статистика Archives - Ekonomist

Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады?
Мемлекеттік қарыз тақырыбын БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен мемлекеттік органдар жиі-жиі көтереді. Кейде тіпті бұл тақырыпқа қатысты халықтың жаңалықтан барынша хабардар өкілі – такси жүргізушілері де талқылап жатады. Мемлекеттік қарыз дегенге ешкім бей-жай қарай алмайды, әсіресе жағымсыз пікір басым: мемлекеттік қарызды ешкім қош көрмейді, одан қорқады, әсіресе, әңгіме сыртқы қарыз туралы болса, соның ішінде Қытайға берешек туралы болса, түрлі пікірді кездестіруге болады.

Бұл материалда сыртқы қарыз деген не, ол қалай пайда болады және қалай жіктеледі деген сауалдарға жауап бермекпіз.

Мемлекеттік қарыз деген – алған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік займ, сонымен бірге заңнамалық актілерге сәйкес ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі (ҰБ) алған қарыздық міндеттемелер немесе  мәслихаттардың шешімімен өзара талапты есепке алмастан жергілікті атқарушы органға берілетін қарыз.

Яғни, мемлекеттік қарыз Үкімет, ҰБ және жергілікті атқарушы органдардың қарызынан тұрады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болуы мүмкін.

Сыртқы мемлекеттік қарыз – мемлекеттің шет мемлекеттер, азаматтар, заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдар алдындағы барлық міндеттемесі. Ішкі мемлекеттік қарыз – мемлекеттің өз елінің азаматтары мен заңды тұлғалары алдындағы барлық міндеттемесі.

Үкіметтің қарызы

Мемлекеттік қарыздың негізгі бөлігі Үкіметтің алыс-берісі есебінен болады. Бұған дейін мемлекеттің жоспарланған шығыны жоспарланған кірістен асып кететінін, мемлекеттік бюджеттің дефициті болатынын айтқан болатынбыз. Көбіміз жеке бюджеттің тапшылығын университетте оқып жүргенде сезіндік: азғантай стипендиямыз бен ұсақ-түйек жұмыс істеп тапқан ақшамыз күнделікті шығынымызды әрең жапқанымен, караокеге немесе кинотеатрға баруға жете бермейтін. Мұндай жағдайда «кино» немесе «сыра» деген шығындарды мүлдем сызып тастауға тура келетін.

Бірақ мемлекет шығындарын бұлай сызып тастай алмайды. Бюджеттің шығыс бөлігін қысқарту туралы шешім бюджеттің соңғы нұсқасын қабылдағанға дейін талай рет талқыға түседі, бюджеттің шығысындағы әр баптың қажеттілігі дәлелденгендіктен, оларды сызып тастау туралы сөз болуының өзі мүмкін емес. Бюджет қабылданғаннан кейін Үкімет қалыптасқан дефицитті жабу үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздестіруге мәжбүр. Мұндайда ең жедел шешім, өздеріңіз де сезіп отырғандай, займға қаражат алу.

Үкіметтің ішкі қарызы

Үкіметтің ішкі қарызы негізінен мемлекеттік құнды қағаздар есебінен болады. Ол шамамен былай жұмыс істейді:

Мемлекет мұндай қағаздарды шығарып, онда бұл қағазды иесі осындай мерзім өткеннен кейін мемлекеттен белгілі бір көлемде ақша алады, оған қоса үстемесін алады деп жазылады.

Бұл қағаздарды орталық банк екінші деңгейлі банктерге (коммерциялық банктерге), халыққа және бизнеске сатады.

Бұл қағаздарды талап етілетін мерзімге дейін (қағазда көрсетілген уақытқа дейін) сақтауға болады немесе қалаған жандарға қайта сатуға болады.

Шын мәнінде ешқандай да қағаз жоқ, қазір мұндай операцияның бәрі электрондық форматта жүзеге асады, бірақ бұл тетіктің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін осылай деп елестетіп көрейік.

Мемлекеттің қарыз қағаздарының пайызы әлбетте жоғары емес, өйткені мемлекет – адал қарыз алушы және осы қарыз қағаздары бойынша мемлекеттен ақшаны алмай қалу ықтималдығы өте төмен. Егер ақшаны үйде жамбасқа басып жатудан шаршаған болсаңыз және ақшаңыздың инфляцияға жем болғанын қаламасаңыз, ал банктерге сенбейтін болсаңыз, мемлекеттік құнды қағаздар сатып алуға болады.

Кестеде мемлекеттік құнды қағаздардың 3 негізгі түрі көрсетілген:

— 5 жылдан аса уақытқа шығарылатын ұзақмерзімді мемлекеттік құнды қағаздар;

— 1 жылдан 5 жылға дейінгі уақытқа шығарылатын ортамерзімді мемлекеттік құнды қағаздар;

— 1 жылға дейінгі мерзімге шығарылатын мемлекеттік құнды қағаздар.

Құнды қағаздардан бөлек, қарыздың азғантай бөлігі үкіметтің басқа да міндеттемелерінен тұрады. Бұл сома жылдан-жылға өзгермейді – 4,97 млн доллар. Кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан Үкіметінің айналымдағы құнды қағаздарының негізгі бөлігі – ұзақмерзімді.

Үкіметтің сыртқы қарызы

Ішкі қаржыландыру көздерінен бөлек, Үкімет сыртқы көздерден де табысты түрде қаржы тартады. Үкіметтің сыртқы қарызы еурооблигация түріндегі құнды қағаздар есебінен де болады. Еурооблигация шетелдік валюта түрінде 1 жылдан 40 жылға дейінгі мерзімге шығарылады және халықаралық қаржы нарығына шығарылады.

Үкіметтің ішкі қарызы негізінен мемлекеттік құнды қағаздар есебінен болатын болса, сыртқы қарызда да кредиторлармен келісім бар. Басқаша айтқанда, Үкімет нақты бір шет мемлекетпен, халықаралық ұйымдармен, институттармен тікелей қарыз келісімін жасай алады.

Кестеде 2019 жыл бойынша үкіметтің сыртқы қарызының үлесі кредиторларға бөлініп көрсетілген.

ҚР Ұлттық банкінің қарызы

Мемлекеттік қарыз құрамына Ұлттық банк те кіреді. Алайда, Үкіметпен салыстырғанда, ҰБ-ның займға алған қаражатты жинақтауының мақсаты үкіметтік қарыздан мүлдем бөлек.

Үкімет қарызды бюджеттің дефицитін жабу үшін алатын болса, Ұлттық банк қарызды негізінен коммерциялық банктердің банкротқа ұшырау ықтималдығын азайту үшін алады.

Коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығы көрсеткішінің бірі – өтімділігі жоғары активтерінің болуы (қысқа мерзім ішінде ақшаға айналдыруға болатын активтер). Ұлттық банктің банкротқа ұшырау ықтималдығы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, ҰБ құнды қағаздары тәуекелі төмен активке жатады, олар үнемі қысқамерзімді айналымда болады, бұл оларды өнімділігі жоғары активке жатқызады. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық көрсеткішін ұстап тұру үшін коммерциялық банктер Ұлттық банктің құнды қағаздарын сатып алады. Бұл мұндай банктер үшін қор немесе қауіпсіздік жастығы деуге де болады.

Коммерциялық банктің қаржылық жағдайы қиындаған жағдайда ол салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде Ұлттық банктің құнды қағаздарын ақшаға айналдырып, міндеттемелерінің бір бөлігін жаба алады. Бұл коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылық көрсеткішінің түсуіне алып келгенімен, банкті банкротқа ұшыраудан қорғап қалады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарызы

Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) да мемлекеттік машинаның бір бөлшегі және олардың жеке бюджеті бар. Сондықтан олардың қарыздарын да мемлекеттік қарызға жатқызбау әділетсіздік болар еді.

Тағы да қайталап айтайық, ЖАО-ның өз бюджеті бар, ол дефицитпен де, профицитпен де болуы мүмкін. Үкімет сияқты ЖАО да өз бюджетінің дефицитін қаржыландыру мақсатымен қарызға ақша алады. ЖАО тек ішкі қарыз ғана ала алады: негізгі қарызды Үкіметтен алса, қалғаны басқа институттар мен банктерге тиесілі.

Кестеде ЖАО қарызы бойынша статистика көрсетілген.

Мемлекет кепілдендірген қарыз

Кез келген бір компанияны елестетіп көрейікші. Темір жол салғысы келетін компания дейік. Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін қомақты инвестиция керек. Алайда, тәуекелге барудан қорқатын инвесторлар ақша салуға асықпайды, ол түсінікті де. Өйткені темір жол – күрделі әрі ұзақмерзімді жоба, ол уақыт ішінде не болып, не қоятынын ешкім білмейді. Алайда, темір жол инфрақұрылым мәселесін шешетіндіктен және жол салынған өңірдің ғана емес, жалпы ел экономикасының әлеуетін арттыруы мүмкін болғандықтан, мемлекет бұл жобаның жүзеге асуына мүдделі. Бірақ мемлекетте басы артық қаражат жоқ.

Осы арада мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігіне кеңістік ашылады. Мемлекет темір жол салатын компанияға кепілгер бола алады. Мұндайда инвесторлар мен банктер үшін темір жол құрылысы жобасы тартымды бола түседі, өйткені бүкіл қауіп-қатерді мемлекет өз мойнына алып отыр. Егер компания несие берушілер алдындағы міндеттемесін өтей алмаса, мемлекет қазына есебінен компанияның қарызын төлеп береді. Мемлекет кепілдендірген қарыз осылай пайда болады.

Мемлекет кепілдендірген қарыз және мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз деген – мемлекет кепіл немесе кепілгер болып табылатын компаниялардың, банктердің және басқа да ұйымдардың міндеттемесі.

Мемлекет кепілдендірген қарыз бен мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздың айырмасына келсек, кепіл жағдайында борышкер міндеттемені орындамаса, несие беруші борышкерге шықпай-ақ, бірден кепіл берушіден міндеттемені орындауды талап ете алады. Кепілгер болған жағдайда несие беруші алдымен қарызды қарыз алушыдан өндіріп алудың барлық әрекетін жасайды, тек содан кейін ғана, қарызды тұтас өндіре алмаған жағдайда жетпеген қаражатты кепілгерден өндіру үшін талап ете алады.

Квазимемлекеттік сектордың міндеттемесі

Квазимемлекеттік секторға 50 немесе одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі, немесе, басқаша айтқанда мемлекеттің басқаруындағы компаниялар жатады.

Бұл тармақ мемлекеттік қарызды кең ауқымда түсінуге жатады. Қазақстан квазимемлекеттік сектордың қарызын есептей бастағалы көп болған жоқ. Дәлірек айтқанда, Ұлттық банктің сайтында квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы туралы тек 2012 жылдан бері қарайғы ғана ақпарат бар. Ал квазимемлекеттік сектордың ішкі қарызы туралы ақпарат Ұлттық банктің сайтында да, ҚР Қаржы министрлігінің сайтында да жоқ.

Мемлекеттік қарыздың жоғарыда айтылған түрлерін мемлекеттің ойланып барып жасаған әрекеті десек, төртінші тармақ тәуекелге барғанмен тең, яғни мемлекеттің қандай да бір компанияға иелік ету арқылы баратын тәуекелі.

Мемлекет кепілдендірген қарыз бен мемлекеттік кәсіпорындардың қарызы деген – бір нәрсе емес.

Мемлекет көп жағдайда мемлекеттік компаниялардың міндеттемелеріне орай оларға кепіл болады (сирек жағдайда толық жекеменшік фирмаларға кепіл болады), алайда мемлекеттік компаниялардың мемлекет кепіл БОЛМАҒАН қаржылай міндеттемелері болуы мүмкін.

Мемлекеттік компания несие беруші алдындағы міндеттемесін орындай алмаған жағдайдың өзінде мемлекет ол компанияның банкротқа ұшырауына жол бермеуі мүмкін, тіпті, ол міндеттемелер үшін кепіл болмағанның өзінде де, соның ішінде ол компаниялар аса қажетті қоғамдық игіліктерді ұсыну қызметімен айналысатын болса (қаланы жылумен, электр энергиясымен, темір жол қатынасын қамтамасыз ету), мемлекет қарызды өтеуі мүмкін.

Заңнамада мемлекеттік компаниялардың мемлекет кепіл болмаған қарызы үшін мемлекет қандай да бір қаржылық жауапкершілікке тартылады деген бап жоқ. Мемлекеттік компаниялар өзінің бюджеті бар, өз алдына дербес заңды тұлға болып есептеледі, олар банкротқа ұшырауы да мүмкін. Бірақ, мемлекет өзі иелік етіп отырған қандай да бір компанияның банкротқа ұшырауына жол беріп қойып қарап отыра ма? Көп жағдайда жол бермейді.

Мемлекеттік қарыз деген – мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алатын мемлекеттің қарызы ғана емес, сонымен бірге мемлекет кепілдік берген жекеменшік және мемлекеттік компаниялардың қарызы + мемлекеттік компаниялардың мемлекет кепіл болмаған қарыздары.

Қазақстанның мемлекеттік қарызына қатысты статистика, шынын айтқанда, аса жетілмеген. Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз бойынша мейлінше кеңейтілген ақпарат ұсынады. Ұлттық банктің сайтынан сыртқы мемлекеттік қарыз бойынша толыққанды статистиканы табуға болады. Негізінде екі мекеменің ұсынатын мәліметтері бір-біріне қайшы келмеуі керек және шатастырмауы тиіс, алайда іс жүзінде олай емес:

1)    Қаржы министрлігі ұсынатын мәліметте Ұлттық банктің сыртқы қарызы туралы ешқандай ақпарат жоқ, ал Ұлттық банктің сайтында мұндай ақпарат бар. Есесіне Ұлттық банк ТЕК ҚАНА мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың барлық сыртқы қарызы туралы ақпарат ұсынады;

2)       Қаржы министрлігінің деректерінде квазимемлекеттік сектордың қарызы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ал Ұлттық банк тек квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызын көрсетеді;

3)     Қаржы министрлігінің сайтынан 2005 жылдан бері қарайғы толық мәліметтерді табуға болатын болса, Ұлттық банк тек 2012 жылдан бері қарайғы мәліметтерді ұсынады.

Соның нәтижесінде Ұлттық банктің қарызына қатысты шатасасың, әрі квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Міне, Қазақстанның мемлекеттік қарызы неден тұратынын білдік. Біз ұсынған ақпараттар еліміздің сыртқы қарызы турады тереңірек білуге және талдау жасауға мүмкіндік береді деп сенеміз. Келесі материалда бұл тақырыпты тағы да тереңдеп жазамыз.

The post Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады? appeared first on Ekonomist.

Жұмыссыздық: кімді және қалай есептейді?
Жұмыссыздық дегеніміз не?

Жұмыссыздық әрқайсымызға таныс құбылыс деп сенімді түрде айтуға болады. Кейбіріміз дипломымыз қолымызға тие салысымен-ақ жұмыссыздықтың не екенін білсек, енді біразымыз бұл мәселемен кейіндеу кездестік. Бұл құбылыспен ешқашан бетпе-бет келмегендердің өзі де күн сайын осы бір экономикалық кеселдің құрбаны болып жүргендерді кездестіреді. Жұмыссыздық – әлеуметтік салдары ауыр экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздық ұғымының тарихы

Бұл – 1930-жылдары АҚШ тұрғындарын есеңгіретіп кеткен құбылыс, кеңес халқы мұны КСРО құлауға жақындағанда білді. Ол – жүздеген отбасының бұзылуына, мыңдаған тағдырдың бүлінуіне әкеліп соқтырған құбылыс. Көп жағдайда ішімдік пен есірткіге салынуға, күйзеліс пен суицидке, қылмыс пен кедейшілікке себеп болатын құбылыс. Сол себепті де бүкіл әлемде кез келген мемлекет жұмыссыздық деңгейін басты назарда ұстайды.

Еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды түсіну үшін алдымен терминнің басын ашып алу керек. Қиялға ерік беріп, жылқының қазысынан басқа ештеңе өндірмейтін Қазыстан деген ел бар деп елестетіп көрейікші. Бұл елде 40 адам тұрады делік. Олар:

1 фермер және оның 3 көмекшісі

1 қасапшы және оның 2 көмекшісі

1 шұжық цехының қожайыны және оның қоластында істейтін 10 жұмысшы

1 көлік компаниясының қожайыны мен оның 5 жүргізушісі

1 дүкен иесі мен 1 сатушы

2 тұрақты жұмысы жоқ, бірақ белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адам

2 еңбекке қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтін де адам

5 студент

Жоғарыдағылардың барлығы 16 жастан асқан, зейнет жасына жетпеген (Қазыстандағы еңбекке жарамды жас)

3 кішкентай бала

2 зейнеткер.

Статистика органдары халықты жұмыс күші құрамына кіретін адамдар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар деп бөледі.

Жұмыс күші немесе экономикалық белсенді халық деген – еңбекке жарамды жастағы, жұмыс істейтін немесе белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар.

Жұмыссыздықты қалай есептейді?

Ал енді Қазыстандағы жұмыс күшін есептеп көрейік. Қазыстан заңдары бойынша, ең бірінші критерий – 16 жастан 60 жасқа дейінгілер. Бұларды сары түспен белгіледік. Яғни 16 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер жұмыс күшінің қатарына кірмейді.

Екінші критерий – жұмыспен қамтылу дәрежесі: жұмысшы тобының құрамына кіру үшін не ол адамның жұмысы болуы керек, не белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген болуы керек. Көріп отырғанымыздай, біздің жағдайда еңбекке жарамдылардың ішінде 2 адам жұмыс істемейді және жұмыс іздемейді де, сонымен бірге жұмыс істемейтін және іздемейтін, бар уақытын оқуға жұмсайтын 5 студент бар.

Сонымен, Қазыстандағы жұмыс күшінің құрамы – 28 адам, жұмыс күші құрамына кірмейтіндер – 12 адам.

Экономикалық белсенді емес халық

Экономикалық белсенді емес халық – қандай да бір себептерге орай жұмыс күшінің құрамына кірмеген адамдар.

Жұмыс күші дегеннің не екенін білеміз, енді жұмыссыздықты есептеп көрейік. Қолда бар дерек бойынша, біздің елімізде жұмысы жоқ 14 адам бар: жұмыс күші қатарына кірмейтін 12 адам және белсенді түрде жұмыс іздеп, бірақ таба алмай жүрген 2 адам бар. Бірақ, олардың бәрін бірдей жұмыссыздар қатарына жатқызуға бола ма?

Жұмыссыздық деген – жұмыс тобының қатарына кіретін, жұмысы жоқ және белсенді түрде жұмыс іздеп, таба алмай жүрген жағдай.

Ендеше, Қазыстанда белсенді түрде жұмыс іздеп жүргенімен, таппай жүрген 2 адам ғана жұмыссыздар қатарына жатады. Бұл аз ба, көп пе? Мұны түсіну үшін жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлес салмағы қанша екенін қарайық (басқаша айтсақ, жұмыс күшін біртұтас десек, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз деген сөз).

Біздің санағанымызды экономистер жұмыссыздық деңгейі деп атайды. Жұмыссыздық деңгейін пайызға шағып есептеуге болады, ол үшін олардың үлесін 100%-ға көбейтеміз.

Жұмыссыздық деңгейі = 0.0714 * 100 % = 7.14%. Яғни, Қазыстандағы жұмыс күшінің 7.14%-ы жұмыссыз.

Осыған орай бірнеше сұрақ туындайды:

Зейнеткерлердің көпшілігі жұмыс істейді, сонда олар бәрібір еңбекке жарамды тұрғындардың қатарына жатпай ма? Жауабы – жоқ. Егер адамның жұмысы болса, жұмыспен қамтылу дәрежесі еңбекке жарамдылық жасынан басым болады. Яғни, жұмыс істейтін зейнеткерлер еңбекке жарамды халықтың қатарына жатады.

Ал балалар ше? Ауылдық жерлерде екі баланың бірі жасөспірім кезінен егіс алқабында жұмыс істейді, ендеше олар неге жұмыс күшінің құрамына кірмейді? Өйткені 15 жасқа толмаған балаларды жұмысқа орналастыру Қазақстан заңдары бойынша балалардың құқығын бұзу болып есептеледі және ол үшін заң алдында жауапқа тартады.

Студенттер ше? Студенттер заң бойынша еңбекке жарамды жаста болып есептеледі, бірақ тек жұмыс іздеп жүрсе және жақын уақытта жұмысқа араласып кете алатын болса ғана жұмыссыздар қатарына жатады. Жұмыс істейтін студенттерді жұмысбасты деп есептейді. Егер студент жұмыс істемесе, жұмыс іздемесе және жұмыс істегісі келмесе, мұндай адамды жұмыссыздар қатарына жатқызбайды және олар жұмыс күшінің құрамына кірмейді.

Ойдан шығарған елімізде тұратын азғантай адамның жұмыспен қамтылу көрсеткішін оп-оңай есептеп алдық. Ал миллиондаған халқы бар елдерде қалай есептеу керек?

Соңғы сұрақ әбден орынды, шын мәнінде жұмыспен қамтылу дәрежесін анықтау үшін әр адамды бақылап отыру ақылға сыйымсыз әрекет. Бұранда шығаратын зауытты көз алдымызға елестетейікші. Зауыт күн сайын миллиондаған жана бұранда жасап шығарады, бірақ цех қожайыны жарамсыз өнімнің үлесін білгісі келеді. Бүкіл жер бетіндегі адам жабылып санаса да, әр бұранданың жарамды-жарамсыз екенін тексеріп отыру мүмкін емес. Тіпті мүмкін болғанның өзінде де, одан гөрі маңызды жұмыстар бар. Ал зауыт өндіретін бұранданың қаншасы жарамсыз екенін қалай білуге болады?

Міне, осы кезде ғылымға жүгінеміз, ол ғылым статистика деп аталады. Ненің қалай саналатынын тәптіштеп жатпай-ақ негізгі идеяға тоқталайық. Сөйтсек, бар болғаны 400 бұранданы (шартты түрде) тексеріп-ақ осылардың ішіндегі жарамсыз бұранданың үлесі қанша екенін көруге болады екен. 400 бұранданың ішіндегі жарамсызы 5 дана болса, іріктемедегі жарамсыз өнімнің үлесі: 5/400 = 0.0125 * 100% = 1.25%. Іріктеме репрезентативті болса, осы іріктеменің нәтижесін экстраполяциялауға болады, яғни жарамсыз өнімнің үлесі 1.25% деп сеніммен айта аламыз. Немесе әр 400 бұрандаға 5 жарамсыз бұрандадан келеді деп те айтуға болады.

Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деңгейін де шамамен осындай әдіспен есептейді. Жыл сайын статистика органдары үй шаруашылығына зерттеу жүргізеді. Еліміздің әр аймағында статистика органдары үй шаруашылығын репрезентативті іріктеп, ауқымды әлеуметтік сауалнама жүргізеді, соған сүйене отырып жұмыссыздық деңгейін, экономикалық белсенді және белсенді емес халықтың үлесін есептеп шығарады.

The post Жұмыссыздық: кімді және қалай есептейді? appeared first on Ekonomist.

ЖІӨ және оны қалай есептейді?
Жалпы ішкі өнім немесе ЖІӨ

Жаңалықтарда экономика тақырыбы қозғалғанда бұл терминді шенеуніктер мен эксперттер жиі ауызға алады. ЖІӨ – нің экономикаға белгілі бір дәрежеде қатысы бар, бірақ көпшілік бұл нендей көрсеткіш екенін және оның қалай есептелетінін біле бермейді.

Макроэкономика бойынша мейлінше кең тараған оқулықтарда бұл терминге мынадай анықтама береді: ЖІӨ – есепті мерзім ішінде елде өндірілген түпкі тауар мен қызметтің жиынтық нарықтық құны.

ЖІӨ қарастырылып отырған уақыт аралығында (жыл/тоқсан) елде өндірілген барлық тауар мен қызметті сатып алу үшін қанша ақша төлеу керектігін көрсетеді.

Қазақстандағы статистика органдары ЖІӨ-ні үш түрлі әдіспен есептейді.

Өндірістік әдіс

Бұл әдіс бойынша түпкі тауарды өндірудің әр кезеңіне қосылған құнның жиынтық сомасы есептеледі.

Түсініктірек болу үшін еліміз шұжықтан басқа ештеңе өндірмейді дейік. Мәселен, 2019 жылы 10 қаптама шұжық өндірілді делік.

Шұжықтың өмірлік циклы белгілі бір уақыт аралығында жылқыны асырап-бағатын әлдебір фермердің қосалқы шаруашылығынан басталады. Фермер еңбегін 10 теңгеге бағалайды, соған орай жыл соңында жылқысын өңдеу цехына 10 теңгеге өткізеді.

Цех қожайыны еңбегін 10 теңгеге бағалайды, яғни шикі етті шұжық зауытына 20 теңгеге сатады.

Шұжық цехы етті еттартқыштан өткізіп, дайын өнім шығарады. Цех өзінің еңбегін 10 теңгеге бағалайды. Енді шұжық дүкен сөресіне түсуі керек. Шұжық цехы дайын өнімді логистика компаниясына 30 теңгеге өткізеді.

Логистика компаниясы қызметін 10 теңгеге бағалап, дүкенге шұжықты 40 теңгеге өткізеді.

Дүкен қызметін 10 теңгеге бағалайды, сонда тұтынушы ретінде сіз шұжықты 50 теңгеге сатып аласыз.

Осымен шұжықтың өмір циклы аяқталады. Ал елдің ЖІӨ-сі былайша есептеледі:

10 теңге фермердің қосқан құны +

10 теңге өңдеу цехы қожайынының қосқан құны +

10 теңге шұжық цехының қосқан құны +

10 теңге логистика компаниясының қосқан құны +

10 теңге дүкеннің қосқан құны

= 50 теңге.

Түпкі пайдалану әдісі

Бұл әдіс бойынша шұжықтың бүкіл өмір циклі емес, соңғы шығын ғана есептеледі. Алдыңғы мысалды еске түсірейік те, бағасы 50 теңге тұратын 10 қаптама шұжықтың орнына дүкеннен 5 теңгеге бір ғана шұжық сатып алдыңыз дейік. Екі қаптаманы шұжық цехының қожайыны сатып алса, логистика компаниясының қожайыны мен фермер тура осы бағаға бір-бір қаптамадан алды. Тағы 3 қаптамасын дүкен көрші мемлекетке әрқайсысын 5 теңгеден сатты. Дүкеннің қоймасында қосымша екі қаптама шұжық қалды, олардың да бағасы 5 теңгеден.

ЖІӨ шығын әдісі былайша есептеледі:

5 теңге – шұжықты алуға кеткен шығын +

10 теңге – шұжық цехының қожайыны алған 2 қаптаманың шығыны +

10 теңге – фермер мен логистика компаниясы қожайының шығыны +

15 теңге – шетелге сатылған 3 қаптаманың бағасы +

10 теңге – дүкеннің қоймасында қалған 2 қаптаманың құны.

= Қорыта айтсақ, елдің ЖІӨ-сі түпкі пайдалану әдісімен есептегенде де жылына 50 теңге болады.

Табыс әдісі

Атауының өзі-ақ біраз жайттан хабар беріп тұр. Түсінікті болу үшін алғашқы мысалға қайтып оралайық, ол бойынша өндірістің әр кезеңінде қосылған құн 10 теңге болатын. Сонымен, фермер – жеке кәсіпкер (ЖК) және 10 теңге пайда көреді, оның 1 теңгесін мемлекетке бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) есебінде төлейді. Өңдеу цехының қожайыны да ЖК ретінде жұмыс істейді, 10 теңге пайда көреді, ол да 1 теңгені БЖТ есебінде төлейді. Шұжық зауытының қожайыны мен логистика компаниясының басшысы да солай. Бірақ шұжық зауытында еттартқыш бар, белгілі бір уақыт өткенде ол сынып қалуы мүмкін, сондықтан қожайын пайдаланғанына қарай әр жылы 1 теңгеден жаңа еттартқышқа қалдырып отырады, қолда бар еттартқыш сынып қалғанда сол ақшаға жаңасын алады (бұл құрал-жабдық амортизациясы деп аталады).

Логистика компаниясының қожайыны да көліктің амортизациясы үшін 1 теңгеден қалдырып отырады. Дүкеннің қожайыны да 10 теңге пайда көріп, басқалармен бірге ол да мемлекетке 1 теңге салық төлейді. Бірақ оның дүкенінде жұмыс істейтін кассир бар, оған жылына 3 теңге жалақы төлейді және ол жұмысшы үшін зейнетақы қорына 1 теңге аударып отырады. Дүкен қожайыны сонымен бірге тоңазытқыштың амортизациясы үшін жылына 1 теңге қалдырып отырады.

Енді ЖІӨ-ні табыс әдісімен есептеп көрейік:

Кәсіпкерлердің таза пайдасы:

фермердің пайдасы = 9 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ;

өңдеу цехы қожайынының пайдасы = 9 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ;

шұжық цехы иесінің пайдасы = 8 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ – 1 теңге еттартқыштың амортизациясы;

логистика компаниясы қожайынының пайдасы = 8 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ – 1 теңге көліктің амортизациясы;

дүкен иесінің пайдасы = 4 теңге = 10 теңге кіріс – 1 теңге БЖТ салығы –  3 теңге жалдамалы жұмысшының жалақысы – 1 теңге жұмысшының зейнетақы жарнасы – 1 теңге тоңазытқыштың амортизациясы.

Сонымен, Бизнестің таза пайдасы:

9 теңге – фермердің пайдасы +

9 теңге – өңдеу цехы қожайынының пайдасы +

8 теңге – шұжық зауыты қожайынының пайдасы +

8 теңге – логистика компаниясы иесінің пайдасы +

4 теңге – дүкен иесінің пайдасы

= 38 теңге.

Салық төлемі және зейнетақы қорының жарнасы түріндегі мемлекеттің кірісі: бес кәсіпкердің әрқайсысы 1 теңгеден салық төледі және дүкен иесі қоластындағы жұмысшы үшін 1 теңге зейнетақы жарнасын төледі, сонымен мемлекеттің кірісі – 6 теңге.

Жалдамалы жұмысшылардың жалақы қоры: кассирдің жалақысы – 3 теңге.

Амортизация қоры: 1 теңге еттартқыш + 1 теңге көлік + 1 теңге тоңазытқыш = 3 теңге.

Сонымен, табыс әдісі бойынша ЖІӨ:

38 теңге – кәсіпкерлердің пайдасы +

6 теңге – мемлекеттің кірісі +

3 теңге – жалдамалы жұмысшылардың жалақы қоры +

3 теңге – амортизация қоры

= 50 тенге.

Қорытынды

Біз өте қарапайым мысалды қарастырдық, онда бірқатар жорамалға жол бердік.

Шынайы өмірде бәрі әлдеқайда күрделі, өйткені бақыланбайтын («көлеңкелі») экономика факторы және қарапайым ғана қателесу факторы бар.

Мәселен, фермерлердің бәрі бірдей ЖК ретінде тіркелмейді, бизнесмендердің бәрі бірдей кәсіпорнында жұмыс істейтін жұмысшылар санын толық көрсетпейді, жұрттың барлығы бірдей табыс декларациясын тапсырмайды және тапсырған күнде де бәрі бірдей табысын толықтай ашық көрсетпейді.

Бұған қоса, әр үйдің тұтыну көлемін есептеуге болғанымен де, бұл шығыны өте көп және жұмысы да қыруар шаруа. Осы себептен де ЖІӨ көрсеткіші экономикадағы шынайы жағдайды толыққанды көрсете алмайды. Ал есептеудің түрлі әдісі шамамен бірдей нәтиже береді.

Соған қарамастан, осы көрсеткіштің көмегімен экономикалық жағдайға әртүрлі анализ жасауға әбден болады. Төменде Қазақстанның 1993 жылдан 2018 жылға дейінгі ЖІӨ динамикасы көрсетілген кесте беріліп отыр.

The post ЖІӨ және оны қалай есептейді? appeared first on Ekonomist.