транспаренттілік Archives - Ekonomist Media

500 млн доллар бізді құтқара ма: Дүниежүзілік банктің несиесі Қазақстанның АӨК саласына қалай кесірін тигізеді?
Руслан Асаубаев – қоғамдық мониторинг саласындағы сарапшы

Жанат Нұрғалиев – экономист, INTEGRITY ASTANA коммерциялық емес ұйымының басшысы

2020 жылы шілде айында Дүниежүзілік банк Қазақстанға 500 млн доллар несиені мақұлдады. Ол Қазақстанда сиыр етімен қамтитын экологиялық-тұрақты, инклюзивті және бәсекеге қабілетті өндірісті қолдау мақсатында «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруға жұмсалады.

Анықтама: Қазақстанның ДБ алдындағы қарызы – 3,6 млрд доллар.

Жоғарыда айтқан бағдарлама келесі мәселелерді шешуге арналған:

ірі қара малды (ІҚМ) бірыңғай ақпараттық қадағалау жүйесіне тіркеу;

шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға жақсартылған және жаңғыртылған ветеринарлық қызметтер ұсыну;

шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың 100 мың қожайынын ауылда шаруашылық жүргізудің үздік үлгілерімен таныстырып, оқыту және сертификат беру;

«Сыбаға» бағдарламасына қатысатын және бордақылау алаңдарына ІҚМ сататын шағын және орта фермерлік шаруашылық санын 20 мыңға арттыру;

экологияға зиянсыз өндірісті қолдауға және етпен қамту саласының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының артуы;

парниктік газ бөлінуін бақылау және ет секторындағы жағдайдың өзгеруіне бейімделетін жүйе құру.

Бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне толық берілген. Бағдарламаның мониторингі мен нәтижелерін бағалауға ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті жауап береді. АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) және АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректерін қорытады. Бұл деректер нәтиже матрицасының индикаторлары бойынша прогресті растап, бағдарламаның іс-шаралар жоспары талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Күн тәртібінде Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бесжылдық стратегиясын қабылдау тұрғанын ұмытуға болмайды. Ол стратегия негізіне ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан тікелей және жанама түрдегі кооперация есебінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндігін пайдалануға қатысты тапсырмаларын орындау кіреді.

Ірі холдингтер өсімдік шаруашылығы шикізатының экспортын арттыра отырып, АӨК-ні дамытуға үлес қосты. Сонымен бірге, шағын шаруашылықтар жабылып қалды. Бұл ауыл шаруашылығындағы жұмыс күшінің айтарлықтай азаюынан көрінеді. Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы еңбек өнімділігіндегі алшақтық ұлғайды, бұл – пайда мен ресурстардың ірі корпоративтік агробизнестің қолына шоғырлануына алып келді. Субсидиялар ірі өндірушілер жаңа технологиялар алу, өнімділікті арттыру және сыртқы нарықтарға қол жеткізуге көмектесті. Бірақ бұл ауылдық жерлерде тұратын халықтың көп бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әкелген жоқ.

Біздің ойымызша, ішкі нарық, импорт алмастыруға басымдық берілуі керек; ол үшін мемлекеттің назары мен қолдауы қосымша құнға қол жеткізу мақсатында шикізатты қайта өңдеуге бағытталуы тиіс.

«Экспортқа ІҚМ етін шығару әлеуетін арттыру жобасы» атты республикалық бағдарламаны жүзеге асыру барысында АШМ биылғы жыл соңына қарай Қазақстанның ет экспорты 180 мың тонна болады деп есептеген. Бұл индикатор 2011 жылы енгізілген. Қолда бар статистикалық ақпаратқа сәйкес, бұл айтылғанның 5%-ын экспорттау да қиын соғары анық.

ДБ жобасына оралайық. Біз халықаралық қаржы институты ақша бөлетін жобаның 8 негізгі міндеті мен тәуекелін анықтадық.

1-кесте. Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасының міндеттері мен тәуекелдері

Позиция

Міндет

Тәуекел

1

Дүниежүзілік банктен 500 млн доллар несие алу

Республикалық бағдарламаны қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту

Теңгенің тым құбылмалы болуы, мұнай бағасының төмендеуі. Бұл теңгелей қарыздардың ұлғаюына әкелуі мүмкін.

2

20 мың фермерді несиелендіру

Мал басы, техника мен жабдықтар сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыру.

Отандық фермерлердің несиесінің көптігі, жер ресурстарына еркін қол жеткізе алмауы. Бұл жаңа ашылған және жұмыс істеп тұрған ШОБ үшін жер мәселесінің шиеленісуіне, жемқорлық артуына әкелуі мүмкін.

3

100 мың фермерді оқыту

Фермерлердің біліктілігін арттыру

«Атамекен» ҰКП мен ЖОО бағдарламасын қайталайды, білікті оқытушылар жоқ. Оқудың сырт көз үшін өтуінің нәтижесінде тиімсіздік болады.

4

Энергиямен жабдықтаудың балама көздерін қолдана отырып, шалғайдағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға фермерлерді қаржылай қолдау

Өнімнің өзіндік құнының түсуі

Жайылым сапасының төмендігі сырттан әкелінетін малдың генетикалық әлеуетін көруге мүмкіндік бермейді. Өнімділік төмендейді. Импорт жабдықтар есебінен борыш ұлғаяды.

5

Сиыр етін экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құру

Отандық өнім сапасының стандарттарын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру

Инфрақұрылым, НҚА, жұмыс тәжірибесінің болмауы. Бухгалтерлік есеп деңгейінің төмендігі, жабдық жоқтығы және жұмыскерлер болмауы. Барлығы сырт көз үшін ғана жүзеге асырылады.

6

Шағын және орта шаруашылықтарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ветеринарлық іс-шаралар жүргізуге жеке практик ветеринарларды тарту

Білікті мал дәрігерлерін тарту

Жеке ветеринария қызметінің қымбаттығы. Қазақстанда білікті ветеринарлар жеткіліксіздігі. Тек 2019 жылы ғана Қазақстанда 7 мың ветеринар маман тапшылығы тіркелді.

7

Экспортқа шығару үшін Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту

Экспортқа өнім шығару рентабельділігін арттыру

Сапалы өнімді қамтамасыз ете алатын мал басының импортын арттыру. Ішкі нарықтағы ет бағасының өсуі. Отандық өндірушілердің импорттық генетикалық материалға тәуелді бола түсуі.

8

Етті мал шаруашылығының отандық өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттау

Бәсекеге қабілетті өнім экспорттау

Өндіріс көлемінің төмендігі. Отандық шаруашылықтарда генетикалық факторларды, етті малды азықтандыру және ұстау жағдайларын ашу үшін жағдай жасалмаған. Аса қауіпті аурулардың жыл сайын шығып тұруы дайын өнім экспортын жолға қоюға мүмкіндік бермейді. Шетелдік алпауыттардың дайын өнімді сатып алғысы келмеуінен тірі мал экспортталып, ел ішінде бағаның өсуіне әкеледі.

Бағдарламаның міндеттері мен тәуекелдерін бағалау нәтижелерін көре отырып, бірқатар тұжырым өздігінен туындайды.

Экспортқа арналған етті мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік саясаттың жалғыз беталысы болмауы керек. Егер импорт алмастыру міндетін алға қояр болсақ, мемлекет етті терең өңдеу және сүт өнімдері бағытын да басымдық ретінде қарастыруы тиіс.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы жер мәселесінің шиеленісуіне, сондай-ақ жем-шөп базасы, техникасы және асылдандыру жұмыстары дайын емес фермерлерге мал басы импорты міндетінің артуына әкелуі мүмкін.

Ішкі нарықта сиырдың тарғыл етіне сұраныстың болмауы етті мал шаруашылығының өзін-өзі ақтай алуына күмән туғызады, сондай-ақ ел ішінде сиыр еті бағасын көтеріп жібереді.

Ветеринария саласын да дайын деп айта алмаймыз. Тек 2020 жылдың өзінде Қазақстанда аса қауіпті аурулардың екі ошағы тіркеліп, ветеринар дәрігерлердің аздығы, біліктілігінің төмен екені анықталды.

Терең өңдеуді дамыту үшін мемлекет тарапынан пайда мен мүлікке салынатын салықтарға жеңілдік жасап, сырттан әкелетін жабдық, қосалқы материалдар мен шикізатқа салынатын кедендік төлемдерден босату түрінде қолдау қажет. Мемлекет қайта өңдеушілердің басына түсетін барлық сыртқы және ішкі тәуекелдерге тез ден қойып, баж енгізу, шикізат экспортына тыйым салу арқылы да оларды азайтуы қажет.

Мақала авторлар жүргізген зерттеу негізінде дайындалған.

The post 500 млн доллар бізді құтқара ма: Дүниежүзілік банктің несиесі Қазақстанның АӨК саласына қалай кесірін тигізеді? appeared first on Ekonomist Media.

Несиені талдау: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қаншалықты тиімді болды?
2020 жылдың желтоқсан айының соңында ҚР Үкіметінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын шығару туралы шешім қабылданды. Дәлірек айтқанда, бағдарлама басымдық берілген секторлардағы (негізінен өңдеу өнеркәсібі) компанияларды қолжетімді несиемен теңгелей қамтуға бағытталған. Бұл механизм жалпы экономикадағы және банкке қатысы жоқ заңды тұлғаларға несие берудегі жағдай біртіндеп күрделене түскен екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Үкімет ҚЗЭ елдегі өңдеу өнеркәсібіндегі жағдайды жақсартуға, өнім шығару көлемін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге көмектесті деп санайды.

Жеңіл мөлшерлемемен несие беруді көздейтін кез келген қазақстандық мемлекеттік бағдарламаның басында болатын шектеулері мен проблемаларды ҚЗЭ де айналып өтпегенін көрсетеді. Бизнесті қолдау механизмінің құрылымын қарастырсақ, бизнестегі алғашқы қатер бір-екі жылдан кейін пайда болуы мүмкін.

ҚЗЭ деген не?

«Қарапайым заттар экономикасы» – толыққанды бағдарлама деуге келмейді. Бұл – Ұлттық банк пен Үкіметтің ерекше жағдай туғанда банк секторы мен басқа да даму институттарымен бірлесіп қолданбақ болған механизмі.

2018 жылға қарай қаржы институттарында шамадан тыс қаржы жинақталды. Корпоратив секторға берілетін несиелерге сұраныс төмен, жеке тұлғалар тарапынан болған сұраныстың өзі жалпы жинақталған қордың шетін керте алмады. Оны ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталары механизмі арқылы шығаруға тура келді.

Сол кезде Үкімет пен ҚР ҰБ бір схема ұсынды. Ол бойынша банктер салыстырмалы түрде жоғары кірісі бар (11%-ға дейін) облигациялар шығара бастап, оны Ұлттық банк сатып алуы керек болды. Бірақ бұл қаражатты белгілі бір лимит аясында және экономиканың басымдық берілген секторларын несиелеуге ғана пайдалануға болады. Олардың қатарына АӨК (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу) және өңдеу өнеркәсібі кірді. Бағдарламаның көлемі бастапқыда 600 млрд теңге деп белгіленді. Бір кәсіпкердің қолына 8%-дан аспайтын пайызбен берілуі керек еді. Бағдарлама операторы ретінде «Даму» қоры белгіленді. Несие банктер мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріле бастады.

Үкіметтің  жоспары бойынша, бағдарлама импорттың орнын басуы керек еді. Бағдарлама аясында экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші ( ЭҚЖЖ) аясында нақты салалар тізімі белгіленді. Алайда Министрлер кабинеті өзі үшін ешқандай индикаторларды белгілеген жоқ.

2018 жылғы желтоқсанда шығарылған ҚР Үкіметінің «Қолжетімді несие беру мәселесін шешу үшін ұзақмерзімді теңгелей өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» №820 қаулысы ҚЗЭ-нің құқықтық негізі болды. Ақша мынадай пропорцияда бөлінді: өндіріске 100 млрд, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 100 млрд, ал қалған 400 млрд – өңдеу өнеркәсібіне.

2019-2020 жылдар аралығында ереже алты рет түзетілді. Жалпы сома 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге лимит 500 миллиардқа дейін, қайта өңдеу – 200 миллиардқа дейін көтерілді, өңдеу өнеркәсібі үшін 300 млрд қалды. Кәсіпкердің қолына тиетін несие мөлшерлемесі 6%-ға дейін түсірілді.

Несиенің шекті мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтты. Қарыз алушылар екі жыл ішінде төлемдер бойынша жеңілдікті кезең алды (қарызды төлеу бойынша да, пайыздар бойынша да). Егер бұрын айналым қаражатын толықтыруға қаражаттың 50%-дан аспайтын бөлігін беруге рұқсат етілсе (Бағдарлама инвестицияға бағдарланған болатын), енді диқан-шаруаларға алынған қаражатты көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға жұмсауға да рұқсат етілді.

Бағдарламаға квазимемлекеттік сектор (мемлекеттің 50%+ үлесі бар кәсіпорындар) қосылды. Қызмет түрлерінің саны 926-дан 953-ке дейін өсті. «Даму» қорына 3 млрд теңгеге дейінгі қарыздардың 50%-ын ғана емес, 3 миллиардтан 5 млрд теңгеге дейінгі қарыздардың 30%-ына кепіл болуға мүмкіндік берді.

Үкімет риза

ҚР Үкіметі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының «отандық өндірісті дамытудың инвестициялық құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдегеніне» сенімді. Премьер-министр Асқар Мамин 15 желтоқсандағы отырыста қаңтар-желтоқсан аралығындағы жобалар санының 2,5 есе – 900-ден 2600-ге дейін, ал қаржыландыру көлемінің 216 миллиардтан 700 млрд теңгеге дейін өскенін хабарлады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бағдарлама қамтыған салаларда өнім шығару көлемі артып, импорттың азайғанын баяндады. «Дайын, өңделген тауарлар өндірісінің өсуі арқасында импорт үлесі азаюда. Тұтынушылар үшін қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі артып келеді. Мысалы, 2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 пайызға артты. Азық-түлік, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті», – деді министр.

ҚР Үкіметі бағдарламаны жүзеге асыру барысында қадағалаудағы саудада отандық өнім үлесінің өсімі болғанын атап, бір жыл ішінде екі есеге артқанын алға тартады. Жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісінде – яғни қолдау көрсетілген секторларда отандық өнім шығару қарқыны неғұрлым жоғары болғанын атап көрсетті.

Үкіметтегілер бағдарламаның инвестициялық бағыты жүзеге асты деп санайды. Вице-премьер Роман Склярдың мәліметінше, шамамен 2,6 мың кәсіпорынның 2,3 мыңы жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатын жаңартуды және арттыруды көздейді. Тек 332 жоба – жаңа өндіріс.

Құтқарушы ма, қатер ме?

2020 жылдың шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті ҚЗЭ-ні жүзеге асырудағы төмен тиімділік үшін сынға алды. «Бір жарым жыл ішінде бағдарлама шарттары алты рет қайта қаралды, ал барлық қаражаттың бестен бір бөлігі ғана игерілді. Ол – 200 млрд теңгеден астам қаражат. Өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің саны және халық тұтынатын тауарлар импортының үлесі бұрынғы деңгейде қалды. Осылайша, біз мақсатсыз және қайтарымын есептемей ақша бөліп отырмыз. Басқаша айтқанда, атауы әдемі басқа бағдарламалар секілді сәтсіздікке ұшырау қаупі туындады. Оның артында қатаң шаралар күтіп тұр», – деді Қ.Тоқаев.

Үкіметке жарты жылға жуық уақыт ішінде тиімділікті арттыруға не көмектесті? Бағдарлама операторы – «Даму» қоры ұсынатын есептерді қарасақ, мынадай қорытынды жасауға болады.

Біріншіден, жыл басында бағдарламаға енгізілген өзгерістердің арқасында жаздың ортасында банктердің қоржынынан жаңа талаптарға сай келетін жобалар шыға бастады.

Екіншіден, бағдарламаға ірі бизнес белсенді қатысуда. Егер 2019 жылы субсидиялау механизмі бойынша ірі кәсіпорындардың небәрі 5 жобасы (жобалардың жалпы санының 3%-ы) өтсе, 2020 жылы 38 (11%) жоба өтті. Салалар лимитін ұлғайту, сондай-ақ неғұрлым ірі жобаларға кепілдік беру аясын кеңейту де рөл атқарды.

Үшіншіден, бизнесті 12-24 ай ішінде несие бойынша міндеттемелерді атқармау мүмкіндігі қызықтырады. Белгісіздік мол екенін ескере отырып, мұндай жағдайлар инвесторлардың келуіне сеп болуда.

Құрылымдық реформалар ұзаққа созылуда, экономика дағдарыста, бірақ шикізатқа тәуелсіз секторға қандай да бір қамшылау қажет. Осыған байланысты ҚЗЭ –  экономикаға мемлекеттік сектор ұсына алатын ең жақсы жедел шара болып саналады.

Алайда мұнда да тәуекелдер бар. 11.12.2012 жылғы Үкімет отырысында «несиелеудің барлық бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көлемі айтарлықтай ұлғайтылғаны» мәлімделді. Яғни, «қолдау көрсетілген несие қоржынының сомасы 2 трлн теңгеге жетті және 34 мыңнан астам жоба қамтылды».

Бұл ҚЗЭ мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдаудың барлық көлемінің шамамен 35%-ына ие екенін білдіреді.

Банктердің корпоратив қарыз алушыларға деген несиелерінің қазіргі қоржыны 7,2 трлн, ал басымдық берілген секторларға (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс) теңгелей несиелері – 3,9 трлн екенін ескерсек, осы нарықтағы мемлекеттік салымның көлемін өлшем түріне қарай 30-50% деп бағалауға болады.

Экономиканы несиелендіруге мемлекет салатын  қаржының үлесі артып келе жатыр. Бұл жағдай нарықтық пайыз бойынша несие ала алатын компанияларды мемлекеттік бағдарламаларға жиі қатысуға ынталандырады. Мемлекет тарапынан кепілдік беру құралының кең таралуына қарамастан, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы алу қиын.

Тағы бір проблема – мемлекеттік қолдау субсидияланған пайызбен беріледі. Ал мемлекеттік бағдарламалардың өзі үнемі ұзартылып отырады. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» енді «Бизнестің жол картасы-2025» болып созылды. Бастапқыда 2020 жыл соңына дейін деп есептелген ҚЗЭ бағдарламасы, кем дегенде 2021 жылдың соңына дейін жұмыс істейді және одан әрі созылуы да мүмкін. Бұл экономиканың басым секторларында зомби компаниялардың елеулі тобының қалыптасу қатерін тудырады. Ол – үнемі төмен бағамен қаржыландыруға мұқтаж фирмалар.

The post Несиені талдау: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қаншалықты тиімді болды? appeared first on Ekonomist Media.

Құпия[емес] материалдар: республикадағы құрылымдық өзгерістерден неге хабарымыз аз?
Құрылымдық реформалар – жалпылама ұсыныс. Оны көптеген сарапшы дамушы елдердегі ЖІӨ мен халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін жеделдету үшін тағы қандай мемлекеттік бағдарламаны/ұлттық жобаны іске қосу керек деген сұраққа жауап беру үшін қолданады. Қазақстан да бұдан шет қалған жоқ. Мұндай ұсыныстар халықаралық институттардың тұрақты шолуларында айтылады, құрылымдық реформалар туралы жергілікті сарапшылар да жиі көтереді.

Бұл тақырыпқа бойламақ болған адамды алғашқы таңғалдыратын дүние – Қазақстандағы реформалардың баяғыда-ақ іске қосылып, жүргізіліп жатқаны. Мұнай қаржысынан болған дағдарыс алдындағы 2015 жылы мамыр айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 институционалдық реформа және сол реформаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын ұсынды. Ол кезде парламент жарты жыл ішінде елуден астам заң жобасын мақұлдап тастады.

Ол жоспар қазір қалай жүзеге асырылып жатыр? Қазақстандағы құрылымдық реформалар туралы ақпарат көбірек болуы үшін не істеуге болады?

Индустрияландырудан «Мәңгілік елге» дейін

Бес институционалдық реформа мен 100 қадам аясына мемлекеттік аппараттағы, сот және құқық қорғау жүйелеріндегі, салалық нарықтар мен идеологияны реттеуде өзгерістер енді.

1-реформа «Заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» (15 қадам) шенеуніктерді іріктеу, бағалау және олардың қызметіне ақы төлеу механизмін жаңартты. Реформаның жалпы мақсаты мемлекеттік қызмет жұмысының тиімділігін арттыру және шенеуніктер қатарында сыбайлас жемқорлықты жою болды. Еңбекке ақы төлеуді арттырудың нәтиже бойынша деген жаңа қағидаттары енгізілді. Мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқыту жүйесі бекітілді. Бұл –  қазақстандықтардың басым бөлігі саяси көзқарастары мен басқару режиміне қарамастан қолдайтын прогрессив өзгерістер.

2-реформа: «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» (19 қадам). Сотты неғұрлым кәсіби және есепті етуге, ал құқық қорғау органдарының халықпен өзара байланыс барысында сервистік модельге неғұрлым бет бұруына мүмкіндік берді. Мысалы, кейбір дамыған елдердің тәжірибесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі енгізілді.

3-реформа 100 қадам жоспарының ең үлкен блогы еді.   «Индустрияландыру және экономикалық өсім» (50 қадам) реформасы – нарықты реттеу саласындағы бастамалар (мысалы, электр энергетикасы), салық реформа, жекешелендіру, «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы, өрге сүйреуші инвесторларды тарту және тіпті білім беру саласындағы реформалар да біріктірілген неғұрлым даулы бағыт. Бұл реформаның көптеген қадамы құрылымдық өзгерістерге, яғни ойын ережелерінің өзгеруіне бағытталған. Егер оны солай деп атай алсақ, әрине.

4-реформа: «Болашақтың біртұтас ұлты» (6 қадам) реформасын құрылымдық деп тек атауын ғана айтуға болады. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасын жасау, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын насихаттауды – қандай да бір қағидаларды өзгертуге бағытталды дейтін болсақ, ол тек ментальдық, яғни дүниетаным тұрғысындағы қағидалар еді.

5-реформа «Есеп беретін мемлекет қалыптастыру» (10 қадам) негізгі құрылымдық өзгерістер – мемлекеттік органдар жұмысының транспаренттілігін арттыруға (мақсаттардың бірі – «Ашық үкімет» құру), мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға беруге (өзін-өзі реттейтін ұйымдар – бизнес-қауымдастықтарға) қайта оралды. Сондай-ақ осы реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу және қоғамдық кеңестердің форматын тарату жоспарланды.

100 қадам жоспары тек декларатив құжат емес еді. Нормативтік-құқықтық актілерді түзетуді талап ететін барлық өзгеріс заң жобаларына еніп, Парламент жарты жыл ішінде қабылдады. Министрліктер мен ведомстволар жаңа бұйрықтар шығарып жатты. Ұлттық компанияларды жекешелендіру бойынша міндеттер ұлттық компаниялардың стратегиялық құжаттарына кірді (егер олар бұған дейін енгізілмесе). Құрылымдық реформаларды қадағалау және түзету үшін ҚР Президенті жанынан жылына екі рет мәжіліс құруға тиіс Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

Егжей-тегжейі белгісіз

Әсіреқызыл тез оңар. Қазақстанда да мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға деген ынта екі жылға жетпей сөніп жатады. 2015-2016 жылдары министрліктер бұл қадамдардың орындалып жатқаны жөнінде презентациялар ұсынып жататын. Министрлер қатысатын баспасөз мәслихаттарының тақырыбы осы еді. 2017 жылы 100 қадамның аяғы сиырқұймышақтала бастады. 2019 жылға қарай мүлдем жылы жауып қойды.

Үкіметтің жұмыс кестесіне қарасақ, 100 қадам жоспары жайы жылына бір-екі рет, онда да Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ғана еске түсіп тұрады. Соңғы мәжіліс 2020 жылдың 22 желтоқсанында өтті. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкіметтің ресми ресурсы оқиға туралы қысқа хабарлама ғана таратты.

Елді қайта жаңартуға тиіс ең маңызды бағдарлама барысы туралы 2020 жылдың соңына қарай 100 қадамның 71-і орындалғаны, оның ішінде биыл 9-ы орындалғаны және «биыл айтарлықтай жұмыс жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілгені» ғана белгілі болды (Мамин мырзаның сөзінен цитата).

ҚР Үкіметінің ресми ресурсы: «Премьер-министр Ұлт жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыру үшін жұмыстарды қарқынды жалғастыруды тапсырды. Бірінші кезекте экономиканың басымдық берілген секторларында жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ететін жаңа ірі жобаларға инвестиция тарту көлемін арттыру жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударылды. Отырыста 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ол бойынша келесі жылы Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» және «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша 10 қадамын жүзеге асыру көзделді», – деп хабарлады.

Әрине, не орындалғаны және 2021 жылға арналған қандай қадамдар жоспарланғаны туралы бір сөз жоқ.

Былтыр жазда осы жолдардың авторы 100 қадам жоспарына ашық дерек көздері арқылы талдау жасады. Мемлекеттік органдардың мәлімдемесіне сенсек, 100 қадамның 80-ге жуығы орындалған (бірнеше қадам бойынша ақпарат қарама-қайшы). Ал Үкімет ақпан айында 65, қазір 71 қадам туралы айтып отыр. Шенеуніктердің ақпаратты бұрмалап беріп, жоқты бардай етіп жазбайтынына күмән жоқ болғандықтан, бұл сәйкессіздікті бір-ақ сөзбен түсіндіруге болады: осы жазба авторы есепке жүйрік емес.

Егер қыжыртуды қоя тұрсақ, 100 қадам жоспары елдегі  көптеген мемлекеттік бағдарламаның бас ауруы – жүзеге асу қорытындылары бойынша объективті жария сараптама жоқтығын көрсетті.

ҚР мемлекеттік органдарының есептері жетістіктер тізіміне ұқсайды. Ал ол жұмыс тиімділігін арттыратын материал болуы тиіс еді. Ол үшін өткізілген іс-шараларға сыни талдау жасалуы керек.

100 қадам жоспарын жүзеге асыру есебі қандай болуы керек? Есеп ішінде бірнеше құжат болуы керек. Біріншіден, бұл қадам нөмірі, тұжырымы, жауапты мемлекеттік орган және орындалу барысы көрсетілген кесте түріндегі тізім. Іске асырылып жатқан реформалар тұсында – жоспарланған мерзімі көсертілуі керек.

Екінші құжат – сәтсіз қадамдар, яғни күн тәртібінен алынып тасталған, басқа уақытқа ауыстырылған, сондай-ақ себеп-салдары көрсетіле отырып, кері қайтарылған реформалар талдауы. Жоспардың орындалуын бақылау сапасына жасалған талдау бұл жерде жеке бөлікте тұруы тиіс: жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия бастапқыда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға қаншалықты жақын қалды, ол 100 қадам жоспарында жүктелген барлық функцияны орындай ма және қалай орындайды.

Үшінші құжат – мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы мен реттелетін салалардың жай-күйіне жоспар тармақтарын жүзеге асырудың әсерін талдау. Ол халықаралық рейтингтерді тарта отырып (мысалы, инвестиция тарту ісі немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сөз болғанда), сондай-ақ ішкі көрсеткіштер жүйесі бойынша жүргізілуі мүмкін.

Мұндай талдауды Есеп комитетінің жанынан құрылған республикалық бюджетті атқару жөніндегі талдау тобы жүргізе алады. Оның үстіне бұл органның мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау бойынша құзыреті бар.

Сонымен қатар, құрылымдық реформалар анықтамасына сәйкес келмейтін, яғни ойын ережелерін өзгертпейтін қадамдарды алып тастап, 100 қадам жоспарына ревизия жасау бойынша жұмыс жүргізу қажет.

100 қадам жоспарымен қатар жасалатын, әрі маңызды тағы бір шаруа – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің міндеті саналатын министрліктер аппараты тікелей ықпал етпейтін индикаторларды олардың стратегиялық жоспарларынан алып тастау.

Мысалы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарының индикаторлар тізімінде ЖІӨ нақты көлемінің индексі бар. Министрлік жоспарланған орган ретінде оны есептеудің дәлдігіне жауап бере алады, бірақ мұнай мен металл бағасына, ішкі тұтынушылық белсенділікке, мемлекеттік бюджет шығыстарына тәуелді экономикадағы шығарылым динамикасы үшін жауап бере алмайды. Тіпті экономикаға аса әсер ете алмайтын министрлікке де емес, салалық реттеудің кейбір құралдары мен салық саясаты арқылы әсер етуі тиіс.

The post Құпия[емес] материалдар: республикадағы құрылымдық өзгерістерден неге хабарымыз аз? appeared first on Ekonomist Media.

Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі
Руслан Асаубаев – қоғамдық мониторинг саласындағы сарапшы

Жанат Нұрғалиев – экономист, INTEGRITYASTANA коммерциялық емес ұйымының басшысы

Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені дегеніміз не? Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын елдегі жердің шамамен 74%-ы ауыл шаруашылығы үшін жарамды. Қазақстан жан басына шаққанда егістік жер көлемі бойынша әлемде екінші орында тұр. Ауылдық жерлерде халықтың 42%-ға жуығы тұрады. Ауыл шаруашылығында 1,5 миллионға жуық адам жұмыс істейді, бұл сала жұмыспен қамтылғандар саны бойынша саудадан кейін екінші орында.

Дей тұрғанмен, ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі азайды және ЖІӨ-нің 4,5% деңгейінде тұрақтады. Дегенмен, 1990 жылы елдегі жалпы шығарылымның 34%-ы АӨК тиесілі болды. Ауыл шаруашылығындағы жалақы экономика салалары бойынша ең төменгісі болып тұр.

Азық-түлік қауіпсіздігі индексі бойынша (The Global Food Security Index) Қазақстан 50-орында тұр. Алғашқы үштікке кіретін елдер: Сингапур, Ирландия және Ұлыбритания. 2019 жылы күнделікті өмірде тұтынылатын азық-түлік тауарларының 29 түрінің ішінен 23-ін ішкі өндіріс 80%-ға, тіпті одан да көп мөлшерде қамтамасыз етті.

Құндылықтар өзгерді

2013 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ бүкіл ел тарихы бойынша ең жоғары деңгей – 237 млрд долларға жетті, ал жан басына шаққандағы табыс шамамен 14 мың доллар болды. Халықтың бір пайыздайы күніне 2,5 долларға өмір сүрді. Алайда, мұның бәрі мұнай бағасының күрт төмендеуі мен 2015 жылғы дағдарыс салдарынан болды. Экономикалық саясаттағы басымдық өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика жағына қарай ауыса бастады.

Азық-түлік қауіпсіздігі, өнімділікті арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу арқылы халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін АӨК-ті дамыту тақырыбы үкіметтің күн тәртібінен түскен емес.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін дамыту үшін негізгі проблемалардың бірі – қаржыға қол жеткізу болып қала береді. Бұл фактіні өндірушілердің өздері де, сарапшылар да, халықаралық институттар да растайды. Ауыл шаруашылығы өндірісін және қайта өңдеуді дамыту үшін ынталандыратын факторлардың бірі – субсидия екені даусыз.

Субсидиялар АӨК-тің түрлі саласының дамуына қалай әсер етті? Қандай басымдықтар бар және олар қаншалықты тиімді? АӨК әлеуетін қалай дамытуға болады? Бұл сұрақтарға «INTEGRITY ASTANA» ЖМ сарапшылары жауап беруге тырысты.

Мемлекет атынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі ең ірі стейкхолдер саналады.  Ол – субсидияларды реттеуші, стратегияларды әзірлеуші, жер иесі және негізгі қаржыландырушы тарап.

Орта есеппен алғанда, Қазақстандағы субсидиялар ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 4-5%-ынан аспайды, бұл ДСҰ мүшелері үшін рұқсатты деңгейден едәуір төмен. Мысалы, 2019 жылы субсидиялар рекордтық шама – 324 млрд теңгеге жетті, 2020 жылы – 294 млрд. Мысалы, 2015 жылы «сары себет» деп аталатын субсидия көлемі республика бойынша шамамен 960 млн доллар (181 млрд теңге), Беларусьте – 1,5 млрд, Ресейде 3,3 млрд теңге болды.

eGov.kz порталығындағы ашық деректерді талдап, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары басшыларының блог-тұғырнамасын қарасақ, барлық өңірде субсидиялау мәселесінің өзекті екенін көруге болады. Ауыл шаруашылығы министрінің атына келіп түскен 100 өтініштің 36%-ы осы субсидияға қатысты.

Саяси ықпал

Жылымықты диқандар көп күтті. 2018 жылдың мамыр айында сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бағаны құбылтатын тиімсіз субсидиялардың қысқарғанын мәлімдеді. Бұған АШМ-де мал шаруашылығындағы өнім бірлігіне субсидиялар (кг, литр, басты 2020 жылдан бастап алып тастау туралы шешім қабылданды) және гектарлық субсидия (2019 жылдан бастап жойылды) жатқызылды.

2020 жылдың 28 қаңтарында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында Қазақстанда фермерлерге субсидиялаудың тиімділігін бағалау жүйесі енгізілетінін хабарлады. 2020 жылғы 11 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ауылда «танаптан сөреге дейін» қағидаты бойынша кооперациялық тізбектер енгізуді тапсырды.

Көп жылдан бері тауар өндірушілер базарлар мен сауда желілеріне қол жеткізе алмай келеді. Ресми мәліметтер бойынша «азық-түлік нарығында тиімсіз делдалдардың көп болуы, нақты тауар жеткізу арналарының жолға қойылмауы, дистрибьюторлардың көптігі, сауда маржалары» бағаның өсуіне алып келеді.

Отандық тауар өндірушілер үшін енгізілген жеңілдіктер (сөре кеңістігінің немесе сауда алаңының кемінде 30%-ы, сауда үстемелері 15%-дан аспайды, әлеуметтік маңызы бар тауарларға ретро-бонустардың күшін жою) жағдайдың өзгеруіне әлі сеп болған жоқ.

Биыл мамыр айының соңында Асқар Мамин АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын жаңартуды, сондай-ақ өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім шығаруды 3,1 трлн теңгеге дейін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражат көлемін екі еседен астам арттыруды тапсырды.

2019 жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы қосылған құн 5,1 трлн теңге, өсімдік шаруашылығының үлесі – 2,8 трлн (54,7%), мал шаруашылығының үлесі 2,3 трлн (44,0%) болды. Осылайша, қойылған міндет өсімдік шаруашылығындағы өндірісті 2020 жылы 9,7%-ға ұлғайту болды, 2 есе немесе 100%-ға ұлғайтылды, бірақ қаражат егін егуге бөлінді. Ал дәнді дақылдарға арналған алқаптар 250 мың гектарға ұлғайтылды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шикізатты өткізуді қосқанда, соңғы бес жылда тұрақты өсіп келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 5,9%-ға өсіп, 3,3 млрд доллар болды. 70%-дан астамы өсімдік шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы өнімінің 80%-ға жуығы шикізат түрінде, қайта өңдеусіз сатылады. 2019 жылы қайта өңделген өнім экспорты 2018 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға төмендеді. Бірақ ақша түріндегі айырбас бағамының түзетілуіне байланысты құлдырау тек 2,3%-ға, 1,1 млрд-қа дейін болды.

Өсімдік шаруашылығы шетелдік инвестициялар үшін көз тігер бағыт болып саналады. 2019 жылы 10,1 млн доллар шетелдік инвестиция тартылды. Төрт жыл ішінде инвестиция түсімдері жылына 37%-ға төмендегенін талдау барысында байқауға болады. 2015 жылы тікелей шетел инвестицияларының көлемі 71,5 млн деңгейінде болды, 2019 жылы 10,1 млн – бес жыл ішінде олардың көлемі 7 есе азайды. Өсімдік шаруашылығы саласында қол жеткен нәтижелерді өңдеуден кейінгі салмақтағы дәнді дақылдардың (күріш пен бұршақты дақылдарды қоса алғанда) түсімділігі бойынша бағалауға болады.

Бұл – тұқым себу, гербицидтерді жыл сайын субсидиялау, егіс жұмыстарын, ЖЖМ және т.б. қолдаулар дәнді дақылдар түсімінің тұрақты өсуін қамтамасыз етпейтінін жанама түрде растайды. Оған көбінесе табиғи-климаттық жағдайлар әсер етеді. 2010-2019 жылдар аралығындағы орташа өнімділік 12 ц/га болды.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарын қарастырсақ және салыстырсақ, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына субсидия бөлу біркелкі емес екенін көреміз. 2019 жылы осы облыстарда мал шаруашылығына субсидия 34,5, 29,7 және 41,4%, ал орташа 35,2% болды. Салыстыра отырайық, өсімдік шаруашылығына субсидиялар орта есеппен 64,8%, облыстар бойынша СҚО 65,5, Ақмола 70,3 және Қостанай 58,6% болды. 2020 жылы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы арасындағы алшақтық 32,7/67,3% пропорцияда ұлғайды. Бұл облыстарда өсімдік шаруашылығына баса назар аударылуда (субсидиялардың 60%-дан астамы өсімдік шаруашылығын дамытуға беріледі). Республика бойынша субсидияларды бөлу өсімдік шаруашылығы пайдасына қарай 51,9:48,1%-дай көлемде теңестіріледі.

Қазақстандағы халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) және Дүниежүзілік банктің жеке секторын диагностикалау нәтижелері бойынша есепте (2017 жылғы желтоқсан) бидайды тиімсіз өндірудің себептерінің бірі көрсетілген. Ол: қаржылық қиындықтарға тап болған ірі компаниялар, әдетте ол мемлекеттік компаниялар болып келеді, сонымен қатар саяси маңызы бар көптеген тұлғаның араласуы инвестицияларды тежейді және өте төмен өнімділікке әкеледі. subsidies.qoldau.kz ресурсы жасаған талдауда 2019 жылы да елдің кейбір аймақтарында гектарлап субсидиялау болғанын көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы тыңайтқыштарға, химикаттарға және ЖЖМ-ға субсидиялар гектарлап төлем жасау енгізілген еді. Министрліктің тиімсіз субсидия шараларын алып тастауына 18 жыл қажет болды.

Мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелерінде «сары себеттің» субсидиялары бекітілді. АӨК-дегі көптеген компанияны субсидиялаудың осы ережелері қанағаттандырады деп сеніммен айтуға болады. Пандемия кезіндегі жағдай да әсер етпей қоймады. Егер тікелей субсидияларды алып тастағанда, бос қаржыны қайда жұмсауға болады деген жайт та назар аударуды қажет етеді.

Мемлекеттік сектордың тиімділігі және қаржы бөлу

«ҚазАгро» холдингінің қызметін бидай өндірісінің тиімділігін растайтын жақсы кейс деуге болады. АӨК-ті 323 млрд теңгеге қаржылай сауықтыру барысында АӨК 117 субъектісінің 63-і үш ірі компаниялар тобына тиесілі («Алиби» ЖШС – 37, «ҚазЭкспортАстық» АҚ – 20 және «Иволга» ЖШС – 6) болды. Үш ірі холдинг жалпы соманың шамамен 84%-ын алды.

2020 жылғы 20 қаңтарда өткен ет одағының брифингінде «Атамекен» ҰКП өкілі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік үш бірдей бағдарламасы аясында субсидиялауға шамамен екі триллион теңге жұмсалғанын, ал саланың көрсеткіштері өспегенін және әлемнен айтарлықтай артта қалғанын хабарлады.

Қазіргі экономикалық жағдай, әсіресе мұнайдың төмен бағасын ескерер болсақ, Қазақстан экономикасындағы балансты өзгерту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Өйткені ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты басқа да сыртқы сауда тауарлары да халықаралық нарықтарда арзандай түседі. Мал шаруашылығы саласы 48,1% субсидия алады. Мал шаруашылығы саласын талдау барысында оның дәнді дақылдардың шығымымен салыстырғанда анағұрлым тұрақты өскенін байқадық, алайда өсімдік шаруашылығына бәрібір тікелей тәуелді.

Мал шаруашылығында ұзақ уақыт бойы тұрақты өсім болғанмен, оған мұрындық болған ішкі сұраныс еді. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты әлі де аз. 2005 жылы – 77 млн доллар (экспорттың 0,31%), 2015 жылы 145 млн (0,36%) болды. 2019 жылы азық-түлік тауарлары экспортының үлесі 5,9%-ға дейін өсті. Қазақстан бірқатар тауар тобы бойынша экспорт  көлемін арттыруға қол жеткізді, бұл ретте мал шаруашылығында айтарлықтай өсім болды (47,8%). Мал шаруашылығын одан әрі дамыту көптеген факторға байланысты. Атап айтқақ: сапалы жем-шөп базасы, жануарлар тұқымының асылдығы және қаржылай қолдау.

Қазақстандағы болашағы зор саланың бірі – етті мал шаруашылығы. Қазақстан әлемдік нарықтағы экспорттаушы елдер арасында 0,01% үлесімен 17-орында (2019). 2019 жылдың соңына дейін 60 мың тоннадан астам өнім экспортталды. Ет одағы өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл көрсеткішке 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында қол жеткізілуі тиіс еді. 2011-2012 жылдары мал шаруашылығында жаппай сәйкестендіру жүргізілген соң мал басы бойынша қате деректерге байланысты 3 жыл кідіріс болды. Ірі қара мал басы 1,5 млн болды. Етке өткізілетін мал шаруашылығы саласы отандық мал басының аздығы, ветеринариялық қадағалаудың әлсіздігі, жем-шөп базасының нашарлығы және табиғи-климаттық жағдайлар секілді проблемаларды бастан өткізіп келеді.

Етті және сүтті мал шаруашылығының субсидиялар мен ішкі құрылымға қаншалықты тәуелді екенін анықтау үшін бұл саланы тереңірек қарастырайық. Мал басының басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда (ЖҚШ), ал ішкі нарықта еттің едәуір көлемі сүтті тұқымдар есебінен қамтамасыз етіледі. Мал шаруашылығы саласын мал түрлері бойынша талдау және шаруашылықтардың түрлі санаттарының үлесі: 2004 жылы ІҚМ жалпы басы – 4871,0 мың бас, оның ішінде ЖҚШ – 4175,8 мың бас (76,6%); 2010 жылы – 6493,0 мың бас, оның ішінде ЖҚШ – 5326,4 мың бас (82,4%).%); 2016 жылы – 6253,8 мың бас, оның ішінде ЖҚШ – 3922,0 мың бас (62,7%); 2019 жылы – 8205,5 мың бас, оның ішінде ЖҚШ – 8335,7 мың бас (55,7%). Ірі шаруашылықтарда 2002 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде жалпы мал басына тиісінше мал басы 7,0-ден 9,1%-ға дейін өсті. Сол кезеңде мал басының көбеюінің ең жақсы көрсеткіштері – шаруа (фермерлік) қожалықтарында – 4,5%-дан 35%-ға дейін болды.

2018 жылы етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында әрқайсы 100 бас ірі қара малға арналған тағы 80 мың отбасылық ферма құрылады. Бағдарлама 2027 жылға дейін тағы 400 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бағдарлама отбасылық фермаға негізделген. Қарапайым халық үшін қолжетімді минимал қаржы салып, оңай басқарылатын бизнес.

Дүниежүзілік банктің ақпараты бойынша, Қазақстанның ет-сүт өндірісінің шамамен 80%-ы шағын өндірушілерге (шағын жеке және шағын ресми өндірушілерге) тиесілі. Осы салаға сәйкес келетін ресми және бейресми нарықтарда сатылады. Мұндай шағын өндіріс өнімділіктің төмендігімен, қосылған құн және сапа стандарттарымен түсіндіріледі. Алайда, нарықтағы баға бұл қызметті бизнес ретінде немесе үй шаруашылығының табысына қосымша кәсіп ретінде айналысуға тартымды етеді.

Халықаралық тәжірибе

Еуропа елдеріндегі АӨК дамытудың басты ерекшелігі – кәсіпкерлердің кооператив түрінде болуы  және өзін өзі ақтамайтын салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуінде. Халықаралық тәжірибе бойынша мал шаруашылығы саласын 80%-ға дейін субсидиялау бар. Бұл мал азығын өндірушілерді қамшылап, өсімдік шаруашылығында жұмыс істейтін шаруашылықтарды мал шаруашылығының қосымша құнының тізбегіне кіруіне итермелейді.

2016 жыл ауыл шаруашылығы үшін маңызды жыл болды. АШМ-нің 16-шы басшысы Асқар Мырзахметов еді. Осы кезеңнен бастап салалық министрліктің барлық ақпарат алаңы ауылдық жердегі тұтыну кооперативтері идеясына толы. Халықаралық тәжірибе мен халықаралық институттардың ұсыныстары құлақтарына жетті.

Тұтыну кооперативтері төмен пайыздық мөлшерлемелер бойынша субсидияларға, кепілсіз несиелерге қол жеткізді. Бұл бірден жеке кәсіпкерлер, ұсақ өндірушілер мен жеке үй иелері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. 2017 жылы сегіз облыста (Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Алматы және Ақтөбе) 665 жаңа тұтыну кооперативі құрылды. Кооператив мүшелері тұқым қалыптастыру жайлы білім беру бағдарламасына қатысып, аналық басы үшін 18 мың теңге, асыл тұқымды бұқаны сатып алу және ұстау үшін 250 мың теңге алды. Қаржылай қолдау қоры арқылы олар кепіл ретінде өздері алатын жабдықтарды қойып, кепілсіз несиелер алды.

Қазақстандағы ірі фермалардан тұтыну кооперативтеріне қайта басымдық беру идеясымен көп адам келісе алмады. 2017 жылдың желтоқсан айында Асқар Мырзахметов қызметінен алынды.

2020 жылдың шілдесінен бастап асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялаудың жаңа қағидалары енгізілді. Субсидиялар бойынша ірі фермалардың артықшылығы айқын. Тұтыну кооперативтері мен 50-ден жоғары мал басы бар шаруашылықтар үшін сүт өндірудің өзіндік құны бір деңгейде. Бір литр сүт – 20 теңге. 400 және 600 бас сиыр басы бар шаруашылықтарға литр тиісінше 30 және 45 теңге болып тұр.

Бұған бейресми түрде «шағын кәсіпорындарды мал басын көбейту және асылдандыруға ынталандыру» деген түсінік берілді. Алайда, бұл субсидия негізгі көрсеткіш емес және жер мен еңбек ресурстарымен, қаржылық қолжетімділікпен, жем-шөп базасымен бір деңгейде тұра алмайды. Субсидиялау сомасын мал басының саны бойынша бөлу негізінен дұрыс емес, өйткені ол сапалық көрсеткіштерді емес, тек сандық көрсеткіштерді арттыруға мәжбүр етеді (салмағы, бір мал беретін сүт).

Субсидиялаудың назар аударуға тұрарлық тағы бір бағыты – селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу немесе «тұқым қалыптастыру». Бұл – асыл тұқымды бұқаны сатып алу, асыл тұқымды сиырларды ұрықтандыру, осылайша ұрпақтарының сапасын арттыру деген мақсатты көздейді. Біздің ойымызша, бұл тәсіл тек ет бағытында ғана қолданылады да, сүтті мал басының азаюына және сүт өнімдерінің тапшылығына әкеледі.

Қорытынды

Ұзақ уақытқа төмен пайызбен субсидиялау мен кепілсіз несие беру – АӨК-ті дамытудың негізгі тетіктері. Бірақ, біздің ойымызша, субсидиялау механизмінің өзіне түзетулер енгізу керек.

Біріншіден, ауылдық жерлердегі тұтыну кооперативтері мүшелерін субсидиялаудың барлық қолданыстағы тетіктеріне ірі шаруашылықтармен бірдей қосу керек. Тұтыну кооперативтерін сүтті сиырларды қолдан ұрықтандыруға пайдалану міндетінен босату қажет, өйткені бүгінгі күні өңірлерде білікті ұрықтандырғыштары бар қолдан ұрықтандыру пункттерінің дамыған  желісі жоқ.

Екіншіден, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының бағытын 10-15 жылға, төмен пайыздық мөлшерлемелермен (қарыздың бүкіл кезеңіне 4-6%-дан аспайтын) кепілсіз несие беретіндей етіп қайта бағдарлау ұсынылады. Несие мақсаты және әртүрлі меншіктегі тауарлық фермалар үшін ауыл шаруашылығы үшін жабдықтар сатып алу болуы керек.

Үшіншіден, жергілікті атқарушы органдар отандық өнім үшін базарлар мен сауда үйлеріндегі сауда нүктелерін ұйымдастыру бағытында іс-шаралар жүргізуі қажет.

Төртіншіден, дайын өнім сапасының ұлттық стандарттарын халықаралық стандарттарға келтіру және өндірушілердің талдауларға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер құзыретін арттыру мақсатында ҒЗИ мен университеттер базасында ғылыми-өндірістік мектептер құру қажет.

The post Агроөнеркәсіп кешені-2020: субсидия мен нәтиже бәйгесі appeared first on Ekonomist Media.

Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма?
Қазақстан үкіметі 2020 жылы дағдарысқа қарсы шараларға ЖІӨ-нің 9 пайызын жұмсайды деп бағаланып отыр. Бұл АҚШ-тан аз (12%), бірақ Ресейден көп (3%). Алайда, дағдарысқа қарсы іс-шаралардың маңызы оның көлемінде емес, қаржы мен шешімнің бизнеске қаншалықты тез және нақты жұмсалуында. ҚР үкіметінің мемлекеттік қолдауға жұмсап отырған ресурсы қаншалықты тиімді болып жатқанын бағамдау мақсатында KPMG шілде айында «COVID-19 пандемиясы: Қазақстандағы бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шаралары тиімді ме? Нарықтағылардың пікірі» атты зерттеуін арнады.

Зерттеудің негізгі түйіні: коронадағдарыс кезінде бизнес мемлекеттік қолдауға зәру, алайда бизнестегі респонденттердің жартысынан астамы ақшаны алу процесінің ұзақтығын айтады, үштен бірі компанияларға шенеуніктер қойып отырған талаптарға наразы, ал сұрауға қатысқан әр тоғызыншы респондент бизнесіне үкімет ұсынып отырған «салық каникулы» көмектесе қоярына күмәнмен қарайды.

Бизнес жауап береді

Бұл – соңғы екі айда KPMG жүргізген екінші зерттеу: мамыр айында COVID-19 пандемиясының Қазақстан экономикасының негізгі секторларына ықпалын бағалаған есеп жарық көрген болатын.

KPMG жүргізген шілде айындағы зерттеуге шағын және орта бизнес, ірі бизнес, бірқатар банк, даму институттары, Қазақстанның бизнес қауымдастықтары жетекшілерінен тұратын 60 адамның пікірі негіз болды. Консалтинг компаниясы анализ жасаудағы негізгі мақсатын: «COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекеттік қолдау шаралары жеткілікті ме? Олар тиімді ме (бизнес тұрғысынан)? Бұл жүйені жетілдіру бағытында бизнестің ақылға қонымды ұсыныстары бар ма? Осыны түсінгіміз келді», – деп көрсеткен.

ДДСҰ биылғы наурыз айында коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен төтенше жағдай енгізіліп, 8 аптаға созылған бірқатар карантин шарасы қолға алынды. Негізінен қызмет көрсету саласына соққы болған карантин шектеулері кезінде 300 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі қызметін тоқтатты. Зардап шеккендер (табысынан айырылғандар) 1 млн компанияға жетті (Қазақстанда барлығы 1,6 млн заңды тұлға, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылық бар). Екінші деңгейлі банктерге қарызын төлеуді кейінге шегеруді өтінген компаниялар саны шамамен 15 мыңға жетті.

1,6 миллионнан астам адам ақысыз демалысқа жіберіліп, 4,5 миллион азамат (елдегі жұмыс күшінің 50%-ға жуығы) табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем (42 500 теңге) алды.

«Бизнес күрделі жағдайға тап болды, мұндайда операциялық қызметті жоспарлау мүмкін емес. Мұндай жағдайда тек мемлекеттен ғана қолдау күтуге болады», – дейді зерттеу авторлары.

Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешені 5,9 трлн теңге деп бағаланды (ЖІӨ-нің 9%-ы), алайда ақшаның басым бөлігі бизнесті қолдауға жұмсалды деп айта алмаймыз. Бұл қаржының 33%-ға жуығы республикалық және жергілікті бюджеттен түспей қалған кірістің орнына, 17%-ы – «Жұмыспен қамту жол картасына», 11%-ы әлеуметтік салаға жұмсалса, 7%-ы тұрғын үй құрылысына, экономикалық емес мемлекеттік бағдарламаларды жүргізуге, эпидемияға қарсы шараларға берілген. Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру арқылы бизнесті қолдауға жалпы көлемнің 17%-ы жұмсалған. Айрықша зардап шеккен сектор кәсіпорындары (кинотеатрлар, ойын-сауық және сауда орталықтары, әуе компаниялары және басқалар) жыл соңына дейін жер мен мүлік салығынан босатылса, микро- және шағын бизнеске 2020 жылдың қазан айына дейін салық төлемдері шегерілді.

Мемлекеттік қолдау шараларын компаниялар қалай бағалайды?

KPMG жүргізген сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы бағдарламаның өзектілігі мен орындалуын «орташадан төмен» деп бағалайды.

Сондықтан да респонденттердің 90%-ы «салалық критерийлерді кеңейтіп, бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларын «реинжиниринг» жасау керек» деп есептейді. Мемлекеттік көмекті ұсыну уақытына қатысты да қиындықтар бар: сұрауға қатысқандардың 50%-ы мемлекеттік көмекті алуға 3 апта және одан көп уақыт кетті деп көрсеткен. Қаржылық жағдайды тұрақтандыру шарасы ретінде үкімет ұсынған «салық каникулын» компаниялардың 89%-ы тиімсіз деп санайды.

Мемлекеттік көмектің өзектілігі мен орындалуын бағалауға келгенде компаниялар мен банктердің пікірі үйлеспейді. Бизнес бұл көрсеткішті 10-нан 4,7 балл деп бағаласа, банктер 7,8 балл беріп отыр. Дегенмен, банкирлер де қолдау бағдарламаларының салалық шектеуі бар екенін және жұмыс орны мен салық көлеміне қатысты талаптар артық екенін айтады.

Сұрауға қатысушылар маңызды мәселе көтеріп, мемлекеттік қолдауға ие бола алатындардың саны шектеулі екенін айтты. Сауалнамаға қатысушылардың бірі жаңа клиенттерге мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген займ алудың қиын екенін, жеңілдетілген несиенің бұрыннан келе жатқан клиенттерге берілетінін, ал жаңа клиенттерге келгенде ақша таусылып қалатынын айтты. «Бәрі бір кәсіпорындар, тек әр терезеден әртүрлі көмек алады», – деді тағы бір респондент.

KPMG сарапшылары респонденттердің көпшілігі «мемлекеттік қолдаудың бірыңғай ақпараттық порталы жоқ екенін және әр мемлекеттік бағдарлама бойынша бір оператор болмауын мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысу барысында кездесетін негізгі операциялық кедергі деп есептейтініне» назар аударады. «Мемлекет пен бизнеске конструктивті және ашық диалог жасау үшін бірыңғай платформа керек. Сарапшылардың тікелей талқылауы, бизнеске уақтылы және жеткілікті қолдау көрсету елдің дағдарыстан шығуына көмектесіп, ұзақмерзімді тұрақты дамуға жол ашады», – дейді KPMG мамандары.

«Мемлекет жарнамалап отырған шаралар арасында ірі бизнесті қолдау шарасы мүлдем жоқ деуге болады. Ал шын мәнінде барлық салық түсімінің 80%-ы ірі бизнеске тиесілі және еңбекке қабілетті халықтың 60 пайызын жұмыспен қамтитын да осы ірі бизнес», – дейді зерттеу авторлары.

Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейінгі талқылау барысында зерттеу авторы, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG инвестиция және капитал нарығы департаментінің жетекшісі Василий Савин ірі бизнестің жағдайына назар аудару және оған қолдау көрсету қажеттігін айтты. Ірі компанияларды қолдаудың шетелде кең тараған және мейлінше тиімді әдістерінің бірі – несиеге мемлекеттік кепілдік беру. Қазақстанда бұл тәсілдің қолданылуы шектеулі, ол негізінен 1 млрд теңгеге дейінгі және 15% ставкадан аспайтын шағын бизнестің несиелеріне қатысты ғана қолданылады.

Қолдауға кім зәру?

Тиімді жұмыс істеп жатқанына күмән келтірушілер көп болғанымен, Қазақстан үкіметі де қарап жатқан жоқ, әсіресе, бастама көтеріп, идея ұсынудан шаршамайтынын атап айтуға болады. 2020 жылдың наурыз айынан бері қарай үкімет қолға алған шаралардың бірқатарына тоқталсақ, олардың арасында фискалдық стимул беретін мүмкіндіктермен қоса (салықтан босату, мемлекеттік шығынның жаңа немесе кеңейтілген баптары), бизнес-климатты жақсарту және бизнесті қолдау сапасын арттыру шараларын айтуға болады.

KPMG жүргізген шілде айындағы зерттеудегі кейбір ұсыныстарды шенеуніктер белгілі бір дәрежеде іске асырып та жатыр. Мысалы, 2020 жылдың 14 шілдесіндегі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жедел шаралар қатарында: «Кәсіпкерлікті дамыту бағытында биылғы қыркүйек айында «Бизнеске арналған үкімет» деген бірыңғай қызмет толыққанды іске қосылады. Онда «ақылды реттеу» элементтері ескеріледі», – дегенді айтты. Ал кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультация алуын жеңілдету мақсатында «Бизнеске арналған бір терезе» толыққанды жұмыс істей бастамақ.

Бұл тетік мемлекеттік қолдау бойынша бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникация проблемаларын шешеді деген үміт бар.

ҚР үкіметі ірі бизнеске қолдау көрсетумен биылғы сәуір айында-ақ айналыспақ болған. Дәлірек айтсақ, сол кезде Дәленов мырза премьер-министр Асқар Мәмин мен үкімет мүшелеріне айрықша қолдауды қажет ететін елдегі 361 кәсіпорынның тізімін ұсынған. Оларға «жүйе құрушы» компаниялар деген атау берілген, алайда, әлеуметтік желіге шығып кеткен тізімге сүйенсек, ол компаниялардың көпшілігі сауда және құрылыс компаниялары, әуе компаниялары мен әуежай операторлары, бірқатар энергетикалық компания болатын. Жүйе құрушы компаниялар тізіміне кіруге мүмкіндік беретін іріктеу критерийі түсініксіз, ал үкімет тізімді жария етпестен қабылдамақ болғанын ескерсек, 361 компаниядан тұратын тізім көрсетілген үкімет қаулысының жобасы тарап кетуі халықтың біршама наразылығын тудырғанын айтқан жөн.

Бизнес қауымдастық пен сарапшылар тарапынан сынға ұшырағаннан кейін үкімет ірі бизнесті қолдаудан біржола бас тартып, экономиканың басым салаларына назар аудару жөнінде шешім қабылдады. Үкімет басымдық беретін салаға «құрылыс саласы, азаматтық авиация, өңдеуші өнеркәсіп, логистика, туризм, агроөнеркәсіптік кешен, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету секторын» жатқызып отыр (премьердің депутаттық сауалға жауабынан үзінді, құжаттың датасы: 12.06.2020).

Қолдау көрсететін саланың ауқымы тым кең. Мемлекеттік қолдаудың қандай принциппен және қандай жолмен көрсетілетіні де түсініксіз. Егер бұрынғы тәртіппен және бұрынғы бағдарламалар болса, ірі бизнеске айтарлықтай қолдау болмайды деп сеніммен айтуға болады.

«Бағдарламада ірі бизнеске қолдау көрсету болуы тиіс, бүгінгі бағдарламаның аясында ол жоқ болып отыр. Ал ірі бизнес экономиканың негізі ғана емес, сонымен бірге азаматтарды жұмыспен қамтушы. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларға, соның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына импорт алмасу саласындағы ірі бизнес субъектілерін кіргізген дұрыс», – деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова 2020 жылғы 21 шілдедегі үкімет отырысында.

Бахмутованың тағы бір ескертуі кепілдікке қатысты болды. «Кепіл проблемасын шешу жолының бірі – мемлекеттік кепілдік көлемін кеңейту. Соның ішінде Қазақстан даму банкінің қызмет аясын кеңейте отырып, оны ірі бизнеске мемлекеттік кепілдік ретінде пайдалануға болады. Қазір шағын және орта бизнес субъектілері үшін бұл қызметті «Даму» қоры атқарып отыр», – деді Бахмутова.

«Қазіргі сәттегі аса маңызды мәселенің бірі – айналымдағы қаржыны көбейту және қайта қаржыландыру үшін әдістерді қайта қарап, мейлінше несие алуға мүмкіндік беру. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, бөлінген ақшаның игерілуіне де септігін тигізеді», – дейді қаржыгер.

The post Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма? appeared first on Ekonomist Media.

Қазақстандағы кәсіби футбол: жоспарлаудың болмауы неге әкеліп соғады?
2020 жылы Қазақстандағы 12 кәсіби футбол клубын ұстап тұруға 23 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған (1-кесте). Премьер лигада ойнайтын 12 команданың барлығы дерлік қаржыландырудың негізгі бөлігін жергілікті бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан алады, яғни мемлекеттің қамқорлығында. Мәселен, «Ордабасы» ФК биыл Шымкенттің бюджетінен 6,25 млрд теңге алады, ал «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ «Қызылжар СҚ» футбол клубына бұдан 6 есе аз – 0,92 млрд теңге бөлген. Бұл сома жергілікті бюджеттің дене шынықтыру мен спортты дамытуға жұмсалатын қаржысының айтарлықтай бөлігі екенін айта кеткен жөн. Халықтың басым бөлігіне қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік бюджет қаржысы қоғамдық әл-ауқатты қалыптастырады. Ал кәсіби футболды қаржыландыруға басымдық беру қоғамға қандай пайда әкеледі?

1-кесте. Кәсіби футбол клубтарына жергілікті бюджеттен 2020 жылы жоспарланған (бөлінген) қаржы көлемі

Футбол клубы

Өңір

Жоспарланған (берілген) қаржы көлемі, млрд теңге

1

«Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ

Шымкент

6,25

2

«Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС

Қызылорда облысы

4,00

3

«Тобыл» футбол клубы» ЖШС

Қостанай облысы

3,25

4

«Жетісу» футбол клубы» КМҚК

Алматы облысы

2,65

5

«Әлеуметтік жобаларды қолдау қоры» ҚҚ

Қарағанды облысы

2,58

6

«Оқжетпес» футбол клубы» ШЖҚ МКК

Ақмола облысы

2,47

7

«ERTIS» футбол клубы» ҚҚ

Павлодар облысы

1,84

8

«Тараз» кәсіби футбол клубы

Жамбыл облысы

1,42

9

«Қайрат» футбол клубы» ЖШС

Алматы

1,00*

10

«Қызылжар СҚ» футбол клубы» ЖШС

СҚО

0,92

11

«Астана» футбол клубы» ЖМ

Нұр-Сұлтан

0,89**

12

«Каспий» ФК

Маңғыстау облысы

Дерек жоқ

*– футбол клубы бюджетінің негізгі бөлігін жекеменшік құрылтайшылар береді

** – футбол клубы бюджетінің негізгі бөлігі «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының қаржысы есебінен беріледі

Дереккөз:Goszakup.gov.kz деректері бойынша есептеу

7 наурыз күні футболдан ҚР кезекті чемпионаты басталды. Ашылу матчында Қазақстанның қазіргі чемпионы, елордалық «Астана» Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады. Матчты тамашалауға 500 адам келді. Еліміздің алты дүркін чемпионы, Еурокубокта ел атынан өнер көрсетіп жүрген «Астана» ФК матчты Алматыда, өз стадионынан 1200 шақырым қашықта, алматылық «Жас Қыран» стадионында өткізді. Себебі, «Астана Аренада» газон ауыстыру жұмысы жүріп жатыр.

«Астана Арена» стадионындағы соңғы ресми матч 2019 жылдың 28 қарашасында болды: астаналық клуб ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдады. Ал «Футбол алаңын толықтай қайта жабдықтауға арналған тауар кешені (газон, себу, ирригация жүйесі, дренаж жүйесі) ілеспе жұмысы мен қызметтерімен бірге» сатып алуы тек 2019 жылдың 16 қарашасында жарияланды. Жеткізушімен келісімшартқа 2020 жылдың 29 қаңтарында қол қойылды.

Қазақстанның футболдан 2020 жылғы чемпионаты 7 наурызда басталды, яғни соңғы матчты өткізу мен чемпионаттың басталуына дейін қосымша 3,5 ай уақыт болды. Ал газонды ауыстыру бойынша қызмет көрсетушімен келісімшартқа бірінші ресми матчқа бір жарым ай қалғанда ғана қол қойылды. Екі ай стадионда ешқандай жұмыс жүрген жоқ. Өтетін күннің барлығы белгілі, олай болса сатып алуды неге ертерек жариялап, жөндеу жұмысын чемпионат басталғанға дейін жасауға болмады?

«LCW Group Kazakhstan» ЖШС-мен 336 млн теңгенің келісімшартына қол қойылған. Келісімшарт бойынша мердігер «Астана Арена» стадионындағы жасанды газонды 120 күн ішінде ауыстыруы тиіс. Келісіп әрекет етіп, дұрыстап жоспарлаған жағдайда стадионды чемпионаттың басталуына дейін дайындап қоюға әбден болатын еді.

Мұндай жоспарлау қосымша логистикалық шығынға алып келеді (команда мүшелері басқа қалада тұруға және жаттығуға мәжбүр). Бұл шығынның бәрі айналып келгенде бюджеттен шығады. Қосымша логистикалық шығыннан бөлек билет сатудан, клубтың атрибутикасын және т.б. сатудан түсетін пайда кемиді. Бәрінен бұрын қызметті негізгі тұтынушылар – жанкүйерлер зардап шегеді.

«Астана» ФК өз матчтарының белгілі бір бөлігін басқа алаңда ойнайтын жалғыз клуб емес. Көкшетаулық «Оқжетпес» ФК да алғашқы матчын Алматыда өткізетінін жариялады, ал қарағандылық «Шахтер» өз матчтарын Қостанайда өткізбек. Негізгі себеп – стадиондардың дайын болмауы.

Стадиондарға қатысты мұндай жағдай бірнеше жылдан бері байқалып келе жатқан мәселе. 2015 жылдан бері қарайғы мәліметтерге талдау жасасақ, «Шахтер» футбол клубының өз матчтарын жыл сайын Қарағандыдан тыс жерде бастайтынын байқауға болады. Дәл осы себеппен көкшетаулық «Оқжетпес» алғашқы матчты Алматыда өткізсе, қарағандылық «Шахтер» Қостанайда ойнамақ.

2-кесте. «Шахтер» ФК өз алаңындағы матчтарының статистикасы (Қарағанды облысы)

Жыл

Чемпионаттың басталуы

Қарағандыдағы алғашқы матч

Чемпионаттың басында басқа алаңда ойнаған «үй» матчтарының саны*

2015

7 наурыз

7 мамыр

4

2016

12 наурыз

1 мамыр

3

2017

8 наурыз

6 мамыр

6

2018

11 наурыз

23 маусым

6

2019

9 наурыз

16 маусым

6

*– Астана және Теміртау қалаларындағы матчтар

Дереккөз:ҚР кәсіби футбол лигасының деректері бойынша есептеу

2019 жылы чемпионат 9 наурызда басталды, ал «Шахтер» Қарағандыдағы алғашқы матчты 16 маусымда, үш айдан кейін өткізді. Бұл аралықтағы 6 матчты Астанада, «Астана Аренада» ойнады. Қазір астанамыздағы стадион уақытша жөндеу жұмысына жабық болғандықтан, «Шахтер» ФК өз алаңындағы ойындарды Қостанайда өткізуге мәжбүр. Қарағандылықтардан бөлек, 2019 жылы «Атырау» ФК мен «Оқжетпес» ФК да өз алаңындағы матчтарды Астанада өткізді. Атыраулықтар қонақтарды Шымкентте де, Көкшетауда да қабылдады (3-кесте).

3-кесте. Өз алаңындағы матчтарды орналасқан қаласынан тыс жерде өткізген командалар

Клуб

Чемпионат басталғанда өз алаңындағы ойынды басқа алаңда ойнаған матч саны

Өз қаласындағы алғашқы матч

«Оқжетпес»

1

14 сәуір

«Шахтер»

6

16 маусым

«Атырау»

7*

23 маусым

*– 3 матч Астанада, 2 матч Шымкентте, 1 матч Көкшетауда

Дереккөз:ҚР кәсіби футбол лигасының деректері бойынша есептеу

Қазақстандағы футбол стадиондарының барлығы дерлік футбол клубтарына тиесілі емес, басқа шаруашылық субъектілерінің балансында. Футбол клубтарының заң жағынан стадиондарға қатысы жоқ және спорттық инфрақұрылымның жағдайына ықпал ете алмайды. Ал кәсіби спортта жоғары нәтижеге қол жеткізудің негізгі маңызды шарттарының бірі – инфрақұрылымның сапасы мен оның уақтылы жаңартылуы.

Футбол клубтары жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы алады, бірақ, спорттың бұл түрінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымға тиісті деңгейде назар аударылмайтыны және қаржы бөлінбейтіні анық. Егер ойнайтын алаңы болмаса, клубқа ақша бөлудің қажеті не?

Футболды кәсіби спорт түрі ретінде дамыту табысты болуы үшін жоспарлау, балалар футболын дамыту бағдарламасынан бастап, инфрақұрылымға дейінгі барлық факторды есепке алып, стратегия түзу керек.

Мұқият жоспарлаудың болмауы, тиісті инфрақұрылымды дамытпай, футбол клубтарының ағымдағы шығындарын қаржыландыру қосымша шығындарға алып келеді және жоғары нәтижеге кепілдік бермейді.

The post Қазақстандағы кәсіби футбол: жоспарлаудың болмауы неге әкеліп соғады? appeared first on Ekonomist Media.