Дүниежүзілік банк Archives - Ekonomist Media

3 әріптен тұратын экономика: Қазақстан қалай қалпына келеді?
2020 жылдың қазан айында өз макро болжамдарын жаңартқан екі бірдей халықаралық институт – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының қысқа мерзімді перспективаларынан үміт күтетінін мәлімдеді. Бұл ұйым сарапшылары 2020 жыл соңындағы экономикалық құлдырау жазда – коронавирус пандемиясы кезінде болжанғаннан аз болады деп санайды.

Алайда қаншалықты жылдам қалпына келеді? Коронавирустың екінші толқыны аясында экономика екінші рет құлдырай ма? Басқаша айтқанда, дағдарыстан шығу жолы қандай болады?  U -, V  мүмкін W-іспетті?

Шынтуайтына келгенде, бұл сценарийлердің барлығы да Қазақстан экономикасының траекториясын дәл беруі мүмкін. Тек қай жағынан келуіне байланысты.

Болжамдар шайқасы

Қазақстан экономикасының болашағына қатысты оптимизммен пікір білдірген Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк (ДБ) қазан айындағы болжамдарында өсім жайлы уәде берген жоқ.

Маусым айында 2020 жылғы ҚР ЖІӨ-нің 2,7%-ға төмендеуін күткен Халықаралық валюта қоры өз болжамдарын -2,5%-ға дейін түзеді.

Маусым айында жыл бойына -3,0% деп болжаған Дүниежүзілік банк енді -2,5% деп күтуде. ДБ мен ХВҚ-ның бағалауы сәйкес келуі сирек кездесетін жағдай. Әдетте консервативті Халықаралық валюта қоры Дүниежүзілік банкпен келіседі. Екі институт та 2021 жылы күтетін қалпына келу деңгейі сәйкесінше 3,0% (ХВҚ) және 2,5% (ДБ).

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Азия даму банкі (АДБ) бұған қарағанда пессимистік көзқараста. Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстан ЖІӨ-нің 4,0%-ға қысқаруын және келесі жылы 3,0%-ға өсуін болжап отыр. Азия даму банкі ҚР даму траекториясын осыған ұқсас күйде көреді: 2020 жылы -3,2% және 2021 жылы 2,8%.

Ең оптимистік болжамды Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) сарапшылары береді: 2020 жылы құлдырау 2,5%-дан аспайды, ал келесі екі жылда орташа есеппен жылына 4,7%-ға өсім көрсетеді дейді.

Бұл болжамдардың барлығына тән ортақтық: 2020 жылы ҚР экономикасы өсім көрсетпейді, ал 2021 жылы ЖІӨ-нің қалпына келу серпілісі өткен жылдың құлдырау тереңдігімен пара-пар болады.

Бұл ретте ХВҚ мен ЕАДБ бұл серпіліс Қазақстан экономикасын 2021 жылы толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді, ал басқалары толық қалпына келтіруді 2022 жылға қалдырады деп есептейді.

Қазақстанның ресми болжамдары халықаралық болжамдарға қарағанда оптимизмге толы. Экономика министрлігі көктемнен бері үмітін үзген емес: 2020 жыл соңында -0,9% (министрліктің ресми тұлғалары жылдың қорытындысы бойынша тіпті сәл-пәл өсім болуы мүмкін десе де) және 2021 жылы – 2,8%.

Егер осы болжамды деректермен жұмыс істейтін болсақ, Қазақстанда қалпына келтіру V- іспетті сценарий бойынша жүргізіледі.

Тоқсандар мен айлар

2020 жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша, статистика мамандарының ресми деректері әзірге жоқ, алайда ҰЭМ-де алдын ала қорытындылар жарияланып қойды.

«ЖІӨ өсу қарқыны 8 айда -3,0%-дан минус 2,8%-ға дейін жақсарды, қаңтар-қыркүйекте нақты секторда оң өсім 2,2% болып, жеделдеді», – деп мәлімдеді 13 қазандағы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Бұл ҚР экономикасы тоқсан бойынша алып қарағанда, екінші тоқсан қатарынан құлдырағанын көрсетеді жағдай U-тәрізді сценарийге көбірек ұқсайды: дағдарыс бірнеше кезеңді қамтиды, содан кейін өсім қалпына келеді.

Егер салалардың жай-күйіне терең үңілетін болсақ, олардың негізгілері – өнеркәсіп пен саудада (екеуі бірігіп ІЖӨ-нің 45%-ға жуығын құрайды) әртүрлі дағдарыс кезеңдері байқалды.

Өнеркәсіп қаңтар-қыркүйек айларында нөлдік деңгейде өнім шығарды, ал егер 2020 жылғы қыркүйек пен 2019 жылғы қыркүйектегі нәтижелерді салыстырсақ, онда өнеркәсіптегі өнім шығару 3,5%-ға төмендеді. Көктемнен бастап Қазақстанның OPEC пен оған мүше елдер мәмілесі бойынша мойнына алған міндеттемелеріне және мұнай өндірудің негізгі капиталына инвестиция төмендеуіне байланысты мұнай өндіру де қысқарды. Қыркүйекке қарай жыл бойынша қарқын 3,5%-ға төмендеді.

Өнеркәсіп өндірісіндегі дағдарыс әлі де жалғасуда және бұл сектор мұнай өндіру көлемі өскен кезде ғана өсімге оралады.

Сауда, сондай-ақ көлік және қонақүй мен және тамақтандыру қызметтері сияқты қызмет көрсету салаларындағы динамика карантин шараларына байланысты болды. Бөлшек сауда көктемгі локдаун кезінде құлдырай бастады (сәуірде 44,7% г/г), содан кейін қалпына келді және шілде айында екінші локдаунда қайта құлады (-7,5% г/г). Яғни, сауда W-тәрізді сценарий арқылы дағдарыстан өтті.

Нәтижесінде бөлшек сауданың құлдырауы баяулады: қаңтар-мамырдағы -12,6%-дан қыркүйекке қарай -6,8%-ға шықты. Бөлшек саудадан кейін көтерме сауда айналымы төмендей бастады, осылайша 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, сауда саласының жалпы нәтижесі -9,5% деңгейінде қалыптасты.

Тағы бір локдаун – біріншісіне қарағанда қатаң болмаса да, тағы да қызмет көрсету саласында құлдырау тудырады. Сауда оны 1-2 ай ішінде еңсере алады, ал көлік, тамақтану және шаштараз қызметі үшін үшін жоғалған табыс. Кейінге қалдырылған сұраныс үлкен рөл атқармайды, яғни жоғалған апталар немесе айларға айналады.

Тұрақты өсім көрсеткен үш сектор болды. Біріншісі – эпидемиологиялық жағдайға қатысы жоқ, бірақ ауа райына тәуелді ауыл шаруашылығы саласы. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы өнім жақсы түсімнің арқасында 5,0%-ға өсті (өсімдік шаруашылығындағы өсім 7,0%-ға, мал шаруашылығындағы өсім 3,8%). Айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттен тұрақты түрде көмек алушылардың бірі және дағдарыс кезінде қолдау көлемі артты.

Екінші сектор – тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысын ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеделдетілетін құрылыс. 9 айда өсім 10,5%-ға шықты. Байланыс саласы карантин шараларынан тіпті тек пайда көрді. Өйткені мемлекеттік сектор да, жеке кәсіпорындар да, үй шаруасындағылар да карантин кезінде цифрландыруды жеделдетіп, интернетті белсенді қолдана бастады. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, сектордағы өсім 8,2% болды, бұл ретте интернет желісі (сымды және сымсыз) қызметтерінің өсуі 12,8%-ға тең болды. Бұл секторларда ешқандай да дағдарыс болған жоқ.

Салық түсімдерінің төмендеуі болжам бойынша жалғасуда. 2020 жылғы қаңтар-тамызда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 11,1%-ға қысқарды, бұл ретте республикалық бюджет ең көп зардап шекті. Оның үлесіне түсетін салықтар 24,4%-ға төмендеді. Өткен жылға қарай негізгі салықтар – корпоративтік табыс салығынан (-32%), қосымша құн салығынан (-10%) және акциздерден (-6%) түсімдер төмендеді. Жергілікті бюджеттерде жағдай жақсы – биылдан бастап оларға шағын және орта бизнестен корпоратив табыс салығы түсіп тұрады.

Сыртқы сұранысқа қатысты проблемалар, сондай-ақ ішкі шектеулер сақталғанша корпоратив қаржының жай-күйі күрделі болып қала береді.

Егер қолдау азайса…

Жедел мәліметтерді қысқа уақыт ішінде талдап шығу ҚР экономикасында қазір барлық болжанған сценарий расталатынын көрсетеді. Тек фокусты өзгерту ғана әсер етеді. Неғұрлым маңызды мәселе – ненің есебінен өсімді қалпына келтіруге болады.

Қазіргі уақытта барлық дамып келе жатқан сектор (байланысты қоспағанда), мемлекеттік қолдау – фискалдық ынталандыру есебінен өсім көрсетіп отыр. Оның жалпы көлемі 2020 жылы ЖІӨ-нің 9%-ына бағаланады.

Мұнай мен металл кенін өндіру жобаларына инвестициялар салу арқылы өсім көрсетуі мүмкін тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа алдағы 3-5 жылда жеке инвестициялар есебінен өсім болуы мүмкін салалар әзірге көрінбейді.

Осыдан бастап тұрақсыздықтың негізгі факторы – қаржылай ынталандыру көлемінің қысқаруы шығады. Халықаралық валюта қорының бағамдауы бойынша, 2020 жылы ҚР бюджетінің шығындары ЖІӨ-нің 23,1%, 2021 жылы 22,0% болды. Кейіннен 2025 жылға қарай 19,7%-ға дейін төмендейді. Осы кезеңде кірістердің елеулі өсімі жоспарланбағандықтан (мемлекеттік кірістер көлемі ЖІӨ-нің 17,8-18,6% аралығында өзгеретін болады), фискалдық ынталандыру 2020-2025 жылдары мемлекеттік борыштың ЖІӨ-нің 23,4-тен 29,8%-ына дейін өсімі арқылы қамтамасыз ететін болады.

The post 3 әріптен тұратын экономика: Қазақстан қалай қалпына келеді? appeared first on Ekonomist Media.

Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады?
2020 жылы 5 тамыз күні Дүниежүзілік банк (ДБ) «Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту» тақырыбында брифинг өткізді. Бас спикер ретінде ДБ Орталық Азиядағы білім беру мәселелері бойынша жетекші маманы Айша Вауда сөз алып, 2020 жылдың маусым айында жүргізілген зерттеуді ұсынды.

Пандемия салдары мен әсерін түсіндіру үшін ол басқа пандемияны, яғни 2-3 жылға (1918-1920) созылған және нәтижелері 60-70 жыл бойы білімге әсер еткен испан тұмауын мысалға алды. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазіргі пандемияның әсері де 60-65 жылға созылады.

Оқытудың жаңа механизмдері мен түрлерін енгізу білім теңсіздігінің өсуіне, білім беру сапасына әсер етіп, мектеп оқуының 0,6 жылының жоғалуына, әлемде 7 миллионға жуық оқушының сапалы білім жолынан тыс қалуына әкеп соғады.

Пандемияның болашақ ұрпақтың еңбек табысына әсерін бағалау үшін үш сценарий жасалды. Олар: оптимистік, аралық (негізгі) және пессимистік. Базалық сценарий аясында әлем іске асырылмаған еңбек кірісі түрінде 10 трлн доллар жоғалтады, яғни 5 айға мектептерді жабу нәтижесі жаһандық ЖІӨ-нің оннан бір бөлігіне тікелей әсер етеді.

Сауат төмендейді

Орталық Азияның басқа өңірлерден айырмашылығы – дамушы елдердегі  халық саны бойынша оқушылардың салыстырмалы түрде көптігінде. Өзбекстанда ол халықтың 40%-ына тең болса (0-24 жас), Қазақстанда – 39%, Тәжікстанда – 49%, Қырғызстанда – 46%. Яғни, қазіргі оқыту нәтижелері өңір халқының жартысына жуығының жарасын тереңдетеді.

Дей тұрғанмен, аймақтағы оқу нәтижелері пандемияға дейін де өте төмен болды. Орталық Азия елдерінің оқушылары орта есеппен Еуропадағы құрдастарынан 1,5 жылға артта қалған. Мысалы функционалдық сауаттылық бойынша PISA зерттеуінің нәтижелерін алып қарайық. Ол – адамдарға қазіргі қоғам өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін дағдылар мен білім жиынтығы. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін (ЭЫДҰ) басқа елдермен салыстырсақ 10 оқушының 8-і функционалды сауатсыз. Ал ЭЫДҰ елдерінде керісінше, 10-ның 8-і функционалды сауатты болып келеді. Аймақтағы оқушылар пандемияға дейін де цифрлық дағдылар жағынан әлсіз, технологияларға қолы жете бермейтін еді.

Айша Вауданың айтуынша, өңір елдерінде техникалық қамтамасыз ету мәселесінде үлкен алшақтық бар. Қазақстанда оқушылардың 70%-ында үйде компьютер, интернет бар, ал Тәжікстанда бұл көрсеткіш 1%. Алайда, компьютермен қамтамасыз етудің жоғары көрсеткіштері интернет толық қолжетімді екенін немесе компьютердің заманауи екенін немесе оқушыларды үйде қашықтан оқыту үшін жағдай жасалғанын білдірмейді. 2018 жылғы деректерге сәйкес, қазақстандық оқушылардың 54%-ында компьютерлік сауат деңгейі компьютермен жұмыс істеу үшін қажетті функционалдық білім деңгейінен төмен болды, ал зерттеуге қатысушы барлық ел бойынша орташа алғанда бұл көрсеткіш 18% еді.

Спикер ерекше назар аударған ең маңызды сәт – пандемияға дейінгі нәтижелердегі теңсіздіктің тым жоғарылығы, аймақтағы оқу сапасы. Қырғызстанда ең кедей отбасылардың балалары бай отбасылардан шамамен 2,5 жылға, ал Қазақстанда бір жылға артта қалып отыр.

Өңір елдерінде жоғары оқу орындарына қабылдау коэффициенті де төмен болып саналады.  Ол, атап айтқанда, Өзбекстанда бар болғаны 10%, нәтижесінде оқушылардың 80-90%-ы тек бакалавр дәрежесін ғана ала алады. Нәтижесінде, жұмыс берушілер жас мамандардың қолынан іс келмеуіне байланысты проблемаларды бастан кешуде, бұл экономикадағы өнімділікке әсер етеді.

Батыл, бірақ білімсіз

Айша Вауда Орталық Азия елдерінің білім беру жүйесіндегі пандемия кезінде әрекет етуге деген күш-жігерін (Қашықтан оқыту арналарын шұғыл құру) өте батыл және дер кезінде қолға алынған шаруа деп бағалады. Дегенмен, ДБ бағалауы бойынша, бұл оқытуды толыққанды қашықтан оқыту деп атауға болмайды. Өйткені елдерде қашықтан оқыту үшін толыққанды база болған жоқ, оны дайындау ұзақ уақытты, сынақтар жүргізуді, оқытушыларды оқытуды, белгілі бір жабдықтың болуын талап етеді.

Жағдайды оқыту алшақтығының жоғарылығымен, оқытушылар мен студенттердің технологияларға қол жеткізе алмағанымен сипаттауға болады. Оқытушылардың барлығы бірдей қашықтан сабақ жүргізу үшін білім жетілдірген болып шықпады.

Орталық Азия аймағында білім берудің ең маңызды механизмі ретінде теледидар, телесабақтар, жоғары оқу орындарында онлайн оқыту қарастырылды.

Телемектептердің басты проблемасы эфир уақытының шегі болды. Яғни, сабақтар күніне 10-15 минутқа ғана созылды. Егер отбасында әртүрлі жастағы бірнеше бала және бір теледидар болса, мұндай форматтың қаншалықты нәтижелі екені белгісіз. Телеоқу жағдайындағы ең үлкен проблема оқытудың біржақты болуы, оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау үшін кері байланыстың болмауы және оқу процесін бақылаудың мүмкін еместігі болды.

Тағы бір проблема – қаржы тапшылығы. Өйткені көп қаражат Денсаулық сақтау саласына кетті.

ДБ өкілінің пікірінше, білім беру саласында күш-жігерді біріктіру, бағдарламаларды, бейнесабақтарды бірлесіп әзірлеу аймақ елдері үшін оң шешім болар еді.

Дегенмен, аймақтық синергияның мұндай мүмкіндігі қолданылған жоқ.

Миллиардтаған шығын болды

Дүниежүзілік банктің бағамдауына қарасақ: 5 ай ішінде мектептердің жабылуына байланысты өңір оқушылары 16 балл немесе оқу жылының жартысына жуығын жоғалтты, сондай-ақ функционалдық сауатсыздық 78%-дан 86%-ға дейін өсті, бұл ақшалай түрде 44 млрд доллар. Бұл Тәжікстанның жылдық ЖІӨ-сінен 5-6 есе жоғары және Қазақстан ЖІӨ-сінің төрттен бір бөлігі.

Тағы бір болжам – білім беру жүйесіндегі теңсіздіктің одан әрі өсуі. Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз саналатын топтары білім беруде пандемияның әсерін бақуат тұрғындарға қарағанда көбірек сезінеді. Кедейлер мен байлар арасындағы білім деңгейіндегі алшақтық арта береді.

Тағы бір проблема оқушылар мен оқытушыларға қолдау көрсетудің тапшылығына қатысты болды. Әсіресе оқушыларды қашықтан оқыту форматы барысында сабақ меңгерудің әртүрлі, тең емес деңгейі көрінді. Бұл болашақта аймақтағы білім беру жүйесіндегі теңсіздіктің одан әрі өсуіне әкеледі.

ДБ өкілдері, сондай-ақ, отбасы бюджетінің аздығы, үйдегі қаржылық жағдайдың нашарлығына байланысты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы көптеген оқушының жоғары білім ала алмауына байланысты өңірде білікті мамандар тапшылығы өсуі мүмкін екенін де болжап отыр. Нәтижесінде, осы ұрпақ үшін еңбек нарығындағы біліктілік алшақтығы бұрынғыдан да үлкен теңсіздікпен сипатталады.

Мектепте тегін тамақ бермей қоя тұру, жалпы тамақтандыру жағының нашарлауы оқу шығындарының артуына әкеледі.

Дүниежүзілік банк зерттеушілерінің бағамдауынша, күз келіп, қыс түсе жағдай нашарлай түседі. Әсіресе балалары мектепте тегін немесе жеңілдікпен тамақтанады деп сеніп отырғандар үшін ауыр.

Қалай түзеуге болады?

Мектептерді ашу туралы шешім қабылдау кезінде ДБ өкілдері үш негізгі элементтен тұратын білім беру жауабының стратегиясын әзірледі. Олар: «жеңу», «үзбей оқытуды қамтамасыз ету», «жетілдіру және жеделдету».

Пандемия кезінде әл-ауқаты төмен халық үшін оқыту нәтижелерінің төмендеуін барынша азайтуға баса назар аудара отырып оқытуды жалғастыру және кез келген жағдайда оның үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қазіргі дағдарысты «ойды өзгерту», болашақта неғұрлым сапалы, тең құқықты білім беру жүйесін құру мүмкіндігі ретінде қабылдау ұсынылады.

Проблемаларды Дүниежүзілік банктің ЮНЕСКО-мен және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп 2020 жылғы маусымда жүргізген жаһандық зерттеу нәтижелері айғақтайды. Бұл зерттеулер COVID-19 мектептерін жабуға арналған білім беру саласындағы ұлттық жауап шаралары болатын. Айша Вауданың айтуынша, осы  мәліметтерге сүйенсек, елдер, министрліктер «күзде, мектеп ашылар сәтте жаңа оқу жылы туралы қандай стратегиялар болатынын ойламақ түгілі, өз бастарымен қайғы болып кеткен».

ДБ өкілдері, біріншіден, үздіксіз оқытуды қамтамасыз етудің, онлайн оқытуды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл – шын мәніндегі жаңа экономикалық таңдау.

Болашақта озық әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қазір білім беруді бірінші орынға қою маңызды.

Екіншіден, білім беру жүйесінің бюджетін қорғау, оны қысқартуға жол бермеу өте маңызды. Бұл қашықтан оқыту сапасының жаңа бағдарламаларына және пандемиядан зардап шеккен, оқу бағдарламасынан қалып қалған студенттерге мақсатты, нақты қолдау көрсетуге де қатысты.

Қашықтан оқыту көптеген елде жаңа нормаға айналуы мүмкін. Сондықтан бүкіл аймақтағы цифрлық платформаларға қол жеткізуді күшейту қажет, – деп атап өтті Дүниежүзілік банк өкілдері.

Айша Вауда өз сөзінде оқуда артта қалған және мектептер ашылған кезде немесе қашықтан оқытудың толыққанды бағдарламалары іске қосылған кезде оқу бағдарламаларын орындай алмайтын оқушыларды одан әрі оқыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Мектептерде қосымша оқыту, «бір-бірлеп» оқыту немесе мұғалімнің артта қалған оқушыларды қуып жетуге көмектесетін көмекшілері лауазымын енгізу қажет.

Білім беру платформаларының бар болғаны ғана керек емес. Онда сапалы контент толып тұруы керек. Сондықтан қолданыстағы қашықтан оқыту бағдарламаларын жетілдіруге баса назар аудару керек. Мазмұн, оқу материалдары, студенттермен кері байланыс тетіктері, бағдарламалардың жүргізілуін үнемі бақылауға баса назар аударылуы керек.

The post Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады? appeared first on Ekonomist Media.

Қазақстан-2020: ЖІӨ құлауда, мемлекеттік шығын көбеюде, кедейлік артуда
Дүниежүзілік банк (ДБ) Қазақстан экономикасына кезекті шолу жасап, 2021 жылдың болжамымен қоса жариялады. ЖІӨ, жұмыссыздық, инфляция және экономикалық белсенділіктің төмендеуі сияқты макроэкономикалық көрсеткіштердің астарында бұлардан гөрі маңызды бір проблема жатыр, ол – кедейліктің артуы.

Коронадағдарыс кезінде бұрыннан бар проблемалар күрделене түсті, ал жаңа шешім әзірге жоқ. Қазақстан бюджет шығыны мен мемлекеттік қарызды көбейтуге мәжбүр болып отыр, ал трансферт Ұлттық қордан алынуда. Елімізге институционалдық өзгерістер қажет.

Плюстан минусқа

Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың экономикалық өсімі туралы болжамды жекелеген аймақтар мен елдерге бөліп, жылына екі рет – қаңтар және маусым айларында жариялайды. Әдетте жарты жылда деректер аса қатты өзгере қоймайды, оншақты пайыздық тармаққа ғана өзгереді, ал баяндаманың ауаны әдетте біркелкі: дағдарыс кезінде үрейлілеу болса, өсім уағында салмақтылау келеді. Алайда соңғы жылдары өзгерістер айтарлықтай байқалатын болды, баяндаманың ауаны да ауырлай түсті.

Әлемдік экономикадағы белгісіздік күйзеліс тудыратын факторлардың көбеюімен бірге ұлғайып келеді. 2018 жылдың көктем-жазында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан бастау алған қиындық жалғасып, биыл COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған дағдарыс күйзеліс факторына айналды.

2020 жылдың екі баяндамасының арасындағы айырма қаншалық екенін Қазақстанның мысалынан көруге болады. Қаңтар айындағы жаһандық экономикалық перспектива баяндамасында ДБ Қазақстан экономикасының 2020 жылғы өсімі 3,7% деңгейінде болады деген болжам жасаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі өсім 4% төңірегінде болады деп болжағанын ескерсек, бұл жорамал ақылға қонымды еді.

Көп өтпей Қытайда COVID-19 тарап, одан кейін эпидемия әлемнің әр түкпіріне, соның ішінде Қазақстанға да жетті. Қазақстан алғашқылардың қатарында наурыз-мамыр айларында 8 апталық локдаун жариялап, соның салдарынан қызмет көрсету саласының айтарлықтай бөлігі тоқтап қалды. ЖІӨ өсімінің болжамы 2020 жылдың маусым айындағы  шығарылымда жаңартылды, ал Қазақстанға қатысты шілдедегі  «Дағдарысты жеңу» баяндамасында ДБ сарапшылары ҚР жағдайын тереңірек сипаттап берді.

Олар 3,7% өсімнің орнына 2020 жылы 3,0% құлдырау болады деп болжап, 2,5% мөлшерінде қалпына келу 2021 жылы ғана мүмкін болады деп отыр. Бұл болжамға ҚР үкіметі маусым айының соңында жариялаған мейлінше жұмсартылған 4 апталық локдаунның салдары енген жоқ.

Өсудің қарқынды болмауына ықпал ететін фактор жеткілікті. Баяндамада мынадай жолдар бар: «Әлемдік экономикалық жағдайдың нашарлауы, елдегі оқшаулану шаралары және басқа да шектеулер біріккенде оның теріс салдары айтарлықтай ауыр болуы мүмкін. ОПЕК+ келісіміне сәйкес, Қазақстанның мойнында міндеттемесі бар, ол бойынша 2020 жылы мұнай өндіру мен экспорттау 20%-ға қысқаруы тиіс. Елдегі ірі мұнай кенішінің бірінде жаппай COVID-19 анықталуы тау-кен өнеркәсібі саласындағы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі деуге негіз бар. Ішкі карантин саясаты экономиканың басқа салаларына да айтарлықтай кесірін тигізеді. Елдің барлық аймағында аурудың күрт өршуі ұлттық экономиканың жағдайын одан сайын қиындата түсті, мұның салдары да оңай болмайды».

2019 жылы 0,7%-ға артқан мұнай секторы 2020 жылы 9,7%-ға құлдырайды, бірақ 2021-де 3,2% өсім көрсетеді. Мұнай емес сектордағы құлдырау 1,3% ғана болады, ал 2021 жылы 2,3%-ға артып, дағдарыс кезіндегі құлдырауды толықтай қалпына келтіріп алады.

ДБ сарапшылары 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,3% болады деп болжап отыр, 2021-дің соңына дейін 6,4%-ға дейін баяулайды. ДБ сарапшыларының болжамы бойынша, девальвацияға айырбас курсы да айтарлықтай әсерін тигізеді, ал курс тұрақсыз мұнай бағасына тәуелді. Сонымен бірге, «импорт тауарларға сұранысты қолдайтын аса қатал емес салық-бюджет саясатының» да ықпалы болады.

Ағымдағы операциялар шоты айтарлықтай минусқа кетеді: 2019 жылы ЖІӨ -3,6% болса, 2020 жылы -5,2% болмақ, ал 2021-де -4,6% болады. Тікелей шетелдік инвестиция 2020 жылы ЖІӨ-нің 3,2%-ынан 2,3%-ға дейін төмендесе, 2021-де 2,7%-ды көрсетеді. Шоғырланған бюджеттің жалпы балансы 2020 жылы -0,5%-дан -9,9%-ға дейін кеңейеді, ал 2021 жылы сәл ғана қысқарып, -6,4%-ды көрсетеді. Үкіметтің қарызы көбейе түседі, 2019 жылы ЖІӨ-нің 19,8%-ы болса, 2020 жылы – 26,9%, ал 2021-де 30,5% болмақ.

«Экономикалық дағдарыс кезінде салық түсімдері ойлағаннан да аз болатын болса, бюджетке қаржыландыру тапшылығын болдырмау үшін қосымша ресурс қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы қарыз алу немесе Ұлттық қордан трансферт алу жолымен кірісті арттыратын фискалдық мүмкіндік бар», – дейді баяндама авторлары.

«Бұлыңғыр» болашақ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ЖІӨ қарқынына қатысты болжамы сәуір айынан бері өзгерген жоқ, министрлік ЖІӨ 0,9%-ға төмендейді деп отыр. Шілде айының басында экономика министрінің орынбасары Мәди Такиев түзету болуы мүмкін екенін айтты. «Жартыжылдық қорытындысы бойынша қайта есептейміз. Жыл соңына қарай аз да болса өсім болуы мүмкін», – деді вице-министр.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамы аса қуантпайды. «Әрі қарайғы дамуға қатысты айтсақ, құлдырау қаупі бар. Пандемияның алдағы уақытта қалай қарай өзгеретіні белгісіз болып отырғандықтан және шектеу шаралары тағы да қайталануы ықтимал болғандықтан, оқшауланудан кейін қалпына келу процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Тұтынушылар мен фирмалардың уақытында төлей алмауы салдарынан қарыздың өсуі қаржы секторына түсетін салмақты арттыруы ықтимал», – дейді сарапшылар.

Эпидемияның тарауы себепті экономикалық белсенділікті тежеу – негізгі жағымсыз фактор, бірақ үкімет пен корпоративтік сектор бұл қадамға мәжбүрліктен барып отыр. Әрі үкіметтің шектеу шарасына тағы да қанша рет жүгінетіні және оның ұзақтығы қанша болатыны туралы ешқандай нақтылық жоқ, керісінше, белгісіздік басым.

«Қазақстандағы экономикалық өсімнің жағдайы онсыз да мәз емес екенін ескерсек, бұл сценарий жаһандық экономиканың құлдырауы мен оның салдарымен қосылса, тіптен қиындай түседі. Егер пандемия әрі қарай да жалғасса, шикі мұнайға сұраныс пен баға төмен күйінде қалса, 2020 жылы ЖІӨ 5-6%-ға дейін төмендеуі мүмкін деген пессимистік болжам жасауға болады. Мұндай жағдайда кедейлік деңгейі айтарлықтай өседі, – дейді авторлар. –  Іскерлік белсенділіктің төмендеуі әрі қарай да жалғасса, компаниялардың қаржылық жағдайы кәдімгідей нашарлайды, үй шаруашылығының қарызды қайтару мүмкіндігі төмендейді, ал бұл проблемалық несие көлемінің артуына және кең көлемді дағдарысқа әкеп соқтырады».

Зерттеушілер бұдан кейін мынадай маңызды қорытынды жасайды: «Ұзаққа созылған дағдарыс кедейлікті ғана емес, Қазақстандағы теңсіздікті де арттыруы мүмкін. Алдын ала бағалауларға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі жоспарланып отырған 8,3%-дан 12,7%-ға дейін өсуі мүмкін, бұл 800 мың адам кедейлікте өмір сүреді дегенді білдіреді. Пандемия, оның салдарын жеңілдету мақсатынан туған шаралар еңбек нарығына да әсер етпей қоймайды, жұмыспен қамту мәселесінде жағдай айтарлықтай қиындайды, әсіресе, біліктілігі төмен жұмысшылар істейтін секторларда жағдай ауыр болады. Сапалы білім алуға теңдей жағдай жасалмауы, соның ішінде карантин уақытында ондай мүмкіндіктің болмауы адам капиталының дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға ауыр тиеді».

Кедейліктің артуы – әлеуметтік-экономикалық проблема, ол саяси күйзеліске әкеп соғуы мүмкін. Соңғы жылдары халықтың наразы топтарының арта түскенін және эпидемия кезінде  халықтың билікке сенімсіздігі артқанын ескерсек, саяси жағдай қиындайды деуге негіз бар.

Ғажайып бола ма?..

Осындай қиын жағдайға қарамастан, ДБ аналитиктерінің макроэкономикалық және макрофискалдық тұрақтылыққа қатысты болжамы оптимистік сарында. Қазақстанның әлі де айтарлықтай халықаралық резеврі бар (ЖІӨ-нің >30%-ы) және салыстырмалы түрде үкіметтің сыртқы қарызы да аз (2020 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша, ЖІӨ 8,3%-ы).

Осы тетіктерді пайдалана отырып, үкімет мемлекеттік шығысты арттыра алады. Алайда жеке сектордағы іскерлік белсенділікті қалпына келтіру тек қана бюджет шығысымен шешілетін мәселе емес. Ол үшін сыртқы экономикалық конъюнктура жақсарып, қалпына келуі керек (соның ішінде бірінші кезекте мұнай бағасы реттелуі керек, ОПЕК+ келісімі тұрақсыз екенін ескерсек, бұған аса үміт артуға болмайды). Сонымен бірге елге ұлттық бизнестің инвестиция тарта бастауы маңызды.

Қазақстанның соңғы онжылдықтағы экономикалық дамуы негізінен несиенің пайыздық ставкасына субсидия беретін мемлекеттік бағдарламаларды ынталандыру есебінен болғаны белгілі, алайда бұл шаралардың әсері тым шектеулі екенін көріп отырмыз. Халықаралық және қазақстандық тәуелсіз сарапшылар бизнесті жүргізу үшін институционалдық ортаны өзгерту қажеттігін айтады. Сонымен бірге, кәсіпорындардың коррупция, тиімсіз реттеу және сот істерімен байланысты шығындарын төмендету керек дейді.

Бизнеске салық және әкімшілік жүктемені азайтып, реттеуші ортаның тиімділігін арттыру керек. Бюджеттің әлеуметтік шығындарын арттыра бермей, өнімді жұмыс орындарын ашуға күш салу керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың қыркүйек айындағы жолдауында «экономикалық серпінге әкелетін жаңа шараларды» қабылдап, экономикалық стратегия ұсынуға уәде берген. Оның механизмдері қандай болатыны әзірге белгісіз. Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі фискалдық және монетарлық саясаттағы көптеген қадамды пайдаланып та үлгерді. Ал бизнеске арналған институционал ортаны жақсарту түбегейлі саяси және әкімшілік реформаны қажет етеді. Ақорда әзірге мұндай реформа жасай алмай отыр.

The post Қазақстан-2020: ЖІӨ құлауда, мемлекеттік шығын көбеюде, кедейлік артуда appeared first on Ekonomist Media.

COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады?
COVID-19 пандемиясы әлемдік экономикаға ауыр соққы болды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жаңартылған болжамында (ХВҚ; 2020 жылдың 24 маусымында таныстырылды) биыл әлемдік ЖІӨ 4,9%-ға төмендейтіні айтылады, осылайша қор сәуір айындағы болжамын қайта қарастырып, 1,9 пайыздық тармаққа дейін төмендеу болатынын көрсетті. Дүниежүзілік банк (ДБ) болса, маусым айындағы болжамында құлдырауды -5,2% деп көрсетіп отыр.

ХВҚ мен ДБ дамыған елдердегі дағдарыстың ауыр болатынын айтуда, дегенмен дамушы елдердің де жағдайы мәз емес. Бір бөлігі шикізат ресурсын экспорттаушы (Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан), тағы бір бөлігі жұмыс күшін беруші (Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан) Орталық Азия елдері де дағдарысты мейлінше қатты сезінеді. Бүкіл әлем елдері үшін қазіргі дағдарыстың айрықша белгісі екінші дүниежүзілік соғыстан бері қарай алғаш рет терең құлдырау болса, Орталық Азия елдері үшін 1990-жылдардан кейін көрмеген кедейлік деңгейінің қайта оралуы болмақ.

ДБ сарапшылары 2020 жылдың 25 маусымында өткен «Орталық Азиядағы COVID-19: кедейлік және әлеуметтік-экономикалық салдар» атты аймақтық онлайн брифингте ОА аймағындағы кедейлікке қатысты осындай болжам айтты.

Миллиондаған кедей

Дүниежүзілік банк маусымдағы болжамында (2020) Орталық Азияның бес елінің үшеуінде, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда ЖІӨ төмендейтінін көрсеткен. Түркіменстан экономикасы бұрынғы деңгейде қалмақ. 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда баяу болса да, Өзбекстан әрі қарай өсе бермек.

Дамушы елдер үшін өсу қарқынының бәсеңдеуі әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. ОА елдерінің экономикасына коронадағдарыс айтарлықтай нұқсан келтіргенімен, тұрақтылыққа қауіп төніп тұр деуге болмайды.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия аймағы бойынша бас экономисі Уильям Зейц: «Орталық Азия аймағындағы елдердің тұрақтылықты қамтамасыз ететін қайнаркөзі бар: пандемия өршігенге дейін өсу қарқыны жоғары болды, азық-түлік қоры да жеткілікті. Тек осы қорды сауатты түрде бөлу өте маңызды», – дейді өз сөзінде.

Ел үкіметтері бірінші кезекте үш міндетті шешуі тиіс, атап айтқанда: еңбек нарығының қалыпты қызметіне оралу, әлеуметтік қорғау жүйесін жағдайға орай жедел әрекет ете алатындай етіп жетілдіру, мейлінше зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетуді қолға алу. Кейбір елде жекелеген міндеттерді шешіп те қойды (мысалы, Қазақстанда әлеуметтік жағынан қорғалмаған топ көмек алды), бірақ аймақ елдерінің ешқайсы еңбек нарығын қалыпқа келтіре алмады. Бұл кедейліктен қашып құтылу қиын дегенді білдіреді.

Зейц мырза пандемияның кедейлікке алып келуіне ықпал ететін төрт негізгі арнаны көрсетіп отыр. Біріншісі – еңбекақысына науқасына байланысты тікелей және жұмысы тоқтап қалуына, жұмыс уақытының қысқаруына және басқа да себептерге орай жанама ықпал. Екіншісі – қызмет көрсету саласындағы (білім беру мен денсаулық сақтау) үзіліс. Үшіншісі – еңбексіз кіріс, яғни мемлекеттік өтемақы мен ақша аудару. Бұл арна бойынша ОА аймағының бес елінің үшеуіне дағдарыс мейлінше қатты әсер етеді. Әңгіме Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан туралы. Бұл елдердің ЖІӨ-ге шаққандағы шетелден келетін жеке ақша трансфертінің көдемі 33, 29 және 15% (2018).

Төртінші арна – тұтыну: эпидемия мен карантин шаралары тапшылық тудыруы мүмкін, ал тапшылық бағаның өсуіне әкеледі.

Коронадағдарыс тұрғысынан алғанда, ОА елдері үшін ең негізгі мәселе – жұмыссыздық. Биылғы көктемдегі ресми және бейресми жұмыссыздықтың салдары кедейліктің артуына жол ашады.

Зейц мырза «Өзбекстан азаматтарын тыңдасақ…» атты жаңа зерттеудің нәтижесін жария етті, онда карантин шаралары (соның ішінде нақты оқшаулану режимінің енгізілуі) жұмыс істейтіндер санының күрт қысқаруына алып келгені көрсетілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мейлінше қатты зардап шеккен: 2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында «өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс» көрсеткіші 40%-дан 15%-ға түсіп кеткен. Olx.uz сайтында жарияланған вакансия саны (еңбек нарығына сұраныс) биылғы көктемнің кейінгі екі айында 75%-ға қысқарған, ал туризм және HoReCa салалары бойынша қысқару көрсеткіші 90%-ға дейін.

Тәжікстандағы жағдай да осыған ұқсас: Зейц Somon.tj порталындағы деректерге сүйене отырып, қаңтар-маусым айларында мамандарға сұраныс 71%-ға түскенін айтады; Өзбекстандағыдай мұнда да негізінен қызмет көрсету секторы зардап шеккен, сонымен бірге шетелге жұмыс күшін жіберушілерге де көп залал келген.

Қазақстанда бұл көрсеткіш – 37% (Rabotanur.kz деректері бойынша 2019 жылдың мамыр айы мен 2020 жылдың мамыр айын салыстырғанда), жұмыс күшіне сұраныс қатты төмендеген салалар – сауда, әкімшілік басқару, заң, бухгалтерлік есеп салалары. Құрылыс мейлінше аз зардап шеккен сала болып отырғанын айтқан жөн.

Мұның барлығы аймақтағы кедейлік көрсеткішіне қалай әсер етеді? Уильям Зейц бағалауында былай дейді: «Біздің болжам бойынша, 2020 жылы кедейлердің саны 1,4 миллион адамға дейін артады, кедейлік шегін анықтауда табыс деңгейі ортадан төмен елдерді мысалға алдық (күніне бір адамға 3,2 доллар). Ал табысы орташадан жоғары елдерде (күніне адам басына 5,5 доллар) кедейлер саны 2,6 миллион адамға артпақ. 2000 жылдардан бері бірінші рет Орталық Азияның барлық елінде кедей халықтың үлесі артпақ».

2,6 млн деген – Орталық Азия елдері халқының шамамен 4%-ы.

Дағдарыстан кейінгі кезеңге жету

Мемлекеттік саясат деңгейінде дағдарысқа қарсы қандай бейімдеу шаралары жүзеге асты? Уильям Зейц бейімдеу саясатының екі кезеңі туралы айтады. Бірінші кезеңде саналы түрде экономикалық қызмет тоқтатылды, бұл халықтың денсаулығын қорғау үшін керек еді. Одан кейін уақытша азаматтарды және бизнесті қолдау шаралары қолға алынды. Екінші кезеңде шектеулер біртіндеп алынып, экономикалық қызметті жүргізу мүмкіндіктері кеңейе түседі, адамдар жұмыс орнына орала бастайды. Бұл ретте жұмыспен қамтуды қолдайтын тетіктер маңызды.

Алайда, эпидемияның екінші толқыны жағдайды қайтадан бірінші кезеңге апарып тастауы мүмкін.

Бұдан кейінгі дағдарысқа қарсы шаралар қандай болуы керек? Зейц мырзаның ұсыныстары мынадай:

Еңбек нарығын қалпына келтіруге тырысу және мейлінше өнімді инвестиция тарту;

«Жасыл» жұмыс орындары (энергияны үнемдеуге ықпал ететін жұмыс орындары);

Сұраныс жоғары аудандарда баспананың қолжетімді болуы (жалға алатын баспананы қоса алғанда);

Жалақыны субсидиялаудың салалық бағдарламалары;

Жергілікті инфрақұрылым құру, негізгі қызмет түрлерінің мейлінше жоғары сапалы болуына қол жеткізу;

Жалпы көпшілік үшін бала күтімін жасауды қамтамасыз ету;

Кірісі жоқ (немесе кірісі өте төмен деңгейдегі) адамдар санының күрт артуына байланысты әлеуметтік көмек түрлерін кеңейту;

Қаржыландыруды арттыру, экономиканың қалпына келу ретіне қарай оны біртіндеп азайту;

Карта жасау әдісін пайдалана отырып, қажеттіліктерді мейлінше тиімді жолмен анықтау және атаулы көмекпен қамтамасыз ету;

COVID-19 қайта оралған жағдайда материалдық көмек беру бағдарламасын жасап қою.

Дүниежүзілік банктің аға экономисі түйткілді мәселелер туралы сөз еткенде былай дейді: «Бюджеттің мүмкіндігі айтарлықтай қысқарып отырған шақта және жаһандық рецессиядан кейін экономикалық дағдарыстың екінші толқыны келе жатқанын ескерсек, халықтың аз қорғалған топтарына қолдау көрсету ұзақтығы мен ауқымы сияқты мәселелер өзекті болып қала бермек».

ОА елдері үшін (жалпы бүкіл әлем үшін) коронадағдарыс әлі аяқталмаса да, қазірден қорытынды жасауға болатын жайттар бар. Оларды Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук былай деп санамалап отыр: ұлттық денсаулық сақтау жүйесін күшейтіп, әлеуметтік қорғау жүйесін мықтау, оларды болашақта болуы мүмкін осындай соққыларға дайындау. Жұмыс орындарын аша отырып (соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріп), нақты секторды мейлінше белсенді қаржыландыру және құрылымдық реформа жүргізу қажет. Цифрландыру процесі де жеделдетуді қажет етеді: ОА елдерінде бұл саладағы монополияны жойып, нарыққа кіретін жаңа ойыншылардың алдынан шығатын кедергілерді жою. «Жасыл» қалпына келтіру – тағы бір тренд, яғни экономикалық өсімді қалпына келтіруге шақыратын жобалар тұрақты даму мақсаттарын да қанағаттандырғаны дұрыс.

ОА елдерінің үкіметіне несие беруге дайын халықаралық қаржы институттары үшін де дәл осы айтылғандар басым бағыт болып саналады.

«Осы бір ауыр дағдарыс жағдайында Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдеріне пандемиямен күрес кезіндегі шұғыл шаралар мен экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастырып отыр. Кедейлікті жою мен жалпы әл-ауқатты қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Бұл біздің барлық жобамыздан көрініс тауып отыр, осы аймақта жүзеге асырып отырған жобалардың жалпы құны 9,6 миллиард долларға жетеді. Соның ішінде пандемиямен күреске байланысты шұғыл шараларға деп берілген 400 миллион доллар да бар», – дейді Бурунчук. Қазіргі кезде Дүниежүзілік банктің ОА елдеріне ұсынып отырған несие портфелі 10 млрд доллардан асады, бұл қаражат 76 жобаны жүзеге асыруға берілген. ДБ 2013 жылдан бері қарай несиелеудің жылдық көлемі 90%-дан аса өскенін көрсетіп отыр.

The post COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады? appeared first on Ekonomist Media.

COVID-тен кейінгі бизнес: қолдаудың зияны болуы мүмкін бе?
Коронавирус пандемиясы әлі толық ауыздықталған жоқ, көптеген мемлекет карантин шараларын толығымен алып тастауға асығар емес, соған қарамастан локдаун режиміндегі өмір жалғасуда. Коронавирустан кейінгі экономикалық жағдай қазірдің өзінде айқындала бастағандай. Көптеген мемлекеттің үкіметі соңғы айларда ұлттық экономикаларына қолдау көрсету бағытында бірқатар іс-шараны қолға алды.

Бұл іс-шаралардың арасында макроэкономикалық және фискалдық қолдау шаралары да бар. Үкіметтер мен орталық банктер қолдау көрсету жағынан аянып қалған жоқ, бір-бірімен араластырып, бір-бірін толықтырып, толып жатқан шараны қолға алды. Оның ішінде есептік ставканы төмендету, активтерді сатып алу, бизнестің қаржылық емес міндеттемесіне қайтарымсыз несие беру де бар.

Өрт сөндіру кезіндегі құтқару шарасы секілді болғанымен, бұлардың бәрі бірдей кәсіпорындарды тек қана сауықтыруға бағытталмағаны басынан-ақ белгілі еді. Төменгі деңгейдегі қаржыландыру мен несие төлемін шегеру түптеп келгенде бизнестің ынтасына кері әсер етіп, моральдық тәуекел тудыруы мүмкін. Нәтижесінде компаниялар дағдарыстан әлсіреп, мемлекеттік қолдауға иек артуға бейім болып шығуы мүмкін.

Қазақстан билігі мейлінше консерватив әрекет етті, сондықтан болжанып отырған қатер аймағы да аздау. Дегенмен, Қазақстан экономикасы үшін де тиімсіз инвестиция, капиталды тиімсіз пайдалану және жаңа зомби компаниялардың пайда болуы сияқты мәселелер өзекті.

Моральдық тәуекелден құтылу қиын

2020 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік банктің (ДБ) сарапшылары «COVID-19 пандемиясы кезіндегі гибернация режимінде компанияларды қаржыландыру» (Financing Firms in Hibernation during the COVID-19 Pandemic) зерттеуі бойынша есебін жариялады.

Мамандар компаниялардың тұрақты қаржылануын қамтамасыз етуге бағытталған қолдау механизмдерінің барлығын бірнеше топқа бөлді.

Бірінші – жаңа жүйесіз (өзгеше) қауіппен жұмыс істеуге институттық бейімделу. Ковидке дейінгі дәуірде қаржы жүйесіндегі заңдық және реттеу механизмдері жүйені тұрақтандыру үшін аяқ астынан болатын жағдайлардың алдын алуға бағытталатын еді. Актив бойынша қаржы ағыны нашарлаған жағдайда реттеуші кредитор банкті қорды арттыруға міндеттейтін. Қарыз алушы компания төлей алмаса, банкротқа ұшырауы мүмкін еді.

Коронадағдарыс кезінде тиімді жұмыс істеп тұрған фирмалармен қатар, жұмысы тиімсіз компаниялардың да жағдайы нашарлады. Бұл жағдайда әдеттегі процедуралар жарамайтын болғандықтан, қаржылық реттеушіге сүйенген қаржы институттары төлемдердің мерзімін жаппай шегере бастады. Дүниежүзілік банктің сарапшылары мұны зомби компаниялар ұтымды пайдалануы мүмкін деп есептейді. Моральдық тәуекел көрінетін жағдай туындап отыр: қарыз алушылар қарызды қайтарудан бас тартуы мүмкін. Сондықтан қаржылық реттеуші дұрыс жолдағы қарыз алушы компанияларды ынталандыру механизмдерін жасап, қолға алуы тиіс.

Екінші – ставканы төмендету есебінен компанияларға қосымша несие беруді қамтамасыз ету, банктердің нақты секторды несиелеуіне қосымша өтімділік ұсыну шарасы.

ДБ сарапшылары «қауіпті үкіметке итере салуға мүмкіндік беретін саясаткерлер» деп атаған шаралар өзгелерден оқшау тұр. Бұл мемлекеттің қатысы бар банктерді капиталдандыру арқылы жүзеге асуда, олар кепіл ұсынып, ірі несие портфельдерін сатып алуы тиіс.

Дүниежүзілік банктегілер несие төлемін ауыстыру саясаты ірі компаниялар мен ШОБ ерекшеліктерін есепке алуы тиіс деп есептейді. Ірі бизнес қаражатты тек банктерден емес, қор нарығынан да алатындықтан, оларды қолдау тек банктердің қолдауымен шектелмейді. Оның үстіне, бұл шағын және орта бизнестің капитал тарту мүмкіндіктерін шектейді, ал бұл топтағы кәсіпорындар үшін банктер – қарызға қаржы алудың жалғыз көзі. Дүниежүзілік банктегілер ел үкіметтері салаға ықпал ету ауқымына назар аударуы керек дейді, сонымен бірге қарыз берушілер үшін ғана емес, алушылар үшін де позитив стимул болғаны дұрыс (моральдық тәуекел мүлде болмауы тиіс). Компаниялар мемлекеттің қолдауына иек артып алмауы тиіс, мәселен, жеңілдікпен несие алып, акционерлерге дивиденд төлеуі дұрыс емес.

Қаражат шектеулі, сондықтан іс жүзінде үкіметтер мен орталық банктер бірінші кезекте кімге көмектесу керектігін анықтап алуы тиіс. ДБ сарапшылары бірауыздан бірінші кезекте банкротқа ұшырауы қосымша құн тізбегінің бұзылуына әкелетін, сала үшін салдары ауыр болатын кәсіпорындарды құтқару керек дегенге тоқтап отыр.

Оның үстіне, қанша компанияның гибернация режимінде өмір сүре алатыны анық емес. Қолдау үкімет белгілеген локдаун мерзімінде ғана емес, одан әрі қарай да, мәселен, жеке инвестициялар гибернация режимінен шыққанға дейін керек болуы да әбден мүмкін.

Стандартқа сай көмек

Қазақстан – қор нарығы жеткілікті дамымаған, Ұлттық банктің саясаты қатаң ел, бұл компанияларды қаржыландыру мәселесі де мейлінше қиын болатынын көрсетеді. ДБ сарапшылары нақты баға бермегенмен, дамушы елдерде шетелдік инвестиция ағыны қысқарады, сырттан қарыз алу ставкасы өседі және ұлттық валюталар құнсызданады деген болжам жасап отыр.

Қазақстанда коронадағдарыс бастала салған кездің өзінде-ақ аталған төрт қауіптің екеуі болып қойды, атап айтқанда, тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) таза түсімі 2020 жылдың І тоқсанында 16%-ға қысқарып, осы кезеңде доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 18%-ға нығайды.

Қазақстан билігі наурыз-сәуір айларында-ақ ауқымды іс-шаралар кешенін белгілеген, оның ішінде фискалдық шаралар да бар. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобаларға мемлекеттік инвестицияны арттыру, мейлінше зардап шеккен салалардың салығын кейінге қалдыру немесе босату (Еңбекақы төлеу қорына, мүлікке, т.б. салынатын салық).

ҚР Ұлттық банкі (ҚР ҰБ) сәуірдің басында коронадағдарысқа жауап ретінде базалық ставканы 12,00-ден 9,50% пайызға дейін төмендетіп, коридорды ±2,00 п.к. деп белгіледі (одан сәл бұрын, наурыз айында ставка 9,25-тен 12,00%-ға дейін көтерілген) және ШОБ субъектілеріне несие төлеу мерзімін шегерді. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 11 мамырдағы үндеуінде несиесі шегерілетін салаға жататын фирмалар қатарында сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қойма, тұру және тамақтандыру, ақпарат пен байланыс, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейтіндер бар екенін айтты.

Экономиканың басым секторына субсидия беру Қазақстан экономикасы үшін қалыпты жағдай, дағдарыс кезінде де қаржыландыру көлемі артты. Әңгіме теңгеге ұзақмерзімді өтімділік ұсыну механизміне қатысты («Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы), ол бойынша ҚР Ұлттық банкі өткен жылы екінші деңгейдегі банктерден несие алушы 8%-бен алуы үшін олардың облигациясын 600 млрд теңгеге сатып алған болатын.

Коронадағдарыс басталғаннан кейін үкімет «қарапайым заттар экономикасын» қолдауға тағы да 400 млрд теңге бөлді, соңғы ставка 6% деп белгіленді. Әрі мемлекет кепіл қоюға қиналатын кәсіпорындарға кепілгер болуды ұсынып отыр.

Үкімет жүйе түзуші компаниялардың тізімін дайындауда, оларға қолдау шарасы ретінде несиеге мемлекеттік кепілдік ұсынылады, теңге өтімділігі арзан болады және салық жағынан да жеңілдік жасалмақ. Жүйе түзуші кәсіпорындар үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтару мен рұқсат құжаттарын беру жеңілдетіледі және жылдамдатылады. Алайда, жүйе түзуші компанияларға нақты кімдер жататыны туралы нақтылы бір түсінік жоқ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2020 жылғы сәуір айының соңында алғашқы тізімді жариялағаннан кейін «Атамекен» ҰКП бизнесті қолдау механизмдерін жасауға белсенді араласып, «бизнеске қаражат пен жеңілдікті бөлудің ашықтық принципіне негізделген қолдау көрсетілуі тиіс» деп мәлімдеген болатын.

Қалай болғанда да, бәріне бірдей көмектесу мүмкін емес, ал егер ДБ ұсынысы бойынша қосымша құн тізбегіне қатысы бар кәсіпорындарды таңдайтын болсақ, мемлекеттік компаниялардың жолы болады. Ал мұндай компаниялар онсыз да бюджеттен 0%-ға жақын ставкамен қарыз алып отыр немесе капитал құю көмегін пайдаланады.

Неден қорқу керек?

Қазақстан Үкіметі мен ҚР ҰБ пайдаланып отырған механизмдер мейлінше консерватив, ал компаниялардың ауқымы барынша тар. Бұл моральдық тәуекелді шектейтін негізгі фактор. Алайда, Қазақстанда дағдарысқа дейін-ақ моральдық тәуекелдің өрісі кең болатын, мемлекет бірнеше рет банктерді құтқарған, тиімділігі төмен мемлекеттік компанияларға инвестиция салған, сөйтіп бюджеттің шығынын арттырған.

Айта кетерлігі, ҚР билігі дағдарысқа қарсы механизмдердің басым бөлігін коронадағдарысқа дейін-ақ қолға алған болатын. Оның ішінде инфрақұрылымдық және тұрғынүй құрылысы бағдарламалары бар, тек теңгенің өтімділігін қолжетімді етуді қамтамасыз ету механизмі кеңейтілді. Мысалы, бизнесті қолдауға арналған Бизнестің жол картасы бағдарламасы 2010 жылы, яғни 2009 жылғы дағдарыстан кейін басталған. Ал Көлік инфрақұрылымы құрылысына қатысты «Нұрлы жол» бағдарламасы 2015-2016 жылдардағы дағдарыстың алдын алу шарасы ретінде 2014 жылы қолға алынған.

Бұл мемлекеттік бағдарламалардың мерзіміне қарағанда, Қазақстанда дағдарыс 10 жылдан аса жалғасып келе жатыр.

Мемлекеттік кепілдік – қауіпті аймақ, соның есебінен ШОБ кепілдігімен байланысты ескі мәселені «жаба салмақ». Дегенмен, «қарапайым заттар экономикасы» бойынша, соманың тек 50%-ына кепілдік беріледі, ал қалған 50%-ы үшін кәсіпорын кепіл қоюы тиіс. Сома мөлшеріне қатысты шектеулер де бар, 50% кепілдікті тек 3 млрд теңгеге дейінгі (шамамен 7 млн доллар) жобалар ғана ала алады, 30% алу үшін жобаның құны 3-5 миллиардқа дейін болуы керек (7-12 млн доллар). Ставканың төмендігіне қарамастан, «қарапайым заттар экономикасы» бойынша несиелеу дағдарысқа дейін де шектеулі болатын, ал қазір, ұлттық экономика мен оның салаларының болашағы ғана емес, ішкі және сыртқы сұраныс та артып отырған уақытта бағдарламаның талаптарына жауап беретін компаниялардың өзі де қарыз жүктемесін азайтуға тырысады деуге болады. Оның үстіне, мемлекеттік кепілдік деген (оны үкімет тікелей өзі емес, «Даму» КДҚ сияқты мемлекеттік даму институты беріп отырғанның өзінде) – жасырын мемлекеттік қарыз, міндеттеме, қарыз алушы төлем қабілетінен айырылған жағдайда ол кепілгердің мойнына ілінеді.

Мұндайда тек кепілді сұранысы бар фирмалардың жолы болуы мүмкін, олар әдетте мемлекеттік тапсырыс немесе квазимемлекеттік кәсіпорындар үшін тауар, жұмыс, қызмет жеткізу келісімшарттары. Қазақстанда тіркелген мердігерлерге қойылатын талаптардың әлсіреуі де – Қазақстан билігі қолға алған дағдарысқа қарсы іс-шаралардың бірі, Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 10,5 трлн теңгеге тең (25 млрд доллар; 2018), алайда бұның 4/5-і бір көзден алатындар. Осының өзі жеткізушілерді іріктеу кезеңінің өзінде ешқандай бәсеке жоқ екенін көрсетеді.

Бұрынғы дағдарыстар кезінде әлемнің көп елінде зомби компаниялар пайда болды, олар ставкасы төмен қаржы салымынсыз өмір сүре алмайды. BIS (2018) бағалауы бойынша, еуроаймақта мұндай компаниялардың үлесі жалпы компаниялардың 12%-ына тең екен. Ұлыбританияда – 14% (KPMG деректері, 2018), Қытайда – 20%. Қазақстанда олардың үлесінің төмен болуы банктің несиелеуі мейлінше шектеулі болуымен байланысты болуы мүмкін: ҚР ҰБ 2020 жылдың І тоқсанындағы конъюнктуралық талдауына сәйкес, нақты сектордағы компаниялардың 15%-ы ғана банктен несие сұрайды.

The post COVID-тен кейінгі бизнес: қолдаудың зияны болуы мүмкін бе? appeared first on Ekonomist Media.

Қарыздан құтылатын уақыт
Бұл материал Project Syndicate-мен бірлесіп жарияланған.

Виллем Х. Буитер*

НЬЮ-ЙОРК – COVID-19 дағдарысы көптеген жеке және мемлекеттік қарызгерлерді өтеуге күші жете бермейтін борыш батпанына тастайтыны анық. Біз әлі де ұсыныс пен сұраныс жағында өзгерістер қатар орын алатын Кейнсиандық дағдарыс фазасының алдында тұрмыз. Оның соңы жаһандық депрессияға алып келуі мүмкін.  Алайда коронавируспен күрес сәтті аяқталса, үй қожалығы сақтық үшін қор жинаумен шектеліп, ал кәсіп еріксіз капитал шығынымен ғана айналысатын болады. Бұның барлығы жиынтық сұраныстың/Кейнсиандық үдерістің одан әрі құлдырауына апарады. Бюджеттегі дефицит есебінен қаржыланатын, мүмкін болған жағдайда монетизацияланатын мемлекеттік ынталандыру ғана өндірістегі алшықтықты жоя алатын жалғыз құрал болмақ.

Әлем бойынша алдыңғы қатарлы қор валютасын шығарушы Американың өзге мемлекеттерге қарағанда федералды үкіметтің қарыз алу мен қарызды монетизациялау мүмкіндігінде шектеулер аз. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан төтенше экономикалық шара «Коронавирусқа байланысты қаржылай көмек пен экономикалық қауіпсіздік туралы» заң (CARES) бойынша шығындар, грант пен несиені қолдау, сондай-ақ, актив пен басқа да кепілдерді сатып алу үшін 2,3 трлн доллар қаржы бөлінеді. Конгрестің Бюджет жөніндегі басқармасының дерегіне сәйкес, алдағы он жылдықта аталған заң федералды тапшылықты «тек қана» 1,7 трлн долларға арттырады. Арасындағы айырмашылық АҚШ Федералдық қор жүйесінің шұғыл несие бағдарламасының кепілдігін қаржыландыру үшін  1,7 трлн доллардың  резервте сақталуымен түсіндіріледі. Бұл кепілдер ешқашан қолданылмайды деп жорамалданып отыр.

Шын мәнісінде жағдай басқа. Демократиялық партия бақылауындағы АҚШ Өкілдер палатасы жақында  3 трлн доллар сомасында тағы бір қаржылық заң жобасын қабылдады және оны барлық үлгіде Сенат мақұлдап, одан соң жаңа ынталандыру легі пайда болуы мүмкін. Заң шығарушылардың айтуынша, тіпті АҚШ-тың өзінде штат және жергілікті билік өкілдерінің көпшілігінде қаржы, несие кепілі немесе федералды үкіметтің тікелей трансфертінсіз дағдарысты жеңуге жеткілікті қаржы болмайды.

АҚШ-тағы жағдайдың баламасы әлемде де орын алып жатыр: экономикалық қолдауға бағытталған үкіметтік бағдарламалар мемлекеттік қарыз бен мемлекеттік сектор балансына тәуелді жеке қаржы көлемінің артуына алып келеді. Германия Федералды конституциялық сотының даулы шешімі, сондай-ақ, «Жаңа Ганзей лигасын» қалыптастырған ЕО-қа мүше сегіз елдің жалпыеуропалық қарыз идеясын қарастыруға дайын еместігінің салдарынан Еуроаймақта экзистенциалды дағдарыс бой көтеріп келе жатыр. Жалпы көлемі 240 млрд еуро (263 млрд доллар) болатын  «Пандемия кезінде дағдарысқа қарсы қолдау көрсету» деп аталатын ЕО-тың жаңа механизмі тым азшылық етеді, себебі ол Еуроаймақтағы елдердің ЖІӨ-ің 2%-на ғана тең.  Егер ЕО қолдауды күшейтпесе, Италия жайсыз таңдауға тап болуы мүмкін: Еуроаймақтан кету немесе қажетті бюджеттік ынталандыруды жүзеге асыру мүмкіндіктерінен айрылып оның құрамында қалу.

Әлбетте, жаңа франко-германдық ұсыныс бар. Ол бойынша ЕО капитал нарығынан түскен қарыз (ЕО жылдық бюджеті оның ЖІӨ-нің 1% құрады) арқылы қаржыланатын 500 млрд еуро (ЕО елдері ЖІӨ-нің 3,6 %) көлеміндегі  ЕО Еуропалық экономиканы қалпына келтіру қорын құру көзделіп отыр. Әзірге аталған қаражаттың қаншалықты жаңа әрі қанша жыл жұмсалатыны белгісіз. Франция және Германия үкіметтерінің ұсынысына сәйкес, аталған қаржы бюджеттік проблемалары бар елдерге грант ретінде қарастырылса, бұл қарызды бірлесіп төлеумен тең келеді және  «Жаңа Ганзей лигасы» тарапынан вето қою мүмкіндігін арттырады. Ал егер Еурокомиссия  ЕО елдерінің барлығына нарық жағдайында несие беру туралы шешім қабылдаса, Италия Еуроаймақтан шығып кетудің аз-ақ алдында қалады.

Бағымызға орай, алғы жылжудың тағы бір жолы бар. Экономикасы әлдеқайда дамыған елдерде дағдарыс кезінде жиналып қалған қарыздың біраз бөлігі мемлекеттік құрылым, оның ішінде Орталық банк иелігіне өтуі мүмкін және ол қарыздың барлығы дерлік ешқашан өтеліп бітпейді. Өз тәуелсіздігі мен саяси легитимділігін сақтау үшін Орталық банк  мемлекеттік бюджетпен орнын алмастырмауы керек. Бірақ шағын және орта кәсіпте COVID-19 дағдарысына байланысты туындаған қарыздың кешірілуі міндетті екені айқын. Ұлттық қазына қоры мұндай кешірімнің салдарынан Орталық банкте пайда болған кез келген шығынның орынын толтыруы тиіс.

Жария саудаға түсетін компаниялардың мемлекеттік несиегерлер алдындағы қарыздары акцияға, нақтырақ айтсақ,  дауыс беру құқығы жоқ артықшылық берілген акцияға конверсияланағаны дұрыс. Ол пандемия экономикалық жоспарлаудың жаңа дәуіріне бастама болады деген пікірдің ықпалын азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық қазына қоры Орталық банктің кез келген шығынының орнын толтыруы тиіс екенін және ескереміз.  Акционерлеу жұмысы барлық жаңа шыққан мемлекеттік қарыз міндеттемелеріне қатысты болуы керек. Салдарынан туындаған үлестік құралдар мемлекеттік бюджеттің бастапқы пайдасының бір бөлігін талап етуі немесе олардың пайыздық мөлшерлемесі ЖІӨ-нің өсу қарқынына байланыстырылуы мүмкін.

Алайда кедей елдерде осы амалмен әрекет етуге мүмкіндік жоқ. Брукингс институтының дерегі бойынша дамушы елдердің сыртқы қарызы шамамен 11 трлн доллар, олардың осы жылы қарызды жабуға жұмсалатын шығыны 3,9 трлн долларға жетуі мүмкін. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры сәуір айында аталған елдердің көпшілігіне қарыз көлемін аз да болсын азайту көмегін ұсынды.  Ал «Үлкен жиырмалық» мемлекетаралық қарыз өтемінде уақытша үзіліс жасауға келісім берді және сол арқылы жүздеген несиегерлердің де үзіліс беруіне жол ашты.

Дегенмен көмектің бұл түрінің берері тым аз, мерзімі тым кеш. Өйткені, жалпы қарыз мәселесін бірінші орынға қойып қарастырудың мүлдем қажеті жоқ. Кірісі төмен мемлекеттерге қаржы ресурстарын берудің ең тиімді жолы – грант (көмекқаржы). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта Маршалл жоспарында тек грант қарастырылған еді, қазіргі таңда кірісі төмен елдерге ұсынылатын «корона грант»  туралы көңілге қонымды уәж жоқ.

1996 жылы құрылған ХВҚ мен Дүниежүзілік банк ұйымдарының «Қарыз көлемі жоғары кедей елдерге көмек көрсету» бастамасы (HIPC) арқылы 36 мемлекеттің қарызы толық және ішінара өтелді. Әлемдегі ең кедей елдердің қарызын тұтас кешіруді бастап, осы идеяға қайта оралатын уақыт жетті. Мұндай іріктемелі қарыздан құтылу есебінде ХВҚ, Дүниежүзілік банк, басқа да жан-жақты несиегерлер, шет мемлекеттер, мемлекеттік құрылымдар (мемлекеттік кәсіпорындар), сондай-ақ, жеке несиегерлер алдындағы қарыздар да болуы керек.

Қарыз –өте қауіпті құрал. Жайсыз, бірақ қашып құтылуға келмейтін шешімдерді айналып өту үшін әлем ұзық уақыт бойы осы құралды қолданып келді. Жаһандық дағдарыс шарықтап тұрған кезде бұдан басқа амал жоқ.

*- Виллем Х. Буитер – Citigroup компаниясының бұрынғы бас экономисі, Колумбия университетінің профессоры.

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

The post Қарыздан құтылатын уақыт appeared first on Ekonomist Media.