермен қамтылмаған болды. Техника алуды көбінесе әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың жағдайы көтермейді. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен бастауыш сынып оқушылары тапшылық көрді.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы  Артур ван Дизеннің айтуынша, Қазақстан цифрлық білім беруге дайын. Ол халықтың 78%-ында интернет бар, ұялы байланыс тарифтері «өте арзан», көптеген мектеп интернетпен қамтылған, елде цифрлы білім беру платформалары дамыған дегенді алға тартады.

Дегенмен интернет өңірлер бойынша ала-құла тартылған, сапасы да ауыз толтырып айтарлықтай емес, қашықтан білім беру сапасы да сын көтермейді. Аяқ астынан қашықтан оқып кетуге мұғалімдер де, балалар да дайын болмай шықты. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, қашықтан оқуға көшу ең мықты деген мұғалімдердің өзіне ауыр салмақ салды. Олар күйзеліске түсіп, бар шаруаларын шатастырып алды.

ЖК, дағды және жүйке

Қашықтан оқуға көшкен елдердің бар проблемаларының басын біріктіріп көрейік.

Компьютер жоқтығы. Көптеген ел үшін ең басты проблеманың бірі – мектеп оқушыларын компьютермен қамтамасыз ету болды. Португалияда оқушылардың 20%-ында компьютер жоқ, ұялы байланыс қосылмаған болып шықты. Пошташылар балаларға қағазға басылған тапсырмаларды тасып, үй тапсырмасын мұғалімдерге жеткізіп берумен айналысты. Ұлыбританияда  ата-аналар планшет пен компьютермен балаларымызды қамтамасыз етпеді деп үкіметтің үстінен сотқа арыз түсірді.

Канаданың Калгариіндегі мектептер оқушыларды техникамен қамтамасыз етті. Нидерландыда да қажет еткен балалардың барлығына компьютер беріп, интернет қосып берді. Британ үкіметі әл-ауқаты төмен отбасылардың балалары оқуын қашықтан жалғастыруы үшін техника берді. АҚШ-тың Калифорния штатында 70 мыңнан астам ноутбук таратылады деп жоспарланған.

Ресей зерттеушілерінің айтуынша, мұқтаж жандарға компьютер тарату қауіпті іс, әрі популистік сипатқа ие десе де, білім беру жүйесі дамыған елдер үшін бұл қалыпты жағдай.

Мұғалімдердің дайын еместігі. РАНХиГС үздіксіз білім беру экономика орталығының директоры Татьяна Клячконың айтуынша, кез келген мұғалім қашықтан жұмыс істей алмайды. Ары кеткенде олар студенттерге электрон пошта арқылы тапсырмалар жіберіп, осындай параграфты, оқулықтарды оқып шығу немесе осындай мәселелерді шешу керек деп жазады.

Оқытуды жеңілдететін шаралардың бірі ретінде АКТ-ны қолдану қашықтан оқытуда шешуші рөл атқаратынына қарамастан, Еуропа мұғалімдерінің 16%-ы қашықтан оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша кәсіби білім алу қажет екенін атап айтты.

Америкалық 1247 мұғалім арасында жүргізілген сауалнама бойынша, олардың жартысынан көбі қашықтан оқытуды енгізуге дайын емес, 69%-ы оқушыларына құжаттар немесе параққа жазылған тапсырмаларды орындау үшін жіберетінін көрсетті.

Оқушылар мен мұғалімдер үшін стресс. Ұлыбританияда ата-аналар бүкіл бос уақытын сарп ететінін айтып шағым түсірген соң үй тапсырмасын беруді тоқтатты. Көптеген мұғалім күнделікті үй тапсырмасын орындау бала үшін стресс екенін айтады. Себебі балаладан үлкендерден талап етілетін көнбістік күту мүмкін емес.

АҚШ-та қашықтан оқу балалардың сабақтан қашып кетуін көбейтті. Көптеген оқушы пандемия кезінде қашықтан білім беру жүйесіне тіркелмей, сабаққа қатыспай, тапсырма орындамай кеткен. Әсіресе арнайы гаджеттермен қамтамасыз етуге жағдайы көтермейтін отбасылардың балаларында мұндай жиі кездесті.

Техникалық проблемалар. Қашықтан оқыту үшін тиісті инфрақұрылым жүргізіліп, білім беру платформалары күрделі болмауы керек. Мұндай талапты кез келген ел қамтамасыз ете алмады. Мысалы, Ресейдегі НАФИ сараптау орталығының мәліметі бойынша, мұғалімдердің 68%-ы білім беру жүйесінің қашықтан оқыу жүйесіне көшуге дайын емес екенін атап көрсеткен.

Министр Асхат Аймағамбетов елдегі білім беру жүйесіндегі кездескен басты проблемалардың бірі ретінде отандық IT платформалардың болмағанын алға тартты. Бір мезетте көп оқушы бас қосып сабақ өткізе алатын стриминг байланыс жоқтығы, цифрлық сауаттың аздығы және интернет арқылы білім алу барысында толыққанды бағдарламалық қамсыздандыру жоқтығы да кедергі болды дейді министр.

Әзірге кедей және алыс ауыл балалары үшін қашықтан оқу қол жетпес болып тұр. Бұл білім алудағы теңсіздікке әкеліп, кейіннен тұрмыстағы теңсіздікке соқтыратыны анық.

Не істеу керек?

Зерттеушілер білім берудегі қашықтық форматына көшу қажеттілігі мен жағдайды дамытудың әртүрлі нұсқасын қарастырады. Олардың барлығы білім берудің теріс салдары болуы мүмкін екенін көрсетеді. Барлық елдердегі күн тәртібінде қазір шығындардың ауқымын азайтатып, пандемия жағдайынан шығудың оңтайлы стратегияларын іздеу тұр.

Ұсынылған шаралардың бірі – жаңа  оқу жылындағы оқу күнтізбесін ұзарту. Лондон экономика мектебінің бағалауы бойынша, пандемия кезінде жоғалған әр аптаның орнын толтыру үшін аптасына екі сағаттан астам уақыт қажет.

Бір немесе бірнеше сынып оқушыларын ыңғайлы топтарға біріктіре отырып, қатар алып жүретін қосымша мұғалімдерді тарту қажет болуы мүмкін.

Аймақтар мен әлеуметтік-экономикалық топтар арасындағы теңсіздікті жою үшін білім берудің жаңа платформаларындағы бағдарламаларын барлық студент пен мұғалім сәтті пайдалана алатындай етіп жасау керек.

Теңсіздікті жою жөніндегі шаралардың бірі ретінде жалпы төмен нәтижелері бар, артта қалған мектептерге, сондай-ақ қолайсыз аудандардағы мектептерге нақты гранттар беруді қарастыруға болады.

Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушылардың кем дегенде төрттен бір бөлігі қайтадан қашықтан білім алатын болады. Сондықтан қашықтан оқыту мүмкіндіктерін кеңейту, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивтілікті қамтамасыз ете отырып, білім беруді цифрландыру қажет.

Қолға алуға тиіс шаралар қатарына отбасылар мен мұғалімдердің ақпараттық технологияларды пайдалануы үшін техникалық құралдардың қолжетімділігін арттыру, байланыс сапасын арттыру және цифрлық оқу материалдарын әзірлеу үшін көрсетілетін қолдауды жақсарту жатады.

Шұғыл дайындалған бейне сабақтарды бүкіл оқу жылына арналған бейне сабақтардың тұтас сериясына ауыстыру, қашықтан оқыту жағдайында жұмыс істеу бойынша педагогтардың құзыреттілігін арттыру, мектептегі оқыту мәдениетін өзгерту, тиімді кері байланыс қалыптастыру жоспарлануда.

Компьютерлері жоқ, интернетке қолы жетпей отырған балаларды оқыту, білім беру алшақтығын жою туралы мәселе әлі күн тәртібінде жоқ. Келесі жылғы білім беру амалы қалай болатыны белгісіз. Келесі оқу жылы да қашықтан болуы мүмкін.

The post COVID-19 кезінде оқығандар: қашықтан оқу жеткілікті ме? appeared first on Ekonomist Media.

Ақылға келу: білім беру саласындағы соңғы зерттеу нәтижелері неліктен маңызды?
2019 жылы білім беру саласы бойынша Қазақстан қатысқан төрт халықаралық салыстырмалы зерттеудің нәтижесі жарияланды. Олар: TALIS (оқытушылық пен оқытуды зерттеу), PISA (15 жастағы жасөспірімдердің негізгі сауаты), PIAAC (ересек тұрғындардың біліктілігі) және ICILS (8-сынып оқушыларының ақпараттық коммуникация технологияларын меңгеруі). Төрт сала бойынша да жалпы қорытынды көңіл көншітпейді, тіпті, дабыл көтеретіндей жағдайда деуге болады.

Дегенмен, зерттеу қорытындысы жағдайды жеке-жеке талдап, дұрыс нәтиже шығаруға мүмкіндік береді.

Төрт тренд

Жүргізілген зерттеулер анализ жасау үшін қажетті мол мәліметтер базасын ұсынады, оның ішінде контекске байланысты мәліметтер де бар. Атап айтқанда, респонденттің білім деңгейі, карьерасы, тіл білу деңгейі туралы мәліметтер, тіпті, бір қарағанда елеусіз көрінетін (бірақ іс жүзінде маңызы зор) баланың үйінде қанша кітап бар екеніне дейінгі деректер.

Отандық білім беру саласындағы жалпы жағдайдың қандай екенін білу үшін қолда бар мәліметтерді басқа да деректермен байланыстыра отырып қарастыру керек, атап айтқанда, Білім беру жағдайы туралы ұлттық есеп немесе Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасын қоса қарау керек.

Қолда бар деректерге сүйене отырып, бірнеше негізгі трендті анықтауға болады.

Зерттеу нәтижелерінің барлығы ересектердің де, жастардың да сауаттылық деңгейінің тікелей респонденттің өзінің және оның ата-анасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тәуелді екенін көрсетеді. Таңғалатын жаңалық емес, дегенмен отбасының сапалы білім алуға мүмкіндігі жоғары болған сайын, ата-анасы білімді және жұмыста табысты болған сайын, баланың да нәтижесі жоғары болады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі тек негізгі тапсырмаларды ғана орындай алады (математика, АКТ және оқу сауаттылығы бойынша 1-2-деңгейлер (бұл PIAAC, ICILS, PISA зерттеулеріне қатысты; ал TALIS зерттеуінде мұғалімдер пікірі сұрау салу әдісімен анықталған – автордың ескертпесі). Осылардың ішінде ақпараттық коммуникация технологиялары бойынша артта қалу байқалады, бұл компьютер көмегімен жүзеге асатын басқа зерттеу қорытындыларына да әсер етері сөзсіз. ICILS зерттеуінде (14 білім беру жүйесі қатысқан) қазақстандық 8-сынып оқушылары өте төмен нәтиже көрсеткен. Біздің алдымызда тұрған Уругвайдан ұпай айырмасы – 55 балл.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегі әріптестерімен салыстырғанда, қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі тым көп, олар аптасына 48,8 сағат жұмыс істейді (Жапонияда ғана бұдан артық). Жас педагогтардың төрттен бір бөлігі алғашқы бес жылда-ақ басқа мамандыққа ауысып кетуді жөн көреді, мұның себебін қағазбастылықпен және жалақының төмендігімен түсіндіреді.

ЭЫДҰ жүргізетін PIAAC зерттеуі ересектер мен жастардың дағды деңгейі бірдей екенін көрсеткен. Бұл жалпы әлемдік трендке қарама-қайшы, әлемдік тәжірибеге сай, әр жаңа буын алдыңғы буыннан гөрі жоғары нәтиже көрсетеді. Бұл бірінші кезекте кеңестік білім беру жүйесінен мұраға қалған «баршаға бірдей» әдіс-тәсілдің  әбден ескіргенін көрсетеді. Сонымен бірге, дамыған елдердің білім беру жүйесі жалпы экономикалық өсіммен бірге дамып отырады, ал Қазақстанда экономикалық өсім білім беру сапасынан көрінбейді. Бұл – дабыл қағатын жағдай.

Жаңартылған бағдарламаның жазығы жоқ

Кейбір «сыншылар» PISA көрсеткішінің төмен болуын жаңартылған оқу мазмұнынан көргенімен, шын мәнінде соңғы реформалардың бұл нәтижеге еш қатысы жоқ. PISA-2018 тапсырған 15 жастағы оқушыларға жаңа оқу бағдарламасының әсері жоқ. Тіпті, жаңартылған мазмұнның өзі де әлі әсер етіп үлгерген жоқ (2017 жылы жаңадан 7-сыныптар жаңа бағдарламаға өтті, тест болған уақытта олардың арасында 15 жасқа толғандары көп емес әрі ол уақытта жаңартылған мазмұнмен бір жылдай ғана оқыған). Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те жуырда жаңа бағдарлама бойынша оқығандардың білім деңгейін тек PISA-2021 мен PISA-2024 көрсете алатынын айтты.

Қазақстанда жоғары білім саласында қосылған құнның төмен болуы да PIAAC зерттеуіне қатысушы басқа 49 елде кездеспейтін «тренд». Аға буынмен салыстырғанда, қазақстандық жастардың арасында жоғары білімі барлар екі есе көп, бірақ бұл олардың сауаттылық деңгейіне әсер етпейді. ЭЫДҰ елдерінде орташа балдың өсімі жоғары білімді халықтың үлес салмағының көптігі есебінен болып отырса, Қазақстанда жоғары білімділердің көп болуының бұл көрсеткішке әсері айтарлықтай жоғары емес.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанға қатысты мынадай ресми түсініктеме де берген екен: «Оқытуға жұмсалатын уақыт игерілетін дағды сапасына сәйкес келмейді, бұл білім беру сапасының төмендеуінен болуы мүмкін».

Географияның рөлі

Зерттеулердің бәрін қорыта келгенде, айрықша назар аударуды және терең талдауды қажет ететін аса маңызды бір мәселе бар екенін көреміз, ол – Қазақстанда аймақтар бойынша оқушылардың жетістікке жету айырмасының 2-3 жыл болуы. Үнемі көш соңында қалып жүрген аймақтар да белгілі – еліміздің оңтүстігі мен батысы.

Мәселен, Маңғыстау және Атырау облыстары ең төмен нәтиже көрсететін аймақтар тізімінде үнемі соңғы үштікте екенін соңғы жылдары жүргізілген математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Оңтүстік аймақтардың нәтижесі де мәз емес, бұл аймақ оқушыларының Алматы немесе Нұр-Сұлтан қаласындағы құрдастарымен салыстырғанда 11 жылда игеретін білім көлемі екі жылға аз.

Еліміздің барлық аймағында білім беру жүйесі біркелкі бола тұра, білім мен дағды игерудегі мұндай үлкен айырма қайдан шығып отыр деген заңды сұрақ туындайды. Унитарлық мемлекеттің концепциясы бойынша, әр балаға теңдей жағдай жасалуы тиіс. Алайда, соңғы онжылдықтағы зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, белгілі бір аймақта дүниеге келген баланың табысты азамат болу мүмкіндігі аз екені көрінеу көзге көрініп тұрғанын мойындауға тура келеді.

2013 жылы әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің экономист ғалымдары әлемнің 110 еліндегі 1,5 мың аймақтың экономикалық көрсеткішін зерттей келіп, оған төрт фактор (географиялық орналасуы, мәдениеті, институттар мен білім берудің сапасы) әсер ететінін анықтаған еді. Бұл факторлардың ешбірінің адам капиталына ықпалы білім берудің ықпалымен салыстыруға келмейді.

Қазақстанда халық аз қоныстанған мұнайлы аймақтар да, халық тығыз орналасқан жерлер мен экономикалық ахуалы ауыр облыстар да білім беру бойынша ұдайы төмен нәтиже көрсетеді. Сонда біздің елімізде аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оқушылардың академиялық жетістігінің арасындағы өзара тәуелділік қандай?

Аймақта халықтың тығыз қоныстануы, тіпті халықтың табыс деңгейінің өзі еш рөл ойнамайды. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында (қазіргі Шымкент қаласы және Түркістан облысы) еліміздегі оқушылардың 20%-ы тұрады, ал Маңғыстау облысындағы оқушылардың үлесі – 4%. Оңтүстікпен салыстырғанда, еліміздің батыс аймағында орташа жалақы деңгейі әлдеқайда жоғары. Соған қарамастан, екі аймақ та үнемі төмен нәтиже көрсетеді.

Эксперттер батыс аймақтағы оқушылардың көрсеткіші төмен болуының бір себебі ретінде білікті мамандардың мұнай секторына кетуін айтады. Мұндай жағдайда мектеп жалақы деңгейі бойынша мұнай саласымен бәсекеге түсе алмайды. Өзге де факторлар қатарында аймақтағы «дәстүрлі» құндылықтар айтылады, яғни жастар үшін білім басты құндылық емес деген түсінік бар.

Жан-жақты қарастыру маңызды

Халықаралық тестілеу ел тұрғындарының орташа сауаттылық деңгейін мейлінше анық көрсете алады, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатын жоспарлау кезінде ол мәліметтерді пайдалану терең талдауды және қосымша зерттеуді қажет етеді.

Қазақстандағы зерттеу нәтижесінің әркелкі болуы ең алдымен білім беру сапасына әсер етіп отырған факторларды анықтап, жағдайды толық түсіну қажеттігін көрсетеді. Ең бастысы – осы жұмысты бастау.

Қазіргі жағдай ондаған жылдар бойы  әрекетсіз отырудың салдарынан туып отыр. Ал бүгінгілердің еш әрекет жасамауы жақын жылдары дүниеге келетін ұрпаққа әсер етеді.

Білім реформасының тағдыры осындай, «орындалу» үшін ең аз дегенде 35 жыл керек. Бұл ғылыми фактіні Дүниежүзілік банктің аналитиктері 2007 жылы дәлелдеген. Бізге де мұны мойындауға тура келеді.

The post Ақылға келу: білім беру саласындағы соңғы зерттеу нәтижелері неліктен маңызды? appeared first on Ekonomist Media.

Ауылдық мектептер: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма?
Бүгінде біз әлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарға әкелетін қазақстандық қоғамның барлық салаларындағы теңсіздіктердің куәсі болып отырмыз. Болашақтағы теңсіздіктің негізі мектептегі білім беру жүйесімен байланысты, ол кейіннен Қазақстан азаматтарының экономикалық мүмкіндіктеріне әсер етеді.                                                                                                                                                                                  Мектеп – тұлғаның қалыптасатын орны мен уақыты. Адамның келешек тағдыры және құндылық бағдарлары осы процестің қандай шарттарда өтіп жатқандығына тәуелді. Ақысыз орта білім және оған тең қол жеткізу Қазақстан заңдарымен кепілдендірілген. Алайда тәжірибе жүзінде бұл принцип жүзеге аспайды. Орта мектептегі саралау қаржыландыруда да, материалды-техникалық базада да, білім сапасында да бақыланады. Мұндай аса анық айырмашылық ауылдық және қалалық мектептер арасында байқалады. ҚР білім беру жүйесінің статистикасына сәйкес, 2018 жылы шамамен 3 млн. білім алушы (2,972,319 оқушы) контигенті бар 7047 мектеп болды, оның ішінде 5,348 мектеп (1,394,785) оқушы – ауылдық жерде, оның құрамындағы 2944 мектеп (204,121) – шағын мектептер.

Контингентті білім алушылары бар мектептер саны

Ауыл мектептеріндегі үлкен алшақтық пен артта қалушылықты растайтын 5 факт:

1. Материалдық-техникалық базадағы алшақтық – көптеген ауылдық мектептер нормативті талаптарға сәйкес келмейді. Мектептегі оқу процесінің нәтижелері мен тиімділігіне әсер ететін маңызды фактор олардың материалдық-техникалық базасының деңгейі болып саналады. PISA-2012 оқушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының қорытынды зерттеулері оқушылардың оқу жетістіктерінің мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуына тәуелді екендігін көрсетеді.

2016-2017 оқу жылында ауылдық мектептердің 22,5%-ы бейімделген ғимараттарда жұмыс жасады. Апатты жағдайдағы 64 мектептің 59-ы ауылдық өңірлерде орналасқан. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы – 2018» ұлттық жинағына сәйкес, 5293 мектепте (90%-ға жуық) спортзалдары бейімделген ғимараттарда орналасқан, ауылдық мектептердің 9%-ында кітапхана жоқ, ал 8%-ында асхана мен буфет жоқ.

2005 жылы қазақстандық мектептерді лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен жабдықтандыру басталды. Алайда 14 жыл өтсе де, олардың ауылдық мектептердегі жетіспеушілігі әлі де сезілуде. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын мектептерді дамыту орталығы дайындаған есептерде айтылған. Физика саласындағы жаңа модификацияланған кабинеттер 1,102 немесе 33,7 % шағын мектептерде жоқ, химия кабинеттері –1,273(39%) мектепте, биология кабинеттері – 1,283 (39,3%) мектепте, математика кабинеттері – 958 (29,3%) мектепте және лингафондық кабинеттер – 1600 (49%) мектепте жоқ. 2016–2017 оқу жылының басында 51,5% , яғни ауылдық мектептердің жартысында пәндік кабинеттерде жаңа модификациялар болған жоқ.

2. Ауыл мектептерінде ақпараттық-коммуникациялық техгологиялардың қол жетімділігі төмен деңгейде. Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру мен компьютерлендіруді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, егер 2005 жылы 1 компьютер 41 оқушыға арналған болса, 2010 жылы – 18 оқушыға, 2016 жылы –10 адамға арналған. Мемлекет білім беру жүйесін ақпараттандыру саясатын қолдайды, бірақ бұл салада әлі де күрделі мәселелер бар. Қазақстан бір компьютерге 5-6 адамнан тұратын компьютерлендірудің қолайлы әлемдік көрсеткіштеріне әлі жеткен жоқ. Сонымен қатар, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарында барлық мектептер компьютерлендірілмеген. Компьютерлердің жалпы санының 35%-дан астамы ауыстыруды қажет етеді. Ауыл мектептерінің тек 42,3%-ы ғана интерактивті құрылғылармен жабдықталған. Электрондық оқыту жүйесіне тек 1075 мектеп қана енген.

3. Ауыл мектептерінде кең жолақты ғаламторға қолжетімділік жоқ. Жылдан жылға қазақстандық мектептерде ғаламторға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы мектептердің жалпы санының 27,44%-ы 4-тен 10 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықтағы ғаламторға қол жеткізді. Алайда жекелеген аймақтар арасында айтарлықтай алшақтық сақталуда: Алматы мектептерінде 100% қолжетімді, ал Ақтөбе және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 10,66%-ды және 13,83 %-ды құрайды. Автордың 2018 жылдың мамыр-тамыз айларында жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша, ғаламторға, әсіресе, жылдамдығы 10 Мбит/с-тан асатын кеңжолақты байланыс мәселесі ең өзекті болды. Біз зерттеген шағын мектептердің бірде-біреуі ғаламторға 3 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықпен қол жеткізе алмаған, нақты жылдамдығы 1,5-нан 2,9 Мбит/с-қа дейін. Бұл жылдамдық,мысалы, «Күнделік» электронды журналын сақтауға, «BilimLand» электронды платформасын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 95%-ы ғаламтордың жылдамдығына қанағаттанбайтындықтарын және оған қолжетімділіктің өте төмен екенін айтты. Олардың пікірінше, кең жолақты ғаламторға қолжетімділіктің жоқтығы көптеген оқу-ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы мәселелерді тудырады.

4. Ауыл мектептерінде педагогикалық құрамның сапалық сипаттамасы, салыстырмалы түрде, төмен. Мұғалімдердің сапалық құрамына жасалған талдау жоғары білімі бар қалалық (92,5%) және ауыл мұғалімдерінің (89,3%) арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мұғалімдердің көпшілігі ауылдық мектептерде жұмыс жасайтындығына қарамастан, жоғары санатты (16,5 %) ауыл мұғалімдерінің үлесі қалалық мектептермен (30,6 %) салыстырғанда екі есе аз. Жоғары санатты оқытушылар құрамының төмен пайызы Батыс Қазақстан (14,3%), Қызылорда (14%) және Ақмола (15,8%) облыстарында байқалады. Жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің едәуір жоғары деңгейі Алматы (35%), Астана (33,7%) және Павлодар облыстарында (31,7%) байқалады.

5. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың үлгерімі қалалық мектептермен салыстырғанда төменірек. Халықаралық және республикалық деңгейлердегі рейтинг нәтижелері бұл тезисті дәлелдейді. Сонымен, «PISA-2015» оқушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының нәтижелері бойынша, ауылдық және қалалық мектеп оқуышылары мынадай нәтиже көрсетті. (төмендегі суретті қараңыз)

Білім беру ұйымдарының аймақтық мәртебесі бойынша «PISA-2015» нәтижелері

Деректер қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарындағы оқушылардың нәтижелеріндегі айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді. «PISA-2015»-тегі нәтижелер айырмашылығы – 19 ұпай, бұл ауылдық мектеп оқушыларының қалалық құрдастарынан жарты жылдан астам уақытқа қалып бара жатқандығын көрсететін білім беру ұйымы орналасқан аймаққа байланысты. Қала-ауыл тұрғысынан мектеп оқушыларның оқу жетістіктерінің нәтижелеріндегі айырмашылық, ең алдымен, шағын мектептердің көпшілігі ауылдық жерлерде шоғырланғандығымен байланысты. Республикалық дәрежелік өлшеулер ұқсас жағдайды көрсетеді. Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша(ОЖСБ) ауылдық мектеп оқушылары қалалықтардан орта есеппен 7,08 ұпайға қалып отыр. Егер екі-үш жылдағы дерктерді салыстыратын болсақ, онда олар ауылдық және қалалық мектеп оқушылары арасындағы алшақтықтың өскенін көрсетеді.

Қала-ауыл тұрғысындағы 9-сынып оқушыларының ОЖСБ-дағы орташа ұпайы

ОЖСБ-дағы орташа ұпайдың 6,18-ке өскенде, қала мен ауыл оқушыларының 2016 жылы 5,3, 2017 жылы 7 ұпайға дейін өскен білім сапасындағы айырмашылығы бақыланады. Ұлттық бірыңғай тестілеу ауылдық және қалалық мектептердегі оқушылардың жетістіктеріндегі айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді.

ҰБТ-2018 нәтижелері бойынша, түлектерді жинаған ұпайларына сәйкес жіктеу

Диаграммада 2018 жылы ауыл түлектерінің 78%-ы және қалалық мектептер түлектерінің 68%-ы 100-ден төмен ұпай жинағаны көрсетілген. 100 ұпайдан жоғары жинаған қала және ауыл түлектерінің арасындағы айырмашылық та дәл осындай 10 % – 32 % және 22 %.

Мемлекет ауылдық және қалалық мектептер арасындағы алшақтықты азайту үшін не істеп жатыр?

Ауылдық және қалалық мектептер арасындағы айырмашылықты оқу процесінің барлық негізгі сипаттамалары бойынша байқауға болады. Мемлекет Білім және ғылым министрлігімен және басқа органдармен бұл алшақтықты азайту үшін белгілі бір шараларды қолдануда. 2017 жылы болашағы бар ауылдық елдімекендерді сапалы ғаламтормен қамтамасыз етуге бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 2020 жылға қарай шамамен 1,2 мың ауылды, ал 2025 жылға қарай 4 мыңнан астам ауылды кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2019 жылдан бастап Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы – «Орта білімді модернизациялау» жүзеге асырылады. Аталмыш жоба республиканың барлық ауылдық мектептерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен (5,4 мың ауылдық мектеп) жабдықтауы керек. «Ауыл – ел бесігі» салааралық жобасы анағұрлым түбегейлі өзгерістерге бағытталған. Осы жоба аясында 6,6 мың ауылдық елдімекен қысқарып, 1,5 мың ауылға дейін ұлғайтылады деп жоспарлануда. Сол арқылы келешегі жоқ шағын жинақталған мектептер мәселесі шешілетін болады. Дегенмен, бұл халықтың әлеуметтік бейім топтарының үлкен елдімекендерде шоғырлануына қызмет етуі мүмкін.

Ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар

Мемлекеттік бағдарламаларды синхрондау. «Орта білім беруді модернизациялау» жобасы аясында 2020 жылға қарай ауыл мектептерінің 100%-ы интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек, ал ауыл мектептерінде, соның ішінде шағын мектептерде мұғалімдер үшін арнайы курстар өткізілетін болады. Алайда, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында осы уақытқа дейін ауылдық мектептердің тек 50%-ы ғана кең жолақты ғаламторға ие болады деп жоспарлануда. Ғаламторға кең жолақты қосылыссыз бұл жабдық пайдасыз болады.

Ауыл мектептерін жалпы ғаламторландыру. Жылдамдығы жоғары ғаламторды жүргізу қымбат тұрады, бірақ оны қосудың бірнеше нұсқалары бар (талшықты-оптикалық және телефонды желілер, wi-fi-байланыс, ұялы ғаламтор, шекаралас аудандарда ресейлік провайдерлердің көмегімен ғаламтор қосылымы, т.б.). Кең жолақты ғаламтордың болуы қазіргі заманғы ауыл мектебінің ғана емес, сонымен қатар, ауыл тұрғындарының көптеген мәселелерін шешеді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері негізгі өз қызметінен алшақ кетпей-ақ шешілуі мүмкін. Ауыл тұрғындары электронды қызметтердің барлық түрлерін ала алады, ғаламтор желісінің болуы ауылдағы кәсіпті жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасына сәйкес ауылдық елді мекендерді оңтайландыру бойынша пилоттық жоба. Алдымен пилоттық режимде ауылдық елді мекендерді оңтайландыру маңызды. Пилоттық ауылдарда келген тұрғындарды баспанамен және жұмыспен қамтамасыз ету үшін барлық инфрақұрылымдарды құру, процестерді қалыпқа келтіру, сондай-ақ негізгі әлеуметтік мәселелерді шешу қажет.

The post Ауылдық мектептер: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма? appeared first on Ekonomist Media.