Серик Жаксылыков - эксперт Ekonomist.kz

Қазақстандағы урбандалу: басымдықтар өзгерісі
2020 жылды күз айында ел президенті аумақтық даму саясатына жеке көңіл бөлген өз жолдауында Қазақстандағы урбандалу туралы: «Өңірлік дамуға жаңа көзқарас урбандалу процесін басқаруға, «көші-қон толқындарының» кезеңділігін қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халықтың шектен тыс орналасуы мен әлеуметтік шиеленістің алдын алуға мүмкіндік береді», – деді.

Жолдауда айтылған басымдықтар күтпеген жерден бағыт өзгертуге ұқсайды: КСРО ыдырағалы бері іс жүзінде қозғалыссыз тұрған урбандалу қарқынын арттырудың орнына, енді ауылдық жерлерден қалаға көшу процесін тежеуге басымдық беріледі. Ал урбандалуды қалалардағы шамадан тыс халық қоныстану қаупі ретінде қарастырады. Басымдықтардың бұлай өзгеруінің күтпеген шешім екенінің екі себебі бар сияқты.

Біріншіден, жаңа басымдықтар бірер жыл бұрын қабылданған Аумақтарды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына біршама қайшы келеді. Ол бойынша басты индикаторлардың бірі урбандалу деңгейі деп көрсетілген. Осы бағдарламаға сәйкес 2025 жылы қала халқының үлесі 62,6% болуға тиіс.

Екіншіден, қазіргі әлемде экономикалық даму жоғары деңгейде урбандалумен тығыз байланысты деп саналады. ЭЫДҰ елдерінде урбандалу деңгейі 77%, ал Қазақстанда 58,7% ғана. Егер Қазақстан Республикасы әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ұмтылса, онда ел билігі Қазақстандағы урбандалудың жеткілікті жоғары қарқынын ұстап тұру қажет екенін ескеруі тиіс.

Басымдықтарды өзгертіп жатқан биліктің көздеген логикасы мен дәйектерін жақсы түсіну Парламент депутаты А.Қоңыровың айтқан сөздердін тыңдау керек. Ол 2019 жылғы желтоқсан айында мемлекеттік бағдарлама қабылданар алдында премьер-министрге сауал жолдаған болатын. Ондай былай деген:

«Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын әзірледі, онда бұрынғы басымдықтар — урбандалу, ірі агломерацияларды және тірек елді мекендерді дамыту қалған. «Халық коммунистері» фракциясы қазіргі жағдайда бұл міндеттер өзекті емес деп санайды. Урбандалу көрсеткіші бойынша жарыс негізсіз, өйткені оның артында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру міндеті қалып барады.

Қазіргі уақытта аймақтық саясаттың нақты проблемасы қала халқының аздығында емес, шашыраңқы дамуында. Қазақстандағы урбандалу курсы бұған көп ықпал етті. Ішкі көші-қон процестері іс жүзінде реттеуден шығып кетті. Урбандалу экономикалық қана емес, әлеуметтік те процесс екенін түсіну керек. Ірі қалалардың барлығына дерлік өзекті әлеуметтік проблемалар қордаланған, жартылай ауылдық-жартылай қалалық елді мекендер бар. Анық етіп атар болсақ, бұл – «кедейлік белдеулері».

Біз урбандалуды арттыруға тырысамыз, бірақ адамдар өзі қалаған жерде өмір сүргісі келеді. Бұған ірі қалалардағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға деген ұзын-сонар кезек куә. Екінші жағынан, халықтың ауылдық жерлерден копарыла көшуі құлдырауға алып келеді. Бұл «жарылмай қоймайтын бомба».

«Халық коммунистері» фракциясы Өңірлерді дамыту бағдарламасының жаңа кезеңін жоспарлау кезінде түзетулер енгізу қажет деп санайды. Урбандалу деңгейі мақсатты индикатор болмауы тиіс. Бағдарлама «кедейлік белдеулері», ЖТҚ үшін жер телімдерінің жетіспеуі, ауылдың құлдырауының алдын алу, ауылды қалпына келтіру және шағын шаруашылықтарды қолдау мәселелерін шешу жөнінде нақты шаралар ұсынуы тиіс».

Бұл сөздерден көрініп тұрғандай, депутат ішкі мигранттардың ірі қалаларға ағынынан туындаған кедейліктің өсу қаупіне байланысты ғана емес, урбандалуды ынталандыру басымдығын да сынға алады. Ол әлі де ауылдық жерлердің құлдырауына қарсы. «Жаңа» әдісті жақтаушылар мұнымен қатар ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне де жүгінеді. Олардың пікірінше, шекара маңындағы аумақтардағы депопуляция ұлттық қауіпсіздікке стратегиялық қауіп төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар, егер статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, онда депутаттың ескертулері негізсіз емес екені көрінеді.

29 жыл ішінде (1991 жылдан 2020 жылға дейін) урбандалу деңгейі шамамен 1,5%-ға, 57,3%-дан 58,7%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ 2020-2025 жылдарға арналған аумақтық даму мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторына қол жеткізу екіталай болып көрінеді: Қазақстандағы урбандалу деңгейі 5 жыл ішінде шамамен 3%-ға өсуге тиіс, яғни жоспар урбандалу деңгейінің өсу қарқынын 10 еседен астам арттыруды көздейді.

Кедейлер ауданының проблемасын көтеретіндей, елдің ең ірі қалаларының халқы бұлай тез және ретсіз өскен жоқ. Қазақстан қалаларында мұндай аудандарды мысал деп көрсете алмаймыз. Ірі қалалардың айналасында қала маңындағы елді мекендер қалыптасады. Ондағы өмір сүру деңгейі негізгі қалалардағы өмірге қарама-қайшылау, бірақ оларды жоқшылық жайлаған жерлер немесе «кедейлік белдеуі» деп атауға болмайды. Сонымен қатар олар өмір сүру сапасы көрсеткіштері бойынша көптеген ауылдық елді мекендерден ерекшеленбейді.

Ірі шаһарлардың жанында жылдам жайылып келе жатқан қала маңы халқы өздері тастап келген ауылдарда емес, осында тұруды жөн көргендер. Бұл қала маңындағы халық өсіп-өнуге алыс түкпірдегі елді мекен емес, осы жер қолайлы деп санайды. Ол ірі қалаларға тартылу нәтижесі, агломерация әсерінің элементі.

Елдің оңтүстігі мен батысындағы ауылдық жерлердегі халық санының динамикасы барлық ауыл халқы қалаға көшуге асықпайды дегенді білдіреді. Жоғарыда көрсетілгендей, елдің оңтүстігінде бірнеше ондаған мың адамнан тұратын ауылдар құрылды. Бұл дегеніңіз үлкен елді мекендер, олар халық саны бойынша елдің көптеген шағын қалаларын басып озды. Бірақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, мемлекеттік әкімшілік басқару ауылдікі болып қала береді. Мұндай алып химера ауылдар ірі қалалардың айналасындағы ауылдардың көші-қон әлеуетін сіңіре алмауының қандай нәтижеге әкелетінін жақсы көрсетеді.

Қорытынды

Осылайша, біз шығаратын қорытынды: біріншіден, аумақтарды дамытуға деген «жаңа» көзқараста Үкіметтің экономиканың өсу қарқынының баяулауына реакциясы байқалады. Егер ірі қалалар жаңа жұмыс орындарын ашуды тоқтатса, қалалар мен қала маңында кедейшілік өсе бастаса кез келген уақытта әлеуметтік толқулар болуы мүмкін.

Сондықтан, үкіметтің логикасы бойынша, қалаға ағылған ішкі көші-қонды ол пайда болған жерде, яғни ауылдық жерлер мен шағын және моноқалалардың өзінде тоқтатқан дұрыс.

Екіншіден, ел билігі аумақтарды дамытудың кеңестік моделінен бас тартуға дайын емес сияқты. Ол кезде кен алу, көлік тораптары, әскери нысандар сияқты т. б. өндіріс орындары айналасында орналасқан  шағын және орта қалаларға басымдық берілетін. Кеңес одағы тарағалы отыз жылға жуық уақыт өтсе де Қазақстан билігі өмір сүру деңгейі мен сапасы төмен және халық саны қысқарып келе жатқан моноқалалар проблемасын шеше алмады.

Үшіншіден, «жаңа ұстаным» урбандалуды ұлғайту саясатының нәтижесіздеу болғанына байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Шамамен 30 жыл ішінде Қазақстандағы урбандалу деңгейі (1991 жылдан 2020 жылға дейін) 1,5%-ға өсті. Басқаша айтқанда, олар тиімсіз саясаттан бас тартуды шешті.

Бұның үстіне, аумақтарды дамытудың «жаңа» саясатындағы басымдықтардың өзгеру мәнін неғұрлым толық түсіну үшін жоғарыда жазып кеткен Парламент депутатының сөзіне оралуға болады. 2020-2025 жылдарға арналған аумақтық дамудың мемлекеттік бағдарламасын кім сынға алғанына назар аударыңыз. Ол – «Халық коммунистері» фракциясы. Мұндай сын, мысалы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан айтылса, тіптен қисынсыз болар еді.

Басымдықтың бұлай өзгеруінің себептерін сенімі түрде былай деп болжауға болады.

1. Ірі қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының баяу дамуы ішкі мигранттар ағынынан туындайтын тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім берудегі сұранысты қамтамасыз етіп үлгермейді.

2. Бір жағынан ірі қалалар мен ауылдар, екінші жағынан шағын және орта қалалар арасындағы өмір сүру сапасының алшақтығы артып келеді.

3. Экономика қарқынының қысқаруы салдарынан республикалық бюджет қаражаты ірі қалалар мен облыс орталықтарының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жылдам қарқынмен дамытуға және сонымен бір мезгілде ауылдық жерлер мен шағын қалаларда өмір сүру сапасының стандарттарын көтеруге жетпейтін болады.

Урбанизация және аумақты дамыту саясаты саласындағы ұсыныстарды әртүрлі халықаралық даму ұйымдары (ЭЫДҰ, ДБ, БҰҰ ДБ)  да ұсынған. Олардың барлығы дерлік өзекті болып қала береді. Аумақтық даму саясатындағы басымдықтардың өзгеруіне келер болсақ, мұнда бір басты ой туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі әлемдегі экономикалық даму қандай жолмен болса да урбандалудың жоғары деңгейімен байланысты. Ендеше Қазақстанға урбандалу қарқынын арттыру қажет, өйткені посткеңестік Қазақстанда 30 жылға жуық байқалған динамиканы қарасақ, 2050 жылға қарай урбандалу деңгейі 70%-ға жетпейтінін көруге болады.

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру және шағын және моноқалаларды дотациялау есебінен урбандалу қарқынын арттырудан бас тарту – елдің экономикалық даму міндетін шешуді кейінге қалдырғанын ғана білдіреді. Басқаша айтқанда, ел үкіметі бірізділікті сақтап, Қазақстандағы урбандалу жылдамдығын арттыруға тырысуы керек. Кеңес кезіндегі аумақтық даму моделінен шешім іздеуге тырысып, одан бас тартпауы керек.

Мақала автор жүргізген зерттеу негізінде дайындалған.

The post Қазақстандағы урбандалу: басымдықтар өзгерісі appeared first on Ekonomist.

Оңтүстіктегі аса үлкен ауылдар: саясаттың экономикадан басымдығы
Соңғы кездері Түркістан облысының ауыл жерлерінде, мысалы, Сарыағаш ауданында болған еліміздің солтүстік облыстарынан келген азаматтардың өсіп-өнген, халық көп қоныстанған ауылдардың түрінен туындаған таңданысын жиі байқауға болады.

«Кейде көптеген шақырымдағы жолдың бойында бірінен кейін бірі орналасқан ауылдардан өтіп бара жатсаң, барлық жерде тұрғындардың өте көп шоғырланғандығы көрініп тұрады».

Олардың таңдануы түсінікті де — солтүстікте халықтың саны көп жылдан бері қысқарып келеді және бұл, ең алдымен, бірінен кейін бірі ресми түрде «есептік деректерден қысқарған және алынып тасталған» деп танылған ауыл мысалынан білінеді.

Қазақстандықтардың көпшілігі Түркістан облысының кейбір ауылдары қандай үлкен ауқымға қол жеткізіп отырғанын біле бермейтін сияқты. Мысалы, жергілікті аудан әкімшіліктерінің бағалауы бойынша, 2018 жылы Қарабұлақ ауылының тұрғындары — 47 мыңнан аса адам, Ақсукент ауылының тұрғындары — 32 мыңнан астам адам, Шұбарсу ауылының тұрғындары — 21 мыңнан астам адамды құрады. Жалпы алғанда, облыста 50-ге жуық ауыл бар, олардың тұрғындары 10 мың адамнан асады.

Төменде келтірілген диаграммаларда (1-сурет және 2-сурет) Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыл тұрғындарының таралу динамикасы жақсы көрініс тапқан.

2009 жылға қарай Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ауыл тұрғындарының жартысынан астамы (56%) 10 мыңнан астам халқы бар ауылдарда тұрып жатты.

Халық санының едәуір өсуі (өткен кезеңге пайызбен) 10 мыңнан астам халқы бар ауылдарда орын алды, мұнда он жыл ішінде халық 60%-ке өсті (3-сурет). Бұл, ең алдымен, мұндай ауылдарда халықтың кәдімгі ауылдарда болатындай қалалық елді мекендерге тұрақты түрде көшуінің болмауымен байланысты.

Осындай ауқымдағы мәселелердің мәнін көрсету үшін оларды экономикасы да ауыл шаруашылығы бағытындағы Солтүстік Қазақстан облысының қалаларымен салыстыруға болады. Солтүстік Қазақстан облысында бар-жоғы 5 қала бар, 2018 жылы оның ішіндегі 4-нің халық саны Оңтүстік Қазақстан облысының үлкен ауылдарынан айтарлықтай аз болды: Тайынша — 11,501 адам, Булаев — 7,742 адам, Сергеевка — 7,686 адам, Мамлютка — 6,866 адам.

Осыдан «Неге елде бір мезгілде 10 мың адамнан аз халқы бар қалалар және бірнеше ондаған мың адамнан тұратын халқы бар ауылдар бар?» деген сұрақ туындайтыны заңды.

Бұл ретте елді мекеннің мәртебесіне, оны әкімшілендіруге және шекараларға қатысты шешімдер аумақты дамытудың бірыңғай жоспарының бір бөлігі болып табылады. Себебі шешімдер орталық деңгейінде қабылданады. Билік жауабы белгілі: қала мәртебесін алу үшін елді мекен келесі өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

елді мекен халқының саны 10 мың адамнан асуы тиіс;

халықтың 2/3 бөлігін ауыл шаруашылығы емес кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері құрауы тиіс.

Нәтижесінде, халық саны 20 мың адамнан асып кететін, бірақ олардың жергілікті мемлекеттік басқару және даму жоспарлары әдеттегі екі-үш мың тұрғындары бар ауылдардағыдай болатын көптеген ауылдарға ие боламыз.

Басты сұрақтар

Әрине, басты мәселе елді мекеннің қала немесе ауыл болатын мәртебесінде емес. Келесі сұрақтар маңыздырақ болып табылады:

Біздің билік аса үлкен ауылдардың болашағын қалай көреді?

Ауыл қандай мөлшерге дейін өседі?

Оларды, тіпті аппараттың бірнеше ұлғайтылған штатымен болса да, қай уақытқа дейін ауылдық округ әкімдері басқарады?

Бірақ осы сұрақтарға жауап берудің алдында елді мекендердің мәртебесі мен көлемінің мәселесі неге маңызды екенін түсіндіру керек.

Біріншіден, аса үлкен ауылдардың мәселелерін шешу үшін бұрын және дәл аса үлкен ауылдарда көрініс тапқан мемлекеттік жер саясатын реформалау қажеттілігі бар. Қазір қалыптасқан жер қатынастары жүйесі осы ауылдардан табылған сын-тегеуріндерге жауап бермейді.  Аса үлкен ауылдарды одан әрі дамытуға жер саясаты тұрғысынан келесі факторлар әсер етеді.

Бірінші фактор: тұрғындар саны қатты өскен ауылдарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жетіспеуі аса қатты сезіледі. Ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға болатын іргелес жерлер (егістік, жайылым, шабындық) өсіп келе жатқан халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жетіспейді. Ауылдық округтер үшін стандартты ауыл шаруашылығы жерінің ауданы бірнеше ондаған мың адам халқы бар ауылдарға жеткіліксіз екені анық. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерсіз аса үлкен ауылдардың экономикасы таза аграрлық болудан қалады.

Екінші фактор: аса үлкен ауылдарда тұрғын үй құрылысы үшін жер тапшылығының күрделі мәселесі байқалады. Бір сәтте жергілікті биліктің тұрғындарға тұрғын үй салу үшін жер телімдерін бере алмайтыны анық болды. Қазір елімізде жер телімдерін бөлуге мораторий енгізілген, бірақ жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аса үлкен ауылдарда бұл мәселе бұрыннан өзекті болып саналады. Мұндай ауылдарда көп қабатты тұрғын үйлер салу қажеттілігі баяғыдан бар.

Аса үлкен ауылдардың тағы бір маңызды ерекшелігі ‒ олардың еңбек нарығының құрылымы. Ауыл шаруашылығы тез өсіп келе жатқан халықтың ұсынысын қанағаттандыратын жұмыс күшіне сұраныс жасай алмайды. Сондықтан аса үлкен ауылдардағы еңбек нарығы әдеттегі ауылдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Нәтижесінде аса үлкен ауылдарға экономиканың ауыл шаруашылығы емес салаларының ‒ ұсақ өндіріс, сауда, қызмет көрсетудің дамуы тән болып келеді.

Аса үлкен ауылдарда орын алатын бірқатар ерекше сын-тегеуріндер де бар:

жергілікті мемлекеттік басқарудың ауылдық моделі халықтың көлеміне сәйкес келмейді;

халықтың неғұрлым жоғары кеңістіктік ұтқырлығы (маятникті көші-қон);

әлеуметтік теңсіздіктің айқынырақ білінуі;

әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен жүктеме.

Демографияның рөлі қандай?

Көрсетілген мәселелердің негізі халықтың тұрақты жоғары өсімі және қарапайым ауылдарымен салыстырғанда әлсіз болатын көшу сияқты демографиялық процестер болып табылады.

Дүниежүзілік банктің экономистері Орталық Азия елдеріндегі урбанизацияға арналған өз зерттеулерінде қазіргі уақытта бұл үдеріс өзінің ерте, бірінші сатысынан өтуде деген қорытындыға келеді. Онда ауыл экономикасының қалалық, негізінен, аграрлық экономиканың индустриялдық экономикаға ауысуы орын алып отыр.

Халық санын көбейтуді жалғастыра отырып, аса үлкен ауылдар Түркістан және Алматы облыстарындағыдай кіші қалаларға тән сипаттарға ие болады. Олар ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығынан тыс қызметті ұсына алады, жақын маңдағы үлкен қаланы толтыра алмайтын тауашаларға ие болуға  мүмкіндік береді. Бірақ мемлекеттің ерік-жігері мен мүмкіндіктеріне байланысты қаланың белгілері бұрынғысынша ауылдық болып қалады, бұл, бірінші кезекте, инженерлік инфрақұрылым ‒ кәріз жүйесі, орталық жылыту, сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымның кейбір нысандарына қатысты.

Аса үлкен ауылдардың бағыты мен даму қарқыны жергілікті экономикаға, жергілікті билікке, ең бастысы, жергілікті халыққа пайда да, зиян да әкелуі мүмкін. Біздің саяси жүйеміздің жағдайында және республикалық бюджеттен берілетін трансферттерге тәуелділікте аса үлкен ауылдарды дамыту, көбінесе, биліктің осы мәселеге деген көзқарасына байланысты болады.

Бірақ қазақстандық билікте халқы жиырма-отыз мыңнан асқан және одан әрі өсіп жатқан ауылдық елді мекендерді дамытуда нақты жоспары жоқ сияқты. Мемлекеттік бағдарламада аса үлкен ауылдарды дамытуға жеке амал жоқ. Мемлекет аса үлкен ауылдар феноменінен, бірінші кезекте, экономикалық заңдылықтар мен келешегі емес, саяси тәуекелдер мен сын-тегеуріндерді  көреді.

Осы мақаланың авторына пікірімен бөліскен Шымкенттің кейбір сарапшыларының пікірінше, 50 мыңға жуық адам тұратын Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылының ауыл болып қалу ықтималдығы жоғары болып тұр. Бұл елді мекеннің халқын толықтай дерлік этникалық өзбектер құрайды және биліктің пікірінше, қаланың мәртебесі жергілікті басқарудағы қандай да бір ерекше жағдайлар талаптарын ұсыну үшін негіз бола алады.

Осындай тағы бір мысал ‒ тұрғындар саны 30 мыңнан асатын Алматы облысындағы Шелек ауылы. Мұндағы халықтың көпшілігі ұйғырлар. 1997 жылы Шелектен аудандық орталық мәртебесі алынды. Бұл жағдайда этносаралық қатынастардың мемлекеттік саясаты елді мекеннің мәртебесін айқындайды деп пайымдауға негіз бар.

Қорытындылар

Қазіргі уақытта орталық және жергілікті билік аса үлкен ауылдарды жұмыс күші мол елді мекендер ретінде қарастырады. Артық жұмфс күштері жұмыссыздықтың, кедейліктің жоғары деңгейіне және наразылық көңіл-күйді тарату қаупіне алып келеді.

Қазақстандық билік солтүстік облыстардың қысқарып жатқан халқы аясында (осы өңірлер еңбек тапшылығы бар деп саналады) қоныстандырудың бұл әртүрлілігі оңтүстіктен солтүстікке, тіпті облыстың бір аудандарынан басқаларына көші-қонды итермелеу арқылы мемлекеттің тікелей араласуын қажет етеді деп санайды. Елімізде қабылданған арнайы бағдарламаның аясында солтүстік облыстардағы бос орындар туралы ақпарат жиналып және содан кейін бұл деректерді оңтүстік облыстардағы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің  жергілікті орталықтары арқылы таратады. Алайда бұл саясат әлі өзінің тиімділігін көрсеткен жоқ.

The post Оңтүстіктегі аса үлкен ауылдар: саясаттың экономикадан басымдығы appeared first on Ekonomist.