Зайра Сатпаева - эксперт Ekonomist.kz

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі
Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі туралы зерттеудің екінші бөлімі бизнестің сапа және сан жағынан дамуын тежейтін негізгі кедергілерге арналған. Зайра Сәтбаеваның материалының бірінші бөлімі кәсіпкер әйелдерді мемлекет тарапынан қолдау құралдарына және Қазақстанда бизнес жүргізу ерекшелігіне арналған еді.

Кедергіге қарамай алға ұмтылу

Қазақстанда әйелдердің экономикалық мүмкіндігі мол. Women’s Economic Opportunity Index мәліметтері бойынша, олардың қатарына мүлікке меншік құқығын, жұмыс түрлеріне құқықтық шектеулердің болмауын, қаржыландыру бағдарламаларына қол жеткізуді, сауаттылықтың жоғары деңгейін, орта және жоғары білімнің болуын, шағын және орта бизнесті қолдау мүмкіндігін, әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына ықпал ететін жүріп-тұру еркіндігін жатқызуға болады. Алайда, әйелдерді бизнесте тежейтін факторлар да бар. Олар: шектеулі несие тарихы, қаржылық қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауы, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың қажеттігі.

Қаржылай, еңбек, уақытша және басқа да материалдық емес ресурстар санының аздығы Қазақстандағы әйелдер бизнесінің өспеуіне алып келеді.

Елдегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын тежейтін факторларды анықтау үшін Қазақстанда зерттеулер жүргізілді. С.Д. Сейілбекова мен Ж. А. Нұрбекованың зерттеу нәтижелері бойынша, ол факторларға әйелдердің бизнеске қажет білімі мен жұмыс тәжірибесінің болмауы, бизнеспен айналысу үшін уақыт жетіспеуі, өз ісін ашу және оның жұмыс істеп кетуін қамтамасыз ету үшін қаражат алу проблемасы, әйелдер мәртебесінің төмендігі және гендерлік стереотиптер жатқызылуы мүмкін. Бұл факторлар сонымен қатар З.У Джубалиеваның зерттеуінде де расталады. Ол әйелдер кәсіпкерлігінің ерекшелігі ретінде әйелдердің қоластындағыларды басқаруға деген ұмтылысының аздығын, қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтарды, үй шаруасы және бала күтімімен және басқа да отбасы мүшелеріне байланысты уақытша үзілістер қажеттігін атап өтті.

UN ESCAP зерттеуінде кемсітушілік деп әлеуметтік-мәдени нормалардағы кедергілер; әйелдердің нақты жағдайларына, қажеттіліктері мен мүдделеріне көз жұма қарайтын саясат пен заңдар; әлеуетті дамытудағы шектеулі мүмкіндіктер; қаржы, несие және АКТ (ақпарат-коммуникация технологиялары) қол жеткізудегі аз мүмкіндік; үй шаруасы және ақы төленбейтін күтім бойынша әйелдерге қойылатын талаптар көрсетілген.

Бизнес жүргізу кезіндегі жоғарыда аталған «ерекше» проблемалармен қатар, Қазақстан кәсіпкерлері кез келген бизнеске тән және ұлттық кәсіпкерлік экожүйесінің тиімділігіне байланысты кедергілерге де тап болады. Doing Business рейтингіне сүйенсек, олардың дамуы халықаралық саудадағы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылудағы, салық салудағы және төлем қабілетсіздігін шешудегі қиындықтарды тежейді.

Осылайша, Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы алғашқы кедергілер қатарына мына үшеуін жатқызуға болады:

1. Әйелдердің бизнеске қажет білімі мен жұмыс тәжірибесінің болмауы

Қазір әйелдер басқаратын кәсіпорындары басым салалар техникалық білім, көп жұмысшы, ірі капиталды қажет етпейді. Ендеше менеджмент саласы, әсіресе адами ресурстар мен қаржы саласындағы білім де керек емес. Мұның себебі басқару теориясы мен практикасы туралы білімнің төмендігі немесе мүлдем болмауы болуы мүмкін. Көбінесе әйелдердің шағын кәсіпорындары, әсіресе жеке кәсіпкерлер стратегиялық менеджментті пайдаланбайды. Ал шындап келгенде, стратегиялық жоспарлау мен кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі арасында оң байланыс бар.

2. Үй жұмысы, балалар мен басқа да отбасы мүшелерінің күтіміне байланысты ақы төленбейтін шаруалардан бизнеске уақыт қалмауы

Қазақстанда патриархал құндылықтар жүйесі басым. Қазақстандық қоғам отбасындағы міндеттерді әйелдер мен ерлердің рөліне қарай қатаң бөліп қоятын дәстүрлі түсініктерге бейім. Сондықтан да қазақстандық әйелдер үй шаруасы мен бизнесті алып жүруге байланысты екі есе ауыртпалыққа тап болады. Үй мен бизнес арасындағы сәтті тепе-теңдікті сақтау әрекеті кәсіпорын ауқымын кеңейтуге және әйелдер кәсіпорындарындағы «жас» ұлғайтуға шектеу қояды. Өйткені кәсіпкер әйелдер табыстың өсуіне емес өз уақыттарын бақылауға көбірек көңіл бөледі.

3. Кәсіпорындар масштабының шектеулі болуы мен өсу әлеуетінің төмендігіне байланысты қаржылық ресурстарға қол жеткізе алмау

Social Institutions and Gender Index деректері бойынша, Қазақстанда «Өндірістік және қаржылық ресурстарға қол жеткізе алмау» көрсеткіші аясында гендерлік кемсітушіліктің деңгейі орташа екені байқалады. Қазақстанда әйелдердің жер немесе басқа мүлікті иелену мүмкіндігі шектеулі. Өйткені ол көбінесе күйеуі немесе отбасындағы ер азаматтың атына тіркеледі. Бұдан көп мөлшердегі несие ала алмау туындайды. Өйткені банктер несие алушылардан ресми жұмыс істеп, атында мүлік болып, кепілзат қоя алуын талап етеді. Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда несие алуда үлкен қиындықтарға тап болуда. Сондай-ақ олардың несие өтеп, бизнес-жоспар жасау қабілетіне қатысты да теріс пікірлер бар.

Жолдан таю

Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындар саны өсуде. Алайда олардың айналымы мен жұмыспен қамтылғандар саны бойынша көлемі айтарлықтай емес болып тұр. Қазақстан әйелдері негізінен жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің ЖІӨ-нің 14,6%-ын қамтамасыз ететін сектордағы ШОБ кәсіпорындарына иелік етеді. Негізінен қызмет көрсету саласында шоғырланған әйелдер кәсіпкерлігінің айқын салалық ерекшелігі бар.

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің бизнеспен айналысып, дамуы үшін көптеген экономикалық мүмкіндік бар. Алайда, өндірістік және қаржылық ресурстарға қол жеткізу кезінде гендерлік кемсітушіліктің деңгейі орташа екені байқалады. Қаржылай, еңбек, уақытша және басқа да материалдық емес ресурстар санының жеткіліксіздігі Қазақстандағы әйелдер бизнесінің өспеуіне алып келеді. Тығырық мынау: шағын кәсіпорын ірі қаржы ала алмайды, ал оның өз қаражаты штат кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермейді.

Қазақстандық әйелдердің бизнесіне жүргізілген талдау елдегі әйелдер кәсіпкерлігіне сан жағынан қана емес, сапа жағынан да даму қажет екенін көрсетеді. Бұл бағытта Қазақстанның алдында екі жол бар. Біріншісі – экономиканың бастапқы және қайталама секторлары саласына кәсіпкер әйелдердің кіруін қамтамасыз ете отырып, әйелдер кәсіпкерлігінің «мамандану» векторын өзгерту; Екіншісі – қазір жұмыс істеп тұрған әйелдер кәсіпорындарын «ірілендіруге» және олардың рентабельділігі мен бәсекеге қабілетін арттыруға, оның ішінде әлемдік нарықта арттыруға ықпал ете отырып, экономиканың үшінші секторында әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын ынталандыру керек.

Мақала автордың «Сорос-Қазақстан» қорының «Ашық экономика» бастамасы аясында жүргізген зерттеуінің негізінде дайындалды.

The post Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басты 3 кедергісі appeared first on Ekonomist Media.

Нәзік бірақ қайсар: Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі
Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және Қазақстанның ЖІӨ-нің 14,6%-ын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қолдау құралдарына ие бола отырып бизнесі жүргізудің ерекшелігі мен әйелдердің қандай кедергілерге кез болатыны жайлы Ekonomist.kz сарапшысы, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Зайра Сәтбаева зерттеді. Зерттеудің бірінші бөлімінен Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау формасы мен ерекшеліктері туралы біле аласыздар.

Мемлекеттік қолдау құралдары

2020 жылғы деректер бойынша Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі – 28,3%. Олардың басым бөлігін осы сектордағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің ЖІӨ-нің шамамен 14,6%-ын қамтамасыз ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды.

Кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту гендерлік теңдікке қол жеткізуде, әйелдер арасындағы кедейлікпен күресте және әйелдер жұмыссыздығы проблемасын шешуде маңызды мәнге ие болады. Қазақстан бұл бағытта белсенді саясат жүргізуде.

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы», «Бизнестің жол картасы –2025» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен халықаралық ұйымдар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының түрлі бағдарламалары арқылы жүзеге асуда. Пандемия кезінде шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау шаралары салыққа жеңілдік, қаржы ұйымдарының қарыз алушыларын қорғау және пандемияға байланысты жұмыссыздыққа тап болған азаматтарды қолдау жағынан қамтыды.

Мемлекет қабылдаған шаралар өз жемісін берді. Атап айтқанда, әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі артты. Мәселен, 2010-2020 жылдар аралығында әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі Қазақстанда 26,1%-дан 28,3%-ға дейін, оның ішінде кәсіпорындардың көлеміне қарай өсті.

Ірі бизнестегі әйелдердің саны өсіп келе жатыр десек те, әлі де төмен деңгейде. 2020 жылы әйелдер ірі кәсіпорындардың тек 17,9%-ын басқарды. Сол жылы әйелдер Қазақстанның шағын кәсіпорындарының 28,3% және орта кәсіпорындарының 33,2% басқарды. Әйелдер басқаратын кәсіпорындардың көбі Қостанай облысында (29,6%), Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында (29,3%), ал азы Түркістан облысында (24,0%) тіркелген.

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің 3 айрықша ерекшелігі

1. Әйелдер бизнесі – шағын бизнес

Әйелдер басқаратын кәсіпорындардың көп бөлігі – ШОК субъектілері. 2020 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 1 330 244 ШОК субъектісі жұмыс істеді, оның 575 524-ін (43,3%) әйелдер басқарады. Әйелдер басқаратын субъектілердің ең көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысында. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында әйел кәсіпкерлердің аз екені байқалады.

Қазақстандық жеке кәсіпкерлердің жартысынан астамы (52,6%) – әйелдер. Олар сондай-ақ Қазақстанның ШОК саласында заңды тұлғалардың 28,1%-ын және шаруа (фермерлік) қожалықтарының (ШФҚ) 24,5%-ын құрайды. Әйелдердің көпшілігі (78,2%) бизнесті жеке кәсіпкер ретінде жүргізуді жөн көреді, тек 12,7%-ы заңды тұлға ретінде тіркелген. Жеке кәсіпкерлердің төрттен бір бөлігі және заңды тұлғалардың жартысы өз қызметін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асыруда.

2. Әйелдер бизнесі – қызмет көрсету саласы

Әйелдер білім беру (68,4%); жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар (60,4%); қонақ жайғастыру және тамақтану қызметтері (57,9%); көтерме және бөлшек сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу (55,25); денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы (53,9%) қазақстандық ШОК субъектілерінің жартысынан астамын басқарады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (13,5%); көлік және қоймаға салу (17,0%); электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау (18,1); құрылыс (19,8%) сияқты салалардағы әйел ШОК субъектілері өте аз.

Жұмыс істеп тұрған, әйелдер басқаратын кәсіпорындардың ішінде ең көбі көтерме және бөлшек саудамен байланысты кәсіпорындар – 244 821 (42,5%); өзге де қызмет түрлерін ұсыну – 92 606 (16,1%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 60 202 (10,5%), жылжымайтын мүлік бойынша жасалатын операциялар – 49 085 (8,5%) болып тұр. Әйелдер мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 100 кәсіпорынның 26-ын әйелдер басқарады. Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің маманданғаны байқалады.

Қазақстандық кәсіпкер әйелдер негізінен рентабельділік жағынан жоғары деңгейде емес, экономиканың үшінші секторында бизнес ашқан. Қазақстан экономикасының көлеңкелі секторының негізгі үлесі «әйелдер» саласына тиесілі екенін де атап өткен жөн.

3. Әйелдер бизнесі – экономикалық және әлеуметтік маңызы бар бизнес

Әйелдер басқаратын кәсіпорындары бар салалар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, олар ШОК секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз етеді. Абсолюттік мәнде бұл – 1 066 828 адам. Мәселен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы ШОК субъектілерінде жұмыс істейтіндердің 60,3%-ы әйелдер басқаратын ШОК субъектілеріне тиесілі. Олар көтерме және бөлшек сауда саласында 45,3% және қаржы және сақтандыру қызметі саласында 43,9% жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Әйелдер ашқан ШОК кәсіпорындарында қызметкерлер саны осы сектордағы ел бойынша орташа есеппен салыстырғанда аз.

Өнеркәсіп және өнер, ойын-сауық және демалыс сияқты салаларда ШОБ кәсіпорнындағы қызметкерлердің орташа саны елдегі «әйелдер» деңгейінен екі және одан да көп есе асып түседі. Бұл көрсеткішке жақын, бірақ аз мөлшерде арту қаржылық және сақтандыру, көлік және қойма, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер сияқты салалардан басқа салаларда да байқалады. Аталған салалардағы көрсеткіштер бірдей.

ШОК субъектілерінің өнім шығаруының гендерлік жағынан деректерінің болмауына байланысты, елдің ЖІӨ-сіне әйелдер кәсіпкерлігінің үлесін бағалау үшін мынадай есеп жүргізу ұсынылады. 2019 жылғы деректер бойынша елдің ЖІӨ 69 532 626,5 млн теңге, ШОК субъектілерінің сол кезеңдегі өнімі — 32 386 960 млн теңге, демек, елдің ЖІӨ-ге ШОК үлесі 46,6%. 2020 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша, әйелдер басқаратын ШОК кәсіпорындарында 1 066 828 адам, ал ерлер басқаратын кәсіпорындарда 2 331 958 адам жұмыс істегенін ескере отырып және осы кәсіпорындарда еңбек өнімділігі бірдей деп болжаған жағдайда, әйелдер басқаратын ШОК субъектілерінің шығарылымы шамамен 10 120 925 млн теңге, яғни елдің ЖІӨ-сіне әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі шамамен 14,6% деп қорытынды жасауға болады.

Осы зерттеудің нәтижелері Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) «Бизнестегі арулар» бағдарламасының сарапшы-үйлестірушісі Евгений Сон мен Іскерлік әкімшілік бойынша PhD, Гендер, экономика және социум бойынша жаттықтырушы және консультант Анастасия Липовка қатысқан талқылауға негіз болды. Сұхбат жазбасы Ekonomist YouTube арнасына салынған.

The post Нәзік бірақ қайсар: Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі appeared first on Ekonomist Media.