Василий Калабин - эксперт Ekonomist.kz

Жылдық есеп: компаниялар нені жасырады?
Жылдық есептегі ақпаратты ашық беру деңгейі аз-аздан болса да, жыл өткен сайын артып келеді. Дей тұрғанмен, есептіліктің дамуында қаржылай емес мәселелерді ашып көрсету молырақ.

QRA рейтинг агенттігі қазақстандық компаниялардың жылдық есептеріндегі ақпарат ашу сапасын жыл сайын талдайды. Біз 2020 жылы Қазақстанда шыққан барлық жылдық есепті (2019 жылғы қызмет қорытындылары бойынша) тауып, ондағы ақпараттың ашылу деңгейі мен сапасын бағалауға тырыстық.

Осы бағалау қорытындысы бойынша үздік 100 жылдық есеп рейтингі дайындалды.

Жабық мәселелер

Жалпы, Қазақстанда жылдық есеп деңгейі өте баяу өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Биыл рейтингімізге енген жүздеген есептің орташа балы 10 балдық шкала бойынша 4,62 болды (бұрын 4,56 еді). Сонымен қатар, рейтингтің жоғарғы жағында шамамен 20 есеп бар, олар жалпы фонда айқын көрінеді. Ол – стейкхолдерлермен сапалы диалогқа ұмтылып, ақпаратты ашық көрсетуге бейім компаниялар.

Рейтингтегі алдыңғы қатарлы 20 есептің орташа балы осы жылы 7,23, яғни орташа көрсеткіштен бір жарым есе жоғары болды. Көшбасшылар арасында алдымен капиталында мемлекеттің үлесі бар компаниялар тұр. Топ-10 рейтингте олар жетеу. Алайда рейтингтегі тек төрт есеп қана 8 балдан жоғары алды. Ал 9 балдан жоғары (үздік халықаралық тәжірибе деңгейі) әзірге бірде-бір есеп болған жоқ. Бұл – үздік есеп даярлайтын қазақстандық компаниялардың одан әрі дамуына әлеует мол екенін білдіреді.

Есепте негізінен операция және қаржы нәтижелері, сондай-ақ нарыққа шолу жақсы қамтылады. Қазақстандық компаниялар көбінесе осы деректер ашып көрсетілетін презентацияны жақсы жасайды.

Корпоратив басқару және тәуекелдерді басқару бөлімі қиынырақ. Бұл бөлімдерде ақпарат болмауы компанияның басқару жүйесіндегі проблемалардан хабар береді. Мысалы, компания өз есебінде корпоратив басқару жүйесін сырттай бағалау туралы көрсетпесе, көбінесе бұл мұндай бағалаудың жүргізілмейтінін білдіреді.

Сол сияқты, директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің жұмысы көбінесе егжей-тегжейлі қамтылмайды, өйткені комитеттер тек номинал түрде болады. Басшылықтың сыйақысы көрсетілмейді, себебі компания бұл сандарды сыртқы көздерден жасыруға тырысады.

Әдетте, есептің жария  жасалмауы ұйымдағы корпоратив басқарудың деңгейі төмен екенін көрсетеді.

Тағы бір күрделі бөлім – стратегияны жан-жақты көрсету. Жақсы жасалған жылдық есепте нақты міндеттері мен мақсатты көрсеткіштері бар стратегиялық бағыттар оларды жүзеге асыру барысымен қоса беріледі. Стратегияның бұл бөлімін ұлттық компаниялар жиі көрсетеді, ал жеке сектор көбінесе жоспарларын жасыруға тырысады және стратегияны цифрсыз сипаттайды. «Стратегия» жылдық есептің басты бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, оның нақты жазылмауы – қазақстандық компаниялардың ашықтық деңгейі бойынша үздік шетелдік тәжірибеден артта қалуының басты себептерінің бірі болып тұр.

Тұрақты даму – термин ретінде кеңінен алғанда компанияның қоршаған ортаға әсерін басқаруды, яғни қоғамға, экономика мен экологияға әсерін басқаруды білдіреді. Жылдық есепте бұл ақпарат персоналды басқару, әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, клиенттермен және жеткізушілермен жұмыс істеу саясаты, жергілікті қауымдастықтармен жұмыс және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы бөлімдерде келтірілген. Дәл осы мәселелер тұрғысынан ақпарат сапасын жақсарту бойынша бүкіл әлем есептілікті дамытуда.

Оның ішінде, қазақстандық қор биржасының (KASE) ақпаратты ашуға қойылатын талаптарының арқасында қазақстандық компаниялар да  тұрақты даму мәселелерін жария етуді жақсартуда. Компанияларда персоналды басқару және қоршаған ортаны қорғау секілді мәселеде сан көрсетілетін мәліметтер тапшы. Бұл олардың әлеуметтік және экологиялық саладағы әсер ету деңгейін дұрыс өлшемейтінінің белгісі, сондықтан бұны басқару қиынға соғады. Деректер тапшылығы болып тұрғанда тұрақты даму саласындағы сапалы стратегия әзірлеу және енгізу туралы да ауыз ашу мүмкін емес.

Екінші жиі кездесетін проблема – тұрақты даму мәселелерін басқаруда дайын саясат пен тәсілдің болмауы. Мысалы, компания персоналдың гендерлік құрылымы бойынша деректерді келтіре алады, бірақ ұжымда мансапқа тең мүмкіндіктер қамтамасыз етудің қандай да бір саясаты ашып жазылмайды. Деректер болған кездің өзінде де, компания оны іс жүзінде қолданбайды және менеджмент үшін үшін барлық қаржылық емес мәселелер кейінге ысырылып қалатындай болып көрінеді.

Әлемнің трендтер жаңғырығы

Дамудың басты әлеуеті – барша стейкхолдерлер үшін өзінің құнды екенін бизнестің ұғынуында және стратегия мен ақпаратты ашуда олардың мүдделерін ескеруінде жатыр. Әзірге компаниялардың көпшілігі тек қаржылық ақпаратқа назар аударады және тек иелеріне пайда әкелуді маңызды санайтындай көрінеді. Әлемдегі маңызды тренд – «Бизнеске сұраныс қандай?» деген сұрақтың жауабына  Қазақстан әзірге өте баяу ойланып келеді.

Әлем бойынша біз мүдделі тараптардың барлығымен бизнестің өзара іс-қимылы артқанын көріп отырмыз және бұл тренд тек күшейе түседі. Инвесторлардың стейкхолдерлер мүддесін ескеруге назары артады. Мүдделі тараптардың өздері белсенді, ал реттеушілер – талапшыл бола түседі деген болжам бар. Егер стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл бұрынғы деңгейде қалса, қазақстандық бизнестің шет елдегі жағдайы қиындай түседі. Барынша ықтимал сценарий – шетелдік инвесторлар мен реттеушілердің қысымымен бұл бағыт дамитын болады.

Қазақстан қор биржасы листинг компаниялар үшін стимул тудыруда. Биыл ESG-ақпаратты ашуға қойылатын талаптар енгізілді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың қараша айындағы баяндамасы да қызықты болды. Онда қазір әзірленіп жатқан 2030 жылға дейінгі «Қаржы секторын дамыту» тұжырымдамасының негізгі ерекшеліктері туралы айтып берді.

Агенттік басшысы экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар қызметінің аса ашық еместігі жеке компанияларға инвестиция тартып, олардың құны мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тежейтін факторлардың бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты қаржыландырылатын бизнеске ақпаратты ашып көрсету, корпоратив басқару және орнықты даму қағидаттарын енгізу бойынша неғұрлым жоғары талаптар қойылатын болады. Бұл кәсіпорындар әртүрлі қаржы көзін тарту үшін мүдделі тараптар не істеп жатқаны туралы ойлануға және тұрақты даму туралы мәліметтерді ашып көрсетуге тура келуі мүмкін дегенді білдіреді.

Бұл реттеуде қандай нақты ерекшеліктерге ие болатынына байланысты, бұл бастама қазақстандық бизнес менеджментінің ашықтығы мен деңгейін сапалы ілгерілетуі мүмкін. Реттеушілер ақпаратты ашуда проблема бар екенін көріп отыр және оны шешуге жәрдемдесуге ниетті.

Бұл ретте біз ақпаратты ашу туралы ғана айтып отырған жоқпыз. Корпоратив есептіліктің дамуы көбінесе бизнес ішіндегі, оның процестерін, менеджменті және мәдениеті нақты өзгерістерді көрсетеді. Жақсы жылдық есеп көбінесе осы ішкі өзгерістерден басталады және оларсыз елестету мүмкін емес.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есеп рейтингі: топ-20

Рейтинг позициясы 2020

Рейтинг позициясы 2019

Компания

Есеп санаты

2019 жылдың қорытындысы бойынша есеп рейтингі

2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп рейтингі

1

2

KAZ Minerals PLC

А

8.8

8.7

2

1

«Казатомөнеркәсіп» ҰАК

А

8.4

8.7

3

8

KEGOC

А

8.2

7.2

4

3

ҚазТрансОйл

А

8.0

8.4

5

4

«ҚазМұнайГаз» ҰК

В+

7.6

7.8

6

5

Самрұқ-Энерго

В+

7.6

7.6

7

12

ҚазАгроҚаржы

В+

7.5

6.7

8

11

Қазақстанның Даму банкі

В+

7.4

6.8

9

19

ForteBank

В+

7.2

6.1

10

6

NOSTRUM OIL & GAS PLC

В+

7.2

7.4

11

35

Отбасы банк

В+

7.2

4.8

12

34

Қазақстан халық банкі

В

6.9

5.0

13

13

Орталық Азия Электроэнергетикалық корпорациясы

В

6.9

6.6

14

9

«Бәйтерек» ҰБХ

В

6.8

7.1

15

55

Алтыналмас АҚ

В

6.7

3.9

16

15

Қазақстан коммуналдық жүйелері

В

6.7

6.2

17

7

«Тау-Кен Самұрық»ҰТК

В

6.5

7.2

18

14

Mega Center Management

В

6.5

6.4

19

20

ПАВЛОДАРЭНЕРГО

В

6.4

6.1

20

27

Евразиялық банк

В

6.3

5.6

The post Жылдық есеп: компаниялар нені жасырады? appeared first on Ekonomist.

ҚазМұнайГаз бен ESG: мұнай компаниясына не үшін ESG тәуекелді бағамдап отыру маңызды?
2020 жылы қазан айында қазақстандық «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы өзінің тұрақты даму саласындағы қызметін алғаш рет Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі бағалағанын хабарлады. Бұл назар аударарлық оқиға. Себебі қазақстандық компаниялар ESG рейтингтерін өте сирек алады. Рейтинг «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның ESG-тәуекел деңгейін шетелдік компаниялармен салыстыруға мүмкіндік береді және оның әлемдік капитал нарығындағы орны маңызды болады.

Шетелде инвестициялауды мойынға алу соңғы жылдары күшті трендке айналып келеді. Бұл дегеніміз, инвесторлар инвестиция салу туралы шешім қабылдаған кезде таза қаржылық және экономикалық тәуекелдерден басқа, компанияның экологияны қорғау саласындағы (environmental) жұмысын, оның әлеуметтік саясатын (social) және корпоративтік басқару деңгейін де (governance) есепке алады деген сөз.

Бір жағынан, ESG тәуекелдерін бағалау ұйымдарды бизнесті жауапты жүргізуге ынталандыруға көмектеседі, өйткені инвесторлардың ақшасы ESG ең жақсы үлгісін өз жұмысына енгізуге күшті дәлел саналады. Мысалы, климаттың өзгеруіне немесе кедейлікке қарсы нақты күш салу сияқты нақты іске жұмсауға болады. Сондықтан бұл трендті реттеушілер мен қор биржалары белсенді қолдайды.

Екінші жағынан, инвесторлар ESG тәуекелдерін басқару бизнес нысанның инвестициялық тұрақтылығына ұзақ уақыт бойы ықпал ететінін көреді. Бұл инвестиция салуға сенім береді. Бұны қаржылық емес тәуекелдер деп атайды, олар бұрын инвестицияларды бағалауды есептеу кезінде жиі ескерілмейтін.

Енді шетелдік сарапшылардың ESG-тәуекел рейтингі қазақстандық экономика тіректерінің бірі — «ҚазМұнайГаз» ҰК-да пайда болды.

Ол қалай жұмыс істейді?

Sustainalytics агенттігінің ESG тәуекелдер рейтингі компанияның экономикалық құны ESG факторларына байланысты немесе, техникалық тұрғыдан алғанда, компанияның басқарылмайтын ESG тәуекелдерінің деңгейімен анықталады. Сарапшылар компанияның тәуекелдерге қаншалықты бейім екенін қарай келе, одан менеджмент жүйесі, саясат, ішкі бақылау және мониторинг арқылы компания басқаратын тәуекелдердің көлемін алып тастайды. Қалған ескерілмеген тәуекел – рейтинг мәнін білдіреді. Индекс неғұрлым жоғары болса, компаниядағы ESG менеджменті қамтымаған тәуекелдер соғұрлым жоғары болады.

Басқаруға көнбейтін тәуекел екі жағдайда пайда болады: компания менеджменті саланың ерекшелігіне және бизнесті жүргізу жағдайларына байланысты жалпы бақылай алмайтын тәуекел; және корпоративтік басқару жүйесіндегі олқылықтар салдарынан бақыланбайтын тәуекел (яғни менеджмент бұл тәуекелді негізінен басқара алар еді). Осы бақылауға көнбейтін екі тәуекел түрі бірігіп, рейтинг мәніне айналады.

Рейтинг нөлден бастап ашық шкала бойынша қойылады (тәуекел жоқ), ал ең жоғары балл 95% жағдайда 50-мен шектеледі. Рейтинг мәніне сүйене отырып, компаниялар тәуекелдің бес санатының біріне топтастырылады (шамалы, төмен, орташа, жоғары, күшті).

Жүгенсізді жетекке алу

«ҚазМұнайГаз» ESG-тәуекел рейтингін 34,4, деңгейі бойынша алды. Бұл – бақыланбайтын ESG тәуекелінің жоғары екенін көрсетеді. Компания тәуекел деңгейі бойынша бестіктің төртінші санатына кірген.

Sustainalytics ашық дерекөздері бойынша ҚМГ тәуекелдерінің қай бөлігі менеджмент жетіспеушілігінен бақылаусыз екенін және қайсы мүлдем бақыланбайтынын сарапқа салуға мүмкіндік жоқ. Алайда, ҚМГ рейтингін басқа мұнай компанияларының рейтингтерімен салыстыра отырып, ESG тәуекелдердің жоғары деңгейі жалпы мұнай-газ саласына тән деп айтуға болады және өз саласындағы шетелдік ірі өкілдері жанында «ҚазМұнайГаздың» жағдайы жақсы көрінеді.

Мұнай саласындағы салалық тәуекелдер деңгейі тұрақты дамуға арналған жаһандық трендтің маңызды элементтерінің бірі – төмен көміртекті экономикаға ұмтылу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес болғанымен байланысты болуы ықтимал. Бұл бойынша мұнай компанияларына о бастан қысым қатты. Олар экологияға мүмкіндігінше кері әсерін тигізбеуі керек. Дегенмен мінсіз басқарылған жағдайда да тәуекел жоғары болып қала береді.

Sustainalytics сарапшылары ҚМГ-дағы ESG тәуекел басқаруын «мықты» деп бағалады. Басқаруды бағалауға компанияның ESG саласындағы бағдарламалары, тәжірибесі және саясатының сенімділігі кіреді. Дегенмен, сала мен бизнес-модельге байланысты, тәуекелге ұшырау қаупі бәрібір «жоғары» деп бағаланды. Бұл компания рейтингінің жоғары мәні менеджмент басқара алмайтын тәуекелдермен байланысты деп болжауға мүмкіндік береді.

Sustainalytics-тен ESG-тәуекелдер рейтингін алған 283 мұнай-газ компаниясы ішінде ең ірі Қазақстан мұнай компаниясы 37-орында тұр (тізімдегі позиция неғұрлым төмен болса, тәуекелдер соғұрлым жоғары болады). Ағылшын-голланд Royal Dutch Shell PLC, мысалы, 35,8 тәуекел-рейтингіне ие болып 45-орында тұр, ал британияның BP p.l.c. 57-орында. Ресейліктер тіпті төмендеу түсіп, «Газпром» 58-орынға барған. Америкалық (Қазақстандағы активтерімен де) Chevron Corporation тәуекел деңгейі бойынша бесінші топқа кіріп тұр (ең жоғарғысы), тәуекел рейтингі – 40,3. Ең жоғарғы көрсеткіш Қытай алпауыттарында. Шамасы, Қытай корпоратив саласында тұрақты дамуға аса мән бермейтін болса керек.

Ал рэнкинг көшбасшылары арасында Италияның Eni SpA (7-орын) мен француз Total SE (9-орын) тұр. Екі компания да  орташа ESG-тәуекел тобына кіреді. Бұл Еуропа реттеушілерінің өңірдегі бизнес жүргізудегі экология мен әлеуметтік мәселелерге қаншалықты талап қоятынын көрсетсе керек.

Ендеше, қазақстандық мұнай алпауыты да өз саласы бойынша жақсы позицияда тұр. Тіпті кейбір еуропалық мұнайшылар ESG тәуекелдерді одан әрі де төмендетуге болады дегенді көрсетіп жүр. Сол аты аталған Eni SpA да Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Қарашығанақ кен орнының кооператоры және NCOC (Қашаған кен орнындағы консорциум) серіктесі. Қазақстанда да ESG тәуекелдердің неғұрлым төмен деңгейін қолдай отырып, жұмыс істеуге болатыны айдан анық.

Талап пен мүмкіндік

Sustainalytics пікірінше, ҚМГ шешуге тиіс негізгі ESG талап –операциялық жұмыс барысындағы ауаға көміртегі тарауы және компания өнімін пайдаланудан тарайтын зиянды қалдықтарды азайту. Екі фактор да жалпы барлық мұнай компаниясына тән. Сондай-ақ, сарапшылар ұлттық компания қызметіндегі «өзі жұмыс істеп отырған өңірлердегі қауыммен өзара қарым-қатынасты» да атап отыр. Бұл ірі өндірістік компания үшін, әсіресе табиғи ресурстарды пайдаланушылар үшін қалыпты тәуекел саналады. Сонымен қатар, қазақстандық мұнайшылардың мәселе көтеріп, қоғамға үндеу тастауы да есімізде (2011 жылы Жаңаөзенде болған ереуілді еске алайық). Бұл дегеніміз, ҚМГ тәуекел рейтингінің ESG деңгейі бірінші кезекте осындай сын кезеңдегі басқару сапасына да байланысты болады.

«Қазмұнайгаздың» ESG тәуекелдерді басқару саласындағы табыстарын әдепкі деп де қабылдамаған жөн. Компания соңғы бірнеше тұрақты даму саласында мақсатты жұмыс жүргізуде және ол өз жемісін беруде де. ESG мәселелері корпоратив басқару жүйесіне және стратегияға енгізілген. Өткен жылы, мысалы, компанияда негізгі бизнес-процестерге тұрақты дамуды интеграциялауға жәрдемдесу мақсатында тұрақты даму жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Осы саладағы менеджменттің дамуы ұйымның стратегиясында бекітілген. ESG рейтингі компанияның тиімді жұмысының бірі болады. Оны ҚМГ әлі де жақсарта түсуді көздеп отыр. Соңғы екі жыл ішінде ҚМГ тұрақты даму мәселелері бойынша ақпаратты жария түрде беру деңгейі бойынша Қазақстандағы үздік үштікке кіреді – бұл ESG менеджментінің рейтингке әсер ететін маңызды факторы.

Мұнай-газ өнеркәсібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК жұмысы Қазақстан экономикасына едәуір мультипликатив әсер береді. Сондықтан бұл компанияның алда тұрақты дамуға деген ұмтылысы жалпы экономиканың тұрақтылығына әсер етеді және назар аударып, қолдауға лайық. Дегенмен, экономика бастапқы ESG тәуекелдері төмен салалардағы компанияларға көбірек тәуелді болғаны одан да жақсы болар еді.

Компанияның өзінде ESG саласында рейтингтің болуы мен оны жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қазіргі инвестициялық трендтерді ескере отырып, шетелдік капитал нарығында өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.

The post ҚазМұнайГаз бен ESG: мұнай компаниясына не үшін ESG тәуекелді бағамдап отыру маңызды? appeared first on Ekonomist.

“Самұрық-Қазынаның” жылдық есебі несімен жақсы ?
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры» құрамына кіретін кейбір компаниялар холдингтік құрылымның өзі сияқты соңғы жылдары жеке компаниялармен қатар ашық ақпарат беру және компанияның есебін жариялау жағынан көзге түсіп жүр. Жеке компанияларды ашық ақпарат таратуға KASE секілді төбесінен қарайтындар итермелейтінін ескерсек, «Самұрық-Қазынанікі» ашықтыққа қарай бет алған өз бастамасы болып тұр.

Маңызы қанша?

Жылдық есеп ауқымы өте кең. Онда қаржылық есепке қарағанда компанияның қызметі толық ашып жазылады. Операциялық және қаржылық көрсеткіштерден бөлек, бұл құжатта стратегия, корпоратив басқару және тәуекелдерді басқару, қызметкерлерді басқару және әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау секілді көптеген бағыт ашып көрсетіледі. Компания жұмысын зерттейтін сарапшы Жылдық есеппен танысқан соң компания жайлы толық ақпаратты ала алады. Әрине, бұл құжат әдетте компания басшылығының көзқарасы бойынша жасалады және көп жағдайда кейбір шетін мәселелерді қамтымауы мүмкін.  Дегенмен, ең нашар жасалған жылдық есептің өзі көп нәрсенің басын ашып алуға мүмкіндік береді. Мысалы, көлеңкелі тұстарды байқап, болуы мүмкін тәуекелдер көзін табуға болады.

Ұлттық компаниялардан біз ашықтықтың жоғары деңгейін күтеміз.

Олардың қызметінің мультипликатив әсері экономика мен азаматтардың әл-ауқатына қаншалықты әсер ететінін айтып жату қажет емес сияқты. Бұл компанияларда ондаған мың адам жұмыс істейді, олардың тапсырысы жергілікті мыңдаған тауар мен қызмет жеткізушінің жұмысына тікелей әсер етеді. Олардың салығы мемлекет салығының ең маңызды бөлігі, ал инвестициялары –  өңірлердегі инфрақұрылымдық дамудың маңызды факторы. Біз Қазақстандағы ұлттық компаниялар өз міндетін адал және тиімді атқарса дейміз. Себебі ол миллиондаған адам мен көптеген кәсіпорынның өміріне әсерін тигізеді. Дәл осы себеппен олар ашықтықтың ең жоғары деңгейін көрсетіп, ел алдындағы есебін еркін жариялап отырғаны керек.

Көптеген ұлттық компания қазір осы бағытты ұстанады. «QRA» рейтинг агенттігінің жыл сайынғы жылдық есептердің сапасын бағалау қорытындысына сүйенсек, Қазақстанда жылына 100-130 Жылдық есеп жарияланады екен. Елдегі ірі компаниялардың бірнеше мың екенін ескеріп қойыңыз. Көптеген қазақстандық компания ашықтыққа баратын жолды әлі де қысқартып, адымын жеделдету керек екені айқын.

Дегенмен, соңғы жылдар ішінде біз «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы тек жылдық есепті жариялап қана қоймай (бұл жақсы үрдіс екені айдан анық), тіпті көбіне көш бастап тұрады. Бұл – олардың есебінде ақпарат мол, ал кейбірі Қазақстандағы көптеген компаниялар үшін үлгі етуге тұрарлық дегенді білдіреді.

2019 жылы жарияланған Жылдық есептер рейтингінде үздік жиырма бестікке компанияның 9 (12-нің ішінен) портфельдік компаниясы мен холдинг құрылымының өзі кірген. Рейтингтегі үздік ондыққа холдингтің 7 компаниясы ілікті. Соңғы жылдардағы өсу қарқынына қарасақ, жағдай айтарлықтай тұрақты және «Самұрық-Қазынаның» көптеген компаниясы Жылдық есептер рейтінгіндегі басты орындарда тұр.

Бұны қалай жасайды?

Есеп беру деңгейі көбінесе ұйым ішінде болып жатқан процестерді көрсетеді.

Соңғы жылдары жылдық есептерді дамытудың бүкіл әлем бойынша маңызды бағыты қаржылық емес ақпаратты, әсіресе корпоративтік басқару және тұрақты даму мәселелері бойынша (атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік саясат, персоналды басқару, сатып алу және т.б. мәселелер кіреді) ашу сапасын арттыру болды. Егер компанияда белгілі бір бизнес тәжірибелер енгізілмесе, мұндай ақпаратты сапалы ашу қиын.

«Самұрық-Қазынада» соңғы бес жыл ішінде холдинг құрылымы мен портфельдік компаниялардың жұмысына тұрақты даму қағидаттарын енгізуді басты бағыт етіп ұстанғаны көрінеді. Тұрақты даму саясаты пайда болды. Бұл – компания стратегияларына барынша айқын ықпалдастырылды және осы бағыттар бойынша қандай да бір жұмыс жүріп жатқаны көрініп тұр. Мысалы, компаниялар үшін әртүрлі мүдделі тараптармен (қызметкерлерді, серіктестерді, жергілікті қоғамдастықтарды, жеткізушілерді және т.б. қоса алғанда) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстар жүргізу холдинг үшін қалыпты жағдайға айналады. Бұл жұмыс тұрақты даму бағытындағы сәтті қозғалыстың кілті болып саналады. Дәл осындай өзара іс-қимыл арқылы мүдделі тараптардың бағыттары анықталады. Бұл кейіннен компания менеджменттік шешім қабылдаған кезде және жылдық есепте ақпарат берген кезде ескеретін болады.

Мұндай компаниялардың даму қарқыны әрқалай болып келеді. Соңғы бірнеше жылда, мысалы, «ҚазМұнайГаз» тұрақты даму мәселесін мықтап қолға алғаны көрінеді. Оны компанияның жылдық есебінің сапасынан-ақ аңғаруға болады. (былтыр есеп елдегі үздік бестікке кірді). Дей тұрғанмен,  «Қазпошта» мен ҚТЖ ұсынған ашық ақпараттарға қарасақ, өз қызметіне тұрақты даму мәселелерін сырт көз үшін ғана енгізумен шектеледі және есеп беру деңгейі бойынша  көш соңында келеді.

«Қазақтелеком» тұрақты дамуы жайлы ақпаратты халықаралық стандарттарға сай беруге тырысып, өзінің корпоратив сайтында арнайы бөлім ашып қойған. Алайда бұл бөлімдегі ақпарат 2017-2018 жылдарды ғана қамтиды. Компания есебінде GRI G4 стандарттары жайлы жазылған. Ал бұл 2018 жылдың 1 шілдесінен бері қызмет етпейді. Сондай-ақ Стейкхолдерлермен қарым-қатынас жоспары және 2018 жылға арналған бастамалар жоспары жарияланған. Бұл құжаттар содан бері жаңармаған. Бөлімдегі басқа материалдар да осының кебін киіп тұр. Бұл – тұрақты даму бағытындағы жүйелі жұмыс жоқтығын көрсетеді. Біздің ойымызша, компанияның осы тақырыпқа қызығушылығы эпизодтық сипатта болды. Бұл ұзақ мерзімді тұрақты даму идеясын толығықтай құнсыздандырады.

Дегенмен, бұл құбылыстың басталып, сеңнің қозғалғаны маңызды. Жақсы-жаман болсын, компания топтары, тіпті екінші деңгейлі еншілестері де осы ізбен келеді. Бұл олардың бизнес тәжірибелерін басқа жеке компанияларға қарағанда жақсарта түседі. Жеке компаниялар кей кезде болмаса, тұрақты даму принциптерін енгізу, корпоратив басқару, мүдделі топтармен әрекеттесу секілді көптеген пайдалы шаруаны жүзеге асыруға асығар емес.

«Самұрық-Қазына» құрамына кіретін компаниялар корпоратив басқарудағы мәселелерді ашық көрсетумен көзге түсіп келеді. Бұл – оларды жеке компаниялардан ерекшелендіріп тұратын тағы бір фактор. ҰӘҚ құрамына кіретін компаниялардағы корпоративтік басқаруды дамыту жұмыстары ертерек басталғандықтан, нәтижесі де қазір көрініп жатыр.

Ұлттық компанияларға бизнес тәжірибелерін дамытумен қоса әртүрлі жарияланымдары да жақсы көмектеседі. Инвесторлар ақпараттың ашылуына қатты мән береді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бизнес тәжірибе мен есеп беруде үнемі жақсы көзге түсіп жүрді, ал IPO-ға шыққан соң бұрынғыдан да жақсарды десе болады. Өткен жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұсынған жылдық есеп біздің бағалауымызша Қазақстандағы ең үздік есеп болып танылды. KEGOC та халықтық IPO-дан кейін есептілік жағынан көшбасшы болып танылған еді. Соңғы жылдары біз есептілік жағынан «Эйр Астананың» да ілгері басып келе жатқанын байқаймыз. Олар да жақын арада акцияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. IPO-ға шығу есептіліктің жақсарып кететін көрсетпейді. Жоқты бар қылу мүмкін емес. IPO тек компанияның корпоратив басқарудағы және басқа да салалардағы көптеген мәселесін қайта қарауға түрткі болып қана отыр. Бұл жылдық есепті жасау барысында да әсерін тигізеді.

Біздің рейтингте қазақстандық компаниялар өзара салыстырылады. Ұлттық әл-ауқат қоры құрамына кіретін компаниялардың Жылдық есеп сапасы да жергілікті деңгейде көрсетіледі. Ал шетелдік компаниялармен салыстырар болсақ, айырмашылық жер мен көктей болар еді. Холдинг өз жұмысындағы тұрақты даму қағидаттарына қарай алғашқы қадамдарын ғана жасап жатыр. Дамыған нарықтардағы бизнес күн тәртібінен әлі алыс. Мысалы, мекеме құндылықтары негізінде стратегия әзірлеу, әр түрлі әлеуметтік топтардың қызметкерлері үшін тең жұмыс мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, бизнес-модель ауаны өзгеруінің әсерін бағалау, негізгі шешімдер қабылдау кезінде топ-менеджердің көптеген мүдделі тараптардың мүдделерін ескеру, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске қосу сияқты мәселелер бойынша жұмыстар аса байқалмайды.

Қазақстандағы салыстырмалы түрдегі көшбасшылығына қарамастан, «Самұрық-Қазына» есептері әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді.

Ekonomist.kz  редакциясының пікірі

Тұтастай алғанда мемлекеттік сектор мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және оның еншілес компанияларына қарата айтылған сынға қарамастан, холдинг шын мәнінде қазақстандық стандарттар бойынша қаржылық және жылдық есептіліктің айтарлықтай жоғары стандарттарымен ерекшеленеді. Бұл – «Самұрық-Қазына» АҚ бас компаниясына да, портфельдік компанияларына да қатысты.

Дегенмен, бұл жұмыста да қателіктер мен кедергілер болып тұрады.

Өкінішке қарай, 2020 жылы 17 шілдеде былтырғы жылдың есебі әлі көпшілік назарына ұсынылмады. Ал бұл уақытта «Самұрық-Қазынаның» көптеген еншілес компаниясы есеп ұсынып үлгерген еді.

Тағы бір кемшілік деп ҰӘҚ қарасты компаниялардың бірі «Тау-Кен Самұрықтың» қаржылық есебіне қаржыгер Мұрат Темірханов жасаған сараптаманы айтуға болады. Сарапшыны кейін сотқа берді (бұл жайында Мұрат Темірханов  Facebook аккаунтында  жазды). Компания басшылығы Мұратты жалған ақпарат таратты деп айыптады. Ал сарапшылар арасында «Тау-Кен Самұрықтың» әрекетін айыптаушылар көп болды.

«Самұрық-Қазынаның» есеп беру деңгейін және өз қызметінің ашықтығын арттырғаны, әрине, жақсы. Егер қарамағындағы портфельдік компаниялар қоғаммен байланыс сапасын жақсарта алса, нұр үстіне нұр болар еді.

The post “Самұрық-Қазынаның” жылдық есебі несімен жақсы ? appeared first on Ekonomist.

Тұрақтылық тренді: Қазақстанда ESG мәліметтерін кім және қалай жариялап жүр?
Соңғы жылдары тұрақты инвестициялар кеңінен танылып келеді. Бұл инвесторлар бизнестің қаржылық және операциялық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, экологиялық және басқару тәуекелін (ESG) бағалайды дегенді білдіреді.

Инвесторлар инвестицияның қайтымы мен ESG факторлар арасындағы оң байланысты байқап отыр. Реттеушілер де (әсіресе еуропалықтар) бұл трендті қуана қолдап, институционал инвесторлар үшін де, бизнес үшін де жаңа талаптар енгізіп отыр. Инвесторлардың ESG тәуекелін бағалауы капитал қозғалысының маңызды факторына айналды.

COVID-19 пандемиясы бұл трендті нықтай түседі, жуырда JPMorgan компаниясы инвесторлар арасында жүргізген сауалнама бұл ойымызды дәлелдей түседі. Сұрауға қатысқандардың 50%-дан астамы пандемия алдағы үш жылда ESG көрсеткішіне оң өзгеріс әкелетінін айтқан. JPMorgan сарапшыларының айтуынша, COVID-19 дағдарысының нақты экономика мен қаржы жүйесіне ықпалы  бүгінгі күні қолданылатын көптеген болжам жасау үлгілерінің мүмкіндігін көрсетеді, олар түзу емес, күрделі жүйелі қатерлерге жауап бере алмай отыр.

Қаржы және операциялық көрсеткіштер анализі барлық қауіп-қатерді көрсете алмайды, ал бизнеске мейлінше жан-жақты көзқараспен қарау керек.

Инвестор мүддесі

Тұрақты инвестициялардың дамуын тежейтін маңызды фактордың бірі – бағалау үшін бизнес тарапынан ESG мәліметтерінің жеткіліксіз болуы. Сондықтан «қаржылай емес ашылу» қарқынды түрде күшейіп келеді, сондықтан қазір ЕО листингінде бар, бірақ қаржылық есебіне қоса ESG есебі жоқ ірі бизнесті кездестіру қиын. Өйткені инвесторлармен қарым-қатынас орнату дәл осы есепке байланысты, ал олар ESG факторын бағалау сапасына айрықша назар аударады.

Қазақстанда ESG мәліметтерін ашып көрсету тек соңғы жылдары ғана үрдіске айналып келеді. Бұл негізінен қазақстандық бизнестің әзірге шетелдік капитал нарығымен аса белсенді байланысы жоқтығымен байланысты.

Қазақстандық компаниялардың ашықтығын арттыру қозғалысының негізгі қозғаушы күші Қазақстан қор биржасы (KASE) болып отыр. 2020 жылдың басында KASE листинг компаниялары жариялауы тиіс жылдық есептің мазмұнына қойылатын талапты күшейтіп, персоналды басқару (әлеуметтік сала), қоршаған ортаны қорғау (экология), корпоративтік басқару мәселелері бойынша талап етілетін ақпарат ауқымын айтарлықтай кеңітті. KASE листинг компанияларға қоятын талаптарына бірқатар озық әлемдік стандарт енгізді, бұл қазақстандық бизнестің жаһандық түсінікте ашықтыққа қарай ойысуындағы маңызды фактор болмақ. Алайда, Қазақстандағы листинг компаниялар қазақстандық бизнестің шектеулі бір бөлігі ғана екенін ескеру керек.

ESG мәліметтерін ашық көрсету бағытында белсенді әрекет етіп отырған келесі бір компаниялар тобына квазимемлекеттік секторды немесе «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі сияқты ірі ұлттық холдингтерге кіретін ұйымдарды жатқызуға болады. Холдингтер өздерінің құрамына кіретін компаниялар жұмысына тұрақты даму принциптерін енгізуге өздері бастамашы болып, олардан ақпаратты ашық көрсетуді талап етіп отыр.

2019 жылы «QRA» рейтинг агенттігі қазақстандық компаниялардың корпоративтік есебі бойынша ESG мәліметтерін ашып көрсету рейтингін дайындады. Рейтингтегі топ-20 тізімге кірген 12 компания ұлттық мемлекеттік холдингтер болып шықты.

Листинг компаниялар секілді квазимемлекеттік сектордың да ESG мәліметтерін көрсетуі әрдайым сапалы бола бермейді.

Соған қарамастан, ESG мәліметтерін ашық көрсететін компаниялардың пайда бола бастағаны және олардың саны артып келе жатқаны маңызды. Бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін керек, сол нәтижеге жеткеннен кейін қазақстандық бизнес үшін де еуропалық секілді қаржылық емес есеп қалыпты жағдайға айналады.

Қазақстанда жоғарыда аталған екі топқа да кірмейтіндер арасында ESG есеп дайындауды өз бастамасымен қолға алған компаниялар өте аз, бірақ мүлдем жоқ емес. Мысалы, осындай компаниялар қатарында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» және Eurasian Resources Group бар.

Персонал +, теңсіздік –

«QRA» рейтинг агенттігі жыл сайын Қазақстанда шығатын барлық жылдық есепке анализ жасап отырады, оның ішінде ESG мәліметтерді ашып көрсету де бағаланады. ESG тармақтары ішінде қаржылық емес сектор бойынша мейлінше ашық көрсетіліп жүрген ақпарат қатарында экологиялық мәселелер бар, соның ішінде тау-кен мен металлургия өнеркәсібі және энергетикалық компанияларды атап өтуге болады.

Мұның бір себебі көптеген өнеркәсіптік компанияның негізгі экологиялық көрсеткіштерге (атмосфераға шығаратын қалдықтар) мониторинг жасап, реттеушілерге өткізуге мәжбүр екені болуы мүмкін. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы компаниялар үшін мұны көпшілік үшін ашық есепке кіргізу еш қиындық тудырмағанымен, қаржылық сектор, соның ішінде коммерциялық банктер экологиялық мәселелер бойынша мәліметтерді ашып көрсетуде әлі де артты қалып отыр.

Мұның да себебін іздеп көруге болады. Қаржылық сектор өкілдерінің экологияға әсер-ықпалын бұған дейін ешкім, ешқандай жолмен бағаламаған, сондықтан олар мұндай мәліметтерді ашып көрсетуге дайын болмауы мүмкін. Экология тақырыбы бойынша қазақстандық бизнес климаттың өзгеруінің бизнес-модельге ықпалы және төменгі көмірсутекті экономикаға көшуді қолдау стандарттарын әлі қабылдай қойған жоқ. Бұл тақырып қазір жаһандық нарықтағы компаниялардың есебінде басымдыққа ие, ал қазақстандық бизнес үшін жаңалық болып қалып отыр.

Әлеуметтік мәселе бойынша қазақстандық компаниялар көбінесе персоналды басқару жағын ашық көрсетеді. Бұл әділетті де, өйткені көптеген компания үшін кадр саясаты қоғамға ықпал етудің негізгі аспектісі болып саналады.

Қазақстанда түрлі әлеуметтік топтағы қызметкерлерді, мысалы, гендер және жас жағынан теңдей мүмкіндікпен қамтамасыз ету деген атымен жоқ деуге болады.

Қазақстанда кейбір компаниялар бұл бағыттағы көрсеткіштерін көрсетуге тырысады, бірақ одан шын мәнінде теңдей мүмкіндік беру саясаты көрінбейді, ал жаһандық нарықта бұл негізгі басымдықтың бірі.

ESG мәліметтерді ашық көрсеткен жағдайда корпоративтік басқару саласын жария етуде эксперттер мен инвесторларды бірінші кезекте әлеуметтік және экологиялық мәселелер (E&S) топ-менеджменттің жұмысында қаншалықты көрініс тапқаны қызықтырады. Мысалы, компанияның директорлар кеңесі мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас барысында неге сүйенеді, ол тараптардың мүддесі қорғалатындай шешім шығару үшін не істейді? Компанияда экологиялық мәселе бойынша шешімді кім қабылдайды, менеджменттің жұмыс нәтижесі қалай қадағаланады? Тағы да қайталап айтайық, жекелеген талпыныстарға қарамастан, мұндай элементтерді ашып көрсету үнемі нәтижелі емес, E&S мәселелеріне менеджмент әдетте мүлдем назар аудармайды.

Енді ең негізгі мәселеге тоқталсақ. ESG мәліметтерін ашу сапасы қандай? Мейлінше ашық көрсетудің артында әрдайым бизнес тәжірибенің деңгейі жоғары екенін көруге болады. Компанияда әлеуметтік, экологиялық және басқару мәселелері бойынша тәуекелді бағалау механизмдері жоқ болса, бұл тақырып бойынша есеп те дұрыс болмайды.

Әлемдік нарықта тұрақты инвестицияның өсіміне қатысты қиындықтар бар екеніне қарамастан, қазіргі тренд белгілі, сондықтан инвесторлардың назары қаржылық ақпараттан қаржылық емес ақпаратқа қарау ойысқанын енді өзгерту қиын. Сондықтан бизнес корпоративтік есеп беру жағынан мейлінше ашық болып, әрекетке де неғұрлым ерте көшкені дұрыс.

The post Тұрақтылық тренді: Қазақстанда ESG мәліметтерін кім және қалай жариялап жүр? appeared first on Ekonomist.

Ашықтық: жылдық есеп экономикадағы транспаренттілікке алып келеді
Бизнестің дамуының белгілі бір кезеңінде ашықтық немесе айқындық табысқа жетудің маңызды факторына айналады, өйткені ол көптеген мүдделі тараптың ұйымға сенімін қалыптастырады. Ал бизнестің болашағы осы сенімге байланысты.

Жылдық есеп – корпоративтік ашықтықты қамтамасыз етудің негізгі құралы.

Құжат компанияларға қызметінің түрлі аспектісін ашып көрсетуге және түрлі аудиторияға (стейкхолдерлерге) қажетті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Компаниялар жылдық есебінде қызметінің операциялық және қаржылық нәтижесін айтып қана қоймай, корпоративтік басқару мен қатерлерді басқару, бизнес үлгі мен стратегия, персоналды басқару мәселелері, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұстанымын да жария етеді.

Соңғы бір-екі жылдықта Қазақстанда 100-150 компания жылдық есебін дайындайды. Он жыл бұрын олардың саны әлдеқайда аз болатын. 2014 жылы Қазақстан қор биржасы (KASE) көптеген листинг компания үшін жылдық есеп дайындауды талап ете бастағаннан бері жағдай айтарлықтай өзгерді.

Мемлекеттік, жекеменшік және басқа компаниялар

QRA рейтинг агенттігі (бұрынғы «Эксперт РА Казахстан») жыл сайын елімізде жарияланған жылдық есептерді бағалап, жылдық есептердің рейтингін жариялайды. Онда компаниялар есеп мазмұнына және ақпаратты ашып көрсету сапасына қарай бағаланады.

Соңғы жылдары жылдық есеп рейтингінде айтарлықтай тұрақты иерархия қалыптасты. Көшбасшылар арасында ең алдымен капиталында мемлекеттің қатысы бар компаниялар көзге түседі. Жекеменшік компаниялармен салыстырғанда, квазимемлекеттік сектор өкілдері ашықтықты дамытуда айтарлықтай табысқа қол жеткізіп отыр.

2019 жылғы (2018 жылдың қорытындысы бойынша) 20 үздік жылдық есептің ішінде 12 компания түрлі мемлекеттік холдингке кіреді, алғашқы ондықтағы олардың саны – 8.

Тағы бір көшбасшы топ – ашықтықтың артықшылығын көріп, жылдық есебімен жұмыс істеп жатқан жеке компаниялар. Бұл компаниялар қазақстандық реттеушінікінен де жоғары талапқа жауап бере алады. Кей жағдайда мұны акционерлер мен инвесторлар талап етеді (немесе компаниялар шетелдің капитал нарығына шығады), ал кей жағдайда бұл менеджменттің бастамасы. Үшіншіден, жылдық есеп маркетинг құралы ретінде де пайдаланылады. Өйткені ақпаратты ашып көрсету клиенттерге жол табуға көмектеседі әрі жылдық есеп бренд қалыптастырудың да бір құралы.

Былтыр жылдық есеп бойынша көшбасшы «Қазатомөнеркәсіп» болды. Бұл «Самрұқ-Қазына» холдингінің өкілі, мұнда корпоративтік есептілікке қойылатын ішкі талаптар жоғары. Оған қоса, компания 2018 жылы Лондон қор биржасында листинг жасаған, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу де компаниядағы ашықтық деңгейін жаңа сапаға көтеруге ықпал етті. Екінші орында KAZ Minerals PLC жекеменшік компаниясы тұр, оның да LSE-де листингі бар. Үшінші орында – «ҚазТрансОйл», бұл да «Самрұқ-Қазына» құрамына кіреді, бұл компанияның құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының нарығында.

Жылдық есеп жасайтын компаниялардың үшінші тобы және осы топтағы ең көп үлеске ие компаниялар – KASE-нің ең төменгі талаптарына жауап беруге тырысатындар. Бұл компаниялардың жылдық есебін озық деп айту қиын, дегенмен олар тек қаржылық есебін ғана жариялайтын немесе көпшілікке ешқандай корпоративтік есеп бермейтін компаниялармен салыстырғанда, мейлінше жоғары ашықтық көрсетеді.

Тұрақты дамуға мән беру

Соңғы жылдары жылдық есептің мазмұнындағы маңызды тренд тұрақты даму мәселесі бойынша ақпаратты ашық көрсетудің жаңа деңгейге көтерілуі болып отыр. Яғни, компания қызметінің сыртқы ортамен және барлық мүдделі тараппен өзара қарым-қатынасын жария ету, соның ішінде әлеуметтік саясат пен персоналды басқару, қоршаған ортаны қорғау, экономикаға қосылған үлес, тасымалдаушылармен және клиенттермен жұмыс туралы ақпаратты ашық көрсету. Корпоративтік тарихтың бұл маңызды бөлігін қазақстандық компаниялар көп уақыт бойы мүлдем көрсетпейтін немесе (тек қана қаржылық есеп тапсыру талабы болған уақытта) оны сапасыз жасайтын.

Дамыған нарықта (әсіресе Еуропада) қаржылық емес ақпарат инвесторлар мен стейкхолдерлер тарапынан айрықша сұранысқа ие, өйткені олар бұған дейін ешкім есепке алмаған кейбір қатерлер осы тұста бұғып жатуы мүмкін деп есептейді.

Тұрақты даму туралы ақпаратты ашық көрсету әзірге жаппай сипат алған жоқ: оны негізінен жылдық есеп дайындау бойынша отандық көшбасшы компаниялар жариялайды.

Бұл ақпаратты ашып көрсетудің халықаралық стандарттарға жауап беруге, соның ішінде, мысалы, GRI (GRI Standards) стандартына жауап беруге көмегі зор. Жылдық есеп рейтингіндегі топ-10 компанияның 7-еуі қаржылық емес ақпараттың сапасын арттыру үшін GRI стандарттарын қолданған екен. Тұрақты даму туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетпейінше, сапалы корпоративтік есеп жасау мүмкін емес.

Дегенмен, қазақстандық көшбасшы компанияларға әлі де дамуға тура келеді, олар шетелдік бенчмаркке жеткен жоқ. Шетелдік тәжірибе корпоративтік ашықтық пен жылдық есептің сапасы әдетте реттеушінің қысымымен дамитынын көрсетіп отыр. Қазақстанда негізгі талап қоюшы – KASE, ол соңғы бірнеше жылда листинг компаниялар үшін ақпаратты ашық көрсетудің сапасын көтеру бағытында жұмыс істеп келеді.

Дегенмен, Қазақстан әлі де біраз жұмыс істеуі керек. ҚР заңнамасы бойынша, жария мүддесі бар барлық компания Қаржылық есеп депозитарийінде (ҚЕД) қаржылық есебін жариялауға міндетті.

Жария мүддесі бар барлық компаниядан жылдық есеп жасауды талап ету ұлттық экономиканың ашықтық деңгейін айтарлықтай көтеріп, бизнес ортаның есептілігі мен ашықтығына жол ашар еді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша топ-20 жылдық есеп

(Рейтингті жасау кезінде ақпаратты ашып көрсету сапасы мен құжаттардың мазмұны бағаланды)

Орны

Компания

Есеп рейтингі

Есеп класы

1

«Қазатомөнеркәсіп»

8,7

А

2

KAZ Minerals PLC

8,7

А

3

«ҚазТрансОйл»

8,4

А

4

«ҚазМұнайГаз»

7,8

В+

5

«Самрұқ-Энерго»

7,6

В+

6

NOSTRUM OIL & GAS PLC

7,4

В+

7

«Тау-Кен Самрұқ»

7,2

В+

8

KEGOC

7,2

В+

9

«Бәйтерек» ҰБХ

7,1

В+

10

«Эйр Астана»

7,0

В+

11

Қазақстан даму банкі

6,8

В

12

«ҚазАгроФинанс»

6,7

В

13

«Орталық Азия электр энергетикасы корпорациясы»

6,6

В

14

Mega Center Management

6,4

В

15

«Қазақстан коммуналдық желілері»

6,2

В

16

«Солтүстікқазэнерго»

6,2

В

17

«Қазақтелеком»

6,1

В

18

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ

6,1

В

19

ForteBank

6,1

В

20

«Павлодарэнерго»

6,1

В

Дереккөз: QRA

The post Ашықтық: жылдық есеп экономикадағы транспаренттілікке алып келеді appeared first on Ekonomist.