Сергей Домнин

Қазақстандағы лизинг нарығы қалай дамып барады?
Мария Галушко

Елдегі экономикалық көрсеткіштердің күрт төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда лизинг нарығының портфелі 2020 жылы 752 млрд теңге болды. Лизингтің жаңа нарығының көлемі (жыл ішінде лизинг алушыларға берілген лизингтік техникалар құны) 29%-ға ұлғайып, 393 млрд теңгеге жетті. Бұл деректерді Kursiv Research экономикалық шолушы Сергей Домнин жүргізген қазақстандық лизинг нарығын зерттеу аясында алды. Ekonomist.kz-ке берген сұхбатында сарапшы Қазақстандағы лизинг нарығының өсуіне не әсер еткенін және неліктен бұл механизм бизнесті ынталандыруда маңызды болып саналатынын айтты.

«Бұл нарық қарқынды өсіп келеді және әлеуеті зор. Бұл ретте 25 жыл ішінде алғаш рет Қазақстан экономикасы күрт құлдыраса да, лизинг нарығы өсіп жатқанын ескеру қажет. Қазақстанның ЖІӨ 2020 жылы 2,6%-ға төмендеді, ал лизингтік компаниялардың несие қоржыны 32%-ға өсті», – деп атап өтті Сергей Домнин.

Ekonomist: Сергей, неге лизинг бизнесті ынталандыруда маңызды механизм болып саналады?

– Лизинг алушылар арасында 48%-ы шағын бизнес, 9%-ы орта бизнес, яғни олар несие қоржынының жартысынан көбін құрайды. Шағын және орта бизнес үшін лизинг – техника мен жабдық сатып алу керек болған жағдайда несиенің орнына жақсы балама. Егер бұл операциялық лизинг болса, лизинг алушы негізгі қаражатты балансқа салмай, одан алынатын салықтарды төлемей, жалдау ақысын ғана өтейді. Егер қаржылық лизинг болса, кәсіпкерге мұндай мәміле артық төлемінің аздығы мен салық төлемдерінің оңтайлы болуы арқасында несиеге қарағанда арзан түседі.

Лизинг – Қазақстанда мемлекет тарапынан белсенді субсидияланатын құрал. Кез келген компания және барлық қызмет саласы несие ала алмайды. Мысалы, азық-түлік шығарушылар сауда компанияларына қарағанда субсидияланған несиеге оңай қол жеткізе алады. Ал егер субсидияланатын жеңіл коммерциялық техника лизингі туралы айтатын болсақ, сауда компаниясының мұндай жеңіл лизингті алу мүмкіндігі жоғары.

Ekonomist: Лизинг нарығындағы квазимемлекеттік және жеке компаниялардың үлесі қандай? Олар қандай бағыттармен жұмыс істейді?

– Қазақстан нарығында 20-ға жуық лизинг компаниясы жұмыс істейді. Ең дұрысы, мұндай компаниялар капитал үшін бәсекелесуі керек. Кім арзан қаражат тарта алса, нарықты сол жаулай алады. Сондай-ақ, бәсекелестіктегі артықшылық – жеткізушілер желісі және олармен жұмыс істеу ерекшелігінде. Қазақстанда бұған мөлшерлемені субсидиялайтын мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділік те қосылады. Қазір нарықта екі мемлекеттік ойыншы басым рөлде. Олар – Өнеркәсіпті дамыту қоры (өңдеу өнеркәсібі) және ҚазАгроҚаржы (агроөнеркәсіптік кешен). 2020 жылға арналған деректер бойынша олар биылғы несие қоржынының 97%-ына ие.

Мемлекеттік ойыншылардың басты артықшылығы – капитал тарта алуында. Әдетте, олардың қаржы қорының негізгі бөлігі бюджет қаражаты немесе бас компаниялардың теріс мөлшерлемелер бойынша (инфляция деңгейінен төмен) қарыздары болып келеді. Қаражат нарықтан да тартылуда, бірақ мемлекеттік компаниялардың жоғары рейтингіне байланысты олардың құны жеке компанияларға қарағанда төмен. Бұл оларға нарық сомасымен капитал тартатын жеке ойыншыларға қарағанда артықшылық береді. Нәтижесінде олардың клиенттері көп, қоржыны кең және мәмілесі мол. Бұл жерде мемлекеттік лизинг компанияларының жұмысы жекелеген салалардағы экономикалық дамуға бағытталғанын, сондықтан олардың кейбір шектеуі де бар екенін мойындау керек.

Құқықтық режим мен реттеудің барлық артықшылығы мен кемшілігі барша лизинг компаниясына ортақ. Тікелей мемлекеттің қолдауының арқасында лизинг – қызмет және қаржы өнімі ретінде Қазақстанда кеңінен таралуда. Осыған байланысты кәсіпкерлер арасында осы қызмет туралы насихат кеңейіп, қолжетімділік артуда. Бұл – нарықтағы барлық ойыншы үшін оң жағдай жасайды, яғни жаңа ойыншылар пайда болады.

Ekonomist: Алматыдағы лизинг туралы айтсақ, қаладағы мәмілелер көрсеткіші қандай және қай салаларда?

– 2020 жылдың қорытындысына келсек, Алматы мәмілелер бойынша алтыншы орында тұр. Жаңа лизинг нарығының құрылымында көлем бойынша бұл қалаға мәмілелердің 5%-ға жуығы тиесілі. Жаңа бизнес құрылымындағы ең үлкен үлесті 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы (28,1%) алды. Онда көлікті лизингке сатып алатын компаниялар көп шоғырланған. Мәмілелер көрсеткіші бойынша екінші және үшінші орындарда ауыл шаруашылығы техникасының тұтынушылары шоғырланған Қостанай (23,6%) және Солтүстік Қазақстан (7,5%) облыстары тұр. Одан кейінгі орында өңдеу өнеркәсібі дамыған Қарағанды облысы (6,6%) және аграрлық өңір – Ақмола облысы (5,5%).

Қай салалар деген сұраққа келер болсақ, 40%-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін негізгі құрал болып саналатын ауыл шаруашылығы техникасы мен мал, 29%-ы теміржол техникасы, 11%-ы жүк автокөлігі, 6%-ы машина жасау жабдығы, 5%-ы медициналық техника. Бұл портфель тұрғысынан. Жаңа мәмілелердің салалық құрылымында 2020 жылы медициналық техника мен фармацевтикалық жабдықтардың үлесі артты, көрсеткіш 0,2%-дан 11%-ға дейін өсті. Бұл қаржыландыру, оның ішінде бюджет тарапынан қолдаудың артуына ғана емес, сонымен бірге негізгі лизинг алушылар – медициналық клиникалар өнім ретінде лизинг ашқанына да байланысты. Олар медицина жабдықтарын қолма-қол ақшаға сатып алудан гөрі, лизингке бөліп төлеп алу тиімді екенін біліп қалды. Егер компания ұзақ жыл жұмыс істеуді көздесе, лизинг мәмілесі ұйым үшін әлдеқайда ыңғайлы әрі пайдалы болуы мүмкін.

Ekonomist: Қазақстандағы лизинг нарығының өсуіне не әсер етті?

– Кәсіпкерлерде дағдарысқа қарамастан, мемлекеттік қолдаудың көмегімен дамудың жаңа бағыттарына қадам басуға болады деген түсінік пайда болды. Былтыр мемлекеттік бағдарламалар шағын және орта бизнестің ыңғайына барынша жығылды. Соның арқасында ШОБ-тың негізгі капиталға салған инвестициялары қарқынды түрде өсті. Бірқатар мемлекеттік бағдарлама бойынша мөлшерлемені субсидиялау түріндегі қолдау өте маңызды рөл атқарды. Дегенмен нарық та айтарлықтай дәрежеде өсіп келеді, өйткені бизнес бұл құралды жақсы түсіне бастады. Жеңіл лизингті тек мемлекеттік компанияларда ғана емес, жеке меншік компаниялар арқылы да алуға болатыны да мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын лизинг компаниялар санының өсуіне оң әсер етеді.

Ekonomist: Бұл нарықта қандай проблемалар бар? Қазақстанда лизингтің дамуына не кедергі?

– Егер сіз екі ірі мемлекеттік ойыншы нарықтың 97%-ын басқаратынын байқасаңыз, онда бұл нарықта бәсекелестікте қатысты проблемалар бар болуы мүмкін. Тіпті, олар жеткілікті түрде кәсіби емес болып, бәсекелестер көз тігетін тұстар көп болған күнде де, нәтижесінде қорландыру көлемі мен шарттарының бірдей болмауы теңсіздікті күшейтеді.

Жеке тұлғалар үшін лизинг нарығы дамымаған және елде арзан автокредиттер тұрғанда, ол ешқашан дамымайтын сияқты.

Жеңіл автокөліктердің операциялық лизингімен белсенді айналысатын ойыншылардың бірі автомобильдерді операциялық жалға беру үшін сатып алғанда, олардың компаниясы ҚҚС бойынша есепке алуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Автокөлік сатып алғанда, ол сақтандыруды, мемлекеттік тіркеуді төлейді, ҚҚС төлейді, сонымен қатар көлік салығы бойынша шығындар да мойнына мінеді.

Жеке ойыншыларда қорлану жағынан жиі проблемалар туындайды. Алайда, 2020 жылы және 2021 жылдың басында біз осы компаниялардың облигациялар арқылы сәтті қорланғанын көрдік. Салалық проблема да бар. Мысалы, медициналық техника лизингіне маманданған компаниялар медициналық ұйымдардың осы қаржылық өнімнің артықшылықтары туралы көп біле бермейтіні туралы қынжыла айтады.

The post Қазақстандағы лизинг нарығы қалай дамып барады? appeared first on Ekonomist Media.

Несиені талдау: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қаншалықты тиімді болды?
2020 жылдың желтоқсан айының соңында ҚР Үкіметінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын шығару туралы шешім қабылданды. Дәлірек айтқанда, бағдарлама басымдық берілген секторлардағы (негізінен өңдеу өнеркәсібі) компанияларды қолжетімді несиемен теңгелей қамтуға бағытталған. Бұл механизм жалпы экономикадағы және банкке қатысы жоқ заңды тұлғаларға несие берудегі жағдай біртіндеп күрделене түскен екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Үкімет ҚЗЭ елдегі өңдеу өнеркәсібіндегі жағдайды жақсартуға, өнім шығару көлемін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге көмектесті деп санайды.

Жеңіл мөлшерлемемен несие беруді көздейтін кез келген қазақстандық мемлекеттік бағдарламаның басында болатын шектеулері мен проблемаларды ҚЗЭ де айналып өтпегенін көрсетеді. Бизнесті қолдау механизмінің құрылымын қарастырсақ, бизнестегі алғашқы қатер бір-екі жылдан кейін пайда болуы мүмкін.

ҚЗЭ деген не?

«Қарапайым заттар экономикасы» – толыққанды бағдарлама деуге келмейді. Бұл – Ұлттық банк пен Үкіметтің ерекше жағдай туғанда банк секторы мен басқа да даму институттарымен бірлесіп қолданбақ болған механизмі.

2018 жылға қарай қаржы институттарында шамадан тыс қаржы жинақталды. Корпоратив секторға берілетін несиелерге сұраныс төмен, жеке тұлғалар тарапынан болған сұраныстың өзі жалпы жинақталған қордың шетін керте алмады. Оны ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталары механизмі арқылы шығаруға тура келді.

Сол кезде Үкімет пен ҚР ҰБ бір схема ұсынды. Ол бойынша банктер салыстырмалы түрде жоғары кірісі бар (11%-ға дейін) облигациялар шығара бастап, оны Ұлттық банк сатып алуы керек болды. Бірақ бұл қаражатты белгілі бір лимит аясында және экономиканың басымдық берілген секторларын несиелеуге ғана пайдалануға болады. Олардың қатарына АӨК (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу) және өңдеу өнеркәсібі кірді. Бағдарламаның көлемі бастапқыда 600 млрд теңге деп белгіленді. Бір кәсіпкердің қолына 8%-дан аспайтын пайызбен берілуі керек еді. Бағдарлама операторы ретінде «Даму» қоры белгіленді. Несие банктер мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріле бастады.

Үкіметтің  жоспары бойынша, бағдарлама импорттың орнын басуы керек еді. Бағдарлама аясында экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші ( ЭҚЖЖ) аясында нақты салалар тізімі белгіленді. Алайда Министрлер кабинеті өзі үшін ешқандай индикаторларды белгілеген жоқ.

2018 жылғы желтоқсанда шығарылған ҚР Үкіметінің «Қолжетімді несие беру мәселесін шешу үшін ұзақмерзімді теңгелей өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» №820 қаулысы ҚЗЭ-нің құқықтық негізі болды. Ақша мынадай пропорцияда бөлінді: өндіріске 100 млрд, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 100 млрд, ал қалған 400 млрд – өңдеу өнеркәсібіне.

2019-2020 жылдар аралығында ереже алты рет түзетілді. Жалпы сома 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге лимит 500 миллиардқа дейін, қайта өңдеу – 200 миллиардқа дейін көтерілді, өңдеу өнеркәсібі үшін 300 млрд қалды. Кәсіпкердің қолына тиетін несие мөлшерлемесі 6%-ға дейін түсірілді.

Несиенің шекті мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтты. Қарыз алушылар екі жыл ішінде төлемдер бойынша жеңілдікті кезең алды (қарызды төлеу бойынша да, пайыздар бойынша да). Егер бұрын айналым қаражатын толықтыруға қаражаттың 50%-дан аспайтын бөлігін беруге рұқсат етілсе (Бағдарлама инвестицияға бағдарланған болатын), енді диқан-шаруаларға алынған қаражатты көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға жұмсауға да рұқсат етілді.

Бағдарламаға квазимемлекеттік сектор (мемлекеттің 50%+ үлесі бар кәсіпорындар) қосылды. Қызмет түрлерінің саны 926-дан 953-ке дейін өсті. «Даму» қорына 3 млрд теңгеге дейінгі қарыздардың 50%-ын ғана емес, 3 миллиардтан 5 млрд теңгеге дейінгі қарыздардың 30%-ына кепіл болуға мүмкіндік берді.

Үкімет риза

ҚР Үкіметі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының «отандық өндірісті дамытудың инвестициялық құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдегеніне» сенімді. Премьер-министр Асқар Мамин 15 желтоқсандағы отырыста қаңтар-желтоқсан аралығындағы жобалар санының 2,5 есе – 900-ден 2600-ге дейін, ал қаржыландыру көлемінің 216 миллиардтан 700 млрд теңгеге дейін өскенін хабарлады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бағдарлама қамтыған салаларда өнім шығару көлемі артып, импорттың азайғанын баяндады. «Дайын, өңделген тауарлар өндірісінің өсуі арқасында импорт үлесі азаюда. Тұтынушылар үшін қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі артып келеді. Мысалы, 2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 пайызға артты. Азық-түлік, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті», – деді министр.

ҚР Үкіметі бағдарламаны жүзеге асыру барысында қадағалаудағы саудада отандық өнім үлесінің өсімі болғанын атап, бір жыл ішінде екі есеге артқанын алға тартады. Жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісінде – яғни қолдау көрсетілген секторларда отандық өнім шығару қарқыны неғұрлым жоғары болғанын атап көрсетті.

Үкіметтегілер бағдарламаның инвестициялық бағыты жүзеге асты деп санайды. Вице-премьер Роман Склярдың мәліметінше, шамамен 2,6 мың кәсіпорынның 2,3 мыңы жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатын жаңартуды және арттыруды көздейді. Тек 332 жоба – жаңа өндіріс.

Құтқарушы ма, қатер ме?

2020 жылдың шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті ҚЗЭ-ні жүзеге асырудағы төмен тиімділік үшін сынға алды. «Бір жарым жыл ішінде бағдарлама шарттары алты рет қайта қаралды, ал барлық қаражаттың бестен бір бөлігі ғана игерілді. Ол – 200 млрд теңгеден астам қаражат. Өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің саны және халық тұтынатын тауарлар импортының үлесі бұрынғы деңгейде қалды. Осылайша, біз мақсатсыз және қайтарымын есептемей ақша бөліп отырмыз. Басқаша айтқанда, атауы әдемі басқа бағдарламалар секілді сәтсіздікке ұшырау қаупі туындады. Оның артында қатаң шаралар күтіп тұр», – деді Қ.Тоқаев.

Үкіметке жарты жылға жуық уақыт ішінде тиімділікті арттыруға не көмектесті? Бағдарлама операторы – «Даму» қоры ұсынатын есептерді қарасақ, мынадай қорытынды жасауға болады.

Біріншіден, жыл басында бағдарламаға енгізілген өзгерістердің арқасында жаздың ортасында банктердің қоржынынан жаңа талаптарға сай келетін жобалар шыға бастады.

Екіншіден, бағдарламаға ірі бизнес белсенді қатысуда. Егер 2019 жылы субсидиялау механизмі бойынша ірі кәсіпорындардың небәрі 5 жобасы (жобалардың жалпы санының 3%-ы) өтсе, 2020 жылы 38 (11%) жоба өтті. Салалар лимитін ұлғайту, сондай-ақ неғұрлым ірі жобаларға кепілдік беру аясын кеңейту де рөл атқарды.

Үшіншіден, бизнесті 12-24 ай ішінде несие бойынша міндеттемелерді атқармау мүмкіндігі қызықтырады. Белгісіздік мол екенін ескере отырып, мұндай жағдайлар инвесторлардың келуіне сеп болуда.

Құрылымдық реформалар ұзаққа созылуда, экономика дағдарыста, бірақ шикізатқа тәуелсіз секторға қандай да бір қамшылау қажет. Осыған байланысты ҚЗЭ –  экономикаға мемлекеттік сектор ұсына алатын ең жақсы жедел шара болып саналады.

Алайда мұнда да тәуекелдер бар. 11.12.2012 жылғы Үкімет отырысында «несиелеудің барлық бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көлемі айтарлықтай ұлғайтылғаны» мәлімделді. Яғни, «қолдау көрсетілген несие қоржынының сомасы 2 трлн теңгеге жетті және 34 мыңнан астам жоба қамтылды».

Бұл ҚЗЭ мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдаудың барлық көлемінің шамамен 35%-ына ие екенін білдіреді.

Банктердің корпоратив қарыз алушыларға деген несиелерінің қазіргі қоржыны 7,2 трлн, ал басымдық берілген секторларға (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс) теңгелей несиелері – 3,9 трлн екенін ескерсек, осы нарықтағы мемлекеттік салымның көлемін өлшем түріне қарай 30-50% деп бағалауға болады.

Экономиканы несиелендіруге мемлекет салатын  қаржының үлесі артып келе жатыр. Бұл жағдай нарықтық пайыз бойынша несие ала алатын компанияларды мемлекеттік бағдарламаларға жиі қатысуға ынталандырады. Мемлекет тарапынан кепілдік беру құралының кең таралуына қарамастан, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы алу қиын.

Тағы бір проблема – мемлекеттік қолдау субсидияланған пайызбен беріледі. Ал мемлекеттік бағдарламалардың өзі үнемі ұзартылып отырады. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» енді «Бизнестің жол картасы-2025» болып созылды. Бастапқыда 2020 жыл соңына дейін деп есептелген ҚЗЭ бағдарламасы, кем дегенде 2021 жылдың соңына дейін жұмыс істейді және одан әрі созылуы да мүмкін. Бұл экономиканың басым секторларында зомби компаниялардың елеулі тобының қалыптасу қатерін тудырады. Ол – үнемі төмен бағамен қаржыландыруға мұқтаж фирмалар.

The post Несиені талдау: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қаншалықты тиімді болды? appeared first on Ekonomist Media.

Оптимист болу қиын: Қазақстандағы іскерлік белсенділік неге баяу қалпына келуде?
Локдауннан 9 ай өткен соң Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі шартты нөлдік белгіден – 50 төмен болып тұр. ҚР Ұлттық банкі жүргізген өлшеулердің қорытындысы бойынша желтоқсан айында экономика бойынша іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) 49,0 болып, қарашаның (49,4) бірнеше тармағына қарағанда төмендеді.

Осы жылдың сәуір айындағы локдаун кезеңінде бизнестің бастан кешкен ең төменгі деңгейімен салыстырғанда желтоқсандағы нәтижені қалыпқа келу деп есептеуге болады. Алайда, бұл қалпына келтірудің 2020 жылдың мамыр-желтоқсан айларындағы траекториясына қарасақ, 2021 жылы да қазақстандық өндірушілердің айы өте кеш туады деген қорытынды жасаймыз.

Іскерлік белсенділік индексінің аритмиясы

Іскерлік белсенділік индексі – экономиканың нақты секторындағы жағдайды сипаттайтын және бағыт динамикасын болжауға және іскерлік циклдің бетбұрысын айқындауға мүмкіндік беретін озық көрсеткіштің бірі. Көрсеткіш Ұлттық банк жүргізетін ай сайынғы зерттеу қорытындысы бойынша есептеледі. Оның негізінде респонденттер өз кәсіпорындарының нақты көрсеткіштерінің өзгеруін бағалайтын (жүктеме деңгейі, өндіріс көлемі, жаңа тапсырыстар саны және т.б.) өнеркәсіптегі, қызмет көрсету саласындағы және құрылыстағы кәсіпорындарға жүргізілген сауалнама деректері және алдағы күндері қандай өзгерістер күтетіні көрсетіледі.

Сауалнамаға ірі және орта және шағын бизнес субъектілері де шамамен теңдей қатысады. 2020 жылғы желтоқсанда сұралған кәсіпорындардың жалпы саны – 452, олардың 48%-ы қызмет көрсету, 38%-ы өнеркәсіп, 14%-ы құрылыс нарығынан.

Ұлттық банктің сайтына ІБИ бойынша алғашқы есеп 2019 жылдың қыркүйегінде салынған. Шетелдегі аналогы – PMI индексі (Purchasing Managers’ Index). Қазақстан үшін PMI индексін IHS Markit халықаралық зерттеу компаниясы да есептейді.

2019 жылды өндірушілер оң көрсеткіштермен аяқтады: ІБИ 51,6 көрсетті, ал құрылыста индекс 55,1-ге жетті.

Көктемгі қиындықтан бизнес әлсіреп шықты. Қызмет көрсету секторы ешқашан 50-ден жоғары көрсеткіш көрсетпеді, құрылыс пен өнеркәсіптегі респонденттер ІБИ-да бір реттен қана оң өзгеріс ұсынды. Тіпті құрылыста қараша айында (52,5), содан кейін желтоқсан айында көрсеткіш 50-ден қайта төмендеді (49,5).

Желтоқсан нәтижелері өнеркәсіп саласында жұмыспен қамту деңгейінен басқа барлық компоненттің жақсарғанын көрсетеді. Құрылыста жаңа тапсырыстар азайып, жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне байланысты құлдырау болды, ал қызмет көрсету саласында жеткізіп беру мерзімінің қысқаруы аясында айлық көрсеткіш  48,7-ден 48,0-ге дейін төмендеді (барлық компоненттер бойынша көрсеткіштер аздап негатив жағына түзелген сияқты).

Құлақтанған пессимистер

Дүниежүзілік банктің 2021 жылғы қаңтардағы «Жаһандық экономикалық перспективалар» атты есебінде көрсетілген болжам бойынша, 2020 жылы 2,5%-ға құлағаннан кейін, биыл ҚР экономикасы 2,5%-ға өсім көрсетуге тиіс. Бұл коронадағдарыстан кейін толық қалпына келу 2022 жылға ойысады дегенді білдіреді.

Алдағы 12 айда бізде ең жақсы дегенде ішкі эпидемиологиялық жағдай мен әлемдегі жағдайға (ОПЕК+ келісімінің тұрақтылығы, Қытайдағы сұраныс жайы да маңызды) назар аудара отырып, негізгі секторларда тауарлар мен қызметтер өндірісінің баяу өсімі тіркеледі деген болжам бар. Дамыған елдердегідей, дағдарыстан шығу динамикасы вакцинацияның қарқыны мен тиімділігіне байланысты болмақ.

Өнім шығаруға тікелей әсер ететін негізгі факторлардың ішіндегі ең маңыздысы бюджет импульсі болады. 2020 жылдың II тоқсанында ЖІӨ-ге бюджет шығыстарының үлесі (номинал бойынша) 31,3%-ға жетті, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (жоғары мән 2017 жылдың ІІІ тоқсанында болды. Ол кезде үкімет Халық банк сатып алған БТА-дан құйылған Казкоммерцбанктің теріс активтерін бюджет есебінен сатып алған кезде тіркелген).

2021 жылы бюджеттің шығыс бөлігі аздап қысқарады. Мемлекет білім беру мен денсаулық сақтауға, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға арналған шығыстарды ұлғайтуды жалғастырады. Бұл бюджеттік кәсіпорындардың мердігерлері жүктеме мен сұраныс деңгейі туралы алаңдамаса болады дегенді білдіреді.

Өнеркәсіптің экспортқа бағытталған салалары өткен жылғы нәтижелерге қарағандағы өсімге (мұнай жағдайында) немесе әлемдік бағалардың тұрақтануына қарай өндірісті қалпына келтіретін болады. Бұдан басқа, мұнай секторында ірі кен орындары – Теңіз және Қашағанда өндіріс аясын кеңейту жобаларын жүзеге асыру жалғасады.

Көбінесе ішкі өндіріске бағытталған салалар бірқатар ынталандыру факторлары бойынша өсуді жалғастырады. Біріншіден, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңіл несиелер көлемі артып келеді, екіншіден, жеке сектордағы өндірушілерді арзан теңге қамшылауда (теңге долларға шаққанда 2020 жылы 2019 жылдағыдан 7,9%-ға әлсіреді).

Сауда және көлік – 2020 жылы локдауннан ең көп зардап шеккен секторлар. Бұлар қатаң шектеу болмауына байланысты қалпына келе бастайды. Бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы өсуі сауда саласына қосымша серпін береді. Көлік секторы дағдарысқа дейінгі жолаушылар тасымалы деңгейіне жетуден басқа, Қытай – Еуропа бағыты бойынша жүк транзитінің көлемін ұлғайтатын болады.

The post Оптимист болу қиын: Қазақстандағы іскерлік белсенділік неге баяу қалпына келуде? appeared first on Ekonomist Media.

Құпия[емес] материалдар: республикадағы құрылымдық өзгерістерден неге хабарымыз аз?
Құрылымдық реформалар – жалпылама ұсыныс. Оны көптеген сарапшы дамушы елдердегі ЖІӨ мен халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін жеделдету үшін тағы қандай мемлекеттік бағдарламаны/ұлттық жобаны іске қосу керек деген сұраққа жауап беру үшін қолданады. Қазақстан да бұдан шет қалған жоқ. Мұндай ұсыныстар халықаралық институттардың тұрақты шолуларында айтылады, құрылымдық реформалар туралы жергілікті сарапшылар да жиі көтереді.

Бұл тақырыпқа бойламақ болған адамды алғашқы таңғалдыратын дүние – Қазақстандағы реформалардың баяғыда-ақ іске қосылып, жүргізіліп жатқаны. Мұнай қаржысынан болған дағдарыс алдындағы 2015 жылы мамыр айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 институционалдық реформа және сол реформаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын ұсынды. Ол кезде парламент жарты жыл ішінде елуден астам заң жобасын мақұлдап тастады.

Ол жоспар қазір қалай жүзеге асырылып жатыр? Қазақстандағы құрылымдық реформалар туралы ақпарат көбірек болуы үшін не істеуге болады?

Индустрияландырудан «Мәңгілік елге» дейін

Бес институционалдық реформа мен 100 қадам аясына мемлекеттік аппараттағы, сот және құқық қорғау жүйелеріндегі, салалық нарықтар мен идеологияны реттеуде өзгерістер енді.

1-реформа «Заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» (15 қадам) шенеуніктерді іріктеу, бағалау және олардың қызметіне ақы төлеу механизмін жаңартты. Реформаның жалпы мақсаты мемлекеттік қызмет жұмысының тиімділігін арттыру және шенеуніктер қатарында сыбайлас жемқорлықты жою болды. Еңбекке ақы төлеуді арттырудың нәтиже бойынша деген жаңа қағидаттары енгізілді. Мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқыту жүйесі бекітілді. Бұл –  қазақстандықтардың басым бөлігі саяси көзқарастары мен басқару режиміне қарамастан қолдайтын прогрессив өзгерістер.

2-реформа: «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» (19 қадам). Сотты неғұрлым кәсіби және есепті етуге, ал құқық қорғау органдарының халықпен өзара байланыс барысында сервистік модельге неғұрлым бет бұруына мүмкіндік берді. Мысалы, кейбір дамыған елдердің тәжірибесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі енгізілді.

3-реформа 100 қадам жоспарының ең үлкен блогы еді.   «Индустрияландыру және экономикалық өсім» (50 қадам) реформасы – нарықты реттеу саласындағы бастамалар (мысалы, электр энергетикасы), салық реформа, жекешелендіру, «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы, өрге сүйреуші инвесторларды тарту және тіпті білім беру саласындағы реформалар да біріктірілген неғұрлым даулы бағыт. Бұл реформаның көптеген қадамы құрылымдық өзгерістерге, яғни ойын ережелерінің өзгеруіне бағытталған. Егер оны солай деп атай алсақ, әрине.

4-реформа: «Болашақтың біртұтас ұлты» (6 қадам) реформасын құрылымдық деп тек атауын ғана айтуға болады. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасын жасау, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын насихаттауды – қандай да бір қағидаларды өзгертуге бағытталды дейтін болсақ, ол тек ментальдық, яғни дүниетаным тұрғысындағы қағидалар еді.

5-реформа «Есеп беретін мемлекет қалыптастыру» (10 қадам) негізгі құрылымдық өзгерістер – мемлекеттік органдар жұмысының транспаренттілігін арттыруға (мақсаттардың бірі – «Ашық үкімет» құру), мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға беруге (өзін-өзі реттейтін ұйымдар – бизнес-қауымдастықтарға) қайта оралды. Сондай-ақ осы реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу және қоғамдық кеңестердің форматын тарату жоспарланды.

100 қадам жоспары тек декларатив құжат емес еді. Нормативтік-құқықтық актілерді түзетуді талап ететін барлық өзгеріс заң жобаларына еніп, Парламент жарты жыл ішінде қабылдады. Министрліктер мен ведомстволар жаңа бұйрықтар шығарып жатты. Ұлттық компанияларды жекешелендіру бойынша міндеттер ұлттық компаниялардың стратегиялық құжаттарына кірді (егер олар бұған дейін енгізілмесе). Құрылымдық реформаларды қадағалау және түзету үшін ҚР Президенті жанынан жылына екі рет мәжіліс құруға тиіс Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

Егжей-тегжейі белгісіз

Әсіреқызыл тез оңар. Қазақстанда да мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға деген ынта екі жылға жетпей сөніп жатады. 2015-2016 жылдары министрліктер бұл қадамдардың орындалып жатқаны жөнінде презентациялар ұсынып жататын. Министрлер қатысатын баспасөз мәслихаттарының тақырыбы осы еді. 2017 жылы 100 қадамның аяғы сиырқұймышақтала бастады. 2019 жылға қарай мүлдем жылы жауып қойды.

Үкіметтің жұмыс кестесіне қарасақ, 100 қадам жоспары жайы жылына бір-екі рет, онда да Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ғана еске түсіп тұрады. Соңғы мәжіліс 2020 жылдың 22 желтоқсанында өтті. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкіметтің ресми ресурсы оқиға туралы қысқа хабарлама ғана таратты.

Елді қайта жаңартуға тиіс ең маңызды бағдарлама барысы туралы 2020 жылдың соңына қарай 100 қадамның 71-і орындалғаны, оның ішінде биыл 9-ы орындалғаны және «биыл айтарлықтай жұмыс жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілгені» ғана белгілі болды (Мамин мырзаның сөзінен цитата).

ҚР Үкіметінің ресми ресурсы: «Премьер-министр Ұлт жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыру үшін жұмыстарды қарқынды жалғастыруды тапсырды. Бірінші кезекте экономиканың басымдық берілген секторларында жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ететін жаңа ірі жобаларға инвестиция тарту көлемін арттыру жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударылды. Отырыста 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ол бойынша келесі жылы Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» және «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша 10 қадамын жүзеге асыру көзделді», – деп хабарлады.

Әрине, не орындалғаны және 2021 жылға арналған қандай қадамдар жоспарланғаны туралы бір сөз жоқ.

Былтыр жазда осы жолдардың авторы 100 қадам жоспарына ашық дерек көздері арқылы талдау жасады. Мемлекеттік органдардың мәлімдемесіне сенсек, 100 қадамның 80-ге жуығы орындалған (бірнеше қадам бойынша ақпарат қарама-қайшы). Ал Үкімет ақпан айында 65, қазір 71 қадам туралы айтып отыр. Шенеуніктердің ақпаратты бұрмалап беріп, жоқты бардай етіп жазбайтынына күмән жоқ болғандықтан, бұл сәйкессіздікті бір-ақ сөзбен түсіндіруге болады: осы жазба авторы есепке жүйрік емес.

Егер қыжыртуды қоя тұрсақ, 100 қадам жоспары елдегі  көптеген мемлекеттік бағдарламаның бас ауруы – жүзеге асу қорытындылары бойынша объективті жария сараптама жоқтығын көрсетті.

ҚР мемлекеттік органдарының есептері жетістіктер тізіміне ұқсайды. Ал ол жұмыс тиімділігін арттыратын материал болуы тиіс еді. Ол үшін өткізілген іс-шараларға сыни талдау жасалуы керек.

100 қадам жоспарын жүзеге асыру есебі қандай болуы керек? Есеп ішінде бірнеше құжат болуы керек. Біріншіден, бұл қадам нөмірі, тұжырымы, жауапты мемлекеттік орган және орындалу барысы көрсетілген кесте түріндегі тізім. Іске асырылып жатқан реформалар тұсында – жоспарланған мерзімі көсертілуі керек.

Екінші құжат – сәтсіз қадамдар, яғни күн тәртібінен алынып тасталған, басқа уақытқа ауыстырылған, сондай-ақ себеп-салдары көрсетіле отырып, кері қайтарылған реформалар талдауы. Жоспардың орындалуын бақылау сапасына жасалған талдау бұл жерде жеке бөлікте тұруы тиіс: жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия бастапқыда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға қаншалықты жақын қалды, ол 100 қадам жоспарында жүктелген барлық функцияны орындай ма және қалай орындайды.

Үшінші құжат – мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы мен реттелетін салалардың жай-күйіне жоспар тармақтарын жүзеге асырудың әсерін талдау. Ол халықаралық рейтингтерді тарта отырып (мысалы, инвестиция тарту ісі немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сөз болғанда), сондай-ақ ішкі көрсеткіштер жүйесі бойынша жүргізілуі мүмкін.

Мұндай талдауды Есеп комитетінің жанынан құрылған республикалық бюджетті атқару жөніндегі талдау тобы жүргізе алады. Оның үстіне бұл органның мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау бойынша құзыреті бар.

Сонымен қатар, құрылымдық реформалар анықтамасына сәйкес келмейтін, яғни ойын ережелерін өзгертпейтін қадамдарды алып тастап, 100 қадам жоспарына ревизия жасау бойынша жұмыс жүргізу қажет.

100 қадам жоспарымен қатар жасалатын, әрі маңызды тағы бір шаруа – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің міндеті саналатын министрліктер аппараты тікелей ықпал етпейтін индикаторларды олардың стратегиялық жоспарларынан алып тастау.

Мысалы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарының индикаторлар тізімінде ЖІӨ нақты көлемінің индексі бар. Министрлік жоспарланған орган ретінде оны есептеудің дәлдігіне жауап бере алады, бірақ мұнай мен металл бағасына, ішкі тұтынушылық белсенділікке, мемлекеттік бюджет шығыстарына тәуелді экономикадағы шығарылым динамикасы үшін жауап бере алмайды. Тіпті экономикаға аса әсер ете алмайтын министрлікке де емес, салалық реттеудің кейбір құралдары мен салық саясаты арқылы әсер етуі тиіс.

The post Құпия[емес] материалдар: республикадағы құрылымдық өзгерістерден неге хабарымыз аз? appeared first on Ekonomist Media.

Дивиденд тарту: «Самұрық-Қазына» президенттің тапсырмасын қалай орындады?
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең шулы және талқыға көп түскен мәлімдемесінің бірі – ұлттық компаниялардың 2019 жылғы таза пайдасынан дивидендтер талап ету туралы шешім болды. Дағдарысқа толы 2020 жылғы ең үлкен тапшылық – ЖІӨ-ге 3,5% болған бюджетке ақша түсуі тиіс.

Ұлттық компаниялар пайдасының бір бөлігін алып отыруды қоғамда шартты либерал саналатын, сондай-ақ мемлекетшіл топтардың сарапшылары да жиі ұсынады. Сонымен бірге, Үкімет пен ұлттық компаниялардың қарым-қатынасы соншалықты шатасып кеткендіктен, мемлекеттік сектордың осы бөлігін «майшелпек» немесе «сауын сиыр» деп нақты кесіп айту қиын.

Ekonomist.kz президенттің бұл бастамасы қаншалықты жүзеге асқанын және экономикадағы мемлекеттік активтерді басқару моделінің бұрынырақ басталған трансформациясы нені білдіретінін анықтамақ болды.

Айналаға алақан жаю

Ұлттық компаниялар пайдасының бір бөлігін бюджетке тарту идеясы ел басшылығына 2020 жылғы дағдарысты наурыз айында келді. Сол кезде-ақ таяу бір-екі жыл ішінде мұнай бағасы төмендеп, шағын және орта бизнестен түсетін салық азаятыны түсінікті болды.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия алдында сөйлеген сөзінде президент Тоқаев ұлттық компаниялар туралы айта келіп: «Ұлттық компаниялар өткен жыл үшін мемлекетке таза кірістің 100 пайызына дейінгі мөлшерде дивиденд төлеуі тиіс деп санаймын», – деп мәлімдеді.

Қазақстанда әдетте «ұлттық компаниялар» деп мемлекеттің үлесі бар, нарық жағдайында жұмыс істейтін (public corporations) барлық компания атала бермейді. Еске Үкімет қадағалайтын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қараcты еншілес компаниялар тобы бірден түседі.

Дегенмен, ҚР Үкіметі бұл нұсқауды мемлекеттік сектор үшін тапсырма деп ұқса керек. 30 наурызда-ақ үкіметтің баспасөз қызметі қаулының қабылданғаны жөнінде хабарлама таратты. Онда: «АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен АҚ (ЖШС) таза табысының бір бөлігін жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген 2019 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс сомасының 100%-ына дейінгі мөлшерде дивиденд ретінде (кірісті) төлеу және оларды уақтылы аудару үшін шаралар қабылдасын», – деп көрсетілген.

Ол хабарламада 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер ретінде бөлінген үлес «шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кіріс сомасының кем дегенде 70% мөлшерінде болып, оларды уақтылы аударуы керек екені» көрсетілді.

10 шілдеде сөйлеген сөзінде президент ұлттық компаниялардан дивиденд жинаудың жеке акция емес, тұрақты шаруа болатынын растап: «Мемлекеттік акциялар пакетіндегі дивидендтер бюджетті толтыру көздерінің бірі болуы керек. Дағдарысқа қарсы шара ретінде емес, тұрақты негізде. Бұл мәселені мұқият зерделегеннен кейін оны заң түрінде бекіту керек. Бұл компаниялар мемлекеттікі. Сондықтан олардың тапқан табысы да мемлекеттікі және мемлекеттік бюджетке түсуі керек», – деді.

Кім көп берді?

Президенттің тапсырмасын орындау нәтижесі бойынша талдауға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ірі қоржын компаниялары ғана ілікті. Талдау ашық дереккөз бойынша жүргізілді. Автор берілген ақпараттың толықтырылуы мүмкін екенін, ал «Самұрық-Қазынаның» жекелеген еншілестері дивидендтерінің жиынтық көлемі өте көп емес  және ұлғаюы мүмкін екенін мойындайды.

15 компанияның 11-і таза пайда көрді. 7 компания дивиденд төлеуге шешім қабылдады. Бір қызығы, осы жетеудің төртеуінің акциялары қор биржаларында сатылады. Тізімде жалпы алғанда 15 компания, оның ішінде 6 «листинг» компания бар.

Президент таңдаған және үкімет таратқан нұсқау мәтіні солқылдақ еді.  «Таза кірістің 100%-на дейін» деген сөз  компанияларға акционерлермен бөлісуге дайын таза пайданың үлесін таңдауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, дивидендке таза пайданың 100%-ын тек «Қазпошта» жіберді. Бірақ бұл мол пайда емес – 54 млн теңге (сату рентабельділігінің көрсеткіші – 0,5%) ғана еді. «Қазпошта» – әлеуметтік жүктемесі зор ұлттық компания, оның міндеті – орталық пен елдің ең шалғай жерлері арасындағы пошта байланысын қамтамасыз ету.  Бұл – компанияны жекелеген бағыттарда өзін-өзі ақтамайтын жұмысқа жегілуге мәжбүр етеді.

Таза пайданың 80%-ға жуығын дивидендке «Тау-Кен Самұрық» салды. Бұл – соңғы жылдары қатты пайдалы қазбалардың күрделі кен орындарын қазатын және ондағы операциялық шығындары «Қазмырыштағы» мемлекет үлесі есебінен өтелетін компания.

Таза пайданың шамамен 74%-ын KEGOC, 46%-ын «Қазатомөнеркәсіп», 43%-ын «Самұрық-Энерго» дивиденд үшін салды. Таза пайданың ең аз үлесін «Қазақтелеком» мен «ҚазМұнайГаз» қосты: кіріс көлемі бойынша Самұрық ҰӘҚ  үшінші және бірінші еншілестері таза пайданың тиісінше 15 және 7%-ын дивиденд ретінде салды.

Жаңасы ма, әлде ескісі ме?

Самұрық пен үкіметтің қызық арақатынасын Ekonomist.kz бақылап келе жатқанына біраз болды. Қор мен оның қоржын компаниялары жаңа компаниялардың негізгі капиталына инвестиция құйып, өндірушілерді төмен тарифтер есебінен қолдап, осы жобалардың рентабельділігі теріс болған жағдайларда инфрақұрылым құрылысын қамтамасыз ете отырып, экономиканың тиісті салаларында мемлекет саясаты жүгін арқалап жүр. Ұлттық компания «міндеттерінің» бірі – өңірлерде және үкімет үшін басымдық берілген өңірлерде әлеуметтік нысандар салу.

Оның есесіне ұлттық компаниялар бюджеттен жеңіл қаражат алып, кей салаларда бірнеше жыл бойы, тіпті кейде шектеусіз мерзімге монополист ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Дей тұрғанмен, ҰӘҚ ұзақ уақыт бойы операциялық холдинг форматынан Сингапурдың Temasek үлгісі бойынша инвестициялық компанияға көшуді декларациялап келеді. Бұл туралы соңғы рет «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2020 жылғы 28 қазанда Президент Тоқаевпен кездесуі барысында мәлімдеді. «Қазақстан Президентіне қорды инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы таныстырылды. «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының айтуынша, бұл – активтердің географиясы мен салалары бойынша қоржынды әртараптандыруға, инвестициялардың кірістілігін арттыруға және дивидендтердің өсуі есебінен бюджетке түсетін түсімдерді молайтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлаған еді Ақорда баспасөз қызметі.

Алайда, сингапур холдингы жұмысының басты ерекшелігі оған мемлекеттік саясаттың міндеттері жүктелмейтінінде. Үкімет проблемалар туындаған жағдайда оны қаржылай қолдамайтыны нақты бекітілген. Үкіметтің мүддесі – холдингтің  табыс табуы.

Дағдарыс кезінде «Самұрық-Қазынаның» рөлін аздап түзету туралы шешім қабылданды. Қор дивидендтерді көбірек төлеуге мәжбүр болды, осылайша ол идеал бейнеге сәйкес келе бастады. Бірақ бизнес пен экономика салаларын дамытудың мемлекеттік саясатына байланысты жүктеме мойнынан түспеді. Дағдарыс кезінде офтейк-келісімшарттар арқылы отандық шағын және орта бизнесті қолдау міндеті басым тұрды.

Алдағы жылдары бұл модельден бас тарту жоспарда жоқ. 2020 жылғы қарашада Үкімет ҰӘҚ-ға «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бірдей ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника құрылысын қаржыландыруды» тапсырғаны белгілі болды. Бұл туралы Үкіметтің қаулысы 4 қарашада жарияланды.

Осыған қарағанда, алдағы жылдары біз екі модельдің миксіне куә болып отырамыз. Бір жағынан ұлттық компанияларға саласына сай емес міндеттер жүктеледі, екінші жағынан – мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын талап ете отырып, бұған бюджет ақшасын бөледі. Үшінші жағынан – бюджет мүддесін көздей отырып, дивиденд төлеуге көндіреді. Сонымен қатар,  осы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан ұлттық компаниялар менеджментіне қысым артатын болады.

The post Дивиденд тарту: «Самұрық-Қазына» президенттің тапсырмасын қалай орындады? appeared first on Ekonomist Media.

Білім бер де, қоя бер: «жұмысы бар кедейлікпен» Қазақстанда қалай күресуге болады?
Қазақстандағы кедейлік мәселесі және «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» проблемалары көбінесе коронадағдарыста азаматтардың табысы азайып, бизнестің кері кетуіне байланысты жиі талқылана бастады.

Парламент сайлауының жақындап келе жатқаны және әлеуметтік күн тәртібіне барлық ресми саяси күштер (бірінші кезекте Қазақстанның Халық партиясы, бұрынғы ҚКХП) шығуы, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру шараларын, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзге де тұстарын реттейтін «Әлеуметтік кодекс» әзірлеудің басталғаны тақырыпқа қосымша өзек береді.

Дегенмен, елдегі «жұмыс істеуге қауқарлылардың кедейлігі» феномены әлі зерттелмеген. Ал оның көлемі жайлы бағамдар әртүрлі болып келеді.

Кедейлер

«Жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» деген не? Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) берген анықтамада: «Жұмыс істейтін кедейлер (working poor) – кедейліктің шекті деңгейінен төмен, үй шаруасында бола тұрып жұмыспен қамтылғандар», – деп көрсетілген.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша орташа кедейшік жағдайында жұмыс істейтіндердің үлесі – 13%, аса кедейшілікте – 8%, бұл ретте соңғы 20 жылда жұмыс істейтін кедейлер үлесі шамамен 50%-дан 21%-ға дейін қысқарды. Алайда, мұнда ХЕҰ Дүниежүзілік банктің күніне 1,9 доллардан төмен табыс табатын өте кедейлердің деректерін алғанын айту қажет (2011 жылғы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша АҚШ доллары).

ХЕҰ-ның 2019 жылғы модельдері Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер жоқ екенін, бірақ кедейшілік шегіне жақын жұмыс істейтіндердің шамамен 4%-ы бар екенін көрсетеді.

Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлердің тікелей сипаттамасы жоқ, бірақ олардың жалпы портретін еңбек және халықтың өмір сүру деңгейі статистикасының бытыраңқы деректері бойынша жасауға болады.

2019 жылы кедейлік шегі 2019 жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде (!) 29,7 мың теңге мөлшерінде бағаланды, яғни бір адамға 20,6 мың теңге мөлшерінде төленеді. Осылайша, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдар жұмыс істейтін кедейлер тобына кіруі керек еді. 2019 жылы Қазақстанда мұндай отбасылардың 4,3%-ы немесе 799,6 мың адам тұрған 140,3 мың үй шаруашылығы болды (олардың 64%-ы ауылдық жерлерде).

2019 жылғы деректер бойынша, Қазақстанда орташа жалақы 112 мың теңге болды. Ресми статистика деректері бойынша, 2019 жылы ҚР-да жалдамалы қызметкерлердің орташа тізімдегі саны 2,8 млн адам болды. Егер жалақысы медианадан төмен жұмысшылардың үлкен тобын алып қарасақ, бұл – барлық жұмыс топтарының шамамен 46%-ы.

Бұл топта ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық жалдамалы жұмысшылардың 65%-ы және өңдеу өнеркәсібінде 27%-ы жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанда бұл топ өкілдерінің үлесі 28%, ал аграрлық облыстарда 50%-дан астам. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 57%, Ақмола облысында 56% және Қызылорда облысында – 55%. Бұл топтағы жалдамалы жұмысшы барлық әйелдердің 52%-ы және ерлердің 39%-ы бар.

Қазақстанда бейресми түрде жұмыспен қамтылғандар 558 мың адам (2019), бұл қазақстандық жұмыс күшінің шамамен 6,4%-ы, оның 452 мыңы (жұмыс күшінің 5,2%-ы) кірістері тым шектеулі қосалқы шаруашылықтарда еңбек етеді.

Осылайша, ҚР-да жалақысы төмен жұмысшылардың жалпы саны кемінде 2 млн адам деңгейінде болуы мүмкін. Бұған олардың отбасы мүшелері де қосылуы керек.

Алайда, басқа да бағалау бар. «Кипр» аналитика тобы ұйымдастырған «Қазақстандағы жұмыс істейтін кедейлік: ауқымы, себептері және оны қысқарту үшін қажетті шаралар» атты сараптамалық кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров ҚР-дағы жұмыс істейтін еңбекке қабілетті кедейлер саны 5 млн деп бағамдайтынын, яғни барлық жұмыс күшінің (экономикалық белсенді халықтың) 60%-ы екенін мәлімдеді.

Қарым-қатынасты өзгерту

Жұмыс істейтін кедейлердің мәселесін қалай шешуге болады? Шешім кедейліктің сипатына байланысты.

2009 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша, Нидерланд елдерінде осы елдегі «жұмыс істеуге қауқарлы кедейліктің» себептерінен туындайтын 7 стратегия анықталды. Олар – уақытша және аз жалақы төленетін жұмыс, толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және/немесе көп несие алу. Осы стратегиялардың ішінде еңбекақы төлеу арқылы кедейлік тұзағын қысқарту, берешекті қысқарту, еңбекке теңдей мүмкіндік беру және ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеуге ынталандыру, жұмыс ауысымын көтермелеу арқылы адамдардың еңбек нарығынан орын табуы, толық емес отбасыларға арнайы төлемдер, қызметкерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлерді қолдау, көпбалалы отбасыларға төлемдер кіретін қосымша шаралар бар.

Қазақстанда «жұмыс істеуге қауқарлы кедейлік» сипаты бір жағынан –экономика салаларында еңбек өнімділігінің біркелкі бөлінбеуі, экономиканың технология деңгейінің төмендігі, екінші жағынан – игіліктерді бюджет және квазимемлекеттік сектор шығындары арқылы қайтадан тиімсіз бөлу, жұмыс күшінің төмен біліктілігі, сондай-ақ жалпы білім беру сапасының төмендігіне де байланысты.

Бұл тізімде білім беру проблемалары соңғы орында тұр. Бірақ бұл кедейлік проблемасын шешудегі маңызды сәт. Егер жалдамалы еңбек саласындағы орташа жалақыны (2019), білім деңгейі бойынша бөліп қарасақ, онда жоғары білімі бар адамдар орта білімі бар адамдарға қарағанда 88%-ға, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер жоғары білімі бар мамандарға қарағанда 57%-ға көп табады екен.

Білім беруге тек бюджет есебінен ғана емес, азаматтардың өз қаражаты есебінен де көбірек инвестиция салуға болады және ол өте қажет. Үй шаруасында балалардың STEM-бағыт бойынша білім алуына, шет тілдерін оқытуға басымдық беру маңызды. Ал ҚР отбасыларында бірінші кезекте белгілі бір жеткілікті деңгейде ғана білім алуына назар аудару әдетке айналған.

Бұл ретте мемлекет жоғары оқу орындарында қосымша тегін орындар бөліп қана қоймай, білім беру бағдарламаларының ел ішінде, одан тыс жерлерде де еңбек нарығына сәйкестігін үнемі бақылап отыруы керек. Еңбек экспорты алдағы онжылдықтарда ҚР экономикасының қозғаушы күшінің бірі бола алады. Бұл үшін елдің адами капиталын дайындау маңызды.

Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы –тағы бір маңызды фактор. Алайда мемлекеттің соңғы 20 жыл ішінде қолға алған көптеген әрекеті түбегейлі өзгерістер әкелмеді, Қазақстан экономикасын ғылымды қажетсінетін етіп жасамады және еңбекті көп қажет ететін жаңа секторлардың пайда болуына ықпал етпеді.

Мемлекеттің қайта бөлу функциясының тиімділігін арттыру қажет. Бұл бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер мен полиция сияқты секторларындағы жалақының баяу, бірақ тұрақты түрде инфляцияны басып озып келе жатқанын көрсетеді.

Ең төменгі жалақының өсуі жұмыс істейтін кедейлердің кірістерін тиімді түрде арттырады, алайда бұл деңгейдің күрт артуы еңбекті қажет ететін көп салалардағы жұмыс берушілерді жұмыс орындарын  қысқартуға, сондай-ақ өндірістік процестерді тым автоматтандыруға итермелеуі мүмкін. Нәтижесінде кедейлердің саны азаймай, керісінше өсе түседі. ЕТЖ деңгейінің көтерілуі жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың ұлғаюымен қатар жүруі тиіс, бұл неғұрлым терең пысықтауды, салық заңнамасын өзгертуді және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың жұмыс сапасын жақсартуды талап етеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, оған қажет құралдарды пысықтау маңызды. Мысалы, атаулы көмек берерде осындай үй шаруасындағы ересектердің еңбекке деген ынтасын жойып, жеңіл қаражатқа иек артып алмауы үшін, көпбалалы отбасылар балалардың тамаққа алатын қаражатын нақ осы мақсатта ғана пайдаланатындай ету керек.

Азаматтардың мінез-құлық үлгісін өзгерту де тағы бір маңызды мәселе. Кедейлік себептерінің бірі – көпбалалы болу екені ең жоғары деңгейде ұғындырылуы керек. Яғни азаматтар алдағы өміріне жоспар құрарда осы факторды ескеріп, шамасын бағамдауы керек.

Мемлекет азаматтардың балаларға білім беру үшін инвестиция салып үйренуін ынталандыруы керек. Яғни халықтың білім алу үшін қаражат жинау мәдениетін қалыптастыру керек. Қыздардың түбегейлі білім алуына назар аудару керек. Оларды білім алып, мансапта жетістікке жетуге бейімдеу керек.

Сонымен қатар, еңбек көші-қоны да құбылыс ретінде қоғамда әлеуметтік қолдауға ие болуы керек. Көптеген кедей елдер, оның ішінде ҚР көршілес елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл жол да халықтың жекелеген топтары үшін кедейшілік деңгейін төмендетудің айтарлықтай тиімді түрі. Кедей үйлердің тұтыну деңгейін айтарлықтай арттыруға көмектесетінін көрсетеді.

The post Білім бер де, қоя бер: «жұмысы бар кедейлікпен» Қазақстанда қалай күресуге болады? appeared first on Ekonomist Media.

Нақты минус: 2020 жылдың күзіндегі экономика министрлігінің бес жылдық болжамында не жаңалық бар?
Қазақстандағы макроэкономикалық болжамдарды бірнеше мемлекеттік және жеке құрылым дайындайды. Ал ашық жарияланатыны бір ғана құжат. Ол – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік-экономикалық дамудың бесжылдық болжамы (ӘЭДБ).

Көктемнен бері ҚР 2020 жылға арналған ӘЭДБ макроэкономикалық көрсеткіштері өзгерген жоқ. Дегенмен осы уақыт ішінде көптеген халықаралық ұйым қазақстандық экономикаға деген жоспарларын үш рет түзеп үлгерді. 2020 жылдың қазан айының соңында 2020-2024 жылдарға өзгертілген ӘЭДБ шықты. Жаңартылған болжамның негізгі көрсеткіштері елдің бас жоспарлау ведомствосының бұрынғы болжамдарынан айтарлықтай өзгерген. Экономика министрлігі биыл экономикада өздері күткеннен де айтарлықтай құлдырау болатынын мойындады.

Дағдарыс жылы

Жаңартылған ӘЭДБ-де министрлік биыл экономиканың кері кететін жылы емес, нақты дағдарыс жылы болатынын мойындайды: қазан айында ЖІӨ динамикасы туралы болжам сәуірмен салыстырғанда 0,9-2,1%-ға дейін нашарлады.

Көлік секторындағы дағдарыс (жыл ішінде -9,5%) және сауда (-6,2%) экономиканы ылдиға қарай сүйремек. Оған қазақстандықтар локдаун режимінде отырған 14 апта әсер етті. ӘЭДБ бойынша сәуір айында көлік саласы – 1,0%-ға, сауда – 0,2%-ға неғұрлым жәй төмендейді деп болжанған еді.

Жалпы проблемалармен қатар, 2020 жылды бірнеше маңызды сала өсіммен аяқтайды. Ақпарат пен байланыс саласы 8,3%-ға өсім көрсетеді. Бұл негізінен интернет пайдалану қарқынының артуына байланысты. Биыл органикалық өсімге «карантин факторы» қосылды: жедел цифрландыру кезеңін сауда және тамақтану салалары бастан өткерді. Локдаун кезінде ZOOM, Skype сияқты платформалар, сондай-ақ Microsoft Teams, Cisco Webex Teams және Slack сияқты ұжымдық жұмыс бағдарламалары арқылы қашықтан коммуникация жасауға сұраныс қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы жылды 4,9%-ға өсіммен аяқтайды. Жақсы өнім (20,8 млн тонна астық) жиналды. Сондай-ақ мал шаруашылығындағы өсімнің тұрақты көрсеткіші жоспарланғаннан (3,2%) неғұрлым серпінді болғанын көрсетті.

Өнеркәсіп сәуір айында күткендей көп құлдырамайды: жыл қорытындысы бойынша, 2,9% орнына 0,5% төмендегенін көрсетті. Мұнай алудың азаюының салдарынан тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі дағдарыс (нақтыланған болжам бойынша -4,1%) саланы кері сүйрейді. Мұнай өндіру ӘЭДБ сәуір айында белгілеген 86 млн емес 85 млн тонна болады, алайда бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 6,1%-ға аз (90,5 млн). Тау-кен секторындағы және тікелей мұнай өндірудегі болжамдарды түзету жыл басындағы биржалық тауарлар бағасының дағдарысына байланысты жасалды. Өткен сәуірде мұнай бағасы тарихи минимумға дейін төмендеп, ОПЕК-ке кіретін елдер кезекті мәмілесін жасады. Оның қорытындысы бойынша елдер (соның ішінде ҚР да бар) өндіруді шектеуі керек болды. Өнеркәсіптік металдар нарығында да құлдырау бар.

Өңдеу өнеркәсібі жылды 3,7%-ға өсіммен аяқтайды, дегенмен сәуір айында оның алдағы күні бұлыңғыр (-1,1%) еді. Өңдеу ісінде оң динамика ең алдымен Қытайға мыс жөнелтуді арттыратын металлургтердің жақсы жағдайына байланысты. Азық-түлік өнеркәсібі де қарқынын арттырды. Коронадағдарыс фармацевтика саласына тың серпін берді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында автоөнеркәсіп те қарқынды дамуда.

Күткендегіден көп емес

Болжамның түйіні: ҚР экономикасы 2020 жылды дағдарыста аяқтайды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, сауда және көлік саласында қиындық көп.

Жаз айында-ақ мұндай жағдай экономика министрлігі үшін базалық болжам деп қарастырылмаған еді. Министрлік экономика тез көтеріледі және қуатты фискалдық ынталандыру аясында өсім болады деп үміттенді.

«Қызмет көрсету» секторы қарқынды дамып келеді, өндіріс саласында да жоғары динамика байқалады. Нәтижесінде, жыл соңына қарай шағын оң өсімге қол жеткізе аламыз деп болжауға негіз бар», – деп мәлімдеген еді 2020 жылғы шілдеде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев.

Жаңа болжам қаншалықты орындалуы мүмкін? Журналистер мен талдаушылар ең көп талап ететін көрсеткіш – ЖІӨ динамикасы: ЖІӨ болжамдарын әртүрлі ұйымдар береді, сондықтан оларды бір-бірімен оңай салыстыруға болады, ауытқу байқалатын жерлерін оңай анықтауға болады.

Қазіргі болжам (2020 жылы -2,1%) халықаралық институттар мен ҚР Ұлттық банкі берген болжамдардан әлі де жоғары, бірақ -0,9% бұрынғыға қарағанда шынайы көрінеді.

ҰЭМ болжамы бойынша, 2020 жылдан кейін Қазақстан экономикасының серпіні мынадай болады: келесі жыл серпіліс жылы болады. ЖІӨ 4,3%-ға өседі, яғни Қазақстанға дағдарысқа дейінгі деңгейге келуге бір жыл жетеді. 2022 жылы өсім 4,4%-ға дейін, 2023 жылы – 4,6%-ға дейін, ал 2024 жылы 4,7%-ға дейін жеделдейді. Ол үшін ең алдымен өнеркәсіп – тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіне алғыс айтуымыз керек. 2023 жылға қарай мұнай өндіруді 100 млн тоннаға дейін ұлғайтудың арқасында тағы бір серпін болады.

Бұл жаңартылған болжам 2020 жылдың қазан-қараша айларында дамыған экономикаларды тұншықтырған коронавирустың екінші толқынының қаупі мен осыған байланысты нарықтағы тұтынуға қатысты түзетулерді ескермейді. Егер әлем 2021 жылдың екінші жартысында ғана жаппай егіле бастаса, біз вирустың тіпті үшінші толқынына да куә болуымыз мүмкін. Бұған негізінен дамушы елдер бейім.

Жаңартылған болжамда экономиканы жедел көгалдандыру бағдарламалары (Еуропаның Green Deal-ы сияқты) тудыратын қатер ескерілмеген. Ол бағдарлама бойынша жасыл жобаларға мол инвестиция салу, көміртекті бейтараптандырмағаны үшін салынуы мүмкін айыппұлдар немесе қосымша салықтар сияқты тәуекелдер бар.

АҚШ-та президент ауысуы салдарынан Қазақстанның басты экономикалық серіктестерінің бірі – Ресейге салынатын санкциялар қатаңдауы мүмкін деп болжанып отыр. «Санкциялы» және «санкциясыз» сценарийлерге қатысты өзгеріс тек РФ экономикасына ғана емес, Қазақстанға да әсер етпек.

Егер ӘЭДБ-нің келесі басылымында осы айтылған тәуекелдер ескерілсе, болжам одан да шынайы болар еді.

The post Нақты минус: 2020 жылдың күзіндегі экономика министрлігінің бес жылдық болжамында не жаңалық бар? appeared first on Ekonomist Media.

3 әріптен тұратын экономика: Қазақстан қалай қалпына келеді?
2020 жылдың қазан айында өз макро болжамдарын жаңартқан екі бірдей халықаралық институт – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының қысқа мерзімді перспективаларынан үміт күтетінін мәлімдеді. Бұл ұйым сарапшылары 2020 жыл соңындағы экономикалық құлдырау жазда – коронавирус пандемиясы кезінде болжанғаннан аз болады деп санайды.

Алайда қаншалықты жылдам қалпына келеді? Коронавирустың екінші толқыны аясында экономика екінші рет құлдырай ма? Басқаша айтқанда, дағдарыстан шығу жолы қандай болады?  U -, V  мүмкін W-іспетті?

Шынтуайтына келгенде, бұл сценарийлердің барлығы да Қазақстан экономикасының траекториясын дәл беруі мүмкін. Тек қай жағынан келуіне байланысты.

Болжамдар шайқасы

Қазақстан экономикасының болашағына қатысты оптимизммен пікір білдірген Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк (ДБ) қазан айындағы болжамдарында өсім жайлы уәде берген жоқ.

Маусым айында 2020 жылғы ҚР ЖІӨ-нің 2,7%-ға төмендеуін күткен Халықаралық валюта қоры өз болжамдарын -2,5%-ға дейін түзеді.

Маусым айында жыл бойына -3,0% деп болжаған Дүниежүзілік банк енді -2,5% деп күтуде. ДБ мен ХВҚ-ның бағалауы сәйкес келуі сирек кездесетін жағдай. Әдетте консервативті Халықаралық валюта қоры Дүниежүзілік банкпен келіседі. Екі институт та 2021 жылы күтетін қалпына келу деңгейі сәйкесінше 3,0% (ХВҚ) және 2,5% (ДБ).

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Азия даму банкі (АДБ) бұған қарағанда пессимистік көзқараста. Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстан ЖІӨ-нің 4,0%-ға қысқаруын және келесі жылы 3,0%-ға өсуін болжап отыр. Азия даму банкі ҚР даму траекториясын осыған ұқсас күйде көреді: 2020 жылы -3,2% және 2021 жылы 2,8%.

Ең оптимистік болжамды Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) сарапшылары береді: 2020 жылы құлдырау 2,5%-дан аспайды, ал келесі екі жылда орташа есеппен жылына 4,7%-ға өсім көрсетеді дейді.

Бұл болжамдардың барлығына тән ортақтық: 2020 жылы ҚР экономикасы өсім көрсетпейді, ал 2021 жылы ЖІӨ-нің қалпына келу серпілісі өткен жылдың құлдырау тереңдігімен пара-пар болады.

Бұл ретте ХВҚ мен ЕАДБ бұл серпіліс Қазақстан экономикасын 2021 жылы толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді, ал басқалары толық қалпына келтіруді 2022 жылға қалдырады деп есептейді.

Қазақстанның ресми болжамдары халықаралық болжамдарға қарағанда оптимизмге толы. Экономика министрлігі көктемнен бері үмітін үзген емес: 2020 жыл соңында -0,9% (министрліктің ресми тұлғалары жылдың қорытындысы бойынша тіпті сәл-пәл өсім болуы мүмкін десе де) және 2021 жылы – 2,8%.

Егер осы болжамды деректермен жұмыс істейтін болсақ, Қазақстанда қалпына келтіру V- іспетті сценарий бойынша жүргізіледі.

Тоқсандар мен айлар

2020 жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша, статистика мамандарының ресми деректері әзірге жоқ, алайда ҰЭМ-де алдын ала қорытындылар жарияланып қойды.

«ЖІӨ өсу қарқыны 8 айда -3,0%-дан минус 2,8%-ға дейін жақсарды, қаңтар-қыркүйекте нақты секторда оң өсім 2,2% болып, жеделдеді», – деп мәлімдеді 13 қазандағы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Бұл ҚР экономикасы тоқсан бойынша алып қарағанда, екінші тоқсан қатарынан құлдырағанын көрсетеді жағдай U-тәрізді сценарийге көбірек ұқсайды: дағдарыс бірнеше кезеңді қамтиды, содан кейін өсім қалпына келеді.

Егер салалардың жай-күйіне терең үңілетін болсақ, олардың негізгілері – өнеркәсіп пен саудада (екеуі бірігіп ІЖӨ-нің 45%-ға жуығын құрайды) әртүрлі дағдарыс кезеңдері байқалды.

Өнеркәсіп қаңтар-қыркүйек айларында нөлдік деңгейде өнім шығарды, ал егер 2020 жылғы қыркүйек пен 2019 жылғы қыркүйектегі нәтижелерді салыстырсақ, онда өнеркәсіптегі өнім шығару 3,5%-ға төмендеді. Көктемнен бастап Қазақстанның OPEC пен оған мүше елдер мәмілесі бойынша мойнына алған міндеттемелеріне және мұнай өндірудің негізгі капиталына инвестиция төмендеуіне байланысты мұнай өндіру де қысқарды. Қыркүйекке қарай жыл бойынша қарқын 3,5%-ға төмендеді.

Өнеркәсіп өндірісіндегі дағдарыс әлі де жалғасуда және бұл сектор мұнай өндіру көлемі өскен кезде ғана өсімге оралады.

Сауда, сондай-ақ көлік және қонақүй мен және тамақтандыру қызметтері сияқты қызмет көрсету салаларындағы динамика карантин шараларына байланысты болды. Бөлшек сауда көктемгі локдаун кезінде құлдырай бастады (сәуірде 44,7% г/г), содан кейін қалпына келді және шілде айында екінші локдаунда қайта құлады (-7,5% г/г). Яғни, сауда W-тәрізді сценарий арқылы дағдарыстан өтті.

Нәтижесінде бөлшек сауданың құлдырауы баяулады: қаңтар-мамырдағы -12,6%-дан қыркүйекке қарай -6,8%-ға шықты. Бөлшек саудадан кейін көтерме сауда айналымы төмендей бастады, осылайша 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, сауда саласының жалпы нәтижесі -9,5% деңгейінде қалыптасты.

Тағы бір локдаун – біріншісіне қарағанда қатаң болмаса да, тағы да қызмет көрсету саласында құлдырау тудырады. Сауда оны 1-2 ай ішінде еңсере алады, ал көлік, тамақтану және шаштараз қызметі үшін үшін жоғалған табыс. Кейінге қалдырылған сұраныс үлкен рөл атқармайды, яғни жоғалған апталар немесе айларға айналады.

Тұрақты өсім көрсеткен үш сектор болды. Біріншісі – эпидемиологиялық жағдайға қатысы жоқ, бірақ ауа райына тәуелді ауыл шаруашылығы саласы. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы өнім жақсы түсімнің арқасында 5,0%-ға өсті (өсімдік шаруашылығындағы өсім 7,0%-ға, мал шаруашылығындағы өсім 3,8%). Айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттен тұрақты түрде көмек алушылардың бірі және дағдарыс кезінде қолдау көлемі артты.

Екінші сектор – тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысын ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеделдетілетін құрылыс. 9 айда өсім 10,5%-ға шықты. Байланыс саласы карантин шараларынан тіпті тек пайда көрді. Өйткені мемлекеттік сектор да, жеке кәсіпорындар да, үй шаруасындағылар да карантин кезінде цифрландыруды жеделдетіп, интернетті белсенді қолдана бастады. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, сектордағы өсім 8,2% болды, бұл ретте интернет желісі (сымды және сымсыз) қызметтерінің өсуі 12,8%-ға тең болды. Бұл секторларда ешқандай да дағдарыс болған жоқ.

Салық түсімдерінің төмендеуі болжам бойынша жалғасуда. 2020 жылғы қаңтар-тамызда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 11,1%-ға қысқарды, бұл ретте республикалық бюджет ең көп зардап шекті. Оның үлесіне түсетін салықтар 24,4%-ға төмендеді. Өткен жылға қарай негізгі салықтар – корпоративтік табыс салығынан (-32%), қосымша құн салығынан (-10%) және акциздерден (-6%) түсімдер төмендеді. Жергілікті бюджеттерде жағдай жақсы – биылдан бастап оларға шағын және орта бизнестен корпоратив табыс салығы түсіп тұрады.

Сыртқы сұранысқа қатысты проблемалар, сондай-ақ ішкі шектеулер сақталғанша корпоратив қаржының жай-күйі күрделі болып қала береді.

Егер қолдау азайса…

Жедел мәліметтерді қысқа уақыт ішінде талдап шығу ҚР экономикасында қазір барлық болжанған сценарий расталатынын көрсетеді. Тек фокусты өзгерту ғана әсер етеді. Неғұрлым маңызды мәселе – ненің есебінен өсімді қалпына келтіруге болады.

Қазіргі уақытта барлық дамып келе жатқан сектор (байланысты қоспағанда), мемлекеттік қолдау – фискалдық ынталандыру есебінен өсім көрсетіп отыр. Оның жалпы көлемі 2020 жылы ЖІӨ-нің 9%-ына бағаланады.

Мұнай мен металл кенін өндіру жобаларына инвестициялар салу арқылы өсім көрсетуі мүмкін тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа алдағы 3-5 жылда жеке инвестициялар есебінен өсім болуы мүмкін салалар әзірге көрінбейді.

Осыдан бастап тұрақсыздықтың негізгі факторы – қаржылай ынталандыру көлемінің қысқаруы шығады. Халықаралық валюта қорының бағамдауы бойынша, 2020 жылы ҚР бюджетінің шығындары ЖІӨ-нің 23,1%, 2021 жылы 22,0% болды. Кейіннен 2025 жылға қарай 19,7%-ға дейін төмендейді. Осы кезеңде кірістердің елеулі өсімі жоспарланбағандықтан (мемлекеттік кірістер көлемі ЖІӨ-нің 17,8-18,6% аралығында өзгеретін болады), фискалдық ынталандыру 2020-2025 жылдары мемлекеттік борыштың ЖІӨ-нің 23,4-тен 29,8%-ына дейін өсімі арқылы қамтамасыз ететін болады.

The post 3 әріптен тұратын экономика: Қазақстан қалай қалпына келеді? appeared first on Ekonomist Media.

«Самұрық-Қазына жылы»: 2019 жылы Қор табыс тауып, шығындарын да мойындады
Еліміздің ірі компаниясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның 2019 жылғы аудитті қаржылық есебі әдеттегідей емес, кейіндеу, 2020 жылғы шілде айының соңында шықты. Дағдарыс алдындағы жылды мемлекеттік қор жақсы күйде, мол түсім, таза пайда және активтермен аяқтады.

Қор тиімсіз кәсіпорындардың жүктерінен арылу үшін, оларды Үкіметке бере отырып және жекелеген даму жобалары бойынша шығындарды есептен шығара отырып, активтерді арттыруды жалғастыруда. Шығындар сомасы «Самұрық-Қазына» үшін өте үлкен емес, бірақ жеке алғанда қомақты.

Жақсы жыл

Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі, ЕО–Қытай бағыты бойынша трафиктің артуы және мұнай нарығындағы салыстырмалы түрдегі тұрақтылық «Самұрық-Қазына» түсімінің жалпы өсімін 5,5%-ға 10,7 трлн теңгеге дейін қамтамасыз етті. Қор түсімі ҚР ЖІӨ-нің 16%-ына тең болды. Таза пайда 1,4 трлн теңгеге дейін, яғни 13,9%-ға өсті.

Мұнай, газ және мұнай өнімдерін сатудан түскен түсім бұрынғысынша ҰӘҚ-ның барлық түсімінің 66%-ына тең, бірақ 2019 жылы өсім басқа бағыттарда шоғырланды. Бұл: жүк темір жол тасымалдары (+13%), уран өнімін өткізу (+17%), тазартылған алтынды сату (+70%) және телекоммуникациялық қызметтер (+102%).

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлестерден түскен пайда 21%-ға, яғни 916 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл соманың шамамен 45%-ын бір актив – «Теңізшевройлдағы» үлес құрайды; барлық ірі мұнай-газ, көлік активтерін қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» БК пайдасының 88%-ы.

ҰӘҚ активтері 2,6%-ға 26,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте негізгі қаржы 3,5%-ға өсті. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялар көлемі 14,6%-ға ұлғайды.

Қарыздар 5,7%- ға, оның ішінде қысқа мерзімдісі 12,2%-ға, ұзақ мерзімді 3,3%-ға  азайды. Доллармен алынған борыш үлесі бір жылда 77-ден 69%-ға дейін төмендеді, ал абсолюттік көрсеткіштерде 12,5%-ға азайды.

«Самұрық-Қазына» 2015-2016 жылғы дағдарыстан кейін қарыздары қордаланып маңдайына тиген соң, бұл дағдарысқа бұрынғы қателіктерін  қайталамайтындай дайындықпен кірді. Қарыз/EBITDA қатынасы 2019 жылы 3,00-ден 2,51-ге дейін қысқарды.

Сатылмаса тегін бер

Соңғы 5 жылдағы ҰӘҚ үшін басты процесс – трансформация. Оның маңызды бөлігі стратегиялық инвесторларға сату немесе қор нарығына орналастыру арқылы активтердің бір бөлігін жекешелендіру болып саналады. Егер биржада еншілес компаниялардың пакеттерін орналастыру БАҚ-та егжей-тегжейлі жарияланса, стратегтерге активтерді сату, әдетте, көлеңкеде қалады.

Бірақ «Самұрық-Қазына» үшін активтерден бас тарту жекешелендіру дегенді білдірмейді. 2019 жылы Қор бірқатар актив пакетін мемлекетке берді. Осындай активтердің ішінде «Тараз химиялық паркі» БК АҚ (90% акциясымен) және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (100%) бар еді. Олар ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне (ММЖК) берілді. Ақтөбе, Атырау және Павлодар әуежайларын иеленетін компаниялардағы бақылау облыс әкімдіктеріне берілді.

2019 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өзінің портфельдік компаниясы «Самұрық-Энергоның» еншілесі «Тегіс Мұнайды» жекешелендіруден бас тартты. «Тегіс Мұнай» 2014 жылдан бастап жекешелендіру тізімінде болды, бірақ сатып алушылар шықпады. Өткен жылдың қазан айында жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия компанияны топ активтерінің тізіміне қайтарды.

ҰӘҚ «Қазатомөнеркәсіп» портфельдік компаниясы арқылы Қызылорда облысындағы Солтүстік Хорасан кен орнында Хорасан-2 жобасын әзірлейтін «Байкен-U» ЖШС-ні қолына алды. Мәміле 2018 жылдың соңында жасалып, ұлттық компанияның қолына «Байкен-U», «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» ЖШС атты бірлескен үш кәсіпорын өткенін көрсетті. Оларды бақылау Energy Asia BVI арқылы қамтамасыз етілді. Активтерді Қазақстан тарапының меншігіне қайтару себебін 2019 жылдың қаңтарында Энергетика министрлігінің сол кездегі басшысы Қанат Бозымбаев: «Инвесторлар технологияларды беру бойынша міндеттемелерін орындамаған», – деп түсіндірді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» түріктің Sekerbank TAS-індегі үлесті сатудан бас тартты (2019 жылдың соңында 19,4%). 2018 жылы банк табыс жағынан әрі-сәрі болып тұрып, 2019 жылдың қорытындысы бойынша таза шығынды екенін көрсетті.

ҰӘҚ үшін 2019 жылғы ең ірі сауда Екібастұз ГРЭС-2 50%-ын ресейлік «Интер РАО»-дан 25 млн долларға немесе 9,6 млрд теңгеге сатып алу болды. Бұл барлық активтің баланстық құны 137 млрд, яғни актив теңгерімдік құнынан 7 есе төмен еді. Есеп жариялау кезінде қор активтерге тәуелсіз бағалау жүргізді.

Дегенмен, 2019 жылы ҰӘҚ табысты сауда жасай алды. Ақпан айында KMG Retail жанармай құю желілерін сату бойынша мәмілеге қол қойылды. Соның арқасында «Самұрық-Қазына» 60,5 млрд теңге табыс тапты. Одан бір ай бұрын «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» ҚҚ берген Қазақстан-Британ техникалық университетін сату туралы шарт күшіне енді. Қоғамдық ұйым екі жыл ішінде үш траншпен 11,4 млрд теңге төлейтін болады. ҚМГ активтері өте аз пайда әкелді. ҚБТУ үнемі шығынға ұшырап отырды.

Сен – маған, мен – саған

2019 жылы «Самұрық-Қазына» мен Үкімет қарым-қатынасына өзгеріс енген жоқ. Үкімет қорды нарықтық бағадан төмен ақшамен қолдап отырды, ҰӘҚ әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.

Үкімет қорды 95,2 млрд теңгеге капиталдандырды. Тағы 440 млн теңгені «Самұрық-Қазына» ММЖК-нен мүліктік салым түрінде алды.

Өз кезегінде Қор Үкіметке 64,8 млрд дивиденд төледі. Сондай-ақ, ол «Бәйтерек» ҰБХ облигацияларын 0,15% мөлшерлемемен 5,8 млрд теңгеге сатып алып, нәтижесінде осы қағаздар бойынша 2,5 млрд теңге шығын алды. Қорда нарықтық бағадан төмен мөлшерлеме бойынша алынған барлық дисконт 26 млрд теңгеге бағаланды.

«Самұрық-Қазынаның» Үкімет мүддесі үшін қаржыландырған әлеуметтік жобаларының жиынтық құны 2019 жылы 36,3 млрд теңге болды. Бұл сомаға Нұр-Сұлтандағы қазақ драма театрының құрылысы, былтырғы жазда ТЖ-дан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіру және облыс орталығы болған Түркістанда жаңа нысандар салу шығындары кірді.

Жағдайға қара да, есептен шығар

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҰӘҚ мұнай өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібінде шоғырланған бірқатар даму активінің құнсызданудан болған шығындарын мойындады.

«Сәтбаев» және «Н» жобалары бойынша барлау активтерінің құнсыздануынан болған шығын  тиісінше 34,5 және 67,9 млрд теңге болды. Сонымен қатар, «Сәтбаевта»  ҚМГ келісімшарттағы аумақтан бас тартып, 2019 жылдың сәуірінде активтерді есептен шығарды. 2019 жылдың қыркүйегінде Қаламқас-теңіз кен орнында барлау және бағалау бойынша активтерді 45,6 млрд теңгеге есептен шығару арқылы жобаны аяқтау қабылданды. Желтоқсан айында ҚМГ «Жемчужина» жобасынан шығып, 38,2 млрд теңгеге құнсыздану шығынын мойындады. Бұл қаражат келісімшарттағы аумақ Үкіметке қайтарылғаннан кейін есептен шығарылады.

ҚМГ-нің жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын бұзып, аумақтарын үкіметке қайтарған барлау браунфилдтері 18,9 млрд-қа жетті. «Самұрық-Қазына» сондай-ақ өздігінен көтерілетін «Сатти» бұрғылау қондырғысының құнсызданудан болған 24,5 млрд теңге мөлшеріндегі шығынын да мойындады таныды. Баржалар бойынша шығын – 11,8 млрд.

Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысына салынған инвестициялардың құнсыздануға жасалған сынағының қорытындысы бойынша 24,8 млрд теңге құнын жоғалтып, есептен шығарылды және 465 млн теңгеге қосымша құнсыздану белгіленді.

Шетелдік активтердің ақша ағындарын генерациялаудан туындайтын шығын КМГ-де 93,5 млрд және Батуми мұнай терминалында 12,6 млрд теңге болды.

Бұл жобалар бойынша шығынның жалпы көлемі 370 млрд теңгеден асады.

10,6 трлн теңге пайданы айналдыратын «Самұрық-Қазынаның» өлшемі бойынша жылына 370 млрд теңге онша көп қаржы емес. Дегенмен бұл – Атырау немесе Шығыс Қазақстан облысының жылдық бюджетіне тең сома.

«Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «Қазагроның» осы және басқа да сәтсіз жобаларын Қазақстан мемлекеттік капитализмінің сәтсіздіктері деп атауға болады.

Әрине, сәтсіз қадам жасамаймын деп ешкім айта алмайды. Бірақ мемлекеттік менеджерлердің қателіктерінің өтеуі бюджеттің мойнында, ал мемлекеттік компаниялардың тиімсіз салған ақшасы жергілікті инфрақұрылым мен адам капиталын дамытуға жұмсалса игі еді.

The post «Самұрық-Қазына жылы»: 2019 жылы Қор табыс тауып, шығындарын да мойындады appeared first on Ekonomist Media.

Қош бол, қалқа: артық өтімділік бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады
ҚР Ұлттық банкі (ҚР ҰБ) 2020 жылы шілде айынан бастап 2018-2019 жылдар ішінде экономиканы несиелеу көлемін төмендетуге сеп болып екінші деңгейлі банктерде шоғырланған артық өтімділікті «тізгіндеген» қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге) ноталар шығаруды тоқтатты. Үкімет пен Ұлттық банк оның орнына ҚР Қаржы министрлігінің 3 жылдық облигацияларын ұсынады.

Ақша қалқаны (кейбір сарапшылар Ұлттық банктің ноталарындағы өтімділік көлемін осылай атаған) бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады.

Қайта теңгерімдеу

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығындағы өзгерістер туралы 2020 жылғы 11 тамыздағы Үкімет отырысында ҚР ҰБ төрағасы Ерболат Досаев баяндады.

«Ұлттық банк жұмысының басым бағыттарының бірі – басы артық өтімділікті экономика қажеттіліктеріне қайта бағыттау. Бұл мақсатта былтырдан бастап Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі бірлесіп ұзақ мерзімді қағаздар шығарылымдарының санын қысқарту кезінде МБҚ-ның орта мерзімді сегменттегі ұсынысын ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», – деді ол.

Досаев мырза бұл процесті «өтімділікті Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарынан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қағаздарына қайта теңгеру» деп сипаттады. «Биыл мамыр айынан бастап Қаржы министрлігі үш жылға дейінгі уақытқа қысқамерзімді МБҚ шығара бастады. Ал  Ұлттық банк шілдеден бастап бір жылға ноталар шығаруды тоқтатты. Бұл – инвесторларды Қаржы министрлігінің МБҚ-сын сатып алуға итермелейді», – деп хабарлады бас банкир.

«Қайта теңгерімдеу» басталып кетті.

Тек 2020 жылы шілде айында ғана ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталарының көлемі 13,5%, яғни 2,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ақпан айында ол 4,2 триллионға жетті. Қаржы министрлігі жыл басынан бері МБҚ шығаруды 19,9%-ға немесе 9,8 трлн-ға дейін көбейтті және 1 жылдан 3 жылға дейінгі өтеу мерзімі бар МБҚ шығару жоспарын 1 трлн теңге етіп өзгертті.

Ұлттық банк қысқа мерзімді ноталар механизмі арқылы өтімділікті «айықтыру» амалын 2015 жылдың күзінде еркін айналым мен инфляция таргеті режиміне көшкеннен кейін ұсынды. Алайда бұл құрал 2016 жылдың көктемінен бастап, айналымдағы ноталар көлемі 1 трлн теңгеден асқан кезде танымал болды.

Айналымдағы МБҚ құрылымындағы ҚР ҰБ ноталары үлесін біртіндеп қысқарту 2019 жылғы сәуірде басталды. 2020 жылдың шілдесіне қарай МБҚ жалпы құрылымындағы олардың көлемі 16 тармақшаға, 23%-ға дейін төмендеді. 2019 жылғы ақпанда 7 күндік ноталарға балама ретінде Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге депозиттік аукциондар механизмін ұсынды.

Инвесторлар мүддесі

Ұлттық банк «қайта теңдестірудің» бірнеше мақсаты болғанын айтады.

Ерболат Досаев 11 тамыздағы отырыста: «МБҚ нарығын одан әрі дамыту, одан әрі адекват кіріс сызбасын құруға және қазақстандық МБҚ-ны дамушы елдердің халықаралық индекстеріне қосу арқылы инвестор тартуға, Қаржы нарығын дамытуға және экономиканы тұрақтандыруға, бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін әртараптандыруға жәрдемдеседі», – деп атап өтті.

Ұлттық банк көп жылдан бері резидент еместер үшін МБҚ ішкі шығарылымдарын тартымды ете түсу үшін жұмыс істеп келеді. 2018 жылы шілдеде ол нарықты шетелдік портфельдік инвесторлардың қазақстандық МБҚ-ға қолжетімділігін жеңілдететін Clearstream депозитарлық-клирингтік жүйесіне (бірінші кезекте қайталама нарықта үлкен қызығушылық танытқан ноталарға) қосты. 2020 жылдың шілдесінде ҚР ҰБ Clearstream-дан Delivery versus Payment (DVP; «төлемге парапар жеткізу») түріне дейін желіні кеңейту туралы хабарлады.

«Бұл формат төлемнің бағалы қағаздарды аударумен бір мезетте жүргізілуін көздейді. Бұл –тараптар үшін қауіп-қатерді азайтады және әлемдік озық әдістерге сай келеді. Біз жаһандық қаржы нарықтарымен «техникалық  жақтан» одан әрі жақындаса түстік. DVP Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына «кіру» кезінде жаһандық инвесторлардың тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді, ал капитал құю үшін бәсекелестік жағдайында біз үшін бұл басқа нарықтармен салыстырғанда сөзсіз артықшылық», – дейді Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Инвесторлардың келуі бір жағынан мемлекеттік механизмнің бір бөлігі, екінші жағынан қаржылық реттеуші ретінде Ұлттық банк үшін жақсы саналады. Қорландыру көздері көбейеді, қарыз құны төмен, нарықтың өтімділігі жоғары. Теңгемен номинацияланған бағалы қағаздарға қаржы салатын шетелдік инвесторлар теңгенің айырбас бағамын нығайтуға ықпал етеді.

Алайда жағдайдың кері кетуі де мүмкін. Алыпсатарлық капиталдың құйылуы немесе мемлекеттік қағаздарға салынатын жоғары мөлшерлемелерге ғана қызығатын кэрри-трейдерлердің көбеюі салымшылардың шеттеп шыға келуіне алып келуі мүмкін. Сыртқы экономикалық жағдайлар нашарлаған жағдайда (мысалы, мұнай бағасының төмендеуі, содан кейін теңгенің әлсіреуі және резидент еместің баланс валютасындағы актив кірісінің төмендеуі), кэрри-трейдерлер шетел валютасына сұранысты арттыра отырып, бағалы қағаздарды сата бастайды. Бұл эмитент валютасының айырбас бағамының тағы әлсіреуіне әкеледі және оның бар проблемаларын ушықтырады.

Теңгерімсіздік ауқымы шетелдік инвесторлардың МБҚ-дағы салмағы мен ықпалына да байланысты. Федералды қарыз облигацияларын ұстаушылар арасындағы резидент еместердің үлесі 31% (шілде 2020) болатын Ресейде кэрри-трейдерлердің сатылымынан туындаған бағамның ауытқуы күніне 5%-ға жетуі мүмкін.

Резидент еместер МБҚ ішкі нарығына әлі де бел шеше кіріскен жоқ. 2020 жылдың басында резидент еместердің қолында тұрған Үкімет пен ҚР ҰБ 6,5 млрд долларлық құнды қағаздарының тек 6,3%-ы (404 млн долларлық МБҚ) ел ішінде шығарылды. Негізінен бұл Ұлттық банктің ноталары.

Қазақстанда Қаржы министрлігі құнды қағаздарының басты сатып алушысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) болды. Ол ҚР ҰБ мемлекеттік облигациялары мен ноталарын 4,9 трлн теңгеге немесе айналыстағы мемлекеттік құнды қағаздар көлемінің 41%-ын шоғырландырды.

БЖЗҚ активтерінің құрылымында МБҚ үлесі 42%, оның ішінде 40% – ҚР ҚМ орта мерзімді және ұзақ мерзімді облигациялары.

Бюджетке жұмыс істейміз

МБҚ-да көрсетілген мемлекеттік қарыздың маңызды функцияларының бірі – қаржы нарығының жұмысына жағдай жасау. МБҚ борышты бағалы қағаздар бойынша кірістілік сызбасының қалыптасуына әсер етеді, инвестициялық қорлар үшін бағалы актив болып саналады, белгілі бір жағдайларда шетел валютасының келуін қамтамасыз етеді.

Алайда, таяудағы 2-3 жыл ішінде мемлекеттік қарыздың тағы бір функциясы – бюджет тапшылығына қызмет көрсету жағы сұранысқа ие болады. Ол ресми деректер бойынша 2020 жылы бюджеттік ереже 3% болған кезде 3,5% болады. ҚР Үкіметі соңғы жылдары Ұлттық қордың қаражатын пайдалана отырып, кіріс бөлігінің 30%-ына дейін қалыптастырды (бұл ретте трансферт көлемі соңғы 5 жылда тек кеңеюде). Бірақ мұндай салымдарға қарамастан бюджет тапшылығы артып келеді және министрлер кабинетіне оны жабуға қаражат қажет. Ол үшін тағы қарыз алу керек. Дүниежүзілік банк 2019-2021 жылдары Үкімет қарызы ЖІӨ-нің 19,8%-дан 30,5%-ға дейін өседі деп болжап отыр.

Бұл дегеніміз, ақша қалқанының көлеңкесі инвестициялық жобалар немесе айналым капиталын толықтыру сияқты «экономика қажеттіліктеріне» түспейді. Ұлттық банктің банктерден ноталарға «тартып алған» ақшаны дәл сондай салаларға инвестициялауына әбден болар еді.

Әңгіме экономика  емес, бюджет тапшылығында болса керек.

Қаражат бюджетке түскеннен кейін олар бюджет қызметкерлерінің жалақысына, зейнетақыға және әлеуметтік көмекке, сондай-ақ тиімділігі күмәнді мемлекеттік бағдарламалардың шығынына және, әрине, мемлекеттік секторға бөлінетін субсидияларға айналады.

The post Қош бол, қалқа: артық өтімділік бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады appeared first on Ekonomist Media.