Орталық Азия Archives - Ekonomist Media

COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады?
COVID-19 пандемиясы әлемдік экономикаға ауыр соққы болды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жаңартылған болжамында (ХВҚ; 2020 жылдың 24 маусымында таныстырылды) биыл әлемдік ЖІӨ 4,9%-ға төмендейтіні айтылады, осылайша қор сәуір айындағы болжамын қайта қарастырып, 1,9 пайыздық тармаққа дейін төмендеу болатынын көрсетті. Дүниежүзілік банк (ДБ) болса, маусым айындағы болжамында құлдырауды -5,2% деп көрсетіп отыр.

ХВҚ мен ДБ дамыған елдердегі дағдарыстың ауыр болатынын айтуда, дегенмен дамушы елдердің де жағдайы мәз емес. Бір бөлігі шикізат ресурсын экспорттаушы (Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан), тағы бір бөлігі жұмыс күшін беруші (Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан) Орталық Азия елдері де дағдарысты мейлінше қатты сезінеді. Бүкіл әлем елдері үшін қазіргі дағдарыстың айрықша белгісі екінші дүниежүзілік соғыстан бері қарай алғаш рет терең құлдырау болса, Орталық Азия елдері үшін 1990-жылдардан кейін көрмеген кедейлік деңгейінің қайта оралуы болмақ.

ДБ сарапшылары 2020 жылдың 25 маусымында өткен «Орталық Азиядағы COVID-19: кедейлік және әлеуметтік-экономикалық салдар» атты аймақтық онлайн брифингте ОА аймағындағы кедейлікке қатысты осындай болжам айтты.

Миллиондаған кедей

Дүниежүзілік банк маусымдағы болжамында (2020) Орталық Азияның бес елінің үшеуінде, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда ЖІӨ төмендейтінін көрсеткен. Түркіменстан экономикасы бұрынғы деңгейде қалмақ. 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда баяу болса да, Өзбекстан әрі қарай өсе бермек.

Дамушы елдер үшін өсу қарқынының бәсеңдеуі әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. ОА елдерінің экономикасына коронадағдарыс айтарлықтай нұқсан келтіргенімен, тұрақтылыққа қауіп төніп тұр деуге болмайды.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия аймағы бойынша бас экономисі Уильям Зейц: «Орталық Азия аймағындағы елдердің тұрақтылықты қамтамасыз ететін қайнаркөзі бар: пандемия өршігенге дейін өсу қарқыны жоғары болды, азық-түлік қоры да жеткілікті. Тек осы қорды сауатты түрде бөлу өте маңызды», – дейді өз сөзінде.

Ел үкіметтері бірінші кезекте үш міндетті шешуі тиіс, атап айтқанда: еңбек нарығының қалыпты қызметіне оралу, әлеуметтік қорғау жүйесін жағдайға орай жедел әрекет ете алатындай етіп жетілдіру, мейлінше зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетуді қолға алу. Кейбір елде жекелеген міндеттерді шешіп те қойды (мысалы, Қазақстанда әлеуметтік жағынан қорғалмаған топ көмек алды), бірақ аймақ елдерінің ешқайсы еңбек нарығын қалыпқа келтіре алмады. Бұл кедейліктен қашып құтылу қиын дегенді білдіреді.

Зейц мырза пандемияның кедейлікке алып келуіне ықпал ететін төрт негізгі арнаны көрсетіп отыр. Біріншісі – еңбекақысына науқасына байланысты тікелей және жұмысы тоқтап қалуына, жұмыс уақытының қысқаруына және басқа да себептерге орай жанама ықпал. Екіншісі – қызмет көрсету саласындағы (білім беру мен денсаулық сақтау) үзіліс. Үшіншісі – еңбексіз кіріс, яғни мемлекеттік өтемақы мен ақша аудару. Бұл арна бойынша ОА аймағының бес елінің үшеуіне дағдарыс мейлінше қатты әсер етеді. Әңгіме Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан туралы. Бұл елдердің ЖІӨ-ге шаққандағы шетелден келетін жеке ақша трансфертінің көдемі 33, 29 және 15% (2018).

Төртінші арна – тұтыну: эпидемия мен карантин шаралары тапшылық тудыруы мүмкін, ал тапшылық бағаның өсуіне әкеледі.

Коронадағдарыс тұрғысынан алғанда, ОА елдері үшін ең негізгі мәселе – жұмыссыздық. Биылғы көктемдегі ресми және бейресми жұмыссыздықтың салдары кедейліктің артуына жол ашады.

Зейц мырза «Өзбекстан азаматтарын тыңдасақ…» атты жаңа зерттеудің нәтижесін жария етті, онда карантин шаралары (соның ішінде нақты оқшаулану режимінің енгізілуі) жұмыс істейтіндер санының күрт қысқаруына алып келгені көрсетілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мейлінше қатты зардап шеккен: 2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында «өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс» көрсеткіші 40%-дан 15%-ға түсіп кеткен. Olx.uz сайтында жарияланған вакансия саны (еңбек нарығына сұраныс) биылғы көктемнің кейінгі екі айында 75%-ға қысқарған, ал туризм және HoReCa салалары бойынша қысқару көрсеткіші 90%-ға дейін.

Тәжікстандағы жағдай да осыған ұқсас: Зейц Somon.tj порталындағы деректерге сүйене отырып, қаңтар-маусым айларында мамандарға сұраныс 71%-ға түскенін айтады; Өзбекстандағыдай мұнда да негізінен қызмет көрсету секторы зардап шеккен, сонымен бірге шетелге жұмыс күшін жіберушілерге де көп залал келген.

Қазақстанда бұл көрсеткіш – 37% (Rabotanur.kz деректері бойынша 2019 жылдың мамыр айы мен 2020 жылдың мамыр айын салыстырғанда), жұмыс күшіне сұраныс қатты төмендеген салалар – сауда, әкімшілік басқару, заң, бухгалтерлік есеп салалары. Құрылыс мейлінше аз зардап шеккен сала болып отырғанын айтқан жөн.

Мұның барлығы аймақтағы кедейлік көрсеткішіне қалай әсер етеді? Уильям Зейц бағалауында былай дейді: «Біздің болжам бойынша, 2020 жылы кедейлердің саны 1,4 миллион адамға дейін артады, кедейлік шегін анықтауда табыс деңгейі ортадан төмен елдерді мысалға алдық (күніне бір адамға 3,2 доллар). Ал табысы орташадан жоғары елдерде (күніне адам басына 5,5 доллар) кедейлер саны 2,6 миллион адамға артпақ. 2000 жылдардан бері бірінші рет Орталық Азияның барлық елінде кедей халықтың үлесі артпақ».

2,6 млн деген – Орталық Азия елдері халқының шамамен 4%-ы.

Дағдарыстан кейінгі кезеңге жету

Мемлекеттік саясат деңгейінде дағдарысқа қарсы қандай бейімдеу шаралары жүзеге асты? Уильям Зейц бейімдеу саясатының екі кезеңі туралы айтады. Бірінші кезеңде саналы түрде экономикалық қызмет тоқтатылды, бұл халықтың денсаулығын қорғау үшін керек еді. Одан кейін уақытша азаматтарды және бизнесті қолдау шаралары қолға алынды. Екінші кезеңде шектеулер біртіндеп алынып, экономикалық қызметті жүргізу мүмкіндіктері кеңейе түседі, адамдар жұмыс орнына орала бастайды. Бұл ретте жұмыспен қамтуды қолдайтын тетіктер маңызды.

Алайда, эпидемияның екінші толқыны жағдайды қайтадан бірінші кезеңге апарып тастауы мүмкін.

Бұдан кейінгі дағдарысқа қарсы шаралар қандай болуы керек? Зейц мырзаның ұсыныстары мынадай:

Еңбек нарығын қалпына келтіруге тырысу және мейлінше өнімді инвестиция тарту;

«Жасыл» жұмыс орындары (энергияны үнемдеуге ықпал ететін жұмыс орындары);

Сұраныс жоғары аудандарда баспананың қолжетімді болуы (жалға алатын баспананы қоса алғанда);

Жалақыны субсидиялаудың салалық бағдарламалары;

Жергілікті инфрақұрылым құру, негізгі қызмет түрлерінің мейлінше жоғары сапалы болуына қол жеткізу;

Жалпы көпшілік үшін бала күтімін жасауды қамтамасыз ету;

Кірісі жоқ (немесе кірісі өте төмен деңгейдегі) адамдар санының күрт артуына байланысты әлеуметтік көмек түрлерін кеңейту;

Қаржыландыруды арттыру, экономиканың қалпына келу ретіне қарай оны біртіндеп азайту;

Карта жасау әдісін пайдалана отырып, қажеттіліктерді мейлінше тиімді жолмен анықтау және атаулы көмекпен қамтамасыз ету;

COVID-19 қайта оралған жағдайда материалдық көмек беру бағдарламасын жасап қою.

Дүниежүзілік банктің аға экономисі түйткілді мәселелер туралы сөз еткенде былай дейді: «Бюджеттің мүмкіндігі айтарлықтай қысқарып отырған шақта және жаһандық рецессиядан кейін экономикалық дағдарыстың екінші толқыны келе жатқанын ескерсек, халықтың аз қорғалған топтарына қолдау көрсету ұзақтығы мен ауқымы сияқты мәселелер өзекті болып қала бермек».

ОА елдері үшін (жалпы бүкіл әлем үшін) коронадағдарыс әлі аяқталмаса да, қазірден қорытынды жасауға болатын жайттар бар. Оларды Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук былай деп санамалап отыр: ұлттық денсаулық сақтау жүйесін күшейтіп, әлеуметтік қорғау жүйесін мықтау, оларды болашақта болуы мүмкін осындай соққыларға дайындау. Жұмыс орындарын аша отырып (соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріп), нақты секторды мейлінше белсенді қаржыландыру және құрылымдық реформа жүргізу қажет. Цифрландыру процесі де жеделдетуді қажет етеді: ОА елдерінде бұл саладағы монополияны жойып, нарыққа кіретін жаңа ойыншылардың алдынан шығатын кедергілерді жою. «Жасыл» қалпына келтіру – тағы бір тренд, яғни экономикалық өсімді қалпына келтіруге шақыратын жобалар тұрақты даму мақсаттарын да қанағаттандырғаны дұрыс.

ОА елдерінің үкіметіне несие беруге дайын халықаралық қаржы институттары үшін де дәл осы айтылғандар басым бағыт болып саналады.

«Осы бір ауыр дағдарыс жағдайында Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдеріне пандемиямен күрес кезіндегі шұғыл шаралар мен экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастырып отыр. Кедейлікті жою мен жалпы әл-ауқатты қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Бұл біздің барлық жобамыздан көрініс тауып отыр, осы аймақта жүзеге асырып отырған жобалардың жалпы құны 9,6 миллиард долларға жетеді. Соның ішінде пандемиямен күреске байланысты шұғыл шараларға деп берілген 400 миллион доллар да бар», – дейді Бурунчук. Қазіргі кезде Дүниежүзілік банктің ОА елдеріне ұсынып отырған несие портфелі 10 млрд доллардан асады, бұл қаражат 76 жобаны жүзеге асыруға берілген. ДБ 2013 жылдан бері қарай несиелеудің жылдық көлемі 90%-дан аса өскенін көрсетіп отыр.

The post COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады? appeared first on Ekonomist Media.

CANF: Орталық Азиядағы алғашқы Нобель симпозиумы
2020 жылдың 1-4 қазанында нобель сыйлығы иегерлерінің қатысуымен Central Asia Nobel Fest live (CANF) атты орталық азиядағы алғашқы онлайн ғылым фестивалі өтетін болады.

Central Asia Nobel Fest Live – бұл Нобель сыйлығының лауреаттары мен көрнекті ғалымдардың қатысуымен Орталық Азия мен Кавказдың әр түрлі елдерінде жыл сайын  өтетін бірқатар ғылыми симпозиумдар мен фестивальдер арасындағы ең алғашқы іс-шара. Осы жоба Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен білім мен тәжірибе алмасудың алдыңғы қатарлы онлайн алаңын құруға, және ғалымдардың бүкіл жас буынын жаңа ашуларға мен жетістіктерге шабыттандыруға бағытталған.

Фестивальдің кілт мәселесі – Шексіз ғылым: Әлем қайда бара жатыр? Central Asia Nobel Fest Live төрт негізгі бағыттағы жаһандық трендтерді талқылау үшін арналатын болады: адам капиталының болашағы; әлемді өзгертетін технологиялар; медицина мен ғылымдағы жаңа қырлар; инклюзивті экономика және тұрақты даму.

Өзінің симпозиумға қатысуын Нобель сыйлығының 6 лауреаты растады: физика саласында – Дэвид Гросс, химия саласында – Джон Полани мен Жан-Мари Лен, медицина және физиология саласында – Ричард Робертс, және Бейбітшілік сыйлығының лауреаттары – Кайлаш Сатьяртхи мен Рае Квон Чунг.

Сондай-ақ, «Ғылыми Оскар» – өмір туралы ғылым саласындағы Breakthrough Prize иегері – Дон Кливлендтің, медицина саласындағы ең беделді Ласкер сыйлығының иегері – Майкл Шитцтің, әлемге әйгілі кибернетик, «капитан киборг» Кевин Уорвиктің, аты аңызға айналған криптограф, Уитфилд Диффинің, сонымен қатар көрнекті экономист, Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Йоханнес Линнің қатысуы расталды.

Нобель апталығы Қазақстан мен Орта Азиядағы ғылым мен білімнің дамуы үшін адамдарды, мекемелерді мен бизнесті біріктіретін нәтижелі желілік алаңға айналатын болады.

Орталық Азиядағы алғашқы Нобель симпозиумының ұйымдастырушысы – Инклюзивті даму қоры (IDF), коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты – қоғамның маңызды мәселелеріне қатысты инклюзивті саясатты дамытуға бағытталған ашық диалогты ілгерілету. Фестивальдің серіктестері – «Астана» халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму бюросы және Redbrick заң фирмасы.

Central Asia Nobel Fest Live туралы қосымша ақпарат:

https://nobel-fest.inpolicy.net

Өзекті жаңалықтар Instagram парақшасында:  https://www.instagram.com/idf_kz/?hl=ru

Студенттерді Central Asia Nobel Fest Live волонтерлар бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға жазыңыз: nobelfest@inpolicy.net

The post CANF: Орталық Азиядағы алғашқы Нобель симпозиумы appeared first on Ekonomist Media.

Орталық Азиядағы COVID-19 індетіне қарсы шаралар
Бұл материал Project Syndicate-мен бірлесіп жарияланған.

Джоомарт Оторбаев*

БІШКЕК – Менің елім Қырғызстанға COVID-19 дертінің алғаш әсер етуі наурыздың 19-ы ұлым «аса жоғары инфекцияланған» Еуропа елінен Бішкек халықаралық әуежайына келіп қонғанда орын алды. Ұлымды көруге мүмкіндік болмады, себебі онымен бірге ұшып келген он шақты адам 2014 жылы қайырымдылық ретінде ұсынған АҚШ-тың бұрынғы америкалық әскери базасына 14 күндік карантинге жөнелтілді.

Карантин деген аты ғана. Бұрынға әскери база абыр-сабырға толы әрі жөнді ұйымдастырылмаған болып шықты. Бір-бірінен қатаң түрде оқшауланудың орнына ұшып келген жолаушылар толық дайындалып бітпеген, қоршауға алынған аумақта емін-еркін өзара араласып жүрді.

Одан бөлек санитарлық гигиена талаптары сақталмаған, 100-ден аса адамға бірнеше ғана дәретхана, жуынатын орын қарастырылған. Осы арқылы коронавирус індетінің елде жайылып кетудің алдын алу емес, керісінше жаңадан елге оралған азаматтардың арасында  инфекцияны таратуға жағдай жасалып жатқандай.

Бес күн өткен соң ешбір түсініктеме берілместен оқшауланған жолаушылардың барлығы «үй карантиніне» жіберілді. Кейін  олардың бірі COVID-19 дертіне шалдыққанын естідім, бірақ бүгінде жолаушылар біреуге ауру жұқтырды ма әлі де белгісіз.

Осы және басқа да жайттар Қырғызстан және Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттердің вирусқа мүлдем дайын болмағандығын көрсетті. Үкімет оны үнсіз мойындады. Карантиндегі жолаушылар тараған соң бірнеше күн өткеннен кейін елдегі бас санитарлық қызметкер орнынан кетті. Сәуірдің 1-і премьер-министрдің орынбасары мен денсаулық сақтау министрі екеуі де қызметінен босатылды.

COVID-19 індетіне байланысты шиеленіскен шаралардың қисыны жоқ, өйткені Қырғыз билігі бастапқыда дер кезінде қажетті шешім қабылдаған еді. Қаңтардың 27-сі ҚР Қауіпсіздік кеңесі үкіметке «коронавирус инфекциясының елде таралуына жол бермеуді» ұсынған. Алайда Қырғызстан COVID-19 алғаш тіркелгенін жариялаған уақытқа дейін бір жарым ай бұрын проблеманы мойындағанына қарамастан билік ешқандай әрекет жасамады.

Мысалы, Қырғызстан азаматтарының осы жылы Меккеге мұсылмандарға міндетті қажылыққа барғаны туралы билік білді. Қажылығын өтегендер наурыздың 12-сі елге оралды, араларында бірнеше азаматтың COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды.

Үкімет әлі де есеңгіреп жүргендей. Реагент, тестілеу жабдықтары, қорғаныс киімдері мен өзге де қажетті құралдарды жеткілікті мөлшерде сатып алып, карантин мен бақылау аймақтарының жабдықтарын дайындамады. Меккеден қайтқан жолаушылар наурыздың 18-не дейін тестілеуден өтпеді, ол уақыт аралығында адамдарға вирус жұқтырып үлгеруі мүмкін еді. Тест қорытындылары жақсы нәтиже көрсеткенімен Қырғыз билігі аурумен байланысқа түскендерді қадағалау жұмыстарын жүргізген жоқ.

Орталық Азия мемлекеттерінің арасында пандемияға қарсы іс-шараларды баяу жүргізіп жатқан Қырғызстан ғана емес. Қазақстанда COVID-19 дертін жүқтыру алғаш наурыздың 13-і, екі күннен соң Өзбекстанда тіркелді. Бірнеше апта вирустың барын мойындамай келген Тәжікстан сәуірдің 30-ы коронивирус табылғанын мәлімдеді. Алғашқы науқастар туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстанға сапарының алдында белгілі болғаны кездейсоқ жағдай емес шығар.

Түркіменстан осы уақытқа дейін COVID-19 дерті туралы ешбір дерек келтірмеген Орталық Азиядағы жалғыз, ал әлемдегі санаулы елдердің бірі болып отыр (таяуда Түркіменстан үкіметі ДДСҰ сарапшыларын шақырудан бас тартты). 19 мамырдағы жағдай бойынша Орталық Азияның төрт мемлекеті вирус жұқтырғандардың ортақ саны 12525 немесе миллион тұрғынға 169 дерт жұқтырушы сәйкес, қайтыс болғандардың жалпы саны 106-ға жеткенін хабарлады.

Өзбекстан, Қазақстан мен Қырғызстан көрсеткіштеріне сенуге болады. Вирусқа байланысты ахуал тәуелсіз БАҚ (оның ішінде шетелдік БАҚ) пен әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан шақта аталған елдердің үкіметі күн сайын пандемия туралы жаңа ақпарат таратып отырады. Мониторинг жүргізуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жоғары, сол себепті Қырғыз билігінің ол  ұйымдардың жұмысына шектеу қоюға ұмтылуы алаңдатарлық жайт.

Дәстүрлі түрде Түркіменстан және Тәжікстан билігі масс-медиа алдында ашық емес. Бірақ екі елде де ақпарат көзі қалыптасқан Азат Еуропа/Азаттық радиосы (RFE/RL) Түркіменстан билігі жақында елдегі екінші ірі қала саналатын Түркіменабад маңындағы карантин аймағынан 400 адамды  кішігірім аймақтық ауруханаларға алып келгенін хабарлады. Бұдан соң биліктің ДДСҰ-нан коронавирус жұқтырғандар туралы жасырып отырғаны туралы өзге де БАҚ өкілдері жария ете бастады.

Қазіргі таңда Тәжікстандағы ахуал нашарлап тұр. Таяуда Дүниежүзілік банк елде коронавирус жұқтырғандар саны 230500-ге жетіп, 21000 адам қайтыс болғандығы туралы ескертті (Тәжікстан халқының саны шамамен 9,3 миллион). Тәжікстан билігі шынымен қауіптің бар екенін енді аңғарғандай. Мамырдың 1-і Asia-plus агенттігі Душанбе мэрі Рустам Эмомали тұрғындарға үндеу жариялап, пандемиямен күресуге қор жеткілікті екенін айтып алаңдамауға шақырғаны туралы хабарлады.

COVID-19 дерті Ресейде тұрып жұмыс істейтін 4-5 миллион Орталық Азия мигранттарына айтарлықтай ауыртпашылық тудырып отыр. Олардың көпшілігі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары және олар ақша аударымының негізгі қоры болып табылады. Шынымен де Тәжікстан мен Қырғызстан 2019 жылғы ЖІӨ-ің 30%-ын құрайтын ақша аударымын қабылдаған және жан басына шаққандағы ақша аударымы бойынша әлем көшбасшыларының қатарына енген.

Алайда пандемияның кесірінен мигранттардың көпшілігі жұмысынан айырылды, ал шекараның жабылуы үйлеріне қайтуға кедергі келтіруде. Ресей билігі жұмыссыздыққа байланысты мигранттарға жәрдемақы беру туралы шешім қабылдағанымен, бұл уақытша көмек болмақ. Мигранттардың кіріс-шығыс аударымы кент қысқарып, Орталық Азия экономикасына әсер етуі мүмкін.

COVID-19  қаупін ерте ескерген Орталық Азияның кейбір елдері вирустың таралу мүмкіндігіне дайындалуға асықпады. Пандемияның кесірінен ірі, әсіресе экономикалық проблемалар туындаса, нақты мәселелер алдағы уақытта орын алары анық.

*- Джоомарт Оторбаев – 2014-15 жылдары Қырғызстан Республикасының премьер-министрі болған.

Copyright: Project Syndicate, 2020. www.project-syndicate.org

The post Орталық Азиядағы COVID-19 індетіне қарсы шаралар appeared first on Ekonomist Media.