медицина Archives - Ekonomist

Денсаулық сақтау: еметін бұзау ма, сауын сиыр ма?
Соңғы бірнеше айда болған жағдай денсаулық сақтау саласына қатысты түсінікті жоғары саяси деңгейде өзгерту керек екенін көрсетті. Қазір денсаулық сақтау саласы көбінесе әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылады.

Қазіргі саясат кепілді медициналық көмек көлемі мен саланы қаржыландыруға тым самарқау қарайды. Денсаулық жауапкершілігі мен саланы қаржыландыру біртіндеп мемлекеттен гөрі жеке адамның жауапкершілігіне айналып келеді. Осы қарқынмен кете беретін болсақ, 5-7 жылдан кейін медицина саласын жекеменшік сақтандыру компаниялары арқылы қаржыландыруға келеміз (жеке мүддеге жұмыс істеу саясаты қашан да өзекті).

Ал қазір мұндай көзқарастың аясы тым тар екеніне тоқталмақпыз. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаумен айналысатындар соңғы уақытта денсаулық сақтау аспектісі бойынша әлеуметтік жағдайдың тым ширығып тұрғанын көрер еді. Дәрігерлер еш қорықпастан жеке қорғаныс құралдарының жеткіліксіз екенін, бас дәрігерлердің қысым көрсетіп отырғанын жария етуде. Кикілжің ашық тартысқа ұласып, оған БАҚ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары мен әкімдік өкілдері араласуда. Науқастар карантин жағдайына көңілі толмайтынын жария етуде. Назар аударатын мәселе жеткілікті.

Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін денсаулық сақтау саласына деген көзқарасты да өзгертуге тура келеді. Ол үшін денсаулық саласына кіріс әкелуші ретінде және ұлттық қауіпсіздікке жауапты сала ретінде қарау керек.

Кіріс әкелуші салаға айналдыру үшін жаппай медициналық туризмге айналдыру, жаңа отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жобаларын қолға алу керек. Бұл бағытқа ғылымды дамыту да кіреді, инновацияны дамыту мен кірісті арттыру да осының ішінде.

Ұлттық қауіпсіздік пен денсаулық сақтау да бір-бірімен байланысты. Бұл бірінші кезекте мемлекетке дәрігерлер қауымына да қазіргі күштік құрылымдарға арқа сүйегендей сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ретте медицина қызметкерлері таптырмас олжа: саны жағынан көп (300 мың адамнан астам), үнемі халықпен тікелей байланыста, интеллектуалдық топқа жатады, яғни беделі де бар.

Екінші – қазіргі жағдайдан алатын сабақ – инфекциялық қауіпсіздікпен байланысты шешім қабылдау мәселесінде олардың деңгейін көтеру керек, осы бағытты дамытып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті (СЭҚ) біржола институттандыру керек. Санэпидемқызметтің соңғы он жылда төрт рет бір министрліктен екіншісіне ауысқанын айта кеткен жөн.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) елде тұтынылатын дәрі-дәрмектің кемінде 40%-ын ел ішінде өндіруге кеңес береді: бұл бір жағынан шекара жабылып қалған жағдайда халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан мемлекеттің басқа мәселелер бойынша сыртқы келіссөз жасауына да айтарлықтай ықпал ететін фактор.

Бұл айтылғанның ешбірі дұрыс әлеуметтік саясат жүргізуге кедергі келтірмейді, керісінше, ресурс базасын ғана емес, жалпы мүмкіндікті кеңейте түседі.

Салаға деген жаңаша көзқарасты қалыптастыруда негізгі салмақ медицина қауымдастығына түсуі керек, яғни денсаулық сақтау саласындағы реформаны жүзеге асыру негізінен дәрігерлер тарапынан көтерілуі керек.

Денсаулық сақтау саласында екі күш бар: медицина қоғамдастығы және саяси шешім қабылдаудың жоғары деңгейі.

Орталық және аймақтық салалық мемлекеттік органдар жоғарыдан жүктелген саясатты жүзеге асыруды соңына жеткізгісі келеді. Бұл өзгерістерді қабылдау керек пе, әлде өзгерту керек пе, оны медицина қоғамдастығы шешеді.

Медицина қоғамдастығы бөлек-бөлек болса, бұйрықтар мен регламентке және оның мазмұнына қарамастан, реформа табысты болмауы мүмкін. Әр медицина қызметкері қолдайтын-қолдамайтынын өзі шешеді. Ал егер біріккен медицина қоғамы мен жоғары деңгейде шешім қабылдаушы өкілдер диалог құра алса, кез келген ақылға қонымды реформаның табысқа жету ықтималдығы жоғары. «Естуші» мемлекеттің әлеуетті күші де осында.

Алайда, мұндай түсіністік деңгейіне жетуе әлі ерте. Өйткені қазіргі индикатор Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес (ҚСҰК) десек, оның құрамында бір де бір дәрігер жоқ.

The post Денсаулық сақтау: еметін бұзау ма, сауын сиыр ма? appeared first on Ekonomist.

Ауылдағы медицина: аймақтық бағдарламалар неліктен керек?
Былтыр ақпарат кеңістігінде науқастар мен медицина қызметкерлері арасындағы келіспеушілік пен кикілжіңге қатысы бар жағымсыз ақпараттар көп тарады.

Осылардың ішінде медицина қызметкерлеріне күш көрсету оқиғалары да кездесті, соңғы жылдары мұндай 6 оқиға тіркелді, оның төртеуі 2018 жылы болса, 2019 жылы тағы екі оқиға тіркелді. Оқиға стационарлық және жедел медициналық көмек көрсету кездерінде болған. Олардың үштен екісі Қазақстанның оңтүстік аймағында тіркелсе (Алматы, Алматы облысы), 35,4%-ы солтүстікте болған (Нұр-Сұлтан, Павлодар).

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар науқастардың туыстары және медицина қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген басқа да адамдар. Мысал ретінде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған жағдайды айтсақ болады, мұнда науқастың туысы медициналық көмек жедел көрсетілмегені үшін қабылдау бөлімінің меңгерушісіне жұдырық ала жүгірген болатын. Павлодарда жедел жәрдем көмегін күткен баланың әкесі жедел жәрдем қызметкерлеріне күш көрсеткен; фельдшер мен санитар жарақат алғанымен, шабуылдаушының үстінен шағымданған жоқ.

Әңгіме тек медициналық қызметтің сапасына ғана қатысты емес. Мұның себебі елдегі өмір сүру деңгейіне көңілі толмайтын халыққа осы наразылығын білдіретін жердің болмауында. Ал медицина қызметкерлері өшін кімнен аларын білмей отырғандарға тап келіп қалады.

Жүйеге шағым түсірушілердің көптігі әлеуметтік-экономикалық реформалардың тығырыққа тірелгенінің белгісі, тіпті, ол шағымның көбі негізсіз болса да.

Айрықша назар аударуды қажет ететін негізгі аспектілер бар. Бұл салалық аспектілер бірінші кезекте халықтың мүддесіне қатысты.

Ақша және бақылау

Соңғы жылдары екі ауқымды мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. Оның бірі – «Саламатты Қазақстан», бұл бағдарлама денсаулық сақтау жүйесінің технологиялық дамуына нәтижелі серпін берді. Нарықтық механизм қалыптасты. Одан кейін жүзеге асқан «Денсаулық» бағдарламасы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға, емханада көмек көрсету сапасын көтеруге бағытталды. Сонымен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілді.

МӘМС денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі ойыншыларды өзгертті, бюджеттен тыс қарым-қатынас жүзеге асты. Кейде біз әкімдіктердің экономикалық қарым-қатынаста қоғамдық тапсырысты орындаушы емханалар мен ауруханалардың, яғни көптеген медициналық қызметті көрсетушілердің иесі екенін ұмытып кетеміз. Балансында мұндай ресурсы бар әкімдіктер халықтың сұранысына нәтижелі жауап беруі тиіс. Ал қазір қызметті сатып алушы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ).

Әкімдік пен медициналық сақтандыру қорының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы аймақтағы медициналық көмектің қолжетімді және сапалы болуына ықпал етеді.

Егер қызмет көрсетуші, мәселен, аудандық аурухана немесе емхана міндетін дұрыс атқара алмаса, қор келісімшартты бұзуы керек, ал бұл емдеу мекемесінің банкротқа ұшырауына әкеп соғады. Алайда, жағдайға шынайы қарасақ, қор келісімшартты бұзбайды, өйткені аудандық аурухана медициналық қызмет көрсету бойныша монополист. Егер әкімдік қандай да бір себеппен аурухананың жұмысын тиімді ұйымдастыра алмаса, қордың қолында экономикалық тұрғыдан ықпал жасайтын нақты тетіктер болғаны дұрыс. Осы құралдарды қолдану қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімінің артуына ықпал етуі тиіс.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының қажеттігі үшін балама қаржы көздерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруға да тиісті дәрежеде көңіл бөлінуі тиіс. Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге темекі өндірушілердің қаржысын тартатын халықаралық тәжірибе балама қаржы көзіне жарқын мысал бола алады. Біздің елімізде қазір онкологиялық ауруға шалдыққан 180 мыңнан астам науқас бар, өкінішке қарай, олардың саны жылда артып келеді.

Мемлекеттік бағдарламада не нәрсе назардан тыс қалды?

2019 жылдың соңында ҚР Үкіметі 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік даму бағдарламасын бекітті. Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру үшін 6 жылға 3,18 трлн теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Негізгі мақсат денсаулық сақтау саласында сапалы және қолжетімді қызметпен қамтамасыз ету болып қалып отыр. Ол туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ету, 30 жастан 70 жасқа дейін жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен болатын мезгілсіз өлім қаупін төмендету, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету және алға қойған міндеттерге жауап беретін басқа да көптеген көрсеткіш арқылы өлшенбек.

Құжат саланы дамытудың негізгі кезеңдерін көрсетіп отыр. Қазақстанда 17 аймақ бар, олар бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, Қарағанды облысының аумағы үлкен, онда моноқалалар, өндірістік нысандар көп. Онда тұратын халықтың тығыздығы, белсенділігі Шымкент немесе Ақтөбе облысымен салыстыруға келмейді. Немесе Атырау облысын алайық. Бұл аймақта жылына аурухана секторында 80 мың аурудан айығу оқиғасы тіркеледі. Ал Түркістан облысының бір ғана ауруханасында 45 мың аурудан айығу оқиғасы тіркелген. «Саламатты Қазақстанда» да, «Денсаулықта» да аймақтық бағдарламалар қарастырылмаған.

Әр аймақтың денсаулық сақтау жүйесі өзіндік ерекшелігін есепке ала отырып дамуы тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдармен меморандум арқылы өзара қарым-қатынас механизмі мен мемлекеттік бағдарламаның іс-шара жоспары арқылы оны жүзеге асыру елдің көрсеткіштеріне негізделеді. Алайда, осы көрсеткіштерге қол жеткізу жолындағы факторлар мен шаралар аймақтық ерекшеліктерге байланысты. Сондықтан да аймақтық денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін кешенді бағдарламалар жасап, қабылдау керек. Олар әкімдіктердің басқаруындағы жергілікті бюджет процесі мен бағдарламасының негізі болуы тиіс.

The post Ауылдағы медицина: аймақтық бағдарламалар неліктен керек? appeared first on Ekonomist.