Кедейлік Archives - Ekonomist Media
Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер
Глория Абрахам Перальта
ЖЕНЕВА – Биыл әлем елдері бұрынғыдан жетілдірілген халықаралық ережелер ауыл шаруашылық тауарларын сату жүйесіндегі әділдік пен тұрақтылықты арттырып, аштыққа қарсы күрестегі соңғы сәтсіздіктерді жеңуге көмектесуін қамтамасыз ете алады. БҰҰ-ның қыркүйекте өтетін азық-түлік жүйелері жөніндегі саммиті, қарашаға жоспарланған климат жөніндегі конференция және осы айдың соңында күтіліп отырған Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясы саясаткерлерге бірлесіп жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік туғызып отыр.
COVID-19 пандемиясы, экономикалық құлдырау, климаттың өзгеруі және әлемдегі әртүрлі кикілжіңдер аштықтың артуына ықпал етті. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ сарапшыларының жақында жариялаған есебінде   әлем елдері күн тәртібіндегі мәселелерді шешуде неге жылдам әрекет етуі керегі жақсы түсіндірілген.
Мәселен, әлем елдері азық-түлік және ауыл шаруашылығы нарығындағы кедергілерді жоюға назар аударуы керек. Саясаткерлер осы нарықтардың жұмысын жақсарта алса, бұдан бірінші кезекте әлжуаз топқа жататын өндірушілер мен әлеуметтік жағдайы төмен тұтынушылар ұтады.
Бұрынғыдай әрекет етуден пайда жоғы белгілі. БҰҰ агенттіктерінің есебінше, 2020 жылы 720-811 миллион адам аштыққа тап болған. Одан бөлек, кейінгі алты жылда азық-түлік қауіпсіздігі біршама төмендеп, қазір әлемдегі әрбір үшінші адам осы мәселеден зардап шегіп отыр. Осы онжылдықтың соңына қарай тұрақты даму саласындағы «аштық мәселесін жою» деген мақсатқа қол жеткіземіз десек, қазіргі бағытымызды өзгертуіміз керек.
2050 жылға қарай әлем халқы 10 миллиардқа жетеді деген болжам да мәселені кейінгі қалдыруға болмайтынын дәлелдейді. Сауда мен нарыққа қатысты жетілдірілген ережелер азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, азаматтардың табысы мен ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Бұрынғыдан тиімді жұмыс істейтін нарықтар азық-түлік жүйесінің жаһандық жылыну мәселесінің алдындағы тұрақтылығын арттырады. Бұл өте маңызды, өйткені қазір ауа температурасы мен жауын-шашын көлемі өзгеріп, құрғақшылық, су тасқыны мен дауыл сияқты табиғат апаттары жиілей бастады.
Aштықтың ауқымы кеңейіп келе жатқаны туралы айтқанда, кейінгі жиырма бес жылда қол жеткен жетістіктерді де ұмытуға болмайды. Осы уақыт ішінде ондаған миллион адам кедейліктен құтылып, орташа табыс мөлшері өсіп, нарықтағы интеграция артты.
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының дерегінше, 1995 жылдан бері азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерінің сатылымы екі есе артып, дамушы елдер арасындағы сауда көлемі өскен. Кейінгі кезде жаңа цифрлық технологиялардың ықпалымен азық-түлік және ауыл шаруашылығы нарығы трансформацияға ұшырап, еңбек өнімділігі артып, тауарлар мен қызметтер саласындағы трансшекаралық сауда жеңілдеді.
Одан бөлек, әлем елдері көршілес және шетелдік сауда серіктестерімен интеграциясын нығайтып, жаңа нарықтарға қол жеткізу үшін екіжақты және өңірлік сауда келісімдерін жасады. Бірақ азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ғаламдық сауда ережелерін жаңарту жолындағы іс-қимылдар өте баяу жүрді.
2015 жылы Найробиде өткен кездесуде сауда министрлері тұрақты даму мақсаттары бойынша бір міндеттемені орындап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына субсидия бөлуді тоқтату туралы келісімге қол қойды. Бұл кездесуден екі жыл бұрын Балиде бас қосқан әлем елдері Дүниежүзілік сауда ұйымы ұранының аясында азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мәселелер бойынша келісімге келді. Бірақ бұл нарықта бұрыннан келе жатқан мәселелерді шешіп, ғаламдық ережелердің болашақ мақсаттарға сай келуін қамтамасыз ету үшін көп күш салу керек.
Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлер конференциясының қарсаңында мен ауыл шаруашылығы саласындағы сауда, мақта сияқты тауарларға субсидия бөлу, азық-түлік өнімдері экспортындағы шектеулер, шаруалардың нарыққа қолжетімділігін арттыру мәселелері сияқты жеті түрлі тақырыпта өтетін келіссөздерді басқарамын. Күн тәртібінде сондай-ақ мемлекеттік қорға азық-түлік өнімдерін сатып алу процесін реттейтін ережелер, ауыл шаруашылығы тауарларына берілетін кепілдемелер және экспорттық субсидияларға ұқсайтын шаралар да бар. Көп мемлекет үшін ақпаратқа қолжетімділікті арттырып, барлық саладағы ашықтықты қамтамасыз ету маңызды мәселе саналады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясында министрлер азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы сенімді қалпына келтіріп, саяси ынтымақтастықты арттырып, болашаққа жол ашатын ұсыныстарға келіссе, бұл бәрімізді алға ілгерілететін қадам болар еді. Бұл біздің кездескен мәселелерді бір ұжым болып, жұмыла шешу қабілетімізге деген сенімді күшейтері сөзсіз.
Қазір пандемияны еңсеріп, инклюзивті және тұрақты экономика құрып, әділ болашақ негізін қалыптастыруымыз керек. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ережелерін жақсартуға бағытталған Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі осы мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы болмақ.
Глория Абрахам Перальта – Коста-Риканың Дүниежүзілік сауда ұйымындағы елшісі, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы ауыл шаруашылығы комитеті арнайы сессиясының төрағасы.
The post Азық-түлік саласындағы жаңа ғаламдық ережелер appeared first on Ekonomist Media.
Басты назар балада емес: Қазақстандағы балалар кедейлігін азайту саясатындағы кілтипан неде?
Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) орындау жөніндегі есепке сенсек,  Қазақстан 16 мақсаттың алғашқысына жетті және кедейлікті жеңді. 2019 жылы елдегі кедейлік деңгейі ресми түрде 4,3% болды. Яғни бұл – шамамен 800 мың қазақстандық.
Кедейлік деңгейі қалай өлшенеді?  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кедей деп тану үшін бір адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан аз немесе 22 мың теңгеге жетпейтін болуы керек деп санайды.
4 адамы бар отбасы делік. Ондағы жұмыс істейтін бір ересек адам және кәмелетке толмаған үш балаға айына ортақ 91 мың теңге табыс болған жағдайда кедей деп есептеледі. Ал табысы 120 мың теңге болса, кедейлік санатынан шығады. Бірақ әл-ауқат жайлы мұндай байлам жөнсіз. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылдың II тоқсанында отбасындағы тұтыну шығындарының 54,7%-ы азық-түлікке жұмсалған. Бұл БҰҰ жіктеуіші бойынша «өмір сүру деңгейі төмен» деп танылады.
Статистика тұрғысынан қарағанда кедейлікті жеңген ел болып көріну қиын емес, бірақ бұл шынымен де солай ма? ЮНИСЕФ деректері бойынша Қазақстандағы балалардың 15,6%-ы табыс деңгейі ең төмен отбасынан. Бұл – шамамен 1 млн бала немесе Қазақстандағы әрбір алтыншы бала кедейлікте өмір сүреді дегенді білдіреді.
Экономикалық көрсеткіштерді оң қылып көрсету балалардың жағдайын жақсартпайды.
Балалар кедейлігінің бар екенін мойындау керек және үйде әсіресе балалары бар отбасыларда кедейлікті айқындау тәсілдерін қайта қарау қажет.
Мораль ма, әмиян ба?
Балалардың кедейлігін айқындаудың екі тәсілі бар: моральдық-этикалық және экономикалық. Қазір балалар кедейлігі – алынбаған салықтар мен экономикалық өсімнің төмендігі және кейінге қалдырылған болашақ әлеуметтік шығындар салмағы.
АҚШ-та балалар кедейлігінен экономикаға келетін шығын ЖІӨ-нің 5,4%-ына немесе жыл сайын 1 трлн долларға тең деп есептеді. Балалар кедейлігімен күресуге жұмсалған әр доллар болашақ шығындардың 7 долларын үнемдейді.
Балалардың кедейлігі туралы айтар болсақ, ол ересектер кедейлігіне қарағанда көп өлшемді және көп факторлы проблема саналады. Егер ересектердің кедейлігі үшін өзі жауапты дей алсақ, балалар өздері туып-өскен отбасын таңдай алмайды және отбасындағы экономикалық немесе әлеуметтік әл-ауқатқа әсерін тигізе алмайды. Тек жанама түрде – мемлекет оларға бөлетін балалар жәрдемақысының мөлшері арқылы ғана әсері болуы мүмкін.
Балалардың кедейлігі төмен кіріс пен сатып алу қабілетінің аздығы деген шеңберден шығып кетеді және одан да күрделі нәрселерді көрсетеді. Ол: таңдау жасай алмау, өзін дамыту мүмкіндігінің жоқтығы. Балалық шақ болашақта табысқа жетудің негізін қалайтын тамаша мүмкіндіктер уағы немесе керісінше, кейін бармақ тістейтін сәттердің себебі болып саналады. Бүгінгі кедей балалар – ертең біз жоғалтатын көрнекті ғалымдар мен талантты спортшылар.
Бүгінгі күні Қазақстан Үкіметі балалардың кедейлігін еңсеру бойынша әлемдегі барлық құралдарды қолданады. Ол – бала туғанда берілетін жәрдемақы, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, шартсыз және шартты көмектер. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасындағы бір балаға 11 мың теңге мөлшерінде жеке жәрдемақы белгіленді.
Көпбалалы отбасындағы балаға төленетін 11 мың теңге жәрдемақы сол үйдің проблемаларын шеше ме немесе баланы дамытуға жұмсала ма? Мемлекет жәрдемақы сомасының әр теңгесі баланың дамуына жұмсалуын қадағалауы керек пе, әлде үйдегілер жәрдемақыны азық-түлікке, киімге және басқа да бірінші кезектегі мұқтаждықтарға жұмсауға құқылы ма?
Үкімет көпбалалы отбасындағы балаға 11 мың бөліп, бұл мәселені жүйелі түрде шешуден бас тартқаны анық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың ең қолайлы және бюджет үшін ауыртпалықсыз әдісін жылдам тапқаны айқын.
Өкінішке қарай, бүгінгі күні кедей отбасылардың 90%-ы неге көпбалалы отбасылар екені туралы мәліметтер мен терең талдау жоқ.
Бала бағу қанша шығынды қажет етеді және балаларға қосымша инвестиция салуды бюджетке артып қою дұрыс па? Мемлекеттік шығындардың артуы бюджет тапшылығына әкелуі мүмкін, сонымен бірге экономикалық өсімге де әсері болуы да ғажап емес. Мәселе тек шығынды қайда жұмсаған дұрыс дегенге саяды.
Соңғы 20 жылдағы мемлекеттік шығындар құрылымында балалар басты назарда болмады. Сонымен қатар, балалар жеке санат ретінде арнайы мемлекеттік саясаттың мәні болған да жоқ. Тек «ана мен бала өлімін азайту», «мектепте білім беру» сияқты дамудың жалпы индикаторларының құрамында ғана көрінетін.
Бюджеттің шамасы жете ме?
Егер логикаға сүйене отырып балаларды мемлекеттік инвестиция объектісі ретінде қарастыратын болсақ, дені сау және білімді балалар –  болашақта денсаулық сақтау, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру бюджетіне ауыртпалық түсірмейтін бәсекеге қабілетті және төлем қабілеті жоғары салық төлеушілер. Бұл тиімді саясат болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсіл мәселені мұқият талдауды және жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Оны шешу кішігірім жәрдемақылармен шектелмейді.
Қазір жергілікті бюджет шығындарында балалар дамуының басымдығын анықтау қиын. Бұл қаражат тапшылығына ғана байланысты емес. Сол жергілікті бюджеттерде кәсіби футбол клубтарын қаржыландыруға арналған жыл сайынғы шығындардың өзі 22 млрд теңге. Бұл – өңірлердегі спортқа арналған бюджеттің қомақты үлесі. Ал балалар спорты мен инфрақұрылымын дамытуға қанша ақша жұмсалатыны туралы ақпарат өте тапшы немесе жоқ.
Қазан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар әл-ауқатының индексін өлшеуді ұсынды. Шара дер кезінде қолға алынды. Алайда индекс деректерді ғана тіркейтін «Қазақстан балалары» статистика жинағы ретіндегі кезекті құжатқа айналмауы керек. Деректер жаңа саясатты әзірлеу құралы, шешім қабылдаудағы кешенді тәсіл болуы қажет.
Балалардың кедейлігін анықтауда ата-аналардың экономикалық жағдайы, балалы үйлердің сапалы жұмыспен қамтылуы мен мол табыс табудағы ынталандыру жолдары, ата-ананың біреуі ғана жұмыс істейтін отбасыларды қолдау түрлері маңызды рөл атқарады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір ғана ата-анасы бар балалы үйлер саны – 240 мың.
2010 жылы Ұлыбританияда балалар кедейлігі туралы заң қабылданып, елдегі балалардың әл-ауқатының деңгейі өлшенетін болды. Сондай-ақ, ел үкіметі балалар кедейлігін төмен табыс шеңберінен шығарып, ата-ананың жұмыспен қамтылуы, олардың денсаулық деңгейі, сапалы білім алуы, тұрғын үй жағдайы және отбасындағы тұрақтылық пен қарыз болуы сияқты тағы жеті көрсеткішті қосты. Дамыған елдер арасында балалар кедейлігі деңгейі ең жоғары саналатын Ұлыбритания әлеуметтік жәрдемақылардың тиімсіз жүйе екенін мойындады және жұмыс істейтін ата-аналарды жан-жақты қолдау стратегиясын таңдады.
Мысалы, Ұлыбританияда COVID-19 эпидемиясы кезінде денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ата-аналардың балалары мектеп, балабақшаға барды. Балаларға арналған жәрдемақы мен материалдық көмек түріндегі ғана шаралар жеткіліксіз. Нақты әлеуметтік инвестициялар мен нақты мақсатты шаралар кешені болуы керек. Ол – табысы төмен отбасы балалары кедергісіз қол жеткізе алатын қосымша білім беру мекемелері, үйірмелер мен секцияларды субсидиялау немесе көпбалалы және әл-ауқаты төмен отбасындағы балалардың әлеуметтік  жағдайына бақылау жүргізу болуы мүмкін.
Сыныптағы бала санының азаюы мен мұғалім жалақысының артуы оқушы үлгерімін арттыру және әкеден балаға жететін кедейлікті жеңу факторлары болып саналады.
Инвестициялардың ең жоғары өтелу коэффициентімен қарастырсақ, балалар кедейлігін жеңудің танылған әдістерінің бірі – мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге салынатын инвестиция. Мұны жалпы орта білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептерін (НЗМ) қаржыландыру мысалынан байқауға болады: соңғысын қаржыландыру деңгейі қарапайым мемлекеттік мектептердің бюджетінен төрт есе жоғары. НЗМ оқушылары мен түлектері мектепте керемет үлгерім көрсететінін және үлкен өмірге аяқ басқанда жетістікке жетуде мүмкіндігі мол екенін байқаймыз.
Мұнда мәселе басқада: ел бюджеті 2020 жылы 1,5 трлн теңге немесе бюджеттің шығыс бөлігінің 8,8%-ына тең мектептегі білім беруге арналған шығындардың кемінде екі есе ұлғаюын көтере ала ма?
Бюджет шығындарының ішінде балаларға арналған бөлімін анықтау қажет. Тоқырау кезеңіндегі фискалдық саясат шарасы ретіндегі әлеуметтік саладағы шығындарды азайту немесе аз қаржыландыру әлеуметтік қиындықтарға ұшыратады. Балаларға жағдай жасамаудың салдары қазір білінбегенмен, болашақта ел экономикасына кесірін тигізері айқын.
The post Басты назар балада емес: Қазақстандағы балалар кедейлігін азайту саясатындағы кілтипан неде? appeared first on Ekonomist Media.
ШОБ-тан өңірлерге КТС беру: жергілікті бюджет жылдың негізгі фискал реформасынан не ұтты?
Бюджет шығынының тиімсізденуі Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау мен басқарудың негізгі проблемаларының бірі болып саналады. Жыл сайын ҚР Есеп комитеті миллиардтаған игерілмеген қаржы туралы есеп жариялайды, ал бұл кезде көптеген салаға қаржы жетпей жатады. Осы проблеманы шешудің бір жолы – мемлекеттік бюджетті ортақ қылмай, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына өкілеттіктер беру.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнестен (ШОБ) корпоратив табыс салығы (КТС) бойынша түсімдер жергілікті бюджеттерге жіберіледі. Ал республикалық бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС-і ғана түседі. Бұл реформа жергілікті бюджетке кірісті ұлғайтып, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында жергілікті атқарушы органдарды салық түсімін арттыруға ынталандырады деп болжанып отыр. Демек, өңірлер ШОБ-тан КТС түсімдерін алып, оларды өздерінің негізгі шығындарына жұмсай алады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша, өңірлік бюджеттер 2020 жылы 386,4 млрд теңгеге, 2021 жылы 428,8 млрд теңгеге және 2022 жылы 471,4 млрд теңгеге толығады деп болжанған. Бұл есептер мынадай қисынға сүйенген: өңірде ШОБ неғұрлым көп болса, КТС жергілікті бюджетке соғұрлым түсетін болады.
Бірде өсім, бірде шығын
Реформа енгізілгенге дейін жергілікті бюджеттердің экономикалық маңыздылығы ел экономикасының 1/10 деңгейінде болды. 1-кесте жергілікті бюджеттердің ЖІӨ-ге қатысты кірістері мен шығыстары көлемінің деңгейін көрсетеді: көрсеткіштер 2018 жылы болмашы құлдырауды (7,6%) қоспағанда, ЖІӨ-ге қатысты 9-10% (2010 жылы 11%) шегінде болды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында реформаны жүзеге асыруға байланысты ЖІӨ-ге кірістер көрсеткішінің 9-дан 13%-ға дейін өскені байқалады. Абсолюттік мәнде 2020 жылғы қаңтар — маусымдағы деректер 2019 жылдың сол кезеңіне қатысты кірістердің 38,5%-ға – 2,6-дан 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюын көрсетеді.
Алайда, жергілікті бюджет кірістерінің жартысынан астамы бұрынғысынша трансферттерге тиесілі. 2020 жылдың алғашқы 7 айындағы түсімдердегі трансферттердің үлесі 56,6%, бұл жергілікті бюджеттерге жиналатын салық түсімдерінен асып түседі. Бұл 2020 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша өңірлердің бюджеттік өзін-өзі қамтамасыз етуі төмен деңгейде қалып отырғанын көрсетеді.
COVID-19 пандемиясы мен мұнай бағасының төмендеуіне қатысты соңғы оқиғалар салық түсімдеріне де әсер етуде. ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың алғашқы 7 айында жергілікті бюджеттерге салық түсімдері осы реформаға байланысты 30,9%-ға өсті, ал республикалық бюджетке түсім 25,9%-ға төмендеді.
2020 жылдың алғашқы 7 айында ШОБ-тан жергілікті бюджеттерге түсетін КТС көлемі 291,3 млрд теңге болды. Бұл түсімдер салықтың басқа түрлерімен салыстырғанда әлі де болмашы болып отыр. ШОБ-тан КТС бойынша түсімдер әлеуметтік салық бойынша түсімдерден 1,4 есе (418,2 млрд теңге) және ЖТС бойынша түсімдерден 2 есе (548,3 млрд теңге) аз. Мұны қалыптасқан экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. ШОБ субъектілерінің бір бөлігінен бюджетке түсетін түсімдер коронадағдарысқа байланысты кейінге қалдырылды немесе алынбайтын болды.
ШОБ-тан КТС бойынша түсімдер өңірлерге біркелкі бөлінбеген.
Алғашқы үштік – Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау облысы. Биыл 7 ай ішінде ШОБ-тан түскен КТС түсімдерінің жартысынан астамы алынды. Ал бұл кезде  Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары шағын және орта бизнестен ең аз түсім алды.
КТС-тен негізгі шығындар үшін түсетін елеулі түсімдер барлық өңір үшін дамуға түрткі емес. Егер жергілікті бюджеттердің шығысындағы КТС үлесін қарайтын болсақ, ең көп үлес (30,4%) Алматы қаласына, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысына тиесілі екенін көрсетеді. Көптеген өңірде КТС үлесі 3-5% шегінде сақталғанымен, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында бұл көрсеткіш 2%-дан да аспайды.
Жергілікті бюджет дефициті/профициті
Реформаның әсерін жергілікті бюджеттер дефициті (профициті) көрсеткіштерінің жалпы динамикасынан да байқауға болады. 2020 жылы соңғы 3 жыл бойынша алғаш рет 112,9 млрд теңге мөлшерінде профицит тіркелді (5-кесте). Алайда, жергілікті бюджеттердің жалпы профициті әрбір жергілікті бюджеттің профицитте екенін білдірмейді.
4-кестеде көрсетілгендей, 2020 жылдың алғашқы 7 айында Алматы мен Атырау облысы жергілікті бюджеттердің профициті бойынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ең жоғары өсімді көрсетіп отыр. Ал Түркістан облысы 38 млрд теңге дефициті бар  аутсайдер болып шықты. Бұл – экономикадағы бизнес белсенділігінің әлсіздігін (осы кезеңде салық түсімдері небәрі 39 млрд теңге болды) және білім беруге жұмсалатын үлкен шығындарды (204 млрд теңге) көрсетеді. Жамбыл облысында да осындай жағдай – алғашқы 7 айдағы салықтан тек 36,4 млрд теңге түскен. Оның ішінде КТС-тен тек 3,1 млрд теңге болып тұр. Бұған қоса, білім беруге (104,6 млрд теңге) және ТКШ (41,6 млрд теңге) үлкен шығын шыққан.
Мәселе – өкілетте
Қазіргі кезде жергілікті билік органдарының салық өкілеттіктері айтарлықтай шектеулі. Салық салу ҚР Салық кодексімен реттеледі. Сөйте тұра, әкімдіктер салық базасын анықтай алмайтынына және салық ставкаларын белгілей алмайтынына қарамай, салық жинауды ұйымдастырады. Салық әлі де орталықтан басқарылады: жергілікті органдар жергілікті жерлердегі мемлекеттік шығыстардың көп бөлігін (60%) қаржыландыратын орталық үкіметке қатты тәуелді.
Шығындар бойынша өкілеттіктер де дәл осындай жағдайда. Жергілікті биліктің шешім қабылдауы мен басымдықтарды анықтауда қолы байлаулы. Бұл олардың жоғарғы деңгейдегі бюджет трансферттеріне тәуелділігі мен салықтардың орталықтан басқарылып, қайта бөлуіне байланысты. Осыдан барып сұрақ туындайды: Егер жергілікті жерде шығындарды бекіту және жүзеге асыру үшін толық өкілеттік болмаса, жергілікті бюджеттер қалай тәуелсіз болады?
2020 жылға дейін Қазақстанның жергілікті органдарында салық базасы есебінен өз ресурстарын ұлғайту үшін нақты түрткі болған жоқ.
Алайда, біз қазір реформаның жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуіне әкелгенін көріп отырмыз.
Дегенмен, тағы бір күрделі жағдай байқалады. Реформаны енгізу дәл коронавирус пандемиясы және мұнай бағасының төмендеуімен тұспа-тұс келді. Соның әсерінен мемлекет бюджетіне салық аз түсе бастағаны байқалады.
Қазақстандағы реформаның нәтижесі әлі белгісіз болып тұрғанына қарамастан, оны енгізу – ел үшін фискалдық орталықсыздандыру жолындағы оң қадам болып саналады. Бұл маңызды реформаны іске асыру қарқынын сақтаудың маңызы зор, өйткені ол жергілікті атқарушы органдарды өңірлерде іскерлік белсенділікті арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыруды көздейді.
Дегенмен, реформаның қорытындылары туралы алдын ала айту қиын. Өйткені КТС түріндегі ШОБ-тан түсетін кірістердің дәл осы шағын және орта бизнесті дамытуға қалай серпін бергені туралы нақты деректер жоқ. Сондықтан осы реформаны іске асыру барысы туралы халыққа түсінікті жолмен жергілікті органдардың есеп беріп отыруын күшейту керек, сондай-ақ жергілікті органдарға қосымша салық және фискалдық өкілеттіктер беру керек. Бұл – осы реформаны жүзеге асырудағы маңызды қадам.
ШОБ-тан түсетін КТС түсімдерінің өңірлер бойынша әркелкі бөлінуін ескере отырып, жергілікті органдар өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеуі қажет. Бұл реформаның нәтижелері осындай бағдарламаларды әзірлеуге негіз бола алады.
Сондай-ақ жергілікті деңгейде ШОБ-қа КТС мөлшерлемелері көлемін енгізу қажет. Мысалы, 10-нан 20%-ға дейін. Мұндай шара қысқа мерзім ішінде КТС түсімдері бойынша өңірлік сәйкессіздікті теңестіруге мүмкіндік береді, ал болашақта – өңірлерде жергілікті деңгейде кіріс базасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мақала автор жүргізген зерттеу негізінде дайындалған.
The post ШОБ-тан өңірлерге КТС беру: жергілікті бюджет жылдың негізгі фискал реформасынан не ұтты? appeared first on Ekonomist Media.
Білім бер де, қоя бер: «жұмысы бар кедейлікпен» Қазақстанда қалай күресуге болады?
Қазақстандағы кедейлік мәселесі және «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» проблемалары көбінесе коронадағдарыста азаматтардың табысы азайып, бизнестің кері кетуіне байланысты жиі талқылана бастады.
Парламент сайлауының жақындап келе жатқаны және әлеуметтік күн тәртібіне барлық ресми саяси күштер (бірінші кезекте Қазақстанның Халық партиясы, бұрынғы ҚКХП) шығуы, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру шараларын, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзге де тұстарын реттейтін «Әлеуметтік кодекс» әзірлеудің басталғаны тақырыпқа қосымша өзек береді.
Дегенмен, елдегі «жұмыс істеуге қауқарлылардың кедейлігі» феномены әлі зерттелмеген. Ал оның көлемі жайлы бағамдар әртүрлі болып келеді.
Кедейлер
«Жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» деген не? Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) берген анықтамада: «Жұмыс істейтін кедейлер (working poor) – кедейліктің шекті деңгейінен төмен, үй шаруасында бола тұрып жұмыспен қамтылғандар», – деп көрсетілген.
2018 жылы бүкіл әлем бойынша орташа кедейшік жағдайында жұмыс істейтіндердің үлесі – 13%, аса кедейшілікте – 8%, бұл ретте соңғы 20 жылда жұмыс істейтін кедейлер үлесі шамамен 50%-дан 21%-ға дейін қысқарды. Алайда, мұнда ХЕҰ Дүниежүзілік банктің күніне 1,9 доллардан төмен табыс табатын өте кедейлердің деректерін алғанын айту қажет (2011 жылғы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша АҚШ доллары).
ХЕҰ-ның 2019 жылғы модельдері Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер жоқ екенін, бірақ кедейшілік шегіне жақын жұмыс істейтіндердің шамамен 4%-ы бар екенін көрсетеді.
Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлердің тікелей сипаттамасы жоқ, бірақ олардың жалпы портретін еңбек және халықтың өмір сүру деңгейі статистикасының бытыраңқы деректері бойынша жасауға болады.
2019 жылы кедейлік шегі 2019 жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде (!) 29,7 мың теңге мөлшерінде бағаланды, яғни бір адамға 20,6 мың теңге мөлшерінде төленеді. Осылайша, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдар жұмыс істейтін кедейлер тобына кіруі керек еді. 2019 жылы Қазақстанда мұндай отбасылардың 4,3%-ы немесе 799,6 мың адам тұрған 140,3 мың үй шаруашылығы болды (олардың 64%-ы ауылдық жерлерде).
2019 жылғы деректер бойынша, Қазақстанда орташа жалақы 112 мың теңге болды. Ресми статистика деректері бойынша, 2019 жылы ҚР-да жалдамалы қызметкерлердің орташа тізімдегі саны 2,8 млн адам болды. Егер жалақысы медианадан төмен жұмысшылардың үлкен тобын алып қарасақ, бұл – барлық жұмыс топтарының шамамен 46%-ы.
Бұл топта ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық жалдамалы жұмысшылардың 65%-ы және өңдеу өнеркәсібінде 27%-ы жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанда бұл топ өкілдерінің үлесі 28%, ал аграрлық облыстарда 50%-дан астам. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 57%, Ақмола облысында 56% және Қызылорда облысында – 55%. Бұл топтағы жалдамалы жұмысшы барлық әйелдердің 52%-ы және ерлердің 39%-ы бар.
Қазақстанда бейресми түрде жұмыспен қамтылғандар 558 мың адам (2019), бұл қазақстандық жұмыс күшінің шамамен 6,4%-ы, оның 452 мыңы (жұмыс күшінің 5,2%-ы) кірістері тым шектеулі қосалқы шаруашылықтарда еңбек етеді.
Осылайша, ҚР-да жалақысы төмен жұмысшылардың жалпы саны кемінде 2 млн адам деңгейінде болуы мүмкін. Бұған олардың отбасы мүшелері де қосылуы керек.
Алайда, басқа да бағалау бар. «Кипр» аналитика тобы ұйымдастырған «Қазақстандағы жұмыс істейтін кедейлік: ауқымы, себептері және оны қысқарту үшін қажетті шаралар» атты сараптамалық кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров ҚР-дағы жұмыс істейтін еңбекке қабілетті кедейлер саны 5 млн деп бағамдайтынын, яғни барлық жұмыс күшінің (экономикалық белсенді халықтың) 60%-ы екенін мәлімдеді.
Қарым-қатынасты өзгерту
Жұмыс істейтін кедейлердің мәселесін қалай шешуге болады? Шешім кедейліктің сипатына байланысты.
2009 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша, Нидерланд елдерінде осы елдегі «жұмыс істеуге қауқарлы кедейліктің» себептерінен туындайтын 7 стратегия анықталды. Олар – уақытша және аз жалақы төленетін жұмыс, толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және/немесе көп несие алу. Осы стратегиялардың ішінде еңбекақы төлеу арқылы кедейлік тұзағын қысқарту, берешекті қысқарту, еңбекке теңдей мүмкіндік беру және ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеуге ынталандыру, жұмыс ауысымын көтермелеу арқылы адамдардың еңбек нарығынан орын табуы, толық емес отбасыларға арнайы төлемдер, қызметкерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлерді қолдау, көпбалалы отбасыларға төлемдер кіретін қосымша шаралар бар.
Қазақстанда «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» сипаты бір жағынан –экономика салаларында еңбек өнімділігінің біркелкі бөлінбеуі, экономиканың технология деңгейінің төмендігі, екінші жағынан – игіліктерді бюджет және квазимемлекеттік сектор шығындары арқылы қайтадан тиімсіз бөлу, жұмыс күшінің төмен біліктілігі, сондай-ақ жалпы білім беру сапасының төмендігіне де байланысты.
Бұл тізімде білім беру проблемалары соңғы орында тұр. Бірақ бұл кедейлік проблемасын шешудегі маңызды сәт. Егер жалдамалы еңбек саласындағы орташа жалақыны (2019), білім деңгейі бойынша бөліп қарасақ, онда жоғары білімі бар адамдар орта білімі бар адамдарға қарағанда 88%-ға, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер жоғары білімі бар мамандарға қарағанда 57%-ға көп табады екен.
Білім беруге тек бюджет есебінен ғана емес, азаматтардың өз қаражаты есебінен де көбірек инвестиция салуға болады және ол өте қажет. Үй шаруасында балалардың STEM-бағыт бойынша білім алуына, шет тілдерін оқытуға басымдық беру маңызды. Ал ҚР отбасыларында бірінші кезекте белгілі бір жеткілікті деңгейде ғана білім алуына назар аудару әдетке айналған.
Бұл ретте мемлекет жоғары оқу орындарында қосымша тегін орындар бөліп қана қоймай, білім беру бағдарламаларының ел ішінде, одан тыс жерлерде де еңбек нарығына сәйкестігін үнемі бақылап отыруы керек. Еңбек экспорты алдағы онжылдықтарда ҚР экономикасының қозғаушы күшінің бірі бола алады. Бұл үшін елдің адами капиталын дайындау маңызды.
Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы –тағы бір маңызды фактор. Алайда мемлекеттің соңғы 20 жыл ішінде қолға алған көптеген әрекеті түбегейлі өзгерістер әкелмеді, Қазақстан экономикасын ғылымды қажетсінетін етіп жасамады және еңбекті көп қажет ететін жаңа секторлардың пайда болуына ықпал етпеді.
Мемлекеттің қайта бөлу функциясының тиімділігін арттыру қажет. Бұл бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер мен полиция сияқты секторларындағы жалақының баяу, бірақ тұрақты түрде инфляцияны басып озып келе жатқанын көрсетеді.
Ең төменгі жалақының өсуі жұмыс істейтін кедейлердің кірістерін тиімді түрде арттырады, алайда бұл деңгейдің күрт артуы еңбекті қажет ететін көп салалардағы жұмыс берушілерді жұмыс орындарын  қысқартуға, сондай-ақ өндірістік процестерді тым автоматтандыруға итермелеуі мүмкін. Нәтижесінде кедейлердің саны азаймай, керісінше өсе түседі. ЕТЖ деңгейінің көтерілуі жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың ұлғаюымен қатар жүруі тиіс, бұл неғұрлым терең пысықтауды, салық заңнамасын өзгертуді және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың жұмыс сапасын жақсартуды талап етеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, оған қажет құралдарды пысықтау маңызды. Мысалы, атаулы көмек берерде осындай үй шаруасындағы ересектердің еңбекке деген ынтасын жойып, жеңіл қаражатқа иек артып алмауы үшін, көпбалалы отбасылар балалардың тамаққа алатын қаражатын нақ осы мақсатта ғана пайдаланатындай ету керек.
Азаматтардың мінез-құлық үлгісін өзгерту де тағы бір маңызды мәселе. Кедейлік себептерінің бірі – көпбалалы болу екені ең жоғары деңгейде ұғындырылуы керек. Яғни азаматтар алдағы өміріне жоспар құрарда осы факторды ескеріп, шамасын бағамдауы керек.
Мемлекет азаматтардың балаларға білім беру үшін инвестиция салып үйренуін ынталандыруы керек. Яғни халықтың білім алу үшін қаражат жинау мәдениетін қалыптастыру керек. Қыздардың түбегейлі білім алуына назар аудару керек. Оларды білім алып, мансапта жетістікке жетуге бейімдеу керек.
Сонымен қатар, еңбек көші-қоны да құбылыс ретінде қоғамда әлеуметтік қолдауға ие болуы керек. Көптеген кедей елдер, оның ішінде ҚР көршілес елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл жол да халықтың жекелеген топтары үшін кедейшілік деңгейін төмендетудің айтарлықтай тиімді түрі. Кедей үйлердің тұтыну деңгейін айтарлықтай арттыруға көмектесетінін көрсетеді.
The post Білім бер де, қоя бер: «жұмысы бар кедейлікпен» Қазақстанда қалай күресуге болады? appeared first on Ekonomist Media.
Әлеуметтік кодекс: кімге және неге керек?
2020 жылғы қыркүйектегі екінші жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырды. Қазақстан үшін бұл – жаңа құжат және оны әзірлеу үшін әлеуметтік саланы реттейтін барлық заңды біріктіру қажет. Қазір ондай заңдар саны 17-ден кем емес (жәрдемақы, атаулы көмек, міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы туралы және т.б.).
Жаңа кодекстің басты міндеті – мемлекеттен кім, қандай жағдайда және нендей көмек ала алатынын нақты бекіту.
Бүгінгі таңда корона дағдарысынан туындаған күйзелістерге байланысты әлеуметтік саясат бүкіл әлемдегі саяси өрістің негізгі ағынына айналуда. Бұл саланың басты міндеті – халықтың осал топтарын қамқорлыққа алу және олардың маргиналдануына жол бермеу, азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету. Бұл әсіресе көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ата-аналар, мүгедектер, қарттар, түрмеден шыққандар және басқа да санаттағыларға қатысты.
Екі апта бұрын экономистердің зерттеулері негізінде құрылған 2020 жылдың әлеуметтік прогресс индексі  (Social Progress Index) жарияланды.
Индекс елдердің үш топқа біріктірілген, әлеуметтік даму саласындағы 50-ден астам критерий бойынша жетістіктерін көрсетеді: негізгі қажеттіліктер (бізде 64-орында); әл-ауқат негіздері (63-орын) және адамның даму мүмкіндіктері (87-орын).
Қазақстан осы индексте әлемнің 163 елінің ішінен жалпы 67-орынды иеленді және жалпы алғанда жыл сайын позициясы өсіп келеді. 2019 жылы ел 69-орында болды, ал бір жыл бұрын – 71-орында еді. Алайда, егер ЕАЭО елдерімен салыстыратын болсақ, онда: Беларусь 47-орында, Армения 50-де, Ресей 69-да және Қырғызстан 89-орында.
Қазақстан жақсы санитарлық жағдай жасай білу жағынан өте төменде тұр (118-орын), инфекциялық емес аурулардан мезгілсіз өлім-жітім деңгейі бойынша (153) және басқа да көптеген әлсіз позициялары бар. Қазақстанның әлеуметтік саладағы мықты жақтары – тамақтану мен базалық білімге қол жеткізу, электр энергиясы мен ұялы байланыспен қамту.
Алайда, зерттеу 2020 жылғы дағдарысқа дейін жүргізілгенін ескерген жөн. Ал бұл бүкіл әлем бойынша индексімізді нашарлатып жіберуі мүмкін. Мысалы, ресми деректер бойынша, осы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (32 600 теңге) төмен табыс табатын қазақстандықтар саны 4,3%-дан 5,7%-ға дейін артты.
Индекс әдіснамасы көптеген сапалық көрсеткішті қамтымағаны үшін сыналғанына қарамастан, әлеуметтік кодексті әзірлеу кезінде бұл деректерді ескеру маңызды.
Алдағы жылдары талай елдің үкіметін экономикалық өсу көрсеткіштерінен гөрі «әлеуметтік проблемалар» көбірек алаңдатады деп ойлаймын. Жоғарыда көрсеткен индекс экономикалық әл-ауқат үнемі әлеуметтік сала сапасының өсуіне байланысты емес екенін көрсетеді.
Мысалы, АҚШ – мықты дамыған ел. ЖІӨ көлемі бойынша әлем  экономикасында бірінші орында. Алайда жыл сайын төмендей отырып, индексте тек 28-орынды алды (2011 жылы олар 19-орында болды). Ал, мысалы, тізімде соңғы орында болған Чадтың ЖІӨ-сі индексте бас жақта тұрған Либерияға қарағанда әлдеқайда жоғары.
2020 жылғы индексте бірінші орын алатын елдердің үкіметтерін әйелдер (Норвегия, Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия) басқаратыны туралы қызықты фактіні де атап өтпеуге болмайды.
Жаңа кодекстің пайдасы
Біріншіден, Кодексте қазіргі барлық қолдау шарасы қайта қаралады және толықтырылады деп болжануда. Былайша айтқанда, әлеуметтік саладағы барлық заңнамаға ревизия жүргізіледі. Саланы ретке келтіру мәселесі пісіп-жетілді. Көптеген шешім асығыс қабылданды. Бұл – 2019 жылы азаматтарға жәрдемақы төлеу тетіктерінің екі рет түбегейлі қайта қаралуына түрткі болды. ҚР Еңбек министрлігі өкілдерінің ескертулеріне қарағанда, әлі де қайта қаралады.
Екіншіден, әрине, ақпаратты іздеу жеңілдейді. Бұл – өте маңызды. Алайда, Кодексті жасау кезінде келесі нәрселерді ескерген жөн.
Кодекстің ерекшелігін ескере отырып, оны ұсыну стилін пысықтау маңызды. Бұл бір құжатқа жинақталған заңдар ғана емес, түсінікті баяндалған, жаңа әлеуметтік стандарттарды енгізудің ойға қонымды түрі болуы тиіс. Қыркүйек айында Ресейдің Жоғары Экономика мектебі РФ заңдарының күрделілігіне зерттеу – талдау жариялады. Онда авторлар Ресей Федерациясының заңнамасы 1991 жылдан бастап 30%-ға күрделене түскенін анықтады. Ал бүкіл әлемде заң мәтіндерін жеңілдету және нақтылау жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 2010 жылдан бастап жазбаша форманы жеңілдету туралы заң немесе Plain Writing Act қолданылады. Заң қабылдауға қиын және түсініксіз болып көрінген кезде, азаматтардың көпшілігі одан алыстап, өз ережелері бойынша өмір сүреді.
Бірқатар санатты мүлдем қайта қарастыру керек. Мысалы, біздің елімізде «аз қамтылған отбасы» деп жан басына шаққандағы айлық табысы аймақта белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасылар деп түсіндіріледі. Ал мұндай тәсілді әлем елдері баяғыда қолданыстан шығарған. Қазақстанда РФ-дағы сияқты күнкөріс минимумы емес, кедейлік шегінің көрсеткіші негізге алынады. Бұл қазақстандық кедей отбасы сол ресейлік отбасынан бірнеше есе кедей дегенді білдіреді. Осы және басқа да көптеген өлшемді қайта қарау қажет.
Кодекс көлемді құжатқа айналатыны анық (Германияда, мысалы, ол 12 том) және қабылданғанға дейін оның әр бағыты мұқият зерттеуді қажет етеді.
Көп адам дағдарыстан экономикалық қиындықтарға тап болғанда  әлеуметтік қолдаудың қоғамда қосымша қақтығыстар тудырмайтын икемді моделі қажет. Сол себепті кодекс іс жүзінде өмір сапасының жаңа стандартына айналуы керек.
The post Әлеуметтік кодекс: кімге және неге керек? appeared first on Ekonomist Media.
Әлеуметтік жәрдемақы көлемін қалай белгілейді?
Өткен материалда біз күнкөріс минимумын, ең төменгі жалақыны және ең төменгі есептік көрсеткішті талқыладық. Енді мемлекет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қалай белгілейтінін түсінуге тырысайық. Өйткені қазір бұл мәселе пандемияға байланысты бұрынғыдан да өзекті болып тұр.
Әлеуметтік сақтандыру саясаты жақында ғана өзгеріске ұшырады. 2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру туралы жаңа заң қабылданды, ол 2020 жылдан бастап күшіне енді.
Әлеуметтік төлемдер тізбесінде әртүрлі жағдайға арналған төлемдер қарастырылған. Оның ішінде:
– еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайдағы  жәрдемақы;
– асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін жәрдемақы;
– жұмысынан айырылған жағдайда берілетін жәрдемақы (жұмыссыздық жәрдемақысы);
– жүктілік  және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
– бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем.
Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайдағы  жәрдемақы
Жәрдемақы сомасы = (соңғы 2 жылдағы жалақының немесе табыстардың орташа айлық мәнінен өтініш берген кездегі ең төменгі жалақы мөлшерінің 55%-ын алып тастағанда)
* табысты алмастыру коэффициенті * еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті * әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті.
Коэффициенттар жайы осы формулада көрсетіледі.
Табысты алмастыру коэффициентінен бастайық. Заңның өзінде бұл коэффициент әлеуметтік төлем алатын тұлғаның басына түсуі мүмкін тәуекел дәрежесін көрсетеді. Атап айтқанда, мүгедектік жағдайында бұл коэффициент 0,6-ға тең. Басқаша айтқанда, өмірдегі  белгілі бір кенеттен болатын қатерді субъектив қабылдау неғұрлым жоғары болса, коэффициент соғұрлым жоғары болады.
Еңбекке жарамсыздық коэффициенті 0,3-тен 1,0-ге дейінгі мәндерді қабылдайды. Бұл медициналық қорытындыға, әлеуметтік сақтандыру төленетін тұлғаға байланысты. Жәрдемақы алуға өтініш білдірген әрбір адам үшін коэффициент денсаулық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Ол: ауру неғұрлым ауыр болса – коэффициент соғұрлым жоғары болады, яғни төлем мөлшері жоғары болады деп көрсетіледі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті  әлеуметтік сақтандыру қорына тұлғаның төлем ұзақтығын ескереді. Адам әлеуметтік сақтандыру қорына неғұрлым ұзақ төлем жасаса, соғұрлым ол үлкен коэффициентке ие бола алады және төлем соғұрлым көп болады.
Шегерімдердің ұзақтығына байланысты коэффициенттер бөлімдері төмендегі кестеде көрсетілген.
1-кесте. Еңбек өтілінің коэффициенті
6-12 ай
12-24 ай
24-36 ай
36-48 ай
48-60 ай
60-72 ай
>60 ай
0,10
0,70
0,75
0,85
0,90
0,95
1,00
1,00-ге МӘМС қатысқан әр 12 ай үшін 0,02 қосылады.
Белгілі бір жағдай үшін жәрдемақы мөлшерін есептеуге тырысайық.
Сарымсақ Картопұлы 2 жыл жұмыс істеді, содан кейін оған күрделі диагноз қойылып, еңбек қабілетін 30%-ға айырды. Еңбек еткен алғашқы  жылында Берік айына 150 мың теңге, екінші жылы 200 мың теңге тапқан. Осы екі жылдың ішінде ол әлеуметтік сақтандыру аударымдарын үзбей төлеп отырды.
Орташа айлық кірісті табайық.
Егер адам 1 жыл 150 мың табыс, содан кейін 1 жыл 200 мың табыс тапса, онда орташа мән:
(150 000 теңге*12 ай + 200 000 теңге*12 ай)/24 ай = 175 000 теңге.
Шыққан мәннен ең төменгі жалақының 55%-ын алып тастаймыз, ол қазіргі уақытта 42 500 теңге:
175 000 теңге – 42 500 теңге*0,55 = 151 625 теңге.
Алынған мәнді табысты алмастыру коэффициентіне көбейтеміз (еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ол 0,6):
151 625 теңге*0,6 = 90 975 теңге.
Шыққан мәнді еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициентіне көбейтеміз (біз адамның еңбек қабілетін 30%-ға жоғалтқанын есімізде сақтаймыз):
90 975 теңге*0,3 = 27 293 теңге
Шыққан мәнді қатысу өтілінің коэффициентіне көбейтеміз (Сарымсақ әлеуметтік қорға екі жыл немесе 24 ай аударым жасап отырды. Кестені қарап бұл коэффициент 0,85-ке тең екенін ұғамыз):
27 293*0,85 = 23 199 теңге.
Соңғы шыққан сома Сарымсақ Картопұлы үшін ай сайынғы төлемді білдіреді.
Асыраушысынан айырылғандағы жәрдемақы
Жәрдемақы сомасы = (соңғы 2 жылдағы жалақының немесе табыстардың орташа айлық мәнінен өтініш берген кездегі ең төменгі жалақы мөлшерінің 55%-ын алып тастағанда)
* кірісті алмастыру коэффициенті * асырауындағылар санының коэффициенті * әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті.
Асыраушысынан айырылған жағдайда табысты алмастыру коэффициенті де 0,6, ал біз өткен мысалда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициентінің шкаласымен таныстық.
Асырауындағылар санының коэффициенті қайтыс болғанға дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушының қолына қараған адамдардың санына байланысты айқындалады
2-кесте. Асырауындағылар санының коэффициенті
1 асыранды
2 асыранды
3 асыранды
4 және одан көп
0,50
0,65
0,80
1,00
Біз материалымызда ешкімді өлтіргіміз келмейді. Сондықтан біздің кейіпкеріміз Сарымсақты параллель ғаламда жүрген кезінде галактиканы империялық қысымнан құтқару үшін бөтен ғаламшарлық азаматтар белгісіз уақытқа ұрлап кеткен деп елестетіп көрейік. Сонымен қатар, Қазақстанда Сарымсақ Картопұлы хабар-ошарсыз кеткен болып саналады.
Сарымсақтың артында 3 асыранды қалды – тиісінше, асырауындағылар санының коэффициенті 0,8-ге тең. Ол жоғалғанға дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік сақтандыру қорына жасырмай ақша аударып отырған. Тиісінше қатысу өтілінің коэффициенті 0,85. Сарымсақтың табысы бұған дейінгі мысалдағыдай болды делік. Бұл өмірде Сарымсақтың денсаулығы жақсы еді.
Ендеше, Сарымсақтың асырандылары қандай жәрдемақы ала алады?
Орташа айлық жалақыны табамыз.
Егер адам 1 жыл 150 мың табыс тапса, содан кейін 1 жыл 200 мың табыс тапса, онда орташа мән төмендегідей болады:
(150 000 теңге*12 ай + 200 000 теңге*12 ай)/24 ай = 175 000 теңге.
Шыққан мәннен ең төменгі жалақының 55% алып тастаймыз, ол қазіргі уақытта 42 500 теңге:
175 000 теңге – 42 500 теңге*0,55 = 151 625 теңге.
Алынған мәнді табысты алмастыру коэффициентіне көбейтеміз (асыраушысынан айырылған жағдайда ол 0,6):
151 625 теңге*0,6 = 90 975 теңге.
Алынған мәнді асырауындағылар санының коэффициентіне көбейтеміз (шарт бойынша асырауындағылар үшеу. Тиісінше, коэффициент 0,8-ге тең):
90 975 теңге*0,8 = 72 780 теңге.
Шыққан мәнді әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициентіне көбейтеміз (Сарымсақ әлеуметтік қорға екі жыл немесе 24 ай аударым жасап отырды. Кестені қарап бұл коэффициент 0,85-ке тең екенін ұғамыз).
72 780*0,85 = 61 863 теңге
Соңғы сома Сарымсақтың асырауындағы адамдар үшін ай сайынғы аударым болады.
Жұмыстан айырылған жағдайдағы жәрдемақы
Оны жұмыссыздық бойынша жәрдемақы деп те атайды.
Жәрдемақы сомасы = (соңғы 2 жылдағы жалақының немесе табыстардың орташа айлық мәні) * табысты алмастыру коэффициенті * әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті.
Жұмыссыз қалған жағдайда жәрдемақыны есептеу формуласында ең төменгі жалақының 55%-ын аламыз деген бөлім болмайды. Сондай-ақ табысты алмастыру коэффициенті 0,6 емес, 0,4 болады. Алайда, келесі шектеулер бар: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмыссыздық бойынша төлемдер әртүрлі етіп тағайындалады.
3-кесте. Жұмыссызға берілетін жәрдемақыны есептеу
1 айлық жәрдемақы
2 айлық
3  айлық
4  айлық
5 айлық
6 айлық
әлеуметтік есептеулер 6-12 ай жүргізілді.
12-24 ай
24-36 ай
36-48 ай
48-60 ай
>60 ай
Басқаша айтқанда, адам ресми түрде неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, соғұрлым жұмыссыздық бойынша ұзақ уақыт жәрдемақы алады.
Сарымсаққа қайта оралайық. Бөгде ғаламшарлықтар оны ұрламапты, бар болғаны жұмыста қысқартуға ұшырады делік. Басқаша айтқанда, адам ресми түрде неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, соғұрлым ұзақ уақыт жұмыссыз ретінде жәрдемақы алады. Ол өзінің еңбек жолындағы бірінші жылында 150 мың теңге, ал екінші жылы 200 мың теңге алды. Сарымсақтың қолына қанша жәрдемақы тиетінін есептейік.
Орташа айлық кірісті табайық.
Егер адам 1 жыл 150 мың табыс тапса, содан кейін 1 жыл 200 мың табыс тапса, онда орташа мән төмендегідей болады:
(150 000 теңге*12 ай + 200 000 теңге*12 ай)/24 ай = 175 000 теңге.
Алынған мәнді табысты ауыстыру коэффициентіне көбейтеміз (асыраушысынан айырылған жағдайда ол 0,4):
175 000 теңге *0,4 = 70 000 теңге.
Шыққан мәнді әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициентіне көбейтеміз (Сарымсақ әлеуметтік қорға екі жыл немесе 24 ай аударым жасап отырды. Кестені қарап бұл коэффициент 0,85-ке тең екенін ұғамыз).
70 000 теңге*0,85 = 59 500 теңге.
Соңғы сома Сарымсақ үшін жұмыссыздық бойынша ай сайынғы жәрдемақы болады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) екі жыл қаржы аударғаны ескеріліп, ол үш ай бойы жәрдемақы ала алады.
Жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік былай осылай есептеледі.
Жәрдемақы сомасы = (соңғы 12 айдағы жалақының немесе табыстардың орташа айлық мәні) * еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы есептеледі.
Формуладан бұл жағдайда орташа табыс ретінде соңғы 2 жылдағы емес, соңғы 12 айдағы ескерілетінін көруге болады. Сондай-ақ, біз табысты алмастыру коэффициенттері мен әлеуметтік қорға қатысу өтілінің жоқ екенін көреміз.
Сарымсаққа оралайық. Басқа ғаламшарға барғанда Сарымсақ жынысын өзгерту үшін операция жасап, көп ұзамай жүкті болып, дүниеге бала келді дедік. Мысалы, оған 50 күнге еңбекке жарамсыздық парағы беріліпті-мыс.
Орташа айлық кірісті табайық:
(200 000 теңге*12 ай)/12 ай = 200 000 теңге.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентін табамыз:
50/30 = 1.666667.
Орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентіне көбейтеміз:
200 000 теңге*1.6666667 = 333 333 теңге
Соңғы сан – Сарымсақтың жәрдемақысы.
Бала күтіміне байланысты төлемдер
Қазақстанда бір жасқа толғанша бала күтіміне байланысты табыстан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем қарастырылған.
Жәрдемақы сомасы = (соңғы 2 жылдағы жалақының немесе табыстардың орташа айлық мәні) * табысты алмастыру коэффициенті.
Мұндай төлем тағайындалған жағдайда табысты алмастыру коэффициенті 0,4-ке тең. Орташа табыс соңғы екі жыл деп есептелетінін ескеріңіз. Бұл әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігі бойынша бала бір жасқа толғанша бір жыл бойы ай сайын төленеді.
Сарымсақтың қолына тиетін соманы табайық.
Орташа айлық кірісті табайық.
Егер адам 1 жыл 150 мың табыс тапса, содан кейін 1 жыл 200 мың табыс тапса, онда орташа мән мынадай болады:
(150 000 теңге*12 ай + 200 000 теңге*12 ай)/24 ай = 175 000 теңге.
Шыққан соманы табысты ауыстыру коэффициентіне көбейтіңіз:
175 000 теңге*0,4 = 70 000 теңге.
Бұл – Сарымсақтың жәрдемақысы.
Алайда, заң бойынша шек бар. Ол: «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күні республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспауы тиіс».
Шағын нюанс. Егер Сарымсақ біздің барлық мысалымызда бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуші болып отырса, онда МӘСҚ-ға аударымдар жүргізілген табыс ең төменгі жалақы деңгейінде белгіленеді.
The post Әлеуметтік жәрдемақы көлемін қалай белгілейді? appeared first on Ekonomist Media.
COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады?
COVID-19 пандемиясы әлемдік экономикаға ауыр соққы болды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жаңартылған болжамында (ХВҚ; 2020 жылдың 24 маусымында таныстырылды) биыл әлемдік ЖІӨ 4,9%-ға төмендейтіні айтылады, осылайша қор сәуір айындағы болжамын қайта қарастырып, 1,9 пайыздық тармаққа дейін төмендеу болатынын көрсетті. Дүниежүзілік банк (ДБ) болса, маусым айындағы болжамында құлдырауды -5,2% деп көрсетіп отыр.
ХВҚ мен ДБ дамыған елдердегі дағдарыстың ауыр болатынын айтуда, дегенмен дамушы елдердің де жағдайы мәз емес. Бір бөлігі шикізат ресурсын экспорттаушы (Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан), тағы бір бөлігі жұмыс күшін беруші (Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан) Орталық Азия елдері де дағдарысты мейлінше қатты сезінеді. Бүкіл әлем елдері үшін қазіргі дағдарыстың айрықша белгісі екінші дүниежүзілік соғыстан бері қарай алғаш рет терең құлдырау болса, Орталық Азия елдері үшін 1990-жылдардан кейін көрмеген кедейлік деңгейінің қайта оралуы болмақ.
ДБ сарапшылары 2020 жылдың 25 маусымында өткен «Орталық Азиядағы COVID-19: кедейлік және әлеуметтік-экономикалық салдар» атты аймақтық онлайн брифингте ОА аймағындағы кедейлікке қатысты осындай болжам айтты.
Миллиондаған кедей
Дүниежүзілік банк маусымдағы болжамында (2020) Орталық Азияның бес елінің үшеуінде, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда ЖІӨ төмендейтінін көрсеткен. Түркіменстан экономикасы бұрынғы деңгейде қалмақ. 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда баяу болса да, Өзбекстан әрі қарай өсе бермек.
Дамушы елдер үшін өсу қарқынының бәсеңдеуі әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. ОА елдерінің экономикасына коронадағдарыс айтарлықтай нұқсан келтіргенімен, тұрақтылыққа қауіп төніп тұр деуге болмайды.
Дүниежүзілік банктің Орталық Азия аймағы бойынша бас экономисі Уильям Зейц: «Орталық Азия аймағындағы елдердің тұрақтылықты қамтамасыз ететін қайнаркөзі бар: пандемия өршігенге дейін өсу қарқыны жоғары болды, азық-түлік қоры да жеткілікті. Тек осы қорды сауатты түрде бөлу өте маңызды», – дейді өз сөзінде.
Ел үкіметтері бірінші кезекте үш міндетті шешуі тиіс, атап айтқанда: еңбек нарығының қалыпты қызметіне оралу, әлеуметтік қорғау жүйесін жағдайға орай жедел әрекет ете алатындай етіп жетілдіру, мейлінше зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетуді қолға алу. Кейбір елде жекелеген міндеттерді шешіп те қойды (мысалы, Қазақстанда әлеуметтік жағынан қорғалмаған топ көмек алды), бірақ аймақ елдерінің ешқайсы еңбек нарығын қалыпқа келтіре алмады. Бұл кедейліктен қашып құтылу қиын дегенді білдіреді.
Зейц мырза пандемияның кедейлікке алып келуіне ықпал ететін төрт негізгі арнаны көрсетіп отыр. Біріншісі – еңбекақысына науқасына байланысты тікелей және жұмысы тоқтап қалуына, жұмыс уақытының қысқаруына және басқа да себептерге орай жанама ықпал. Екіншісі – қызмет көрсету саласындағы (білім беру мен денсаулық сақтау) үзіліс. Үшіншісі – еңбексіз кіріс, яғни мемлекеттік өтемақы мен ақша аудару. Бұл арна бойынша ОА аймағының бес елінің үшеуіне дағдарыс мейлінше қатты әсер етеді. Әңгіме Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан туралы. Бұл елдердің ЖІӨ-ге шаққандағы шетелден келетін жеке ақша трансфертінің көдемі 33, 29 және 15% (2018).
Төртінші арна – тұтыну: эпидемия мен карантин шаралары тапшылық тудыруы мүмкін, ал тапшылық бағаның өсуіне әкеледі.
Коронадағдарыс тұрғысынан алғанда, ОА елдері үшін ең негізгі мәселе – жұмыссыздық. Биылғы көктемдегі ресми және бейресми жұмыссыздықтың салдары кедейліктің артуына жол ашады.
Зейц мырза «Өзбекстан азаматтарын тыңдасақ…» атты жаңа зерттеудің нәтижесін жария етті, онда карантин шаралары (соның ішінде нақты оқшаулану режимінің енгізілуі) жұмыс істейтіндер санының күрт қысқаруына алып келгені көрсетілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мейлінше қатты зардап шеккен: 2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында «өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс» көрсеткіші 40%-дан 15%-ға түсіп кеткен. Olx.uz сайтында жарияланған вакансия саны (еңбек нарығына сұраныс) биылғы көктемнің кейінгі екі айында 75%-ға қысқарған, ал туризм және HoReCa салалары бойынша қысқару көрсеткіші 90%-ға дейін.
Тәжікстандағы жағдай да осыған ұқсас: Зейц Somon.tj порталындағы деректерге сүйене отырып, қаңтар-маусым айларында мамандарға сұраныс 71%-ға түскенін айтады; Өзбекстандағыдай мұнда да негізінен қызмет көрсету секторы зардап шеккен, сонымен бірге шетелге жұмыс күшін жіберушілерге де көп залал келген.
Қазақстанда бұл көрсеткіш – 37% (Rabotanur.kz деректері бойынша 2019 жылдың мамыр айы мен 2020 жылдың мамыр айын салыстырғанда), жұмыс күшіне сұраныс қатты төмендеген салалар – сауда, әкімшілік басқару, заң, бухгалтерлік есеп салалары. Құрылыс мейлінше аз зардап шеккен сала болып отырғанын айтқан жөн.
Мұның барлығы аймақтағы кедейлік көрсеткішіне қалай әсер етеді? Уильям Зейц бағалауында былай дейді: «Біздің болжам бойынша, 2020 жылы кедейлердің саны 1,4 миллион адамға дейін артады, кедейлік шегін анықтауда табыс деңгейі ортадан төмен елдерді мысалға алдық (күніне бір адамға 3,2 доллар). Ал табысы орташадан жоғары елдерде (күніне адам басына 5,5 доллар) кедейлер саны 2,6 миллион адамға артпақ. 2000 жылдардан бері бірінші рет Орталық Азияның барлық елінде кедей халықтың үлесі артпақ».
2,6 млн деген – Орталық Азия елдері халқының шамамен 4%-ы.
Дағдарыстан кейінгі кезеңге жету
Мемлекеттік саясат деңгейінде дағдарысқа қарсы қандай бейімдеу шаралары жүзеге асты? Уильям Зейц бейімдеу саясатының екі кезеңі туралы айтады. Бірінші кезеңде саналы түрде экономикалық қызмет тоқтатылды, бұл халықтың денсаулығын қорғау үшін керек еді. Одан кейін уақытша азаматтарды және бизнесті қолдау шаралары қолға алынды. Екінші кезеңде шектеулер біртіндеп алынып, экономикалық қызметті жүргізу мүмкіндіктері кеңейе түседі, адамдар жұмыс орнына орала бастайды. Бұл ретте жұмыспен қамтуды қолдайтын тетіктер маңызды.
Алайда, эпидемияның екінші толқыны жағдайды қайтадан бірінші кезеңге апарып тастауы мүмкін.
Бұдан кейінгі дағдарысқа қарсы шаралар қандай болуы керек? Зейц мырзаның ұсыныстары мынадай:
Еңбек нарығын қалпына келтіруге тырысу және мейлінше өнімді инвестиция тарту;
«Жасыл» жұмыс орындары (энергияны үнемдеуге ықпал ететін жұмыс орындары);
Сұраныс жоғары аудандарда баспананың қолжетімді болуы (жалға алатын баспананы қоса алғанда);
Жалақыны субсидиялаудың салалық бағдарламалары;
Жергілікті инфрақұрылым құру, негізгі қызмет түрлерінің мейлінше жоғары сапалы болуына қол жеткізу;
Жалпы көпшілік үшін бала күтімін жасауды қамтамасыз ету;
Кірісі жоқ (немесе кірісі өте төмен деңгейдегі) адамдар санының күрт артуына байланысты әлеуметтік көмек түрлерін кеңейту;
Қаржыландыруды арттыру, экономиканың қалпына келу ретіне қарай оны біртіндеп азайту;
Карта жасау әдісін пайдалана отырып, қажеттіліктерді мейлінше тиімді жолмен анықтау және атаулы көмекпен қамтамасыз ету;
COVID-19 қайта оралған жағдайда материалдық көмек беру бағдарламасын жасап қою.
Дүниежүзілік банктің аға экономисі түйткілді мәселелер туралы сөз еткенде былай дейді: «Бюджеттің мүмкіндігі айтарлықтай қысқарып отырған шақта және жаһандық рецессиядан кейін экономикалық дағдарыстың екінші толқыны келе жатқанын ескерсек, халықтың аз қорғалған топтарына қолдау көрсету ұзақтығы мен ауқымы сияқты мәселелер өзекті болып қала бермек».
ОА елдері үшін (жалпы бүкіл әлем үшін) коронадағдарыс әлі аяқталмаса да, қазірден қорытынды жасауға болатын жайттар бар. Оларды Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук былай деп санамалап отыр: ұлттық денсаулық сақтау жүйесін күшейтіп, әлеуметтік қорғау жүйесін мықтау, оларды болашақта болуы мүмкін осындай соққыларға дайындау. Жұмыс орындарын аша отырып (соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріп), нақты секторды мейлінше белсенді қаржыландыру және құрылымдық реформа жүргізу қажет. Цифрландыру процесі де жеделдетуді қажет етеді: ОА елдерінде бұл саладағы монополияны жойып, нарыққа кіретін жаңа ойыншылардың алдынан шығатын кедергілерді жою. «Жасыл» қалпына келтіру – тағы бір тренд, яғни экономикалық өсімді қалпына келтіруге шақыратын жобалар тұрақты даму мақсаттарын да қанағаттандырғаны дұрыс.
ОА елдерінің үкіметіне несие беруге дайын халықаралық қаржы институттары үшін де дәл осы айтылғандар басым бағыт болып саналады.
«Осы бір ауыр дағдарыс жағдайында Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдеріне пандемиямен күрес кезіндегі шұғыл шаралар мен экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастырып отыр. Кедейлікті жою мен жалпы әл-ауқатты қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Бұл біздің барлық жобамыздан көрініс тауып отыр, осы аймақта жүзеге асырып отырған жобалардың жалпы құны 9,6 миллиард долларға жетеді. Соның ішінде пандемиямен күреске байланысты шұғыл шараларға деп берілген 400 миллион доллар да бар», – дейді Бурунчук. Қазіргі кезде Дүниежүзілік банктің ОА елдеріне ұсынып отырған несие портфелі 10 млрд доллардан асады, бұл қаражат 76 жобаны жүзеге асыруға берілген. ДБ 2013 жылдан бері қарай несиелеудің жылдық көлемі 90%-дан аса өскенін көрсетіп отыр.
The post COVID асқынуы: Орталық Азияда коронадағдарыс салдарынан қанша миллион кедей пайда болады? appeared first on Ekonomist Media.
Кедейлік вирусы: COVID-19 жұмыс орындары мен қазақстандықтардың кірісіне қалай әсер етуде?
Халықаралық Oxfam бірлестігінің зерттеушілері пандемия мен оның экономикалық салдары 1990 жылдан бері алғаш рет жаһандық кедейлік деңгейінің көтерілуіне алып келеді деген болжам жасап отыр. Олардың айтуынша, орташа табыс 20%-ға қысқарған жағдайда кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан (күніне 1,90 АҚШ долларына немесе одан да аз ақшаға) адамдар саны 434 млн адамға, ал әлем бойынша 1,2 млрд адамға дейін артуы мүмкін. Күніне 3,2 АҚШ долларына өмір сүретін кедейлер саны 611 млн адамға дейін артуы ықтимал. Бұл көбінесе қазірдің өзінде кедейлік деңгейі жоғары елдер мен аймақтарға, соның ішінде Оңтүстік Азия, Сахараның оңтүстігіндегі Африка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағына қатысты болмақ. Олармен салыстырғанда, Еуропа мен Орталық Азияның жағдайы тәуір, дегенмен бұл тек салыстырмалы түрде.
Кедейлер кедейлене түседі
Қазақстанда, мәселен, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2020 жылдың 1-тоқсанында халықтың 10 пайызының жан басына шаққандағы айлық кірісі шамамен 25 мың теңге, бұл күніне 1,99 доллар деген сөз.
Әр оныншы қазақстандық пандемияға дейін-ақ кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан, олардың саны 1,8 млн адамға жуық.
2020 жылдың алғашқы тоқсанында күндік кірісі 3,2 доллар болған қазақстандықтардың үлесі 30% болған (жан басына шаққандағы айлық кірісі 37 мың теңге), яғни 5,4 млн адам.
1-кесте. Кірістің халықтың 10 пайыздық топтары арасында бөлінуі
Дециль
Халықтың кірісі бойынша интервал шегі, теңге
Жан басына шаққандағы орташа айлық табыс интервалы, теңге
Жан басына шаққандағы күндік кірісі, АҚШ доллары
1
0-29 166
24 646
1,99
2
29 197-34 631
31 992
2,59
3
34 632-39 276
36 938
2,99
4
39 277-43 922
41 577
3,36
5
43 923-49 581
46 706
3,78
6
49 582-56 657
53 064
4,29
7
56 658-66 207
61 263
4,96
8
66 208-79 571
72 682
5,88
9
79 572-102 800
89 283
7,22
10
102 801-586 602
148 822
12,04
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Төтенше жағдай режимі мен күшейтілген карантин жағдайды одан бетер қиындатты. ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, қазақстандықтардың 42%-ы материалдық жағдайы нашарлағанын айтқан. Мұндай жауап берушілердің үлесі 2020 жылдың сәуір айынан кейін арта түскен.
Соңғы жылы халықтың кіріс деңгейінің төмендеуі байқалады. Орташа айлық жиынтық кірісі 40 мың теңгеден аз респонденттердің үлесі 2019 жылдың маусым айында 4% болса, 2020 жылдың маусымында 9%-ға жеткен. Айлық жиынтық кірісі 40-70 мың аралығындағы үй шаруашылығы үлесі 15 пайыздан 21 пайызға артқан.
Керісінше, 100 мың теңге және одан көп (100-150, 150-300, 301 мың және одан көп) кірісі бар қазақстандықтардың үлесі 14 тармаққа төмендеп, бұрын 52% болса, қазір 38% болған.
Кестеден көріп отырғанымыздай, айтарлықтай өзгеріс 2020 жылдың сәуірінде байқалады.
Жұмыстан айырылу = кедейлік?
Қазақстандықтардың кірісінің азаюына әсер еткен негізгі фактор көптеген кәсіпорынның жұмысын тоқтатуы мен іскерлік белсенділіктің тоқтап қалуы екені түсінікті. KPMG консалтинг компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, карантинге байланысты жағдайы қиындап қалған сегмент пен экономика саласының өкілдері негізінен азық-түлік емес бөлшек сауда, авиация, мұнай-газ, тау-кен саласы, көлік секторы, электр энергетикасы мен қызмет көрсету саласының өкілдері.
Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 70%-ы әкімшілік шығындарды, соның ішінде еңбекақы, іссапар, маркетинг және консультация шығындарын қысқартуға мәжбүр болған, бұл жұмыс орындарының қысқарып қалуы немесе айлық жалақының азаюы дегенді білдіреді.
Қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмысынан айырылу, тіпті уақытша жұмыссыз қалу өмір сүру сапасы мен деңгейінің айтарлықтай төмендеуін білдіреді.
ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, қазір қазақстандықтардың 16%-ының ғана қаржылай жинағы бар (2019 жылдың маусым айымен салыстырғанда, 6%-ға кем). Қазақстандықтардың көпшілігі ай сайынғы табысына арқа сүйейді, ал ол табыс соңғы бірнеше айда біршама өзгерді.
Бұрын қазақстандықтардың 70%-ы негізгі кіріс көзі ретінде айлық жалақысын көрсетсе, 2020 жылдың маусым айында бұл нұсқаны таңдағандар үлесі 56% болған. Кіріс көзі құрылымында әлеуметтік және мемлекеттік төлемақы 20%-ға артқан (2019 жылдың маусымында 30% болса, 2020-ның маусымында 50%). Бірақ бұл еңбек ету арқылы табатын кірісті толық алмастыра алады деу қиын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының айтуынша, карантин режимін әлсірету нәтижесінде, сонымен бірге жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асырудың арқасында жұмыссыздар саны мамыр айында 4,2 миллионнан 1,1 миллион адамға, ал маусым айында 735 мың адамға азайған. Жалақы әлі де негізгі кіріс көзі болып отырған жоқ, бұл жұмыспен қамтылу карантинге дейінгі деңгейге жетпегенін білдіреді. Бұған қоса, тағы да күшейтілген карантиннің енгізілуі және жалпы адамдардың арақашықтық сақтау қажеттігіне байланысты шектеулер бизнеске, соған сәйкес жұмыс орындары мен өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.
KPMG сауалнамасына қатысқан кәсіпкерлер өздері үшін карантиннің ең ауыр салдары ретінде шикізат пен тауар жеткізу және қызмет көрсету тізбегінің бұзылғанын айтқан. Соның ішінде бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығы мен мейрамхана бизнесіне айтарлықтай ықпал етті. Несие мен жалға алу ақысын кейінге шегеруге болатынына қарамастан, бұл салалардағы бизнестің бір бөлігі бұрынғы жұмыс қарқынын қалпына келтіре алмайды, COVID-19-ға байланысты шектеулер күшейтілген қалыпта қала беретін болса, тіптен қиынға соғады.
Бұл ретте дәл осы салаларда бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесі өте жоғары екенін айту маңызды, тіпті формалды сектор кәсіпорындарында да солай. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндердің 55%-ы мен қоғамдық тамақтану және қонақүй қызметіндегілердің 21%-ы ресми түрде онда жұмыс істемейді.
2019 жылдың соңында бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 1,2 млн адам болды немесе жұмыспен қамтылған тұрғындардың 14%-ы. Төтенше жағдай кезінде бәрінен қатты қиналған осы топ екенін мойындаған жөн, жұмыс берушілер кез келген сәтте олардың қызметінен оп-оңай бас тарта салады, ал мемлекет оларға ресми жарнасы жоқ болғандықтан назар аудармайды.
Кәсіпорындардың қызметі қайта жанданғаннан кейін де бейресми жұмыспен қамтылғандар бұрынғы жұмыс орындарына қайтадан орналаса қоюы екіталай. Ал бәсекенің жоғары болатынын ескерсек, олардың еңбекақысы төмендеп, соған сай кірісі де азаюы әбден мүмкін.
600 мың жұмыссыз
Кіріс деңгейінің төмендеуі айналып келгенде тұтыну қызметінің де тарылуына алып келеді. Қазірдің өзінде халықтың 45%-ы ірі дүние сатып алудың қажеті жоқ деп есептейді. Соңғы айларда ірі ештеңе сатып алмаған қазақстандықтардың үлесі 10%-ға артқан (2020 жылдың қаңтар айында 78% болса, маусымда 89% болған).
Дегенмен, үнемдеу тек ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға ғана емес, сонымен бірге тұтыну деңгейінің мейлінше қысқаруына да байланысты болуы мүмкін. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтар бірінші кезекте демалысқа және киімге жұмсайтын ақшаны  үнемдеуге көшеді. Азық-түлік себеті арзандайды, мұны ритейлерлер қазірдің өзінде байқап отыр.
2019 жылдың қараша айында «Кипр» аналитикалық тобының пікірталас алаңында Magnum компаниясының коммерциялық директоры, басқарма мүшесі Яков Фишман сатып алушылардың үнемдеу мақсатымен, біріншіден, жеңілдікпен сатылатын тауарларды, яғни акциямен сатылатын өнімдерді іздейтінін айтқан еді. Екіншіден, баға тұрғысынан да ұстанымын өзгертетінін, яғни олардың тұтынатын өнімдерінің сапасы да төмендейтінін айтқан болатын.
Қазақстандықтардың экономия режиміне көшуі бизнестің жекелеген салаларының тарылуына алып келеді, соның ішінде алдыңғы қатарда көңіл көтеру, бьюти индустрия, киім ритейлері, қоғамдық тамақтану орындары бар. Бұл осы салаларда жұмыс істейтіндерге кері әсерін тигізеді.
Жекелеген сарапшылар жұмыссыздық пен өмір сүру деңгейінің төмендеуі қылмыс деңгейінің артуына алып келеді деген болжам жасайды, Қазақстанда қылмыстың 80 пайызын жұмыссыздар жасайтынын ескерсек, бұл негізсіз де емес. Алайда, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы жүргізген жуырдағы зерттеуге сүйенсек, мұның алдындағы экономикалық дағдарыстар кезінде Қазақстан жұмыссыздықты азайту бағытындағы шараларды уақытында қолға алып, халықтың табыс деңгейін көтеру арқылы қылмыстың артуына жол бермеген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай қауіп-қатерлерді ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен жұмыс орындарын ашуды ұсынып отыр. Алайда, әңгіме тек 250 мың жұмыс орны туралы, ал коронадағдарыс салдарынан зардап шеккен еңбекке қабілетті қазақстандықтар саны миллиондап саналуы мүмкін.
Жұмыссыз халықтың шынайы санын есептеуге келгенде айтарлықтай қиындық бар, мұны қазақстандық сарапшылардың көпшілігі айтып отыр. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандары 2020 жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 6,1% (шамамен 560 мың адам) болады деп болжап отыр. Бизнестің қайта қалыпқа келуіне ұзақ уақыт керек екенін ескерсек, мұны тым оптимистік болжам деуге болады.
Жұмыс орындарына байланысты қажеттілікті нақты бағалау үшін жұмыссыздар санын есептеудің ескірген әдісінен бас тарту керек, бұл әсіресе өңірлерге қатысты.
Өз-өзін жұмыспен қамтыған топқа жататын, бірақ жұмысы өнімсіз және тұрақсыз қазақстандықтарды да жұмыссыздар қатарына қосу керек. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес, бірақ жұмыс табуға ұмтылатын жеке топ бар екенін де естен шығармаған жөн.
The post Кедейлік вирусы: COVID-19 жұмыс орындары мен қазақстандықтардың кірісіне қалай әсер етуде? appeared first on Ekonomist Media.
Азық-түлік қорлары тиімсіздігінің 7 себебі
Британдық The Economist журналы 2014 жылы жариялаған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі рейтингте Қазақстан 109 елдің ішінде 57-орында тұрса, 2016 жылы 56-орынға тұрақтаған.
Ресми деректерге сүйенсек, біздің азық-түлік нарығымыз шынында да жаман емес. 2016-2017 жылдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрі бойынша отандық өндіріспен қамтамасыз ету деңгейі 80% болған. Бұл қатарға кірмейтін тауарлар: құс еті – 49,4% (2016) және 51,8% (2017), сары май – 64,9% (2016) және 73,8% (2017), ірімшіктер мен сүзбелер – 55,7% (2016) және 58,6% (2017), қант – 80,4 % (2016) және 69% (2017), шұжық өнімдері – 59,5% (2016) және 59,7 % (2017), тоңазытылған және мұздатылған балық – 62,4 % (2016) және 66,8% (2017), алма – 65,6% (2016) және 59,4% (2017).
Басқа да азық-түлік
Rezonans.kz командасы 9 жылдағы динамикаға талдау жасаған еді.
1-кесте. ҚР негізгі азық-түлік тауарларының бағасы, теңге
Өнімнің атауы
2011
2019
2011/19 өсу қарқыны, %
Сары май, тұздалмаған
1240
2368
91,0
1-сұрыпты бидай ұны
78
148
89,7
Тауық еті
453
831
83,4
Жартылай қақталған шұжық
1193
2142
79,5
Шошқаның жон еті
837
1466
75,1
Қаймақ
634
1109
74,9
Жылқы еті жілігімен
1167
2029
73,9
Сиырдың жон еті мен кеуде тұсы
1081
1803
66,8
Қой еті жілігімен
1043
1713
64,2
Пастерленген сүт
159
251
57,9
Жұмыртқа, 10 талы
190
299
57,4
Айран
194
295
52,1
Өсімдік майы
321
433
34,9
Дереккөз: Rezonans.kz
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) талдауы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл сайын өсіп отырғандықтан, олардың бағасын тұрақтандыру қажеттігін шешуді көрсеткен болатын.
2010 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде азық-түлік орта есеппен 71,7%-ға қымбаттаған.
2020 жылдың 17 қаңтарында «Атамекен» ҰКП Импорт алмасу жөніндегі кеңес құрылғанын жариялады. Сол анонста мынадай деректер келтірді: 2018 жылы еліміздің тауар нарығында құс етінің үлесі 50% болса, ет консервілері – 32%, шұжық өнімдері – 40%, көкөніс консервілері  – 72%, өсімдік майы – 30%, сары май – 27%, ірімшік – 44%, сүт және қоюлатылған кілегей – 67%, сухари мен печенье – 39%, макарон – 15%, қант – 53%, кондитер өнімдері – 49%, ашытқы 57% болған. Жеңіл өнеркәсіп тауарларының көпшілігі бойынша импорттың үлесі 90%-дан асады.
2005 жылғы 8 шілдедегі №66 ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң бар. Азық-түлік тауарларына нақты қол жетімділік, экономикалық қолжетімділік, азық-түлік тәуелсіздігі, өңірлік тұрақтандыру қоры сияқты негізгі түсініктер осы заңда келтірілген. Осылайша мемлекет халыққа азық-түлік өнімдерінің қолжетімді болуына кепілдік береді және оған қол жеткізу механизмдерін реттейді.
Заңдағы кейбір түсініктер:
Азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік – республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы.
Азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік – азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі.
Азық-түлік тәуелсіздігі – азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі.
Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19 атаудан тұрады (ұн, нан, кеспе, қарақұмық жармасы, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, өсімдік майы мен сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа, тұз, сүзбе).
Жеті жылдан кейін, 2012 жылы «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану Ережесі туралы» қаулы қабылданып, 2012 жылдың қазан айында оны №1280 қаулы етіп бекітті. Сол жылы-ақ республикалық бюджеттен 12,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат кейіннен жергілікті бюджеттерге берілді. Аймақтарда ол әлі күнге дейін пайдаланылады. Бұған жергілікті бюджетті де қосқан.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асқан OPEN BUDGET FELLOWSHIP бағдарламасы шеңберінде «Қазақстандағы тұрақтандыру қорының инструменттерін пайдалану» бойынша бюджеттік анализ жасалды.
Жұмыс гипотезасы: тұрақтандыру қорын пайдалану агроөнеркәсіп нарығына  реттеуші ықпал ете алмайды.
Тұрақтандыру қорларының жұмыс істемейтінін дәлелдеп жату артық, мұны ел азаматтары көктем мен күзде жақсы сезінеді.
Бәсеке мен ашықтықтың болмауы
Біз тұрақтандыру қорларының көздеген мақсатына жете алмауының жеті себебін келтіріп отырмыз.
Бірінші себеп – бәсекелестік жоқ. Тұрақтандыру қорын ешқандай ұйым құра алмайды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан (ӘКК) басқа ешкім бұл қызметпен айналыса алмайды. Агроөнеркәсіптік кешен туралы заң бойынша, тұрақтандыру қорының операторы тек арнайы ұйым бола алады, бізде бұл – ӘКК. Әкімдіктің тапсырысы бойынша тұрақтандыру қорының операторы осы корпорация, бұл жерде «Мемлекет – нашар менеджер» деген сөз еске түседі.
Екінші себеп – ашықтық жетпейді. Біз 2018 жылы тұрақтандыру қорларының жұмысына анализ жасау үшін бүкіл Қазақстан бойынша әкімдіктерге сұрау жіберген едік. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Он алты сұрау жіберіліп, алтауына уақытында жауап алынды, жеті облыс жауап ұсынбады, ал үш облыс ақпарат беруден бас тартты. Оның себебін «ӘКК» ҰК АҚ директорлар кеңесі коммерциялық құпия туралы заңға сәйкес бекіткен қызметтік құпияға және «ҚР Азаматтық Кодексінің» 126-бабына байланысты ақпарат ұсыну мүмкіндігі жоқ екенімен түсіндірді. Осының өзі директорлар кеңесінің де, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның да бұл ақпаратты әлдекімдердің білгенін қаламайтынын көрсетеді.
Үшінші себеп – тұрақтандыру қоры ресурстарының операциялары туралы шешім қабылдаудың механизмі реттелгендігі. Барлық шешімді әкімдік жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. Облыс әкімі комиссияны құрып, оның мүшелерін бекітеді (кемінде 9 адам). Комиссияның төрағасы – облыс әкімінің орынбасары. Соңғы шешімді әкім қабылдайды.
Жеке жауапкершілік жоқ. Облыс әкімі, комиссия, жұмысшы орган мен арнайы ұйым арасындағы жауапкершілікті бөлу жағы түсініксіз. Комиссия құрамында «Нұр Отан» партиясының өкілі, аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры бар. Көбінесе азық-түлік жеткізуші жеке адамдар немесе азық-түлік таратумен айналысатын сауда нүктелері кіреді. Олардың қатысуының өзі келісім бойынша деп көрсетілген. Алайда, комиссияның құрамында Фермерлер одағы, кәсіпкерлер ассоциациясы сияқты ұйымдардың өкілдері жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) тұрақтандыру қоры бойынша комиссия құрамына кіруге берген өтінішімді екі рет қабыл алмады. Бәрі өз адамдары.
Тоғыз облыста тұрақтандыру қорының жұмыс органы – ауыл шаруашылығы басқармасы. Бұл дұрыс та, өйткені ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы. Заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізген жағдайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты болады.
Төртінші себеп – ақшаны депозитте сақтау мүмкіндігі. Тұрақтандыру қорын құру және пайдалану ережесіне сай, артық қаражатты екінші деңгейлі банктерде сақтауға болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылы жасаған анализі тұрақтандыру қорына бөлінген қаражаттың бір бөлігі депозитте екенін көрсетті. Кейбір өңірлерде депозит мөлшері бөлінген қаражаттың жартысынан асады. Сонымен бірге ұйымдардың алдында қыруар қарыздары бар, кей жағдайда ол 90%-ға дейін.
Мысал үшін айтсақ, 2011 жылдан 2017 жылға дейін бағаны тұрақтандыруға 2,0 млрд теңге бөлінген.
2016-2017 жылдары СҚО тұрақтандыру қорына 300 млн теңге бөлінген. Уақытша еркін қаражаттан түскен сыйақы мөлшері 2016 жылы 1,7 млн теңге болса, 2017 жылы 4,8 млн теңге болған.
Бесінші себеп – бақылау тетігі жұмыс істемейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтерудің алдын алу үшін 2011 жылы олардың көтерме бағасының шекті бағасы белгіленген болатын. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, бағаны көтерген кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылады. Алайда, ҚР ҰЭМ мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдан бері әкімдіктер көтерме сауданың шекті бағасын бекітпеген. Қазіргі кезде бұл баға бекітілгенімен, оның қай көлемде екенін білуге немесе көруге мүмкіндік жоқ. Қаулы таратуда шектеу бар қызметтік ақпаратқа жатады («Қызметтік пайдалануға арналған» деген белгісі бар). Бұл ретте ҚР ҰЭМ-нің 29.12.2018 жылғы №28-1/25532-34 ұсыныс хатына сүйенеді. Бұл шараны шағын және орта бизнесті қудалаумен салыстыруға болады, әрі оны пайдалану үшін алдымен 100% өз өнімімізбен қамтамасыз етіп алып, содан кейін ғана бақылау орнатқан жөн болар еді.
Алтыншы себеп – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің көтерме саудадағы шекті бағасын белгілеудің сақталған-сақталмағанына бақылау жасайтын мемлекеттік орган – әкімдіктер, яғни жергілікті атқарушы орган. Өңірлерде бұл мәселе сауда нүктелерімен меморандумға қол қоюмен, әкімдердің базарға баруымен шектеледі. Жоғары лауазымды шенеуніктердің мәлімдемелерінің бәрі дерлік популистік сипатта. Жергілікті жерлерде ұсынылған шешімдердің ешбірі қолдау тауып, тәжірибеге енген жоқ. Базардағы алыпсатармен күрес немесе оларды іздеудің басталуынан аяқталуы жылдам, көбінесе әкімдердің сауда нүктелеріне баруымен, азық-түлік өнімдерінің бағасын уақытша өзгертіп қоюмен ғана шектеледі.
Жетінші себеп – нарыққа анализ жасалмауы. Қазіргі кезде нарықтың әлсіздігін ұзақ мерзімге арналған болжамның жоқтығымен, нақты негізделген логистикалық жоспардың болмауымен түсіндіруге болады.
P.S. «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі 2017 жылы сайтты пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізіп, қоғамды қатты мазалайтын мәселелер қандай екенін және халықтың үкіметте айтарлықтай өзгерістер жасауға ықпал ету мүмкіндігі қандай екенін сұраған болатын. Сонда қоғамдағы ең өткір мәселе «азық-түлік бағасының бақылаусыз кетуі» екені белгілі болған, сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы немесе 1461 адам осы нұсқаны таңдаған.
The post Азық-түлік қорлары тиімсіздігінің 7 себебі appeared first on Ekonomist Media.
Тұтыну: экономикалық өлшем және мемлекеттік қиындықтар
Қазақстандықтар кірістерінің өсіп келе жатқан бөлігін азық-түлікке жұмсайды – бұл ресми статистика бойынша тіркелген және әрбір қазақстандықтың жеке тәжірибесімен расталған факт. Сонымен бірге, ел экономикасы өсу кезеңінде, ал шенеуніктер әл-ауқат көрсеткіштерінің өскенін хабарлайды.
Почему экономический рост не приводит росту качества потребления? Почему даже при росте показателя реального дохода населения качество потребления не растет? Откуда взять ресурсы на потребление в этих условиях? Все эти вопросы актуальны не только для экономистов, но в большей степени для политиков – людей принимающих решения в условиях высокой неопределенности.
В основу этого материала легли тезисы автора, изложенные на заседании КИПР, проведенном совместно с проектом Ekonomist.kz, в Алматы, 26 ноября 2019 года.
Что такое потребление?
Потребление – приобретение товаров и услуг за счет расходования доходов или сбережений. В этом материале мы говорим о таком субъекте потребления, как потребитель, и о таком виде потребления, как личное.
В экономической науке в последние 200 лет было выявлено несколько десятков  законов потребления – положений, которые в значительной мере отражают общие правила поведения экономических игроков вне зависимости от регионального или культурного контекста и о которых не принято спорить. Ниже предложены наиболее важные из них в контексте избранной тематики.
Основной психологический закон Кейнса
Личное потребление зависит от уровня доходов, однако его динамика отстает от роста доходов.
При росте уровня своих доходов люди склонны увеличивать потребление, но не в меру роста доходов, а в меньшей степени. Процент дохода, направляемый на сбережения, растет по мере роста доходов.
Закон Энгеля
Поведение потребителей связано с размером получаемого ими дохода и по мере роста доходов потребление населением благ возрастает непропорционально.
Расходы на питание возрастают в меньшей степени, чем расходы на предметы длительного пользования, путешествия или сбережения.
Закон Мальтуса
При одном и том же количестве благ их распределение по семьям и индивидуумам зависит от соотношения лиц, приносящих доход, и иждивенцев в семье. Больше детей – ниже доходы.
Далее я рассмотрю, как менялись эти три составляющие – расходы на потребление, доходы и сбережения – в Казахстане в последние годы и месяцы.
Расходы домохозяйств
Расходы на потребление по закону Энгеля хорошо характеризуют уровень жизни населения. В ряду таких стран, вышедших из социалистического лагеря, как Эстония, Польша, Россия и Беларусь, показатели Казахстана наиболее скромные: казахстанцы пускают на продукты питания около 50% своих расходов, эстонцы – чуть больше 20%, россияне – около 30%.
Рост доли продовольственных товаров в денежных расходах населения Казахстана поступательно растет последние 10 лет. С 2015 года рост ускорился. В 2009-2019 годы вес расходов на продовольствие увеличился на 10 п.п. Во II квартале 2019 года доля расходов на потребление продуктов питания в структуре потребительских расходов достигла пика за последние 10 лет – 51,2%.
Доля непродовольственных товаров в структуре расходов сократилась в 2009-2019 годы на 6,2 п.п. – до 21,0%. Доля платных услуг снизилась на 4,4 п.п. – до 20,6%.
Это значит, что казахстанцы – по крайней мере те 12 тыс. домохозяйств, которые попали в периметр опроса статкомитета – отказываются от товаров долговременного пользования и различных услуг в пользу еды.
Доходы домохозяйств
С чем связана такая структура потребления? Ответ на этот вопрос могут дать сведения о доходах казахстанцев.
Рост реальных доходов населения составил по итогам янв.-сент. 2019 года составил 6,4%.
Однако реальные доходы населения не росли устойчиво – в последние 10 лет мы наблюдали два года снижения реальных доходов и еще 4 года низкого роста доходов (ниже 5%). Доходы распределяются по экономике неравномерно: разрыв между медианной и средней заработной платой почти двукратный. Чуть менее 30% экономики находится в тени, в неформальном секторе заняты около 16% рабочей силы.
Показательно, что в структуре денежных доходов населения предельно снизилась доля заработной платы на 7,8 п.п. – до 62,4%. Доля доходов от предпринимательской деятельности на 0,9 п.п. – до 10,4%. Доля пенсий выросла на 8,3 п.п. – до 15,8%.
Показательно, как сильно меняется структура населения по доходам при росте количества детей в семье. Около 90% семей, в которых 4 и более детей находятся на пороге или ниже уровня бедности. В условиях нынешнего уровня благосостояния многодетность – фактор бедности.
Сбережения
Устойчивый рост реальных доходов в соответствии с законом Кейнса должен выливаться в рост сбережений. В условиях неравномерного распределения богатства в экономике – 162 человека владеют половиной благосостояния страны – логичнее опираться не на портфель депозитов физлиц, а на опросы населения.
В опросе об инфляционных ожиданиях, который проводит Нацбанк РК есть данные респондентов о состоянии их сбережений. В сентябре 2019 года доля респондентов, у которых снизились сбережения находилась на самой высокой отметке за последние 12 месяцев – 20,5% (рост на 1,7 п.п.). Доля респондентов, которые не смогли сделать сбережения по итогам этого месяца достигла 86,9%.
Бұл материалдың негізін 2019 жылы 26 қарашада Алматы қаласында Ekonomist.kz жобасымен бірге өткізілген CYPRUS жиналысында ұсынылған авторлық тезистер құрады.
Инфляция
Высокая инфляция – негативно влияет на реальные доходы населения, в особенности это касается людей с наименьшими доходами. Наметившийся в последние месяцы рост инфляции – 5,5% в годовом выражении – чувствительнее всего ударил по 1-му децилю (люди с наименьшими доходами), поскольку вес продовольствия в их продуктовой корзине выше. Динамика роста цен на продукты питания ускорилась вдвое. По-видимому, причиной этому служит как фактор роста цен на продовольствие на мировом и региональном рынках, так и снижение производства отдельных продтоваров внутри страны.
Высокая инфляция вызывает озабоченность казахстанских властей, однако в сравнении с предыдущими периодами, этот рост цен в этом году кажется незначительным. По итогам 2019 года НБ РК ожидает роста на уровне 5,8% при значении коридора инфляции 4-6%.
Меры государственной политики и “узкие места”
Направление
Меры
“Узкие места”
Контроль инфляции
Инфляционное таргетирование
Неэффективный процентный канал (длительность трансмиссии – 1 год)
Товарные интервенции и контроль цен на СЗПТ
Слабый эффект от товарных интервенций на фоне импорта инфляции
Снижение тарифов на услуги ЖКХ
Снижение предсказуемости тарифной политики
Рост доходов
Повышение выплат социально уязвимым слоям населения и повышение зарплат бюджетникам
Рост доходов населения разгоняет потребление (на него приходится до 0,5% инфляции)
Программы поддержания занятости
Госпрограммы, стимулирующие рост производства продукции (“Экономика простых вещей” и др.)
Госпрограммы, стимулирующие рост потребления (ипотека, автокредитование и т.д.)
Снижение стоимости товаров долговременного пользования разгоняет спрос на них (рост продаж автомобилей на 18,3% в янв.-сент.)
Из сказанного можно сделать следующие выводы.
Рост реальных доходов не приводит к повышению уровня благосостояния населения. В дальнейшем это спровоцирует рост бедности и усиление неравенства.
Необходимы кардинальные изменения государственной политики в сфере антимонопольного регулирования и защиты конкуренции.
Прогноз на 2020 год
Номинальный рост доходов сохранится на уровне 2019 года или будет выше.
Произойдет индексация пенсий (инфляция +2%) и пособий (на 30% для некоторых категорий).
Повысится заработная плата учителей средних школ на 25%.
Повысится заработная плата медицинского персонала; врачей – на 30%, медсестер – на 25%.
Наблюдаются предпосылки для роста потребительских цен.
Рост мировых цен на продовольствие.
Рост цен на хлебобулочные изделия на фоне скромного урожая-2019 и угрозы снижения переходящего остатка зерна.
Рост цен на услуги ЖКХ (индексация операционных издержек естественных монополистов).
Рост цен на топливо (Минэк обещал рассмотреть повышение акциза в 2,25 раза, что приведет к повышению цен на бензин, как минимум, на 7% в годовом выражении).
Продолжающийся номинальный рост доходов бюджетников.
Государственные программы, стимулирующие производство и спрос.
Общий вывод
Складываются условия для замедления темпов роста реальных доходов населения. Чтобы поддержать текущий уровень потребления домохозяйствам придется тратить запасы. Это означает, что произойдет дальнейшее снижение уровня сбережений. Это приведет к росту спроса на потребительские кредиты. В последние 12 месяцев (на сентябрь 2019 года) портфель потребов вырос на 22,6% – до 3,9 трлн тенге. Кредитную активность будет тормозить запрет на займы, распространяющийся на физлиц с низкими доходами. Поддержать бюджеты этой группы населения должны социальные выплаты и рост номинальной заработной платы.
Рекомендации
Краткосрочная перспектива
Антиинфляционная политика. Необходимо повысить эффективность товарных интервенций, а также обеспечить максимальную прозрачность цен. Важно расширять масштаб применения модели оптово-распределительных центров, создаваемых на средства частного бизнеса. Фактически это модель товарных интервенций, но без прямого государственного участия.
Антимонопольная политика. Борьба с монополиями и сговорами оптовиков и производителей. Для этого необходимо сделать независимым антимонопольный орган и обеспечить его достаточными для регулярных расследований ресурсами.
Защита доходов населения. В 2015 году НБ РК пошел на компенсацию владельцев наиболее маленьких депозитов. В итоге удалось избежать оттока вкладов и перетекания этих средств в потребление, что дало бы дополнительный импульс инфляции. Повышение ставок по безотзывным депозитам создаст стимулы сберегать, а не тратить.
Долгосрочная перспектива
Инфляционное таргетирование. Необходимо продолжать политику инфляционного таргетирования, повышая эффективность управления инфляцией через процентный канал. После завершения AQR и завершения перехода на новую модель регулирования банковского сектора произойдет восстановление кредитования частного сектора эта проблема будет решена. При этом необходимо делать максимально доступными механизмы хеджирования валютных рисков.
Промышленная политика. Создание новых производств и повышение производительности труда решит проблему насыщения внутреннего рынка, так и обеспечит устойчивый рост доходов населения. Для этого необходимо исключить конкуренцию госпрограмм, предлагающих низкие ставки кредитования, внедрить жесткую экспортную дисциплину. В противном случае мы увидим лишь рост количества зомби-компаний.
Снижение доли государственного участия в экономике за счет кардинального сокращения количества видов деятельности, которыми могут заниматься государственные и квазигосударственные компании. Правило “желтых страниц” должно заработать в полную силу.
The post Тұтыну: экономикалық өлшем және мемлекеттік қиындықтар appeared first on Ekonomist Media.