OEF-2019 Archives - Ekonomist Media

Адами капиталдың жылыстауы және теңсіздік: қуатты институттар бұл мәселелерді қалай шеше алады?
Екінші «Ашық экономика» форумы (OEF-2019) «Институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы» тақырыбында өтті.

Институттар ықпалы мен ауқаттылық өлшемдері сұрақтарымен қатар, адами капитал және теңсіздік мәселелері жөнінде сөз қозғалды.

Сессия тақырыптарының ресми тұжырымдамасы: «Адами капитал экономикалық өсім және экономикалық мүмкіндіктер мен Қазақстан жастары үшін әлеуметтік лифтілерді жақсарту» және «Теңсіздіктің санқырлы жүзі: теңсіздіктің күшеюі дамушы мемлекеттердегі тұрақты және инклюзивті дамудың басты кедергісі».

Адами капитал туралы сессия посткеңестік мемлекеттерге тән ой жылыстауы мәселесін талқылаумен басталды. Үйреншікті ұсыным – адами капиталға, яғни, білім беру және денсаулық сақтау салаларына көбірек инвестиция  құю. Дегенмен, институттар қажетті деңгейге сай болмаса, бұл инвестициялар тиімсіз болып қалуы мүмкін.

“Украина тәжірибесінен адами капиталға бағытталған шығынның саны емес, сапасы маңызды екенін анық көре аламыз. Адами капиталға бақылаусыз бөлінген көлемді инвестициялар нәтижесінде популисттер өз риторикасында қолданатын мәселелерге айналады, Дарья Михайлишина, Украина экономикалық стратегия орталығы экономисті – Сол себепті білім алушыларды даярлағанда ойланбай мерзім мен сандарды жаттау емес, сын тұрғысынан ойлауға үйрету міндеті туындайды”.

Талқылау барысында адами капиталға бағытталған, өнімді еңбекпен қамтуды дамыту  арналған “Енбек” мемлекеттік бағдарламасы жайында айтылып өтті. Еске салар болсақ, аталмыш бағдарламаның бір бағыты – қызметкерлерді қайта даярлау, яғни, адами капиталға бағыттылған инвестициялар.

«Үлкен көрсеткіштер әрдайым менің үрейімді туғызады. “Еңбек” өнімді еңбекпен қамту бағдарламасын құрам бөліктері бойынша қарай бастағанда, жұмыс орындарының басым бөлігі – уақытша орындар екені анықталды. Басты мәселе – ауыл мен қала дисбалансын азайту. Қазақстанның 40% пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады және олар игіліктерді тұтынушылар қатарына енбейді, және де бұл абстрактілі жұмыспен қамту емес, үкімет саясатының мақсатына айналуы тиіс», – деп, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев пікір білдірді.

Сарапшылар сапасы жоғарырақ қызметтерге қол жеткізуге көмектесетін құралдар жайын талқылады. «Біздің көзқарасымызға сәйкес, адамдар қай жерде білім алғысы келеді, қай жерде ем алғысы келеді – өздері шешуі маңызды. Механизмі – қоғамдық баға беру”, – «Азаматтық бастамаларды қолдау альянсы» қоғамдық қауымдастық директоры, Ұлттық ашық үкімет форумы (Қырғызстан) қосарлас төрағасы Бақытбек Сатыбеков.

Теңсіздік тақырыбы сессия бойында үзілмей айтылып отырды. Әлсіз институттар теңсіздікті тудыратыны, ал теңсіздік сол институттардың дамуын тежейтін жағдайлар тудыратыны анықталды.

Грузия жағдайы біршама кедей халық арасында көпшіліктен қолдау табатын институционалды реформалар жүргізу  өте қиын екенін көрсетеді. «Грузиядағы теңсіздік денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділік мәселесінде анық байқалады. Ресми тұрғыда барлық адам үшін қолжетімді, ал шындығына келгенде, барлығына бірдей қолжетімді емес. Көп нәрсе ауқаттылыққа келіп тіреледі», – деп Policy and Management Consulting Group грузин зерттеу орталығы директоры Георгий Хиштовани өз ойымен бөлісті.

ИПМ белорус зерттеу орталығы директоры, БР Ұлттық банкі консультативтік кеңес мүшесі Александр Чубрик Белорусь еліндегі теңсіздіктің мәселе ретінде қабылдануы туралы айтып берді: мәселелерді қабылдауды шолу бойынша теңсіздік 10 орында болып шықты (мәселені сұраққа жауап берушілердің 18% белгілеген).

Теңсіздікті мәселе ретінде санайтын кім? Олар қалада тұрады, олар еңбек нарығында қиындықтарға ұшыраған, олар жеке кәсіппен айналысуды тиімді санамайды, жеке компанияларда жұмыс жасауды ұнатпайды, олардығ бейімділігі аз. «Осыдан келесідей қарапайым қорытынды жасауға болады: теңсіздіктің тамыры жақсы төленетін жұмысқа қолжетімсіздікте», – деп түйді Чубрик мырза.

ҚР банк жүйесіндегі мүгедектердің қаржылық инклюзия жобасы жетекшісі Вениамин Алаев қосымша қажеттіліктері бар азаматтарға қатысты теңсіздікке назар аудартты: «Біз білім беруде, жұмыспен қамтуда, медициналық қызмет көрсетуде кедергілерге ұшыраймыз. Көптеген кедергілер қаржылық қолжетімділікте: көптеген банкттерде жоқ пандустардан бастап, мүгедектерге несие беруден бас тартуға дейінгі мәселелер».

Еңбекпен қамтуда шектеулі қолжетімділікті сезінушілердің бірі – ерекше қажеттіліктері бар балалы ата-аналар: Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары жұмыстан толықтай бас тартуға немесе күтуші жалдауға мәжбүр. Мәселенің бір шешімін Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес ұйым “МамаПро” қоғамдық қоры тапты – олар балалар мен аналары үшін инклюзивті алаң ұсынады. Бұл туралы қор құрылтайшысы Айжан Альжанова әңгімелеп берді.

Форум 7 елдің (Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Украина) 30 спикерінің және 150 аса қатысушының басын қосты.

Форумдағы талқылаулардың толық бейне-нұсқасы біздің YouTube каналымыздан көре аласыз.

OEF-2019 ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан қоры және Ekonomist.kz жобасы.

The post Адами капиталдың жылыстауы және теңсіздік: қуатты институттар бұл мәселелерді қалай шеше алады? appeared first on Ekonomist Media.

OEF-2019-да институттардың сапасы туралы айтылды
8 қараша, 2019 жыл. Алматы. Бүгін Алматыда екінші «Ашық экономика» форумы өтті. Шараның тақырыбы – «Институционалдық реформалар, адам капиталы және оның инклюзивті экономикалық дамуға әсері». Форум қонағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-бас экономисті, Sciences Po университетінің профессоры Сергей Гуриев болды.

«Экономикалық дамуды қамтамасыз ететін не? Бұл – саяси биліктің есеп беруін дамытатын және соған сәйкес экономикалық ойынның тұрақты ережелерін жасайтын институттар. Егер біз жан басына шаққандағы ЖІӨ мен демократия арасындағы корреляцияға қарайтын болсақ, демократиялық кедей елді көрмейміз», деді Сергей Гуриев.

Профессор Гуриев институттарды зерттеу тарихына шолу жасап, Стэнли Энгерманнан Дарон Аджемоглуға дейінгі негізгі заманауи зерттеуші-институционалистердің тезистерін де көрсетті. Институттарды әртүрлі қоғамда құрудың түрлі негіздемелері бар. Кей интерпретацияда ол құқықтық жүйе болса, кейбірінде – аумақты (метрополия немесе колония) тұрғындармен эксплуатациялаудың сапасы.

Институттар арасында, тіпті колонияларда құрылған институттардың сапасы да байқалды: қандай ресурстар метрополия нарығы немесе әлемдік нарыққа экспортталды. Теңсіздіктің маңызды аспектісі барлық демократиялық емес  режимдерге тән жоғарғы дәреже.

«Посткоммунистік елдер мынаны назарда ұстауы керек: сіздерге инвестиция емес, инновация керек, мемлекет пен холдингтерге басымдық беру емес, адам капиталындағы бәсекелестік пен даму керек», деп атап өтті Сергей Гуриев.

Жиында экономист-теоретиктен кейін практиктер сөз сөйледі. «Тұрғындардың көпшілігі ішкі дағдайға көңілі толмай тұрғанда, мемлекетті дамыту өте қиын. Қоғамның тұрғын үйге, білімге, денсаулық сақтауға, қоршаған ортаның жағдайына да көңілдері толмайды», деп мойындады Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

«Әл-ауқат пен өмір сапасының дәрежесін өлшеу үшін бізге көрсеткіштердің жиынтығын сараптау керек. Қазақстан тұрғындарының жан басына шаққандағы ЖІӨ дәрежесі бойынша үлкен прогресс жасады, бірақ жалақыны қысқартудағы айырмашылыққа шара қолдануымыз керек», деп ескертті Қазақстанның экс-экономика министрі Жақсыбек Құлекеев.

Форум қатысушыларына 2017 жылы болған алғашқы OEF бас спикері, экономикалық қиындықтың мойындалған зерттеушісі Сезар Идальго үндеу жасап, заманауи институттардың сапасы мен үкіметке деген сенім арасындағы байланысқа, сонымен қатар, әлемдегі наразылық шараларының көбеюіне  баса назар аударды.

Форумға 7 елден (Армения, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украина) 30 спикер мен 150 қатысушы келді.

Форумдағы талқылаулардың толық бейне-нұсқасы біздің YouTube каналымыздан көре аласыз.

The post OEF-2019-да институттардың сапасы туралы айтылды appeared first on Ekonomist Media.

OEF-2019 форумының құрметті қонағы – Сергей Гуриев
Алматы, 31 қазан. Институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы тақырыбы 2-ші «Ашық экономика»форумында (OEF-2019) Сергей Гуриев қатысуымен талқыланатын болады.

«Ашық экономика» форумының биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, SciencesPo университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисті Сергей Гуриев. Сарапшы транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі туралы дәрісін оқиды, сонымен қатар, форумның панелді сессиясына қатысады.

OEF-2019 жұмысына жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тәжірибесі бар 7 елдің, яғни, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украина экономика саласы бойынша сарапшылары қатысады. Аталмыш мемлекеттердің барлығы үшін ілгерідегі экономикалық дамуды қолдау мақсатында институттарды құру өзекті міндет болып табылады.

OEF-2019 спикерлері – халықаралық және отандық сарапшылар – Қазақстандағы институционалды реформалар мен тұрақты экономикалық дамудың өзара байланысын қарастырып, Қазақстандағы экономикалық және саяси бәсекелестік маңызын талқылайтын болады. Олар «ауқатты және бақытты болу үшін әр қазақстандық азаматқа қанша қаражат керек» деген көкейтесті сұраққа нақты жауап береді және Қазақстаннан өзге елдерге ой жылыстауын тоқтату мәселесі бойынша өз болжамдарын ұсынады.

«Қазіргі таңда мемлекет ұшыққан экономикалық және әлеуметтік сын-тегеуріндерге орай әрекет етуге мәжбүр және әрекет етіп те жатыр. Бір жағынан, бұл үдерісте популисттік ауан мен сараптаманың жеткіліксіздігі анық байқалып тұр. Екінші жағынан, құқық үстемдігінің іргелі ұстанымдары, әлеуметтік әділеттілік, ақпарат қолжетімділігі, басқаруға қатысу болмай және табанды азаматтық қоғам институттарын дамытпай, тиімді мемлекеттік басқаруға қол жеткізу мүмкін еместігіне тағы бір мәрте көз жекіздік. Осы мәселеге орай, таразыланған және жан-жақты сарапшылық талқылауларға негізделген халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарының мәселелерін өзектендіру қажет. Сондықтан да, біздің қор екінші рет «Ашық экономика» форумын өткізіп отыр», – деді Сорос-Қазақстан қоры басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова.

Ekonomist.kz жобасының жетекшісі Қасымхан Қаппаров: «Күрделі саяси транзит кезеңінде азаматтық институттардың рөлі және саясаттың экономикаға ықпалы ерекше айқындала түсуінде болып тұр. Қазақстан үшін мұндай институттар – жеке меншікке қолсұқпаушылық, тәуелсіз соттар және баспасөз бостандығы. Күшті, әрі толыққанды қоғамдық институттар құрылған жағдайда ғана Қазақстанға қажетті реформалар еліміздің барлық азаматтары үшін тиімді және пайдалы бола алады деген сенімдемін».

OEF-2019 ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан қоры және Ekonomist.kz онлайн жобасы.

Қасымхан Қаппаров және Сергей Гуриевп жазған сұхбатты біздің YouTube каналында көре аласыз.

Ақпарат үшін:

«Ашық экономика» форумы

– бұл Қазақстандағы инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа бағыттарын талқылауға арналған интербелсенді алаң. Форум бағдарламасы мен рухы іс-шараның барлық қатысушыларының күшін инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді дамуға жету жолдарын талқылауға бағыттайтын болады.

Бірінші «Ашық экономика» форумы Астана қаласында 2017 жылдың қарашасында өтті.

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ)

– үкіметтік емес ұйымдар, билік органдары және бизнес арасындағы серіктестікті дамыту арқылы толерантты, белсенді қоғамды және жауапты, айқын үкіметті насихаттауды қолдайтын үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. СҚҚ халықаралық «Ашық қоғам» қорлары желісінің бөлігі болып табылады. Толық ақпарат  www.soros.kz сайтында.

Ekonomist.kz

Қазақстандағы экономикалық тақырыптарды кәсіби тұрғыда талқылауға арналған ашық онлайн алаң. күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады. Жоба міндеті – қазақстандықтардың еліміздің экономикалық дамуындағы жаңалықтары мен мәселелерінен хабардар болып отыруына ықпал ететін кәсіби виртуалды сараптама желісін дамыту, жас сарапшылардың жетіле түсуіне мүмкіндік беру. Авторлар жоба нәтижесінде халық табысының өсімін және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына әсер етеміз деп күтеді.

The post OEF-2019 форумының құрметті қонағы – Сергей Гуриев appeared first on Ekonomist Media.