project syndicate Archives - Ekonomist Media

Ұлы қарыздан арылу процесі
Дарон Аджемоглу*

БОСТОН – COVID-19 дағдарысымен күресуге ауқымды бюджет кеңістігіне қажеттілік артқан уақытта дамушы елдердің сыртқы несиегерлерге қарызы 7,5 триллион долларға жетіп, осы қарызға қызмет көрсету құны күн өткен сайын ауыртпалық түсіріп отыр. Қарыздың біршама бөлігін кешіруге байланысты аргумент жетерлік, дегенмен кейбір саяси тұлғалар бұл шешімге қарсы. Олардың ойынша, мұндай шешім аталған елдердің халықаралық нарықтағы орынын шектеп, сол арқылы экономикалық өсу қарқыны мен инвестиция көлемі төмендейді.

Шын мәнісінде бұл көзқарасқа негіз болар дәлел аз. Халықаралық қаржы ағымы экономика мен инвестицияның өсіміне айтарлықтай  әсер етпейді, керісінше дамушы елдер нарығында волотильді күйдің сақталуына алып келеді. Алайда ғылым мен саясат төңірегінде халықаралық қаржы дамушы елдерге нәтижелі институт құруға, мысалы, банк жүйесі мен қор нарығын дамытуға мүмкіндік береді деген тұжырым бар. Қарызды кешіру идеясына келсіпеушілердің айтар тағы бір уәжі бойынша, дамушы елдерге  халықаралық облигация нарығына кепілдік беретін «дисциплина» керек. Себебі, капиталдан айырылу қаупі авторитарлы және  популистік басшылардың теріс әрекетін тоқтатуға мәжбүр етеді.

Сондықтан, Еуропадағы қарыз дағдарысы кезінде Грецияның несие тарихы бұзылмас үшін гектерге шетелдік банктердің алдында дефолт жарияламау туралы жиі айтылған. Грек сайлаушылары ресми үш несиегер (Еурокомиссия, Еуропа Орталық банкі, Халықаралық валюта қоры) ұсынған шарттан бас тартқанымен, ел үкіметінің сол қанаты олармен келісім жасасты. Сол кезде көптеген саясаткерлер нарық тәртібі жұмыс істейді деп қорытындылады.

Бүгінгі таңда мұндай пайымдауларға сенуге келмейді. Халықаралық қаржы авторитарлы режимді тексермейді, керісінше режимге көмек көрсетеді. Мысалы, 2009-2018 жылдары ОАР-ға халықаралық қаржының құюылуы тоқтамады. Тіпті сол  кездегі президент Джейкоб Зуманың клептократиялық үкіметі ел экономикасы мен институттарын әлсіретіп жатқаны айқын болғаннан кейін де аталған процесс жалғасын тапқан еді. Өзінің жеке меншік партиясы Африка ұлттық конгресі оны орнынан тайдыру үшін жасаған қадамдарынан соң ақыры аяғы Джейкоб Зума биліктен кетті. Халықаралық нарық әлеуетінің бұл оқиғалардың барлығына дерлік қатысы аз еді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның елдегі институттарға шабуылы шынымен де инвестиция мен өндіріс қарқынының құлдырауымен тұспа-тұс келді, алайда соңында шетелдік инвесторлар оны құтқарып қалды. Ағымдағы шот дефицитін қаржыландыру мен әлсіреп тұрған экономиканы қолдау үшін әлі де қаржы аударылып жатыр. Сондықтан, Ердоған билігін нығайтып, парламент пен сот өзіне бағынатын жаңа президенттік жүйе құрай алды. ОАР президенті Зуманың жағдайындағы сияқты Ердоғанға қарсылық танытып жатқан халықаралық нарық емес, ішкі саяси күрес. Өткен жылы муниципалдық сайлауда Ердоған партиясының Түркиядағы бірнеше ірі қалаларда жеңіліс табуы президент билігін айтарлықтай әлсіретті.

Жоғарыда аталған мысалдардан бөлек, халықаралық қаржы компанияларының дамушы елдерде Goldman Sachs банкінің қатысы болуы мүмкін Малайзиядағы 700 млн доллар 1MDB алаяқтық әрекеті туралы  даулы мәселесі сияқты ашық жемқорлық және қылмыстық іс жүргізгеніне дәлел болатын дүние көп. Бұл оқиғалардың ешбіріне таң қалудың қажеті жоқ. Жалпы халықаралық қаржы институттары өздеріне пайдалы шарт негізінде авторитарлы басшыларға несие беру мүмкінідігінен неге айырылуы керек? Немесе клептократтар мен күмәнді компанияларға жалған есеп-қисап жасауға, оларға салық офшорларын қолдануға көмектесе отырып өз кіріс көлемін неге арттырмасқа?

Мұндай зарары көп статус-кво жағдайынан арылу үшін коррупциялық режим қаржысына шек қоятын қарызды кешіру мен оны қайта құрылымдаудың жаңа формасын қарастыруымыз қажет. Жүзеге асыруға болатын идеялардың бірі – халықаралық банктерге несие беру әдісінің әділ ережесін қалыптастыра алатын  бейтарап, халықаралық орган құру. Кейін осы институт мемлекеттің ағымдағы борышы демократиялық үкімет кезінде жиналды ма, әлде мемлекеттік қарыз клептократиялық және алаяқтық несие берудің салдарынан орын алды ма, сондай-ақ, қарызды өтеу немесе қарызға қызмет көрсету құны халыққа орынсыз жерден қиындық туғызанын анықтай алады.

Демократиялық үкімет басқаруындағы мемлекеттерге келер болсақ, олардың сыртқы қарызы өте табысты шарт негізінде қайта құрылымдануы мүмкін. Дәл осындай шарт дамушы елдерде тікелей шетелдік инвестиция құятын ұзақ мерзімді несиегерлерге де қарастырылмақ (өйткені, несиелеудің мұндай түрі көп жағдайда авторитарлы басшылардың қалтасына кетіп қалмайды). Екінші топтағы мемлекеттердің бұрынғы авторитарлық және коррупцияланған үкіметтен жиналып қалған «жағымсыз қарыздары» кешірілуі тиіс. Қарапайым халық өз таңдауы арқылы жасалмаған қаржы институты мен биліктің арасындағы келісімнің салдарынан зардап шекпеуі керек. Клептократтармен «Фауст мәмілесін» жасасқан инвесторлар халықаралық қорғаудан пайда көрмегені жөн.

Үшінші топ, яғни әлеуметтік жағынан тиімсіз қарыз бен қызмет көрсету құнын өтеп жүрген мемлекеттерге келер болсақ, үкіметі демократиялық жолмен таңдалған кезде қарыз алған жағдайда да оларды кедейлікке одан сайын ұшыратпауға айқын аргумент бар. Жаппай қарызды кешіру мен қайта құрылымдау процесі дамушы елдердегі капитал молдығын жояды деген идеяның негізі жоқ. Егер дамушы елдер қарызды кешіру мен қайта құрылымдаудан бас тартса, қарыз көлемінің аса көп болуы инфрақұрылым, жаңа технология мен кедейлікті жоюға инвестиция құюға кедергі келтіреді.

«Жағымсыз қарызды» кешіру халықаралық қаржы нарығының әлеуетін одан әрі арттыратынын түсіну маңызды, себебі несиегерлер авторитарлы және коррупцияланған режимге көмектеспес бұрын жақсылап ойланғаны дұрыс. Мұндай өзгерістер жаһандық қаржы интеграциясын жандандыруға жаңа серпіліс береді.

Халықаралық қаржы ағымына тұтас кінәрат тағу орын алмаған жағдай да ғана жоғарыда аталған тәсіл жүзеге аспақ. Дамушы елдердің көпшілігіне бұрынғыдай инфрақұрылым мен инвестиция үшін қор қажет. Және олардың бұрынғыдай жауапкершілігі жоғары әрі жақсы басқарылатын халықаралық қаржы ағымын тартуға да мүмкіндігі бар. Дамушы елдерді қандай да бір қаржы көзіне жол таппайтындай жағдайға жеткізбеуіміз керек.

Осыған байланысты қарызды кешіру мен қайта құрылымдау үрдісі дұрыс әрекет еткен институттардың, сол сияқты коррупцияланған және авторитарлы басшылармен келісім жасаған институттардың арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсете алатын  нақты шұғыл шара ретінде жүзеге асуы керек. Бізге болашақтағы қаржы қатынастары ережелерін бақылайтын және қаржылық тәртіп бұзушылықты тексеретін ғана емес, ереже мен стандарттың жаңа жаһандық жүйесін қолдауға қабілетті халықаралық орган қажет. Тек осылайша дамушы елдердің, сонымен қатар халықаралық қаржы институттарының алдында аталған жүйенің легитимділігіне кепілдік беруге болады.

Дарон Аджемоглу, Массачусетс технологиялық институтының экономика профессоры The Narrow Corridor: States, Societies, and the Fate of Liberty кітабының бірлескен авторы (Джеймс Робинсон).

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

The post Ұлы қарыздан арылу процесі appeared first on Ekonomist Media.

Қарыздан құтылатын уақыт
Бұл материал Project Syndicate-мен бірлесіп жарияланған.

Виллем Х. Буитер*

НЬЮ-ЙОРК – COVID-19 дағдарысы көптеген жеке және мемлекеттік қарызгерлерді өтеуге күші жете бермейтін борыш батпанына тастайтыны анық. Біз әлі де ұсыныс пен сұраныс жағында өзгерістер қатар орын алатын Кейнсиандық дағдарыс фазасының алдында тұрмыз. Оның соңы жаһандық депрессияға алып келуі мүмкін.  Алайда коронавируспен күрес сәтті аяқталса, үй қожалығы сақтық үшін қор жинаумен шектеліп, ал кәсіп еріксіз капитал шығынымен ғана айналысатын болады. Бұның барлығы жиынтық сұраныстың/Кейнсиандық үдерістің одан әрі құлдырауына апарады. Бюджеттегі дефицит есебінен қаржыланатын, мүмкін болған жағдайда монетизацияланатын мемлекеттік ынталандыру ғана өндірістегі алшықтықты жоя алатын жалғыз құрал болмақ.

Әлем бойынша алдыңғы қатарлы қор валютасын шығарушы Американың өзге мемлекеттерге қарағанда федералды үкіметтің қарыз алу мен қарызды монетизациялау мүмкіндігінде шектеулер аз. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан төтенше экономикалық шара «Коронавирусқа байланысты қаржылай көмек пен экономикалық қауіпсіздік туралы» заң (CARES) бойынша шығындар, грант пен несиені қолдау, сондай-ақ, актив пен басқа да кепілдерді сатып алу үшін 2,3 трлн доллар қаржы бөлінеді. Конгрестің Бюджет жөніндегі басқармасының дерегіне сәйкес, алдағы он жылдықта аталған заң федералды тапшылықты «тек қана» 1,7 трлн долларға арттырады. Арасындағы айырмашылық АҚШ Федералдық қор жүйесінің шұғыл несие бағдарламасының кепілдігін қаржыландыру үшін  1,7 трлн доллардың  резервте сақталуымен түсіндіріледі. Бұл кепілдер ешқашан қолданылмайды деп жорамалданып отыр.

Шын мәнісінде жағдай басқа. Демократиялық партия бақылауындағы АҚШ Өкілдер палатасы жақында  3 трлн доллар сомасында тағы бір қаржылық заң жобасын қабылдады және оны барлық үлгіде Сенат мақұлдап, одан соң жаңа ынталандыру легі пайда болуы мүмкін. Заң шығарушылардың айтуынша, тіпті АҚШ-тың өзінде штат және жергілікті билік өкілдерінің көпшілігінде қаржы, несие кепілі немесе федералды үкіметтің тікелей трансфертінсіз дағдарысты жеңуге жеткілікті қаржы болмайды.

АҚШ-тағы жағдайдың баламасы әлемде де орын алып жатыр: экономикалық қолдауға бағытталған үкіметтік бағдарламалар мемлекеттік қарыз бен мемлекеттік сектор балансына тәуелді жеке қаржы көлемінің артуына алып келеді. Германия Федералды конституциялық сотының даулы шешімі, сондай-ақ, «Жаңа Ганзей лигасын» қалыптастырған ЕО-қа мүше сегіз елдің жалпыеуропалық қарыз идеясын қарастыруға дайын еместігінің салдарынан Еуроаймақта экзистенциалды дағдарыс бой көтеріп келе жатыр. Жалпы көлемі 240 млрд еуро (263 млрд доллар) болатын  «Пандемия кезінде дағдарысқа қарсы қолдау көрсету» деп аталатын ЕО-тың жаңа механизмі тым азшылық етеді, себебі ол Еуроаймақтағы елдердің ЖІӨ-ің 2%-на ғана тең.  Егер ЕО қолдауды күшейтпесе, Италия жайсыз таңдауға тап болуы мүмкін: Еуроаймақтан кету немесе қажетті бюджеттік ынталандыруды жүзеге асыру мүмкіндіктерінен айрылып оның құрамында қалу.

Әлбетте, жаңа франко-германдық ұсыныс бар. Ол бойынша ЕО капитал нарығынан түскен қарыз (ЕО жылдық бюджеті оның ЖІӨ-нің 1% құрады) арқылы қаржыланатын 500 млрд еуро (ЕО елдері ЖІӨ-нің 3,6 %) көлеміндегі  ЕО Еуропалық экономиканы қалпына келтіру қорын құру көзделіп отыр. Әзірге аталған қаражаттың қаншалықты жаңа әрі қанша жыл жұмсалатыны белгісіз. Франция және Германия үкіметтерінің ұсынысына сәйкес, аталған қаржы бюджеттік проблемалары бар елдерге грант ретінде қарастырылса, бұл қарызды бірлесіп төлеумен тең келеді және  «Жаңа Ганзей лигасы» тарапынан вето қою мүмкіндігін арттырады. Ал егер Еурокомиссия  ЕО елдерінің барлығына нарық жағдайында несие беру туралы шешім қабылдаса, Италия Еуроаймақтан шығып кетудің аз-ақ алдында қалады.

Бағымызға орай, алғы жылжудың тағы бір жолы бар. Экономикасы әлдеқайда дамыған елдерде дағдарыс кезінде жиналып қалған қарыздың біраз бөлігі мемлекеттік құрылым, оның ішінде Орталық банк иелігіне өтуі мүмкін және ол қарыздың барлығы дерлік ешқашан өтеліп бітпейді. Өз тәуелсіздігі мен саяси легитимділігін сақтау үшін Орталық банк  мемлекеттік бюджетпен орнын алмастырмауы керек. Бірақ шағын және орта кәсіпте COVID-19 дағдарысына байланысты туындаған қарыздың кешірілуі міндетті екені айқын. Ұлттық қазына қоры мұндай кешірімнің салдарынан Орталық банкте пайда болған кез келген шығынның орынын толтыруы тиіс.

Жария саудаға түсетін компаниялардың мемлекеттік несиегерлер алдындағы қарыздары акцияға, нақтырақ айтсақ,  дауыс беру құқығы жоқ артықшылық берілген акцияға конверсияланағаны дұрыс. Ол пандемия экономикалық жоспарлаудың жаңа дәуіріне бастама болады деген пікірдің ықпалын азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық қазына қоры Орталық банктің кез келген шығынының орнын толтыруы тиіс екенін және ескереміз.  Акционерлеу жұмысы барлық жаңа шыққан мемлекеттік қарыз міндеттемелеріне қатысты болуы керек. Салдарынан туындаған үлестік құралдар мемлекеттік бюджеттің бастапқы пайдасының бір бөлігін талап етуі немесе олардың пайыздық мөлшерлемесі ЖІӨ-нің өсу қарқынына байланыстырылуы мүмкін.

Алайда кедей елдерде осы амалмен әрекет етуге мүмкіндік жоқ. Брукингс институтының дерегі бойынша дамушы елдердің сыртқы қарызы шамамен 11 трлн доллар, олардың осы жылы қарызды жабуға жұмсалатын шығыны 3,9 трлн долларға жетуі мүмкін. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры сәуір айында аталған елдердің көпшілігіне қарыз көлемін аз да болсын азайту көмегін ұсынды.  Ал «Үлкен жиырмалық» мемлекетаралық қарыз өтемінде уақытша үзіліс жасауға келісім берді және сол арқылы жүздеген несиегерлердің де үзіліс беруіне жол ашты.

Дегенмен көмектің бұл түрінің берері тым аз, мерзімі тым кеш. Өйткені, жалпы қарыз мәселесін бірінші орынға қойып қарастырудың мүлдем қажеті жоқ. Кірісі төмен мемлекеттерге қаржы ресурстарын берудің ең тиімді жолы – грант (көмекқаржы). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта Маршалл жоспарында тек грант қарастырылған еді, қазіргі таңда кірісі төмен елдерге ұсынылатын «корона грант»  туралы көңілге қонымды уәж жоқ.

1996 жылы құрылған ХВҚ мен Дүниежүзілік банк ұйымдарының «Қарыз көлемі жоғары кедей елдерге көмек көрсету» бастамасы (HIPC) арқылы 36 мемлекеттің қарызы толық және ішінара өтелді. Әлемдегі ең кедей елдердің қарызын тұтас кешіруді бастап, осы идеяға қайта оралатын уақыт жетті. Мұндай іріктемелі қарыздан құтылу есебінде ХВҚ, Дүниежүзілік банк, басқа да жан-жақты несиегерлер, шет мемлекеттер, мемлекеттік құрылымдар (мемлекеттік кәсіпорындар), сондай-ақ, жеке несиегерлер алдындағы қарыздар да болуы керек.

Қарыз –өте қауіпті құрал. Жайсыз, бірақ қашып құтылуға келмейтін шешімдерді айналып өту үшін әлем ұзық уақыт бойы осы құралды қолданып келді. Жаһандық дағдарыс шарықтап тұрған кезде бұдан басқа амал жоқ.

*- Виллем Х. Буитер – Citigroup компаниясының бұрынғы бас экономисі, Колумбия университетінің профессоры.

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

The post Қарыздан құтылатын уақыт appeared first on Ekonomist Media.