Қаппаров Archives - Ekonomist Media

Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер
2019 жылы 28 қарашада Лондондағы Ұлыбританияның жетекші зерттеу орталықтарының бірі Chatham House Қазақстан жайлы зерттеулер негізінде жасалған «Қазақстан: билік транзитінің» сынағы» атты баяндаманы жариялады. Бұған дейін Ekonomist аталған баяндаманың синопсисін жариялаған болатын.

Баяндама презентациясы аясында баяндама авторлары мен Қазақстан және Ұлыбритания сарапшылары Қазақстан алдында тұрған проблемалар мен қауіп-қатер туралы пікірталас өткізді.

Ekonomist жобасының негізін қалаушы Қасымхан Қаппаров осы пікірталасқа қатысып, экономикадағы қауіп-қатер мен Қазақстан Үкіметіне экономиканың өсу қарқынын ұстап тұру және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін шешуге тура келетін мәселелерді атап өтті.

Қазақстанға төнетін қауіпті макроэкономикалық және әлеуметтік деп екі негізгі блокқа бөлуге болады

Макроэкономикалық қауіп

«Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге Ұлттық қордың қаражаты қанша уақытқа жетеді?»

Бұл ішкі және сыртқы инвесторларды толғандырып отырған басты мәселе. Ұлттық қордың қаражатын сақтап қалудағы басты қауіп – мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік шығындары, субсидиялау арқылы мемлекеттік және жеке бизнесті қолдауды арттыру, елден капитал шығарудың артып кетуі және айырбас бағамын реттеу.

«Қазір мемлекет тарапынан көмек көрсететін қарыздың жалпы мөлшері қанша?»

Мемлекеттің көзге көрінбейтін борышы және мемлекет кепіл болған корпоратив борыштың мөлшері Қазақстан үшін маңызды қауіп-қатер болып саналады. Қазір үкімет мемлекеттік компаниялардың сыртқы қарызын, ең алдымен бірыңғай зейнетақы қорынан қарыз алу есебінен ішкі қарызға ауыстырумен айналысуда. Сөйте тұра мемлекеттік компаниялар жұмысының тиімділігін арттыруға жеткілікті көңіл бөлініп жатқан жоқ.  Жеке компаниялар — банктер, агрокомпаниялар және өндірушілердің қарыздары маңызсыз деуге болмайды. Әлеуметтік шиеленіс артып кетпес үшін үкімет оған қолдау көрсетуге дайын. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанда өтіп жатқан коммерциялық банктердің теңгерімдерін тексеру (AQR) маңызды индикатор болып тұр. Мұндағы басты мәселе — мемлекет Ұлттық қор және басқа да мемлекеттік қорлар арқылы банктерге көмек көрсетуді одан әрі жалғастыра ма, әлде жеке банктердің проблемаларын бірінші кезекте олардың акционерлері шешуі тиіс деп ұйғара ма?

«Жеке бизнес қысыла бере  ме, әлде қалпына келе ме?»

Жеке секторды дамыту Қазақстан үшін маңыздылығы жағынан бірінші орында тұрған жоқ, аса алаңдайтын қатер деп есептелмейді. Бұл мәселе 2015 жылы ұлттық валютаның девальвациясынан кейін өзекті болды. Ол кезде қарқынды жұмыс істеп тұрған шағын және әсіресе орта кәсіпорындар саны төмендеп кеткен еді. 2014 жылдан бастап орташа кәсіпорындар саны екі есе азайып, 2000 жылдардың басындағы деңгейге түсті. Қазіргі саяси тәуекелдер мен фискалдық саясат шағын компаниялардың шоғырлануына және орта кәсіпорындар санының өсуіне басты кедергі болып отыр.

Әлеуметтік қауіп

Кедейлер көбейіп келеді

Қазақстандағы кедейлік мәселесі қайтадан өзекті болып келеді. Бұл – жағдайы төмен халыққа әлеуметтік көмектің тиімділігі қандай деген мәселені қозғайды. 2019 жылы әлеуметтік көмек алатын жандар саны күрт артып, 400 мың отбасына жетті. Нәтижесінде 2 миллионнан астам халық тұрмысын оңалта алмай отыр. Дүниежүзілік  банктің бағамдауы бойынша, Қазақстандағы кедейлік деңгейі 20%-ға жетті. Дегенмен, 4,3% деген ресми бағалау бірнеше жылдан бері өзгерген емес.

Бюджетке түсетін әлеуметтік салмақ

Егер Дүниежүзілік банктің бағалауы дұрыс болса, онда табысы кедейлік шегінен төмен Қазақстан азаматтарының саны 4 миллионнан асқан немесе мемлекеттен әлеуметтік көмек алатын адамдардың қазіргі санынан 2 есе артық. Мұндай жағдайда әлеуметтік қолдауға мұқтаж болатын азаматтардың саны алдағы уақытта екі есе артуы мүмкін және бұл мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік жүктемесінің артуына соқтырады деп болжау қисынды.

Ұсынымдар

Осы айтылған экономикалық проблемаларға лайықты жауап қалыптастыру үшін Қазақстан Үкіметі мынадай шаралар қабылдауы қажет және мүмкіндігінше жылдамдатқаны жөн.

Біріншіден, мемлекеттік саясаттың бағытын тиімсіз салаларды қолдаудан экономиканың жаңа секторларын дамытуға ауыстыру қажет, олар уақыт өте келе шешімдер қабылдау процесіне және экономикадағы ресурстарды бөлуге ықпал ету дәрежесі бойынша дәстүрлі сектормен бәсекеге түсе алады. Экономикадағы салалар көп жағдайда ресурстарды экспорттау және мемлекеттік бюджеттен көмек алу есебінен пайда көруге машықтанған. Бұл салаларды реформалау үлкен саяси ерік-жігерді талап етеді және таяу уақытта қол жеткізу қиын болып көрінеді.

Екіншіден, үкімет ұзақ мерзімді экономикалық және саяси реформалар жүргізу үшін ұзақ мерзімді тұрақтылық пен базаның кепілі ретінде орташа компаниялар мен орта тапты дамытуға назар аударуға тиіс.

Қазір орташа компаниялар экономикада елеусіз рөл атқарады, ал орта тап мөлшері төмендеп келеді, бұл ішкі сұраныстың, банк секторының және қор нарығының дамуына кері әсер етеді.

Үшіншіден, Үкімет жекешелендіру құралдарын пайдаланып және мемлекеттік бюджет үшін «ең жоғары кіріс» қағидатын енгізе отырып, ішкі және сыртқы инвесторлар үшін жағдай жасай бастауы тиіс.  Іскерлік белсенділіктің төмендеуі және соның салдарынан бюджетке салық түсімдерінің азаюы кезінде Үкімет экономикаға мемлекеттің қатысуы мөлшерін азайтып, жеке бизнес үшін жағдай жасауға көшуі керек. 2014-2015 жылдары мұнай бағасының күрт төмендеуі кезінде белсенді басталған жекешелендіру азаматтардың үкімет шешімдеріне деген сенімін арттыра алатындай өте ашық күйде жалғасуы тиіс. Жүргізіліп жатқан реформалар табыстылығының маңызды көрсеткіші – Қазақстанда өндіріс құру үшін жаһандық компанияларды тарту болады. Бұл жаңа технологиялардың көзі және елдегі адами капиталдың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

The post Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер appeared first on Ekonomist Media.

Қазақстан: өтпелі кезең сынағы
2019 жылы 28 қарашада Лондондағы Ұлыбританияның жетекші зерттеу орталықтарының бірі Chatham House-де Қазақстан жайлы зерттеулер негізінде жасалған «Қазақстан: «билік транзитінің» сынағы» атты баяндама жария болды.

Төменде баяндама синопсисі берілген. Онда посткеңес елдері үшін бұрын-соңды болмаған осы өтпелі кезеңге қатысты негізгі сұрақтар мен ұсыныстар баяндалған.

Ұйымдасқан транзит арқылы саяси биліктің ішінара берілуі Қазақстанды бұрын көз көрмеген бағытқа қарай жетеледі. Ел модернизация жасап, қажет реформаларды жүргізіп, авторитарлық қамытынан құтыла ала ма?

Қазақстандағы транзит

Қазақстан тарихи сындарлы сәтті бастан кешуде. 2019 жылы наурыз айында тәуелсіздік алғалы ел билеп келе жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін мәлімдеп, ноқта-жүгенді саяси транзитті бастаған кезде Орталық Азияның ең бай мемлекетінің алдында батыл эксперимент жолы ашылды. Бұрын-соңды пост кеңес елдерінде болмаған мұндай орын алмасудың қауіп-қатері де жоқ емес еді. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері елдегі билікті өз уысында ұстаудың арқасында жиған-тергенін сақтап қалуға деген ұмтылыспен қатар, Назарбаев Қазақстанның көптеген ішкі және сыртқы толқуларға қарамастан тұрақтылықты сақтай отырып өзі жол салған бағыттан ауытқымауын да қалайды. Дегенмен, бұл айтуға ғана оңай шаруа.

Бұл жоба төңірегінде түсініксіз жайттар көп. Әсіресе Назарбаевтың президенттікті тапсырып, отставкаға кеткеніне 8 ай тола салып бірқатар құзіретті өзіне «қайтарып» алуы, бұның қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аяқ-қолын жіпсіз байлауы да ерекше назар аударалық. Осылайша беделіне ашық нұқсан келген Тоқаев мұндай жағдайдан кейін қашанға дейін сенімді президент бола алады? Назарбаев қызы Дариға Назарбаеваға орынтағын дайындап жатқаны рас па немесе ол басқа бір туысы, әлде отбасы мүшесі емес салмақты тұлға болар? Назарбаев пен Тоқаевтың «қазақи тандемі» осылай ши шықпай жалғаса бере ме әлде, арасына ала мысық түсе ме? Соңғы болжам жайлы сыбыр-күбір көбейді. Республика басшылығы ел арасындағы бас көтеруді қалай ауыздықтамақ? Оған түрткі болатын саяси, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды қалай шешеді? Назарбаев саяси сахнадан бір күнде кетіп қалған жағдайда саяси транзит көші қалай қарай бұрылар еді? Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейінгі ұзақ мерзімді транзит қандай және оның тиімділігі қаншалықты?

Баяндама мақсаты

Қазақстан зерттелмеген аумаққа жатады. Сондықтан бұл есептің мақсаты екіұшты.

Біріншіден, Батысты Қазақстанға назар аударуға итермелеу.

Елдің Орталық Азиядағы маңызды орны және Қытай мен Ресейдің ұдайы көз тігуі – Батыстың Қазақстанға аз уақыт жұмсап, аз ресурс бөліп, дипломатиялық шараларды арттырмауының қате екенін көрсетеді. Бұл мүлт кету емес (егер бұл ел жайында қандай да бір есеп болған дейтін болсақ). Елдің болашағы қазіргідей болады деп қате ой түюдің арқасында немқұрайдылыққа салынған қателік те. Атап айтқанда, Қазақстан геосаяси жағынан іштей тұрақты, салыстырмалы түрде елеусіз, бірақ соған қарамастан Батыстың дос-одақтасы болып қала береді. Ел аумағы алдағы бірнеше жылдар ішінде стратегиялық маңызға ие болатыны факт. Дей тұрғанмен, қазіргі саяси жартылай орын алмасудың өзі Батысқа рационал аргументтер мен экономикалық логиканы жатсынбайтын жеке мемлекеттегі авторитаризмнің  жаһандық өсіміне қарсы тұруына сирек мүмкіндік ұсынады.

Есептің екінші функциясы — Қазақстан басшылығына ізгі ниетті жолдау арқылы қызмет ету.

Баяндаманың сегіз бірдей зерттеушісі жүргізген зерттеулер басшылық қойған мақсаттарға Қазақстанның жете алмай қалу қаупі бар екенін  көрсетеді. Қаншалықты маңызды болса да, Назарбаевтың жартылай биліктен кетуі өзі мен ізбасары уәде еткен жаңғыру мен жаңаруға кепіл бола алмайды. Егер Қазақстан өзінің тұрақтылығы, өркендеуі және дамуына байланысты артып келе жатқан проблемаларды шешкісі келсе, терең саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар керек. Назарбаев отставкаға кеткен соң бой көтерген көшедегі шерулер халық наразылығының деңгейі билік мойындағаннан әлдеқайда жоғары екенін көрсетті. Ел басшылары билеушілер мен басқарушылар арасындағы алшақтықты жойып, өз азаматтарына құлақ түре бастауы керек. Құлдырауды болдырмау және сыртқы қысым мен ел басшылары қызғыштай қорып келе жатқан егемендікті әлсіретуі мүмкін геосаяси күштерге қарсы тұру үшін, Қазақстанға басқарудың барлық деңгейінде жаңа тұлғалар — инноваторлар мен реформаторлар, сондай-ақ тың идеялар қажет.  Бұл есеп осы бағыттағы «идеялық» бастамаларға көмектесуге арналған. Ол сондай-ақ батыс үкіметтері мен мекемелеріне, сондай-ақ Қазақстан Үкіметіне арналған бірқатар ұсынысты қамтиды.

The post Қазақстан: өтпелі кезең сынағы appeared first on Ekonomist Media.