ғылым Archives - Ekonomist

Екінші Нобель фестиваліне тіркелу ашылды
Технологиялар мен инновациялар бойынша «II Central Asia Nobel Fest» фестивалі 2021 жылдың 7-9 сәуірі аралығында онлайн режимінде өтеді. Ол «Болашақты ойлап табу» деп аталады және Қазақстандағы ғылым күніне арналған. Фестивальда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2021 жылдың 12-16 сәуірі аралығында өтетін Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемге әйгілі ғалымдармен бірге жетекші дәрістер сериясы өтеді.

Тіркелген қатысушылар Нобель сыйлығының лауреаттарының, технологиялық корпорациялар басшыларының мен әлемге әйгілі ғалымдардың қатысуымен өтетін интерактивті пікірталастарға, дәрістерге, семинарларға шектеусіз қол жеткізе алады. Физика бойынша Нобель сыйлығының екі лауреаты, Такааки Кадзита және Джон Мазер, химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Жан-Мари Лен және экономика ғылымдары бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс өздерінің осы іс-шарада  қатысатындықтарын растады.

Тіркелу ақысыз және іс-шараның ресми сайтында қол жетімді; орындар саны шектеулі, сондықтан ерте тіркелу жөн.

Болашақ туралы ойлана отырып, технологиялар өмірдің барлық салаларын өзгертетіні анық. 5G және AI сияқты технологиялардағы жетістіктер күнделікті өмірге қалай әсер етеді? Білім берудің болашағы қандай? Пандемиядан кейінгі әлемде қандай дағдыларға сұраныс көп болады? Технологиялар теңсіздік алшақтығын жоя ала ма? Осы және басқа да қызықтыратын сұрақтарды II Нобель фестивалінде келесі сала мамандары мен қатысуын растаған профессорлар талқылайды:

Экономика саласында:

Майкл Спенс, Экономикалық ғылымдар бойынша 2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері

Хавьер Сала-и-Мартин, экономист, Колумбия университетінің профессоры

Білім беру саласында:

Дженни Магиера, Google-дағы білім беру саласындағы әлемдік жетекші

Кристофер Деде, Гарвард Жоғары білім беру мектебінің профессоры

Андреас Шляйхер, Білім және дағдылар жөніндегі директор, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD), PISA тең құрылтайшысы

Технология және инновация саласында

Кевин Уорвик, әлемге әйгілі кибернетика ғалымы, Рединг университетінің қонақ профессоры

Майкл Бронштейн, Twitter-дегі графикалық машиналарды оқыту бөлімінің бастығы және Лондондағы Империал Колледжінің профессоры

Шерил Коннелли, Ford Motor Company, әлемдік тредтер мен нарық болашағы бойынша менеджері

Гидеон Личфилд, MIT Technology Review бас редакторы

Central Asia Nobel Fest ресми серіктестері: Шеврон корпорациясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Астана медициналық университеті, BTS Education және BTS Digital, AIFC біліктілікті арттыру бойынша бюросы және «Редбрик» заң фирмасы. Бұл шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен өткізіледі.

Фестивальдің бас медиа серіктестері – The Steppe, Forbes Kazakhstan, Ekonomist.kz және «Хабар агенттігі» АҚ.

Жаңалықтар үшін II Nobel Fest-тің Instagram-дағы ресми парағын бақылаңыз.

The post Екінші Нобель фестиваліне тіркелу ашылды appeared first on Ekonomist.

Әлеуметтану бізге не үшін қажет?
Қазір қоғамдық-саяси пікірталас алаңында әлеуметтану зерттеулерІ тақырыбы көп талқыланады. Өзектілігі неде?

Бірінші себеп – бұл саланың басқалармен салыстырғанда «монетизацияланғанында» болса керек. Бұл жайында 23 желтоқсанда өткен «Орталық Азия елдері әлеуметтану айнасында: өзекті бағыттар» атты халықаралық онлайн брифингте аталды. Осылай десек те, қолға түскен мәліметтер көбінесе жабық болып келеді. Яғни, зерттеулердің қаншалықты сапалы жүргізілгенін, жүзеге асырылған зерттеулердің пайдалы тұстары қаншалықты екенін білу мүмкін бола бермейді.

Екіншіден, пафос десек те, саяси шешімдер қабылдау барысында қоғамдық пікірдің зор рөлге ие екенін мойындау керек. Қазір қоғамдық пікір институты қалыптасып келеді. Мұны кейбір тақырыптар төңірегінде қызу талқы туып, әлеуметтік желілерде наразылық көбейіп бара жатқан кезде мемлекеттік құрылымдардың бірден назар аудара бастайтынынан байқауға болады.

Әрине, мұнымен қатар тағы бірқатар фактор бар. Дегенмен, осы аталған екі фактордың салмағы басым. Бүгінгі күні ғылыми болсын, тәжірибелік болсын, кез келген жобаны жүзеге асыру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізудің міндетті талапқа айналуынан олардың жағдайға деген ықпалы көрінеді.

Қазір әлеуметтанудың «гуманитар ғылымдар патшасына» айналғанына бәс тігуге болады. Қалай дегенмен де, Оның маңызы ешқашан қазіргідей салмақты болмаған.

Бірақ бір қызығы, полстерлер мен әлеуметтанушылардың жұмысының маңызы артқан сайын елдегі әлеуметтану ғылымы дамып кеткен жоқ.

Бұл пікірмен Қазақстанның жетекші әлеуметтанушылары да келіседі. Олар ең алдымен жүргізілетін зерттеулердің теориялық деңгейінің төмендігін, жалпы алғанда елде әлеуметтану теориясының дамымай отырғанын, рефлекия мен зерттеулер әдіснамасының жоқтығын алға тартады.

Бізде теоретик әлеуметтанушылар мен халық арасында сауалнама жүргізумен айналысатын ұйымдар мен жеке адамдар, полстерлердің қызметін жалпы әлеуметтану зерттеулері деп атау белең алған. Осылай дей тұрып, халық пікірін сұрап білу – сұранысқа ие индустрия, әлеуметтану сауалнамасыз да дами беретін академиялық ғылым деп те қатар қарастырылады.

Қаржылай қолдау көрсетіліп, оны бақылауға алатын мемлекеттің әрекеті индустрияның қызметін қатты өзгертіп жібереді. Бұл сала аясында ең бастысы сенімді ақпарат пен зерттеулердің теория-әдіснамалық базасының дәйектілігі маңызды.

Отандық әлеуметтанушылардың айтуынша, тендер жүйесі демпингке ұшыратады. Оның аяғы әлеуметтанушылар қызметінің маңызы төмендеп, жалпы кәсіби  қауым ортасында кері әсерін тигізуіне алып келеді.

Осы факторлардың барлығы әлеуметтануды тек қоғамдық пікірдің таразысы ретінде қабылданып, жалаң цифр жинаушылар етіп көрсетуіне немесе мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық-талдаушы көмекшісіне айналуына итермелейді.

Ал қазіргі процестерді түсіну, қоғамда болып жатқан белгілі бір құбылыстарға байланысты сұрақтарға жауап беруде қазақстандық әлеуметтану қауқарсыз.

Бұл жерде, әлеуметтану теориясы – жаппай әлеуметтік құбылыстардың теориясы, бұл оның мәні екенін айта кету артық емес.

The post Әлеуметтану бізге не үшін қажет? appeared first on Ekonomist.