COVID-19 Archives - Ekonomist Media

Шағын қоғамдастықтың ықпалы
Елена Новикованың Александр Кожабачимен (Бейрут) бірлесіп жазған және Ғаламдық шешімдер бастамасының сайтында жарияланған мақаласының аудармасы

«Бүкіл топ арасында маңызды емес өзгерістерді көрсетуден гөрі шағын топ арасында маңызды өзгерістерді көрсету әлдеқайда тиімді» (Джон Катценбах, 2018, «Сыни азшылық», 104-бет).

Диаметрі 125 нм-нен де кіші вирус планетаға таралған кезде, адамның өзін дәрменсіз және қоғамнан тыс сезінуі қарапайым дүние болар еді. Оның орнына, біз өзара қаншалықты байланысты екенімізді және тіпті ең кішкентай нәрселердің  әсері орасан зор болуы мүмкін екенін байқауды жөн көрдік. Әрине, әңгіме оң сипаттағы орасан әсер туралы. Қорқынышты деп санауға болатын жағдайлар адамның алып емес екенін, тереңдетіп айтар болсақ, тіпті белсенділердің шағын тобы түгіл, бір ғана белсенді жас өмірде құнды жаһандық із қалдыруы мүмкін екенін дәлелдеді. Біздің  тәлімді оқиғамызбен таныс болыңыз.

Зерттеуге түрткі болған оқиға

Локдаунның екінші айында «Жаһандық жас өзгерткіш-2017» – Елена Новикова Covid-19 дәуіріндегі Қазақстандағы ашықтық пен  транспаренттік туралы мақаласын жариялады. (Айтпақшы, сіз осы мақаланың орыс тіліндегі аудармасын Ekonomist.kz сайтынан таба аласыз).

Бұл – твиттерде тағы бір «Жаһандық жас өзгерткіш-2017»  –  Александр Кожабачимен қысқа пікір алмасуына алып келді.

Бірақ хат алмасу күйінде қалуға тиіс бұл пікірлер күтпеген нәтиже берді. Яғни «дағдарыс кезіндегі жаһандық жас белсенділер» сияқты феноменнің түп-тамырында не жатуы мүмкін екенін түсіну үшін екеуі бірігіп алды.

Пандемия орман өрті сияқты таралған кезде миллиондаған адамның вирус жұқтырып, өлім-жітім көбеюінен біз вирустың таралуына қарсы іс-қимылдың, кем дегенде, вирустың өзі сияқты бір-бірімен байланысты және тез таралуы керек екенін түсіндік.

COVID-19 біздің өмірімізге қалай әсер еткенін бәріміз білеміз және сезініп үлгердік. Бірақ біз пандемияның өзіне қандай әсерімізді тигізе алдық? Нақтырақ айтсақ, бір нәрсені жақсарту үшін не істедік? Әлемнің барлық түкпірінен біріккен әлеуметтік белсенді азаматтар қоғам үшін дәл осы кезде не істей алады?

Сонымен, біз жолға шықтық (үйден шықпай-ақ)…

2020 жылдың мамыр айында дәл осы мәселелер бізді таңғалдырды және жастардың мүмкіндіктері мен әсерін зерттеуге итермеледі. Ол –«Үлкен жиырмалық» (G20 Think 20) академиялық қанатының саммиті  басымызды Берлинде қосқаннан кейін үш жыл өткен соң және бүкіл әлемге тарап кеткен және бір-бірінен ажырап қалған жастар еді.

Біз жастар тобының 101 мүшесімен байланысуға тырыстық. Олардың 9%-ымен хабарласу мүмкін болмады, бірақ 66%-ы қоғаммен байланысын үзбепті. Ал біраз уақыттан кейін біздің әріптестеріміздің 9%-ы сұрақтарымызға жауап берді.

Жаппай сауалнамаға қатысты деп айтуға мұндай пайыз сәтті көрсеткіш болып көрінбеуі мүмкін. Алайда, төмендегі инфографикада пандемияның алғашқы 3 айында 101-дің ішіндегі 9%-ы қаншалықты деңгейге жеткенін көрсетеді.

Өзін шектемейтіндердің жасаған шектеулері

Әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген шексіз ынта мен амбициясы бар біздің қоғамдастық мүшелеріне қарағанда, біздің зерттеуімізде практикалық шектеулер бар. Ол – жаһандық пандемияның алғашқы үш айында байқалатын ертерек жұмылдыру кезеңін және COVID-19 дағдарысына қарсы іс-қимылды қарастырады. Біз қойылған сұрақтарға жауап қабылдауды ресми түрде 2020 жылдың 29 маусымында тоқтатсақ та, әріптестеріміз шілде айында бізге берген әсерлі цифрлар мен жетістіктерді қазірдің өзінде көбейтіп көрсетуді жалғастырғаны белгілі болды.

Цифрдағы 9-дың  күші

Жаһандық локдаунның шамамен үш айы ішінде тоғыз бірдей «Жаһандық жас өзгерткіш» бүкіл әлем бойынша 16 600-ден астам адамның өміріне 1: 1844 қатынасында оң әсер етті. Осылайша, сыни азшылық осы әлемге өз үлесін қосу үшін энергия, ресурстар және know-how өткізгіші бола алатынын дәлелдеді. «Жаһандық жас өзгерткіштер» көптеген секторға араласа алатынымен танымал болған кезде, біздің бөлімнің сараптамасы мен олардың Covid-19 сынақтарына қарсы тұру мүмкіндіктерінің оңтайлы біркелкілігі қай жерде қалай түйісетінін табуымыз керек еді. Бұл бізді: зерттеу, білім беру, еріктілік, фандрайзинг, корпоратив қызмет және әлеуметтік медиа арқылы хабардарлықты арттыру сияқты 5 бағыт бойынша олардың араласу мүмкіндіктерін зерттеуге итермеледі. Бұл инфографикада сіз қоғамның жағдайға әсер ету деңгейін көрсететін сандарды көресіз.

Бірнеше маңызды  мәселе

Біз жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына қатысты: сынып кетпеу, төзімді болу, икемділік деген сияқты әртүрлі сөздерді естіп жүрміз. Кейбіреулер бұл вирус әлемді бір жүйеге біріктірді және жаһандандыруды кері кетірді деп мәлімдейді. Алайда, «жеке адамдар оң өзгерістерге қол жеткізуде маңызды рөл атқара алады» деген шындық айқындалды. Өзгерістерге жетелейтін ерік-жігер мен күш  «сыни азшылықтан» басталуы мүмкін (Джон Катценбах және т.б. 2018 жыл, «Сыни азшылық»). Алайда, «сыни азшылық» ұғымы өзгерістерге үлес қосуға деген құлшыныспен алға ұмтылатын сыни көзқарастағы адамдар тобын ғана білдірмейді.

Сонымен қатар, бұл сипаттамалардың «мүмкіндігінше қысқа мерзімде… әсер етудің ең жоғары деңгейіне жету үшін тарылған…» «сыни азшылық» мінез-құлқы пен эмоцияларын білдіретінін түсіну керек. Роберт Мориц жоғарыда аталған кітапқа «кіріспесінде» жазғандай, «ең бастысы – кішкенеден бастау: сізге жүздеген идея қажет емес, сіз елестеткен нәрселер туралы нақты бағыты бар топ қажет».

Біз мұны алдын ала түсіндік пе, жоқ па, бірақ сөзбе-сөз «нұсқауларға сәйкес әрекет еттік». Өйткені «Жаһандық жас өзгерткіштер» қауымдастығы іс жүзінде өзгеріс енгізудің бір тар идеясымен

сипатталады. Өзгерістер қажет болған кезде, ол қайда жүрсе де, кім қажет болса да, біздің қауымдастық мүшелері бұл мәселені шешеді. Бұл үшін оларда қандай ресурс бар екені маңызды емес.

Біздің ұйымшыл қоғамдастықтан шыққан 9 адам аз болғандықтан статикалық маңызды үлгі үшін негіз бола алмайды, бірақ бұл кішкентай болып көрінетін топ әлдеқайда маңызды нәрсені дәлелдей алды…

1-сабақ: бірге болғанда ғана оны жеңе аламыз…

Тіпті жабық шекаралармен бөлінген, локдаундармен оқшауланған және уақыт кеңістігінде бөлшектенген біздің (бәріміз бас қосқалы бері 3 жыл өткенін ұмытпаңыз), әлі күнге дейін осы өмірдегі жәй ғана, селсоқ  бақылаушылар болмауға деген құлшынысымыз ортақ. Біз мұны кейде өзіміз де байқамастан бірге немесе жалғыз жасадық па белгісіз, бірақ ортақ жауымыз – пандемия және соның салдарынан болған дағдарыспен күресте біріккенбіз.

2-сабақ: бұған ештеңе кедергі бола алмайды

Жаңа қиындықтардан қорықпайтындар ғана жаңа соқпақ жасай алады. «Жаһандық жас өзгерткіштер» өз шешімдерін енгізуге және жаңа, ковидтен кейінгі әлемді қалыптастыруға үлес қосуға тырысқан кезде, олар ауылдық жерлерде жобаларды басқарудағы қиындықтар, электр қуаты өшіп қалған кезде онлайн семинарлар өткізу немесе белгілі бір аумақтарда қолжетімді болмаса да, Medium сияқты платформаларда материалдар жариялау сияқты түрлі қиындыққа тап болды. Бірақ соның бәріне қарамастан, олар жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде өздерін тыңдата алды.

3-сабақ: біздің кім екенімізді құлшынысымыздан білуге болады

Біздің нақты немен айналысқанымыз маңызды емес. Ең бастысы, бізде үлес қосуға деген құлшыныс бар. Көбінесе белсенді жастар қауымдастықтары өздері жүзеге асыратын қызмет түрлерінің айналасында топтасады. Алайда, өмірде барлық адамзат ортақ жауға тап болған кезде өзгерістерді санатқа бөлуге болмайтынын көрсетеді. Сіз белсенді, кәсіпкер, ҮЕҰ мүшесі, зерттеуші немесе мемлекеттік қызметкер боларсыз? Сіз климаттың өзгеруін бәсеңдетуге тырысасыз ба, босқындарға жергілікті қоғамға қосылуға көмектесесіз бе, білім беру саласында жұмыс істейсіз бе немесе адамдардың денсаулығын сақтауға жан-жақты қол жеткізуге тырысасыз ба? Бұрын сіздің қоғамдық игілікке қосқан үлесіңізді сипаттауға қызмет еткен сұрақтар қазір бір-біріне біріктірілді. Ол: дағдарыстан шығу үшін қандай білім мен білік ұсына аласыз?

Шынайы бейресми көшбасшылардың рөлі

Бұрын айтылған «сыни азшылыққа» қайта оралсақ. ШБК немесе «шынайы бейресми көшбасшылар» ұғымы Катценбахша мәдени өзгерудің басты бағыты болып саналады: Бұл – «ресми лауазымдар мен билік {ресми] иерархиясындағы позицияларына сүйенбестен басқаларға әсер ететін және оларға қуат беретін адамдар».

«Жаһандық жас өзгерткіштер» әлемді өзгеріске ұшырату үшін ресми иерархиядағы ұстанымдарға сүйенбейді. Алайда, олардың көпшілігі «…оны көретін» (өзгерістің құндылығын білетін), «оны қағып алатын» (олардың себептерін түсінетін), «оны қалайтын» (мақсатқа берілгіш) және… қазірдің өзінде «осы ұстаныммен өмір сүретін» бейресми көшбасшылар. Ең бастысы, олардың көпшілігі позитив мінез-құлық пен игі істер «вирустық әсерге» ие болатынына және басқа адамдардың мінез-құлқына да әсер етіп, оң көрініс беретініне» сенеді.

Үміт жолдауы

Жоғарыда келтірілген инфографикада өздеріңіз көрген кейбір сандар белсенді кез келген адамға сіздің ең пайдалы активіңіз –  сіздің шешім қабылдай алу қабілетіңіз екенін дәлелдеп береді деп үміттенеміз. Сіздің басыңыздағы білім, қаншалықты жан-жақты болса да, соншалықты сіз тіпті елестете алмайтын дүниелердің өзіне қол жеткізуге көмектеседі. Іске бар ынтаңызбен кірісіп кеткенде, белгіленген міндеттермен сәйкес келетін білім мен біліктілігіңіз жаныңызда болса, ең инновациялық шешімдер мен өршіл нәтижелерге қол жеткізе аласыз. Тіпті ең күтпеген жағдайларда және өзіңіздің қызмет салаңыздан тыс болса да солай болады. Ең бастысы, сіз диаметрі 125 нм болатын вирустан үлкен екеніңізді ұмытпаңыз.

The post Шағын қоғамдастықтың ықпалы appeared first on Ekonomist Media.

COVID әйелдердің өміріне қалай әсер етті
НЬЮ-ХЕЙВЕН – Әлемнің әр түкпірінде COVID-19 жұқтырғандар саны мен адам өлімінің артып жатқанына қарамастан вакцинаның сәтті сынақтары туралы таяуда тараған ақпараттар легі үміт сыйлағандай болды. Тез арада адам жанын сақтау мәселесінен бөлек пандемияның ұзақ мерзімді шығындарына, әйелдерге артылған пропорционалды емес мәселелерге баса назар аударамыз деп үміттенемін.

Пандемия бұрыннан бері келе жатқан әлемдегі барлық әйелдің проблемасын одан сайын күрделендіре түсті: экономикалық, әлеуметтік өмірде ерлермен қатар дәрежесін теңестіруге ауқымды әрі тұрақты кедергілер жетерлік. Дүниежүзілік банктің «Әйел, бизнес және құқық» деректер базасының негізінде жүргізілген зерттеуде өзім және бірлескен авторлар соңғы он жылда гендерлік дискриминацияның азайғанына қарамастан әйел мен ер адамға қатысты заң талаптарында айтарлықтай айырмашылық барын атап көрсеттік. Орта есеппен әйелдер ерлердің заңды құқықтарының төрттен үш бөлігіне ғана ие; әйелдер еңбек жалақысы мен ата-ана құқығы мәселесіндегі теңсіздіктен де қиналады.

Халқы тығыз қоныстанған аймақтарда, оның ішінде Үндістан, Пәкістан, Қытай және Таяу Шығыс, Африканың бірқатар елдерінде жағдай тіпті қиын. Зерттеу жұмыстарында заңға қатысты дискриминация ғана қамтылды; жалпы үйде және жұмыс орынында дискриминация кеңінен тараған, дамыған елдердің өзінде жиі кездеседі.

Әйелдер арасында COVID-19 дертінен көз жұмғандар санының аз екендігін құжат негізінде растайтын медициналық зерттеуге қарамастан көптеген бақылаушылар пандемия басқа жолдармен әйелдерге қиындық туғызуда деп ескертті. Әйел адамдар саны айқын басымдыққа ие болып табылатын медицина қызметкерлеріне вирустың қауіп-қатерінен бөлек, шектеу шаралары ана мен бала күтімінде қиындық туғызып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуін күшейткен.

COVID-19 дағдарысы экономикалық тұрғыда да әйелдерге бейпропорционалды түрде әсер етті. Бұған дейінгі экономикалық құлдырау кезінде жұмыс орындарының қысқаруы әуелі ер адамдарға қиынға соғатын. Себебі, рецессия әйелдерге қарағанда бірінші кезекте ер адамдар көбірек қызмет ететін өндіріс және құрылыс секторларына тікелей әсер ететін. COVID-19 пандемиясы бірінші кезекте қонақ үй ісі мен мейрамхана секторларына қатты әсер етті. Аталған секторларда жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі – әйел адамдар. АҚШ, Үндістан деректеріне негізделген соңғы есептеулер бойынша, COVID-19 кесірінен жұмыстан айырылған әйелдердің саны ерлерден шамамен 1,8 есеге көп.

Экономикада құлдырау кезіндегі жұмыс орындарының қысқаруы ұзақ мерзімді қиындыққа апаратынын айғақтайтын көптеген әдебиеттер бар; жұмыссыз адам уақыт өте келе жұмысына сай машық пен қажетті кәсіби байланыстан ажырауға бейім. Қазіргі таңда орын алып жатқан мұндай жағымсыз жайттар болашақта әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін.

Ең жаманы, ғылыми зерттеулерде табысы төмен елдердегі жұмыс істейтін әйелдерге пандемияның тигізетін шынайы экономикалық әсері төмендетіліп көрсетілуі мүмкін; себебі әйел адамдардың көпшілігі бейресми секторда жұмыс істейді (аталған секторлар ресми деректер мен сауалнамаларда есепке алынбайды).

Бейресми секторда жұмыс істейтін адамдардың басым көпшілігіне карантин кезінде қызметін қашықтан жалғастыруға келмейді; ал ресми жұмыспен қамту органдары көрсететін көмектің пайдасы шамалы немесе мүлдем пайдасы болмайды. Сонымен қатар, ақша аударымы сынды қоғамдық қызметтер жеке құжат пен цифрлық қызметке қолжетімділікті талап етеді. Кіріс деңгейі төмен елдердегі есептеулер бойынша 15-тен асқан ер адамдардың 30% -мен салыстырғанда әйел адамдардың 45%-да төлқұжат жоқ.

Мектептердің жабылуы да әйелдер мен қыздарға қатты әсер етті. Кірісі деңгейі төмен аймақтарда салыстырмалы түрде қысқа уақытқа болсын мектептердің жабылуы қыздардың арасында адам капиталының азаюына алып келуі мүмкін. 2014 жылғы Сьерра-Леоне еліндегі Эбола індеті туралы деректер негізінде жүргізілген зерттеуге сәйкес, сол уақытта некесіз жүкті болу фактілері артқан; мектеп қайта ашылған уақытта ұл балалар оқуға қайта оралса, ал қыздардың көпшілігі мектептегі оқуын жалғастыра алмаған.

Карантин салдары дәл осылай бала күтіміне байланысты мәселеге да әсер еткен. Бала күтуші, дос-жаран, ата-әжелердің көмегімен көптеген отбасы бала-шағасын өзі қарап, сабағын да өздері оқытуға мәжбүр болған. Отбасында дәстүрлі гендерлік бөлінуге сәйкес аталған қосымша жұмыстың ауыртпалығы көбіне әйелдерге жүктелді. Қос қызметті қатар алам деп жүріп әйелдердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз қалуы таң қаларлық дүние емес. АҚШ Еңбек статистикасы бюросының деректері бойынша, 2020 жылдың қыркүйек айында жұмыс орынынан бас тартқан әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда төрт есе көп болған.

Мұндай теңсіздікті жою үшін гендерлік мәселе әуелі саяси дискуссиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық зерттеулерде жиі көрініс табуы керек. Пандемияның гендерлік емес, нәсілдік және әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне баса назар аударылады. Әлем елдерінің пандемиядан кейінгі экономикалық қайта қалпына келуі туралы мәселеге ден қойылған сайын осы мүмкіндікті әйелдердің өмірін жақсартатын өзгерістер енгізуге пайдалануымыз керек.

Басты артықшылықтардың бірі – икемді жұмыс уақытын қолдау және дамыту. Ғылыми-зерттеу құжаттарының көпшілігі балалы болғаннан кейін әйелдердің жалақысы мен мансаптық өсу келешегі ерлердікімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеретінін көрсетеді. Ал жұмыс уақыты икемді болса, әйелдер мансап пен отбасы өмірін қатар алып жүре алады.  Қашықтан жұмыс істеу күрт артқан кезде қазіргі заман технологиясымен барлығы мүмкін екенін түсінсек; карантин кезінде ата-аналардың басына түскен проблемадан бала күтімі экономика үшін қаншалықты маңызды екенін аңғардық.

Пандемияның жағымды тұсы ретінде үй шаруасы, бала тәрбиесі мен бала күтіміне қатысты пікірдің өзгеруін атап өтуге болады.  Әмбебап, тегін және сапалы бала күтімі барлық ананың (үйден/қашықтан жұмыс істесін-істемесін) өз мансабына қажет деңгейде көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы өзгеріс робот немесе оффшор негізгі қызметті алмастырады деп қорықпайтындай, жұмыс орынында толық қызмет етуді қамтамасыз етер еді.

Дегенмен сақтық танытып, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған маңызды реформалар мен стратегиялардың кейінге қалдырылмай, саясаткерлердің назарында болуын  қамтамасыз етуіміз керек. Табысы төмен елдерде мектептер қайта ашылған уақытта барлық қыз баланың сабаққа оралуына жағдай жасап, мәселені соңына дейін шешілуін қадағалауымыз қажет.

Аталған шаралардың барлығын ақылға қонымды қаражатпен жүзеге асыруға болады. Бірақ нақты өзгеріс үшін пандемияның гендерлік келешегіне мән беру керек.

Пинелопи Куяну-Голдберг, Дүниежүзілік банктің бұрынғы бас экономисі, «The American Economic Review» ғылыми журналының бас редакторы, Йель университетіның экономика профессоры.

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

The post COVID әйелдердің өміріне қалай әсер етті appeared first on Ekonomist Media.

COVID дәуіріндегі және одан кейінгі компанияларға арналған ESG қоғамдық құндылық компасы
Техас штаты губернаторының орынбасары Дэн Патрик секілді оңшылдар  мен консерватив көзқарастағы комментатор Гленн Бек секілділер бірігіп алып, бүкіл әлемге экономиканы емес, адамдарды құрбандыққа шалу керек деп жар салып жатқанда, жүйелі даму және корпоратив басқарудың 124 еуропалық сарапшысы Zoom арқылы жиналып, бизнестің жұмысына қосымша қаржылық құндылықтарды қалай енгізу керектігін талқылады.

Пікірталас Chatham House тәртібі бойынша жүргізілді. Шақырылған әзірлеуші-сарапшылар арасында менің болғаным да жасырын емес. Себебі менің аты-жөнім жақында ғана шыққан «Ортақ игілік пен пайда: тұрақты бизнес үшін қоғамдық құндылық принциптері» атты баяндама цитатасының астында ашық көрсетілген.

Қоғамдық құндылық деген не?

Қоғамдық құндылық – барлығына және әрқайсымызға, қоғам мен қоршаған ортаға оң әсер ету арқылы сақталған немесе құрылған құндылық.

Айта кету керек, қоғамдық құндылық тұжырымдамасының бастапқы нұсқасын Гарвард профессоры Марк Х.Мур 25 жыл бұрын «Қоғамдық сектор үшін акционерлік құндылықтың» баламасы ретінде жасаған. Басқаша айтқанда, Мур қоғамдық сектор менеджерлеріне кәсіпкерлердің ойы мен рухын сіңіруге тырысты. Қазіргі кезде қоғамдық құндылық ұғымы енді қоғамдық секторға қатысты емес және оны ұйымдардың барлық түрі қолданады. Мысалы, жеке коммерциялық фирмалар немесе үкіметтік емес ұйымдар да.

Сондай-ақ, қоғамдық құндылық тұжырымдамасын басқа танымал корпоратив әлеуметтік жауапкершілік мамандарымен (КӘЖ) және ортақ немесе ортақ құндылық тұжырымдамасы бар ESG сарапшыларымен (ортақ құндылық) шатастырмаңыз. Оның авторлары – Гарвардтың басқа атақты профессорлары Майкл Портер мен Марк Крамер. Кайса Сорса мен Микко Сихвонен дұрыс атап өткендей, «жеке ұйымдар контексінде жиі қолданылатын жалпы құндылықты құру тәсілі қоғамдық құндылық тәсіліне ұқсас, өйткені ол ұйымдастырушылық стратегия мен мінез-құлықты осындай қоғам үшін құндылық тудыратын экономикалық құндылықты құруға бағыттайды».

Қатты ұқсас, бірақ бірдей емес

Бір жағынан Мурдың тұжырымдамалары мен екінші жағынан Портер мен Крамер арасындағы түбегейлі айырмашылықты сипаттауға тырысып, мен кез келген жақсы визажист білетін формулаға еріксіз ораламын. Ол: бірдей екі қас формуласы. Табиғи, тым баттасып көрінбейтін етіп, әсем сызылғанмен, екі қас бірдей емес. Олар қатты ұқсас, бірақ егіздей емес, әпкелі-сіңлілі сияқты ұқсастық.

ESG сарапшылары ортақ және қоғамдық құндылықтарды талқылай бастағанда, осындай дүние айқындала бастайды. Екі тұжырымдаманың міндеті де – қоғам үшін ЖІӨ өсіміне қосқан үлес немесе салықты уақтылы төлеу сияқты қарапайым құндылықтан да маңызды құндылық құру. Алайда, ортақ құндылыққа деген назар маңызды құндылық құру корпоративтік стратегияның бір бөлігіне айналып, компанияның ДНҚ-сына енетініне көбірек бағытталса, қоғамдық құндылық транспаренттілік, есеп берушілік және компаниялар өздерінің стейкхолдерлерінен және жалпы қоғамнан алатын «қызмет лицензиясы» мәселелерінен алшақтамайтын болады.

Осы себепті, біз әзірлеген қоғамдық құндылықтың 9 қағидасы ESG индустриясында көп кездесетін әдеттегі көрсеткіштер емес (бірақ олар осындай көрсеткіштерді толықтырады). Тіпті, принциптердің бірі «үздіксіз жетілдіруге» ұмтылуға және «сенімді қарым-қатынасты» «ниет, әрекет және әсер етуді… өлшеу, тексеру және жариялау арқылы» құруға шақырады.

Сонымен бірге, біздің Zoom сессияларымыздың аноним қатысушыларының бірі айтқандай: «Құндылықтар – біздің әңгімеміздің маңызды бөлігі. Мысалы, сіз өзіңіздің отбасыңыздағы қарым-қатынасты тиімділік көрсеткіштері арқылы басқара алмайсыз».

Ұсынылған принциптерді қатаң көрсеткіштері бар утилитарлық тәсіл мен аз қолданылатын философиялық экзерсиялар арасындағы  бейтарап ортада тепе-тең етіп ұстап тұрған тағы бір себеп бар. Осыдан барып дәл сол стейкхолдерлер мен қоғам өкілдері қоғамдық құндылық деген өз түсінігіне сүйеніп, компанияларға «қызмет лицензиясын» береді. Бұл принциптер «Жергілікті деңгейде және одан әрі» қоғам үшін бизнес құруға тырысатын компанияларға да, осы компаниялар есеп беретін қоғам мүшелеріне де түсінікті болуы керек.

Осыған байланысты мен бизнес әлемінен алыс және оған жақын қоғамның барлық мүшелерін қоғамдық құндылықтың 9 қағидасымен танысуға шақырамын.

Қазіргі заманғы компаниялар үшін қоғамдық құндылықтың 9 қағидасы

Біз компаниямызды әділдік, құрмет және қоғамға пайдалы инклюзия қағидаттарын негізге ала отырып басқарамыз, бағыттаймыз және жетекшілік етеміз.

Біз барлық деңгейдегі адамдарға мүмкіндік береміз және үлгі көрсетеміз.

Біз жеке тұлғаларды өз деректерінің иелері деп және олардың жеке өмір сүру құқығын адам құқығы ретінде танимыз.

Біз адами қадағалау үшін технологияларды, деректер мен білімді инклюзив, транспарентті және этикалық пайдалану мен қолдану мақсатында құқық береміз және мүмкіндік жасаймыз.

Біз үздіксіз жетілуге ұмтыламыз және ниетімізді, іс-әрекетімізді және әсерімізді транспарентті және ұдайы өлшеу, тексеру және жариялау арқылы сенімді қарым-қатынас орнатамыз.

Біз өзіміздің серіктестерімізбен және стейкхолдерлерімізбен бірге құндылық тізбегі бойындағы қандай да бір теріс салдарлар болған жағдайда түзету енгізіп отыруға міндет аламыз.

Біз өзіміздің бизнес моделіміз арқылы қызметімізді жүзеге асыратын қоғамға оң үлес қосқанымыз үшін есеп береміз.

Біз планеталық шекаралардан шықпай-ақ циркуляция мен регенерация жолында жүйені жақсарту үшін күресеміз.

Біз жергілікті деңгейде және одан әрі адамдардың өмірін жақсартатын инклюзив моральдық әлеуметтік келісімшартқа ұмтыламыз.

The post COVID дәуіріндегі және одан кейінгі компанияларға арналған ESG қоғамдық құндылық компасы appeared first on Ekonomist Media.

«Қалыпты өмірден» айырылу, қалпымызға келу
Биыл жазда Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) президенті Клаус Шваб «қалыпты» өмірге қашан ораламыз деген сұрақ қоймаңыздар» деп айтып, біраз шу шығарған еді.

Оның әдеттегі «ешқашан» деген сөзі емес, берген жауабына бас шайқаған жұрттың саны таңғаларлық болды. Сіз оның «Ұлы қайта жүктелуі» мен басқа да әйгілі экономистердің «өткенді жақсырақ етіп құру» туралы көптеген үндеуін оқып отырғанымызда, Қазақстан көшесіндегі жұртқа көзіңіз түссе, не ойларыңызды да білмей қалатыныңыз рас.

Масканы иегіне іліп алып жүрген біздің қоғам «әлгі пандемия» деп өткен шақта ойлап, әңгіме қылып жүргені «адасқанның алды жөн» деген көзсіз адамның орға қарай бара жатқанындай болып көрінуі де мүмкін. Яғни, алда әлеуметтік теңсіздік, экономиканың теңсіздігі, әділетсіздік пен кері кеткен қоғам күтіп тұруы да ғажап емес.

Дегенмен, бұлай демеуге де негіз бар.

Қалыпқа келген кезде қатардан қалмау керек

ДЭФ-тің «Қалыпты өмірден» айырылу жайлы мәлімдеуіне алты ай уақыт қалған кезде Нұр-Сұлтанда «Үздік [Қаржылық] талдау жұмысы-2019» анықталды. Жүлде алған мақаланың тақырыбы – қосалқы авторым Елена Музыкина екеуміз «Қалыпқа оралғаннан кейінгі облигациялар» деп атаған қаржылық құрал жайлы еді.

Былтыр күзде мақала жазып жатқан кезде (кейіннен оны Лондон Инвестициялар және Бағалы қағаздар чартерлік институты [CIS] жариялады) «COVID-19» деген сөз түсімізге де кірмеген. Алайда қазір жұрттың бәрі күтіп жүрген «қалыпты өмірдің» кемесі сол кездің өзінде келмеске кеткен еді.

Қарапайым қазақстандық немесе оның замандасының ойындағы қалыпты жағдай – Пәкістанда туған британ интеллектуалы, қалыпты өмірден кейінгі жағдай теоретигі Зиауддин Сардардың ойынша, «көнелердің көзі кетіп, жаңасы дүниеге келмеген, айнала толы түсініксіз жағдайлар» дейтін, бұл күйге түскеніне он жылға жуықтаған кезең болып саналады.

Қалыпты өмірден кейінгі жағдай теориясы бойынша, интернет технологиялардың дамуы мен жаһандану әлемге тәуелділіктің қамытын соншалықты кең ауқымда және көз ілеспес жылдамдықпен бір мезетте кигізіп қойғаны соншалықты, ғалам бір көгенде бола тұра бір-біріне қайшы байланысқа түсті. Бұл барлық процесте хаостың артуына алып келді. Қарапайым адам үшін мұның бәрі айқын сезілмеуі мүмкін. Тек аяқасты жұрт жаппай маска киіп, үйге қамалғанын ғана аңғарар. Алайда жаһан экономикасы әрқилы мысалдарға баяғыда-ақ толып қалды.

Бұрынғыдай ойсыз өмір, бүгінгі күнмен өмір сүру және ертеңгі күнге бас қатырмау келмеске кетті

Мұны жазып отырғанда ойыма әйгілі экономист Джон Кэйдің британ үкіметінің тапсырысымен 2012 жылы жасаған қаржы нарығы жайлы зерттеуі еріксіз келе қалды. Экономист «алым мәдениеті» мен «салым мәдениеті» Американың «сауда мәдениетіне» айналып кеткен деген қорытындыға келген болатын. Қарапайым тілмен айтсақ, цифрландыру процесінің арқасында адамның акцияларға ие болуы емес, алып, қайта сатуы көп тіркелетін болды. Ол бойынша акцияға тек бірнеше секунд ішінде ғана иелік ететін болған кезде компанияның ұзақмерзімді күйіне ешкім бас қатырғысы келмейді. Тек қысқа уақыт ішіндегі пайдасы ғана маңызды.

Қазақстан мен бұрынғы кеңестік елдерде қаржы нарығы аса дамымаған. Сол себепті әлгі аз ғана уақыт ішінде ғана акцияға ие болудың аяғы болжап, алдын алу мүмкін емес әлеуметтік және экономикалық проблемаларға соқтыратынын сезіндірмейді де. Дегенмен бізде елдің бәрі білетін бүгінгі күнгі табыс ертеңгі күніңе деген салымнан артық болып тұратын өзімшілдік материализміміз де бар.

Көне мысалдарды алар болсақ. Желтоқсан көшесіндегі тарихи ғимаратты қиратып, орнына көпқабатты үй салу – соның бір көрінісі. Қазір көптеген компания коронавирустың бәсеңсігеніне малданып, қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ынталандыруды да білмей отыр. Оны өзінің азаматтық борышы деп есептемейді. Бұны да алдын болжай алмау, иек астынан өзгені көре алмау деуге болады.

Экономиканың емес, сараңдық пен сана көрсоқырлығының түбіне жетейік

Артық сұраққа бас қатырғысы келмеген адам үшін ең қарапайым, жауыр болған жауапқа сүйене салу оңай. Алдын болжай алмау,  эгоисттік материализм қалыпты болып саналатын, Гордон Геккоша айтқанда «сараңдық деген – тамаша» дейтін өмірге біз осылай аяқ бастық. Ал жоғарыда айтып кеткен Джон Кей пандемия кезінде «Сараңдық өлді» атты жаңа кітабын шығарды. Атауының өзі-ақ не туралы екенінен хабар беріп тұр.

Масканы иекке іліп алып, той-томалақтан қалмай жүргеніне қарамастан, «қалыпты өмірге қайта оралуға» ұмтылатын, «экономиканы құтқаруға» білек сыбана кірісетін адамдар көп. Олар «ата-бабамызда ондай болмаған» деп желеумен қоғамдағы түрлі процеске өзінше баға бергіш «ұятмендерді» еске түсіреді. Олар ескінің тозығын тастап, жаңаның озығына ұмтылғысы келмейді. Дарвиннің өзі «эволюцияға ілесе алмағандар тозып, тұқымы құриды» деген ой қорытқан. Бұны елдегі заңды және жеке тұлғаларға қарата айтуға болады. Тіпті бүтіндей бір экономика, цивилизацияға да телуге болады.

Идеологияны ұмытып, ортақ іске жұмылайық

Сардар секілді ислам теоретигі болсын немесе батыс капитализмінің айтулы тұлғасы Шваб болсын, барлығының ойы сәт сайын өзгеріп жатқан, бір-бірімен матаса байланысқан заманауи әлем біз білетін экономиканы құтқару деген көмекке мұқтаж емес дегенге тоғысады.

Алдына бірөлшемді экономикалық мақсаттар қойып келе жатқан желілі  әлемнің экономикасы мен әрқилы, күрделі шешімдерді қажет ететін әлемнің экономикасы бір-біріне сай келмейді.

«Қалыптылық» бетпердесін киіп алған дәл осы экономиканың бізді алып келген жері осы. Әдеттегі міндеттерімен қатар, уақытты қажет ететін экология мен әлеуметтік проблемаларды да шешетін  экономикада идеология мен саясатқа орын жоқ. Себебі бұл – тірі қалып, тіршілік ету шаруасы.

Қалыпты өмірге қайта оралу үшін алға қандай көп бағытты мақсат қоюға болады? Оның бәрі мен жазған «Қалыпқа оралғаннан кейінгі облигациялар» сияқты күрделі қаржылық құрал болуы міндетті емес. Мысалы, мен кешкі жаңалықтарда той ұйымдастыру бизнесіндегі тұлғалардың карантин режимін бұзып, қолға түскені туралы ақпаратты емес, цифрлы технологиялар мен виртуал жағдайда ерекше шешімдер тауып, енгізіп жатқаны жайлы сюжет көріп, мақала оқығым келеді.

The post «Қалыпты өмірден» айырылу, қалпымызға келу appeared first on Ekonomist Media.

Жұмыспен қамтуға триллион: жол картасында қандай проблемалар болуы мүмкін?
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мемлекет бюджетінен едәуір қаражат бөлінеді, бірақ тұрақты жұмыс орындарын құрудың нақты тетігі жоқ.

Карантин шараларының енгізілуі және көптеген шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысын тоқтатуы жұмысынан айрылған адамдар санын арттырды. Сондықтан бұл мәселе, шын мәнінде, жүйелі шешім қабылдауды талап етеді. Қазіргі жағдайды ескере отырып, Үкімет адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешу бойынша арнайы шаралар кешенін қабылдады.

Үкімет мектеп, аурухана, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салуға және қайта жаңартуға, елді мекендерді абаттандыруға көп қаржы бөліп, ол жұмыстарға жұртты тарту, соның есебінен жұмыс орындарын құру деген стандартты жолмен жүру арқылы мәселені шешудің тиімсіз құралын таңдады. Ол үшін «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы әзірленді.

COVID-19-ға қарсы күреске бөлінген бюджет қаражатының, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) бөлетін қаражаттың пайдаланылуына қоғамдық бақылау ерекше өзекті болып отыр. Integrity Astana тобы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен осы шығындарға талдау жүргізді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылға арналған жалпы бюджеті мемлекеттік бюджетті соңғы нақтылауды ескере отырып, биылғы сәуір айында 4 трлн теңге болып, 17%-ға артты. Бұл ретте азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындар бабы 7%-ға өсті, ол – министрлік бюджетінің 89%-ы.

Ақша бөлінген үстіне бөлініп жатыр

Кадр даярлау, кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары көзделген қазіргі «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасына қосымша, инфрақұрылым объектілерін салу және дамыту есебінен жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтитын «Жұмыспен қамтудың жол картасы (ЖҚЖК)» бағдарламасы әзірленді.

Үкімет жұмыспен қамту бойынша екі бағдарламаны іске қосу қажеттігін әртүрлі іс-шаралар аясымен түсіндіреді. ЖҚЖК бағдарламасы дағдарысқа қарсы және уақытша, яғни 2 жылға әзірленген дейді. Дей тұрғанмен, жұмыспен қамту мәселелері бойынша екі бірдей бағдарламаны қатар іске асыру – нонсенс.

Биыл жұмыспен қамтуға арналған осы екі бағдарлама бойынша мол қаражат бөлінді. Атап айтқанда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» шығындары 30 млрд теңгеден 80 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Ең қызығы, «ЖҚЖК» бағдарламасына тек осы жылдың өзінде республикалық бюджеттен 300 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, бұл қаражатқа мемлекеттік облигацияларды шығару есебінен қосымша 700 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр. Осылайша, «ЖҚЖК» бағдарламасына биыл 1 трлн теңге және «Еңбек» бағдарламасына 80 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, биыл жұмыспен қамту шараларына 1080 млрд теңге бөлінді. Бұл қандай сома? Бұл – өте үлкен сома. Оны дұрыс пайдаланса, көптеген қордаланған мәселені шешуге және жұмыссыздықты едәуір азайтуға болады.

Бұл ретте ҚР Бюджет Кодексінің 212-бабының 3-тармағында «Шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелермен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады» деп көрсетілген.

Қоғамдық мониторинг аясында біз ЖҚЖК бойынша жоспарланған жобалар мен іс-шараларға қатысты ақпарат табуға тырыстық. Ашық дереккөздерде жалпы ақпарат жоқ. Өңірлердің әкімдіктері жұмыспен қамту бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша там-тұм ақпаратты жариялап тұрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен алған ақпаратқа сәйкес, ЖҚЖК бағдарламасы бойынша қаражаттың 31%-ы (шамамен 310 млрд) әлеуметтік-мәдени нысандарды салуға, жөндеуге және қайта жаңартуға көзделген. Бұл негізінен білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру нысандары.

Шамамен 26% (260 млрд) – ТКШ нысандарына. Мұнда негізінен тұрғын үй, жатақханалар, су, энергия, газ, жылумен жабдықтау және кәріз нысандарын салу және жөндеу бойынша шаралар қарастырылған.

Тағы 25% (250 млрд) инженер-көлік инфрақұрылымы нысандарын салу мен қайта жаңартуға жұмсалады. Бұл бағытқа қалалық, кенттік жолдар, тротуарлар, кірме жолдар, дамбылар мен көпірлер, сондай-ақ су шаруашылығы нысандары кіреді.

ЖҚЖК бюджетінің бестен бір бөлігі, яғни 18% (180 млрд) елді мекендерді абаттандыруға бағытталады. Оған аулаларды, саябақтар мен көшелерді, балалар алаңдарын абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру кіреді.

Бағыттар шын мәнінде көп. Еңбек министрлігі берген түсініксіз түсініктемеде қандай бағыттарға қалай басымдық берілгені айтылмайды. Тізімде бірнеше жерден 18 млрд және 6 млрд теңгенің «инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын» көруге болады. Сондай-ақ, жалпы сомасы 8 млрд теңгеден асатын «Қорғаныс министрлігінің жобалары» деген жолдар бірнеше рет кездеседі. Өкінішке қарай, ашық қол жетімді жобалардың тізімі әлі жоқ. Денсаулық сақтау жүйесінің жалпы 24 нысанын салу және 177 нысанды күрделі жөндеу көзделіп отыр. Бұл ел ауқымы бойынша өте аз.

Жергілікті атқарушы органдардың жобаларды іріктеу кезіндегі белсенділігі де түсініксіз. Біздің ойымызша, құрылыс және қайта жаңарту нысандарының тізімін әкімдіктер асығыс және басымдықтарды ескермей жасаған. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің қалауы бойынша қажетті инфрақұрылымдық жобаларды іріктеген. Бұл ретте, іріктеу кезінде құжаттардың әзірлігін (сараптамадан өткен, шығыстардың дайын сметаларымен ЖСҚ-ның болуы) ескерді, бірақ жұмыспен қамту мәселелерін ескермеді.

Тағы бір мәселе – құрылған жұмыс орындары қаншалықты тұрақты болады. ЖҚЖК бағдарламасы аясында 6 762 нысанды салу немесе жөндеу және 242 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл ретте осы жұмыс орындарының ішінен: 81 мың жұмыс орны құрылыста, 46 мыңы – күрделі жөндеу, 87 мыңы – биылғы жөндеу және 27 мыңы – қайта жаңарту бойынша ашылады. Яғни, жұмыс орындарының басым бөлігі жөндеу саласында.

1 трлн теңгені жұмсау тек 15 мың тұрақты жұмыс орнын құруға сеп болады, ал 242 мың адам бірнеше айға ғана жұмыспен қамтылады.

Қауіп қайдан?

Қолданыстағы ЖҚЖК бағдарламасы 2015-2016 жылдардағы ЖҚЖК бағдарламаларына ұқсас әзірленді, онда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру – үш бағыттың бірі еді.

Есеп комитетінің 2016 жылғы тексеру нәтижелері бойынша инфрақұрылымдық жобаларға барлық бағдарламаның 88% қаражаты бөлінгені, ал оларға қатысушылардың тек 5%-ы жұмысқа орналасқаны атап өтілді. Есеп комитеті тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарлама тиімділігінің төмендігін атап өтті және көздеген мақсатқа қол жеткізілмегенін ескертті. Қорытынды: 2020-2021 жылдарға арналған ЖҚЖК-да бұрынғы бағдарламалардың қателіктері ескерілмеген.

Аймақ тұрғындарының айтуынша, ЖҚЖК бағдарламасын жүзеге асыру кезінде мердігер компаниялар нысандарға өздерінің жұмыскерлерін әкеліп, жергілікті жұмыссыздарды қажет ете қоймайды. Себебін «білікті мамандар емес» деп түсіндіреді. Әкімдіктер бұл мәселені әдетте бақыламайды.

ЖҚЖК аясындағы тағы бір маңызды мәселе – қаржының игерілмеу қаупі. Бұл бағдарламаға бұрын-соңды мұндай үлкен сома бөлінген жоқ. Салыстыра отырайық: 2015 жылы ЖҚЖК-ға 38 млрд теңге, ал 2016 жылы 85 млрд теңге жұмсалды. 2016 жылы негізгі сома әкімдіктерге қараша-желтоқсан айларында келіп түсті, соның салдарынан көптеген жоба асығыс аяқталып, «асфальт қар үстіне төселді».

Сондай-ақ, бағдарлама қаражатын орынсыз жұмсау ықтималдығы жоғары. Өйткені әкімдіктер тарапынан құрылыс барысын бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. Бұл ретте жұмыс процесінде жобалар тізбесін қалыптастыруды және қаражатты мақсатты пайдалану бойынша әкімдіктердің жұмысын ешкім бақыламайды. Тексеруші органдар әдетте жобалар аяқталғаннан кейін тексеруге келеді.

Жүйе керек

Біз ЖҚЖК жүзеге асырудың 5 негізгі проблемасын атап өттік.

Біріншіден, бағдарлама жұмыспен қамту мәселелерін жүйелі шешпейді және тұрақты емес, уақытша жұмыс орындарын құруға ғана бағытталған.

Екіншіден, бағдарлама бойынша жобаларды іріктеу нақты талаптар мен басымдықтарсыз жүзеге асырылды.

Үшіншіден, ЖҚЖК бағдарламасына бөлінген қаражат тым көп және негізсіз.

Төртіншіден, бюджет қаражатын игермеу және оларды тиімсіз пайдалану қаупі жоғары.

Бесіншіден, нақты бақылау жүйесі жоқ, сондықтан бөлінген қаржыны мақсатсыз пайдалану қаупі бар. Қоғамдық бақылау мүлдем жоқ.

Тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатына жету үшін үш қадам ұсынылады:

Бағдарлама бойынша қаражаттың 20%-дан аспайтын бөлігін бөле отырып, ЖҚЖК бағдарламасы бойынша басталған инфрақұрылымдық жобаларды аяқтау.

ЖҚЖК бағдарламасы қаражатының көп бөлігін кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құруға қайта бөлу (қаражаттың 50%-ына дейін)

Қаражаттың 30%-ы жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілеріндегі жұмыс орындарын сақтауға бағытталсын.

ЖҚЖК бағдарламасын қайта қарау, жұмыспен қамтудың екі бағдарламасының (ЖҚЖК және «Еңбек») шараларын үйлестіру және қаражатты бағыттар арасында қайта бөлу, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Қалай қол жеткізуге болады?

Инфрақұрылымдық жобалар болған жағдайда әрбір елді мекенде жұмыспен қамту бағдарламаларының іске асырылуына қоғамдық бақылау жасау қажет. Қоғамдық бақылаудың қатысуымен ЖҚЖК бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларға түгендеу жүргізу және ағымдағы жылы аяқталуы тиіс жобаларды айқындау қажет. Тек қоғамдық бақылау таңдаған жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету және басқа жобаларды қаржыландыруды тоқтату керек.

«Еңбек» бағдарламасының 1-бағыты аясында (қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) неғұрлым талап етілетін мамандықтар бойынша мердігер компаниялар үшін қажетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, әкімдіктер мен мердігер компаниялар арасындағы шарттарға тиісті талаптарды енгізу есебінен жұмыссыздардың ішінен жергілікті қызметкерлерді жалдауды оларға міндеттеуді талап ету керек.

Сондай-ақ, жобаларды іске асыру барысына және қоғамдық бақылаудың және «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кеңселерінің қатысуымен қаражаттың орнымен пайдаланылуына мониторинг жүргізу қажет.

ШОБ қолдау аясында «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша нақты қажет және оқығандар санын ескере отырып, «Еңбек» бағдарламасының 2-бағыты (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) аясында микроқаржыландыру көлемін ұлғайту қажет. Ауылдық жерлерде мал шаруашылығын қолдау үшін мал сатып алуға қаражат бөлу қажет.

Бизнес және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп әрбір елді мекенде бизнес жобаларды, бірінші кезекте бизнесті іске қосуға және жаңа жұмыс орындарын құруға дайын қайта өңдеу өндіріс орындарын анықтау қажет.

«Еңбек» бағдарламасының 1-бағыты аясында жоспарланған бизнес жобалар үшін кадр даярлауды бастау қажет. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілеріне жұмыс орындарын сақтау бойынша шаралар әзірлеу.

ЖҚЖК бағдарламасы бойынша басталған инфрақұрылымдық жобаларды аяқтау, қаражаттың көп бөлігін (70%) кәсіпкерліктегі жаңа жұмыс орындарын құру және шағын бизнестегі жұмыс орындарын сақтау шараларына қайта бөлу ұсынылады. Жаңа бизнес жобаларды дамыту және жұмыс істеп тұрған субъектілерді қолдау есебінен мәселені тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы шешуге болады.

The post Жұмыспен қамтуға триллион: жол картасында қандай проблемалар  болуы мүмкін? appeared first on Ekonomist Media.

Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады?
2020 жылы 5 тамыз күні Дүниежүзілік банк (ДБ) «Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту» тақырыбында брифинг өткізді. Бас спикер ретінде ДБ Орталық Азиядағы білім беру мәселелері бойынша жетекші маманы Айша Вауда сөз алып, 2020 жылдың маусым айында жүргізілген зерттеуді ұсынды.

Пандемия салдары мен әсерін түсіндіру үшін ол басқа пандемияны, яғни 2-3 жылға (1918-1920) созылған және нәтижелері 60-70 жыл бойы білімге әсер еткен испан тұмауын мысалға алды. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазіргі пандемияның әсері де 60-65 жылға созылады.

Оқытудың жаңа механизмдері мен түрлерін енгізу білім теңсіздігінің өсуіне, білім беру сапасына әсер етіп, мектеп оқуының 0,6 жылының жоғалуына, әлемде 7 миллионға жуық оқушының сапалы білім жолынан тыс қалуына әкеп соғады.

Пандемияның болашақ ұрпақтың еңбек табысына әсерін бағалау үшін үш сценарий жасалды. Олар: оптимистік, аралық (негізгі) және пессимистік. Базалық сценарий аясында әлем іске асырылмаған еңбек кірісі түрінде 10 трлн доллар жоғалтады, яғни 5 айға мектептерді жабу нәтижесі жаһандық ЖІӨ-нің оннан бір бөлігіне тікелей әсер етеді.

Сауат төмендейді

Орталық Азияның басқа өңірлерден айырмашылығы – дамушы елдердегі  халық саны бойынша оқушылардың салыстырмалы түрде көптігінде. Өзбекстанда ол халықтың 40%-ына тең болса (0-24 жас), Қазақстанда – 39%, Тәжікстанда – 49%, Қырғызстанда – 46%. Яғни, қазіргі оқыту нәтижелері өңір халқының жартысына жуығының жарасын тереңдетеді.

Дей тұрғанмен, аймақтағы оқу нәтижелері пандемияға дейін де өте төмен болды. Орталық Азия елдерінің оқушылары орта есеппен Еуропадағы құрдастарынан 1,5 жылға артта қалған. Мысалы функционалдық сауаттылық бойынша PISA зерттеуінің нәтижелерін алып қарайық. Ол – адамдарға қазіргі қоғам өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін дағдылар мен білім жиынтығы. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін (ЭЫДҰ) басқа елдермен салыстырсақ 10 оқушының 8-і функционалды сауатсыз. Ал ЭЫДҰ елдерінде керісінше, 10-ның 8-і функционалды сауатты болып келеді. Аймақтағы оқушылар пандемияға дейін де цифрлық дағдылар жағынан әлсіз, технологияларға қолы жете бермейтін еді.

Айша Вауданың айтуынша, өңір елдерінде техникалық қамтамасыз ету мәселесінде үлкен алшақтық бар. Қазақстанда оқушылардың 70%-ында үйде компьютер, интернет бар, ал Тәжікстанда бұл көрсеткіш 1%. Алайда, компьютермен қамтамасыз етудің жоғары көрсеткіштері интернет толық қолжетімді екенін немесе компьютердің заманауи екенін немесе оқушыларды үйде қашықтан оқыту үшін жағдай жасалғанын білдірмейді. 2018 жылғы деректерге сәйкес, қазақстандық оқушылардың 54%-ында компьютерлік сауат деңгейі компьютермен жұмыс істеу үшін қажетті функционалдық білім деңгейінен төмен болды, ал зерттеуге қатысушы барлық ел бойынша орташа алғанда бұл көрсеткіш 18% еді.

Спикер ерекше назар аударған ең маңызды сәт – пандемияға дейінгі нәтижелердегі теңсіздіктің тым жоғарылығы, аймақтағы оқу сапасы. Қырғызстанда ең кедей отбасылардың балалары бай отбасылардан шамамен 2,5 жылға, ал Қазақстанда бір жылға артта қалып отыр.

Өңір елдерінде жоғары оқу орындарына қабылдау коэффициенті де төмен болып саналады.  Ол, атап айтқанда, Өзбекстанда бар болғаны 10%, нәтижесінде оқушылардың 80-90%-ы тек бакалавр дәрежесін ғана ала алады. Нәтижесінде, жұмыс берушілер жас мамандардың қолынан іс келмеуіне байланысты проблемаларды бастан кешуде, бұл экономикадағы өнімділікке әсер етеді.

Батыл, бірақ білімсіз

Айша Вауда Орталық Азия елдерінің білім беру жүйесіндегі пандемия кезінде әрекет етуге деген күш-жігерін (Қашықтан оқыту арналарын шұғыл құру) өте батыл және дер кезінде қолға алынған шаруа деп бағалады. Дегенмен, ДБ бағалауы бойынша, бұл оқытуды толыққанды қашықтан оқыту деп атауға болмайды. Өйткені елдерде қашықтан оқыту үшін толыққанды база болған жоқ, оны дайындау ұзақ уақытты, сынақтар жүргізуді, оқытушыларды оқытуды, белгілі бір жабдықтың болуын талап етеді.

Жағдайды оқыту алшақтығының жоғарылығымен, оқытушылар мен студенттердің технологияларға қол жеткізе алмағанымен сипаттауға болады. Оқытушылардың барлығы бірдей қашықтан сабақ жүргізу үшін білім жетілдірген болып шықпады.

Орталық Азия аймағында білім берудің ең маңызды механизмі ретінде теледидар, телесабақтар, жоғары оқу орындарында онлайн оқыту қарастырылды.

Телемектептердің басты проблемасы эфир уақытының шегі болды. Яғни, сабақтар күніне 10-15 минутқа ғана созылды. Егер отбасында әртүрлі жастағы бірнеше бала және бір теледидар болса, мұндай форматтың қаншалықты нәтижелі екені белгісіз. Телеоқу жағдайындағы ең үлкен проблема оқытудың біржақты болуы, оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау үшін кері байланыстың болмауы және оқу процесін бақылаудың мүмкін еместігі болды.

Тағы бір проблема – қаржы тапшылығы. Өйткені көп қаражат Денсаулық сақтау саласына кетті.

ДБ өкілінің пікірінше, білім беру саласында күш-жігерді біріктіру, бағдарламаларды, бейнесабақтарды бірлесіп әзірлеу аймақ елдері үшін оң шешім болар еді.

Дегенмен, аймақтық синергияның мұндай мүмкіндігі қолданылған жоқ.

Миллиардтаған шығын болды

Дүниежүзілік банктің бағамдауына қарасақ: 5 ай ішінде мектептердің жабылуына байланысты өңір оқушылары 16 балл немесе оқу жылының жартысына жуығын жоғалтты, сондай-ақ функционалдық сауатсыздық 78%-дан 86%-ға дейін өсті, бұл ақшалай түрде 44 млрд доллар. Бұл Тәжікстанның жылдық ЖІӨ-сінен 5-6 есе жоғары және Қазақстан ЖІӨ-сінің төрттен бір бөлігі.

Тағы бір болжам – білім беру жүйесіндегі теңсіздіктің одан әрі өсуі. Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз саналатын топтары білім беруде пандемияның әсерін бақуат тұрғындарға қарағанда көбірек сезінеді. Кедейлер мен байлар арасындағы білім деңгейіндегі алшақтық арта береді.

Тағы бір проблема оқушылар мен оқытушыларға қолдау көрсетудің тапшылығына қатысты болды. Әсіресе оқушыларды қашықтан оқыту форматы барысында сабақ меңгерудің әртүрлі, тең емес деңгейі көрінді. Бұл болашақта аймақтағы білім беру жүйесіндегі теңсіздіктің одан әрі өсуіне әкеледі.

ДБ өкілдері, сондай-ақ, отбасы бюджетінің аздығы, үйдегі қаржылық жағдайдың нашарлығына байланысты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы көптеген оқушының жоғары білім ала алмауына байланысты өңірде білікті мамандар тапшылығы өсуі мүмкін екенін де болжап отыр. Нәтижесінде, осы ұрпақ үшін еңбек нарығындағы біліктілік алшақтығы бұрынғыдан да үлкен теңсіздікпен сипатталады.

Мектепте тегін тамақ бермей қоя тұру, жалпы тамақтандыру жағының нашарлауы оқу шығындарының артуына әкеледі.

Дүниежүзілік банк зерттеушілерінің бағамдауынша, күз келіп, қыс түсе жағдай нашарлай түседі. Әсіресе балалары мектепте тегін немесе жеңілдікпен тамақтанады деп сеніп отырғандар үшін ауыр.

Қалай түзеуге болады?

Мектептерді ашу туралы шешім қабылдау кезінде ДБ өкілдері үш негізгі элементтен тұратын білім беру жауабының стратегиясын әзірледі. Олар: «жеңу», «үзбей оқытуды қамтамасыз ету», «жетілдіру және жеделдету».

Пандемия кезінде әл-ауқаты төмен халық үшін оқыту нәтижелерінің төмендеуін барынша азайтуға баса назар аудара отырып оқытуды жалғастыру және кез келген жағдайда оның үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қазіргі дағдарысты «ойды өзгерту», болашақта неғұрлым сапалы, тең құқықты білім беру жүйесін құру мүмкіндігі ретінде қабылдау ұсынылады.

Проблемаларды Дүниежүзілік банктің ЮНЕСКО-мен және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп 2020 жылғы маусымда жүргізген жаһандық зерттеу нәтижелері айғақтайды. Бұл зерттеулер COVID-19 мектептерін жабуға арналған білім беру саласындағы ұлттық жауап шаралары болатын. Айша Вауданың айтуынша, осы  мәліметтерге сүйенсек, елдер, министрліктер «күзде, мектеп ашылар сәтте жаңа оқу жылы туралы қандай стратегиялар болатынын ойламақ түгілі, өз бастарымен қайғы болып кеткен».

ДБ өкілдері, біріншіден, үздіксіз оқытуды қамтамасыз етудің, онлайн оқытуды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл – шын мәніндегі жаңа экономикалық таңдау.

Болашақта озық әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қазір білім беруді бірінші орынға қою маңызды.

Екіншіден, білім беру жүйесінің бюджетін қорғау, оны қысқартуға жол бермеу өте маңызды. Бұл қашықтан оқыту сапасының жаңа бағдарламаларына және пандемиядан зардап шеккен, оқу бағдарламасынан қалып қалған студенттерге мақсатты, нақты қолдау көрсетуге де қатысты.

Қашықтан оқыту көптеген елде жаңа нормаға айналуы мүмкін. Сондықтан бүкіл аймақтағы цифрлық платформаларға қол жеткізуді күшейту қажет, – деп атап өтті Дүниежүзілік банк өкілдері.

Айша Вауда өз сөзінде оқуда артта қалған және мектептер ашылған кезде немесе қашықтан оқытудың толыққанды бағдарламалары іске қосылған кезде оқу бағдарламаларын орындай алмайтын оқушыларды одан әрі оқыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Мектептерде қосымша оқыту, «бір-бірлеп» оқыту немесе мұғалімнің артта қалған оқушыларды қуып жетуге көмектесетін көмекшілері лауазымын енгізу қажет.

Білім беру платформаларының бар болғаны ғана керек емес. Онда сапалы контент толып тұруы керек. Сондықтан қолданыстағы қашықтан оқыту бағдарламаларын жетілдіруге баса назар аудару керек. Мазмұн, оқу материалдары, студенттермен кері байланыс тетіктері, бағдарламалардың жүргізілуін үнемі бақылауға баса назар аударылуы керек.

The post Минус 44 млрд: Орталық Азия локдаун кезіндегі білім беруде неден ұтылады? appeared first on Ekonomist Media.

COVID-19 кезінде оқығандар: қашықтан оқу жеткілікті ме?
Экономикалық соққы – COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған мәселенің көрініп тұрған бөлігі ғана. Мұның сыртында ұлттық білім беру жүйесіне, орта мектептердегі дәстүрлі оқудың тоқтап қалуына орай адам капиталына келген залал бар. Қашықтан оқытуға көшкен елдерде (оның ішінде Қазақстан да бар) білім беру деңгейі төмендеу проблемасы туады. Бұл әсіресе кедей отбасының балаларына, кедейлік деңгейі жоғары өңірлер мен аймақтарға ауыр соққы болады. Ұзақмерзімді болашақ тұрғысынан қарасақ, білім берудегі теңсіздік болашақта табыстың да теңсіздігіне алып келеді.

Әзірге жалғыз балама – қашықтан оқыту. Алайда бұл жүйеге оқыстан көшудің өзіне тән проблемасы жеткілікті. Оны шешу дамыған елдердің өзіне оңай соғып жатқан жоқ.

Біз жоғалтқан білім

Оқушылар COVID-19 пандемиясы салдарынан қалыпты оқу жылымен салыстырғанда, алдыңғы алған білімінің орта есеппен 30-50%-ын жоғалтуы мүмкін. Жазғы каникул кезіндегі жоғалтатын білімді де есепке алу керек, орта есеппен жазда білім алмай қалу 0,25 оқу жылына тең. Қашықтан оқуға деген мәжбүрліктің оқушылардың білім деңгейіне жиынтық әсері болады. Жаз кезінде білім деңгейі төмендеуінің объективті себебі болса, қашықтан оқу кезінде жағдай күрделеніп, екі жылға дейін артта қалу байқалады.

Компьютер де, интернет те жоқ, көп жағдайда ата-ана тарапынан қолдауды да көп көрмейтін тұрмысы төмен отбасылардың ұл-қызы немесе шалғайдағы ауыл балаларының білім деңгейі тіптен нашарлай түседі.

Сала сарапшылары болашақ абитуриенттерге қиынға соғатынын айтады, дегенмен бәрінен бұрын  бастауыш сынып балаларына қиын болғалы тұр. Мамандар бастауыш мектеп оқушыларының ұтылуы  тұтас оқу жылын жоғалтқанмен пара-пар болады деп болжауда.

Пандемияға дейін жүргізілген халықаралық зерттеулерге сүйенсек, мектептің 20 күнге жабылуы тест тапсыра алмайтын оқушылардың санын 10%-ға арттырады, ал 10 күн сабаққа бармау бір жыл ішінде білім нәтижесінің  5-10%-ға дейін төмендеуіне әкеледі екен.

COVID-19 пандемиясының білім беру жүйесіне және адам капиталына келтірген залалының салдарын шартты түрде қысқамерзімді (мұны біз биылғы жылдың соңына дейін көреміз) және ұзақмерзімді деп бөлуге болады.

Қысқамерзімді сипаттағы салдарға оқу процесінің баяулауын, оқушылардың оқуға ынтасының төмендеуін жатқызуға болады. Бұған дәлел ретінде Ресейде жүргізілген зерттеу нәтижесін келтіруге болады, мұнда оқушылардың жартысы қашықтан оқуды каникул деп қабылдаған. Мектептердің жабылуына орай оқушылардың тамақтануы нашарлайды (мектепте тегін тамақ ішіп жүрген балаларға қатысты), психикалық жағдайы нашарлайды, оқушылар зорлыққа және басқа да қауіпті істерге баруы мүмкін, сонымен бірге балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпті мінез туындауы мүмкін.

Оқушылардың мектептен шығып кетуі байқалуы мүмкін. Бұл, әсіресе, тұрмысы төмен және жағдайы нашар отбасының балаларына қатысты, мұнымен бірге балалардың еңбекке араласуы, кәмелет жасына толмағандар арасындағы некелесу, коммерциялық секс артып, ата-аналардың балалардың біліміне инвестиция салуы қысқаруы мүмкін. Ковидке дейінгі мысал: әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан Румынияда 2009-2018 жылдары мектепке бармайтын балалардың саны,  демографиялық көрсеткіш төмендегеннің өзінде, 192 мыңнан 378 мыңға дейін артыпты.

Білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығын азайып, оқыту деңгейі төмендеп, жеке меншік мектептер жабылып жатқанын да атап айту керек.

Пандемияның ұзақмерзімді салдары тіптен ауыр. Мектептердің жабылуы мен балалардың белгілі бір бөлігінің білім деңгейінің төмендеуі білім беру саласындағы теңсіздіктің артуына алып келеді.  Дүниежүзілік банктің Ресейдегі тұрақты өкілі және директоры Рено Селигманн білім беру саласындағы жоғалту деңгейіне қатысты мынадай болжам жасайды: егер биыл Ресей мектептері жалпы алғанда бес айға жабық болатын болса, орта есептегі оқушының оқу сауаттылығы бойынша білім нәтижесінің төмендеуі PISA шкаласы бойынша 16 балға тең болады. Бұл оқу-білім саласындағы артта қалуға қаражат салып отырған Экономикалық әріптестік және даму ұйымы мен Еуроодақ елдеріндегі білім беру саласындағы жоғалтуға қатысты болжамнан жоғары.

Оқу барысында қиналатын оқушылардың үлгерімі төмендеуі мүмкін деген болжам бар; көптеген оқушының мектепке орала алмауы «білім кедейлігінің» ауқымын арттырып, соның салдарынан болашақта тұтас бір буынның өнімділігі төмендеуі мүмкін.

Табыс деңгейі жоғары елдердегі (ТДЖЕ) 104 млн оқушы меен табыс деңгейі орташа елдердегі (ТДОЕ) 59 млн оқушының оқу нәтижесіндегі алшақтық арты түседі. Ал қазір Адам капиталы индексіндегі табысы жоғары елдер мен орташа елдердегі орташа айырма 13%.

Мектептегі оқуды тоқтату мен білім беру сапасының төмендеуі одан кейін өмір бойғы өнімділік пен табыстың төмендеуіне алып келеді. Бұл макро деңгейге әсер етпей қоймайды. Егер бір жылда қосымша оқу кірісті шамамен 8-10%-ға арттыратын болса, оқушылар орта есеппен жылына оқу сағаттарының ширегін жоғалтатын. Ал оқу орындарын жабу кірістің тұрақты түрде  2–2,5%-ға кемуіне алып келеді.

Осы аталған факторлар әлеуметтік теңсіздік проблемасының шиеленісу  қаупін төндіреді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бақуат тұратын отбасының балалары онлайн оқу кезінде таршылық көрмей, тиімді білім ала алады. Яғни, олардың білім алу деңгейі бір маусымда төмендей қоймайды. Ал кедейлеу үйлердің балаларында жағдай керісінше.

Әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасының балалары неврологиялық дамуда кешеуілдеп, бала кезінен жанына түсетін жарақаттар санын көбейтіп алуы мүмкін. Олардың арасында еңбекке ерте араласатын балалар да, жасына жетпей жүкті болатындары да бар. Өмір бойына тапқан айлығы шайлығына жетпей жатады. Осындай күйзеліс күшейген кездері отбасында орнықты жағдайы жоқ балалар өзін қолдайтын, қамқорлық жасап қорғайтын күйдің жоқтығын ұғынып қиналады. Бұл күй олардың қалған өміріндегі бақуат өміріне деген сенім қалыптастыруына қатты әсер етеді.

Қашықтан оқимыз

Коронавирус пандемиясы білім саласындағы форматтарды қысқа уақыт ішінде қайта қарастыруға мәжбүр етті. Елдер цифрлық әдіспен қашықтан оқуға мүлдем дайын емес еді. Үздіксіз білім алуды жолға қойған көптеген мемлекет үлкен қиындықпен бетпе-бет келді. Пандемия салдарынан  191 елде мектептер жабылып, әлемдегі оқушылардың  90%-ына әсерін тигізді.  Олардың тең жартысының үйінде компьютер жоқ, 43%-ы интернетсіз отыр еді.

Мұндай теңсіздік көбінесе кірісі аз елдерде қатты байқалды. Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде  оқушылардың 89%-ының компьютері болмады, 82%-ының интернет қосатын жағдайы болмады. Бұл өңірде тіпті көптеген елді мекен ұялы байланыспен қамтылмаған болып шықты.

Ресейде үй шаруашылықтарының 69%-ында компьютер бар. Оқушылардың үштен бір бөлігі жеке компьютермен қамтылмаған. Ресей мектептерінде компьютер болғанмен, жеткілікті емес. Кейбір өңірлерде интернет мүлдем  қосылмаған.

Қазақстанда эпидемия бастала салысымен уақытша пайдалануға деп 250 мыңнан астам компьютер таратылғанмен, қашықтан оқуға көшу барысында 3 млн оқушының шамамен 700 мыңы (23%) компьютермен қамтылмаған болды. Техника алуды көбінесе әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың жағдайы көтермейді. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен бастауыш сынып оқушылары тапшылық көрді.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы  Артур ван Дизеннің айтуынша, Қазақстан цифрлық білім беруге дайын. Ол халықтың 78%-ында интернет бар, ұялы байланыс тарифтері «өте арзан», көптеген мектеп интернетпен қамтылған, елде цифрлы білім беру платформалары дамыған дегенді алға тартады.

Дегенмен интернет өңірлер бойынша ала-құла тартылған, сапасы да ауыз толтырып айтарлықтай емес, қашықтан білім беру сапасы да сын көтермейді. Аяқ астынан қашықтан оқып кетуге мұғалімдер де, балалар да дайын болмай шықты. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, қашықтан оқуға көшу ең мықты деген мұғалімдердің өзіне ауыр салмақ салды. Олар күйзеліске түсіп, бар шаруаларын шатастырып алды.

ЖК, дағды және жүйке

Қашықтан оқуға көшкен елдердің бар проблемаларының басын біріктіріп көрейік.

Компьютер жоқтығы. Көптеген ел үшін ең басты проблеманың бірі – мектеп оқушыларын компьютермен қамтамасыз ету болды. Португалияда оқушылардың 20%-ында компьютер жоқ, ұялы байланыс қосылмаған болып шықты. Пошташылар балаларға қағазға басылған тапсырмаларды тасып, үй тапсырмасын мұғалімдерге жеткізіп берумен айналысты. Ұлыбританияда  ата-аналар планшет пен компьютермен балаларымызды қамтамасыз етпеді деп үкіметтің үстінен сотқа арыз түсірді.

Канаданың Калгариіндегі мектептер оқушыларды техникамен қамтамасыз етті. Нидерландыда да қажет еткен балалардың барлығына компьютер беріп, интернет қосып берді. Британ үкіметі әл-ауқаты төмен отбасылардың балалары оқуын қашықтан жалғастыруы үшін техника берді. АҚШ-тың Калифорния штатында 70 мыңнан астам ноутбук таратылады деп жоспарланған.

Ресей зерттеушілерінің айтуынша, мұқтаж жандарға компьютер тарату қауіпті іс, әрі популистік сипатқа ие десе де, білім беру жүйесі дамыған елдер үшін бұл қалыпты жағдай.

Мұғалімдердің дайын еместігі. РАНХиГС үздіксіз білім беру экономика орталығының директоры Татьяна Клячконың айтуынша, кез келген мұғалім қашықтан жұмыс істей алмайды. Ары кеткенде олар студенттерге электрон пошта арқылы тапсырмалар жіберіп, осындай параграфты, оқулықтарды оқып шығу немесе осындай мәселелерді шешу керек деп жазады.

Оқытуды жеңілдететін шаралардың бірі ретінде АКТ-ны қолдану қашықтан оқытуда шешуші рөл атқаратынына қарамастан, Еуропа мұғалімдерінің 16%-ы қашықтан оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша кәсіби білім алу қажет екенін атап айтты.

Америкалық 1247 мұғалім арасында жүргізілген сауалнама бойынша, олардың жартысынан көбі қашықтан оқытуды енгізуге дайын емес, 69%-ы оқушыларына құжаттар немесе параққа жазылған тапсырмаларды орындау үшін жіберетінін көрсетті.

Оқушылар мен мұғалімдер үшін стресс. Ұлыбританияда ата-аналар бүкіл бос уақытын сарп ететінін айтып шағым түсірген соң үй тапсырмасын беруді тоқтатты. Көптеген мұғалім күнделікті үй тапсырмасын орындау бала үшін стресс екенін айтады. Себебі балаладан үлкендерден талап етілетін көнбістік күту мүмкін емес.

АҚШ-та қашықтан оқу балалардың сабақтан қашып кетуін көбейтті. Көптеген оқушы пандемия кезінде қашықтан білім беру жүйесіне тіркелмей, сабаққа қатыспай, тапсырма орындамай кеткен. Әсіресе арнайы гаджеттермен қамтамасыз етуге жағдайы көтермейтін отбасылардың балаларында мұндай жиі кездесті.

Техникалық проблемалар. Қашықтан оқыту үшін тиісті инфрақұрылым жүргізіліп, білім беру платформалары күрделі болмауы керек. Мұндай талапты кез келген ел қамтамасыз ете алмады. Мысалы, Ресейдегі НАФИ сараптау орталығының мәліметі бойынша, мұғалімдердің 68%-ы білім беру жүйесінің қашықтан оқыу жүйесіне көшуге дайын емес екенін атап көрсеткен.

Министр Асхат Аймағамбетов елдегі білім беру жүйесіндегі кездескен басты проблемалардың бірі ретінде отандық IT платформалардың болмағанын алға тартты. Бір мезетте көп оқушы бас қосып сабақ өткізе алатын стриминг байланыс жоқтығы, цифрлық сауаттың аздығы және интернет арқылы білім алу барысында толыққанды бағдарламалық қамсыздандыру жоқтығы да кедергі болды дейді министр.

Әзірге кедей және алыс ауыл балалары үшін қашықтан оқу қол жетпес болып тұр. Бұл білім алудағы теңсіздікке әкеліп, кейіннен тұрмыстағы теңсіздікке соқтыратыны анық.

Не істеу керек?

Зерттеушілер білім берудегі қашықтық форматына көшу қажеттілігі мен жағдайды дамытудың әртүрлі нұсқасын қарастырады. Олардың барлығы білім берудің теріс салдары болуы мүмкін екенін көрсетеді. Барлық елдердегі күн тәртібінде қазір шығындардың ауқымын азайтатып, пандемия жағдайынан шығудың оңтайлы стратегияларын іздеу тұр.

Ұсынылған шаралардың бірі – жаңа  оқу жылындағы оқу күнтізбесін ұзарту. Лондон экономика мектебінің бағалауы бойынша, пандемия кезінде жоғалған әр аптаның орнын толтыру үшін аптасына екі сағаттан астам уақыт қажет.

Бір немесе бірнеше сынып оқушыларын ыңғайлы топтарға біріктіре отырып, қатар алып жүретін қосымша мұғалімдерді тарту қажет болуы мүмкін.

Аймақтар мен әлеуметтік-экономикалық топтар арасындағы теңсіздікті жою үшін білім берудің жаңа платформаларындағы бағдарламаларын барлық студент пен мұғалім сәтті пайдалана алатындай етіп жасау керек.

Теңсіздікті жою жөніндегі шаралардың бірі ретінде жалпы төмен нәтижелері бар, артта қалған мектептерге, сондай-ақ қолайсыз аудандардағы мектептерге нақты гранттар беруді қарастыруға болады.

Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушылардың кем дегенде төрттен бір бөлігі қайтадан қашықтан білім алатын болады. Сондықтан қашықтан оқыту мүмкіндіктерін кеңейту, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивтілікті қамтамасыз ете отырып, білім беруді цифрландыру қажет.

Қолға алуға тиіс шаралар қатарына отбасылар мен мұғалімдердің ақпараттық технологияларды пайдалануы үшін техникалық құралдардың қолжетімділігін арттыру, байланыс сапасын арттыру және цифрлық оқу материалдарын әзірлеу үшін көрсетілетін қолдауды жақсарту жатады.

Шұғыл дайындалған бейне сабақтарды бүкіл оқу жылына арналған бейне сабақтардың тұтас сериясына ауыстыру, қашықтан оқыту жағдайында жұмыс істеу бойынша педагогтардың құзыреттілігін арттыру, мектептегі оқыту мәдениетін өзгерту, тиімді кері байланыс қалыптастыру жоспарлануда.

Компьютерлері жоқ, интернетке қолы жетпей отырған балаларды оқыту, білім беру алшақтығын жою туралы мәселе әлі күн тәртібінде жоқ. Келесі жылғы білім беру амалы қалай болатыны белгісіз. Келесі оқу жылы да қашықтан болуы мүмкін.

The post COVID-19 кезінде оқығандар: қашықтан оқу жеткілікті ме? appeared first on Ekonomist Media.

Қазақстан-2020: ЖІӨ құлауда, мемлекеттік шығын көбеюде, кедейлік артуда
Дүниежүзілік банк (ДБ) Қазақстан экономикасына кезекті шолу жасап, 2021 жылдың болжамымен қоса жариялады. ЖІӨ, жұмыссыздық, инфляция және экономикалық белсенділіктің төмендеуі сияқты макроэкономикалық көрсеткіштердің астарында бұлардан гөрі маңызды бір проблема жатыр, ол – кедейліктің артуы.

Коронадағдарыс кезінде бұрыннан бар проблемалар күрделене түсті, ал жаңа шешім әзірге жоқ. Қазақстан бюджет шығыны мен мемлекеттік қарызды көбейтуге мәжбүр болып отыр, ал трансферт Ұлттық қордан алынуда. Елімізге институционалдық өзгерістер қажет.

Плюстан минусқа

Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың экономикалық өсімі туралы болжамды жекелеген аймақтар мен елдерге бөліп, жылына екі рет – қаңтар және маусым айларында жариялайды. Әдетте жарты жылда деректер аса қатты өзгере қоймайды, оншақты пайыздық тармаққа ғана өзгереді, ал баяндаманың ауаны әдетте біркелкі: дағдарыс кезінде үрейлілеу болса, өсім уағында салмақтылау келеді. Алайда соңғы жылдары өзгерістер айтарлықтай байқалатын болды, баяндаманың ауаны да ауырлай түсті.

Әлемдік экономикадағы белгісіздік күйзеліс тудыратын факторлардың көбеюімен бірге ұлғайып келеді. 2018 жылдың көктем-жазында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан бастау алған қиындық жалғасып, биыл COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған дағдарыс күйзеліс факторына айналды.

2020 жылдың екі баяндамасының арасындағы айырма қаншалық екенін Қазақстанның мысалынан көруге болады. Қаңтар айындағы жаһандық экономикалық перспектива баяндамасында ДБ Қазақстан экономикасының 2020 жылғы өсімі 3,7% деңгейінде болады деген болжам жасаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі өсім 4% төңірегінде болады деп болжағанын ескерсек, бұл жорамал ақылға қонымды еді.

Көп өтпей Қытайда COVID-19 тарап, одан кейін эпидемия әлемнің әр түкпіріне, соның ішінде Қазақстанға да жетті. Қазақстан алғашқылардың қатарында наурыз-мамыр айларында 8 апталық локдаун жариялап, соның салдарынан қызмет көрсету саласының айтарлықтай бөлігі тоқтап қалды. ЖІӨ өсімінің болжамы 2020 жылдың маусым айындағы  шығарылымда жаңартылды, ал Қазақстанға қатысты шілдедегі  «Дағдарысты жеңу» баяндамасында ДБ сарапшылары ҚР жағдайын тереңірек сипаттап берді.

Олар 3,7% өсімнің орнына 2020 жылы 3,0% құлдырау болады деп болжап, 2,5% мөлшерінде қалпына келу 2021 жылы ғана мүмкін болады деп отыр. Бұл болжамға ҚР үкіметі маусым айының соңында жариялаған мейлінше жұмсартылған 4 апталық локдаунның салдары енген жоқ.

Өсудің қарқынды болмауына ықпал ететін фактор жеткілікті. Баяндамада мынадай жолдар бар: «Әлемдік экономикалық жағдайдың нашарлауы, елдегі оқшаулану шаралары және басқа да шектеулер біріккенде оның теріс салдары айтарлықтай ауыр болуы мүмкін. ОПЕК+ келісіміне сәйкес, Қазақстанның мойнында міндеттемесі бар, ол бойынша 2020 жылы мұнай өндіру мен экспорттау 20%-ға қысқаруы тиіс. Елдегі ірі мұнай кенішінің бірінде жаппай COVID-19 анықталуы тау-кен өнеркәсібі саласындағы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі деуге негіз бар. Ішкі карантин саясаты экономиканың басқа салаларына да айтарлықтай кесірін тигізеді. Елдің барлық аймағында аурудың күрт өршуі ұлттық экономиканың жағдайын одан сайын қиындата түсті, мұның салдары да оңай болмайды».

2019 жылы 0,7%-ға артқан мұнай секторы 2020 жылы 9,7%-ға құлдырайды, бірақ 2021-де 3,2% өсім көрсетеді. Мұнай емес сектордағы құлдырау 1,3% ғана болады, ал 2021 жылы 2,3%-ға артып, дағдарыс кезіндегі құлдырауды толықтай қалпына келтіріп алады.

ДБ сарапшылары 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,3% болады деп болжап отыр, 2021-дің соңына дейін 6,4%-ға дейін баяулайды. ДБ сарапшыларының болжамы бойынша, девальвацияға айырбас курсы да айтарлықтай әсерін тигізеді, ал курс тұрақсыз мұнай бағасына тәуелді. Сонымен бірге, «импорт тауарларға сұранысты қолдайтын аса қатал емес салық-бюджет саясатының» да ықпалы болады.

Ағымдағы операциялар шоты айтарлықтай минусқа кетеді: 2019 жылы ЖІӨ -3,6% болса, 2020 жылы -5,2% болмақ, ал 2021-де -4,6% болады. Тікелей шетелдік инвестиция 2020 жылы ЖІӨ-нің 3,2%-ынан 2,3%-ға дейін төмендесе, 2021-де 2,7%-ды көрсетеді. Шоғырланған бюджеттің жалпы балансы 2020 жылы -0,5%-дан -9,9%-ға дейін кеңейеді, ал 2021 жылы сәл ғана қысқарып, -6,4%-ды көрсетеді. Үкіметтің қарызы көбейе түседі, 2019 жылы ЖІӨ-нің 19,8%-ы болса, 2020 жылы – 26,9%, ал 2021-де 30,5% болмақ.

«Экономикалық дағдарыс кезінде салық түсімдері ойлағаннан да аз болатын болса, бюджетке қаржыландыру тапшылығын болдырмау үшін қосымша ресурс қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы қарыз алу немесе Ұлттық қордан трансферт алу жолымен кірісті арттыратын фискалдық мүмкіндік бар», – дейді баяндама авторлары.

«Бұлыңғыр» болашақ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ЖІӨ қарқынына қатысты болжамы сәуір айынан бері өзгерген жоқ, министрлік ЖІӨ 0,9%-ға төмендейді деп отыр. Шілде айының басында экономика министрінің орынбасары Мәди Такиев түзету болуы мүмкін екенін айтты. «Жартыжылдық қорытындысы бойынша қайта есептейміз. Жыл соңына қарай аз да болса өсім болуы мүмкін», – деді вице-министр.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамы аса қуантпайды. «Әрі қарайғы дамуға қатысты айтсақ, құлдырау қаупі бар. Пандемияның алдағы уақытта қалай қарай өзгеретіні белгісіз болып отырғандықтан және шектеу шаралары тағы да қайталануы ықтимал болғандықтан, оқшауланудан кейін қалпына келу процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Тұтынушылар мен фирмалардың уақытында төлей алмауы салдарынан қарыздың өсуі қаржы секторына түсетін салмақты арттыруы ықтимал», – дейді сарапшылар.

Эпидемияның тарауы себепті экономикалық белсенділікті тежеу – негізгі жағымсыз фактор, бірақ үкімет пен корпоративтік сектор бұл қадамға мәжбүрліктен барып отыр. Әрі үкіметтің шектеу шарасына тағы да қанша рет жүгінетіні және оның ұзақтығы қанша болатыны туралы ешқандай нақтылық жоқ, керісінше, белгісіздік басым.

«Қазақстандағы экономикалық өсімнің жағдайы онсыз да мәз емес екенін ескерсек, бұл сценарий жаһандық экономиканың құлдырауы мен оның салдарымен қосылса, тіптен қиындай түседі. Егер пандемия әрі қарай да жалғасса, шикі мұнайға сұраныс пен баға төмен күйінде қалса, 2020 жылы ЖІӨ 5-6%-ға дейін төмендеуі мүмкін деген пессимистік болжам жасауға болады. Мұндай жағдайда кедейлік деңгейі айтарлықтай өседі, – дейді авторлар. –  Іскерлік белсенділіктің төмендеуі әрі қарай да жалғасса, компаниялардың қаржылық жағдайы кәдімгідей нашарлайды, үй шаруашылығының қарызды қайтару мүмкіндігі төмендейді, ал бұл проблемалық несие көлемінің артуына және кең көлемді дағдарысқа әкеп соқтырады».

Зерттеушілер бұдан кейін мынадай маңызды қорытынды жасайды: «Ұзаққа созылған дағдарыс кедейлікті ғана емес, Қазақстандағы теңсіздікті де арттыруы мүмкін. Алдын ала бағалауларға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі жоспарланып отырған 8,3%-дан 12,7%-ға дейін өсуі мүмкін, бұл 800 мың адам кедейлікте өмір сүреді дегенді білдіреді. Пандемия, оның салдарын жеңілдету мақсатынан туған шаралар еңбек нарығына да әсер етпей қоймайды, жұмыспен қамту мәселесінде жағдай айтарлықтай қиындайды, әсіресе, біліктілігі төмен жұмысшылар істейтін секторларда жағдай ауыр болады. Сапалы білім алуға теңдей жағдай жасалмауы, соның ішінде карантин уақытында ондай мүмкіндіктің болмауы адам капиталының дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға ауыр тиеді».

Кедейліктің артуы – әлеуметтік-экономикалық проблема, ол саяси күйзеліске әкеп соғуы мүмкін. Соңғы жылдары халықтың наразы топтарының арта түскенін және эпидемия кезінде  халықтың билікке сенімсіздігі артқанын ескерсек, саяси жағдай қиындайды деуге негіз бар.

Ғажайып бола ма?..

Осындай қиын жағдайға қарамастан, ДБ аналитиктерінің макроэкономикалық және макрофискалдық тұрақтылыққа қатысты болжамы оптимистік сарында. Қазақстанның әлі де айтарлықтай халықаралық резеврі бар (ЖІӨ-нің >30%-ы) және салыстырмалы түрде үкіметтің сыртқы қарызы да аз (2020 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша, ЖІӨ 8,3%-ы).

Осы тетіктерді пайдалана отырып, үкімет мемлекеттік шығысты арттыра алады. Алайда жеке сектордағы іскерлік белсенділікті қалпына келтіру тек қана бюджет шығысымен шешілетін мәселе емес. Ол үшін сыртқы экономикалық конъюнктура жақсарып, қалпына келуі керек (соның ішінде бірінші кезекте мұнай бағасы реттелуі керек, ОПЕК+ келісімі тұрақсыз екенін ескерсек, бұған аса үміт артуға болмайды). Сонымен бірге елге ұлттық бизнестің инвестиция тарта бастауы маңызды.

Қазақстанның соңғы онжылдықтағы экономикалық дамуы негізінен несиенің пайыздық ставкасына субсидия беретін мемлекеттік бағдарламаларды ынталандыру есебінен болғаны белгілі, алайда бұл шаралардың әсері тым шектеулі екенін көріп отырмыз. Халықаралық және қазақстандық тәуелсіз сарапшылар бизнесті жүргізу үшін институционалдық ортаны өзгерту қажеттігін айтады. Сонымен бірге, кәсіпорындардың коррупция, тиімсіз реттеу және сот істерімен байланысты шығындарын төмендету керек дейді.

Бизнеске салық және әкімшілік жүктемені азайтып, реттеуші ортаның тиімділігін арттыру керек. Бюджеттің әлеуметтік шығындарын арттыра бермей, өнімді жұмыс орындарын ашуға күш салу керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың қыркүйек айындағы жолдауында «экономикалық серпінге әкелетін жаңа шараларды» қабылдап, экономикалық стратегия ұсынуға уәде берген. Оның механизмдері қандай болатыны әзірге белгісіз. Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі фискалдық және монетарлық саясаттағы көптеген қадамды пайдаланып та үлгерді. Ал бизнеске арналған институционал ортаны жақсарту түбегейлі саяси және әкімшілік реформаны қажет етеді. Ақорда әзірге мұндай реформа жасай алмай отыр.

The post Қазақстан-2020: ЖІӨ құлауда, мемлекеттік шығын көбеюде, кедейлік артуда appeared first on Ekonomist Media.

Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма?
Қазақстан үкіметі 2020 жылы дағдарысқа қарсы шараларға ЖІӨ-нің 9 пайызын жұмсайды деп бағаланып отыр. Бұл АҚШ-тан аз (12%), бірақ Ресейден көп (3%). Алайда, дағдарысқа қарсы іс-шаралардың маңызы оның көлемінде емес, қаржы мен шешімнің бизнеске қаншалықты тез және нақты жұмсалуында. ҚР үкіметінің мемлекеттік қолдауға жұмсап отырған ресурсы қаншалықты тиімді болып жатқанын бағамдау мақсатында KPMG шілде айында «COVID-19 пандемиясы: Қазақстандағы бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шаралары тиімді ме? Нарықтағылардың пікірі» атты зерттеуін арнады.

Зерттеудің негізгі түйіні: коронадағдарыс кезінде бизнес мемлекеттік қолдауға зәру, алайда бизнестегі респонденттердің жартысынан астамы ақшаны алу процесінің ұзақтығын айтады, үштен бірі компанияларға шенеуніктер қойып отырған талаптарға наразы, ал сұрауға қатысқан әр тоғызыншы респондент бизнесіне үкімет ұсынып отырған «салық каникулы» көмектесе қоярына күмәнмен қарайды.

Бизнес жауап береді

Бұл – соңғы екі айда KPMG жүргізген екінші зерттеу: мамыр айында COVID-19 пандемиясының Қазақстан экономикасының негізгі секторларына ықпалын бағалаған есеп жарық көрген болатын.

KPMG жүргізген шілде айындағы зерттеуге шағын және орта бизнес, ірі бизнес, бірқатар банк, даму институттары, Қазақстанның бизнес қауымдастықтары жетекшілерінен тұратын 60 адамның пікірі негіз болды. Консалтинг компаниясы анализ жасаудағы негізгі мақсатын: «COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекеттік қолдау шаралары жеткілікті ме? Олар тиімді ме (бизнес тұрғысынан)? Бұл жүйені жетілдіру бағытында бизнестің ақылға қонымды ұсыныстары бар ма? Осыны түсінгіміз келді», – деп көрсеткен.

ДДСҰ биылғы наурыз айында коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен төтенше жағдай енгізіліп, 8 аптаға созылған бірқатар карантин шарасы қолға алынды. Негізінен қызмет көрсету саласына соққы болған карантин шектеулері кезінде 300 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі қызметін тоқтатты. Зардап шеккендер (табысынан айырылғандар) 1 млн компанияға жетті (Қазақстанда барлығы 1,6 млн заңды тұлға, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылық бар). Екінші деңгейлі банктерге қарызын төлеуді кейінге шегеруді өтінген компаниялар саны шамамен 15 мыңға жетті.

1,6 миллионнан астам адам ақысыз демалысқа жіберіліп, 4,5 миллион азамат (елдегі жұмыс күшінің 50%-ға жуығы) табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем (42 500 теңге) алды.

«Бизнес күрделі жағдайға тап болды, мұндайда операциялық қызметті жоспарлау мүмкін емес. Мұндай жағдайда тек мемлекеттен ғана қолдау күтуге болады», – дейді зерттеу авторлары.

Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешені 5,9 трлн теңге деп бағаланды (ЖІӨ-нің 9%-ы), алайда ақшаның басым бөлігі бизнесті қолдауға жұмсалды деп айта алмаймыз. Бұл қаржының 33%-ға жуығы республикалық және жергілікті бюджеттен түспей қалған кірістің орнына, 17%-ы – «Жұмыспен қамту жол картасына», 11%-ы әлеуметтік салаға жұмсалса, 7%-ы тұрғын үй құрылысына, экономикалық емес мемлекеттік бағдарламаларды жүргізуге, эпидемияға қарсы шараларға берілген. Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру арқылы бизнесті қолдауға жалпы көлемнің 17%-ы жұмсалған. Айрықша зардап шеккен сектор кәсіпорындары (кинотеатрлар, ойын-сауық және сауда орталықтары, әуе компаниялары және басқалар) жыл соңына дейін жер мен мүлік салығынан босатылса, микро- және шағын бизнеске 2020 жылдың қазан айына дейін салық төлемдері шегерілді.

Мемлекеттік қолдау шараларын компаниялар қалай бағалайды?

KPMG жүргізген сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы бағдарламаның өзектілігі мен орындалуын «орташадан төмен» деп бағалайды.

Сондықтан да респонденттердің 90%-ы «салалық критерийлерді кеңейтіп, бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларын «реинжиниринг» жасау керек» деп есептейді. Мемлекеттік көмекті ұсыну уақытына қатысты да қиындықтар бар: сұрауға қатысқандардың 50%-ы мемлекеттік көмекті алуға 3 апта және одан көп уақыт кетті деп көрсеткен. Қаржылық жағдайды тұрақтандыру шарасы ретінде үкімет ұсынған «салық каникулын» компаниялардың 89%-ы тиімсіз деп санайды.

Мемлекеттік көмектің өзектілігі мен орындалуын бағалауға келгенде компаниялар мен банктердің пікірі үйлеспейді. Бизнес бұл көрсеткішті 10-нан 4,7 балл деп бағаласа, банктер 7,8 балл беріп отыр. Дегенмен, банкирлер де қолдау бағдарламаларының салалық шектеуі бар екенін және жұмыс орны мен салық көлеміне қатысты талаптар артық екенін айтады.

Сұрауға қатысушылар маңызды мәселе көтеріп, мемлекеттік қолдауға ие бола алатындардың саны шектеулі екенін айтты. Сауалнамаға қатысушылардың бірі жаңа клиенттерге мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген займ алудың қиын екенін, жеңілдетілген несиенің бұрыннан келе жатқан клиенттерге берілетінін, ал жаңа клиенттерге келгенде ақша таусылып қалатынын айтты. «Бәрі бір кәсіпорындар, тек әр терезеден әртүрлі көмек алады», – деді тағы бір респондент.

KPMG сарапшылары респонденттердің көпшілігі «мемлекеттік қолдаудың бірыңғай ақпараттық порталы жоқ екенін және әр мемлекеттік бағдарлама бойынша бір оператор болмауын мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысу барысында кездесетін негізгі операциялық кедергі деп есептейтініне» назар аударады. «Мемлекет пен бизнеске конструктивті және ашық диалог жасау үшін бірыңғай платформа керек. Сарапшылардың тікелей талқылауы, бизнеске уақтылы және жеткілікті қолдау көрсету елдің дағдарыстан шығуына көмектесіп, ұзақмерзімді тұрақты дамуға жол ашады», – дейді KPMG мамандары.

«Мемлекет жарнамалап отырған шаралар арасында ірі бизнесті қолдау шарасы мүлдем жоқ деуге болады. Ал шын мәнінде барлық салық түсімінің 80%-ы ірі бизнеске тиесілі және еңбекке қабілетті халықтың 60 пайызын жұмыспен қамтитын да осы ірі бизнес», – дейді зерттеу авторлары.

Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейінгі талқылау барысында зерттеу авторы, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG инвестиция және капитал нарығы департаментінің жетекшісі Василий Савин ірі бизнестің жағдайына назар аудару және оған қолдау көрсету қажеттігін айтты. Ірі компанияларды қолдаудың шетелде кең тараған және мейлінше тиімді әдістерінің бірі – несиеге мемлекеттік кепілдік беру. Қазақстанда бұл тәсілдің қолданылуы шектеулі, ол негізінен 1 млрд теңгеге дейінгі және 15% ставкадан аспайтын шағын бизнестің несиелеріне қатысты ғана қолданылады.

Қолдауға кім зәру?

Тиімді жұмыс істеп жатқанына күмән келтірушілер көп болғанымен, Қазақстан үкіметі де қарап жатқан жоқ, әсіресе, бастама көтеріп, идея ұсынудан шаршамайтынын атап айтуға болады. 2020 жылдың наурыз айынан бері қарай үкімет қолға алған шаралардың бірқатарына тоқталсақ, олардың арасында фискалдық стимул беретін мүмкіндіктермен қоса (салықтан босату, мемлекеттік шығынның жаңа немесе кеңейтілген баптары), бизнес-климатты жақсарту және бизнесті қолдау сапасын арттыру шараларын айтуға болады.

KPMG жүргізген шілде айындағы зерттеудегі кейбір ұсыныстарды шенеуніктер белгілі бір дәрежеде іске асырып та жатыр. Мысалы, 2020 жылдың 14 шілдесіндегі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жедел шаралар қатарында: «Кәсіпкерлікті дамыту бағытында биылғы қыркүйек айында «Бизнеске арналған үкімет» деген бірыңғай қызмет толыққанды іске қосылады. Онда «ақылды реттеу» элементтері ескеріледі», – дегенді айтты. Ал кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультация алуын жеңілдету мақсатында «Бизнеске арналған бір терезе» толыққанды жұмыс істей бастамақ.

Бұл тетік мемлекеттік қолдау бойынша бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникация проблемаларын шешеді деген үміт бар.

ҚР үкіметі ірі бизнеске қолдау көрсетумен биылғы сәуір айында-ақ айналыспақ болған. Дәлірек айтсақ, сол кезде Дәленов мырза премьер-министр Асқар Мәмин мен үкімет мүшелеріне айрықша қолдауды қажет ететін елдегі 361 кәсіпорынның тізімін ұсынған. Оларға «жүйе құрушы» компаниялар деген атау берілген, алайда, әлеуметтік желіге шығып кеткен тізімге сүйенсек, ол компаниялардың көпшілігі сауда және құрылыс компаниялары, әуе компаниялары мен әуежай операторлары, бірқатар энергетикалық компания болатын. Жүйе құрушы компаниялар тізіміне кіруге мүмкіндік беретін іріктеу критерийі түсініксіз, ал үкімет тізімді жария етпестен қабылдамақ болғанын ескерсек, 361 компаниядан тұратын тізім көрсетілген үкімет қаулысының жобасы тарап кетуі халықтың біршама наразылығын тудырғанын айтқан жөн.

Бизнес қауымдастық пен сарапшылар тарапынан сынға ұшырағаннан кейін үкімет ірі бизнесті қолдаудан біржола бас тартып, экономиканың басым салаларына назар аудару жөнінде шешім қабылдады. Үкімет басымдық беретін салаға «құрылыс саласы, азаматтық авиация, өңдеуші өнеркәсіп, логистика, туризм, агроөнеркәсіптік кешен, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету секторын» жатқызып отыр (премьердің депутаттық сауалға жауабынан үзінді, құжаттың датасы: 12.06.2020).

Қолдау көрсететін саланың ауқымы тым кең. Мемлекеттік қолдаудың қандай принциппен және қандай жолмен көрсетілетіні де түсініксіз. Егер бұрынғы тәртіппен және бұрынғы бағдарламалар болса, ірі бизнеске айтарлықтай қолдау болмайды деп сеніммен айтуға болады.

«Бағдарламада ірі бизнеске қолдау көрсету болуы тиіс, бүгінгі бағдарламаның аясында ол жоқ болып отыр. Ал ірі бизнес экономиканың негізі ғана емес, сонымен бірге азаматтарды жұмыспен қамтушы. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларға, соның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына импорт алмасу саласындағы ірі бизнес субъектілерін кіргізген дұрыс», – деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова 2020 жылғы 21 шілдедегі үкімет отырысында.

Бахмутованың тағы бір ескертуі кепілдікке қатысты болды. «Кепіл проблемасын шешу жолының бірі – мемлекеттік кепілдік көлемін кеңейту. Соның ішінде Қазақстан даму банкінің қызмет аясын кеңейте отырып, оны ірі бизнеске мемлекеттік кепілдік ретінде пайдалануға болады. Қазір шағын және орта бизнес субъектілері үшін бұл қызметті «Даму» қоры атқарып отыр», – деді Бахмутова.

«Қазіргі сәттегі аса маңызды мәселенің бірі – айналымдағы қаржыны көбейту және қайта қаржыландыру үшін әдістерді қайта қарап, мейлінше несие алуға мүмкіндік беру. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, бөлінген ақшаның игерілуіне де септігін тигізеді», – дейді қаржыгер.

The post Бәріне бірдей жеткен жоқ: ҚР үкіметінің COVID-19 кезеңіндегі мемлекеттік көмегі тиімді болды ма? appeared first on Ekonomist Media.

Тұрақтылық тренді: Қазақстанда ESG мәліметтерін кім және қалай жариялап жүр?
Соңғы жылдары тұрақты инвестициялар кеңінен танылып келеді. Бұл инвесторлар бизнестің қаржылық және операциялық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, экологиялық және басқару тәуекелін (ESG) бағалайды дегенді білдіреді.

Инвесторлар инвестицияның қайтымы мен ESG факторлар арасындағы оң байланысты байқап отыр. Реттеушілер де (әсіресе еуропалықтар) бұл трендті қуана қолдап, институционал инвесторлар үшін де, бизнес үшін де жаңа талаптар енгізіп отыр. Инвесторлардың ESG тәуекелін бағалауы капитал қозғалысының маңызды факторына айналды.

COVID-19 пандемиясы бұл трендті нықтай түседі, жуырда JPMorgan компаниясы инвесторлар арасында жүргізген сауалнама бұл ойымызды дәлелдей түседі. Сұрауға қатысқандардың 50%-дан астамы пандемия алдағы үш жылда ESG көрсеткішіне оң өзгеріс әкелетінін айтқан. JPMorgan сарапшыларының айтуынша, COVID-19 дағдарысының нақты экономика мен қаржы жүйесіне ықпалы  бүгінгі күні қолданылатын көптеген болжам жасау үлгілерінің мүмкіндігін көрсетеді, олар түзу емес, күрделі жүйелі қатерлерге жауап бере алмай отыр.

Қаржы және операциялық көрсеткіштер анализі барлық қауіп-қатерді көрсете алмайды, ал бизнеске мейлінше жан-жақты көзқараспен қарау керек.

Инвестор мүддесі

Тұрақты инвестициялардың дамуын тежейтін маңызды фактордың бірі – бағалау үшін бизнес тарапынан ESG мәліметтерінің жеткіліксіз болуы. Сондықтан «қаржылай емес ашылу» қарқынды түрде күшейіп келеді, сондықтан қазір ЕО листингінде бар, бірақ қаржылық есебіне қоса ESG есебі жоқ ірі бизнесті кездестіру қиын. Өйткені инвесторлармен қарым-қатынас орнату дәл осы есепке байланысты, ал олар ESG факторын бағалау сапасына айрықша назар аударады.

Қазақстанда ESG мәліметтерін ашып көрсету тек соңғы жылдары ғана үрдіске айналып келеді. Бұл негізінен қазақстандық бизнестің әзірге шетелдік капитал нарығымен аса белсенді байланысы жоқтығымен байланысты.

Қазақстандық компаниялардың ашықтығын арттыру қозғалысының негізгі қозғаушы күші Қазақстан қор биржасы (KASE) болып отыр. 2020 жылдың басында KASE листинг компаниялары жариялауы тиіс жылдық есептің мазмұнына қойылатын талапты күшейтіп, персоналды басқару (әлеуметтік сала), қоршаған ортаны қорғау (экология), корпоративтік басқару мәселелері бойынша талап етілетін ақпарат ауқымын айтарлықтай кеңітті. KASE листинг компанияларға қоятын талаптарына бірқатар озық әлемдік стандарт енгізді, бұл қазақстандық бизнестің жаһандық түсінікте ашықтыққа қарай ойысуындағы маңызды фактор болмақ. Алайда, Қазақстандағы листинг компаниялар қазақстандық бизнестің шектеулі бір бөлігі ғана екенін ескеру керек.

ESG мәліметтерін ашық көрсету бағытында белсенді әрекет етіп отырған келесі бір компаниялар тобына квазимемлекеттік секторды немесе «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі сияқты ірі ұлттық холдингтерге кіретін ұйымдарды жатқызуға болады. Холдингтер өздерінің құрамына кіретін компаниялар жұмысына тұрақты даму принциптерін енгізуге өздері бастамашы болып, олардан ақпаратты ашық көрсетуді талап етіп отыр.

2019 жылы «QRA» рейтинг агенттігі қазақстандық компаниялардың корпоративтік есебі бойынша ESG мәліметтерін ашып көрсету рейтингін дайындады. Рейтингтегі топ-20 тізімге кірген 12 компания ұлттық мемлекеттік холдингтер болып шықты.

Листинг компаниялар секілді квазимемлекеттік сектордың да ESG мәліметтерін көрсетуі әрдайым сапалы бола бермейді.

Соған қарамастан, ESG мәліметтерін ашық көрсететін компаниялардың пайда бола бастағаны және олардың саны артып келе жатқаны маңызды. Бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін керек, сол нәтижеге жеткеннен кейін қазақстандық бизнес үшін де еуропалық секілді қаржылық емес есеп қалыпты жағдайға айналады.

Қазақстанда жоғарыда аталған екі топқа да кірмейтіндер арасында ESG есеп дайындауды өз бастамасымен қолға алған компаниялар өте аз, бірақ мүлдем жоқ емес. Мысалы, осындай компаниялар қатарында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» және Eurasian Resources Group бар.

Персонал +, теңсіздік –

«QRA» рейтинг агенттігі жыл сайын Қазақстанда шығатын барлық жылдық есепке анализ жасап отырады, оның ішінде ESG мәліметтерді ашып көрсету де бағаланады. ESG тармақтары ішінде қаржылық емес сектор бойынша мейлінше ашық көрсетіліп жүрген ақпарат қатарында экологиялық мәселелер бар, соның ішінде тау-кен мен металлургия өнеркәсібі және энергетикалық компанияларды атап өтуге болады.

Мұның бір себебі көптеген өнеркәсіптік компанияның негізгі экологиялық көрсеткіштерге (атмосфераға шығаратын қалдықтар) мониторинг жасап, реттеушілерге өткізуге мәжбүр екені болуы мүмкін. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы компаниялар үшін мұны көпшілік үшін ашық есепке кіргізу еш қиындық тудырмағанымен, қаржылық сектор, соның ішінде коммерциялық банктер экологиялық мәселелер бойынша мәліметтерді ашып көрсетуде әлі де артты қалып отыр.

Мұның да себебін іздеп көруге болады. Қаржылық сектор өкілдерінің экологияға әсер-ықпалын бұған дейін ешкім, ешқандай жолмен бағаламаған, сондықтан олар мұндай мәліметтерді ашып көрсетуге дайын болмауы мүмкін. Экология тақырыбы бойынша қазақстандық бизнес климаттың өзгеруінің бизнес-модельге ықпалы және төменгі көмірсутекті экономикаға көшуді қолдау стандарттарын әлі қабылдай қойған жоқ. Бұл тақырып қазір жаһандық нарықтағы компаниялардың есебінде басымдыққа ие, ал қазақстандық бизнес үшін жаңалық болып қалып отыр.

Әлеуметтік мәселе бойынша қазақстандық компаниялар көбінесе персоналды басқару жағын ашық көрсетеді. Бұл әділетті де, өйткені көптеген компания үшін кадр саясаты қоғамға ықпал етудің негізгі аспектісі болып саналады.

Қазақстанда түрлі әлеуметтік топтағы қызметкерлерді, мысалы, гендер және жас жағынан теңдей мүмкіндікпен қамтамасыз ету деген атымен жоқ деуге болады.

Қазақстанда кейбір компаниялар бұл бағыттағы көрсеткіштерін көрсетуге тырысады, бірақ одан шын мәнінде теңдей мүмкіндік беру саясаты көрінбейді, ал жаһандық нарықта бұл негізгі басымдықтың бірі.

ESG мәліметтерді ашық көрсеткен жағдайда корпоративтік басқару саласын жария етуде эксперттер мен инвесторларды бірінші кезекте әлеуметтік және экологиялық мәселелер (E&S) топ-менеджменттің жұмысында қаншалықты көрініс тапқаны қызықтырады. Мысалы, компанияның директорлар кеңесі мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас барысында неге сүйенеді, ол тараптардың мүддесі қорғалатындай шешім шығару үшін не істейді? Компанияда экологиялық мәселе бойынша шешімді кім қабылдайды, менеджменттің жұмыс нәтижесі қалай қадағаланады? Тағы да қайталап айтайық, жекелеген талпыныстарға қарамастан, мұндай элементтерді ашып көрсету үнемі нәтижелі емес, E&S мәселелеріне менеджмент әдетте мүлдем назар аудармайды.

Енді ең негізгі мәселеге тоқталсақ. ESG мәліметтерін ашу сапасы қандай? Мейлінше ашық көрсетудің артында әрдайым бизнес тәжірибенің деңгейі жоғары екенін көруге болады. Компанияда әлеуметтік, экологиялық және басқару мәселелері бойынша тәуекелді бағалау механизмдері жоқ болса, бұл тақырып бойынша есеп те дұрыс болмайды.

Әлемдік нарықта тұрақты инвестицияның өсіміне қатысты қиындықтар бар екеніне қарамастан, қазіргі тренд белгілі, сондықтан инвесторлардың назары қаржылық ақпараттан қаржылық емес ақпаратқа қарау ойысқанын енді өзгерту қиын. Сондықтан бизнес корпоративтік есеп беру жағынан мейлінше ашық болып, әрекетке де неғұрлым ерте көшкені дұрыс.

The post Тұрақтылық тренді: Қазақстанда ESG мәліметтерін кім және қалай жариялап жүр? appeared first on Ekonomist Media.