Али Нургожаев - эксперт Ekonomist.kz

COVID пен синергия: Сорос қорының жобасы жеке жеткізуші мен мемлекеттік аурухананың жұмысын үйлестіруге жол ашты
COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны кей кезеңдерде жалпы ауру жұқтырғандардың тең жартысынан асып кеткен жағдайлар болды (мысалы, Алматы қаласында). Басқа елдермен салыстырғанда, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Мұндай жағдай індеттің таралу қаупін арттырып қана қоймай, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысқа қабілетті болуына да кері әсерін тигізеді.

Медицина қызметкерлерінің ауру жұқтыруына алып келген ең негізгі фактор – жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілмеуі. Бұған дәлел іздеп әуре болмайсыз, еліміздегі негізгі шағым кітабына айналған Facebook желісінде күн сайын жаңа жазбалар пайда болып, кейде жауапты адамдар орнын да босатып жатқанына куә болып отырмыз.

Біз осы бір қиын кезеңде медицина қызметкерлеріне көмек көрсету жағдайына гуманитарлық процесті экономикалық тиімді ұйымдастыру тұрғысынан қарап көрген едік.

Шолуға Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) бастамасын пайдаландық, онда мынадай деректер көрсетілген:

COVID-19-бен күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі – 500 мың доллар.

Жоба шеңберінде медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге бөлінген қаржы – 55 млн теңге.

Қаржыландыру бағыттары: өңірлер, соның ішінде негізінен ауылдық жерлер (23,5 млн теңге облыстық және аудандық ауруханаларды ЖҚҚ-мен қамтамасыз етуге), онкология және паллиативтік көмек (Қазақстан паллиативтік ассоциациясы арқылы Алматы қаласы мен Алматы облысының стационарларына 21,5 млн теңге) және мейлінше зардап шеккен аймақтарға берілетін көмек («Ақ жүрек» тәуелсіз қоғамдық бастамасы арқылы Алматы дәрігерлеріне 10,5 млн теңге).

Мұндай қаражаттың тиімді бөлінуі методологиялық жағынан негіздеуді қажет етеді.

Әрі қарай осы кейс бойынша ұйымдастыру жұмысының негізгі кезеңдері мен тиісті іс-шараларды жүзеге асыруды бағалау келтіріледі.

Бірінші кезең: тұтынуды бағалау талап етілген гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етудің маңызын көрсетеді. Біз қарастырып отырған жағдайда негізгі қауіп-қатер эпидемия мерзімімен (көмектің кеш жету қаупі), ЖҚҚ тапшы болуымен (мемлекет пен шетелдік гуманитарлық көмектің қайталану қаупі),  сатып алынған ЖҚҚ-ның тиімділігімен, яғни талапқа сай болумен қатар, медицина қызметкерлерінің қажетіне сай болуымен байланысты.

Саны жағынан тұтынуды бағалау кезінде ауру жұқтырған немесе шартты түрде жұқтыруы мүмкін адамдармен тікелей байланыста болған 500 қызметкер деп алдық (қабылдау бөлімдері, жұқпалы аурулар, радиология, реаниматология және т.б. бөлімдері), 1 аурухана қызметкері деп есептедік.

Алты сағаттық ауысыммен жұмыс істесе, бір қызметкерге FFP2 немесе FFP3 стандартына сай 1 респиратор қажет (1000 теңге). Медициналық қорғаныш көзілдірігі – эпидемия кезіне бір дана (2000 теңге). Сонда бір тәуліктегі 4 ауысымға ЖҚҚ-ға кететін шығын – 2 млн теңге. Эпидемия 3 айға созылды деп алсақ, коронавирус ауруларын емдеуге маманданған шамамен 80 стационар болса, осы мақсатқа ғана 14,4 млрд теңге қажет. Қорғаныш костюмдеріне, дезинфекция құралдарына қажеттіліктің артуы мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) және жедел жәрдемді қамтуды қоссақ, бұл соманы 5-ке көбейтуге болады.

ЖҚҚ-ға бөлінетін бюджет 72 млрд теңгеге дейін жетеді немесе денсаулық сақтау саласы бюджетінің 4,5%-ы (1,6 трлн теңге).

Бұл – медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің бағасы және эпидемияның жолындағы тосқауыл. Үкіметтің қорындағы қаржы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) ұлттық акционерлік қоғамының қаржы резерві, арнайы медициналық қамсыздандыру базасының қоры, әскери резерв, шетелдік гуманитарлық көмек, ірі бизнес пен ауқатты азаматтар қайырымдылық негізінде берген қаражатты қоссақ, жоғарыда атаған сома шығады. Қосымша қаражат бөлінген жоқ, соған орай осы қажеттіліктің бәрін ашық деп есептеуге болады.

Эпидемияның созылу уақытына келсек, өкінішке қарай, ресми тұлғалардың ел алдында жариялаған мәлімдемелері бір-біріне қарама-қайшы және жүйесіз болды, нақты болжам жарияланған жоқ. Алайда, жеткізу кестесі туралы ақпараттарды жинақтау барысында ірі көлемдегі жеткізу жоқ екенін көрдік, келіп түсіп жатқан гуманитарлық көмек тұтастай қажеттілікке жұмсалуда, ал жоспардан тыс медициналық техниканы жеткізу мамыр айының соңына дөп келіп тұр. Осының өзі эпидемияның айтарлықтай ұзақ уақытқа «жоспарланғанын» және тапшылық бар екенін көрсетеді.

Баға ұсыныстарын жинақтау түрінде нарықты зерттеу және түрлі деңгейдегі ықтимал жеткізушілермен талқылау кезінде нарықта Қытайда шыққан ЖҚҚ-ның көп екенін білдік, бұл сапа төмен болуы ықтимал екенін көрсететін жағдай. Соған орай Оңтүстік Кореяда жасалған ЖҚҚ сатып алу жөнінде шешім қабылданды (сапасына кепілдік беретін, мейлінше қолжетімді ЖҚҚ).

Медицина қызметкерлерінің практикадағы қажеттілігіне сүйенсек (интервью алу барысына белгілі болды), мейлінше сұраныстағы ЖҚҚ түрін анықтауға болады, ол – қорғаныш деңгейі FFP2 респираторлар мен қорғаныш көзілдіріктері.

Екінші кезең: төменгі бағаны қамтамасыз ету. Медицина бұйымдары нарығын жедел шолу, соның ішінде ЖҚҚ нарығын зерттеу алыпсатарлардың көптігін көрсетті, олар ЖҚҚ-ны жоғары бағамен ұсынады. Мейлінше кең көлемде қамту үшін медицина бұйымдарын жеткізумен айналысатын ірі компаниялармен келіссөз жүргізілді, Оңтүстік Кореядағы өндіруші зауыттан өнімді өз бағасымен тікелей алып, оны өңірлерге тегін жеткізу бойынша келісімге қол қойылды (Ordamed қазақстандық компаниясымен). Өңірлерге жеткізуде жеткізушінің дистрибьюторлық желісі болуы маңызды фактор болды.

Үшінші кезең: бенефициарды анықтау (ЖҚҚ жеткізуде басымдық берілетін медицина ұйымдары). Келесі кезеңде өңірлік денсаулық сақтау саласының өкілдерімен әңгімелесу кезінде көп жағдайда алынған ЖҚҚ-ны қала аумағында (облыс орталығында) орналасқан медицина ұйымдарына беруге басымдық берілетінін білдік, ал ауыл медицинасы (КВИ-мен күреске мамандандырылған облыстық ауруханалар мен орталық аудандық ауруханалар) қалдық принципі бойынша қамтамасыз етіледі.

Айтылған жағдайдың барлығын есепке ала келе, нақты денсаулық сақтау нысандары арасында ЖҚҚ-ны бөлудің тәсілі жасалды, ол келесі көрсеткіштерге негізделді:

— өңірдің типі (республикалық маңызы бар қалалар ЖҚҚ-мен бірінші кезекте қамтылатынын ескере отырып, оларды тізімнен алып тастау);

— өңірлер бойынша денсаулық сақтау шығынын жан басына бөлу;

— өңір бойынша ауру жұқтырғандары саны;

— аудандардың инфекция ошағы саналатын ірі қалаларға жақын болуы (қала маңындағы аудандарды қамту есебінен қаланы «бұғаттау» тактикасы);

— Орталық клиникалық аурухананың ірі көлік жолы бойынша орналасуы;

— медицина ұйымдарының мамандануы (жұқпалы аурулар стационары, жұқпалы аурулар бөлімі, провизорлық стационар).

Қорытынды кезеңде облыстық денсаулық сақтау басқармалары берген ақпаратқа сүйене отырып ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету жоспары тағы бір пысықталды. Облыстық басқармалар – стационарларды жұқпалы аурулар/провизорлық/«COVID-free» деп нақты бөліп, өңірдегі медициналық көмек көрсету ұйымдарының қайсына басымдық беру керек екенін көрсететін мемлекеттік орган.

Басқарма басшыларымен тіке байланысқа шығу бенефициарлардың кепілді гуманитарлық көмекті алу мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі тиіс 7 өңір анықталды, осы өңірлер бойынша негізінен облыстық және аудандық орталық ауруханалар таңдалып алынды.

Мақала жарияланған уақытта дәл осы кейс аясында ауруханаларды ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету табысты аяқталды.

Бұл кейс пайдалы мысал әрі коммерциялық емес қор, коммерциялық жеткізуші мен мемлекеттік сектор арасындағы бір-бірін өзара толықтырушы әріптестікті ұйымдастыру тәжірибесі деп есептейміз (бенефициар мен үйлестіруші – әкімдіктердің денсаулық сақтау басқармасы).

The post COVID пен синергия: Сорос қорының жобасы жеке жеткізуші мен мемлекеттік аурухананың жұмысын үйлестіруге жол ашты appeared first on Ekonomist Media.

Денсаулық сақтау: еметін бұзау ма, сауын сиыр ма?
Соңғы бірнеше айда болған жағдай денсаулық сақтау саласына қатысты түсінікті жоғары саяси деңгейде өзгерту керек екенін көрсетті. Қазір денсаулық сақтау саласы көбінесе әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылады.

Қазіргі саясат кепілді медициналық көмек көлемі мен саланы қаржыландыруға тым самарқау қарайды. Денсаулық жауапкершілігі мен саланы қаржыландыру біртіндеп мемлекеттен гөрі жеке адамның жауапкершілігіне айналып келеді. Осы қарқынмен кете беретін болсақ, 5-7 жылдан кейін медицина саласын жекеменшік сақтандыру компаниялары арқылы қаржыландыруға келеміз (жеке мүддеге жұмыс істеу саясаты қашан да өзекті).

Ал қазір мұндай көзқарастың аясы тым тар екеніне тоқталмақпыз. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаумен айналысатындар соңғы уақытта денсаулық сақтау аспектісі бойынша әлеуметтік жағдайдың тым ширығып тұрғанын көрер еді. Дәрігерлер еш қорықпастан жеке қорғаныс құралдарының жеткіліксіз екенін, бас дәрігерлердің қысым көрсетіп отырғанын жария етуде. Кикілжің ашық тартысқа ұласып, оған БАҚ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары мен әкімдік өкілдері араласуда. Науқастар карантин жағдайына көңілі толмайтынын жария етуде. Назар аударатын мәселе жеткілікті.

Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін денсаулық сақтау саласына деген көзқарасты да өзгертуге тура келеді. Ол үшін денсаулық саласына кіріс әкелуші ретінде және ұлттық қауіпсіздікке жауапты сала ретінде қарау керек.

Кіріс әкелуші салаға айналдыру үшін жаппай медициналық туризмге айналдыру, жаңа отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жобаларын қолға алу керек. Бұл бағытқа ғылымды дамыту да кіреді, инновацияны дамыту мен кірісті арттыру да осының ішінде.

Ұлттық қауіпсіздік пен денсаулық сақтау да бір-бірімен байланысты. Бұл бірінші кезекте мемлекетке дәрігерлер қауымына да қазіргі күштік құрылымдарға арқа сүйегендей сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ретте медицина қызметкерлері таптырмас олжа: саны жағынан көп (300 мың адамнан астам), үнемі халықпен тікелей байланыста, интеллектуалдық топқа жатады, яғни беделі де бар.

Екінші – қазіргі жағдайдан алатын сабақ – инфекциялық қауіпсіздікпен байланысты шешім қабылдау мәселесінде олардың деңгейін көтеру керек, осы бағытты дамытып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті (СЭҚ) біржола институттандыру керек. Санэпидемқызметтің соңғы он жылда төрт рет бір министрліктен екіншісіне ауысқанын айта кеткен жөн.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) елде тұтынылатын дәрі-дәрмектің кемінде 40%-ын ел ішінде өндіруге кеңес береді: бұл бір жағынан шекара жабылып қалған жағдайда халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан мемлекеттің басқа мәселелер бойынша сыртқы келіссөз жасауына да айтарлықтай ықпал ететін фактор.

Бұл айтылғанның ешбірі дұрыс әлеуметтік саясат жүргізуге кедергі келтірмейді, керісінше, ресурс базасын ғана емес, жалпы мүмкіндікті кеңейте түседі.

Салаға деген жаңаша көзқарасты қалыптастыруда негізгі салмақ медицина қауымдастығына түсуі керек, яғни денсаулық сақтау саласындағы реформаны жүзеге асыру негізінен дәрігерлер тарапынан көтерілуі керек.

Денсаулық сақтау саласында екі күш бар: медицина қоғамдастығы және саяси шешім қабылдаудың жоғары деңгейі.

Орталық және аймақтық салалық мемлекеттік органдар жоғарыдан жүктелген саясатты жүзеге асыруды соңына жеткізгісі келеді. Бұл өзгерістерді қабылдау керек пе, әлде өзгерту керек пе, оны медицина қоғамдастығы шешеді.

Медицина қоғамдастығы бөлек-бөлек болса, бұйрықтар мен регламентке және оның мазмұнына қарамастан, реформа табысты болмауы мүмкін. Әр медицина қызметкері қолдайтын-қолдамайтынын өзі шешеді. Ал егер біріккен медицина қоғамы мен жоғары деңгейде шешім қабылдаушы өкілдер диалог құра алса, кез келген ақылға қонымды реформаның табысқа жету ықтималдығы жоғары. «Естуші» мемлекеттің әлеуетті күші де осында.

Алайда, мұндай түсіністік деңгейіне жетуе әлі ерте. Өйткені қазіргі индикатор Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес (ҚСҰК) десек, оның құрамында бір де бір дәрігер жоқ.

The post Денсаулық сақтау: еметін бұзау ма, сауын сиыр ма? appeared first on Ekonomist Media.

Абсолютті құрғақ қалдықтағы медициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру — әсіресе, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) енгізуге байланысты Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды және көбірек талқыланатын тақырыптарының бірі. 1997-1998 жылдары медициналық сақтандыруды енгізудің алғашқы әрекеті тез және шулы түрде құпталмады. Мәселені қайта талқылау әрекеті 2000-жылдардың екінші жартысында жасалды және содан кейін бірқатар шикі жұмыстар қалды. Сол кезеңде денсаулық сақтау саласының медициналық сақтандыруға көшуіне дайындықты өздеріне алған институттарды қалыптастыру үдерісі басталды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (МҚАК) қайта құрулардың өзегі болды, оның бірінші төрағасы және өзгермейтін идеологиялық жетекшісі Салидат Қайырбекова болды.

2014 жылғы қаңтардан бастап Комитет базасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) қолданыстағы нұсқасы іске қосылды. Бұл үдеріс әлі күнге дейін созылуда. Бүгінде біз 2020 жылдан бастап толыққанды режимде жұмыс істеуге дайын жеткілікті түрде терең пысықталған модельге ие болдық.

Медициналық сақтандыру пазлында әлі күнге дейін жоқ нәрсе — бұл МӘМС-тің ерекше белгілерін анық түсіну. Бұл міндеттердің бұлыңғырлануы қаупін тудырады. Ол үшін біз МӘМС енгізу пайдасына ең көп таралған дәлелдерді талдаймыз және оларға баға береміз.

Мемлекеттің риторикасынан және сарапшылардың пікірлерінен МӘМС мәнін ‒ Қордың паровозына артық (толықтай дербес) вагондарды тіркеуге талпыныс екенін түсінеміз.

№ 1-гипотеза. Медициналық сақтандыру денсаулық сақтау жүйесіне қосымша ақша әкеледі.

Факт: денсаулық сақтаудың қаржыландыру көлемі сақтандыру жүйесімен байланысты емес.

Егер бюджет моделімен салыстырсақ, ақша көзі біреу ‒ жеке тұлғалардың бюджеттегі салықтары не сол жеке тұлғалардың қордағы жарналары. Мәселе тек осы аударымдардың атаулылығында: бюджетке немесе қорға (ҚР-да — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры; ӘМСҚ) төлейтінімізде. Бюджеттік модельде, алдымен, жалпы бюджет құрылады, содан кейін ол салалар арасында бөлінеді. Медициналық сақтандыру кезінде денсаулық сақтау қор жинайтын дәл сол соманы бюджеттен толық ала алмайды. Өйткені мемлекет экономикалық және қаржылық шешімдерді барынша прагматикалық түрде қабылдайды.

2020 жылдан бастап денсаулық сақтауды қаржыландыру айтарлықтай артатыны рас. Бұл инфляцияға жұмсалатын шығыстарды индекстеумен, жаңартылған әлеуметтік саясатпен (халықтың әлеуметтік осал топтарын қаржылық қолдауда көрініс табатын), бюджетте бос қаражаттың болуымен, Денсаулық сақтау министрлігінің сала проблемаларын дұрыс қорғауымен байланысты болуы мүмкін. Бірақ «МӘМС жүйесіне ақша ағынының» мұнда еш қатысы болмайды.

№ 2-гипотеза. Сақтандыру кезінде мемлекеттің, қызметкердің және жұмыс берушінің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі пайда болады. Оның ішінде, қаржылық та. Тиісінше, масылдық үшін мүмкіндіктер азаяды.

Факт: бюджеттік модельде де ортақ жауапкершілік бар. Сөз денсаулық сақтауды қаржыландыру үшін жауапкершіліктің ауыртпашылығын ауыстыру туралы болып отыр.

Шынында да, екі үлгіде қаражат экономикалық белсенді халықтан жиналады. Қауіп- қатерлерді араластыру (пулинг) және «бай кедей үшін, дені сау науқас үшін төлейді» қағидаты да бюджеттік жүйеде іске асырылған. Сақтандыру кезінде өз денсаулығын қадағалауға қосымша уәждеме пайда болмайды, өйткені жарна мөлшері денсаулық жағдайына байланысты емес, мысалы, бұл АҚШ-та іске асырылған.

Бұл ретте МӘМС денсаулық сақтауды қаржыландыру тапшылығының ықтимал себептерінің тізбесін кеңейтеді: аударымдарды жинаудың төмендігі қосылады. Осылайша, жауапкершілік мемлекеттен біртіндеп халыққа ауысады.

Масылдық жағдайға келетін болсақ, денсаулық сақтау саласында бұл мәселе мемлекетті қатты толғандырады деп ойламаймын.

Факт: тетікті қамтамасыз ету міндеті тұр: медициналық көмекке (сондай-ақ, зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің игіліктеріне) қолжетімділікті шектеу арқылы бейресми жұмыспен қамтылған халықтың «қалтарыстан» шығуына себепші болу.

Жаһандық тұрғыда, бейресми секторды барынша азайтуға ұмтылу ‒ дамудың оң және өркениетті бағыты. Іс жүзінде барлығы экономикалық реформалар кешені қабылданатынына байланысты болады.

№ 3-гипотеза. МӘМС енгізумен бірге жеке клиникаларға мемлекеттік тапсырыс кеңейтілетін болады. Бұл бәсекелестіктің өсуіне және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға алып келеді.

Факт: жеке клиникаларға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемінің МӘМС-ке қатысы аз.

Шынында да, МӘМС енгізілгенге дейінгі 2014-2015 жылдары тұрақты көмекке мемлекеттік тапсырыстағы жеке жеткізушілердің үлесі 30%-ке дейін, ал жекелеген бағыттар бойынша-80%-ке дейін құрады. Көлемдерді бөлу және қазіргі заманғы тетіктердің көмегімен ақы төлеу де МӘМС айрықша құзыретінде емес: денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі реформалары 2009-2014 жылдар кезеңінде жүргізілді.

Факт: «жоғары бәсекелестік = жоғары сапалы медициналық көмек» формуласына келетін болсақ, бұл ‒ пікірталасты пайымдау. Экономикалық теорияның оқулықтарында, нарық туралы бөлімнің басында денсаулық сақтау толық бәсекелі емес нарықтарға жататыны айтылады, сондықтан бұл салаға жалпы экономикалық тұжырымдардың қолданысы аз болып келеді.

Жоғарыда келтірілген екі себеп бойынша, медициналық көмек көрсетуге жеке сектордың қатысуын кеңейту өзекті мәселеге жатса да, бірақ МӘМС-пен тікелей байланысты емес.

№ 4-гипотеза. Сақтандыру клиникалар қызметінің тиімділігін жылдамдатады және науқас үшін «күрестің» күшеюіне әкеледі.

Факт: МӘМС коммерциялық құрамдас бөлік болмайды, ал пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау тетігі 2014 жылы енгізілді.

Сонда да МӘМС медициналық ұйымдардың тиімді қызметіне дем береді. Бұл, көбінесе, бас мамандардың үміт етуімен байланысты болады: ӘМСҚ — таза мемлекеттік емес құрылым, ауруханаларды кредиторлық берешектің өсуінен «құтқаруы» міндетті емес, осы ретте, келісім-шарттарды қатаңырақ жазып, емделген жағдайларды мұқият сараптамадан өткізеді.

№ 5-гипотеза. МӘМС кезінде кепілдіктер егжей-тегжейлі талданады және көмек пакеттері нақтыланады.

Факт: пакеттердің ұқсас егжей-тегжейлі талдануы бюджеттік модельде де мүмкін. Тағы бір нәрсе, кепілдіктерді егжей-тегжейлі талдау бойынша шын мәніндегі үлкен жұмыс МӘМС-ке дайындық аясында өткізілді. Бұл енгізілген денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің жинақталған әлеуетінің арқасында мүмкін болды.

№ 6-гипотеза. МӘМС арқасында инфрақұрылымға инвестициялар жандандырылады.

Факт: өндіргіш күштерді орналастыру — жергілікті жерлердегі қажеттіліктермен және өңірлердің ерекшеліктерімен айқындалатын үдеріс.

МӘМС-пен байланысты мұнда қарастырудың қажеті жоқ: сақтандыру ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға жауап береді, ал күрделі шығыстарды мемлекет бюджеттік бағдарламалар немесе жеке инвесторлар арқылы қаржыландырады. Ал инвесторлар жаһандық мәселелерге — нарықтың тұрақтылығына, валюталардың реттелуі мен бағамына, бизнестің шектеулілігіне негізделе отырып, шешімдер қабылдайды.

Қорытындылар

Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС-ті енгізу шеңберінде және байланыстыруда қолданатын шаралар кешені маңызды.

Бұл тұрғыда, МӘМС барлық жүйедегі өзгерістердің катализаторы болды: клиникаларда ұлттық деңгейдегі ақпараттық жүйелер мен медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) дайындау, қаржыландыру тетіктерін дамыту, жоспарлау және сатып алу үдерістерін жетілдіру және т.б.

The post Абсолютті құрғақ қалдықтағы медициналық сақтандыру appeared first on Ekonomist Media.

Денсаулық туралы жаңа кодекс: әлеуметтік аспект ескерілген бе?
Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарына байланысты заңнамадағы оң, теріс және даулы өзгерістерге шолу.

Осы күзде ҚР Парламенті денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс жобасын қарайды. Жоба үлкен көлемде өзгерістерден тұрады. Алайда көпшілік арасында әлі күнге дейін осы құжаттың қандай да бір талдауы жоқ. Бос орынды толтыра отырып, пациенттердің, атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын тікелей қозғайтын негізгі сәттерге тоқталамын.

Жасөспірімдер

Алғаш рет он жастан он тоғыз жасқа дейінгі халық санаты ретінде «жасөспірімдер» терминін енгізу ұсынылады. Бұл ‒ бағытты жасөспірімдер жасындағы мәселелерге кешенді көзқарас бере алатын оң өзгеріс.

Ведомствоаралық өзара әрекет аспектісіндегі халықтың осал санаттарының құқықтары. Ведомствоаралық өзара әрекет мәселелерін ашатын 16-Бап:

– білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде психологиялық қызметтерді енгізу жолымен қауіпсіз балалық шақ, кәмелетке толу және қарттықты қамтамасыз ету;

– ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер жасау;

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар», «Салауатты жұмыс орындары», «Салауатты университеттер», «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» бағдарламаларын іске асыруды бекітеді.

ДДҰ аталған барлық бағдарламалары міндетті түрде инклюзияға бағытталған.

ҮЕҰ қоғамдық денсаулықты сақтауға қатысуы

Бұдан әрі осы бап әлеуметтік жобалар мен гранттарды іске асыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және қауымдастықтарды жұмысқа тартуды күшейтеді. Бұл ниет ҚР азаматтарының денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуын декларациялайтын Денсаулық сақтау саласындағы ҚР заңнамасының принциптерімен де (5-бап) расталды. Стейкхолдерлер өрісінің мұндай заңнамалық күшеюі ҚР Президентінен шығатын жоғары деңгейлі саяси күн тәртібімен үйлестірілген. Бұл оң өзгерістер сала деңгейінде корпоративтік басқаруға және қоғам мүддесінде ортақ шешімдер қабылдау арқылы ортақ жауапкершілікті қолдауға жол ашады.

Шалғай елді мекендердің тұрғындары

Қашықтықтағы медициналық көмекпен байланысты бөлім кеңейтілді. Оның ішінде, сәйкестендіру, аутентификациялау және іс-қимылдарды құжаттау кезеңдері (пациенттің құқықтарын сақтау және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін негіз) атап өтілді. Жалпы, мен телемедицинаны дамыту үшін негіз дайындауды ірі медициналық бизнестің келешегі ретінде бағалаймын. Бизнес телемедицинаның негізгі қозғаушы күші ретінде — бұл жаһандық түріндегі де және жақын көршіміз ‒ біз айтарлықтай артта қалып бара жатқан РФ-нің де шындығы. Алайда бизнестің әлеуметтік жүктемесін қоса отырып, төмендегі нормативтік-құқықтық актілерді және, тіпті, нақты келісімшарттарды немесе тендерлерді мақсатты конфигурациялау жағдайында ауылдық (шалғайдағы және қатынасу қиын) аудандардың тұрғындары да белгілі бір пайда алады.

Бірлесіп төлеу

Бірінші рет бірлесіп төлеу ұғымы енгізіледі. Мүмкіндік тек амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін (мемлекет өтейтін және емделуші қалаған дәрілердің құны арасындағы айырмашылықты қосымша төлеу түрінде) және ерікті опция ретінде көзделген. Жаһандық түрде, мұндай бірлесіп төлеу формасы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қосымша ауыртпалық түсірмейді және біреудің құқықтарына нұқсан келтірмейді. Алайда медициналық көмекке қол жеткізуде теңсіздікті арттыру үшін белгілі бір кеңістік сонда да пайда болады. Әлеуметтік бағыттағы арнада бірлесіп төлеу идеяларының одан әрі дамуын ұстап тұру маңызды.

Паллиативтік көмек

Бұрын қолданылған анықтама «… және зардап шегуді жеңілдету, ауырсынуды емдеу және ауру салдарынан дене, психоәлеуметтік проблемаларды шешу, оның ішінде, олардың отбасы мүшелері» деген тұжырымдамамен толықтырылды. Мұндай тұжырым паллиативтік көмек көрсетудің халықаралық тәсілдерін көрсетеді, жақында қабылданған салалық стандарттарды қолдайды және терминалды/ жазылмайтын жағдайлары бар пациенттердің құқықтарын кеңейтілген түсіну мен іске асыруды көрсетеді.

Бұл оң жаңалықтың өзінің ең маңызды бөлігінде — ауырсынуды басу мәселесінде жалғасы бар:

– ҚР азаматтарының құқықтары туралы 82-Бап созылмалы жазылмайтын ауруларды емдеудегі жансыздандыру құқығын бекітеді;

– паллиативтік көмек туралы 142-бап та ауырсыну мен азап шегуді жеңілдету мәселесін бөліп көрсетеді.

Психиатрия

Кодекстің ең даулы тұжырымдамаларының бірі «жыныстық сәйкестендірудің бұзылыстары бар адам — қарсы жынысты тұлға ретінде өмір сүруге және қабылдануға ұмтылатын адам» деп айтылады. Егер тұжырымдамаға назар аудармаса (мүмкіндігі шектеулі адамдар, бұрынғыдай мүгедек деп аталатындар сияқты), онда одан әрі 172-бап жынысын ауыстыру құқығына (белгілі бір ескертпелермен) кепілдік береді.

Туберкулез және АИТВ

Туберкулезбен ауыратын немесе ауырған және АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау айтарлықтай кеңейтілді (175 және 177-баптар). Атап айтқанда, жергілікті деңгейде еңбек және тұрмыстық құрылымда жәрдемдесу, инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету мәселелеріқарастырылды; туберкулезбен ауырған адамдар туралы ақпаратты жария етуге жол берілмеушілік пен жауапкершілік ерекше қаралады; еңбек шартын тоқтатуға және жұмыс берушінің АИТВ -ға тексеру нәтижелерін сұрауына тыйым салынады.

Жалпы, кодекс жобасы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары үшін бірқатар оң өзгерістерден тұрады. Одан әрі келісім үдерісінде барлық тиісті нормалар сақталуына үміт артамыз.

The post Денсаулық туралы жаңа кодекс: әлеуметтік аспект ескерілген бе? appeared first on Ekonomist Media.