Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, ресми статистика мәліметтерінен ғана емес, негізінен, жастар қатысатын ішкі көші-қон арқылы да айқын көрінеді. Оның негізгі себебі жұмыс іздеу болып табылады. Тартылыс орталықтары ‒ миллионды қалалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, сондай-ақ, Шымкент. Билікте жастар мәселелері ұзақ уақытқа кейінге қалдырыла алмайтындығы туралы нақты түсінік бар болғандықтан, 2019 жыл Қазақстанда ресми түрде Жастар жылы деп белгіленген де.

Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мемлекет елдің жас азаматтарын кәсіпкерлік қызметке тартуға әрекет жасайды, бұл, жалпы, барлығына да ‒ қоғамға да, азаматтарға да, мемлекеттің өзіне де тиімді. Екінші жағынан, басқа жас категорияларының арасында кәсіпкерлік, объективті себептерге байланысты, жаңалыққа  жат емес, өзгермелі жағдайларға тез бейімделетін жастардың рухына жақынырақ келеді, бұл дамыған елдерде жеткілікті түрде табысты пайдаланылып, белсенді ынталандырылады.

Жастар өздерінің еңбек қабілеттерін лайықты бағалай ала алмайтын бола тұра, еңбек нарығындағы жарамдылықтарын жиі асыра бағалайды. Тағы бір мәселе — кәсіпорындар жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлерге қызығушылық танытпайды, әңгіме «бірінші жалдаудың тұзағы» жайлы. Көптеген зерттеушілер жастар жұмысқа қабылдау кезінде жас ерекшелігі бойынша ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін атап өтеді.

Ал кәсіпкерлікте жастық кезең, керісінше, салада табысты ілгерілеуге ықпал ететін фактор болып табылады.

 

Жастар кәсіпкерлігін қалай қолдайды?

Бұл міндетті шешу үшін іске асырылып жатқан екі мемлекеттік бағдарламаға толықтырулар енгізілді: нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы 2020». Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру мерзімі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аяқталатын жыл ‒ 2021 жылға дейін жүзеге асырылатын болады.

Читать также ...
Ғаламдық салықтың көзге көріне бермейтін кемшін тұстары

Онда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жеңілдікті шарттарда несиелер/микронесиелер беру, несиелер/микронесиелерді кепілдендіру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған.

Жастар үшін кәсіпкерліктің қолданыстағы білім беру бағдарламасы айтарлықтай пысықталды. Жаңартылған форматта ол 2019 жылдан бастап білім беру жобасын іске асыруға жауап беретін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында жұмыс істейді. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» ҰКП филиалдық желісі арқылы әрбір стартапты бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Жоба жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ жастарға бағытталған.

«Жас кәсіпкер» аясында «Бастау» желісі бойынша жоспарланған оқытуға 15 мың ауыл тұрғыны, қосымша жұмыс іздеуде қалаларға қоныс аударған, ауылдан 40 мың жұмыссыз жастар қамтылатын болады. Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасына сәйкес, жұмыссыз, оқытылмайтын және біліктілікті көтермейтін жастардың көрсеткішін (NEET) жыл сайын 1%-ға төмендету жоспарлануда.

Бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін микронесиелер беріледі.

Жаңа бастаған кәсіпкерлер осы жағдайдан жаңа жұмыс орындарын құру шарттарынан босатылды. Басқа артықшылық қарыз қаражатын беру үшін қажетті кепілдік мөлшері болып табылады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері микронесие сомасының 85%-ін құрайды, сол сияқты жұмыс істеп жатқан кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері микронесие сомасының 50%-ін құрайды.

Өз кезегінде, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі микронесие үшін МҚҰ/КС-ға өтініш берген кезде кемінде үш жыл болуы тиіс кәсіпкерлер жатады. Яғни, сөз өз бизнесін жүргізе бастаған халықтың барлық санаттары туралы болып отыр.

Читать также ...
Уақытша жұмыс: дағдарыстан шығу ма, беймәлім болашақ па?

Осылайша, несие алуға қатысты артықшылықтар жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қатысты, оларға, сөзсіз, объективті себептер бойынша жас кәсіпкерлер да жатады.

2018 жылдың соңында жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған Бағдарламада жаңа бастаған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі — жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар пайда болды. Олар салық органдарында тіркеуі бар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссияның мақұлдауы бар, сондай-ақ, «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтаған кезде бір рет бөлінеді.

Бағдарламаға қатысушыларға бір рет берілетін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бір грант мөлшері 200 АЕК-ке дейін. Гранттармен болжамды қамтылу — жыл сайын 10 мың жас.

 

Жастарға арналған “Бизнестің жол картасы”

Кәсіпкерлікті, оның ішінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған басқа жоба ‒ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы болып табылады.

Бұл бағдарлама аясында жаңа бастаған жас кәсіпкерлер мен жеке ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бөлек бөлінеді. Алғашқыларға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі банкке несие алу үшін өтініш берген кезде үш жылдан аз уақытты құрайтын 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жеке кәсіпкерлерді жатқызады. Ал ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар ретіндегі мемлекеттік тіркеу мерзімі банкке/лизингтік компанияға/микроқаржылық ұйымға несие/лизинг шартына/микронесие алу үшін өтініш беру сәтінде үш жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкерлерді жатқызады.

Несие алған кезде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қолдауға ие болады, сөз кепілдендіру туралы болып отыр. Жаңа бастаған және жас кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ін құрауы мүмкін. Жаңа бастаған және жас кәсіпкерлер үшін несиенің немесе қаржы лизингі шартының ең көп сомасы 20 млн теңгеге дейін.

Читать также ...
NEET ұрпақ: мемлекеттік бағдарламалар жастар арасындағы жұмыссыздықты жоя ала ма?

«Бизнестің жол картасы» аясында жас кәсіпкерлер мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар ала алады. Сондай-ақ, гранттар берілетін халықтың басқа да санаттары ‒ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендердегі экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерліктің бір субъектісі үшін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 3 млн теңгеден аса алмайды.

Гранттар экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында және ИИДМБ-да айқындалған қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды, сондай-ақ бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен салалық шектеулерсіз өтеусіз негізде беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бағдарлама компоненттерінің шеңберінде оқудан өтуі қажет.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған ашық дәрістер, мастер-кластар өткізу; жас/жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік етуге дайын бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында веб-алаң құру сияқты жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау шаралары қарастырылған.

 

Тиімділік туралы мәселе

Осы бағыттағы мемлекет қызметінің тиімділігін бағалаудың ең маңызды факторлары несие алуға қол жеткізу, сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге сапалы және тұрақты кеңес беру болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттің айтарлықтай күш-жігері сыбайлас жемқорлықты анықтауға және болдырмауға бағытталған, өйткені мұндай жағдайларды болдырмау үшін үдерістің ашықтығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударылуы тиіс. Сайтта комиссия құрамына кім кіретіні туралы материалдар ұсынылған, сонда да гранттар мемлекет тарапынан қаржыландырылатынын ескере отырып, гранттарды қарау негізделген және ашық сипатта болуы тиіс, бұл да бейінді институттарға сенуге ықпал етеді.

Читать также ...
Tехнофеодализм қарқын алып келеді

Тиімділік көрсеткіші ретінде бизнес-тіркелімнің деректері, яғни жалпы ел бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындардың саны пайдаланылады. Көрсеткіш даулы, өйткені ресми түрде ғана бар ШОБ субъектілерінің көпшілігі жұмыс істемейді.

Бағдарламаның тиімділігі туралы берілетін деректер, көбінесе, қаражатты игеру және несие беру бойынша көрсеткіштер туралы деректерге негізделеді.

Бүгінгі күні бағдарламаның қорытындысы туралы деректерге кенттік, аймақтық, салалық, гендерлік мәліметтер кіреді. Жас ерекшелік мәліметі ұсынылмауы түсінікті, себебі жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралар үш жыл бойы бизнес жүргізуді бастаған барлық жастағы азаматтарды қамтиды.

Осылайша, жастар кәсіпкерлігін жеке санат ретінде дамыту бойынша іске асырылатын шаралардың тиімділігін бағалау мүмкіндігі үлкен маңызға ие.

Бұл ретте, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұзақ мерзімді болашақтағы серпінді бағалау іске асырылатын шаралардың қаншалықты табысты екенін түсінуге, сондай-ақ, қажеттілігіне қарай керек өзгерістерді енгізуге мүмкіндік бере алады.

Қазақстандық зерттеушілер елдегі жастар кәсіпкерлігін дамыту тиімділігін бағалау үшін негізге алынатын бірқатар көрсеткіштерді ұсынды, оның ішінде қатысушылардың өздері (мемлекеттік қолдау алушылар) бейінді институттардың қызметтерін бағалау да және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар жинау да бар.

Жастар кәсіпкерлігін оқыту және кеңес беру бағдарламасы, кем дегенде, оның жаңартылған түрінде, осы жылы іске қосылды, дегенмен, сынамалы жобаның қорытындысы бойынша анықталған қателіктер түзетілгендігі түсініксіз. Жеңілдік несиелерін беру шарттары мен үдерісінің қаншалықты ашық болғаны туралы да ақпарат жоқ.

Отандық зерттеушілер ерекшелейтін тағы бір мәселе ‒ мақсатты аудиторияның, әсіресе, өңірлердегі, ұсынылатын мүмкіндіктер туралы нашар ақпараттануы, оны әртүрлі зерттеулер мен жекелеген саясаткерлер мен экономистердің деректері куәландырады.

Читать также ...
2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім: әлеуметтік-экономикалық міндеттемелердің жаңа пакеті

Қойылған міндеттерге қол жеткізу құралдарының бірі жастарды белгілі бір квоталар, артықшылықтар берілетін жеке санатқа бөлу еді. Бұл мемлекеттің осы бағыттағы күш-жігерін қозғалыста бағалауға, жағдайды жақсарту үшін парапар шаралар қабылдауға мүмкіндік берер еді. Яғни, іс жүзінде, қойылған міндеттерді шешу және бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін бақылау.