Инфляция Archives - Ekonomist Media

Стагфляция дағдарысы
Нуриэль Рубини

НЬЮ-ЙОРК – Мен сәуірде қазіргі ақша-несиелік, салықтық-бюджеттік саясаттың өте жұмсақ болуы және ұсыныс саласындағы негативті жағдайлар 1970-жылдардағы стагфляцияға (жоғары инфляция мен рецессия) әкеліп соғуы мүмкін деп ескерткен болатынмын. Шын мәнінде қазіргі қауіп бұрынғыдан да жоғары болып отыр.

1970-жылдары дамыған елдерде және дамушы нарықтардың көбінде қарыз коэффициенттері қазіргі көрсеткіштерден әлдеқайда төмен болған, сондықтан ол кезде стагфляцияны қарыз дағдарысымен байланыстырмайтын. Бірақ 1970-жылдардағы күтпеген инфляция белгіленген мөлшерлеме бойынша номиналды қарыздардың шынайы құнын жойып жіберді. Бұл көп дамыған экономиканың мойнындағы мемлекеттік қарыз көлемін азайтты.

Керісінше, 2007–2008 жылдары болған қаржы дағдарысы кезінде (жеке және мемлекеттік) қарыздың жоғары коэффициенті ауыр несие дағдарысын туғызды. Бірақ одан кейін басталған рецессия инфляцияның төмендеуіне (тіпті тікелей дефляцияға) әсер етті. Несие дағдарысынан жиынтық сұраныста макроэкономикалық шок пайда болды. Ал қазір бұл соққы ұсыныс саласына тиюі мүмкін.

Осылай бізге 1970 және 2007–2010 жылдары болған стагфляциялық кезеңдердің қиын мұрасы қалды. Қарыз коэффициенттері 1970-жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Еркін экономикалық саясат пен ұсыныс саласындағы негативті шоктан дефляция емес, инфляция туып, алдағы бірнеше жылда стагфляциялық қарыз дағдарысының алғышарттарын қалыптастыруы мүмкін.

…Еркін ақша-несиелік және фискалды саясат апатқа ұшырауға аз қалған поездың бу қозғалтқышы сияқты активтер мен несие бағасының өсуіне әсер етеді. Мұның белгілері қазірдің өзінде баға мен табыс арасындағы айырмашылықтан, капитал қаупі сыйақысының төмен болуынан, тұрғын үй және технология саласындағы активтер бағасының қымбаттауынан, биржаға шығуды жоспарлап отырған жекеменшік компаниямен бірігу үшін құрылған субъектілердің қарқынды өсуінен, криптосектор, табысы жоғары корпоративті қарыз, несиелік міндеттемелер, жекеменшік капитал мен «мемдер акциясынан» (Gamestop) және күндізгі биржа саудасынан көрінеді. Бір сәтте бұл бум шырқау шегіне жетіп, «Мински сәті» (активтер бағасының күрт төмендеп, өсім фазасының аяқталуы. – Ред.) туып, ақша-несиелік саясаттың қатаңдауы құлдырауға себеп болады.

Бірақ… (орталық банктердің) актив бағасының өсуіне әсер етіп отырған дәл осы еркін саясаты тұтынушылық бағалар инфляциясына ықпал етеді. Бұл әр жолы ұсынысқа қатысты негативті шок туғанда стагфляцияға жол ашатын болады. Мұндай соққыға протекционизм саясаты, экономикасы дамыған немесе енді қалыптасып келе жатқан елдердегі демографиялық қартаю, дамыған мемлекеттердегі иммиграциялық шектеулер,   ғаламдық тауар жеткізу тізбегінің ыдырауы әсер етті.

…Қытай-АҚШ арасындағы қарама-қайшылық әлемдік экономикаға бірнеше бөлікке ыдырау қаупін төндіреді. Онсыз да климаттық өзгерістер мен COVID-19 пандемиясы әлем елдерін өз алдына өмір сүруге дағдыландыра бастады. Бұған инфрақұрылымға жасалатын кибершабуылдардың өндіріске әсерін және теңсіздікке қатысты саяси-әлеуметтік реакцияны қоссаңыз, макроэкономикалық құлдыраудың рецептісі шығады.

Орталық банктер іс жүзінде тәуелсіздігін жоғалтты, оларда қарыз дағдарысының алдын-алу үшін үлкен бюджет тапшылығын монетизациялаудан басқа таңдау болған жоқ. Жекеменшік және мемлекеттік қарыздар күрт өскендіктен, орталық банктер қарыз қақпанына түсті. Алдағы бірнеше жылда инфляция артқан сайын орталық банктер дилеммаға кезігеді. Олар біртіндеп дәстүрлі емес саясаттан бас тартып, инфляцияға қарсы күресті күшейтсе, жаппай қарыз дағдарысы мен ауыр рецессия қаупіне тап болады. Ал жұмсақ ақша-несиелік саясатты ұстанса, ұсынысқа қатысты келесі негативті шок кезінде екі еселенген инфляция мен терең стагфляцияға жол ашуы мүмкін.

Бірақ екінші сценарий орындалған күннің өзінде саясаткерлер қарыз дағдарысының алдын ала алмайды. Күтпеген инфляция дамыған елдердің белгіленген мөлшерлемедегі номиналды мемлекеттік қарызының бір бөлігін жойып жіберуі мүмкін (1970-жылдары солай болған), бірақ дамушы нарықтардың шетелдік валютамен алынған қарыздары сол күйі қалады. Дамушы елдердің көбіне дефолт жариялап, қарыз шарттарын қайта қарауға тура келеді.

…Экономикасы дамыған елдердегі жекеменшік қарыздар тұрақсыз болады (2008 жылғы бүкіләлемдік қаржы дағдарысынан кейін солай болған), ал олардың спрэдтері әлдеқайда қауіпсіз мемлекеттік облигациялармен салыстырғанда күрт өседі, бұл дефолттың тізбек реакциясын туғызады. Бірінші болып қарызы көп корпорациялар мен көлеңкелі банктердің ессіз кредиторлары құлайды. Олардың артынша қарызы бар шаруашылық субъектілері мен оларға қарыз берген банктер тоқырайды.

Әрине, инфляция күрт өссе, ұзақмерзімді қарыз төлемдері басында азайып, ал орталық банктер артта қалып кетеді. Бірақ уақыт өте келе бұл шығындар үш фактордың әсерімен өседі. Біріншіден, жекеменшік және мемлекеттік қарыздар тәуелсіз және жекеменшік пайыздық мөлшерлемелердің спрэдін кеңейтеді. Екіншіден, инфляцияның өсуі және белгісіздіктің күшеюі инфляциялық қауіп сыйақысының өсіміне әсер етеді. Үшіншіден, кедейлік индексінің артуы (инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің қосындысы) «Волкер сәтін» талап етеді.

Федералды резерв жүйесінің бұрынғы төрағасы Пол Волкердің 1980–1982 жылдары инфляцияға қарсы жүргізген белсенді күресінің нәтижесінде АҚШ-та екі еселенген құлдырау, қарыз дағдарысы болып, Латын Америкасы он жылын жоғалтып алды. Қазір қарыздың ғаламдық коэффициенті 1970-жылдармен салыстырғанда үш есе жоғары кезде инфляцияға қарсы кез келген саясат салмақты рецессияға емес, депрессияға әкеледі.

Мұндай жағдайда орталық банктерге инфляцияға қарсы күрес саясатын пайдалану да, пайдаланбау да зардабын тигізеді. Көп мемлекеттің үкіметі жартылай төлем қабілетінен айырылады. Сондықтан банктерді, корпорациялар мен шаруашылықтарды құтқара алмайды. Бүкіл әлемде ғаламдық қаржы дағдарысынан кейін тәуелсіз мемлекеттер мен еурозонадағы банктердің құлауы қайталанады. Олар өзімен бірге шаруашылық субъектілерін, корпорациялар мен көлеңкелі банктерді де ала кетеді.

Қазір поездың біртіндеп апатқа ұшырауынан қашып құтылу мүмкін еместей көрінеді. Жақында Федералды резерв жүйесінің позициясын өзгертуі де еш нәтиже бермейді. Федералды резерв жүйесі 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап (бұл кезде қор және несие нарығының құлауынан федералды резерв жүйесі COVID-19 дағдарысынан бір жыл бұрын өз саясатын қатаңдатуға мәжбүр болды) қарыз қақпанында отыр. Инфляция өсіп, стагфляциялық шок жақындаған сайын аталған қаржы институты одан да үлкен қақпанға түсті.

Еуропа орталық банкі, Жапония банкі, Ұлыбритания банкі де дәл осындай жағдайды басынан өткерді. 1970-жылдарғы оқиғаларды еске салатын стагфляция көп ұзамай бізге 2008 жылдан бері жақсы таныс қарыз дағдарысына жеткізеді. Мәселе, мұның қандай жағдайда емес, қашан басталатынында болып отыр.

Нуриэль Рубини Roubini Macro Associates төрағасы және Atlas Capital Team бас экономисті.

The post Стагфляция дағдарысы appeared first on Ekonomist Media.

Шынайы инфляция қаупі
Дарон Аджемоглу

КЕМБРИДЖ – Мамырда АҚШ-тағы жылдық инфляция деңгейі 5% жеткеннен кейін, экономистер мен инвесторлар шығын тапшылығы, мемлекеттік қарыз бен қазір кейінгі қырық жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болып отырған бағалардың тұрақты өсу қаупіне алаңдай бастады. Бірақ бұл қауіптерге экономиканың қарқынын төмендету арқылы жауап беру қателік болар еді.

Кей прогрессистер айтып жүргендей, үкімет ешқандай шығынға батпай, қалағанынша қарыз алып, ойына келген ақшаны жұмсай алмайды. Инфляцияға алаңдаушылар АҚШ кезігіп отырған терең мәселені (халықтың үкіметке сеніміне кері әсер етіп отырған саяси поляризация) назардан тыс қалдырмайды. Экономиканың мемлекеттік саясаттың ықпалымен жылдам қалпына келуі – жұмыспен қамтудың артуына және жалақының өсуіне жол ашып, АҚШ үшін халықтың үкіметке, демократияға сенімін қайтаруға жақсы мүмкіндік. Инфляцияның шынайы қаупі оның біздің назарымызды осы негізгі мәселеден басқа арнаға бұрып жібергенінде болып отыр.

Саяси жүйенің өз қызметін дұрыс атқармауына қарсы жүз пайыз тиімді амал жоқ.  Кей пікір білдірушілер АҚШ-та артқа қайтар жол қалмағанын айта бастады. Республикашылдардың көбі 2020 жылғы сайлауда Дональд Трамп жеңіске жетті деген пікірге сенеді. Кей бағалау нәтижесіне сәйкес, АҚШ халқының 15% Трамп ұсынған QAnon деп аталатын астыртын сөз байласу теориясын қолдайды. Бұл көрсеткіш бізді алда қиын жол күтіп тұрғанын көрсетеді. Бірақ біз адамдар тұрақтылық пен қоғамның гүлденуін қамтамасыз ету және кедейлікке қарсы тиімді шаралар қолдану туралы уәдесін бұзбаған демократияға көбірек сенетінін ұмытпауымыз керек.

Мысалы, экономикалық өсімі жоғары, мемлекеттік қызмет саласы жақсы жұмыс істейтін тұрақты демократияда өскен адамдардың автократтар мен жауапсыз технократтарға қарсылық көрсету ықтималдылығы әлдеқайда жоғары болады. Сәйкесінше, экономикалық тұралау мен теңсіздіктің қарқын алуы поляризация мен қоғамдық сенімнің жоғалуына әкеліп соғады. Кейінгі онжылдықта АҚШ пен әлемнің көп мемлекетінде дәл осындай жағдай байқалды.

Бір кездері АҚШ экономикасында кез келген деңгейдегі жұмысшыларға арналған жалақысы жоғары, қауіпсіздік шарттары мен карьералық мүмкіндіктері жақсы жұмыс орындары құрылды. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі 35 жылда табыстың бөлінуі бойынша төменгі және жоғарғы санатқа жататын жұмысшылар жұмыспен қамту деңгейі және жалақы көлемінің өсуінен көп пайда көрді. Бірақ 1980-жылдардың соңында бұл дәуір аяқталып, орташа жалақы мөлшері бір деңгейге тұрақтап, теңсіздік арта бастады. Жоғары білімі жоқ азаматтардың жалақысы артудың орнына жұмысқа тұру және нағыз (инфляция ескерілген) жалақы алу мүмкіндігі азайды.

Америкалық саясаттың экстремистік көзқарасын қолдайтындар қатарында жалақысы мен мүмкіндігі азайған азаматтар көп. Экономика жұмыс істемейді, оның маған пайдасы жоқ деп ойласаңыз, демек «әділетсіз» жүйенің көзін жоюды қолдайтын оппортунистік саясаткерлер мен ақпарат құралдарын көбірек ұнатасыз деген сөз.

АҚШ саясатының мүшкіл халде болуына экономикалық мәселелер ғана кінәлі емес. Бұл жүйенің өз қызметін дұрыс атқармауына республикалық партия да үлкен үлес қосқан. 1960-жылдары ақ нәсілді адамдардың демократтар ұсынған азаматтық құқықтар саласындағы бағдарламасынан бас тартқанын пайдаланғысы келген Ричард Никсонның “Оңтүстік стратегиясынан” бастап, республикалық партия саяси тұрғыдан поляризация қажет екенін түсінді. Партия білімі жоқ ақ нәсілді сайлаушылардың (халықтың аз бөлігі) мүддесін қорғаған сайын, өз позициясын сақтап қалу үшін дауыс берушілерді басып-жаншу сияқты және өзге де антидемократиялық амалдарды пайдалана бастады. Бұл тенденция Трамптың кезінде күшейіп, шырқау шегіне жетті.

Демократиялық партия да мінсіз емес. 2008 жылғы дағдарысқа себепкер болған Уолл-стрит банкирлерін Джордж Буш ғана емес, Барак Обама да құтқарды. Обаманың әкімшілігі не болса да банктер мен банкирлерге көмектесуді қолға алып, кейінірек кінәлі тараптардың ешқайсысын жауапқа тартпаймыз деп шешті. Осылай сайлаушылардың үкімет пен қаржы секторы арасындағы жылы қарым-қатынас туралы күдігі расталды. Бұл институттарға деген сенімнің жоғалуын жеделдетіп, үкіметті шешім емес, мәселе деп көретіндердің қолына қару ұстатты.

Бұл диагноз рас болса, Америкадағы саяси дисфункцияны қайта қалпына келтіру жолындағы бірінші қадам экономика мен үкіметтің бәріне қызмет ете алатынын көрсету болуы керек. Бұл жерде жасы мен кәсібіне қарамастан, барлық америкалық азамат үшін жұмыс орындарын ашып, жалақысын көтеруге басымдық берілгені жөн. Мұның орнына жалпы экономикалық бәліш көлемін ұлғайтып, оны қайта бөлуді таңдауға да болар еді. Бірақ мұндай стратегия сайлаушыларға өзін жүйенің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан адамдарға экономика мен қоғамға үлес қосуға мүмкіндік беру оларды осы процеске тартудың әлдеқайда тиімді жолы саналады.

Инфрақұрылым шығыны, экспансионистік фискалды және ақша-несиелік саясат, әлеуметтік қорғаныс жүйесін күшейту, жұмыс орнын ашуға көмектесетін инвестициялар, басқа да ресми шаралар тұрақты қалпына келудің бір бөлігі ретінде қаралады. Бұл үкімет жұмыс істеп жатыр деген идеяны одан әрі қолдайды. Мемлекеттік институттарға деген сенімді олардың жақсы тұстарын санамалап шығумен ғана қалпына келтіруге болмайды. Азаматтар институттардың тиімді жұмысының артықшылығын көріп, сезінуі керек.

Америкалық демократияны экономиканы қалпына келтірудің жақсы ойластырылған жоспарымен құтқарып қалуға бола ма? Бұған кепілдік жоқ. АҚШ экономикасы ұзақ уақыт бойы жоғары білімі жоқ азаматтарды (жоғары білімі бар азаматтарды да) назарға ілмей, ірі корпорациялардың қажеттіліктерін өтеп келді. Сондықтан қазір басқа бағытты таңдауға тым кеш. Корпоративті Америка инвестициясын жұмыс орындарын автоматтандыруға, жұмысшыларды бақылап, жалақысын төмендетуге жұмсайтындықтан, орта деңгейлі америкалық жұмысшының онсыз да қиын жағдайы одан әрі ауырлауы мүмкін.

Америка қоғамына жік салған поляризацияны тоқтатуға тым кеш сияқты. Трамптың адал жақтастарының көбі қандай жағдай болса да, пікірін өзгертпейтінін көрсетті.

Америкалық демократияны құтқарудың ең жақсы жолы – АҚШ экономикасын қайта іске қосу. Инфляцияның аздап өсу қаупі бұл мүмкіндікті жіберіп алуға себеп бола алмайды.

Дарон Аджемоглу – Массачусетс технологиялық университетінің экономика профессоры, Джеймс А.Робинсонмен бірге «Неге бір ел – бай, екіншісі – кедей: биліктің, байлық пен кедейліктің шығу тарихы», «Тар дәліз: мемлекет, қоғам және еркіндік тағдыры» кітаптарын жазған.

The post Шынайы инфляция қаупі appeared first on Ekonomist Media.